Оқушыларды адамгершілікке тәрбиелеудің мазмұны


Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 20 бет
Таңдаулыға:   

Мазмұны

І тарау. Оқушыларды адамгершілік тәрбиелеудің педагогикалық-психологиялық негіздері

1. 1. Адамгершілікке тәрбиелеудегі ұлы адамдар мен педагогтардың ойлары

1. 2 Оқушыларды адамгершілікке тәрбиелеудің мазмұны

ІІ тарау. Бастауыш сынып оқушыларын адамгершілікке тәрбиелеудің жолдары жолдары

2. 1 Адамгершілік тәрбиесінің мектептегі бағыттары

2. 2 Бастауыш мектеп оқушыларын адамгершілікке тәрбиелеудің әдіс-тәсілдері мен ерекшелігі

2. 3 Өз тәжірибемнен тәрбие сағатының жоспары

Қорытынды

Пайдаланылған әдебиеттер

Қосымша

Кіріспе

Зерттеудің көкейтестілігі:

Қазақстанның тәуелсіз мемлекет болуы білім заңының қабылдануы болашақ ұрпақ тәрбиесіне жаңаша қарауды, оны қарастырудың тиімді жолдарын нақты айқындауды талап етеді. Еліміз егемендік алып, еркін даму жолына түскен жылдары қазақ халқының санасында. Әлем өркениетінің құлаш ұрған ғылым мен мәдениетті тұспалдаса дамып келе жатқан елеміздің асқақ мұратының бірі - ұрпақ тәрбиесі. Оқыту мен тәрбие жүйелерінде жаңаша бетбұрыс, әдіс-тәсілдер жинақтала бастады. «Адамгершілік белгісі - иіліп сәлем бергенге» деген сөзді халық бекер айтпаған.

Адамгершілігі аса жоғары кісіні халық «иманды» деп құрметтейді, адамгершілік тәрбиені бұзған адамды «имансыз» деп түңіледі. Имансыз қылық жасағандар, яғни адамгершілік міндетке жеңіл-желпі қарап, оны бұзғандар әрі кінәлі, әрі күнәлі болып, ерте ме, кеш пе әйтеуір жазасын тартатын болады. Адамгершілігі ар ұяты бар адамның бет бейнесі, иманжүзділігі жарқын, биязы, өзі парасатты келеді.

Осындай аса жауапты міндеттердің баянды болуы жас республикамыздың ертеңгі қажеттілігі елін, жерін сүйетін отаншыл, адамгершілігі мол, иманжүзді, білімді, ата-баба әдет-ғұрпын, салт-дәстүрін бойына сіңірген, оны қастерлей білетін адамзат өсіруді ұстану басты тәрбие құралымыз.

Зерттеудің объектісі: Мектеп оқушыларын тәрбиелеудегі адамгершілік тәрбиесінің рөлі.

Зерттеудің мақсаты: Бастауыш сынып оқушыларының адамгершілік сезімін оятып, жан-жақты саналы азамат ретінде қалыптастыру.

Зерттеудің міндеттері: 1) Педагогикалық, психологиялық оқулықтарға талдау жасау. Ұлылар мен ғалымдардың ой пікірлері мен тұжырымдамаларын жинақтау. 2) Бастауыш сынып оқушыларын тәрбиелеудің әдіс-тәсілдері мен бағыттарын ерекшелеп алу. Адамгершілік тәрбиесінің түрлеріне тоқталу.

Зерттеу әдістері: Бақылау, философиялық, педагогикалық, психологиялық еңбектерге талдау, анкета т. б.

1. 1 Адамгершілікке тәрбиелеудің негіздері

Адамгершілік тәрбиесі жастардың қоғамға, отбасына, еңбекке, білімге, Отанға, жер бетіндегі бейбітшілікке қатынасын қалыптастырады. Осы заманғы адамгершілік тәрбиесі жекелеген бағыттарға ғана емес, адамгершілік құндылықтарға негізделеді.

Адам ең әуелі адамгершілігімен, парасатының биіктігімен көрікті.

Мәдениеті жоғары адам айналасындағыларемн қарапайым-қарым қатынаста болады.

Адамгершілік тәрбиесі оқушылардың адамгершілік ұғымы, принциптері, мінез-құлық нормалары жайындағы біліммен кемелдендіреді. Оқушылар оларды оқып үйреніп оқу, тәрбие, еңбек процестерінде іске асырғанда адамгершілік олардың сеніміне айналады.

Адамгершілік қатынастар-моральдық нормалармен өлшенеді.

Моральдың негізгі міндеті - адамның мінез құлқын тәрбиелеу, осы арқылы олардың бойында әдеп сақтау қатынастарын қалыптастыру, адам мен қоғам арасындағы қатынасты реттеу.

Адамгершілік тәрбесі оқушылардың моральдық сенімдерін, жағымды мінез-құлық дағдылары мен әдеттерін қалыптастырады.

Адамгершілік тәрбиесінің теориялық мәселесі әл-Фараби, Ыбырай, Абай, т. б. еңбектерінде кеңінен қолданыс тапқан.

Әл - Фараби «Адам өз өмірінің қожасы, сондықтан өз бағытын өзі жасауы керек. Ол не нәрсеге де ұқыптылықпен қарап, жиған-тергенін орынсыз шаппай, кез - келген адамға сырын ашпай, өзінің мақсат-мүдделері жөнінде достарымен ғана бөлісіп отыруы керек. Осылайша өмір сүрген адамның ғана ар - ожданы таза болады» деген.

Абай адамгершілік, әдептік нормалары жайында көптеген пікірлер қалдырды.

Оның бірінші қоятын талабы - мораль жағынан ұстамды, таза болу, сыпайы мінезді, жақсы құлықты, әділетшіл, шыншыл болу. «Әдепсіз, арсыз, байлаусыз, сұрамсақ, өсекші, өтірікші, алдамшы, кеселді сияқты жаман мінездер мен әдеттерден, жарамсыз қылықтардан сақтанып, өзін одан жоғары санап, ондай қылықтарды бойына лайықсыз көрсе ғана, адам парасатты болады». Абайдың қоятын екінші талабы - тұрақтылық. «Қылым дегенін қыларлық, тұрам дегеніне тұрарлық, мінезде азғырылмайтын ақылды, арды сақтарлық беріктігі, қайраты бар болсын» дейді.

Үшінші талабы - әділетшілдік. Әлеуметтік міндеті - дүниені белсене құрушы адамның бірі болып, халқы, Отан үшін қызмет істеуі.

Ақын мейірімділік қасиетке тараң мән береді (төртінші қара сөзі) .

Қазақ халқы - мәдени бай мұрасы, өзіне біткен табиғи ерекшелігі бар, сергек ой, сезімтал жүрек, дәстүрлі тәрбие, әдіс - тәсілдері бар халық. Қазақ топырағында туып, білім алған, кейінгі ұрпаққа өшпес мұра қалдырған ұлы тұлғалар: Әбу-Насыр әл-Фараби, Жүсіп Баласағұн, Махмұт Қашқари, Ш. Уәлиханов, Ы. Алтынсарин, А. Құнанбаев, А. Байтұрсынов, С. Торайғыров, М. Сералин, М. Әуезов, С. Мұқанов, С. Көбеев, Б. Момышұлы, М:Ғабдулин, т. б. ойшыл ғалымдар мен ақындар ғылымының әр саласы мен әдебиеттің, мәдениеттің дамуына игі ықпал жасады.

Тәлім-тәрбие берудің басты саласының бірі - ұлтжандылық, халқы үшін адал қызмет ету. Ұлтжандылықтың, елін сүюдің ғажайып күш екендігін терең сезінген ежелгі қазақ ақын - жыраулары, ойшылдары өз шығармаларына осы тақырыпты үнемі арқау етті, көп көңіл бөліп, халықты елі үшін жанын пида етуге, жастарды елжандылық рухта тәрбиелеуге баса көңіл бөлді. Мысалы, 17-18 ғасырда өмір сүрген жырау, қолбасшы батыр, қоғам қайраткерлері Ақтамберді Сарыұлы:

Жауға шаптым ту байлап,

Шепті бұздым айғайлап,

Дұшпаннан көрген қорлықтан

Жанды жүрек қан қайнап.

Ел-жұртты қорғайлап

Өлімге жүрміз бас байлап, -

деп елінің бас бостандығы үшін жаумен жан аямай, кескілесе күресуге шақырады.

Профессор М. Ғабдуллин өзінің «Ата-аналарға тәрбие туралы кеңес» еңбегінде «Бүгінгі жастарды ұлтжандылық рухта тәрбиелеуде ақын-жыраулардың өнеге сөздерінің белгілі мөлшерде пайдасы бар екені хақ. Мұндағы тәрбиелік мәні бар әңгімелер жастарға жат емес. Халықты сүй, халық үшін ерлік еңбек ет, ел-жұртқа қорған бол деушілік қазіргі күнде ескірген сөздер емес, қайта мағыналы, мәнді сөздер. Сондықтан бұлардың ішінен жастарымызды тәрбиелеуде әсер ететіндерін таңдап алып, орнымен пайдалана білсек, нұр үстінен нұр болар еді» дейді.

Осы тұрғыдан алғанда қазақтың ұлы ойшылдарының кемеңгерлік ой-пікірлерін оқу-тәрбие ісінде орынды пайдалана отырып, оқушы-жастарды ұлтжандылыққа тәрбиелеу-әрбір тәрбиеші ұстаздың басты парызы.

Әскери ұлтжандылық тақырыптарына ой толғаған жауынгер жазушы, тәлімгер педагог Б. Момышұлы жас жауынгерлерді ерлік, ұлтжандылық, Отанын, елін, жерін сүю, ұлттар достығына тәрбиелеу қажеттілігін өз шығармаларының арқауы етті. Ол ұлттық дәстүрді, елжандылықты жастардың қанына сіңіруде мақал-мәтелдердің, батырлар жырларының, терме-толғаулардың мәніне тоқталады.

Жеткіншек ұрпақты тәрбиелеуге қажетті негізгі адамгершілк қасиет, С. Көбеев жастарды елжандылыққа тәрбиелеуде география, жаратылыстану, тарих пәндерінің маңызын атай келіп, оқушыларды елжандылық пен ерлікке тәрбиелеуде алуан түрлі қоғамдық істерді пайдалану керектігін, әсіресе, өлкетану мұражайларына және мәдени-әдеби мұраларды да тиімді пайдалану керек дейді.

Еліміз егемендік алып, мемлекет ретінде қалыптасты. Экономикадағы, саяси-әлеуметтік, ғылым салаларындағы жетістігіміз мақтануға тұрарлық. Осы жетістіктер аясында жас ұрапақты Отанға деген сүюге, ол үшін аянбай қызмет етуге тәрбиелеу - әр педагогтың басты міндеттерінің бірі.

1. 2 Адамгершілік тәрбиесінің мазмұны

Адамгершілік тәрбиесінің құрамды бөлігі - ұлтжандылық, елжандылық, отаншылдық (патриоттық) қасиеттер.

Патриоттық сезім және ұлттық құндылықтарды құрметтеу арқылы Отанға деген сүйіспеншілік артып, оның қуатты, тәуілсіз болуы үшін жауапкершілікті сезіну пайда болады.

«Патриот» деген сөз, гректің patris - отан деген сөзі, ең бірінші рет 1789-1793 жылдары Франсуз төңкерісі кезінде қолданылды. Монархияға қарсы күресіп ревалюцияны қорғаушыларды патриоттар деп атады. В. И. Даль сөздігінде: Патриот - отанын сүюші, оның қуатын арттырушы, отаншыл - деп жазылса, басқа сөздікте «патрион-отанын сүюші, өз халқына берілген, ол үшін жанын қиып, отанын қорғау үшін ерлік көрсететін адам» - делінген. Филосоия сөздігіндегі «патриотизм - Отанды сүю, оған берілгендік, оның өткені мен болашығы үшін мақтаныш, Отан мүддесін қорғауға ұмтылу». Педагогикадағы анықтамасы: адамгершілік сапа, Отанға берілуді қажетсіну, оны сүю және адалдық көрсету, оның даңқын сезіну, рухани байланысын сезіну, ар-намысын қорғау, қуаты мен тәуелсіздігіне іс жүзінде үлес қосу.

Ұлтаралық қарым-қатынас мәдениеті ұлтаралық экономикалық және рухани байланыстарды көрінеді. Адам басқа ұлт өкілдерін құрметтейді, оның тіліне, ұлттық әдет-ғұрпына, салт-дәстүрлеріне тіл тигізбейді.

Патриотизм ұғымына енетіндер:

  • адамның туған жерін сүйіп, өз халықының тілін құрметтеуі, Отанның мүддесін қорғау, азаматтық көрсетуі және Отанға адалдықты сақтау;
  • елінің әлеуметтік және мәдени салаларда жеткен жетістіктеріне мақтану;
  • оның ар-намысын, еркіндігі мен тәуелсіздігін қорғау;
  • өткен тарихын, халқының әдет - ғұрыптарын, салт - дәстүрлерін құрметтеу, Отан игілігі үшін еңбек ету.

Ұлтаралық қарым-қатынас мәдениеті мазмұнына енетіндер:

  • әр түрлі елдің және ұлттардың халқын құреттеу
  • басқа халықтардың тілін, әдет-ғұрыптарын және салт-дәстүрлерін сыйлау
  • басқа халықтардың рухани өмірі мен мәдениетіндегі жетістіктерге оң баға беру
  • олармен жақсы қарым-қатынаста болу.

Патриотизм мен ұлтарылық қарым-қатынас мәдениетін қалыптастыру үшін істелетін тәрбие жұмыстары.

Бұл аса аяулы сезімдерді балалардың бойына ұялата білудің жолдары көп болғанымен, 4 саласына тоқталсақ. халқымыздың баланы жақсы, жаман болуы оның жаратылысынан деген қағиданы келтіреді. Шындығында бала әке, шешесінің бір-біріне деген таза сезімінен жаратылуы, ана құрсағында ортаның, үлкендердің қоғамның ықпалында дамып жетілуі, ана бауырында уызына тойып, ана сөзінің үніне бағынып өсуі, жаратылысының дұрыстығы.

  • Баланың ата-анасымен, өскен ортасымен ана-тілінде қарым-қатынасқа түсуі
  • Бала өзінің әке-шешесі, ата-бабасы өсіп өнген жерінде өсуі, тұрған-туған жерінің қадір-қасиетін, табиғат сырын терең ұғынып, болашақ жалғастыратын ұрпақ екендігін сезініп өсуі, өз өлкесінің суын, нуын қастерлей білуі, ұғынуы
  • Баланың туған халқының елдік, ұлттық тарихын білуі, оның ащы -тұщы кезеңдеріне мән беріп өсуі

Жас ұрпақты адамгершіліукке тәрбиелеуде ұлттық сана мен мінез ерекшелігінің орны ерекше.

Ұлттық тәрбие жүйесінің негізі ретінде Мұхтар Шахпановтың мына бір өлең жолдарында жырланған төрт ана, төрт құндылық, төрт негізді ұсынамыз.

«тағдырыңды тамырсыздық індетінен қалқала,

Әр адамның өз анасынан басқа

Жебеп тұрар, демеп тұрар арқада

Болу крек құдіретті төрт ана:

Туған жері - түп қазығы айбыны,

Туған тілі сатылмайтын байлығы.

Туған дәстүр, салт-санасы тірегі,

Қадамына шуақ шашар үнемі

Және туған тарихы еске алуға қаншама

Ауыр әрі қасіретті болса да

Төрт анаға жағдай жасай алмаған

Пенделердің басы қайда қалмаған

Төрт анасын қорғамаған халықтың

Ешқашанда бақ жұлдызы жанбаған.

Қасиетті бұл төрт ана - тағдырыңның тынысы,

Төрт ана үшін болған күрес - күрестердің ұлысы»

Ұлттық қадір - қасиет дәстүрлер мен әдет - ғұрыптар ұрпақтан-ұрпаққа жалғасып, біздің заманымызға дейін жетіп отыр.

Халқымыздың рухани бейнесін әдебиет, өнер, ғылым, мінез-құлық, ұлттық сезім, әдет-ғұрыпетар, т. б. бейнелейді.

2. 1 Мектепте берілетін адамгершілік тәрбиесінің бағыттары

Әдептілік, имандылық, мейрімділік, қайырымдылық, ізеттілік, қонақжайлық құндылықтары қалыптасқан халқымыздың асыл, абройлы қасиеттерін жас ұрпақтың ақыл-парасатына азық ету үшін, әрбір тәрбиелі ұстаз, халық педагогикасын, салт-дәстүрлерді, әдет-ғұрыптарды жан-жақты терең біуі қажет.

Жетілген мінез-құлық үш нәрсенің - жүректің ақылдың және қолдың бірлігі мен келісімі. Бала өз жүрегін тыңдауға үйренсе, жүрегінің айтқанын істейтін болса, өмірден өз орнын табады. Адам баласының өмір тәжірибесінде қалыптасқан үлкендерге құрмет көрсету ізеті өшпес дәстүрге айналған. Адамгершілік тәрбиесін төмендегі кестеден бөліктерге бөліп көруге болады.

  1. Халықты азаматтық, гуманистік рухта тәрбиелеу. «Ел боламын десең, бесігіңді түзе» М. Әуезов

2. «Елдің ерлігі елінен табылар,

Елдің байлығы жерінен табылар»

Жүсіп Баласағұни

3. Экологиялық тәрбие

4. Қыздар тәрбиесі. Жастарды отбасылық өмірге тәрбиелеу. Жыныстық тәрбие

Діни - рухтың тәрбие

Дінге қөзқарас өзгеруіне байланысты елімізде жер-жерлерде діни медреселер ашылып, балаларды имандылыққа баулуда игіліті іс-шаралар іске аса бастадв. Жалпы білім беретін орта мектептерде діни-рухтық тәрбиеден хабардар ете бастауға болады. Балалардың жасына, білім дәрежесіне қарай діни-моральдық ахуалмен таныстыратын, балалар бойына адамгершілік, мейрімділік, болашаққа сенім, тазалық пен пәктік сияқты қасиеттерді түсіндіретін хадистарді үйрете беруге болады. Мұхаммед пайғамбардың хадистерін, мұсылмандықтыиң бес парызын, Халифа Алтайдың «Ғылымхалін», Абайдың «Қара сөздеріндегі» діни - рухтық идеяларды және қасиетті Құранның сүрелерінен бала қабылдауына лайықтарын үйрете беру артық емес. Мұғалім молда не діни лауазымды кісілермен кездесулер ұйымдастырып, діни-рухтық тәрбие сағаттарын жүргізе беруне болады. Діни-рухтық тәрбиенің ең негізгі мақсаты - баланың өзіне сенімін қалыптастыру, өзін-өзі тәрбиелеуге баулу.

Қыздар тәрбиесі

Қыз бала қай халықта болмасын әдемілік пен әдептіліктің, сұлулық пен іңкәрліктің символы. Халқымыз қыз психологиясының ерекшелігін түсіне білген. Отбасы, әке-шешесі, аға-жеңгелері, бойжеткен қызын жібектей мінезімен, уыздай тәтті қылығымен, іскерлік-ұқыптылығымен, сыпай-салмақтылығымен, әдепті - ізеттілігімен көргісі келген. Олардың кішкентайынан көзінің қарашығындай сақтап, жаны мен арының таза, мінезінің жайсақ болуын қадағалап отырған, олардың мінездерінің өзгергіштігін ескеріп, «қырық үйден тыю» керектігін үнемі ескеріп отырған.

Сұлулық пен сымбаттылықты, шеберлік пен іскерлікті қажетсінетін үй ішілік еңбекке (кесте тігу, өрнек, кілем тоқу) көркем сөз, ән-күй, айтыс секілді өнерге баулуды - бойжеткен тәрбиесінің басты міндеті санаған.

Халқымыздың ұлттық дәстүрдің бір ерекшелігі - ақыл-кеңесті жас ұрпақ санасына, әсіресе қыз балаға тұспалдап, астарлап жеткізу. Мысалы, «Келінім саған айтам, қызым сен тыңда».

Қыз тәрбиесінде күш көрсету, қорқыту тәсілдерінен бойды аулақ ұстап, мәпелеу, сендіру, үлгі өнеге әдістеріне ерекше мән берген.

Олар: ізетті болу, әсем киіну, әкені күту, шешені сыйлау, дөрекі сөйлемеу, қабақ шытпай жүру, үлкендердің алдын кесіп өтпеу, ұқыпты болу, өсек айтпай, ұрпақ тәрбиесінен хабардар болу, ұлт дәстүрін құрметтеу, ана тілін ардақтау, орынсыз сөз айтпау, арқан жіп есе білу, сиыр сауабілу, кілем тоқып, кесте тіге білу, т. б. секілді мінез-құлықтық қасиеттер мен дағды икемділіктері. Отбасында, бала бақшасында, мектепте, көпшілік орныдарда қыз абройын тәрбиелеу баршамыздың міндетіміз.

Отабасы өміріне даярлау

Әр халықтың дәстүр-салтындағы келін түсіріп, қыз ұзату, баланы үйлендіріп, ұрпақ жалғастыру мәңгілік құбылыс.

Осы заманға лайықтап, өткеннің мұратын байыптап жастардың жұбайлық өмірінің дұрыс бағытталуына бағыт-бағдар беру - қоғам мен мектептің, ата-ананың, бүгінгі тыныс тіршілігіміздің маңызды шаруасы.

2. 2. Бастауыш мектеп оқушыларын адамгершілікке тәрбиелеудің әдіс-тәсілдері мен ерекшелігі

Адамгершілік мағлұматтар мен ұғымдардың қалыптасу дәрежесі мектеп оқушыларының адамгершілік даму дәрежесінің мәнді көрсеткіші болып табылады. Оларды қалыптасыру жөніндегі мақсатты түрдегі жұмыс тәрбие ісіндегі маңызды міндет болып саналады.

Балалардың адамгершілік жағынан сауатынынң мазмұнын анықтағанда және олармен этикалық әңгіме өткізге дайындық жасағанда мұғалім, ең алдымен, балалардың бұл бағытта қандай мағлұматтарға ие екенін біліп алуы керек.

Арнайы жүргізілген зерттеулердің нәтижесінде бірінші сынып оқушыларының жақсы және жаман қылықтарды өз бетімен айыра алатындығы анықталды. Егер де балаларға өз қатарластарының әр түрлі сипаттағы қылықтары бейнеленген суреттер көрсетілсе, олар ешбір қиналмастан оларды іс-әрекетінің дұрыс, бұрыстығын айтып береді.

Балалардың адамгершілік мағлұматтарының ішіндегі толығы да, әр түрлісі де жолдастық жайындағы мағлұматтар. Төменгі сынып оқушыларының жолдастық жөніндегі ұғымында өз құрбыластарының моральдық қылықтарын сипаттау үлкен орын алады. 1-3 сыныптардағы балалар жолдас қайырымды, достыққа адал, кешірімді болуға кекшіл, сараң болмауы тиіс деп есептейді. (1-қосымша)

Төменгі сынып оқушыларының түсінігінде жақсылық пен қайырымдылық дегеніміз - басқаларға көмекке келе білу, жолдастыққа деген жомарттық, ықыластылық деген сөз. 3-сыныпта көптеген балалардың қайырымдылық жөніндегі түсініктері кеңейе түседі («көмектеседі», «кішкентай балаларды ренжітпейді», «қорғайды») алайда олардың көбі қайырымдылықтың басқаларға әсерін ойластыра бермейді. Балалардың жас ерекшелігі, тәрбие жұмысындағы көп кемшілік осы ретте көрініс береді. Олардың назары көбінесе қайырымдылықтың материалдық көріністеріне (береді, көмектеседі) ғана аударылады да қайырымдылық пенжолдастықтың рухани көмек, ықылас, жылы сөз арқылы көрініс табуына көңіл бөліне бермейді.

Мектап тәжірибесінде адамгершілік нормалары мен ережелерін хабарлау және түсіндіру жұмысы оқыту процесі үстінде, балалардың күнделікті өмірі мен қызметі кезінде және арнайы жоспарланған әңгімелерде жүзеге асырылады.

Адамгершілік нормалары туралы білімдер оқыту процесінде, негізінен алғанда оқу жәнетіл дамыту сабақтарында хабарланады. Тіпті К. Д. Ушинскийдің өзі баланың адамгершілік жағынан қалыптасуына олардың кітап оқуына көңіл бөлудіатап өткен. Ол кез-келген туынды балаға өмірдің белгілі бір қырын танытатындай айтқан-ды. Көркем әдебиетте адамгершілік идеяларға байланысты бай материал бар. төменгі сынып оқушылары кітап оқығанды ондағы кейіпкерлердің адамгершілік қылықтарынаеліктейтін болады. Олар қайырымдылық пен жауыздыққа баға беруде турашыл және ымыраға келмейді, кітап кейіпкерімен бірге шындық пен әділеттілік үшін күресуге әзер тұрады.

Балаларды қоршаған ортамен таныстыру жаңа білім жинақтаудың аса маңызды қайнар көзі. Бұл балаларды табиғатқа, қала (село) ішінде, өндіріске экскурсияға шығару. Балалар бұл экскурсиялар кезінде адамдардың қоғамдық өміріне, олардың еңбегіне, өзара қарым-қатынастарының адамгершілік көріністерін бақылау жасап үйренеді.

Мұғалім өзі балалардың назарын бірден көзге түсе қоймайтын, байқалмай өтеб беруі мүмкін құбылыстарға аударып отыруы тиіс. Мұның үстіне оқушыларға олардың өздері қоршаған ортадан өз беттерімен білімдер ме мағлұматтар іздеп табуға мәжбүр етерлік тапсырмалар мен сұрақтар беріледі.

Мораль мәселесін сөз ететін кинофильмдер мен қоғамның күнделікті өмірі үшін, оқушы ұжымының өмірі үшін қажетті этикалық нормаларды қалыптасытрудың бай қайнар көзі болып табылады. Балалар өз құрбыластарына арналған фильдерді қашан да рахаттана көреді, олар бала бойында айқын әсер, терең толағаныстар тудырады, сөйтіп осы арқылы бала сезімі белгілі бір адамгершілік ұғымдарға бөлінетін болады.

Адамгершілік ұғымдарды жианудың және бір аса маңызды көзі - балалардың өз жеке басының тәжірибесін ой елегенен өткізіп ұғынуы. Адамгершілік нормаларын игеру адамдармен қарым-қатынас үстінде, дұрыс және теріс қылықтарды жүзеге асырып, соалрға қуанып, ренжу кезінде жүзеге асады. Бұрыннан бар адамгершілік мағлұматтар баланың өз тәжірибесінің жинақтауы, жасалған әрекеттері мен қылықтарды жүзеге асырып, соларға қуанып, ренжу кезінде жүзеге асады. Бұрыннан бар адамгершілік мағлұматтар баланың өз тәжірибесінің жинақталуы, жасалған әрекеттері мен қылықтарды өзінің түсінуі арқылы үздіксіз байи түседі.

Бастауыш сыныптарда балалармен мораль туралы әңгімелерді жүйелі жүргізу өте маңызды. Нақты сынып өмірінен туатын жағдайларға байланысты әңгімелер өткізумен бірге алдын-ала аррнайы жасалаған, балаларға адамгершілік тәрбие беру жұмысын жан-жақты қамтитын жоспар бойынша әңгімелер өткізіп отыру қажет.

Этиаклық әңгімелер өткізу практикасын зерттеу, мұғалімдердің бұл әңгімені әр түрлі тақырыптарда жүргізетіндігін көрсетеді. Мұндай әңгімелер жолдастық және достық, адалдық, еңбек сүйгіштік, мінез-құлық мәдениеті туралы жиі өткізіледі. Кішіпейілділік, ілтипаттылық, әділеттілік, тілектестік, парыз, табандылық туралы әңгіме өте аз өткізіледі.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Мектептегі оқу тәрбие үрдісінде оқушыларды рухани адамгершілікке тәрбиелеу
Бастауыш сынып оқушыларына ұлттық тәрбие беру үлгісі
Қиын оқушыларды этнопедагогика құралдары арқылы адамгершілікке тәрбиелеудің теориялық негіздері
Бастауыш оқушыларының адамгершілік тәрбиесі
Мектеп оқушыларын адамгершілікке тәрбиелеудің негізгі бағыттары
Дене тәрбиесіне байланысты салт - дәстүрлер
Бастауыш сынып оқушыларын адамгершілікке тәрбиелеуде халық
Ыбырай Алтынсарин шығармалары арқылы бастауыш сынып оқушыларының адамгершілік қасиеттерін қалыптастырудың әдістемесі
Ауыл мектебі оқушыларының адамгершілік қасиетерін қалыптастыру
Адамгершілік тәрбие туралы түсінік
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz