Ойды логикалық түрде дамыту



Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 25 бет
Таңдаулыға:   
М.Мәметова атындағы Қызылорда
гуманитарлық колледжі

КУРСТЫҚ ЖҰМЫС

Тақырыбы: 12 жылдыққа көшу жағдайында эксперимент барысында бастауыш
сыныпта информатика пәнiн оқытудың үлгiсi

Орындаған: БИ-И-06 тобының студенті
Муханбедьяров Еркин
Қабылдаған:

Қызылорда, 2010 ж

Жоспар

І Кіріспе

ІІ Негізгі бөлім

12 жылдыққа көшу жағдайында эксперимент барысында
бастауыш сыныпта информатика пәнiн оқытудың үлгiсi

12 жылдыққа көшу жағдайында эксперимент барысында
бастауыш сыныпта информатика пәнiн оқытудың үлгiсi
Соңғы кезде информатика пәнiнiң қай сыныптан бастап оқытылуы
қажеттiлiгi туралы түрлi пiкiрлер туындауда. Осының негiзiнде оқытуды
төменгi сыныпқа көшiру тиiмдiлiгi практика жүзiнде дәлелденген. Себебi кез-
келген мектеп жасына дейiнгi баланың танып-бiлуге, оқуға қатысты
қызығушылығының өте жоғары болатыны белгiлi. Ал психологтардың айтуы
бойынша, баланың негiзгi логикалық ойлауы 5-11 жаста қалыптасады екен.
Сондықтан балаларды ақпараттық қоғамда өмiр сүруге дайындау үшiн бастауыш
сыныптан-ақ оларды логикалық ойлауға, талдау жасай бiлуге, ақпараттық
технологиялардың негiзiне, ақпараттық сауаттылық пен ақпараттық
мәдениеттiлiкке тәрбиелеу қажет.
12 жылдық бiлiм беруге көшу жағдайында информатика пәнiн бастауыш
сыныптан енгiзген бiлiм стандарты бар. Онда былай делiнген:
Бастауыш мектепте информатиканы оқыту келесi мақсаттарға жетуге
бағытталған:
-ақпараттық мәдениеттiлiгiн, сауаттылығын, алгоритмдiк ойлауын
қалыптастыру;
-интеллектуалды тұлғалық және эмоциялық-жiгерлiк сапаларын,
қабылдау түрлерiн және есте сакщауын дамыту;
-оқушыны азаматтыққа және дүниетанығыштыққа тәрбиелеу.
Сондай-ақ негiзгi бiлiм бағдарламасы мазмұнының мiндеттi минимумы "Логика
және алгоритм бағыты және де "Компьютер және ақпараттық технологиялар
бағыты" деген мазмұндық бағытта берiлген. Осы минимумға орай қазiргi
кездегi информатика пәнiн оқытудың әдiстерiн күн сайын жаңарып отыруына
қарамастан бастауыш сыныптарда информатика курсын оқытудың мақсатын
төмендегiдей түрде сараптауға болады:
-Компьютерлiк сауат ашудың бастау негiзi;
-Ойды логикалық түрде дамыту;
-Алгоритмдiк білiмдi жетiлдiру мен мақсатты шешудегi жүйелiлiк;
-Компьютердi үйренудiң оңай жолдарын iздеу.
Жоғары сыныпта информатиканы оқыту жеке бағдарламамен жүзеге асуда. Ал
бастауышта бұл жеке пән ретiнде ғана емес, басқа негiзгi пәндердi қолдаушы
пән ретiнде жүргенi тиiмдi. Өйткенi компьютердi үйрену кезiндегi мәтiн
теру, қате түзету, сурет салу, есептiң немесе әрекеттiң алгоритмiн құру
сияқты практикалық жұмыстар мен тапсырмалар қазақтiлi, орыс тiлi, бейнелеу
және математика пәндерiмен сабақтастырылады.
Төменде 2 сыныппен өткiзген сабақ жоспарын ұсынып отырмын.
Сабактың тақырыбы: Терiстеу, Ақикат және Жалған, Айтылымдар тақырыптарын
қайталау.
Сабақтың мақсаты:
I.Оқушылардың өткен тақырыптарын қайталап, пысықтау: қауiпсiздiк ережелерi,
ондағы тәртiптi, компьютер құрылғылары және терiстеу амалын "емес", ақиқат
пен жалғанды, айтылымдардың ақиқат, жалған және белгiсiз болуын анықтауды
үйрету.
2.0қушының логикалық ойлауын дамыту. Өмiрде "емес" логикалық амалын қолдану
ақиқат-жалған айтылымдарды өмiрмен байланыстыру, дұрыс тұжырымдауға
дағдыландыру.
З.Оқушыны ақпараттық мәдениетке, дұрыс, тиянақты тұжырымдауға, ұқыптылық
пен жүйелiлiкке, тазалыққа үйрету.
Сабақтың түрi: дәстүрлi емес.
Сабақтың формасы: жарыс.
Сабақтың кернекiлiгi: суреттер, плакаттар, қима-кәртiшкелер.
Сабақтың пән аралық байланысы: бейнелеу, математика, дүниетану, ағылшын
тiлi.
Сабақтың барысы:
I. Ұйымдастыру кезеңi.
Оқушыларды сабаққа дайындау, қалам, дәптер, түстi қарындаштар, өшiргiш
алғызу. Оқушыларды түгендеу, психологиялық дайындық. Сыныпты 3 топқа бөлу.
II. Үй тапсырмасын тексеру.
III.Өткендi еске түсiру, қайталау.
1. Үш топқа кезек-кезек сұрақтар койылады.
1)Компьютер неден тұрады?
2)Компьютермен не iстеуге болады?
3)Терiстеу емес амалын ата.
4)Ақиқат деген не? Жалған деген не? (акиқат-"шындық", "иә", "бар" жалған
—"өтiрiк", "жоқ").
5)Айтылымдар қандай болады? (ақиқат, жалған және белгiсiз).
6)Компьютер құрылғыларын ата. (Суретiн көрсету).
Оқушыларға суреттердi көрсетiп, тұжырымдарын тексеру.
Ендi оқушылар айтылымдардың ақиқат, жалған және белгiсiз екенiн анықтайды:
-Бүгiн қыс мезгiлi болып түр (жалған).
-Қазiр информатика сабағы өтiп жатыр (ақиқат).
-Арунаның сөмкесiнде кiтап жоқ (белгiсiз).
4.Математикалық теңдiктер мен теңсiздiктер жазылған алма түрiндегi
кәртiшкелер себетке салынады. Мұны оқушылар "ақиқат" және "жалған" белгiсi
бар табақшаларға бөлуге тиiс. Әр топ оқушылары кезек-кезек шығығi амалдарды
орындайды.
5.Осыдан кейiн 2 минуттай оқушыларды сергiтiп аламыз. Ол үшiн оқушылар
компьютер сыныбында шаршаған кезде жасалатын жаттығулардың қарапайым
элементтерiн көрсетедi.
б.Келесi турда әр топ оқушыларына: I- топқа: "емес" амалын қолданып
терiстеу; II- топқа: ақиқатқа айналдыру; III - топқа: жалғанға айналдыру
тапсырмалары кәртiшкелер түрiнде таратылады.
Сөзжұмбак шешу.
Сабақты бекiту. Оқушыларға дамытушылық, шығармашылық тапсырма беру.
Оқушыларды бағалау. Оқушылардың алған жұлдызша, төртбұрыш, ұшбұрыш және
дөңгелектерге қарап бағалау.
Үйге тапсырма

Қазақстан Республикасы Президентiнiң 2006 жылдың 1 наурызындағы
"Қазақстанның әлемдегi бәсекеге барынша қабiлеттi 50 елдiң қатарына кiру
стратегиясы" атты Жолдауында қазақстандық бiлiм беру жүйесiн реформалаудың
негiзгi мақсаты - бiлiм сапасының жаңаруы мен ұлттық бiлiм беру жүйесiнiң
бәсекеге қабiлеттiлiгiн арттыру деп нақты көрсетiлген.
Қазiргi ғылым мен техниканың қарыштап дамыған кезiнде оқу-бiлiмнiң, соның
iшiнде болашағымыз - бүгiнгi мектеп оқушысының бiлiмi мен тәрбиесi маңызды
мәселе. Елiмiздiң әлеуметтiк экономикасының дамуына өзiндiк үлес қоса
алатын, өзiндiк ой-пiкiрi бар, жан-жақты дамыған, бiлiмдi де бiлiктi
тұлғаны дайындап, тәрбиелеу - аса құрметтi қоғамдық мiндет. Себебi, ел
түтқасын жан-жақты бiлiмдi ұрпақ ұстанған шақта ғана өркениет алға дамымақ.
Жас ұрпаққа бiлiм беруде, оларды болашақ елiмiздiң түтқасы етiп
тәрбиелеу - әр үстаздың, әрбiр мектептiң ең қасиеттi мiндетi. Осы
мiндеттердi орындау мақсатында бiлiм беру саласында да елеулi әрi ауқымды
өзгерiстер өрiстеуде. Осы мақсатта мемлекетiмiздiң бiлiм сапасын арттыратын
түрлi құжаттар қабылданып, бағдарламалар енгiзiлуде. Қазақстан
Республикасының 2005-2010 жылдар аралығында бiлiм берудi дамытудың
мемлекеттiк бағдарламасында бiлiм беру жүйесiн реформалаудың басым
бағыттары айқын көрсетiлген. Бiлiмдi реформалаудың басты мiндетi -
мемлекеттiк бiлiм беру жүйесiн әлемдiк үздiк үлгiге сәйкес деңгейге көтеру.
Жеке тұлғаның бiлiм алу және рухани қажеттiлiктерiн, оның мүмкiндiктерiн
ескере отырып қанағаттаңцыру, қалыптастыру, адам бiлiм үшiн емес, бiлiм
адам үшiн деген оқу-тәрбие процесiи iзгiлендiру, iзгiлiк принциптерiн қайта
түлеуi арқылы жүзеге асырылуы тиiс. Сонда ғана бiлiмнiң беделiн арттыруға,
бiлiм беру саласының мемлекет пен қоғам өмiрiндегi басым мәртебесiн нақты
орнықтыруға болады.
Бiлiм берудi жаңарту - үнемi алға қарай ұмтылу мен дамыту үрдiсi, бүл
бiлiм беруде кезең-кезеңiмен өтетiн және алынған нәтижелерге сәйкес түзету
енгiзiлiп, талданатын өзгерiстер. Сонымен қатар бiлiм берудi жаңарту үрдiсi
салт-дәстүрдi, мәдени мұраны, жалпы ұлттық құндылықтарды көздiң
қарашығындай сақтауды талап ететiн тұрақты жүйелерден түрады. Сондықтан да
12 жылдық оқытуға бiртiндеп көшудi жүзеге асыру - оның қажеттiлігi мен
тиiмдiлiгiн әр педаготың, әр ата-ананың сапалы түрде түсiнуiн, қабылдауы
мен оған белсеңдi түрде араласуына мүмкiндiк берудi, асқан ұқыптылық пен
сезiмталдықты қажет ететiн үрдiс.
12 жылдық мектептiң басты ерекшелiгi:
ұлттық қүндылықтарды баланың бойына сiңiру арқылы оның жан-жақты дамуына;
өз пiкiрi мен ойын ашық жеткiзуiне;
адамға табиғатынан берiлген шығармашылық қабiлетiн толық iске асыруына;
әр елдiң экономикалық, мәдени, саяси өмiрiне белсеңдi араласуына
мүмкiндiкберу.
12 жылдық оқытудағы мақсаттары:
қарқынды дамып келе жатқан ортада өмiр сүруге қабiлеттi;
өзiн-өзi дамытуға;
жоғары бiлiмдi шығармашыл, iзденiмпаз тұлғаны қалыптастыру;
жеке тұлға интеллектiсiн байыту;
бала тұлғасындағы рухани және дене мүмкiндiктерiн ашу.
Қоғам алдында, бiлiм беру жүйесiне қойылған мiндетке сәйкес, бiлiм
беру жүйесi оқушы тұлғасын үйлесiмдi дамытуға бағытталған жалпы бiлiм
беретiн мектептiң жаңа үлгiсiн таңдауға бағытталып отыр.
Мұнда баланың қоршаған дүниемен қарым-қатынасында рухани адамгершiлiк
құндылықтарының интеллектiсiнiң, танымдық белсендiлiгiн, iс-әрекетiнiң
негiзiн қалауға бағдарланған бастауыш мектепке ерекше кеңiл бөлiнедi.
Қазiргi кезде бастауыш бiлiм беру саласында оқытудың жаңа
технологияларын тәжiрибеде қолдану 12 жылдық оқытудың негiзгi бағыты болып
отыр.
12 жылдық бiлiм берудегi жаңа технологиялар:
Баланы айналаны өз бетiмен танып бiлуге деген табиғи ұмтылысы негiзiнде
құрылған оқытудағы зерттеу тәсiлiн пайдалану ерекше орын алады. Зерттеуге
оқытудың басты мақсаты - адамзат мәдениетiнiң кез келген саласындағы iс-
әрекеттiң жаңа тәсiлдерiн баланың өз бетiмен, шығармашылықпен, меңгеру
қабiлетi мен дайындығын қалыптастыру.
Бала оқытуда зерттеу тәсiлiн қолданудың қажеттiлiгi балә болмысының
бiлмекке құмарлығымен, оның қоршаған дүниенi зерделеуге деген
қызығушылығымен түсiндiрiледi. Оқушылардың өзiндiк зерттеулерi, олардың
жеке қажеттшiктерi сұраныстарын қаиағагтандыруға септiгiн тигiзедi. Сонымен
қатар, өзiндiк зерттеулер интеллектуалды және шығармашылық қабiлеттердi,
ойлау және зерттеу бiлiктерiн дамытуға мүмкiндiк бередi. Өзiндiк
зерттеулердiң көмөгiмен оқушылар дүниенi тани келе, өздерi үшiн жаңа
бiлiмдердi дайын күйде алмай, өз бетiмен ашады. Зерттеушiлiк жұмыс
балалардың өз қызығушылығынан басталады.

Оқытудың iске асыру тәсiлдерiнiң бiрi - жобалар әдiсi, өзiнiң
дидактикалық негiзi бойынша шынайы өмiрде, тиiмдi әрекет етуге мүмкiндiк
беретiн қабiлеттердi қалыптастыруды көздейтiн, бiлiм берудегi қүзiреттiлiк
тәсiлдi қолдайтын технология.

12 жылдық бiлiм беру технологияларының ерекшелiк жағы ол жеке тұлғалық
қасиеттерге бағдарланған оқыту, проблемалык, бағытқа және шығармашылық
сипатқа ие, оның басты бағдары - бiлiм беру, жаңа дүниенi ашу мен iздену
арқылы бiлiмдi iс жүзiнде қолдану; баланың жалпы және арнайы қабiлеттерiн
дамыту, бiлiм бiлiктердi игеру мүмкiндiктерiмен оларды қолдану жолдарын
көрсетеді.

Қазiргi оқулықтың құрылымында осы бағдарламаға сәйкес өте жан жақты,
оқушылар өзбетiмен, қызыға iздене отырып мағыналы сұрақтарға жауап бере
алады. Оны мынадай түрде көрсетуге болады.
Қазiргi кездегi баланың интеллектiсiне, дербес ойлауын дамытуға
бағытталған, өз бетiмен iзденуге даярлайтын жеке жұмыстар көптеп беруге
болады. Балаларды мектепке дайындау, мектепке бейiмделуiн және оқытудың
жетiстiгiн қамтамасыз ететiн маңызды құрамы психологиялық дайындық
компоненттерi болып табылады. Баланың жеке тұлғасының даму мәселесiн шешу,
оқытудың тиiмдiлiгін арттыру, балалардың мектепте оқуының дайындық деңгейiн
дұрыс ескере отырып, жұмыс жасау керек.
Интеллектуалдық дайындық - баланың мектепке интеллектуалды дайындық
компонентi оның ой-өрiсiн, нақты бiлiм қорын қарастырады. Жалпы айтқанда,
мектепте оқытуға интеллектуалды дайындықтың дамуы былай болады:
дифференциалдық қабылдау;
аналитикалық ойлау;
болымсызға рационапды жақындау (фантазия рөлi);
есте сақтау;
бiлiмге қызығушылық;
ести отырып сөйлеу және түсiну, әртүрлi символдарды қолдана бiлуi;
қол қимылдарының, көру, қимыл кординацияларының дамуы.
Атақты психологтардың айтуы бойынша "Бала ойын үстiнде қандай болса,
өскеңде еңбек үстiнде сондай болады" дейдi. Сондықтан ойын - адамның өмiр
танымының алғашқы қадамы.
Оқу процесiнде ойын технологиясы ерекше орын алады. Ойын
технологиясын қолдану - оқушының оқудағы танымдыкқ iс-әрекетiн және
қалыпсыз жағдайларда өз бiлiмiн қолдануға мүмкiндiк бередi.
Дамыта оқыту технологиясы - шығармашылық ойлауға, сапалы дамуға,
қиялдауға, есте сақтау, тiл дамытуға бағытталған. Бұл технологиияның
ерекшелiгi: оқығанын пiкiр сайысқа салу; сабақ құрылымының тиiмдiлiгi:
дидактикалық ойындар; өзiңдiк iс-әрекет қарқындылығы: сабақта әр оқушыға
өзiн-өзi көрсетуге мүмкiндiк беретiн педагогикалық жағдай құру. Бұл
технологияның бiр ерекшелiгi "жақсы", "жаман" оқушылар деп бөлмей, барлық
баланың ой – өрiсiн дамыту үшiн қолайлы жағдай туғызуды мақсат тұтуы.
Коммуникативтi оқыту технологиясы - сабақта диалогтық және монологтық
оқытудағы жағдайды жасайды, Коммуникативтiк әдiс оқушылардың танымдық оқу
iс-әрекетiн ұйымдастырудың негiзгi қүралы болып табылады. Коммуникативтiк
әдiстi қолдану кезiңде қарым -қатынас дағдысы, тұлғаның адамгершiлiк
қасиетi, өзiнiң ортақ мақсаты тiлегiне бағына бiлуiн қалыптастырады.
Жоғарыда көрсетiлген барлық технологияларды орынды, шеберлiкпен
қолдана бiлсе, үлкен нәтижеге жетуге болатыны және жоғары дидактикалық
жетiстiктердi байқауға болатындығы анық. Осыған орай жеке тұлғаны жан-жақты
дамытуда жеке тұлғаға бағытталған сабақ құрылымының технологиясы да,
мұғалiмге қойылатын талап та өзге болуы тиiс.
Жеке тұлғаға бағытталған сабақ дегенiмiз - оқушыға деген құрмет, iзгi
қатынас, оқушылардың тұлғалық ерекшелiктерi ашылатын, қасиеттерi
қалыптасатын, мүмкiндiктерi жүзеге асырылатын оқыту жағдаяты, "сахналық
алаң". Осындай сабақты жобалау және өткiзу технологиясы мұғалiмдi жаңа,
бұрын таныс емес кәсiби позицияға қояды: әр баланың жеке даму процесiне,
оның түлғалық қалыптасуына кешендi педагогикалық бақылау жүргiзетiн, ол бiр
мезгiлде пән мұғалiмi де, психологта болуы тиiс.
12 жылдық бiлiм беру жағдайыңда мұғалiм осы компоненттерге сүйене
отырып, әрбiр технологияны өзiндiк жолда әдiс-тәсiлдермен ерекшелендiрiп,
өз өмiрлiк және педагогикалық тәжiрибесiн пайдаланып, балаларды бiрлескен
әрекеттерге тартудың әр алуан түрлi әдiстерiн, өз бойында бар
мүмкiндiктерiн жүзеге асыруды ықпал етсе, оқушының мiнез-құлқында - мiнезi,
темпераментi, талабы, көзқарасы, талғамы байқалып, үнемi өзiн-өзi үйретуi,
өзiн-өзi тәрбиелеуi, өзiн-өзi дамытуы, өз iс әрекеттерiне өзгерiс енгiзе
алуы, өзiн үнемi жетiлдiрiп отыруы және рефлексиялық қажеттiлiктi талап
етедi.
Технологиялық жүйелi құрылымдардың форма жасауы, жаңашылдық
(новаторлық) мұғалiм тәжiрибесiнен туады.
Технологиялық үрдiс негiзiнде педагогикалық қабылдау формасына
конспектiлер, ойындар, оқу материалдары, оны өткiзү, беру жолдарын сахналық
көрiнiстендiру, диаграммаландыру, сонымен бiрге кестелер, диаграммалар,
карталар, графиктер, сызбалар, ықшам сызықтар, жазулардың қолданылу
жағдайлары енедi.
Технологиялық жүйелiлiктi сақтай отырып, қазiргі сабаққа қойылатын
талаптарды қатаң ескерген мұғалiм, сөз жоқ, оқушылар шығармашылығын
арттырып, бiлiм бәсекелестiгіне дұрыс бағыт-бағдар бере алады.

12 жылдық эксперимент сыныптарында информатика пәнiн оқыту ерекшелiктерi
Елбасымыздын 2007 жылғы Жаңа әлемдегi жана Қазакстан атты халықка
жолдауында айтып кеткендей: Бiз бүкiл елiмiз бойынша әлемдiк стандарттар
деңгейiнде сапалы бiлiм беру қызметiн көрсетуге қол жеткiзуiмiз керек. Кез
келген елдiң болашағы бiлiм беру жүйесiнiн және зиялылар қауымынын
деңгейiне байланысты болғандықтан, Қазакстан халқына әлемнiң дамыған
елдерiмен тен дәрежеде бiлiм беру қажеттiгi күмән тудырмайды.
Өмiр талабына сай мектеп жаңа әлеуметтiк тапсырысты орындауға, баска
мақсатты, формалы сапалы бiлiм беруге бағытталуы қажет. Ойлап қарасақ,
барлык әлемдiк кекiстiктегi бiлiм беру идеологиясы бүкiл өмiрiннiң бiлiмi
принципiнен өмiр бойғы бiлiмге ауысуда. Бұл идеялогияны және iшкi
резервтi пайдалана отырып, жаңа нарықтық жағдайларға жүйелi бейiмдеу
механизмiн орындау — бiздiң мiндетiмiз.
Бүгiнгi күнгi бiздiн, ұрпақ, тандауында шексiз мүмкiндiк туған
заманда өмiр сүрiп жатыр. Оқушыны болашағына дұрыс тандау жасай алатын,
ұтымды шешiм қабылдай алатын, сондай-ақ өзiнiң өмiрiндегi өзгерiстер
ағымына икемделе бiлетiн, қабiлетiне байланысты өмiр сүру тәртiбi күтiп
тұр.
Сондықтан бүгiнгi күнi елiмiздiң бiлiм жүйесiнде оқыту үрдiсiн тың
идеяларға негiзделген жаңа мазмұнмен қамтамасыз ету мiндетi түр. Жалпы орта
бiлiм берудiн жалпы ұлттық денгейдегi басты мақсаты — Казақстан
Республикасынын әлеуметтiк, экономикалык, коғамдық-саяси өмiрiне белсене
араласуға дайын, кұзiреттi тұлғаны қалыптастыруға ыкпал ету. Ол 2008 жылдан
бастап енетiн, 12 жылдык бiлiм беру мазмүнынан жан-жақты көрiнiс таппақ 12
жылдық жалпы орта бiлiм беру педагогикалық процестiң әрбiр қатысушысының
шығармашылық потенциалы мен психофизиологиялық ерекшелiктерiн ескере
отырып, олардын дамуына жағдай жасауға, сондай-ақ негiзгi мектеп
оқушыларына кәсiби бағдар беруге, жоғары сатыдағы оқушыларды бейiндеп
оқытуға бағытталған бiртұтас жүйе құруды карастырады. Осы жүйенiң негiзiнде
2003 жылдан бастап республикамызда 12 жылдық бiлiм берудi эксперименттен
өткiзу колға алынды. Мен осындай эксперимент алаңы бар Батыс Қазақстан
облысы, Сырым ауданындағы Қ.Мырзалиев атындағы жалпы бiлiм беретiн орта
мектепте жұмыс iстеймiн.
Эксперимент сыныптарында дәрiс берген экспериментатор-педагогтар 12
жылдық бiлiм берудегi бастауыш саты жүйесiн толық меңгерiп, осы жүйенiң
оқушыға тиiмдi және тиiмсiз жақтарын саралай отырып, өз ұсыныстары мен
пiкiрлерiн енгiздi.
12 жылдық бiлiм берудiн өзiндiк бiр ерекшелiгi ерте жастан информатика
пәнiнiнң оку бағдарламасына енгiзiлуi. Мұндай бiлiм беру жүйесi келешек
ұрпақтың бiлiмiнiн толығуына, жан-жакты болуына, шынайы әлем жағдайында
тәрбиеленуiне көп септiгiн тигiзедi. Сонымен қатар осы өзгерiстердi iске
асыру жолында жалпы педагогтар қауымының психологиялық - педагогикалық
жанаруы көзделедi. Себебi, 12 жылдық мектеп жоғары мәдениеттi, терең
адамгершiлiгi қалыптасқан жүйедегi құндылықтарымен, сенiмдерiмен өз
оқушыларының шығармашылық потенциалын дамытудағы инноваииялык қызмет
қабiлеттiлiгiн өздiгiнен жетiлдiруге бiлiктi маманды талап етедi.
Биылғы оқу жылынын алғашқы күнi, яғни 3 кыркүйекте Елбасымыздың
өткiзген интерактивтi сабағының өзi келешек ұрпақты ынталандырып,
жiгерлендiрiп, елiмiздегi жылдан — жылға жоғары қаркынмен дамып келе жатқан
жаңа ақпараттық технолгияларды меңгерiп, үздiксiз бiлiм алу керек
екендiгiне көз жеткiздi.
Қазiргi өмiр талабына сай компьютерлiк сауаттылықты жылдам дамыта
отырып, педагогикалық-психологиялық әдiстемелiк бастапкы дайындықты
қалыптастырмайынша, балалар өз бiлiм деңгейлерiн көтере алмайды. Сол
себептi информатика пәнiн бастауыш сыныптан бастап енгiзу қажеттiлiгi
туындап отыр.
12 жылдық эксперимент сыныптарының оқушылары қазiргi өмiр ағымына
деген көзқарастарының жан-жақты жоғары дәрежеде дамуына байланысты
информатика пәнiн жеңiл және тез меңгеруде.
Бастауыш сынып оқушыларына информатика пәнiнiң элементтерiн оқыту
барысында жана ақпараттық технологиянын керемет мүмкiндiктерiн кез келген
пәнге қолдануға болатындығына көз жеткiзу керек. Информатика пәнi
күнтiзбелiк - такырыптық жоспар бойынша 2 — 5 эксперимет сыныптарында әрбiр
сыныпқа аптасына 1 рет, ал жыл бойына 34 сағаттан жүргiзiледi. Бұл
сыныптарға арналған күнтiзбелiк-тақырыптық жоспардың алғашқы бөлiмдерiнде
оқушылар Техникалық қауiпсiздiк ережелерiмен танысады.
Эксперимент сыныптарында жүргiзiлетiн сабақтардың ерекшелiгi; оқушылар
жылдам оқи және жаза алмайтын болғандықтан, олар суреттеме бейнелер арқылы
көрсетiлiп, түсiндiрiледi. Сабақты қызықты жүргiзуге және оларды сабақтан
жалықтырып алмауға көп көңiл бөлiнедi. Осы мақсатта сабақ ортасында сергiту
сабақтарын қоса оқыту әдiстерi қарастырылады.
Бастауыш сыныптарға арналған бұл бағдарламада оқушылар компьютермен
танысып, олар өзара қарым-қатынаста болады, компьютер көмегiмен әрiп, буын,
сөздердi, шағын әнгiмелердi баспалап, қарапайым арифметикалық есептердi
шығарады, сурет сала бiледi. Сонымен қатар оқушылар өз бетiмен өлең,
әңгiме, ертегi кұрастырады және де осы өздерiнiң шығармашылық жұмыстарын
компьютерде орындап, медиасауаттылық портфолиосында сақтайды.
12 жылдық эксперимент сынып оқушыларына информатика пәнiн оқытудың
әдiстемелiк құралында қамтылған материалдар - математика, қазақ тiлi,
сурет, ана тiлi пәндерiнiң элементтерiн қамтиды. Демек информатика пәнiнiң
басқа пәндермсн пәнаралық байланысы жаксы сақталған.
Оқушылардың бастауыш мектеп кезеңiне тән физиологиялық, психологиялық
ерекшелiктерiн, әрi ойлау қабiлеттерiн дамыту компьютердiң мүмкiндiктерiн
пайдалану арқылы жүзеге асырылады. Басқа пәндердi компьютердi пайдаланып
оқытуда бастауыш сынып оқушылары мынадай тапсырмаларды жеңiл орындайды.
Математика сабағында қарапайым арифметикалық амалдарды орындауға арналған
есептер;
Ана тiлi сабағында мәтiндiк редактор кеңiнен қолданылады, тақырыптық
шығарма, құттықтаулар жазуға болады. Бұл балалардың тiл байлығын, ойын
тиянақты жеткiзе алуын, шығармашылық, қабiлетiн және сауаттылығын
айқындайды.
Бейнелеу өнерi, дүниетану сабақтарында графиктiк редактордың алатын
рөлi өте зор. Тышқан маиипуляторымен жұмыс iстеп үйренген оқушы
қарындаш, ластик, бояу түстерiн, қылқаламды таңдап, әртүрлi геометриялық
фигураларды, әртурлi суреттердi сала алады, түрлi түске бояу дагдылары
қалыптасады.
Ән-күй сабақтарында әмбебап ойнауыш программасын тиiмдi пайдалануға
мүмкiндiк бар. Бұл мұғалімнiң магнитофон, күйтабақпен жұмысын жеңiлдетедi,
тақтаға ән мәтiнiн жазу уақытын үнемдейдi. Оқушылар әр түрлi өлеңдердің
әнiң тыңдауға, оған өзгертулер енгiзуге, өздерi орындаған өлеңдердi
компьютер арқылы тыңдауга мүмкiндiк бередi.
Орыс тiлi пәндерiнде мулътимедиялық программалар арқылы әр түрлi
ертегiлердi тыңдауға, әрi эпизодтық бейнелердi көрсетуге болады. Мұндай
сабақтар балалардың есiнде ұзақ сақталады, тiптi балалардың пәнге деген,
бiлiмге деген құштарлығын арттыра түседi.
Бастауыш мектепте компьютердi пайдаланған кезде санитарлық-гигиеналық
талаптарға зор мән берiп, компьютерлiк сынып ережелерiн қатан сақтаған жөн.
Мысалы, сыныптан кiрiп-шығуға мұғалiм рұқсат бередi, әрбiр оқушы өз тобына
тағайындалып берiлген ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Мектеп жасына дейінгі балалардың ақыл-ой тәрбиесі
Мектеп жасына дейінгі балалардың оқу - танымдық әрекетін қалыптастыру жүйесі
Сөйлеудің басты түрі монолог түріндегі сөйлеу
Ақыл-ой тәрбиесінің теориялық негіздері
Бала тәрбиесі - өте күрделі процесс
Ақыл-ой тәрбиесі туралы жалпы түсінік
Даярлық тобы балаларының ойлау қабілетінің деңгейін анықтау
Мектеп жасына дейінгі балаларда ойлау үрдісінің дамуы
Тұтас педагогикалық процестегі оқушылардың процестегі ақыл-ой тәрбиесін ұйымдастыру жолдары
Қазақ тілі сабағында мәтінді оқыту түрлері
Пәндер