Ақпараттық жүйе мүмкіндіктері



Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 19 бет
Таңдаулыға:   
Жалағаш ауданындағы№ 123 Т.Жүргенов атындағы
дарынды балалар мектебі

Тақырыбы: Ата-ана, мұғалім, оқушы
арасындағы педагогикалық
байланыстың ақпараттық жүйесі

Орындаушы: Рахат Нұрлыайым

Сыныбы: 9А

Бағыты: Экономикалық және
әлеуметтік процестерді
математикалық модельдеу

Секция: Информатика

Ғылыми жетекші: Үсенов Сағидулла
Сағынайұлы
п.ғ.д, профессор

Жетекші мұғалім: Қалдыбекқызы Ақерке
Информатика пәні мұғалімі

Өтілетін орны: Қызылорда қаласы,
2009ж

Жалағаш-2009

Мазмұны

І Кіріспе
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
..3

ІІ Негізгі бөлім
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .4-21

ІІІ
Қорытынды ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...22

IV Пайдаланылған әдебиеттер тізімі ... ... ... ... ... ... ... 23

Жоспары

І Кіріспе

ІІ Негізгі бөлім

2.1. Ақпараттық жүйелер

2.2. Ақпараттық жүйе мүмкіндіктері

2.3. Ата-ана, мұғалім, оқушы арасындағы байланыстың ақпараттық жүйесі

2.4. Жүйенің тиімділігі

ІІІ Қорытынды

Кіріспе
Компьютерлік өңдеудің мүмкіндігін жоғарылату, ол адамзат қызметінің
әртүрлі өрісінде қолданылатын ақпаратты іздеу, жинау, өңдеу және
пайдалануға байланысты сұрақтарды зерттейді. Компьютерлік өңдеуде
мәліметтер қорын оқытудың мүмкіндігін жоғарылатуда қолданушы ЭЕМ-нің көмегі
арқылы қабылдайды және қолдана алады.
Елімізде алғашқы ЭЕМ-дер ХХ ғасырдың ортасында пайда болды. Осымен
қатар адам қызметінің жаңа сапасы программалау дамыды. ЭЕМ-де программалау
ақпараттандырудың негізі болып табылады, ал есептеуіш техника оның
материалдық базасы.
Әр елдегі ақпараттық технологиялардың даму деңгейі алдыңғы қатардағы
дүниежүзілік елдер экономикасының даму белгісі болып саналады. Бұл деңгей
тек экономикалық көрсеткіш қана емес, ол әр елдің ғылымы мен білімінің және
мәдениетінің де тиімді дамуының негізгі шарты болып табылады.
Бірақ, ақпараттық технологияларды дамыту мен оларды пайдалану тек
алдыңғы қатарлы техникалық деңгейді талап етіп қана қоймай, оны іс-жүзінде
қолдануға қажет білім мен оны қолдану аясын, яғни қоғамның зерделік
потенциалы болуын керек етеді. Мұндай талап алдымен білім беру жүйесін
күшейтуді қажет етіп, оның қоғамдағы рөлін міндетті түрде жоғары дәрежеге
көтереді.
Әрбір адамның өмір бойы үздіксіз білім алуға құштарлығы жаңа
ақпараттық технологиялардың әлеуметтік ролін жоғарылатады. Ол адамның кез-
келген уақытта ақпарат алу мен білім алу құқығын жүзеге асыру түрінің
біріне айналды.
Бүгінгі таңда ақпараттық технология кең көлемде қолданылады. Қазіргі
кезде программалауда және ақпаратты өңдеуде мәліметтер қоры бағдарламасы
кең түрде қолданылады. Мәліметтер қоры мәліметтерді өңдеу, жинақтау, тарату
және сақтау жұмыстарын атқарады. Жұмыс барысында мәліметтер қоры
бағдарламасы қарастырылып, ақпараттық жүйе құрылып, мәліметтер енгізіліп
және өңдеу жолдары көрсетілген.
Жұмыс ата-ана мен мектеп арасындағы байланысты орнату мақсатында
ақпараттық жүйе құруға негізделген. Ақпараттық жүйе Microsoft Access
бағдарламасында құрылып, оқушы ата-анасына компьютелік желі арқылы
жеткізіліп отырады.
Ақпараттық және қатынастық технологияларды мұғалімдердің пайдалануы
мектеп оқушыларының танымдық қызметін тиімдірек басқаруға, оқыту мен
тәрбиелеу нәтижелеріне жедел түрде бақылау жүргізуге, оқушылардың білім
сапасы жүйесінің тиімділігі мен білімділігі деңгейін арттыру үшін
негізделген және мақсатқа сай шаралар қолдануға, әдістемелік шеберлігін
мақсатқа сай жетілдіруге, мектепте жинақталатын ұйымдастыру ақпаратына
адрес бойынша тікелей тез қол жеткізуге мүмкіндік береді.
2. 1. Ақпараттық жүйелер

Ақпараттақ жүйе - бұл экономикалық
объектілерді басқару үшін қажетті ақпарат
беретін, өңдейтін,сақтайтын, жинақтайтын
жүйе. Экономиканың басқарушылық сферасы
мен әр түрлі деңгейдегі жүйелеріне қызмет
көрсетуіне байланысты. Ақпараттық жүйенi
әр түрлілігіне қарамастан олар келесі
ерекшеліктермен сипатталады:

- Экономиқалық ақпараттың негізгі
құрылымдық бірлігін өңдеу,

- Есептеу процесі мен берілгендерді өңдеу моделінің байланысы,
- Экономикалық есептер мен шешімдерде берілегендер қорын қамтамасыз етуді
ұйымдастыру,
- Әкімшілік ұйымдастырушылық құрылым мен уақыттық шешімдерге басқарушы
жүйені енгізу.
Қазіргі уақытта әр түрлі бағытқа арналған көптеген ақпараттық жүйелер
қызмет етеді. Олар бір бірінен басқару объектісінің сипаттамасымен
ажыратылады.
Ақпараттық жүйе – бұл ақпараттық жүйе құру мен қызмет ету шешімдері
баяндалатын техникалық құжаттама. Ақпараттық басқару жүйесі - бұл
ақпараттық жүйе жобасының қызметін қамтамасыз ететін ұйымдастырушылық
техникалық комплекс. Ақпараттық басқару жүйесі – ақпараттық жүйе жобасына
енгізілген шешімдерге байланысты ақпаратты жинақтауды, беруді, өңдеуді,
сақтауды қамтамасыз етеді. Оның негізігі мақсаттары ақпараттық жүйе
мақсаттарының көп бөлігінен құралады:
1) Жүйенің іші мен сыртқы ортасын ақпаратпен қамтамасыз ету,
2) Шешімдер ережесі туралы ақпаратпен қамтамасыз ету ,
3) Объект ортасы жайлы мәліметтерді тіркеу, талдау,
4) Басқарушы жүйенің нақты жағдайы туралы талдау бағалау.
Ақпараттық жүйе – күрделі жүйелер және де олар бөлек бөлімдер мен
элементтерге бөлуді ұсынады. Жүйеге керекті затты толығымен істей алмайтын
операцияларды істей алмаса, оны бөлек элементтерге істеуге болады.
Ішкі жүйе– бұл нақты бір белгіге қатысты жүйенің өзіндік бөлімі.
Ақпараттық жүйе құрылымы – ақпараттық жүйе элементтерінің сыртқы орта мен
олардың өзара қарым қатынасын анықтайтын ішкі ортаның тұрақты реті.

Ақпараттық жүйе құрылымы

Ақпараттық жүйенің функционалдық бөлімі – басқарудың негізгі бөлімін
құрайтын есептер комплексінің жиынтығы.
Ақпараттық жүйедегі есеп ұғымы – бұл нақты формадағы аралық немесе
соңғы нәтижемен сипатталатын автоматтандырылған функцияның бөлігі.
Қамтамасыз ету бөлімі – бұл автоматталған режимде жүйенің қызмет
етуіне қажетті шарттардың жиынтығы.

Бөлімді қамтамасыз ететін кейбір подсистемаларды түсіндірейік:
ТО – техникалық қамтамасыз ету, МО – математикалық қамтамасыз ету, ПО –
программалық қамтамасыз ету, ИО – ақпараттық қамтамасыз ету.

ТО – ақпараттық жүйенің қызметінде қолданылатын техникалық құралдар
комплексі ПО-КТС қызметін қамтамасыз ететін, ақпараттық жүйенің қызметін
өңдейтін программалар жиынтығы.
Ақпараттық қойма – ақпараттық жүйе қызметінде қолданылатын реттелген
ақпараттар жиынтығы. Дерекетер қоймасының өзара байланысты массивтер
жиынтығын білдіреді, ол жадыда сақталып, оған барлығының қолы жетімді
болады. Деректер қоймасын құрудың мақсаты – деректерді өңдеу уақытының
аздығы, сақтаулы мәліметтердің шығарылымының төмендеуі, деректердің қарама
қарсылығы мен сәйкессіздігін болдырмау. Деректер қоймасын басқару
берілгендерді басқаратын программаның болуын талап етеді. Оларды деректер
қоймасын базалық жобалау деп атайды. Деректер қоймасын базалық жобалау –
бұл енгізу, шығару, түзетулер енгізу және тағы басқа қызметтерді орындайтын
жалпы жүйелік программалар комплексі. Деректер қоймасы мен деректер
қоймасының базалық жобалаумен бірге деректер базасы деп атайды. Деректер
базасы құрылымы екі бөліктен тұрады.
Әрбір деректер қоймасын базалық жобалаудың өзінің тілдік құралы бар. Олар
берілгендерді бейнелеу, мәліметтермен жұмыс жасау үшін қажет.
Деректер базасы негізігі ақпараттық процедураларды орындау үшін
деректер базасына администратор мамандары қажет. Қазіргі уақытта ақпараттық
жүйені ұйымдастыруға көптеген деректер қоймасын базалық жобалау бар. Әрбір
ақпараттық жүйенің нақты бір деректер қоймасын базалық жобалау қолданады:
көбінесе FoxBASE, FoxPro, PARADOX, ORACLE, ACCESS деректер қоймасын базалық
жобалау қолданады.
Қазіргі уақытта көптеген ақпараттық жүйенің түрлері бар. Олар бір
бірінен ақпараттық жүйе қызметімен, басқару объектісінің мінездемесімен
ажыратылады. Шешім қабылдау процесінің байланыс жиілігі бойынша басқарушы
ақпараттық жүйе 3 түрге бөлінеді: ақпараттық анықтамалық, апараттық
кеңестік және ақпараттық басқарушы жүйелер.
Ақпараттық анықтамалық жүйелер объектінің іс әрекеті мен өндіріс
жұмысы туралы ақпарат береді. Шешім қабылдау адамға беріледі.
Ақпараттық кеңестік жүйелерде шешімдер қабылдау үшін ұсыныстар
дайындалады. Шешім қабылдау вариантын адам шешеді.
Ақпараттық басқарушы жүйе шешім қабылдау мен ақпаратты өңдеу,
тасымалдау, жинақтау жұмыстарын жүзеге асырады. Шешімнің жүзеге асырылуын
адам қадағалап отырады.
Қазіргі жағдайда аталған ақпараттық жүйе барлығы ақпараттық
анықтамалық жүйе ретінде жұмыс істейді.
Орталықтандыру деңгейіне қарай ақпараттық жүйені централизацияланған
және децентрализацияланған деп бөледі.
Децентрализацияланған ақпараттық жүйе ЭЕМ және ПВМ құралдарының өзара
қатынасы арқылы байланысады.
Өзіндік мағынасы бар ақпараттық жүйе санатына ақпараттық іздеуші
жүйелер ақпараттық жүйенің, эксперттік жүйелер жатады. Олар қолданушының
берген мінздемесіне сәйкес ақпаратты сақтауға және беруге арналған.
Ақпараттық жүйе – бұл берілген шарттар бойынша ақпараттың шығарылуын
қамтамасыз ететін ақпараттық жүйе. Ақпараттық жүйенің ажырамас бөлігі
ретінде Деректер базасы табылады.
Эксперттік жүйелер адамдар іс әрекетінің қиын облыстарында шешім қабылдауға
көмектеседі. Мысалы, экономика, медицина, инженерия, нақты бір ғылым
саласы.
Ақпараттық жүйе жобалау түсінігі – ағымдағы ақпаратты нәтижелік
ақпаратқа айналдыратын техникалық құжаттаманы өңдеу процесі. Жобалау
кезіндегі алынған құжат жоба деп аталады.
Жобалаудың мақсаты – ұйымдастырушылық құқықтық, программалық,
математикалық, техникалық ақпараттарды құру мен таңдау.
Техникалық қамтамасыз етуді таңдау ақпаратты уақытылы өңдеу, толтыру,
сақтау, тасымалдау, тіркеу, жинақтау жұмыстарын қамтамасыз етеді.
Ақпараттық қамтамасыз ету бір ақпараттық жүйе қорының қызметін және
құрылуын, берілген жүйе қорының, деректер қоймасының ақпараттық
массивтерінің жұмысын қамтамасыз етеді. Программалық қамсыздандыруды құру
кезінде тиімді программалық қорларды таңдау және қолданушылардың ережелері
мен программалар комплексін құруды өзіне енгізеді.
Жобалаудың негізгі міндеттері мыналар:
1) Аналитикалық, жоспарлық, есеб жүргізу жұмыстарының ұйымдастырылуын
жақсартуға септігін тигізу,
2) Есепті шығарудың рационалды технологиясын өңдеу мен нәтижелік
ақпаратты алу және құралдарды таңдау,
3) Өндірістік және функционалдық бөлімшелер арасында және
ішіндеақпараттың жүру графигін құру,
4) Іс әрекеттің талдау,есебін жүргізу, жобалау жұмыстарына байланысты
ақпаратты тиімді қолданатын деректер қоймасын құру,
5) Нормативті анықтамалық ақпаратты құру.
Ақпараттық жүйенің жобалау әдісі – бұл сәйкесті жобалау құралдарын
қолдану арқылы ақпараттық жүйені құру әдісі. Жобалау құралдарына типтік
жобалау шешімдері, қолданбалы программалар пакеті, ақпараттық жүйе типтік
жобасы, жобалаудың инструменталды құралдары жатады. Жобалаудың
инструменталды құралдарына жобаны өңдеу кезеңінің қандай да бір жүйесінде
қолданушылардың жұмыс тиімділігін арттыру кезінде қолданатын жобалау
процесстері жатады.
Жобалау құралдары көбінесе бірін бірі ауыстырып отырады, сондықтан да
оларды таңдағанда бір біріне сәйкестендіріп алу керек. Олар бүкіл жобалау
процесін қамтуы керек, қолданғанда жеңіл, қабылданғанда оңай қабылданатын
болуы керек.
Жобалау жұмыстарының дәрежесі бойынша барлық жобалау әдістері
класстарға бөлінеді: оригиналды жобалау, типтік жобалау,
автоматтаныдырылған жобалау.

4 Ақпараттық деректер қоймасын жобалау.

Ақпараттық база – басқару жұмыстарын шешу үшін қолданылатын ақпараттық
массивтер жиынтығы. Сол ретте ол экономикалық объектілердің қызметін
бейнелейді. Қазіргі кезде ақпараттық базаның екі түрі қарастырылады: бөлек
қолданушыларды қамтамасыз ететін массивтер жиынтығы түрінде база құру, бұл
ақпараттық жүйені құрудың бастапқы этаптарына сәйкес болады; Көптеген
қолданушылар қолдана алатын интеграцияланған ақпараттық базаны құру.

2.2. Ақпараттық жүйе мүмкіндіктері

Білімділендіруді ақпараттандыру жағдайында жыл өткен сайын
оқытушының еңбегі күнен-күнге қүрделене түсуде. Оқу пәндерінің мазмұны
өзгеріп, оқытудың жаңа құралдары мен әдістері пайда болуда. Көп жағдайда,
мұғалім еңбегінің күрделілігінің артуы ол өз жұмысында ескеруі қажет ұдайы
өсіп отыратын ақпарат ағымына байланысты болады.
Ақпараттық және телеқатынастық технологиялары құралдарын пайдалану
көбінесе осындай қызметті автоматтандырып, мұғалімге жүктелген жұмыстарды
іске асыруды жеңілдетеді. Осының салдарынан ақпараттандыру құралдарын
педагогикалық қызметте, есеп-қисап жүргізу, жоспарлау және басқару
сияқты істерде осылай пайдалану мектеп оқушылары оқыту жүйесін тиімді
етуге оң әсер ете алады. .
Егер дәлірек айтар болсақ, ақпараттық және қатынастық технологияларды
мұғалімдердің пайдалануы мектеп оқушыларының танымдық қызметін тиімдірек
басқаруға, оқыту мен тәрбиелеу нәтижелеріне жедел түрде бақылау жүргізуге,
оқушылардың білім сапасы жүйесінің тиімділігі мен білімділігі деңгейін
арттыру үшін негізделген және мақсатқа сай шаралар қолдануға, әдістемелік
шеберлігін мақсатқа сай жетілдіруге, мектепте жинақталатын ұйымдастыру
ақпаратына адрес бойынша тікелей тез қол жеткізуге мүмкіндік береді.
Әдетте, мұғалім еңбегін жеткілікті түрде тиімді автоматтандыру мен
әкімшіліктендіру мектепте стандарт бойынша бар компьютерлік техниканы
пайдалану арқылы іске асыруға болады. Бұған кейбір жағдайда қалта
компьютерін қоса пайдалануға болады.
Енді ата-аналар мен жұмыс істеуде ақпараттық технологиялардың рөліне
көшейік.
Жыл өткен сайын компьютерлік телеқатынастарды, Интернет желісін,
алуан-түрлі ақпараттық қатынастық технологияларды пайдалана алатын адамдар
саны өсуде. Бұл компьютерлер мен бағдарламалық жабдықтарды мен жаппай
тарауымен, үй жағдайында пайдаланылатын компьютерлер санының өсуімен,
ақпараттық және телеқатынастық технологиялар пайдаланылатын адам кәсіби
қызметі саласының кеңеюімен байланысты.
Егер бұрын компьютерлік техника мен желі ресурстарын адам
толыққанды пайдалана алмаған болса, ал енді жыл өткен сайын өзінің кәсіби
міңдеттерін орындау барысында немесе үйде жұмыс істеуге компьютер мен
программалық жабдықтарды сатып ала отыра пайдаланады. Осы фактыны
ақпараттық және қатынастық технологияларды пайдаланатын оқушылар ата-
аналары санының өскені ретінде қарастыруға болады. Мысалы, бір не екі ата-
анасы да ақпараттық ресурстар мен Интернет желісінін қызметін
пайдаланылатын оқушылар саны геометриялық прогрессия бойынша өсетіні айқын.

Осыған орай, ақпараттық, баса айтқанда телеқатынастық технологиялар
мектептің педагогикалық ұжымы мен ата-аналардың оқушыларды оқыту мен
тәрбиелеу барысында өз-ара әрекеттесу тиімділігін арттыруға мүмкіндік
беретіндігі сөзсіз.
Алдымен айтқанда, педагогтарға телеқатынастарды атап айтқанда,
электрондық поштаны пайдалану ата-аналарды әр оқушының оқуы мен тәрбие
барысы жайында жеке диалог ұйымдастыру арқылы тез хабар беруге мүмкіндік
береді. Сонымен қатар, ата-аналар мұғалімдерге әр оқушының оқуы үшін
түзетуге қажет мәліметтер туралы хабар беруге мүмкіндік алады.
Бұдан да күрделірек ақпараттық және қатынастық технологиялар
виртуалды ата-аналар жиналысын өткізуге мүмкіндік береді. Осы мақсаттарға
жіберу және телеконференциялар тізімін пайдалану ата-аналардың көп деген
шараларын және оларға жаппай хабар беруді мектепке тікелей барып жиналысқа
қатысуынсыз өткізуге мүмкіндік береді.
Мектептің Интернет желісінде өз сайттының ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Зияткерлік ақпараттық жүйелер
Жадыны Windows NT,Unix операциялық жүйелерінде қорғау
Мультимедиалық технология
Несие операцияларын басқарудың ақпараттық жүйесін тұрғызу ( казкоммерцбанк материалдары негізінде )
Желілік бағдарламалау
Информатика сабақтарының білім сапасын көтерудегі телекоммуникациялық ортаның дидактикалық мүмкіндіктері
Ақпараттық қауіпсіздік түрлері
Астана қаласы әкімшілігінің жастар саясаты бөлімінің айналысатын қызметтерін жеңілдететін автоматтандырылған жүйесі
Қонақ үй бизнесі жайлы
CRM – жүйесі
Пәндер