Сан есімді оқыту әдістемесі
Мазұны
Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .3-5
І-Бөлім. Морфология. Сөз таптары
1.1. Сан есім туралы түсінік. Сан есімнің лексикалық мағынасы,
морфологиялық тұлғасы, синтаксистік
қызметі ... ... ... ... ... ... ... ... ...5-11
1.2. Негізгі сыныптарда қазақ тілін оқыту
әдістері ... ... ... ... ... ... ... .11-16
ІІ- Бөлім. Негізгі сыныптарда сан есімнің сөйлемдегі қызметін жаңа
технолгиямен меңгерту әдістемесі.
2.1. Сан есімді, оның синтаксистік қызметін оқыту жолдарын оқыту
жолдары ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .16-19
2. Сан есімді жаңа технология негізінде
оқыту ... ... ... ... ... ... ... 19 -23
Қорытынды
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... 24
Курстық жұмыстың мақсаты: Бастауыш сыныпта сөз таптарын, сан есімді
меңгерудің оңтайлы жолдарын қарастыру тақырыпты меңгерудің тиімді
тәсілдерін талдау.
Зерттеу міндеттері:
- бастауыш сыныпта қазақ тілін оқытудың мақсатын, тіндетін, оқыту
әдістерін;
- оқытудың жаңа инновациялық технологияларын қолдану жолын;
- оқытудың жаңа технологиясын сан есімді меңгертуде қолдану
тәсілдерін меңгеру.
Зерттеу объектісі: Морфология. Сан есімді оқыту әдістемесі.
Зерттеу пәні: Қазақ тілін оқыту әдістемесі
Зерттеу әдістері: Бастауыш сынып оқулықтарын ғылыми әдістемелі
педагогикалық басылымдарды, әдістемелік нұсқау еңбектерін пайдалану,
талдау, озат тәжірибелі оқыту сабақ өңдеулерін жинап, іріктеу,
салыстыру, ой қорыту әдістері.

морфологиялық тұлғасы, синтаксистік қызметі.
Негізгі сөздер де өзара мағыналары мен формалары жағынан және
қызметтері жағынан бірдей емес, негізгі сөздер өз ерекшеліктеріне қарай
есім сөздер және етістік сөздер бөлім екі топқа бөлінеді.
Көл. күрке, ойын сияқты сөздер мағына жағынан заттып я заттық я
үғымның аттарын білдірсе, үлкен, сұр, жақсы, кең, биік деген сөздер заттың
түр-тұрпаты мен сыр-сипаттарын білдіреді, ал, сегіз, тоғыз, отыз деген
сөздер сандық ұғымдарады білдіреді. Сонымен қатар, бұл сөздердің әр тобының
өзіне ғана тән, бір-біріне ұқсамайтын қосымшалары да бар. Мысалы, алғашқы
үш сөзге -шық, -шік қосыршасын жалғап, оларды кішірейту мағынасында
(көлшік, күркешік, ойыншық) айтуға болады, сол форманы екінші (үлкен, сұр,
жақсы, кең, биік) және үшінші топтағы сөздерге (сегіз, тоғыз, отыз)
жалғап айтуға болмайды. Керісінше, екінші топтағы сөздерге –(і) -рек, -(м)
-рақ, я, -лау, -леу, -тау, -теу қосымшаларын жалғап, шырай категориясын
жасауға болады (үлкенірек, жақсырақ, үлкендеу) сұрлау, жақсылау) ал бірінші
(көл; күрке, ойын) және үшінші (сегіз, тоғыз, отыз) топтағы сөздерге бұл
қосымшалар жалғанбайды. Сондай-ақ үшінші топтағы сөздерге -ыншы, -інші
қосымшасын жалғап, есептік сан есімдерден реттік сан есімдер туғызуға болса
(сегізінші, тоғызыншы, отызыншы), сол форманы басқа топтағы сөздерге
жалғауға болмайды.
Зат есім, сын есім, сан есім; есімдік сөздердің бәріне бірдей,
бәріне ортақ тұлғалық категориялары — көптік, тәуелдік, септік жалғаулары
болғандықтан, олар жинақты түрде есім сөздер я есімдер тобы деп аталады.
Сан есімнің түрлері, жасалу жолдары.
Сан есімдер мағынасына қарай алты түрге бөлінеді: 1) есептік, 2)
реттік, 3) жинақтық, 4) бөлшектік, 5)топтау, 6) болжалдық сан есімдер.
1. Есептік сан есім дегеніміз бір өңкей заттардың, нәрсенің дәл санын
көрсету үшін қолданылатын сандар. Есептік сан есімдер неше? қанша? деген
сұрақтардың біріне жауап береді. Мысалы: он бес оқушы, жиырма мектеп,
мың қой.
Есептік сан есім заттың дәл санын білдіру үшін қолданылатын
болғандықтан, зат есім сөзімен тіркесіп айтылғанда септелмейді,
тәуелденбейді, өзгеріске ұшырамайды. мысалы, бес оқушы, бес оқушының, бес
оқушыға, бес оқушыны, бес оқушыда, бес оқушыдан, бес оқушымен, бір кітабым
бар, бір кітабың бар, бір кітабы бар.
Ал есептік сан есім зат есімге тіркесіп айтылмай, санды белгі ретінде
қолданылса, зат есімнің үлгісімен септеледі Мысалы: бір жүз елуден қырық
бесті кемітсе, бір жүз бе қалады. Жетіні беске көбейтсе, отыз бес болады.
Күрделі сан есімдер бөлек жазылады: қырық алты, бір мың тоғыз жүз. Бір
жүз елу алтыншы, қырық-елу т, б. Цифрмен жазылған сан есімдерге қосымшалар
қықа сызықша (-) арқылы жазылады. Мысалы, ол биыл 45-ке шығады. 60-ты 7-
ге қалдықсыз бөлуге келмейді.
2. Реттік сан есім дегеніміз заттың реттік, қатар санын білдіретін сан
есім сөздер.
Есептік сан есімдерге дауысты дыбыстардан кейін –ншы, -нші, дауыссыз
дыбыстардан кейін -ыншы, -ініл жұрнақтары жалғану арқылы реттік сан есім
жасалады. Мысалы: алтыншы, тоғыз-ыншы, екі-нші, бес-інші,екі жүз он
жетін- ші.
Реттік сан есім тудыратын жұрнақтар күрделі сандардың ең соңғы санына
ғана жалғанады. Мысалы: бір мың тоғыз жүз сексен бесінші жыл.
Жай цифр арқылы таңбаланатын реттік сан есім ме оған жалғас айтылатын
зат есімнің арасына қысқа сызықша (-) қойылып жазылады. Мысалы: 2-бригада
(екінші бригада) 5-класс (бесінші класс).
Рим цифры арқылы таңбаланатын реттік сан есім мен оған жалғаса
айтылатын зат есімнің арасына ешқанда белгі қойылмай жазылады. Мысалы: XIX
ғасыр қазақ әдебиеті. XI класс оқушылары.
Жай цифр арқылы таңбаланған реттік сан есімн соңынан жыл, ай аттары
тіркесіп айтылатын болса да, екі араға ешқандай белгі қойылмай жазылады.
Мысалы: 1993 жылы 29 сәуірде Қазақстан республикасының Мемлекет наградалары
туралы заңы жарияланды.
Жинақтық сан есім. Белгілі нәрселердің дәл сан білдірмей, затпен
тіркесіп айтылмай, бірнеше нәрселер, жалпы есебін топшылап, жинақтап
көрсететін сандық атау жинақтық сан есім деп аталады.
Жинақтық сан есім нешеу? деген сұраққа ғана жауап береді. Өзі тек
жетіге дейін ғана саналады да, есептік сан есімнің үстіне -ау, еу жұрнағы
жалғану арқылы жасалады. Бұл жұрнақтар жалғанғанда, алты, екі, жеті
деген сөздің соңындағы қысаң ы, і дауысты дыбыстары сөздерді айтуда да,
жазылуда да сусып, түсіп қалып отырады. Мысалы: бір-еу, екі-у, -екеу, үш-
еу, төрт-еу, бес-еу, алты-ау, алтау, жеті-еу, -жетеу.
Жинақтық сан есімдер даралап саналатын зат есім сөзінен
кейін айтылып, жалғаусыз күйінде әрқашан да сөйлемнің аяғында келіп,
баяңдауыш қызметінде қолданылады. Мысалы: Біздің мектепте кабинет жетеу.
Әр кабинетте терезе төртеу.
4. Бөлшектік сан есім. Заттардың сан есебі үнемі бүтін сандар арқылы
бола бермейді, кейде бір бүтін нәрсенің белгілі бөлшектерін де есептеледі.
Бір бүтін нәрсенің белгілі бөлшектерін есепке алу үшін қолданылатын
сан есімнің түрін бөлшектік сан есім дейді.
Бөлшектік сан есімдер есептік сан есім сөздеріне септік, тәуелдік
жалғауларының жалғанып тіркесіп айтылуы арқылы жасалады. Оның
жасалуының екі түрлі жолы бар:
а) Бөлшектің бөлімін білдіретін сөз ілік септік тұлғасында тіркесіп
айтылуы арқылы жасалады. Мысалы: төрттің бірі бестің екісі ,
алтының төрті , сегіздің бесі .
ә) Бөлшектің бөлімін білдіретін сөз шығыс септік тұлғасында, алымды
бөлігі жай септеудің атау тұлғасында айылуы арқылы жасалады. Мысалы: бестен
үш , сегізден бір үштен бір , төрттен екі , оннан
алты . Сонымен қатар, бөлшектік сан есімдер жарты, жарым, ширек деген
сияқты дара сөздермен де келе береді.
5. топтау сан есім. Затты даралап, санамай, топ-тобымен санау үшін
қолданытлатын сан есімнің түрі топтау сан есім деп аталады.
Топтау сан есімдер есептік сан есім сөздерінің бір түбірін қайталап
немесе екі түрілі түбірін қосарлап, соңғысын шығыс септік жалғау тұлғасында
қолдану арқылы жасалады да, нешеден? қаншадан? деген сұрақтарға жауап
береді. Мысалы: екі-екіден, төрт- төрттен, он-онбестен, жиырма-отыздан, елу-
алпыстан т.б.
Топтау сан есімдер тұлғалық көрінісі жағынан қос сөз ретінде
қолданылатын болғандықтан, олар сөзбен айтылеа да, цифрмен аталаса да
арасына қысқа сызықша (-) қойылып жазылады. Мысалы: Оқушылар екі-екіден
сапқа тұра қалды. Колоннадағы адамдар 4—4-тен қатар келе жатыр.
6. Болжалдық сан есім. Заттың дәл санын білдірмей сандық шамасын
болжап көрсететін сан есім болжамдық сан есім деп аталады.
Болжалдық сан есім сөздері есептік сан есімдерден мынадай жолдармен
жасалады: а) Есептік сан есім сөздеріне -лаған, -леген, -даған, -деген,
-таған, -теген, -лап, -дап, -деп, -тап, -теп жұрнақтары жалғану арқылы
жасалады, Бұл жұрнақтар көбіне ондық, жүздік, мыңдық сандарға жалғанады.
Мысалы: жиырмалаған, ондаған, елулеген, қырықтаған, жүздеген, мыңдаған,
жиырмалап, елудеп, отыздап, қырықтап. ә) Есептік сан есім сөздеріне көптік
жалғау қосымшасы жалғанып, одан кейін септік жалғауларының бірі жалғану
арқылы да болжалдық сан есім жасалады. Мысалы: жиналыс сағат сегіздерде
басталды. б) Есептік сан есім сөздерін қосарлап қолдану арқылы да болжалдық
сан есім тудыруға болады. Мұндай сандар қос сөз ретінде қысқа сызықша (-)
арқылы жазылады. Мысалы, біздің мекемеде сегіз-тоғыз жүк машинасы бар.
Кейде қосарланып айтылған есептік сан есімнің соңғы сыңарына -лаған,
-даган, -таған, -лап, -дап, -тап жұрнақтары жалғанып та айтылады. Мысалы:
он бес-жиырмалаған, жиырма-отыздаған, отыз қырықтаған, алпыс жетпіетеген.
в) Есептік сан есім сөздерінең көйін шақты, шамалы, қаралы, тарта, таман,
жақын, жуық сияқты сөздердің тіркесіп айтылуы арқылы да болжалдық сан есім
жасалады. Сан есім сөздеріне тіркесіп айтылатын шылау сөздер үнемі бөлек
жазылады.
Сан есім, көбінесе, зат есімнің алдында ешқандай қосымшасыз қабыса
байланысып, дара, күрделі немесе қосарланып тұрып та анықтауыш болады.
Мысалы: 1. Осы күні Абай атындағы бұл университетте шет елдерден 360
қыз бен жігіт оқып жүр (Т. А.). 2. Алпысыншы жылдарда Қазақ жастары
арасында дүрілдеп тараған белгілі әндер — Еспаев пен Қалдаяқовтікті (М. Қ.)
3. Солардың артынан үйге үш-төрт орта жастағы жеңгейлер, аналар көп кірді
(М. Ә) Бұл сөйлемдердегі 360 деген есептік сан есім неше? деген сұраққа
жауап беріп, алпысыншы деген реттік сан есім нешінші? деген сұраққа жауап
беріп, үш-төрт деген болжалды сан есім қанша? деген сұраққа жауап беріп,
өздерінен кейінгі зат есімдерді анықтап тұр.
Топтау сан есім сөйлемнің етістік баяндауышымен немесе етістіктен
болған өзге мүшемен байланысып, көбінесе пысықтауыш мүше болып келеді.
Мысалы: Абай бұл үйге кіргенде, әр столдың айналасында екіден, үштен
отырып, кітапқа үңілген жандарды байқады (М. Ә.). Бұл сөйлемдегі екіден-
үштен деген топтау сан есім қалай? деген сұраққа жауап беріп, пысықтауыш
болып тұр.
Жинақтық сан есімдер зат есімнің алдында келіп, тіркесіп айтылмай, не
зат есімнің соңынан айтылып, не заттық ұғымға айналып, дара қолданылатын
болғандықтан, атау тұлғада еш уақытта анықтауыш болмайды. Зат есім сөзінен
кейін айтылып, сөйлемнің соңында келсе, баяндауыш болады да, заттық ұғымға
айналып дара айтылса, атау тұлғада тұрып бастауыш болады. Мысалы: Алтау ала
болса, ауыздағы кетеді, төртеу түгел болса, төбедегі келеді (Мақал.). Бұл
сөйлемдердегі алтау, төртеу деген жинқтық сан есім сөздері атау тұлғада
заттық ұғымда дара айтылып, бастауыш болып тұр. Сан есімнің көптік,
тәуелдік, септік жалғауда қолданылған түрлері сөйлемде орнына, тұлғасына
қарай бастауыш та, анықтауыш та, толықтауыш та, пысықтауыш та болады,
жіктелген түрлері баяндауыш та болады. Мысалы: 1. Аларманға алтау аз,
берерменге бесеу көп (М. М.). 2. Сонда мен ойлап-ойлап қырыққа тоқтағам (Ғ.
М.). 3. Жалғыздың шаңы шықпас (М. М.). 4. Ат баспаймын деген жерін үш
басады (М. М.). 5. Семіздің аяғы сегіз (М. М.) Бұл сөйлемдердегі алтау,
бесеу деген жинақты сан есімдер атау тұлғада келіп бастауыш, қырыққа дегене
септік сан есім барыс септігінде келіп толықтауыш, жалғыздың деген сан есім
ілік септікте келіп анықтауыш үш деген есептік сан есім атау тұлғада
пысықтауыш, сегіз деген есептік сан есім сөйлемнің соңында келіп баяндауыш
болып тұр.
Сан есімнің орфографиялық емлесінің мына секілді түрлері бар:
1. Цифрмен жазылған сан есімдерге қосымшалар қысқа сызықшамен (-)
жазылады. Мысалы: 2-ге, 10-да, 4-тен, 50-мен т. б., 2. Күрделі сан
есімнің құрамындағы сандар бөлек жазылады. Мысалы: бір мың тоғыз жүз отыз
төрт, бес жүз отыз бір т. б. 3. Реттік сан есім мен зат есім тіркесіп
келгенде реттік сан есім цифрмен жазылса, зат есімнің алдынан қысқа сызықша
(-) қойылады. Мысалы: 5-мектеп, 12-мектеп, 23-ауыл т. б. 4. Есептік сан
есім мен зат есім тіркескенде, олар бөлек жазылады. Мысалы: он кітап, 20
дәптер, 5 қарындаш. 5. Рим цифрымен жазылған сан есімнен кейін және жылдың,
айдың, күннің ретін білдіретін сын есімнен кейін қысқа сызықша (-)
қойылмайды. Мысалы: ІҮ класс, Ү курс, I жарты жылдық, 22 наурыз 1989 жыл.
6. Цифрмен жазылған есімдерден кейін -даған, -деген, -лаған, -леген,
-таған, қысқа сызықша арқылы жазылады. Мысалы: 10-даған, 20-лаған, 40-
таған. 7. Цифрмен жазьшған сан есімдерден кейін көптік, септік тәуелдік
және жіктік жалғаулары қысқа сызықша (-) арқылы жазылады. Мысалы: 20-лар,
10-ға, 40-ы, 50-міз т. б. 8. Қосарланып жазылған сан есімдердің арасына
қыска сызықша (-) қойылады: Жиырма -отыз, сексен, -тоқсан, он-он бес т.
б. 9. Есептік сан есім мен мөлшер, шаманы білдіретін сөздер тіркесіп
келгенде, бұлар бір-бірінен ешқандай шартты белгісіз бөлек жазылады.
Мысалы: жүзден аса, қырық шамалы, елу шақты, жүз қаралы, мыңға таяу, оңға
тарта, алпысқа жақын т. б. 10. Бөлшектік сан есімдердің құрамындағы сандар
бөлек жазылады. Мысалы: оннан бес, жүздің бірі, мыңнан бірі, екі бүтін
оннан үш, бір жарым, екі ширек т. б.
1.2. Негізгі сыныптарда қазақ тілін оқыту әдістері.
Әдіс - А. Байтұрсыновтың сөзімен айтқанда, кезекшіліктен шығатын нәрсе
- әдістің жақсы, жаман болғаны жұмсалатын орнының керек қылуына қарай.
Көрнекті педагогтер анықтаған оқыту әдістері күні бүгінге дейін
қолданылып келеді. Өзгерсе, атаулары ғана жаңарып өзгерген болар, мазмұны
жағынан педагогикаға бұрыннан белгілі болған әдістер қалды. Мұғалім мен
оқушылардың тәжірибесінде әбден қалыпқа түскен, сыннан өткен әдістер
мыналар: 1) мұғалімнің баяндау не түсіндіру әдісі; 2) әңгіме әдісі; 3)
көрнекілік әдісі; 4) кітапты пайдалану әдісі; 5) жаттығу әдісі; 6) байқау
әдісі; 7) грамматикалық талдау әдісі т. б.
Әдіс дегенді тек оқушымен ғана байланысты түсінбей, оның басты мазмұны
ғылыми ізденістің өзіндік бір жолы екендігін танып, педагог ғалымдар
дидактикадағы тиімді әдістерді саралап көрсетті. Мысалы,
В. Оконь оқыту әдістерін былайша жіктейді:
1) репродуктивті сипатқа бағытталған танымдық қызметті қамтамасыз
ететін әдістер тобы;
2) оқушылардың өз бетімен білім іздену әдістер тобы, яғни проблемалық
әдістер, олар проблеманы шешу барысында оқушылардың шығармашылық
қабілеттерін ұштауға багытталады;
3) оқушылардың көркем-эмоцириалдық белсенділгін дамытатын әдістер
тобы;
4) оқушылардың меңгерген білімдерін өздері қоршаған ортаны тани түсуге
қарай бағыттайтын практикалық әдістер тобы;
Оқыту әдістерінің бұл түрлері бір-бірімен тығыз бірлікте қаралады.
Оқыту процесінде олар бір-бірімен сабақтасып келіп отырады, сондықтан да
кейде олардың бір түрін екінші түрінен беліп алып қарауға болмайды.
Мәселен, байқау әдісі тілдік материалды мұғалім түсіндіргенде де,
жаттығулар орындатқанда да, тағы басқа әдістерді қолданғанда, қатарласып,
қабысып отырады.
Енді қазақ тілі грамматикасынан оқушыларға білім мен дағды беруді
қамтамасыз ететін жоғарыда аталған оқыту әдістерінің әрқайсысына X. Арғынов
еңбегін (Қазақ тілі синтаксисін оқыту методикасы) негізге ала отырып
біразы педагогикаға ежелден аян. Солай бола тұрса да, мұғалімдердің
арасынан оқыту әдістерін жете білмейтін, әдісті тәсілмен шатастыратын,
логикалық әдістерді оқыту әдістері деп түсінетіндер жиі кездеседі. Сол
себепті де оқыту әдістеріне арнайы тоқталған артық емес сияқты.
Оқушыларға қазақ тілі грамматикасынан сапалы білім беруді қамтамасыз ететін
оқыту әдістерінің ең негізгілерінің бірі - байқау әдісі. Мұның мәні
бұрынғыға қарағанда қазір мектептің өмірімен байланысын нығайту,
оқушылардың белсенділігін арттыру талап етілген кезде күшейе түсті.
Грамматиканы оқытқанда, байқау әдісі жақсы нәтиже беру үшін, мұғалім
оқушыларды байқауға дайындауы керек. Оқушыларды байқауға дайындау жұмысы
мына меселелерді қамтиды:
1) оқушылардың байқайтын нәрсесін аңғара алу үшін, оның өткен
материалдардан теориялық білімінің болуы;
2) кейде байқайтынына қатысы бар кейбір деректерді алдын ала білдіру;
3) нені, не үшін байқау керектігін алдын ала ескерту. Сондықтан да
мұғалім оқытудың байқау әдісіне қойылатын мына талаптарды білуге тиіс.
1. Оқушылардың нені байқайтынын дұрыстап түсіндіру. Мәселен, мұғалім
тақтаға меңгеріле байланысатын сөз тіркестеріне мысалдар жазғанда,
меңгерудің қандай формада келетінін байқап отыр деп тапсырма береді. Немесе
сонын көрнекі құралын тақтаға ілгенле, қызылмен
2. Байқағанда, оқушы назары алдымеп не нәрсеге, сонан кейін қайсысына
аударылатынын айту, яғни байқаудың жоспары мен жүйесін үйрету.
3. Байқаудың мақсатын және оның пайдасьш таныту. Мәселен, сөз
тіркестерін жазуда да, сөйлеуде де дұрыс қолдана білу үшіи, оның мағынасы
мен формаларын біліп
4. Байқалғандарынан ненің басты, ненің қосымша фактор екенін аңғару.
5. Байқалған фактілерінің негізінде дұрыс ой қорытындысын шығару.
6. Ой қорытындысының дұрыстығын байқаған фактілерімен дәлелдеп беру.
Байқау аз уақыттық та, көп уақыттық та болып келеді. Аз уақыттық
байқау сабақтың әр кезеңінде бола береді. Ал көп уақыттық байқау тіл
сабағында қазір онша көп орын алмайды.
Қазақ тілі грамматикасынан білім беруде ең тиімді байқау - аз уақыттық
байқау.
Байқаудың тым ұзаққа созылғаны (3-4 сағатта бір ғана объектіні байқау)
оқушыларды жалықтырады. Соның салдарынан басқа сабақтарда олардың байқауга
ықыласы болмайды. Сондықтан да грамматиканы оқытқанда, аз уақыттық байқау
әдісі тиімді.
Өз бетімен ізденіп білім алу әдістеріне мына әдістер жатқызылады:
1) дәстүрлі проблемалық әдіс;
2) кездейсоқтық әдіс;
3) ситуациялық әдіс;
4) оқушылардың сабақ бере білу әдісі;
5) дидактикалық ойын әдісі;
6) эвристикалық әдіс;
Дәстүрлі проблемалық әдістің құрылымы мынадай үлгіде келеді:
1) мұғалімнің проблемалық ситуация жасауы;
2) проблеманы жүйелеп таныстыру және оның шешімінің болжамын ұсынуы;
3) шешімнің болжамдарын тексеріп көруі;
4) алынған шешімдер мен нәтижелерді бір жүйеге түсіріп, оларды қолдану
жолдарын анықтау.
Кездейсоқтық әдістің ерешелігі сонда - оқушыларға белгілі бір
мазмұндағы мәлімет беріліп, соның себебін анықтау тапсырылады. Себебін
анықтау барысында оқушыларда қандай да бір сұрақтар туындайды. Ал мұғалім
сол сұрақтарға жауап беруі тиіс болады. Мұғалім мен оқушылардың бірлескен
қызметі барысында, сабақтың тақырыбында кездейсоқтық, яғни белгілі бір
нәтиженің шығу көзі іздестіріліп, басты ойлар анықталады. Шешімі бірнешеу
болуы мүмкін, бірақ оқушылардың өзара талқылауы мен келісімі нәтижесінде
соның біреуі қабылданады. Бұл жерде окушылардың танымдық белсенділігі ғана
рөл атқармайды, сонымен бірге мұғалімнің де қатысуының үлкен мәні бар.
Оқушылардың жинақталған сұрақтарына мұғалім жауап беріп отырады, соның
нәтижесінде ақиқатты тануға ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz