Шошқаларды топтық станоктарда ұстау



Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 23 бет
Таңдаулыға:   
Кіріспе
Қазақстан Республикасында нарықтық экономика қалыптасқан жағдайда
еліміздің егемендігін қамтамасыз етудің басты мәселелерінің бірі -
жеткілікті азық -түлік қорын құру болып табылады. Осы аса маңызды бағытқа
негізгі күш-жігерді шоғырландыру қазіргі кезеңнің бірінші дәрежелі міндеті
болып саналады.
Республикада азық – түлік проблемасын шешуде шошқа шаруашылығының
алатын орны ерекше. Бұл еліміздің ет қорын жедел түрде толықтыруға
мүмкіндік беретін мал шаруашылығының айрықша саласы.
Қазіргі кезеңде Қазақстанда өндірілетін барлық еттің 13 пайызы шошқа
етінің үлесіне тиеді, ал Тәуелсіз Мемлекеттер Достығында (ТМД) - 50 пайызға
дейін жетеді.
Шошқа еті мен майының жоғарғы тағамдық қасиеттері дүние жүзінің
көптеген елдерінде оны пайдаланудың артуына басты себеп болып отыр.
Сонымен, қорыта келгенде өзінің жоғары өсімталдылығы, құрсақта даму
кезеңінің қысқа болуы, тез жетілгіштігі, азықты өнімімен өтеу қабілетінің
жоғарлығы мен сойыс өнімдерінің жоғарғы шығымдылығы сияқты құнды
биологиялық ерекшеліктері шошқа шаруашылығын дүние жүзінде халықты етпен
қамтамасыз ету проблемасын шешуде алдыңғы қатарға шығарды.
Бұл курстық жұмыста шошқаны жасына әрі жынысына байланысты күтіп-
бағуда, тиімді ұстау жуйелеріне, азықтандыру мен суаруда, оларға арналған
қоражайларға қойылатын азықтану талаптар және шошқаның денсаулығын нығайту
мақсатында жүргізілетін ветеринариялық -санитариялық шараларды іс жүзінде
ұйымдастыру мен енгізу жолдарының маңызы көрсетілген.
Мал шаруашылығының дамуы үш факторға негізделеді. Оның біріншісі – мал
басының тұқымдық қасиеттері, яғни генотипі; екіншісі – сол генотиптік
қасиеттердің айқындалуына ең күшті әсер ететін сыртқы орта, яғни фенотиптік
фактор болып табылатын қоректендіру мөлшері мен сапасы; үшіншісі – бағып-
күту жағдайлары. Осылардың ішінде малдың жеке басының өсіп-жетілуі мен
дамуына, яғни онтогенезі мен өнімділігіне қоректендіру факторларының ықпалы
басым. Сондықтан мал басын сақтап, сапалы, мал өнім өндіру үшін
азықтандыруды, яғни қоректенуін ұйымдастыруды ғылыми негізделген түрде
жүргізу қажеттігі айқындалады.
Мал мен құс басының қоректенуін ғылыми түрде ұйымдастырып,
шарушылықтағы жемшөп қорын физиологиялық тұрғыдан үнемді де ұтымды, ал
экономикалық тұрғыдан тиімді жұмсауды ғылыми тұрғыдан мал азықтандыру пәні
негіздейді.
Білімді маман қолдағы мал мен құсты өсіру мақсатына, яғни олардан
өндірілетін өнім бағытына сәйкестендіре азықтандыру арқылы ас қорыту жүйесі
мен зат алмасу ерекшелігін қалыптастырып, организмдегі морфофункционалдық
өзгерістерді қажетті өнім түзуге бағыттай алады.

2.1. Шошқаларды ұстаудың жүйелері
Шошқаның биологиялық ерекшеліктері (азық талғамауы, көп төлділігі, тез
жетілуі, салыстырмалы түрде стреске жоғары сезімталдылығы және т.б.)
олардың ауруларына қарсы шаралар белгілеуде негізгі факторлары болып
саналады.
Шошқа етін өндірудің қазіргі технологиясы өндіріс цехтарынан тұратын
конвейердің болуын қажет етеді. Атап айтқанда, онда мына цехтар
қарастырылуы керек: торайлау цехы (онда мегежіндер торайлап, торайлары
35—65 күнге дейін өсіріледі); енесінен ажыраған торайлар цехы (бұл цехқа
торайлар торайлау цехынан ауыстырылып 4 айлығына дейін өсіріледі); бұдан
кейін жас шошқалар өсіру немесе бордақылау цехтарына жіберіледі. Мегежіндер
торайларын ажыратқаннан кейін бойдақ мегежіндер цехына, ал ұрықтанғаннан
кейін олар буаз мегежіндер цехына ауыстырылады (одан қайтадан торайлау
цехына оралады).
Шошқа етін өндіру технологиясында өсірудің 1,2 және 3 фазалы әдістсрі
қолданылады.
• бір фазалы әдісте торайларды олар торайланған станоктарда өсіріп,
бордақылайды;
• екі фазалы әдісте торайларды торайлау цехынан, енесінен ажыраған
торайлар цехына ауыстырып, сол жерде бордақылайды;
• үш фазалы әдісте торайларды үш жерден өткізеді: торайлау, өсіру және
бордақылау.
Барлық әдістерде мегежіндерді торайларынан айырған соң ұрықтандыру
цехына ауыстырады.
Шошқа шаруашылықтарында оларды ұстаудың екі түрін қолданады: серуенге
шығарып және серуенге шығармай. Серуендетіп бағудың өзі 2 түрлі
варианттарға бөлінеді: уақтылы серуендету және өз еркімен серуендеу.
Уақтылы серуендету жүйесінде шошқаны жекеленген немесе топтық
станоктарда ұстап уақтылы оларды серуендету алаңына шығарып тұрады.
Жекеленген станоктарда қабандарды, мегежіндерді және туған мегежіндерді
торайларымен бірге ұстайды. Топтық станоктарда қысыр мегежіндер, буаздығы 3
айға дейінгі ұрғашы шошқалар, енесінен ажыратылған торайлар, асырауға
арналған қабандар мен мегежіндер ұсталады. Серуендеу уақытында станокты
ашып шошқаларды серуендеу алаңына шығарады. Өз еркімен серуен ету жүйесінде
шошқалар (бойдақ мегежіндер, буаздығы 3 айға дейінгі мегежіндер, енесінен
ажыраған торайлар, асырауға қалдырылған төл, бордақы бастар) топтық
станоктарда ұсталып серуенге өз еркімен кіріп-шығып тұрады (1-сурет). Ол
үшін қораның ұзын қабырғасынан шығатын тесік жасайды. Шошқаларды
станоктарда, мал өтетін жерлерде, азықтандыратын жерде немесе серуендеу
алаңдарында азықтандырады. Шошқаны өсірудің серуендік әдісінде оларды
әркелкі орналастырады. Павильонды құрылыстарда оларды станоктарда (топтық
немесе жеке), еденде немесе көп торлы батареяларда немесе тұрақты
құрастырылған контейнерлерде; көпесікті ғимараттарда - едендегі
станоктарда, торлы батареяларда және жылжымалы контейнерлерде ұсталады.
Серуендеу алаңының көлемі шошқаның басына байланысты.
Серуендеу алаңының мөлшері әрбір басқа есептегенде: ұрықтандырғыш
қабандарға - 10 м2, мегежіндерге 5—10 м2, ажыратылған торайларға - 0,8 м2,
мал басын толықтыруға арналған торай-ларға 1,5 м2.Серуендеу алаңдарын
бетонмен жауып, қоршайды. Оңтүстік аймақтарда серуендеу жағдайында ұстау
бүкіл жыл бойына, ал қалған аймақтарда жылы мезгілде қолданады. Қыс
мезгілінде күн жылы болғанда шығарып отырады.

1-сурет. Шошқаларды өз еркімен серуендетіп ұстау
Серуендеу жүйесі шошқалардың денсаулығы мен өнімділігіне оң әсер етеді.
Бұл кезде оған моцион, күн радиациясы және басқа факторлар әсер етеді.
Серуенсіз жүйені бордақылайтын малдарға қолданады. Оларды топтық
станоктарда 15—30 бастан ұстайды. Ірі өндірістерде серуенсіз жүйені барлық
жастағы малдарға қолданады.
Біздің республикамыздың қазіргі жағдайында, негізінен ұсақ жекеше
шаруашылықтар мен жеке үйлерде шошқаларды ұстаудың серуснсіз жүйесі
қолданылады, шошқалар жыл бойы қорада ұсталынады. Бұндай жүйе өндірістің
интенсивті жағдайына негізделген (мегежіндер жылына 2,2—2,3 рет торайлайды,
торайлар 7-7,5 айында өткізіледі), жануарларға техникалық құралдардың
көмегімен олардың дұрыс дамуына қажетті физиологиялық талаптарын
қанағаттандыратын орта жасалады. Сонымен өндірістің концентрациясы мен
ғылыми-техникалық прогрестің дамуы шошқаларды ұстаудың серуенсіз жүйесінің
болашақта кеңінен таралуына мүмкіндік туғызады.
Серуенсіз жүйеде шошқаларды төсеніште немесе көпярусты торлы
батареяларда немесе жылжымалы алаңдарда ұстайды.

2.2. Шошқаларға арналған қоралар және оларға қойылатын талаптар
Шошқа шаруашылықтарында әрбір өндірістік топтың жануарларын жеке
қораларда орналастырады. Осыны ескере

2-сурет. Шошқаға арналған станоктар
1-мегежін жататын орын; 2 және 3-торайларға арналған жылытылатын және
жылытылмайтын орын; 4-инфрақызыл сәулелендіргіш; 5- мегежінге арналған
астау; 6-торайларға арналған астау; 7-ішектеуші доға; 8-серуендейтін
азықтық алаң.

Мегежіндерді және еметін торайларды өсіретін станоктардың көлемі
1-кесте

Көрсеткіштер СОСФ-35 ОСМ-60 ОСМ-120
Станоктардың габаритті
молшері, м:
ұзындығы 2,1 3,1 3
Ені 1,75 2,05 2,55
Биіктігі 1,2 1,1 1,08
Станоктың ауданы, м2 3,68 6,35 7,65

Бұндай шаруашылықтарда қабандарға, бойдақ және ұрықтанған мегежіндерге,
буаз мегежіндерге, бордақылауға арналған және карантиндік қоралар салынады.
Барлық қорада топтап ұстауға арналған екі немесе төрт қатарлы орналасқан
станоктар болады.
Станоктардың түрі мен конструкциясы шошқаларды күтіп-ұстаудың түріне
байланысты болады. Азықтандыру талаптарна сай келетін станок үш бөліктен
түрады: мегежіндерді ұстайтын (жылжытпай) - ортасында, дем алатын және
торайларды азықтандыратын - шеттерінде. Бокстың алдыңғы қабырғасында
мегежінге азық беруге арналған науашық болады. Бокстың ішінде торайларды
азықтандыру үшін науашықтар шеткі жаққа асылған: үш бөлікті науа - құрғақ
азық үшін (шеткі қабырғасында) және төңкерілетін науа - сұйық азыққа
арналған. Станокта нипельді (емізікті) және табақшалы автосуарғыш бар.
Боксты келесі торайлатуға дайындағанда оны тазалайды, дезинфекциялайды,
желдетеді, құрғатады және жылытады.

Әр түрлі жастағы шошқаларға арналған топтық станоктың көлемі, м2
2-кесте
Мал топтары Тауарлы Асыл тұқымды
шаруашылықтарда фермаларда

Тексерілетін шошқалар және 2,5 2,5
күйіттеуіштер

Қысыр, буаздық мерзімі аз және
буаздықтың бірінші 1,9 2,0
жартысындағы мегежіндер
0,35 0,4
Енесінен ажыратылған торайлар

Сонымен қатар шаруашылықта шошқа басы көп болған жағдайда енесінен
ажыраған торайларды және өсіруге арналған жас шошқаларды ұстауға арналған
қоражайлар болады. Оларда малды топтап ұстауға арналған 2 немесе 4 қатарлы
орналасқан станоктарда (әрқайсысының сыйымдылығы 25-30 бас) (3-сурет)
ұстайды.
Шошқаларды өз еркімен серуендетіп ұстауға арналған қораларды климаты
жұмсақ (оңтүстік) аймақтарда салады. Олардың күн шуақ ұзына бойы жағынан
серуендету алаңы орналастырылып, қораның қабырғасымен шошқалар өздері
кіріп-шығып жеретін тесіктер қалдырады. Тесіктердің саны мен көлемі
шошқаның жасына байланысты болады. Бір осындай тесікке келетін шошқа саны
енесінен ажыратылған және өсіруге арналған жас торайлар үшін — 30 бас;
ересек шошқалар үшін - 20 бас; бордақыдағы шошқалар үшін — 30—50 бас. Шығу
тесігінің көлемі (ұзындығы және биіктігі): енесінен ажыратылған торайларға
0,3x0,4 м; өсіруге арналған және бордақыдағы жас торайларға — 0,5x0,8 м;
ересек шошқаларға — 0,6x0,9 м. Шығу орнын жасағанда оның асты босағасыз
еденнің бетімен бірдей етіп жасайды және табалдырық орналастырады. Шығу
орнын теңселмелі топсасы бар есіктермен қамтамасыз етеді.
Станоктың көлемімен бірге (3.2.1. және 3.2.2. кестелер) шошқаны
азықтандыру жабдықтарының әр басқа арналған ұзындығының да үлкен маңызы
бар, әсіресе жануарларды топтап ұстаған кезде. Азықтандыру орны жетпесе
шошқалар арасында талас туып күштісі әлсізін науадан ығыстырады.
Станоктардың еденін негізінде құрама етіп жасайды: қи алаңын торлы, ал
дем алатын орынды тегіс. Шошқалар тәуліктің көп уақытын жатып өткізетінін
ескеріп (шамамен 20 сағаттай), әр уақытта еденді жылы ұстайды, әсіресе
оларды төсенішсіз ұстағанда (ол үшін еденді жылы етіп жасайды немесе
арнайы жылыту көздерін пайдаланады).
Шошқалардың серуендеу алаңының көлемі шамамен әр басқа 8—10 м2 болу
керек.
3-сурет. Шошқаларды топтық станоктарда ұстау
2.3. Әртүрлі жастағы шошқа кораларындағы колайлы микроклимат
көрсеткіштері
3-кесте
Қысыр, Қабандар Буаздығы
Көрсеткіштер жаңадан ауыр
буаз мегежіндер
мегежіндер

Қысыр, жаңадан буаз мегежіндер
үшін 35 45 60
Қабандар үшін 45 60 70
Буаздығы ауыр мегежіндер үшін 85 50 70
Емізетін мегежіндер және
торайлар үшін 50 60 75
Енесінен ажыратылған торайлар
үшін 35 45 60
Өсіруге арналган төлдер үшін 45 55 65
Бордақыдағы малдар үшін 35 45 60

Шошқа шаруашылықтарында жануарларды болектеп ұстайтын болғандықтан
қораларда малдың жасын, физиологиялық жағдайын және өнімділігін ескере
отырып қалыпты микроклимат параметрлерін сақтауды талап етеді.
Шошқа қораларының микроклиматын оптимальды ету оларды аурулардан
сақтаудың негізгі жолы болып табылады. (3-және 4-кестелер).
Қоршаған ортаның температурасының кұбылмалы болуы (жоғары немесе төмен)
шошқаларлың денсаулығын және өнімділігін төмендетіп, азықтың шығындалуын
көбейтіп оларды ауруға шалдықтырады.
Аналық басқа арналған қорада 2 тұрлі температуралық тәртіпті орнатады:
емізілетін торайлар үшін, екіншісі - мегежіндер үшін. Емізілетін торайлар
үшін (жасына байланысты) температура — 22-30°С аралығында, ал мегежіндер
үшін — 16-18°С арасында болу керек. Температураның бұдан жоғары болуы
мегежіндердің сүттілігіне кері әсерін тигізеді (сүті азаяды). Ал төменгі
температура жаңа туған торайлардың дене қызуын төмендетіп, әлсіретеді, сүт
емуі азайып, оларды ауруға шалдықтырады немесе өлімге ұшыратады.
Торайлар жататын орынды жылытудың ең тиімдісі сәуле жылуын (инфрақызыл
шамдары) әрі жылытылатын еденді пайдалану. Жылытылатын еденнің ауданы
1,0—1,5 м2 (бір станокқа), ал оның беткі жағының температурасы 30°С
біртіндеп ажыратылғанга деиін 22°С дейін түсіріледі.
Жаздық кезеңде жоғары температура әсіресе қоңды малдарда жылу стресін
тудырады. Жылу стресі мегежіндердің жұмыртқа клеткаларының ұрықтанғаннан
кейінгі өміршендігін азайтады. Жылы кезеңде шошқа қора ауасының
температурасынан көп болғанда 5°С жоғары аспауы керек.
Ауаның ылғалдылығының 75—95 пайызға дейін өзгеруі шошқалардың
арасындағы өлім-жітімді көбейтеді. Жоғары ылғалдылық және төмснгі
температура шошқаларға суық тиюдің негізгі себебі болады. Бұл жағдай
шошқалардың зардапты ауруларға деген резистенттілігін төмендетеді. Ауа
ылғалдылығы шошқаларды сүйық азықпен азықтандырғанда және қиды, суды
пайдаланып тазалағанда ұлғаяды.
Шошқалардың стресс жағдайы қора ауасында зиянды газдардың, шаңның және
микроорганизмдердің концентрациясы ұлғайғанда пайда болады. Егер шошқа
қораларында аммиак концентрациясы (33-36 мгм3) жоғары болатын болса,
бордақыдағы шошқаның орташа тәуліктік салмағының өсуі 7,7-10,2 пайызға
дейін төмендейді.
Оптимальды жарықтылық зат алмасудың және эндокринді бездердің
функциясының қызметін жақсартады. Организм резистенттілігін, жыныстық
белсенділікті және төлділікті арттырады.
Шошқа қораларының жеткіліксіз жарықтылығы торайлардың тірі салмағының
өсуін (7—10 %) азайтады, ауру (9-10 %) көбейеді.
Бордақыланатын шошқаларды төмен жарықтылық жағдайына соярдан бұрын 70-
80 тәулік ерте ауыстырады. Бұл кезде жас төлдерді өсіру жағдайымен
салыстырғанда жарықтылық 2 есе төмендейді.
Шошқалардың денсаулығы мен өнімділігі микроклиматтың барлық
көрсеткіштерінің жалпы әсеріне көп байланысты.
Қолайсыз микроклимат жағдайында шошқалардың резистенттілігі және салмақ
өсуі (9—28 %) төмендейді. Азық шығыны (12—30 %) жоғарылайды.
Шошқа басқа малдарға қарағанда, тек жемі мол шаруашылықта ғана
өсіріледі.
Шошқа азықтың барлық түрін жейді, олар әсіресе жем, жануар тектес,
сонымен қатар шырынды азықтарды жақсы жейді де клетчаткасы мол ірі
азықтарды көп керек етпейді.
Азық қорына байланысты шошқаларды азықтандырудың үш типі пайдаланады:
жемді – картопты, жемді – тамыр –түйнек жемістілер, жемді.
Рацион құрылымын құрғанда әр азық пен негізгі азықтық топтың (ірі
шырынды және құнарлы) мөлшері мен арақатынасы мал түрінің, жасының,
жынысының, өнімдік бағытының, физиологиялықахуалының ас қорыту
физиологиясына сәйкестендірілуі керек.
Рацион құрамына кіретін азық топтарының оның жалпы қоректілігіне
пайыздық қатынас рацион құрылымын айғақтайды. Рацион құрылымындағы басым
азық тобы не жекелеген азық мал азықтандыру типін белгілейді. Қабандарға
сұйық азық беруге тыйым салынды, себебі сулы азық бұлшық еттерге судың
жиналуына жағдай жасайды және қаңқа бұлшық еттердің жұмысы әлсірейді.
Жазда қабандардың күнделікті рационына 2-3 кг балауса азықтар, қыста
осындай мөлшерде шырынды азықтар енгізеді. Қабандарды шағылыстыруға
азықтандырғаннан 1-2 сағат өткен соң барып жібереді.
Шошқаға берілетін жемшөпті алдын ала өңдеуден өткізіп, ірі тамыр
жемістілерді дәнді азықтарды, күнжараны ұнтақтап, картопты буландырып,
пісіреді. Шошқаға жегізілетін ірі жемшөпті булап немесе ұнтақтап,
ашытқылаған жөн. Көк шөптің өзін турап, басқа жеммен араластырып берген
дұрыс. Азықтандыруда жұмсалатын жалпы қоректілігі бойынша басым жемшөп
түріне байланысты шошқаның жемді, жемді-картопты, жемді-тамыр жемісті
азықтандыру типтерін ажыратады.
Азық көмірсулары шошқа организміне қажетті энергия жеткізумен қатар
оның денесінде май байлауға қатысады.

2.4. Қабандарды азықтандыру
Қабандарға арналған қоралар максимальды сыйымдылығы 100 бастан көп емес
есебінде салынса, әдетте қолдан ұрықтандыру пунктімен бірге тұрғызылады.
Бұл ғимараттарда келесі бөлмелер қарастырылады: станоктар тұрған бөлме,
тесеніш пен құрал-сайманға арналған бөлме, қызметкерлерге арналған бөлме.
Әрбір жеке тұрған шошқа қорасында дәретхана мен қол жуатын жер қарастырылуы
қажет.
Ұрықтандырғыш қабандар жеке станоктарда ұсталады, оның ауданы 7 м2,
(тереңдігі 2,5—2,8 м, қоршау биіктігі 1,4 м). Тексерілетін және күйіттеуші
қабандар топпен, әр станокта 5 бастан орналастырылады. Топтық станоктың
әрбір басқа арналған ауданы 2 м2 (тереңдігі 3,5 м, қоршау биіктігі 1м).
Қабандарды азықтандыру үшін топтық немесе жеке станоктарда азықтандыратын
және суаратын ыдыстары болады.
Құрғақ азыққа арналған ыдыстың ені 50 см, биіктігі 20 см, бір басқа
арналған азықтану орнының мөлшері 45 см.
Бір басқа қолданылатын су мөлшері тәулігіне 25 л: соның ішінде малды
суаруға - 10 л, ыдысты жуып, орнын тазалауға -7,5 л, қалған су азықты
дайындауға және құрал-саймандарды жуға қолданылады. Ересек жануарларға
арналған су температурасы жылдың суық мезгілінде 10-16 С болуы керек, жылы
маусымда реттелінбейді.
Қабандарды пайдалану тәртібін оның жасына, қонды-лығына, түріне және
өзіндік ерекшеліктерін ескере отырып бекітеді. Асыл тұқымдық
шаруашылықтарда жас қабандарды шағылысуға 11-12 айында (тірі салмағы 160-
180 кг), ал тауарлы шаруашылықтарда — 11 айында (тірі салмағы 130 — 150
кг) жібереді. Қабандарды ерте пайдалану олардың өсімталдығын
төмендетіп, ұрық алу азаяды.
Ірі шаруашылықтарда қабандарды интенсивті пайдалану 2,5-3 жылға дейін
созылады. Интенсивті режимде пайдалану кезінде 12—18 айлық қабандарға айына
7—12 рет ұрықтандыруға рұқсат етіледі. Ал шектеулі түрде пайдаланғанда — 6
рет; 18—24 айлығында сәйкесінше 9—16 және 8; 24—36 айлығында - 11 - 12 және
10; 3 жастан жоғары — 13—24 және 12. Қолдан ұрықтандыру кезінде қабандарды
пайдалану интснсивтілігі артады. Табиғи шағылысу кезінде бір қабан 40
аналыққа дейін ұрықтандырса, ал қолдан ұрықтандырғанда оның қабілеті 400
басқа жетеді.
Ұрықтандыру үшін пайдаланатын қабандарды жұқпалы аурулары жоқ
шаруашылықтардан алады (туберкулезден, бруцеллезден, лептоспироздан
міндетті түрде таза болу керек).
Күнделікті активті моцион (ұзақтығы 1,5—2 сағат, қашықтығы 2-3 км),
қабандарды май басудан сақтап, жыныстық белсенділікті және шүйе сапасын
жоғарылатады.
Жан-жақты азықтандыру шәует сапасын арттырады. Қабандардың азықтық жәнс
биологиялық активті заттарға мүқтаждығы тірідей салмағы мен жыныстық
жүктемесіне байланысты болады. Ересек қабанның 100 кг тірідей салмағына 1,5
азықтық бірлік; жас қабандарға (2 жасқа дейін) - 2 азықтық бірлік қажет. 1
азықтық бірлікке: қорытылатын протеин -120 г, лизин - 7 г, метионин ,
цистин - 5 г, Са - 7 г, Р-6 г, ас тұзы- 5 г, каротин -10 мг, В, витамині -
2 мг, В2витамині-5мг; В - 18 мг келеді.
Қабандарға арналған рацион әртүрлі азықтардан құралуы тиіс. Рацион
құрамында құрамды жем азықтар 70—80 %, шырынды азықтар -10-15%, шоп ұны 3-5
%, жануар текті азықтар - 6-8 % болуы керек. Сүйық азықтар қабандарға
берілмейді. Қабанды мегежінге азықтандырған соң 1—2 сағаттан кейін қосады.
Қабан бір шағылысқан кезде 400-500 мл шәует бөледі. Шәует бөлу кезінде
жалпы зат алмасу ұлғайып, энергия пайдалану артады, биологиялық жан-жақты
протеиндерге, витаминдерге, макро және микроэлементтерге қажеттілігі
артады. Егер осы заттар қабан азығында жеткіліксіз болса олар шағылысуға
нашар барады, шүйе бөлу азаяды. Шәуеттің өміршендігі және ұрықтандыру
қабілеті төмендейді.
Қабандардың ерте жарамсыз болуының (аяқ аурулары, импотенция, шүйе
патологиясы және т.б.) негізгі себептеріне моционның жеткіліксіздігі,
жануарларды топтап ұстау және оларды еденде ұстау болып табылады. Сондықтан
қабандарды күнделікті серуендету қажет. Ықтиярсыз малды жүргізу үшін
тренажерлер пайдаланылады.
Әрбір ұрықтандырушы қабанның ветеринариялық төл құжаты болуы керек.
Оған барлық зерттеулердің нәтижелері және профилактикалық мақсатта
жүргізілген жұмыстар жазылады.

2.5. Мегежіндерді азықтандыру
Торайлау цехына мегежіндер торайлауға 7—10 күн қалғанда әкелініп, жеке
станоктарға орналастырылады. Бұл бөлімдердің максимальды сыйымдылығы 600,
ал асыл тұқымды фермаларда 120 бас.
Торайларын емізетін аналықтардың жеке станоктары қоршаулармен арнайы
бөліктерге бөлінеді: мегежін жатататын орын, торайларды жылытатьш және
азықтандыратын орындар (4-сурет).
Станок ішіндегі қоршаулар конструкциясы торайлау кезінде мегежінді
бекітуді қарастырады, торайлардың бос өтуін қамтамасыз етіп, мегежіннің
торайларды жылыту, емізу орындарына өтуін шектейді.
Торайларды жылыту үшін станоктарда локальді үзбелі жылытатын арнайы
жүйелерді қолдануға болады.Локальді жылытуға ИКЗ-220-500, ИКЗ-220-375, ИКЗК-
220-250 типті инфрақызыл лампалар қолданылады, олар ОРИ-1, ОРИ-2,ОВИ-1, ОВИ-
2, ССПО-1, ИКУФ типті жарықтандырғыш-тардың құрамында болады. Сәулелендіру
режимі: 1,5 сағат жылытып, 0,5 сағат үзіліс жасайды.Жылытатын еден ауданы 1-
1,5 м2 (бір станокқа), жылытатын еденнің беткі температурасы -30°С, ол
біртіндеп торайларды енесінен айырғанша 22°С төмендейді. Станок ауданы 7,5
м2 тереңдігі 2,5 м.

4-сурет. Мегежінді торайларымен ұстайтын жеке станок

Мегежінге басты қойылатын талап, олардың жақсы көбею көрсеткіштері болу
керек. Тексерілетін мегежіндердің жасы мен салмағының маңызы өтс зор.
Тауарлы шаруашылықтарда мегежіндерді 10 айлығынан бастап (салмағы 100 кг)
ұрық-тандырады, ал асыл тұқымды және репродукторлы шаруа-шылықтарда 10-12
айлығынан (салмағы 120—140 кг) бастап ұрықтандырады. Жасы жетілмеген
мегежіндерге буаздық пен лактация кері әсерін тигізіп, жүдетеді, олардың
сүттілігін азайтады.
Мегежіндерді буаздық кезеңіне байланысты жекелей немесе шағын топтармен
ұстайды. Стресс мегежіннің көбею функциясына теріс әсерін тигізеді. Ол
моционның жоқты-ғынан, ауа температурасының жоғары немесе төмен болуынан,
ультракүлгін сәулесінің жеткіліксіздігінен, жануарлардың қорада көп
болуынан пайда болады.
Оптимальды жағдайларда әрбір мегежін жылына 2,0-2,2 рет торайлайды, ал
торайлаған сайын 9-10 торай әкеледі. Торайлардың туғанға дейін, туғаннан
кейінгі өсуі мен дамуы мегежіндердің денсаулығына көп байланысты.
Мегежіннің денсаулығын оның азықтандырылуы мен бағуы анықтайды.
Басқа жануарларға қарағанда мегежіндер азықтың толық құндылығына көп
талап қояды және көптеген азықтық заттардың жетіепеушілігіне сезімтал
болады.Мегежіндердің ас қорыту жүйесінде микробтық белокты, аминқышқылдары
мен В тобының витаминдерін синтездеу жүрмейді. Сондықтан мегежіндерге үнемі
аминқышқылдары мен ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Шошқаларды ұстаудың жүйелері
Шошқа малдарына арналған қоралардың микроклиматы
Зоогигиена (ветеринарлық гигиена, ауылшаруашылық малдарының гигиенасы)
Шошқаның гигиенасы жайлы мәлімет
Қабандарға арналған қора жайларға қойылатын ветеринариялық – санитариялық және гигеналық талаптар, малдарды күтіп- бағу жағдайлары және оларды жақсарту шаралары
Шошқаның гигиенасы жайлы ақпарат
Шошқаларды азықтандыру және бордақылау
Шошқа гигиенасы
Шошқа малдарын ұстау тәсілдері және оларға қойылатын гигиеналық талаптар
Азық
Пәндер