Поэзия шеңберінің тәңір табынарлықтай құдіреті өлеңді



Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 27 бет
Таңдаулыға:   
Курстық жұмыс мазмұны:

Кіріспе

І. Асқақ рух ақыны
1.1. Мағжан лирикасының өзіндік ерекшеліктері

ІІ. Мұқағали мұрасы – сөз маржаны
2.1. Мұқағали поэзиясындағы ұлттық бейне
2.2. Мұқағалидың ХХ ғасыр лиризміне қосқан үлесі

Қорытынды

Пайдаланылған әдебиеттер

Сан ғасырлық даму жолдарын бастан кешірген, халқымыздың көркем шежіресі
болған әдебиетімізге ХХ ғасырдағы әлеуметтік қозғалыстар, төңкерістер қолма-
қол әсер еткені анық. Көптеген идеялық ағымдар бар, жанрлары жан-жақты
тармақтала бастаған әдебиеттің өкілдері, кешегі отар, қаналған елдің әр
жастағы, әр деңгейдегі, әр түрлі саяси бағдардағы перзенттері ұлы өзгерісті
әр түрлі қабылдаған болар.Әдебиетке Қазан төңкерісінен алдында келген
Шәкәрім, Ахмет, Міржақыптар өнер айдынында ұзақ жүзе алмады, сан қилы
қуғынға түсіп, халқы, ұлты үшін опат болған жоқ па?
Әдебиет – халық өмірінің көркем бейнесі. Бұл заңдылықты қазақ
әдебиетінің туу, қалыптасу жолынан да көруге болады. С.Сейфуллин, Б.Майлин,
І.Жансүгіров, М.Әуезов, С.Мұқанов, Е.Бекенов, Ж.Шанин, С.Садуақасов
әдебиеттің түрлі жанрларына қалам тартып, жаңа әдебиеттің өркендеп өсуіне
өз үлестерін қосқаны қасиетті қазақ ұлтының ұрпағы үшін үлгі-өнеге емес пе?
Қазақ әдебиеті алғашқы кезеңде төңкерісшіл поэзиядан, жаңа әдебиет
дәстүрінен көп сабақ алып, классикалық дәстүр мен фольклор да қатар алып
жүрді. Жиырмасыншы жылдардың екінші жартысында қазақ әдебиетіне жас,
дарынды қаламгерлердің үлкен толқыны қосылып, өнер майталмандары,
біртуарлары, алыптары өсе түсті. Әдебиеттің әр түрлі жанрында И.Байзақов,
Ж.Сыздықов, Ғ.Мұстафин, Ә.Тәжібаев, М.Мақатаев сияқты талантты жастар
көрініп, сәтті туындылармен қуантты. Қазақ әдебиеті жанрлық жағынан байып,
көркемдік тұрғыдан өсті. Кеңес дәуіріндегі қазақ әдебиетінің туып,
қалыптасу кезеңінде поэзия жанры көбіне көп қолданылып, белгілі болды..
Халық поэзиясы да өз шыңына жетті деуге болады. Күміс көмей, жез таңдай,
майталман ақындар өмірді, бостандық, еркіндікті мадақтаған құнарлы,
тасқынды жырдың өзенін ағызды. Төңкерістің рухын, идеялық бағытын, теңдік,
бостандық ұранын халыққа бірінші жеткізген – қазақтың ұшқыр өлеңі еді.
Ақындар бұл кезде туған жер, атамекен, Отан бейнесін сипаттаған шаттық
сезімді, қуанышқа толы көптеген туындылар жазды. Шын ақын – қашанда
өзгеріс, қашанда жаңару мен жаңғыру екені анық. Әрине, ол өзгерістер, ол
жаңару мен жаңғырулар өзінен өзі пайда болып, өзінен өзі түзіліп жатпас.
Олар, сөз жоқ, ақын жанының өзін қоршаған орта әсерімен, ең бастысы, уақыт
пен заман лебімен жанды байланысынан пайда болары белгілі. Поэзияда қалам
тербеген ақындарымыз алдыңғы аға буынға қарағанда тақырып аясы кеңіп,
тақырыптық жаңашылдығымен, көркемдік ерекшелігімен, поэзиядағы ірі
қадамдарымен дараланып көріне бастады. Алдыңғы аға буын ұшыраған ұлтшыл
жаласы жойылып, 60-70 жылдары поэзияда біршама кеңшілік орнап, ақындар
әртүрлі тақырыпта қалам тербеп, ұлттық қасиет пен болмысты танытатын
жырларды туғызды. Сол тұста поэзия әлемінде бірге қалам тербеген ақындар
арасында өзіндік қолтаңбасымен жарқырай көзге түскен М.Жұмабаев пен
М.Мақатаев орны ерекше.Ақындар поэзиясы ұлттық болмысты танытуда көркемдік
нақышымен, мазмұн тереңдігімен, қазақи ұғым мен ырымды өлең жолдарында
шебер қолдана білген. Сондықтан да ақындар поэзиясының ұлттық идеясын,
болмыс – бітімін, қазақ халқының салт – дәстүріне құрылған жырлар зерттеу
жұмысының өзектілігін танытты.
Әйтсе де бұл ғасырдағы қазақ ақындарынаң біршама легі лиризм жанрына
көңіл бөлді. Тіптен лириканың тарихы сонау ежелгі гректерден бастаған. Сол
кездің өзінде лирика-дегеніміз Әуенді үнге қосылған музыкалық аспап деп
қабылдаған. Міне ақындарының бұл жанрда қалам тартуының өзі әлем әуенімен
үндескені емес пе? Жалпы, лирикалық шығармаға ақынның ішкі дүниесінің
сыртқы себептермен, ақиқат шындықтың әсерімен аса қатты толқынуы, автордың
өз басының алуан нәзік түйсіктері, күйініш-сүйініші тән болып келеді.
Сондықтан бұл жұмыстағы ақындар поэзиясының кімге болмасын жақындығы зор.
Жұмыстың жаңалығы: М.Жұмабаев пен М.Мақатаев поэзиясындағы ақындық
шеберлігі, көркемдік ерекшеліктері мен поэзиядағы жырлау стильі зерттелді.
Ақындар поэзиясының ұлттық қасиеті қазақ халқының салт дәстүрін жырлаудағы
өзіндік ерекшеліктері анықталды.
Зерттеу тәсілдері: Зерттеу жұмысы барысында салыстырмалы – типологиялық
талдау, сипаттау әдіс – тәсілдері қолданылды.
Зерттеу нысаны: Зерттеудің дерек көздері ретінде ақындар поэзиясындағы әр
жылдарда жарық көрген еңбектері, таңдамалы шығармалары нысана алынды.
Абайдан кейін жеріне жеткізе жырлаған лирик біртума ақындар Мағжан мен
Мұқағали поэзиясындағы лиризм жанрының ерекшеліктері салыстырылып алынды.

1.1. М.Жұмабаев - өз орнын өмірден үнемі іздеумен өткен, бар білген –
түйгенін соған сарп еткен суреткер. Оның шығармашылығының бір қырында, яғни
таразы басының бір жағында – мұңлы толғаныс, өкіну және қайғы-қасірет,
күйініш жатса, таразының екінші басында – романтикалық өршілдік, махаббат,
сүйініш, арман, мақсат, үміт жатады. Халқымыздың қасиеті мен қастеріне
тамыр салған, халқымыздың қасіретінен қара жамылып, соған қабырғасы қақырап
сөгілген, өз ұлтының тұмандай қалың мұңынан тамшыланып, балқыған
қорғасындай әрі ыстық, әрі ауыр көз жасынан шомылған, мынау тайқы маңдай қу
тағдырдың запыранын ішіп, уын ұрттаған Мағжан. Бірақ Мағжанға запыранын
ішкізіп, уын ұрттатқан бұл қу тағдырдың да кей-кейде ықыласы ауып, ниеті
түсіп кететін тұсы болса керек...
Құлдықтан теңдікке, езгіден еңсе көтеруге ұмтылған құбылыстардан
туындаған саяси сапырылыс кезеңдер мен әлеуметтік аласапыран тұстар бізді
Мағжанмен қайта қауыштырды. Мағжан жыр, Мағжан сөздің темір тор, тар
қапастан босап шыққанына қаншама жыл болса да, ол туралы бір ауыз сөз жаза
алмағаным сол процестің ұзаққа созылғанынан болса керек.Оның үстіне, талант
қашанда тосын. Ал Мағжан сияқты тосын әлеммен білісіп-ұғысу, оның ұңғыл-
шұңғылына үңілу, қалыңына ену, тереңіне сүңгу, бір сөзбен айтқанда, оның
табиғатын жан - жүрекпен сезіну оңай шаруа емес. Ол да уақытты қажет
етеді.Мағжан әдебиет есігін ақындықпен бірге, азаматтық ірілікпен, үлкен
тұлғаға тән өрелі мінезбен аттады.Ол қыршындай жас кезінде-ақ әрі ақын, әрі
азамат бола білді.
Кең жері күнен-күнге құрып жатыр,
Сұр жылан қанын-сөлін сорып жатыр.
Әуелде жұрт билеген адамдарды
Тәңірі күннен-күнге ұрып жатыр. [12.104.]
міне, әлі жиырмаға да жетпеген Мағжан әдебиеттің ауыр есігін осылай ашып,
биік табалдырығын осылай аттаған. Мағжанның ұлтым, қазағым, халқым
деген сөздері аз емес, жерім, көлім, елім деген көп ұйқастырған. Бай
аулының қандай кескіні болса да Мағжанға идеал: кешегі бағлан байларым,
балпаң батырларым дегенде көкірегі қарыс айрылады. Мағжан азаматтығы –
ерекше, мүлдем тумысы бөлек азаматтық. Ол ешуақытта да елім деп екіленіп,
жерім деп желпініп кетпейді. Оның қай сөз, қай өлеңі де елім деп егіліп,
жерім деп емініп тұрады.Оған құр даңғыра, бос дабыл жат.Бейне бір ол әр
сөзін халық көмейіне тас болып тығылған өксік, ызадан алатын сияқты. Мағжан
секілді халқының қамын ойлай-ойлай толарсақтан қайғының қара суын кешіп,
халқының ертеңіне зарыға-зарыға, мұң мен зардың зәрлі уын ішкен қазақ
ақыны, болғанның өзінде де, бірен-саран. Ол қайғы суының ұшы-қиырсыз
болғаны, ол мұң мен зар уының тұла бойды меңдеп алғаны сонша, Мағжан үшін
дүниеде ләззат болмаған секілді. Ол, тіпті, денесін ысытып,суытып
жіберетін сайраған бұлбұл әнінен де рақат сезініп, ләззат таппайды.
Құйқылжыған бұлбұл әнін тыңдап отырып та еңсесін басқан мұңды, жанын жеген
күйікті серпіп тастай алмайды. Бұлбұлға мұң шағады:
Бұлбұл құс!Көзімде жас, кеудемде от
Толып, мен саған келдім, ішімде шоқ.
Дертіме сенен ғана дәрмен болар,
Басқадан, анық білдім, еш пайда жоқ.[14.57.]
Сонда, шынында да, Мағжан үшін ләззат мүлде болмағаны ма? Ол бұл сұраққа
Ләззат қайда? деген өлеңінде өзі де жауап іздестіреді.Сонымен, бойды
билеп, ойды алатын ләззәт қайда екен? Жалпы ләззат деген бойды билеп, ойды
алатын құбылыс па?Ақынның:
Ойында ма бос өткен?
Қайғылы ауыр ойда ма?
Жүйрік тазы салу мен
Қыз ойнақ иә тойда ма? [15.11.]
Байқап отырғандай, өлеңнің екінші жолы ләззат деген қайғылы ауыр ойды
ма деп тұр ғой. Мағжан ләззатты қайғының тап өзінен қарастырады.Ол бұл
өлеңін:
Жұрттың қамын көп ойла,
Уайым-қайғы жеп ойла!
Артта қалған сорлы жұрт
Алға бассын деп ойла, [12.63.]-
деп аяқтайды.Ақын елдің қамын жеуден өткен ләззат жоқ деп біледі.Міне, ақын
болмысы, міне оның азаматтық тұлғасы!
Жалпы, құдіретті табиғат – о баста Мағжан талантын дүниеге келтірерде
оны алдымен халықтың көз жасына илеп алған сияқты.Ал халықтың көз жасы
сіңген сөздер қашанда ызалы, қашанда кекті. Халықтың көз жасы сіңген сөздер
еш уақытта бос болмайды.Өйткені, қандай бір халық бос, ез емес! Халықтың
қасіретті көз жасына иленген сөзде қаны қайнаған ыза мен намыс жаныған кек
болады:
Ойламай отқа түскен неткен жанбыз,
Сөз ұқпас мылқау, меңіреу, жүрген жалғыз.
Көрінбес көзге түртсе қарңғыда,
Япырым-ай, қалдық па, рас, тіпті таңсыз?!
Тақаулы тамағына өткір пышақ,
Тек жатыр тұяқ серіппей сонда да аңсыз.
Тыңдамас, сөзге түспес, ырыққа көнбес,
Болды ма қайран қазақ тастай жансыз? [12.102.]
Ақынның жүрегінен шыққан өлеңі қаншама ауыр болса да, езіліп, егіліп
оқымаймыз. Бұл өлнңді бүкіл тұла бойымызды жұдырықтай түйіп, найзағайлы
бұлт болып түнеріп оқимыз.
Біз біріміз де өз жеріміздің патриотымыз, өз еліміздің перзентіміз.Біз
бұл сөздерді кез келген жерде дауыстап айта аламыз. Құдайға шүкір, кез
келген жерде ешкімнің алдында именбестен жерімізді де, елімізді де мақтан
тұта аламыз.Оларды өліп-өшіп сүйеміз, қадірлеп қасиет тұтамыз.Алдымен
аузымызға еліміздің көк орай шалғыны, айдынды көлдері, асқар таулары,
шудалары желкілдеген орман-тоғайлары, сондай-ақ еліміздің, жеріміздің
қорғанса – қалқаны болған батыр-сарбаздарымыз, аққулармен қосылып ән
шығарған сал-серілеріміз, береке – байлығы тайқазандардан тасып-төгілген
асымыз бен тойларымыз, көш жерден күмбірлеп естілетін керуен-керуен
көштеріміз түседі.Соларды мақтан тұтамыз, соларды жан-жүрегімізбен құлай
сүйеміз.Сондықтан да біздің сұлу саздарымыз соларға төгіліп, бар асыл
сөздеріміз соларға шашылады. Дұрыс-ақ. Бір-ақ жер-қонысымызды, ел-
жұртымызды сүйсек, алаламай сүйейік. Еліміз бен жеріміздің төгілген
күмістей болып жалтырап жатқан айдынды көгілдір көлін қалай сүйсек, құм
суырып, құйын ұшырап тұрған аңызақты шөлдерін солай сүйейік. Олай ете
алмадың ба, онда ол жартыкеш сүю. Ал жартыкеш сүюден өткен опасыздық жоқ.
Бұл ретте ел мен жерге деген Мағжан сүйіспеншілігі – маңдай тигізіп,тәуеп
етерліктей ұлы сүйіспеншілік.Сөзімнің растығына көз жеткізу үшін оның
Сүйемін деген өлеңін тыңдайықшы:
Күлдей күңгірт шашы бар,
Тоқсан бесте жасы бар,
Көз дегенің – сұп-сұр көр,
Тасбиық санап бүгіліп,
Жерге қарап үңіліп,
Көрше ауыр күрсініп,
Менің бір қарт анам бар.
Неге екенін білмеймін,
Сол анамда сүйемін!
Көзінде көк нұры жоқ,
Аузында жұмақ жыры жоқ,
Жалынсыз, усыз құшағы,
Иірілмейді жыландай,
Сөзі де жоқ Құрандай,
Білгені – қазан-ошағы,
Жабайы ғана жарым бар.
Неге екнін білмеймін,
Сол жарымды сүйемін!
Ұйқы басқан қабағын,
Бастыра киген тымағын,
Жалқаулықты жар көрген,
Жүрген ескі заңымен,
Алдындағы малымен
Бірге жусап, бірге өрген
Алаш деген елім бар.
Неге екенін білмеймін,
Сол елімді сүйемін!
Сағымы сайран құрады,
Бораны ұлып тұрады,
Қысы – ақ кебін, жазы – сары,
Орманы жоқ, шуы жоқ,
Тауы да жоқ, суы жоқ,
Мәңгі өлік – сахарасы –
Сарыарқа деген жерім бар.
Неге екенін білмеймін,
Сол Арқамды сүйемін! [16.43.]
Міне, ел мен жерімізді дәл осы Мағжандай, бар шындығымызбен, ештеңені
жасырып, жамамай, ешнәрсені жылтыратып боямай, сол қалпында жалғаусыз сүйе
аламыз ба? Сүйе алсақ, онда біз бақыттымыз. Сүйе алсақ, онда біз нағыз
қазақ еркегінің кіндігінен жаралған азаматпыз, нағыз қазақ әйелінің
құрсағынан шыққан перзентпіз.
Ел мен жерге деген шын сүйіспеншілікте күпсіп сөйлеу де, көтеріліп сөйлеу
де болмауға тиіс. Қалай дегенмен де, күпсіп, көтеріліп сөйлеуде жасандылық
болады. Ел мен жер де - әкең мен анаң. Әкең мен анаңа деген сүйіспеншілікте
жасандылық болса, не болғаны?! Менің бұл жерде қадалып сөйлеп отырғаным,
кейінгі кезде бүкіл жұрт өздерінің арғы тектерін қалай да батыр-
баһадүрлерге, би-болмыстарға, әруақты адамдар мен жыршы-жырауларға теліп,
соларға апарып тіреп қоюға әуестеніп кетті.Оларды тыңдап отырсаңыз, арғы
заманда қой бағып, көтен жеген қазақ еркегі, тезек теріп, құрт қайнатқан
қазақ әйелдері болмағандай.Бейне бір арғы аталарымыз түгелімен қалқандары
қаңғырлап, семсерлері жарқылдап, батыр немесе жібек шатыр ішінде, құс
төсектің үстінде шалқайып жатып төрелік айтқан би, шешелеріміз шетінен
толған айдай толықсып, тал шыбықтай бұралып, батыр мен баһадүрдің жан
жарлары немесе басына қарқарадай кимешек киіп, би мен болыстардың қасында
сырбаз сызылып, кербез кергіп отырған бәйбіше болып өткендей.
Мағжан ұғымындағы Сарыарқа біздің ұғымымыздағы Сарыарқа емес, одан
әлдеқайда кең.Олай дейтініміз оның Өткен күн өлеңі былай басталады:
Еділ, Жайық, Сырдария-
Белгілі жұртқа ескі су.
Тәтті, дәмді, тармақты
Ұзын Ертіс, Жетісу.
Осы бес су арасы
Сарыарқа деген жер еді.
Туып - өскен баласын
Айбынды ер Алаш [15.247.] - дер едім.
Бұл сөзге таласудың жөні жоқ. Енді біз бес судың – Еділ, Жайық, Сырдария,
Ертіс, Жетісудың арасын алып жатқан Сарыарқаның ұлы мағынасына қайта
оралуымыз керек.Ақын жырларында табиғат пен адамның жан дүниесі бірге
өріліп, бірге астасып жатады.Әлем құбылысы санамен, көңілмен үндесіп, сұлу,
сырлы, тіпті, кейде ақыл – ойға сыймайтын фантастикалық суреттер көзге
келеді.Сөз көбіне ойдың білінер – білінбес сыртқы қауызы сияқты көрінеді
де, ақынның құдіретті шабытымен кестеленген түпкі мағына сурет болып санаңа
еніп, сезіміңді қалай билеп алғанын білмей де қаласың.Жазғы жолда деген
өлеңіне көңіл аударалық:
Дала, Дала, Сар дала!
Жапан түзде бір қала...
Шілде.Оттай ыстық күн,
Дала - өлік.Жоқ бір күн,
Жер де жатыр тұншығып.
Жол жыландай иірілген,
Шаң ерініп, үйірілген,
Ешбір леп жоқ, тып-тынық.
Көкте жалғыз бұлт жоқ,
Көктің түсі қызғылт көк,
Дүниені тылсым билеген.
Ыңыранғандай әлдекім,
Жылай ма екен әлде жын?
Перілер ме күйлеген? [14.69.]
Бұл көріністер мол сырға ие болып, жол, дала, көк аспан, бұлт – бәріне де
жан бітіп, адамның өзімен тілдескендей әсер қалдырады. Өзіміз оны көзбен
көріп, құлақпен естігендей боламыз. Адам мен табиғат арасында ақын өлеңінде
ажырамас бірлікте, тоғысқан күйде, яғни айнала өмір, ақынның оны қабылдауы
сырлы сөз күшімен әсерлі сурет бергендей болады. Әрине, мұндай көркем сөзді
көркем ой тудырады. Поэзия шеңберінің тәңір табынарлықтай құдіреті өлеңді
Абай айтқандай теп-тегіс жұмыр етумен бірге, сезім, түйсікке молықтыруда.
Онсыз қайсыбір өлең болса да, жай хабарлама, сөзтізбе болып шығатыны анық.
Қысқы жол деген өлеңінен мына жолдарды оқып қаралық:
Ызғарлы жол долданып,
Екі иінінен дем алып,
Ішін тартып осқырып,
Кейде қатты ысқырып,
Аңдай ұлып бір мезгіл,
Екі санын шапақтап,
Біресе сақ-сақ күледі.
Кейде кенет баяулап,
Жер бауырлап жаяулап,
Аузы-басы жыбырлап,
Асып-сасып сыбырлап,
Жерді жапқан кебінді
Сүйіп ақырын құшақтап,
Әпсүн оқып үреді. [13.46.]
Мұндағы екі иінінен дем алып, ішін тартып, жер бауырлап жаяулап,
аузы басы жыбырлап, жерді жапқан кебінді сүйіп деген тіркестер қыс, аяз
туралы өлеңге қаншама әр, сыр беріп тұр.
Мағжан Жұмабаев көлемді поэмалар жазуда аса өнімді еңбек еткен. Оның өте
– мөте белгілі поэмасы – Батыр-Баян. Күрделісі, көркемдік тұтастығы
жағынанда, сюжет желісі мен сұлулығы жағынанда ерекше асып тұрғаны –
Батыр Баян. Мұнда айтылған оқиға бір кездері қазақ пен қалмақ арасындағы
жаугершілік заман жайынан. Ақынның жазуы бойынша, бұл хикаяға Абылай ханның
кезінде екі ел арасындағы бейбітшілік, достық қарым-қатынас орнағанға
дейінгі оқиға өзек болған. Ашу үстінде қол бастаушы батыр Баян өзі қамқор
болып жүрген кіші бауыры Ноян мен сұлу қалмақ қызын өлтіреді. Жазығы -
олардың көңіл қосып елден қашуы. Бұған дейін Батыр Баянның көңілі жас
қалмақ қызына көңілі қатты ауған еді, бірақ қыз ыңғай бермеген соң, оны
қарындас ретінде ұстаған. Алайда екі жастың Баянның айтқанына көнбей, қашып
шығуының аяғы трагедиялық жағдайға әкеп соғады. Қыздың сұлулығын ақын былай
сипаттайды.
Сол сұлу, сұлу екен атқан таңдай,
Бір соған бар сұлулық жиналғандай.
Торғын ет, шапақтай бет, тісі меруерт,
Сөздері су сылдырап құйылғандай.
Бір улап, көз қарасы бір айнытқан,
Жұлдыздай еркелеген сөнбей-жанбай.
Лебізі- Жібек лебі, жұмақ желі,
Кәусардай тартқан адам қалар қанбай.
Шын ер ғой батыр Баян алып қайтқан
Еліне сол сұлуды естен танбай.
Ноян жайында оның хал-күйі туралы:
Жас Ноян қызды көріп от боп кетті,
Көздері қызыл жалын шоқ боп кетті.
Жер мен көк, ай жұлдызды тұман басып,
Бір қыздан басқа нәрсе жоқ боп кетті. [16.64.]
Қыздың сұлулығы мен жігіттің жалын атқан ішкі сезімін суреттеуге мін
жоқ. Ақындық теңеулер мен метафорлар әрқайсысы өз орнында. Тапқырлық,
дәлдік, көркемділік- айрықша сезіліп тұрады.
Осындай бәйшешектей екі жас өмірдің жан ашуынан, қызғаныш пен
күйініш билеп, кешірім аулынан алысқа алып кеткен дүлей күш салдарынан
құрбан болып, кеткенін көреміз. Артынан қуып жеткен Баянға:
Жас Ноян жүйрігінің мойнын бұрды,
Жас Ноян ер Баянға қарсы жүрді.
Жақындап келіп қалып ағасына,
Түсіннен шошыды да, тоқтап тұрды...
Дегенше, қалды тартып батыр Баян,
Баянның батырлығы алашқа аян.
Оқ тиіп жүрегінен құлап түсті,
Атынан бүктетіліп бөбек Ноян.
Жын шуы басқандай боп естімеді.
Жан көке, аға!- деген сөзді Баян.
Садағын сол секундта тартты тағы
Бір ашып, бір жұмбай да, көзді Баян
Үстіне денесінің інісінің
Түсірді тағы ұшырып қызды Баян.
Екі жас аттарынан ұшып түсті,
Түскенде бірін-бірі құшып түсті...
Қомағай қара топырақ бүлкіл қағып,
Асығып екі жастың қанын ішті. [13.98.]
Поэмада бұл трагедиядық жайды әрі қарай суреттеу Мағжан ақындығының тағы
бір көрінісі. Жан тебірентер, іш толғантар ұшқыр өлең жолдары ағыла берді.
Үстіне көк аспан құлап түскендей ер Баян жайлы күйінішті-ақ.
Биік романтикалық сарынға құрылған аса көркем поэмадан екі түрлі
жайды аңғаруға болады: бірі батырлық достық,махаббат,мейірім дүниесі болса,
екіншісі – ашу ,ыза,онан барып әділетсіз қантөгіс, өкініш.Қаһарманның мінез
асулығын, бірбеттілігін, бірақ ниетінің ақ екендігін суреттеп, ақын поэманы
романтикалық шарықтау шегіне жеткізеді. Шиеленіскен оқиғаны ақын тау мен
судың, күн мен аспанның, кейіпкерлердің бірін-бірі қимас күйін, қалмақ
қызының сұлулығын, айнала табиғат сырларын суреттеу арқылы сезімнің
қоюланып, ширығуна, күннің күркірегендей, найзағайдың ойнағанындай бітпес
мінездер соқтғысына алып барады, іштей өкініш толқынысына әкеп тірейді.
Қазақ халқының әдеби тілінің нағыз сұрыпталып, ерекшеленген дәуірі Мағжан
поэзиясының өмірге келуімен тұстас. Мағжан өз поэзиясына жаңадан сөз қосқан
жоқ, өзіне дейін дамып жетілген тілді, сөздік қорды өз шығармасының ең
керекті өрнектеулеріне дәл тауып пайдалана білді. М.Мақатаев айтқандай:
Қазақтың қара өлеңін шекпен жауып, өзіне қайтарған сөз зергерлерінің
таңдаулысы болып, халқы таныған, сүйіп бағалаған ерен жүйрік ақынына
айтады. Мағжан сөздің сыртқы түрін әдемілеп қана қойған жоқ, әдемі сөзбен
әсем, әсемнен сұлу суретті сөз өрнегін жасауға тырысты, өз халқының бай
сөздік қоры негізінде сезімтал жүрек үнімен жаңаша мазмұнда өз жырларын
жазды.Ол ұлы Абай жырлаған табиғат тақырыбын тереңдетіп жаратылыстың түрлі
тақырыптық мазмұнын ашып, ол құбылысты ұлы адам бейнесімен бір бүтінде
қараған жаңашыл ақын болды. Мағжан өз поэзиясы арқылы жалпы өмір атаулының
қоғамның белгілі кезеңіне ғана емес, бүкіл әлем мұрат-міндетіне, тынысына
қызмет ететіндігіне, оның бұйрықпен емес жүрек үнімен жазатынына бас
идірді. Поэтикалық тілде сөздік қордың сан түрлі мәні мен мағыналық
құбылыстары тың және тартымды суреттерге ие болса да, суреттеліп отырған
құбылыс жаңа мағынаға ие болып, оның көркемдік, танымдық, эстетикалық қуаты
ашыла түседі. М.Жұмабаев өз поэзиясында әр сөзді таңдап, талғап, сөздің
нәзік қатпарларын оның әртүрлі реңктерін ашуда қазақ тілінің сөздік қорына
сүйенген. Мағжан өз көңілімен танып, білетін, бірақ сыртқа шығарып айта
алмайтын ғажайып суреттерді ақындық шабытпен сөз құдіреті арқылы төгілте
жырлаған. Сұңғыла көңіл сезімі, қуатты ойдың нәзік жүрек қылын шертер
сәттер ақын тілінің дәлдігіне, ықшамдылығына, адам мен табиғат арасын
бөлінбес бірлікте жырлаған ақынның көркем, сұлу, әсем ойы көркем сөз
күшімен сыртқа шығады.
Тіл байлығының қайнар көзі көп. Солардың бірі – сөздің көп мағыналылығы.
Сөз – ойдың сыртқы қауызы. Ақынның шабытымен кестеленген сөз бояулы түрлі
суреттерге айналып кетеді. Мұндай көркем сөзді көкем ой тудырады да сезім
түйсікті толқытады.
Қара сөзі ақынның поэтикалық тілінде әр түрлі реңк ала отырып оның
ешкімге ұқсамайтын сөз қолдану мәнерінің тағы бір мағыналық қырларын ашады.
1. Қара - сын есім, заттың түр-түсін білдіреді, тура мағынасында
қолданылады.
Қара сөзі көркем әдебиет тілінде түрлі тіркестермен (қара үнек ой
қара ниет, қара іс) зұлымдық мағынасында кездесетіндігіне ешкім талас
тудырмайды.Дәл осы мағынада ақын тілінде жиі байқалады, оны түрлі реңкте
былай саралауға болады.
2. Қара ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Мағжан Жұмабаевтың Мен кім
Мағжан лирикасындағы өлең өрнектері
Мағжан Жұмабаевтың еңбектері
Қазақ әдебиетінің XX ғасыр басындағы жарқын жұлдыздардың бірі- Мағжан Жұмабаев
Ақберен Елгезек өлеңдеріндегі жалғыздық ұғымы
Мағжан Жұмабаев – лирик ақын
ҚЫТАЙ ҚАЗАҚ ЖАЗБА ӘДЕБИЕТІНІҢ ҚАЛЫПТАСУЫ
Өлеңге орын табам
Мағжан Жұмабаев поэзиясының көркемдігі
И. Оразбаев поэзиясының шеберлік тұғыры
Пәндер