Бастауыш сынып оқушыларына отансүйгіштікті қалыптастыру



Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 32 бет
Таңдаулыға:   
Мазмұны

Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
... ... ... ... .

I. тарау. Бастауыш сынып оқушыларына отансүйгіштік тәрбие
берудің теориялық негіздері.

1.1.Бастауыш сынып оқушыларына отансүйгіштікті қалыптастыру..

1.2. Халықтық педагогика отансүйгіштік тәрбие берудің негізі
ретінде...

II. тарау. Отансүйгіштік тәрбие берудің әдіс-тәсілдері мен жолдары.

2.1. Отансүйгіштік тәрбие беруді ұйымдастыру
формалары ... ... ... ... ...

2.2. Дамыта оқыту технологиясы арқылы отансүйгіштік тәрбие беру
әдістемесі ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...

Қорытынды ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
... ... ... ... ... ... ... ... ..

Пайдаланылған әдебиеттер
тізімі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...

Қосымшалар

Кіріспе

Қазақстан Республикасының егемендік алып, дербес мемлекет болуына
байланысты қоғам өмірін ізгілендіру мен демократияландыру өскелең
жеткіншектерді тәрбиелеуде көркем шығарманың мән-мағынасын санамен ой
елегінен өткізе отырып, тереңірек түсінуге мүмкіндік береді.
Тәрбиедегі ең басты бағыт делінген тәлім-тәрбие тұжырымдамасында:
(1999) “Әрбір адам ең алдымен өз халқының перзенті, өз отанының азаматы
болуы керек екенін, ұлттың болашағы тек өзіне байланысты болатынын еске
ұстауға тиіс. Оның осындай тұжырымға тоқталуына ұлттық әдет-ғұрыптар мен
дәстүрлер көптеп көмектеседі, солар арқылы ол жалпы адамзаттық әлемге аяқ
басып, өз халқының мәдени игілігін басқа халықтарға жақын да түсінікті ете
алады. Сондықтан әрбір ұрпақ өз кезегімен өткеннің талаптары, обьективті
факторлары негізінде жас ұрпақты өмірге даярлап, оны жинақталған бай
тәжірибе арқылы тәрбиелей отырып, өзінің ата-бабаларының рухани мұрасын
игере түсуі керек ”. [3,98] Осыған байланысты өсіп келе жатқан жас ұрпақты
ізгілік, имандылық тұрғыда өмір сүріп, шығармашылықпен еркін еңбек ете
алатын, бәсекелске бейім, өмірге икемділігін, ұлттық, жалпы адамзаттық
құндылықтарды тұтастықта меңгере алатын, отансүйгіштік сезімі қалыптасқан
жаңа азаматты тәрбиелеудің қажеттілігі туындауда.
Қазіргі кезде бастауыш сынып оқушыларына отансүйгіштік тәрбие беру
өзекті мәселелер болып отыр. Себебі, бүгінгі таңда жастарымыздың арасында
Отанды қорғауға деген саналы көзқарастың болмауы салдарынан әскер қатарында
қызметін өтеуден қашу сияқты келеңсіз жайттар жиі кездесіп қалады.
Сондықтан мектепте отансүйгіштік тәрбие беруді қолға алудың маңызы зор,
тәрбиенің бұл түрі жастарды елін қорғауға, ұлттық армия сапында адал қызмет
атқаруға, азаматтық қасиеттерге баулиды.
Мектепте өткізілетін сабақтар, алғашқы әскери даярлық пәндері
оқушыларға берілетін отансүйгіштік тәрбиенің тереңдеуіне, Отанымыздың
саналы және белсенді күрескерлерін тәрбиелеуге, оларды халықтың игілігі
үшін еңбек етуге, егеменді елеміздің мүддесін қорғауға даярлау үшін
мүмкіндіктер туғызады.
Қазіргі әлемдік ғылымда Отан және адам дүниесінің үйлесімділік идеясын
басшылыққа алуды қажет етіп отырған кезде ғылымдар жүйесінің интеграциялық
бағыты адамның интеллектілік өрісін байытумен бірге жалпы адамзаттық
құндылықтың біртұтастығын көрсетеді. Соның ішінде, отансүйгіштік тәрбие
барлық адамзатқа ортақ қасиет екендігін ғылымдар байланысынан айқын көруге
болады.
Бүгінгі таңда отансүйгіштік тәрбие берудің Отанға, елге деген саналы
көзқарастың қалыптастыру қажеттігі, педагогика теориясы мен практикасында
жеткілікті зерттелмеуі арасында қарама-қайшылықты тудырып отыр.
Осыған орай, зерттеу проблемасы оқыту процесінде бастауыш сынып
оқушыларының отансүйгіш сезімін қалыптастырудың педагогикалық-псхологиялық
негізін қарастыру, педагогикалық жолдарын айқындау осының негізінде ғылыми-
әдістемелік нұсқау дайындау қажеттілігінде болып отыр.
Бұл қайшылықты шешу зерттеу жұмыстың тақырыбын “Бастауыш сынып
оқушыларын отансүйгіштікке тәрбиелеудің педагогикалық шарттары” деп
таңдауға мүмкіндік береді.
Зерттеудің көкейтестілігі – отаншылдық сезімін тәрбиелеу білім берудің
мектепке дейіңгі жүйесінен жоғарғы оқу орындарына дейінгі орталықтарда,
барлық ұйымдарда көкейтесті болып табылады. Балаларды Отанды, туған жерді,
өзінің халқын сүюге тәрбиелеу тәрбие отансүйгіштік Зерттеу мақсаты: оқыту
процесінде бастауыш сынып оқушыларының отансүйгіштік сезімін
қалыптастырудың мазмұны мен әдістемесін теориялық тұрғыдан негіздеу.
Зерттеу обьектісі: Бастауыш сыныпқа білім беру ұйымдарындағы оқу-
тәрбие үрдісі.
Зерттеу пәні: мектептегі оқыту процесінде бастауыш сынып оқушыларының
отансүйгіштік сезімін қалыптастыру жүйесі.
Зерттеу болжамы: егерде оқыту үрдісінің мазмұны мен әдістемесі
пәнаралық байланыс негізінде оқушылардың сана-сезімін, сенімін, еркін,
қарым-қатынасын және мінез-құлқын отансүйгіштікті мақсаттылықпен
қалыптастыруға бағытталған жүйемен қамтамасыз етілсе, оқыту үрдісінде
бастауыш сынып оқушыларының отансүйгіш сезімін қалыптастыру тиімді болуы
мүмкін.
Зерттеу міндеттері:
- Жас жеткіншектерге отансүйгіш тәрбие беруді жетілдірудің негізгі
бағыттарын анықтау;
- оқыту, тәрбиелеу, дамыту және оқушылардың отанды қорғауға
психологиялық даярлығының бірлігін қамтамасыз ету;
- отансүйгіш және азаматты тәрбиелеу мәселесіне бірегей көзқарасты
қалыптастыру;
- оқушыларға отансүйгіш тәрбие беруді ұйымдастыру мен іске асыруда
мектеп ұжымының рөлін анықтау;
- оқушыларға отансүйгіш сезім негіздерін оқытудың түрлері
мен әдістерін жетілдіру;
- оқушыларға жоғары отансүйгіш сананы, ұлттық мақтаныш
сезімін, мемлекеттің ұлттық мүддесін қорғау бойынша азаматтық және
конституциялық міндеттерді орындауға даярлықты қалыптастыру;
Зерттеудің әдіснамалық негізі: таным теориясы, жеке тұлғалық пен іс-
әрекет теориясы; жалпы адамзаттық және ұлттық құндылықтардың диалектикалық
өзара бірлікте болуы туралы философиялық, әлеуметтк-мәдени теориясы; оқыту
процесінде пәнаралық байланыс теориясы.
Зерттеу көздері: педагогика, психология ғалымдарының еңбектері,
Қазақстан Республикасының “Білім туралы” Заңы (1999)
Зерттеу әдістері: педагогикалық, психологиялық және оқу-
әдістемелік әдебиеттерге теориялық талдау жасау, оқушылардан сауал-сұрақтар
алу, әңгімелесу, педагогикалық бақылау арқылы озат педагогикалық іс-
тәжірибені зерттеу, оны қорытындылау.
Курстық жұмыстың құрылымы: Зерттеу жұмысы кіріспеден, 2
бөлімнен,қорытындыдан, пайдаланылған әдебиеттер тізімінен, қосымшадан
тұрады.
Кіріспеде – зерттеу жұмыстың көкейтестілігін, мақсаты, объектісі,
пәні, болжамы, міндеттері, зерттеу жұмысының әдістері мен базасы. Зерттеу
нәтижелерінің дәлдігі,курстық жұмыс баяндалады.
Қорытындыда – жүргізілген зерттеудің нәтижелеріне негізделген
тұжырымдар мен ұсыныстар берілген.
Қосымшада – зерттеу барысында қолданылған материалдар (анкета, тәрбие
сағаттары, сабақтар) бар.

І. тарау. Бастауыш сынып оқушыларына отансүйгіштік тәрбие берудің
теориялық негіздері.

1.1 Бастауыш сынып оқушыларына отансүйгіштікті қалыптастыру.
Отансүйгіш тәрбие негізін дамытудың мәні жеке тұлғаның жоғары
әлеуметтік белсенділігін көрсететін және қалыптастыратын идеялық-
адамгершілік, моральдық еріктілік, еңбек және дене сапаларын тәрбиелеудегі
ішкі байланыстарды анықтау және саралау болып табылады.
Таным психикалық процестердің (түйсік, қабылдау, зейін, ойлау, сөйлеу
т.б.) дамуымен бірге баланың психикалық қасиеттері: қабілет бейімділік,
мінез қалыптаса бастайды. Іс-әрекет үрдісінде әртүрлі қиыншылықтарды жеңу
үшін жеке адамда шешімділік, өзін ұстай білу, батылдық, табандылық,
төзімділік сияқты ерік қасиеттері пайда болады.
Отансүйгіш тәрбие беру бағыттары:
Бүгінгі жас ұрпақ – болашақ Қазақстан азаматы. Олар өзімізді қоршаған
ірі өркениет орталықтарын, түрлі мәдениетті меңгеріп, өзін сыйлата алатын,
рухани дүниесі бай, интеллект деңгейі жоғары, білімді де білікті жаһандану
заманына сай болуы шарт.
Бастауыш мектепте тәрбие жұмысын жан-жақты ұйымдастыра отырып,
оқушыларды тәрбиелеу болашақ қоғам мүддесі үшін еңбектене алатын, Отанын
сүйетін, нағыз отансүйгіш тұлға етіп даярлауға бағытталады.
Жалпы білім беретін мектеп оқушыларын отансүйгіштікке тәрбиелеу
мәселелерін зерттеген ғалымдардың еңбектерінің қорытындылары мен тікелей
мектеп практикасындағы мұғалімдердің іс-тәжірибелерінің қорытындыларына
сүйене отырып, біз мектептегі отансүйгіштікке тәрбиелеу – оқушылардың нақты
іс-әрекеті, мінез-құлқын ұйымдастыру, оған бағыт беруді негізге алу қажет
деп шештік. Отансүйгіштікке тәрбелеу үрдісінің танымдық мәнін естен
шығаруға болмайды, бірақ ол әрбір оқушыда отансүйгіштік сана, отансүйгіш
сезім қалыптастырудан бастау алғанда ғана тиімді болмақ.
Бастауыш мектеп оқушыларына отансүйгіштік тәрбие берудің іс-
тәжірибелерін зерттеушілер олардың әдістері, формалары мен мазмұнын
анықтаған (С.Ешімханов, С.Иманбаева, Л.Сейдахметова, т.б.) ғалымдардың
еңбектеріне сүйене отырып, отансүйгіш тәрбиені қалыптастырудың төмендегідей
бағыттарын белгіледік:
1. Отансүйгіштік білім
2. Отансүйгіштік сана
3. Отансүйгіштік іс-әрекет
Қазіргі қоғамның әлеуметтік сұранысын мектепке қойып отырған талап
тұрғысынан қарастырғанда, отансүйгіштік білім беру маңызды мәселе болып
отыр. Отансүйгіштік білім ол қоғамда білімнің тез және шапшаң қарқынмен
дамуына байланысты туындауда. Өйткені оқушылардың мектепте алған
білімдерімен шектеліп қалуына болмайды.
Әр оқушы білімді өздігінен ізденіп, ғылыми және техникалық
ақпараттардың ағымына бағдар ұстау дағдысын қалыптастыру қажет. Бұл
отансүйгіштік білім үрдісін оқушы тұлғасын қалыптастыруға бағыттау үшін
қажет.
Отансүйгіштік білім – оқушылардың іс-әрекет тәсілдерді меңгеруі мен
білім алуы, іскерлік пен дағдыны игеруге даярлау.
Отансүйгіштік білім қасиеттілігі осы заманда ақпараттық алмасу
үлгісінің қарқындығымен байланысты.
Қай кезеңде болмасын ұрпақ тәрбиелеу мәселесі басты назарда
болады. Тәрбие процесі – үздіксіз процесс. Тәрбиенің адам өміріндегі ерекше
рөлін ұлы ғалым әл – Фараби: “Адамға ең бірінші керегі білім емес, тәрбие
беру керек. Тәрбиесіз берілген білім – адамзаттың қас жауы, ол келешекте
оның өміріне опат әкеледі ”, – деп атап көрсетеді. [3,18] Тәрбиенің барлық
бағыттары бір-бірімен тығыз байланыста болады. Олардың әрқайсысының атқарар
рөлі өте зор. Бағыттарды жеке бөліп қарастырар болсақ, бүгінгі егеменді ел
болып, дербес мемлекет атану жағдайында оқушыларды отансүйгіштікке
тәрбиелеу көкейтесті болып отыр. Әр халық Отанын сүйер, Отан үшін, ел үшін
күйінер отансүйгіштікке тәрбиелеуге тырысады.Осы жерде “отансүйгіштік”
ұғымына тоқталып кетейік.
Отансүйгіштік идеясы сонау Аристотель мен Платон, кейін педагогика
тарихында Д.Локк шығармаларынан бастау алса, жастарға отансүйгіштік тәрбие
беру мәселесі кеңес педагогтары Н.Крупская, А.В.Луначарский, А.С.Макаренко,
В.А.Сухомлинский және т.б. еңбектерінде ғылыми тұрғыдан баяндалды.
Кейін отансүйгіштік, интернационалдық тәрбие беру мазмұны, оның
әдістемесі мен құралдарын жетілдіруге арналған бірқатар ТМД Н.И.Болдырев,
А.В.Мудрик, Г.Н.Моносзон т.б. және Қазақстан С.Есімханов, А.Ахметов,
Е.Жұматаева, Д.Құсайынова, т.б. ғылымдарының зерттеу еңбектері жарық көрді
Отансүйгіштік (грек сөзі Patriotes – отандас, Patris – Отан, туған жер
)
Отанға деген сүйіспеншілік, бойындағы күш қуатымен білімін Отан
игілігі мен мүддесіне жұмсау.Туған жер, ана тілін, елдің әдет-ғұрпымен
салт-дәстүрін құрмет тұту сияқты отансүйгіштік элементтері ерте заманнан
бастап-ақ қалыптаса бастайды, - деп көрсетілген –өзінің ізгілікті мәнін
сақтайды.[3;12] Отансүйгіштік сезімнің обьектісі мен қайнар көзі – Отан
десек, оның мазмұны: Туған жер, табиғат, оның байлықтары, тіл, дәстүр,
тарихи ескерткіштер, туған өлкедегі тамаша киелі орындар. Олардың адам
көкірегіне жылулық, жақындық, туысқандық сезімдерді ұялатып, ізгі де ерлік
істердің қайнар көздеріне айналуы отансүйгіштікке тәрбиелеудің арқауы.
“Отансүйгіштік тәрбие” ұғымы тұғаның жоғарғы рухани, адамгершілік түрткісі
бола тұра оқушыларда Отан үшін жауапкершілік, азаматтық өзіндік сана-
сезімін мақсатты түрде қалыптастыру процесін күшейтеді Отансүйгіштік тәрбие
барысында Отанға сүйіспеншілік, тәуелсіз өмір сүріп жатқан елдерге
ынтымақтастық, ел тағдырының болашағы үшін жауапкершілік, эконмикалық даму
қарқынын тездетуге үлес қосуға ниеттестік, ғылыми, саяси-моральдық және
туған жерін қорғау мақсатындағы әскери әзірлік, Отанын саяси, идеологиялық
қауіптерден сақтауға бағыттылық, арам ниеттегі ішкі және сыртқы жауларға
төзбеушілік тәрізді мінез-құлқы қалыптасады және дамиды. Сонда даму
өрісінің басты тірегі – отансүйгіштік тәрбие дей отырып, дамудың өзі
отансүйгіштіксіз жүзеге аспайтынын мойындаған жөн.
Елжандылық идея – отаншылдық сезім – адамда жүре пайда болатын, жеке
тұлғаның саналы өмірімен қабаттас қалыптасатын психологиялық, әлеуметтік
құбылыс. Отаншылдық сезім жалпы адам баласына тән адами – түйсік қасиеті,
оның еліне, туған жеріне, өз тілі мен мәдениетіне, ұлттың құндылықтарына
деген жеке қатынасын, өзіндік бағасын, түйсінуін, қуаттап қолдауын
пайымдайтын сезім көрсеткіші.
В.В.Макаров “ Отансүйгіштік кез келген саяси, әлеуметтік, этникалық
топтың ғасырлар бойы тұтастығын қамтитын құбылыс”– деп тұжырымдайды. Ал,
Н.И.Губанов былай деп ой түйеді:“Шын мәніндегі патриотизм кім кімнің болса
да өз Отанына шексіз берілгендігі, сонымен бірге өзге халық мақтанышына
құрметпен қарау болмақ. Ал, мұндай қасиет іс-әрекет пен идеяның, ықыластың
бірлігінің айғағы іспеттес”.[5;7]
Осы айтылғандардың барлығы патриотизм қоғамдық сананың бір формасы,
тарихи және классикалық категория екенін, яғни ол да қоғам дамуымен бірге
дамып, жаңа мазмұнмен толыға түсетінін білдіреді.
Көп ұлтты Қазақстан үшін отансүйгіштік сезімнің рухани саладағы тату
- тәтті тірлік, азаматтық келісімге ғана емес, мемлекеттің материалдық
негізін нығайтуға да тікелей ықпалы бар.
Отансүйгіштік идеясының дамуы Аристотель, Цицерон, Платон есімдерімен
тығыз байланысты. Отансүйгіштік идеясының дамуына француз материалистерінің
де (18 ғасыр), неміс философтарының да, орыс революционер демократтарының
да В.И. Белинский, Н.А. Добролюбовь, Н.Г.Чернышевский т.б. қосқан үлесі
мол.
Отансүйгіштік туралы идеяларды кезінде өздерінің шығармаларында қазақ
даласының ойшылдары да, атап айтсақ, Әл-Фараби, Ж.Баласағұни, М.Қашқари,
жыршы-жыраулары да: Асан-қайғы, Доспамбет, Шалкиіз, Бұқар Жырау, Махамбет
т.б. айтқан. Қазақ халқының табиғи түрдегі отансүйгіштік тәлімінің басқа да
халықтық дәстүрі мен байлықтарының дами түсуін, тіпті кейбір уақыттарда
отансүйгіштік деген сөздің лексикалық құрамынан алынып қалмауын қазақ
жеріндегі жиі-жиі болып тұрған тарихи оқиғалардың қыр-сырынан іздеген жөн.
Қазақтың ұлан-байтақ даласын біздің ата-бабаларымыз сан ғасыр “Найзаның
ұшымен, білектің күшімен”, “Қанаттыға қақтырмай, тұмсықтыға соқтырмай” аман
сақтап келді. Олардың құрып кету қаупі төніп тұрған кезде бір жағадан бас,
бір жеңнен қол шығарып жауға қарсы тұруы нағыз шынайы отансүйгішті қасиет
деп түсінеміз.
1991 жылдан бастап Қазақстанның тәуелсіздік алуына орай ұлттық
отансүйгіштіктің, Қазақстандық отансүйгіштіктің жаңа жылнамасы басталып
келді.Бұған мемлекеттік дәрежеде айрықша мән берілді. Қазақстандық
отансүйгіштік әлеуметтік саяси қатынастардың, адамгершілік қасиеттер мен
түрлі көзқарастардың, діни наным-сенімдердің ара салмағы бола беретін ұғым
оның өлшемі дейтін болсақ, онда ең алдымен ұлттар мен ұлыстардың мұрат-
мүддесінің бірлігі айқын болуы тиіс. Осы өлшем биігінен көрінген сәтте ғана
Қазақстандық отансүйгіштікке толық қол жеткізуге болатындығы анық.
Қазақстандық отансүйгіштікті профессор А.Хұсайнов: “Қазақ елін шексіз
сүю – деп түсінемін”,- дей келе, “Отан сүю сезімі – халқының келешегі үшін
аянбай еңбек етумен етене қабысып жатқан сезім, Қазақстанның келешегі үшін
ақ жүрек, адал ниетпен қандай салада болмасын өз шама-шарқы келгенше аянбай
еңбек етуде. Мен Қазақстандық патриотизмнің бүгінгі шынайы көрінісі дер
едім”,-дейді.
Белгілі педагогтар А.С. Макаренко мен В.А. Сухомлинский ерлік пен оны
туғызатын факторлар туралы мәселелерді зерделеп, бұл олардың педагогикалық
еңбектерін негізі болғаны белгілі. Мәселен, А.С.Макаренко “Адамды ерлік
көрсетуге, мейлі, неде болсын – ұстамдылықта, ашық, тік сөз айтуда, кейбір
мұқтаждықтарда, шыдамдылықта, батылдықта ерлік көрсетуге мүмкіндік беретін
жағдайға қоймайынша ержүрек етәп тәрбиелеу мүмкін емес”, – деп
тұжырымдайды. В.А.Сухомлинский: “ Отансүйгіштік сезімдер мен моральдық ерік
– күш қасиеттері толғаныстар арқылы тәрбиеленеді. Отан идеясын ұғына жүріп,
сүйіспеншілік, ризашылық, шаттық, қауіп, оның бүгіні мен ертеңі үшін
қамқорлық сезімін, оның жаулары мен ұмырасыздық және Отан үшін өмірін
беруге даярлық сезімін бастан өткере отырып... адам жасөспірім шағында-ақ
өзін таниды, өз жетістіктерін нығайтады.” – деп жазды.[5,102]
Ендеше, жас ұрпақтың бойында ұлттық сананы қалыптастыруда олардың
туған жер мен еліне сүйіспеншілігін оятудың маңызы зор. Ұрпағын өз халқының
патриоты етіп тәрбиелеу – қай халықтың болса да, тәрбиелеу жүйесінің
негізгі талаптарының бірі.
Зерттеуші – ғалым Қ.Қабдіразақұлы жас ұрпақты дәстүрлер негізінде
тәрбиелеу мәселесін педагогикалық тұрғыда зерделей отырып, дәстүрлерді
шартты түрде беске бөледі. Солардың ішінде негізгі дәстүрлердің бірі деп
ұлттық жауынгерлік дәстүрді қарастырды. “Жауынгерлік дәстүр Отан, туған жер
және халқы үшін ,оның бостандығы мен тәуелсіздігі, салтанатты болашағы үшін
шексіз жүректілік, шамадан тыс қуаттылық және өлшеусіз ерлік жасаудың
үлгісін көрсеткен жауынгерлік күресті бейнелеген ұғым”, - деп атап
көрсетеді.[17,23]
Ғалым-психолог А.Темірбеков “Оқушылардың патриотизм сезімін
тәрбиелеудің кейбір мәселелері”атты еңбегінде: бірінші сыныптардан бастап-
ақ, оқушылардың отансүйгіштік сезімдерін тәрбиелеп, тереңдету жолдары көп.
Мысалы үшін екінші сыныпқа арналған “Ана тілі” оқу кітабындағы талай
материалдарға байланысты балалардың бұл сезімін оятып, дамыта беру қажет.
Бұл кітапта басылған “Отан – біздің анамыз ” деген мақалдағы идеялық
жағынан өте құнды пікірлерге сүйене отырып, мұғалім айналадағы өмірден
алынған балаларға таныс фактілер арқылы олардың санасында, бір жағынан жаңа
елестер мен ұғымдар тудырса, екінші жағынан, сонымен бірге, оқушылардың
көңіл-күйін тербете, олардың отансүйгіштік сезімін де тәрбиелейді, - деп
көрсетеді.
Егеменді Қазақстанның болашағы, тағдыры жастардың қолында. Сондықтан
жастарымыз білімді де тәрбиелі, жан-жақты дамыған азамат болып қалыптасу
керек. Кез келген азамат өзінің елі мен жері үшін жанын берер отансүйгіштік
болуы керек. Ең мықты мемлекет болу үшін жастардың бойында шынайы
патроитизмді қалыптастыруға үлкен күш жұмсауымыз қажет.
Қазақстан – көп ұлтты мемлекет. Демек, жас ұрпақтың бойында ұлттық
отансүйгіштікпен бірге Қазақстандық отансүйгіштікті қалыптастыру ерекше
маңызға ие. Қазақстанның әрбір азаматы ұлты мен дініне қарамай татулық пен
бірліктің туын жоғары көтере білсе – отансүйгіштіктің негізі сол болмақ. Ел
басы өзінің “Тарих толқынында”кітабында:“Ұлттық бірліксіз патриотизм деген
жансыз бірдеңе ғана болып қалады”, - деп ұлттық бірлікке ерекше мән береді.
Бірлік пен татулықтың маңызына халқымызда бей-жай қарамаған.“Бірлік болмай,
тірлік болмас”,“Төртеу түгел болса, төбедегі келер, алтау ала болса,
ауыздағы кетер”,“Ынтымақсыз ел оңбас”деп, жас ұрпақтың санасына сіңіріп
отырған.[12,31]
Әр жас ұрпақтың бойында өз Отанына, еліне деген алғашқы сезім болады.
Осы сезімнің, сүйіспеншіліктің дамуына оның алған тәрбиесінің, өскен
ортасының әсері ерекшк екнін білеміз. Бұл жерде мұғалімнің атқарар міндеті
өте зор. Күнделікті күйбең тіршіліктің соңында жүрген ата-ананың бүгінгі
күні бала бойында отансүйгіштік сезімді қалыптастырудан гөрі ойлайтыны
баласының қарнының тоқтығы мен көйлегінің көктігі. Міне, осы салғырттықтың
соңы жастар арасында қылмыстың көбеюі, нашақорлыққа құмар болуы, тағы сол
сияқты келеңсіз оқиғалардың белең алуына әкелді. Ата-аналар балаларын -
болашақ Отан қорғаушыларды өз міндеттерн ін өтеуге де жібергісі келмейді.
Осыдан келіп, “ Отансүйгіштікті кім және қалай тәрбиелейді?”деген сұрақ
туады. Елдің ертеңін ойлар, тәуелсіз елдің тірегі болар патриоттарды
тәрбиелейтін орда – мектеп. Ал мектептің жүрегі – мұғалім. Бүгінгі қоғам
мұғалімнен үлкен қажырлы еңбекті талап етеді. Ұстаз – қасиетті мамандық.
Мұғалім мамандығы басқаларға қарағанда, халықтың тағдырымен байланысты, ол
жеке тұлғаны әлеуметтендіруге жауапты. Мектептегі оқу-тәрбие үрдісінің
жиелі жүруі мұғалімге тікелей байланысты. Әр мұғалім елімізге сай
азаматтарды тәрбиелеуде Қазастан Республикасының Білім Заңының 8
бабында:“Азаматтық пен елжандылыққа, өз Отаны – Қазақстан Республикасына
сүйіспеншілікке, мемлекеттік рәміздерді құрметтеуге, халық дәстүрлерін
қастерлеуге, Конституцияға қайшы және қоғамға қарсы кез келген көріністерге
төзбеуге тәрбиелеу”, - деп көрсетілген Білім беру жүйесінің басты
міндеттерін үнемі жадында ұстағаны жөн. Қазақстанда тұратын әр түрлі ұлт
өкілдерінің балаларын қазақ елін өзінің туғанындай сыйлап, тілін құрметтеп,
шын жүрегімен сүйе білуге тәрбиелеуде де мұғалімдер басшылығы ерекше екенін
байқаймыз.“Міндетті түрде адам тәрбиелеуді, алдымен, оны белгілі елдің
азаматы етіп, сол ұлттың, қоғамның талабына сәйкес тәрбиелеуге міндеттеу
қажет.Мектеп пен оның ұстаздарының бағыты сол ұлттың мінезі мен бағытына
тәуелді болуы тиіс”деген С.И Гессеннің пікірін әр білім ордасы мен ұстаздар
қауымы көкейлеріне түйіп, іс жүзінде жүзеге асырар болса, нұр үстіне нұр
болар еді.
Алғашқы мектеп есігін ашқан бүлдіршіннің бойында отансүйгіштік сезімді
оятатын да мұғалім.Жаңа өмірге жетелеп, әр баланы “Мен Қазақстанның
азаматымын”деген үлкен жауапкершілікке баулитын ел рәміздерін мақтан тұтуға
тәрбиелеудегі мұғалімдердің еңбегін бағаламасқа болмайды.
“Отан – отбасынан басталады”дейді халық даналығы. Демек, бала тәрбиесі
Отан мен ел мүддесі. Әрбір бала бір ғана отбасының ғана емес, күллі
қоғамның келешегі, бүршік атар гүлі екні жадымыздан әсте шықпағаны абзал.
Қазақ елін сыртқы жаудан аман сақтап қалу үшін жанын аямай күрескен,
халқымызға бағыт-бағдар беріп отырған Қазыбек бидің: “Біз қазақ мал баққан
елміз, ешкімге соқтықпай жай жатқан елміз”, - деп қазақ елінің ешкімге
барып соқтықпағаны “Жаным – арымның садағасы” – деп адамгершілік рухты биік
ұстағанын жырласа, ал жиырмасыншы ғасырдың өр ақыны Ж.Молдағалиев:“Мен
қазақпын мың өліп, мың тірілген, Жөргегімде таныстым мұң тіліммен”, - деп
еліне, жеріне, деген сүйіспеншілігін, өз ұлтының мәрттігін басқаларға
таныта отырып, ел қорғаған батыр бабаларымыздың даналық, ерлік істерін
асқақтата дәріптейді.[18,13]
Қай заманда болмасын адамзат алдында тұрған ұлы мұрат-міндеттердің ең
бастысы өзінің ісін, өмірін жалғастыратын салауатты, саналы ұрпақ тәрбиелеу
болып табылады. Ұрпақ тәрбиесін келешек қоғам қамын ойлау тұрғысынан
қарастырып, М.Дулатов: “Бастауыш мектепте алған тәрбиенің әсері күшті,
сіңімді болуы қай халықтың мектебінде болса да, оқу кітапшасы ана тілінде
өз ұлтының тұрғысынан хәм табиғатынан жаратылып, баяндалып оқытуды, осылай
білім баяндап оқытқандағ жас баланың ойына қанына, сүйегіне керекті
мағлұмат алып шығады” деген болатын. Жас ұрпақтың бүгінгі Отанын, елін,
жерін сүюге ұлттық тәрбиесіз мемлекетті нығайтуға өз үлесін қосуға
тәрбиелеуде көркем шығарманың маңызы зор. Көркем шығармаларда отансүйгіштік
сезімді ардақтап, батырлық, ерлікке мадақтаған ақылдылық, парасаттылық,
достық тәрізді адамгершілік игі қасиеттер дәріптелген. Бұл тақырыпта
әңгіме, ертегі, өлең, жырлар туғанын, оларда халықтың батырлық, ерлік
істерді және оны жасаушыларды ардақтағанын білуге болады.
Халықты сүйсіндірген бұл әңгімелер, оның мақалаларында да айрықша орын
алып отырған.Халық ауыз әдебиетінің бір саласы болып табылатын ел қорғау,
батырлық істер жайында туған халық мақалдары халықтың бұл жөніндегі ой-
тілегі, арман – мүддесі, отансүйгіштік сезімі, ұлттық мақтанышы қандай
екенін көрсетіп отырады. Осы тақырыптағы мақалдар ең алдымен кімге болса
да, туған жер өсіп-өнген ел-отан аса қасиетті, қадірлі қымбат, ыстық деп
көрсетеді. Мысалы “Елші – алтын бесік”, “Туған жердің тауы да ыстық”. Ал,
сонымен қатар туған елді, жерді басқа елдермен салыстырып, әркімге өз
елінен артық ел жоқ екенін аңғартатын мақалдарда да баршылық. Оған дәлел:
“Өзге елде сұлтан болғанша, өз еліңде ұлтан бол”, “Кісі елі – күміс, өз
елің - алтын” тағы басқа мақалдар. Өзінің мақалдарында туған жер, ел –
Отанды аса жоғары бағалап, ардақтаған халық, оларды қорғау - әрбір
еразаматтың борышы деп біледі. Өз елін жаудан қорғау үшін қасықтай қаны
қалғанша, ақтық демі біткенше алысу, сөйтіп дұшпанынан елін, Отанын қорғап
қалу – халқын сүйген әрбір азаматтың міндеті болатындығын көрсеткен. Оны
мына мақалдардан: “Ер жігіт елі үшін туады, елі үшін өледі”, “Елін сүйген
ер болар”, “Жүкті нар көтерер, қайғыны ер көтерер” және осы сияқты тағы
басқа мақалдардан көруге болады. Мұндай мақалдарда ел қорғау, басқыншы
жауды талқандау жеңу жолында ерлік жасаған, қара қылды қақ жарған, қиядан
тартып жол салған, табан тірескен айқастарда тайсалып тартынбаған
батырларды, азаматтарды ардақтайды, абыройлы атақ пен даңққа бөлейді.
Олардың халық сүйсінген ерлік істерін кейінгі ұрпаққа үлгі етеді. Ерлік,
батырлық жасау тек Отанын ел-жұртын, халқын сүйген адамдардың қолынан ғана
келеді, осындай адамдар ғана ел намысын қорғайды деп сипаттайды. Мұнымен
бірге халық ісі үшін қажымай күресіп ерлік жасаған, ел сүйген батыр атанған
адамдардың мінезіндегі жақсы қасиеттерінде көрсетіп отырған. Мектеп
жасындағы оқушыларға отансүйгіштік тәрбие беруде осындай мақал-мәтелдердің
маңызын түсіндіріп, отансүйгіштік сезімге, ұлттық мақтанышты, Отан, елін,
жерін сүюге тәрбиелеудің ірге тасын қалауға болады деп есептеймін.
Ертегілер халқымыздың тарихын, тұрмыс-салтын, әдет-ғұрпын, нанымын,
дүниетанымын білдіреді.
Қазақ халқы, оның ішінен шыққан дана адамдар өз заманының адамдарына
да, кейінгі ұрпақтарына да жақсы тәрбие беруді көздеген. Оарды зұлымдық
әрекеттерден сақтандырып, адамгершілікке үндеу мәселелерін ерте кезден-ақ
қолға алғаны ертегілерден байқалады. Көп ертегілерде суреттелетін әділдік
пен жауыздық арасындағы күрес оқушылардың отансүйгіштік сезімдерін оятуға
септігін тигізеді.
Жалпы ертегілердің түрлері сан алуан. Ертегілер өмірде болмайтын
нәрселер туралы, елдің тұрмыс-тіршіліктері туралы мәселелер, қоғамдық
тартыс, тап қайшылығы, еңбекші халықтың наразылығы, күресі сол замандағы
қоғам тіршілігі айқын көрінеді. Ертегілер оқушылардың қиялын дамытып, жақсы
мінез-құлық қалыптастырады, жақсыдан үйреніп, жаманнан жиренуге шақырады,
өзінің елін, жерін қорғауға, сүюге тәрбиелейді.
Көркем шығармаларда, оның ішінде ауыз әдебиеті үлгілерінде халық
өміріндегі әр дәуірден құралған батырлықты, ерлікті суреттеу оның басты
ерекшелігі болып табылады. Мұны батырлық, ерлік, ар-намысқа берік қайтпас
ер жауына мейлінше қатал өз еліне мейірімді, оны қорғауға әрқашанда дайын
өнегелі ісі бар адамдарды суреттейтін шығармалар арқылы жас ұрпаққа
отансүйгіштік тәрбиені сабақта беруге болады. Мұндай шығармалар оқушыларды
батылдыққа, ерлік ісіне, табандылыққа, әділеттілікке тәрбиелейді.
Біріншіден, мұндай шығармалар балаларды елін, өз жерін сүйетін намысына
берік, отаншыл етіп үйретсе, екіншіден, Отанына, еліне қастандық жасамақшы
болған сыртқы жауларға мейлінше қатал болуға баулиды. Бұл жөнінде
В.Г.Белинский: “Балаларға жалпы адамзаттық, дүниежүзілік асыл қазыналарды
неғұрлым көбірек білдіріңдер, бірақ оларды көбінесе өзінің туған елінің аз
ұлтының көріністері арқылы таныстыруға тырысыңыздар”,- деген. Осы тұрғыдан
алып қарағанда, көркем шығармаларға тән мұралар жас ұрпақты өз елдерінің
нағыз отансүйгіші етіп тәрбиелеуге болатынын асыл қазына деп бағалаймыз.
Отбасылық, қоғамдық қатынастар: адам, отбасы, білім беру жүйесі, еңбек
ұжымы, әскер, тұтастай алғанда қоғам.
Рухани-адамгершілік тәрбие негіздері қалыптасатын маңызды әлеуметтік
институт ретінде отбасына бағдарланады. Қазіргі уақытта болып жатқан өмір
салтының өзгеруіне байланысты, отбасылық құндылықтар елеулі түрлерге
ұшырағанын ескере отырып, қазақстандық отбасы институттарын нығайту,
сауықтыру жөнінде бірқатар шаралар қабылдау қажет. Отбасының өмір салтында
өтіп жатқан өзгерістерді, оның дәстүрлі тірегіне айтарлықтай ықпал ететін
факторларды егжей-тегжейлі зерделеу қажет болады. Әр түрлі жастағы
азаматтардың бойында оң отбасылық көзқарастарды қалыптастыру үшін ықпал
етудің нысандары мен әдістерін қолданудың жағымды тәжірибесін пайдалану.
Қазақстан мектеп оқушыларын отансүйгіштікке тәрбиелеудің өткені мен
дәл бүгінгі таңдағы жай-күйін зерттеу барысында оның әдісі, тәсілі мен
формаларының сан алуан болғанына және оларды бүгінгі таң жағдайына
бейімдеп, қолданудың мүмкіндігі мол екеніне көзіміз жетті. Бірақ оның
мазмұны кеңес дәуірінде сол кездегі идеялогияға қызмет еткендіктен, сыңар
жақты болғаны да айқындала түседі, өйткені онда ұлттық отансүйгіштік
ескерілмей қалған. Сол себепті “ұлттық отансүйгіштік ”, “ұлттық сана” деген
секілді аса маңызды ұғымдар көп жағдайда терең зерделенбеген.
Ғалымдардың пайымдауынша, патриотизмге тәрбиелеуде сүйенетін негізгі
ұғымдар “ұлттық отансүйгіштік ” және “Қазақстандық отансүйгіштік ”. Ұғым
дегеніміз – заттар мен құбылыстардың жалпы айырмашылықтарының белгілі бір
жиынтығы негізінде ой жүргізу. Ол ғылыми және тәжірибелік білімдерді
қалыптастыруда қолданылады. Ұғымдар негізінде пікір, ой-тұжырымдар
қалыптасып, ой қорытындылар мен пайымдаулар жасалады. Бұл жерде “ұлттық
отансүйгіштік ” және “Қазақстандық отансүйгіштік ” ұғымдары арқылы Отан,
туған жер, ел, атамекен, мемлекет, туған өлке, туған халқы туралы нақты
түсініктер берудің тиімділігі арта түспек. Ал түсінік дегеніміз – бір
нәрсенің мағынасы мен мәнін ұғыну. Сөйтіп, “ұлттық отансүйгіштік ” және
“Қазақстандық отансүйгіштік ”ұғымдарына анықтама беру, олардың мазмұнын
құрайтын: Отансүйгіштік сезімін дамыту, ұлттық салт-дәстүрді ұстану мен
мемлекет рәміздеріне құрмет қалыптастыру, және тағы басқа тәлім-тәрбиелік
мүмкіндіктерін кеңейте түседі. Осыларды көздеп жүргізген зерттеу
еңбегімізде педагог, психолог, философ ғалымдар мен ақын-жазушылардың ой-
пікіріне сүйене отырып “ұлттық патриотизм ” және “Қазақстандық
отансүйгіштік ” ұғымдарына анықтама беруге ұмтылды. Сондай-ақ бұл ұғымның
маңызын ашып көрсету жас буындарды тәрбиелеуде бүгінгі күннің кезек
күттірмейтін қажеттігінен туындап отыр.[13,32]
Адамның жеке псхологиясының әскери қызметтегі маңызын аша келіп,
Б.Момышұлы “ отансүйгіштік - Отанға деген сүйіспеншілік, жеке адамның
аман-саулығы, қоғамдық, мемлекеттік қауіпсіздікке тікелей байланыстылығын
сезіну, өзінің мемлекетке тәуелді екніңді, мемлекетті нығайту дегеніміз –
жеке адамды күшейту екенін мойындау, қысқасын айтқанда, отансүйгіштік
дегеніміз – мемлекет деген ұғымды, оны жеке адамның барлық жағынан өткені
мен бүгінгі күнімен және болашағымен қарым-қатынасын біріктіреді” – деп
терең жан-жақты анықтама берген. Қаһарман жазушы біз деп отырған
“ұлттық отансүйгіштік ”, “қазақстандық отансүйгіштік ” ұғымдарына
философиялық анықтама беруге ұмтылған. Ол “ұлттық отансүйгіштік -бұл ұлттың
ішіндегі жеке адамның асыл белгісі мен қасиеті, өз халқына деген
сүйіспеншілігі, өз халқымен қан жағынан да және шыққан тегі, терреториясы,
тілі, тұрмыс-тіршілігі, мінез-құлқы, психологиялық және этнографиялық
ерекшеліктері қалыптасқан, тарихи дәстүрлері жағынан да әбден айқын әрі
дербес басқа қасиеттері және ерекшеліетері мен де байланысты” дейді.
Жазушының пікірін жіктей отырып бүгінгі отансүйгіштіктің мазмұнын анықтау
әбден мүмкін.
Бұдан келіп шығатын тұжырым: Б. Момышұлы көрсеткен рухани
ерекщеліктерді сақтау ұлттық патриотизмнің критерийі болып табылады. Жаңа
қалыптасып келе жатқан жас мемелекетіміздің болашақ азаматтарын
отансүйгіштікке тәрбиелеуде, міне, осылар оның негізгі ұғымдарын құрау
керек. Ойымызды айқындай түссек, Б.Момышұлы айтып отырған белгілердің
педагогикалық негізі тұлғаны патриоттық сана-сезімін қалыптастыру,
патриоттық іс-әрекетін ұйымдастыру, мінез-құлқына отансүйгіштік сипат беру,
мектептегі оқу-тәрбие ісінің өзегі болуы керек. Бұл оқулықтар оқу-
әдістемелік құралдардың мазмұнынан бастама алып, сабақтан тыс тәрбиелік
жұмыстарда жалғасуы орынды.[9,131]
Қазақстанды отансүйгіштіктің арқауы қазақ мемелекетіне деген
сүйіспеншілік, ұлтына сенімі, нанымы, саяси көз-қарасы, тағы басқа
қарамастан, әрбір қазақстандық өзі өмір сүріп, күн көріп отырған
мемлекетін-“отанын” деп тануы, оны негізін салып отырған қазақ ұлтына
сыйластық, оның заңдарына бас ию, рәміздеріне құрмет, жетістігіне сүйсініп,
мақтану, кемшілікетерін болдырмаудың жолын қарастыру қазақстандық
отансүйгіштіктің белгілері болуы керек деген ой келіп туады. Қазақстан
егемендік алғаннан кейін мерзімді басылымдарда ”қазақстандық отансүйгіштік
” және “ұлттық отансүйгіштік ” жайлы сұрақтар жарияланып, оған көптеген
белгілі ғалымдар, ақын-жазушылар өз пікірлерін білдірген болатын. Сол
пікірлерді және басқа да педагог ғалымдар мен философ-психологтердің
пікірлерін зерттей келе біз бір кездегі “советтік отансүйгіштік ” ұғымы
“қазақстандық отансүйгіштік ” болуы керек деп түйдік. Оның туынлап,
қалыптасып, тәлім-тәрбие айналымына енуі өз қолымызда. Берілген сұрақтар
бізге патрот адамдардың мінез-құлық, іс-әрекеті, ой-сана сезімдерінің
белгілеріне қарап оған сипаттама беруге көмектеседі. Бұл өз ретінде жас
буындардың көз алдына нақты мысалдарды көлденең тарту арқылы өнеге
көрсетуге шарт түзеді.
Қоғамның өз азаматтарына қызмет етуі адамның өзіне байланысты екені
белгілі. Бұл – қоғамның жай-күйі оның әрбір азаматына байланысты деген сөз.
Демек, Қазақ Республикасының егемендігі мен тәуелсіздігінің нығайып
дамуының басты шарттарының бірі оның азаматтарының отансүйгіштігі Адамдар
санасындағы бұрынғы кеңес одағы кезеңіндегі отансүйгіштіктің мазмұны жаңа
қоғамдық жағдайда біртіндеп жаңғыру үрдісін бастан кешіруде, бірақ, соны
құндылықтар әлі қалыптасып бола қойған жоқ.
Жаңа тарихи әлеуметтік жағдайда отансүйгіштік жаңа сипатқа ие болды,
өйткені, енді Қазақстанда өмір сүріп отырған барлық халықтар Қазақ елі атын
беріп отырған “Қазақстан” деген мемлекетке бірікті. Демек, олардың мүддесі,
мақсаты, күн көріс жағдайлары да бір бағыт ұстануы керек. Міне, осының өзі
бұдан былайғы кезде “қазақстандық отансүйгіштік ” ұғымын қалыптастыру
мақсатын қойып отыр. Ендігі кезеңде қазақстандықтардың күш-қуаты
“қазақстандық отансүйгіштік ” орнықтыруға жұмсалуы керек.
Отансүйгіштік сезімнің объектісі мен қайнар көзі – Отан. Ал оның
мазмұны туған жер, табиғат, оның байлықтары, тіл, дәстүр, тарихи
ескерткіштер, туған өлкедегі тамаша киелі орындар – жалпыұлттық
құндылықтармен толықтырылады. Олардың адам көкірегіне жылулық, жақындық,
туысқандық сезімдерді ұялатып, ізгі де ерлік істердің қайнар көзіне айналуы
отансүйгіштікке тәрбиелеудің арқауы.
Қазақстандық отансүйгіштікке келсек, ол тек қазақтардың ғана өз
Отанына сүйіспеншілігі емес, онда мекендеген бүкіл ұлт пен ұлыс өкілдерінің
бәріне қатысты дүние. Алайда ешкімді елін, Отанын зорлықпен, күштеп не
үгіттеп жел сөзбен алдап-арбап сүйгізе алмайсың. Елін сүю - әркімнің жеке
ісі, өз арының ісі. Қасиетті сезім ананың сүтімен бірге өзі келмейді, ол
адам өсе, есейе келе өз ақала өзіне жетіп, өз басымен тіршілік ете
бастағанда адамзаттың бойында біртіндеп қалыптасатын құдіретті сезім. “Бұл
сезім әркімде әр кезеңде (яғни, әр түрлі жаста) оянып, кейін кәмілетке
келгенде біржола буыны қатып, тәжірибемен, жаспен, уақытпен, біліммен,
қоршаған ортаның ықпалымен, мемлекеттік және қоғамдық социалогиялық
институттардың (балабақша, отбасы, мектеп, жоғары оқу орындары, бұқаралық
ақпарат құралдары, қоғамдық ұйымдар, әр түрлі саяси ұйымдар мен
қозғалыстар) әсерімен қалыптасады” деп көрсетеді Ә.Қалмырзаев.
Ұлттық отансүйгіштікті ұлт және отансүйгіштік туралы екі ұғымның
жағдай қосындысы деп қарауға болмайды. Сондықтан біз бұл еңбегімізде
тектілікпен туа біткен қасиеттердің тәрбие арқылы бекіп, нығаюы, елін,
жерін шексіз сүйіп, соған қызмет ету, ұлттың барлық қасиеттерін ардақтау
деп көрсетеді. Демек, ұлттық отансүйгіштік дегеніміз қанмен, текпен туа
бітетін, тәлім-тәрбие арқылы өсіп жетілетін ұлттық сипаттағы саналы іс-
әркет пен мінез-құлық.
Ғылыми деректерге зер салатын болсақ, отансүйгіштік ұғымы 15 ғасырдың
басында француз халқының ұлттық батыры Жанна Д-Арк ұлтының тәуелсіздігі
үшін басқыншылармен күресіп, өз Отанының дербестігін сақтап қалуды көздеген
ұлы жеңістің нәтижесінде пайда болды деседі.
Отансүйгіштіктің әдіснамалық негізін айқындауда психологиялық,
философиялық, педагогикалық тұрғыда зерттеу барысында әр кезеңде туындаған
отансүйгіштік ұғымына талдаулар.

Алыс және жақын шетелдердегі отансүйгіштік ұғымына берілген
анықтамалардың классификациясы.

Анықтамалар Алынған әдебиет көзі
“Менің отансүйгіштік сезімім ірбіт Ш.Уәлиханов
сандығындай (“матрешка”сияқты бір Таңдамалы шығармалар жинағы.
сандықтың ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Бастауыш сынып оқушыларын этнопедагогика арқылы математиканы оқытудың маңызы
Отбасы - рухани тәрбиесі
Әдеби туындыны бастауыш мектептің оқу - тәрбие процесінде пайдалану арқылы оқушыларға патриоттық тәрбие берудің теориялық және әдістемелік негізін жасау
Көркем шығарма арқылы оқушыларға патриоттық тәрбие берудің педагогикалық мүмкіндіктері
Оқу-тәрбие үрдісінде отансүйгіштік және ұлтжандық тәрбиелеу жолдары
М. Дулатов шығармаларындағы елдік рух
Ұрпақ тәрбиесіндегі рухани -- адамгершілік мәселелері
Бастауыш мектепте математиканы оқытуда этнопедагогика элементтерін сабақта қолдану
Бастауыш сынып оқушыларының отансүйгіштік сезімін тәрбиелеу құндылықтарын белгілеу
Мектепте халық педагогикасы құндылықтары негізінде оқушыларды патриотизмге тәрбиелеу үрдісі
Пәндер