Сабақтың мақсатын анықтау



Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 20 бет
Таңдаулыға:   
Мазмұны

Кіріспе
3
Негізгі бөлім
1. Сабақтың мақсатын анықтау
1.1 Сабақтың құрылымы және оған қойылатын негізгі талаптары 4-
12
2. Сабақтың жоспар – конспектісін, құрылымын қарастыру
2.1 Тақырыптық және жеке сабақтардың жоспары
13-16
2.2 Сабақта оқушылардың өзіндік, жеке дара, топтық және ұжымдық танымдық іс-
әрекеттері
17-20
III. Қорытынды
21
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі
22

Кіріспе

Қазіргі кездегі сабақты жетілдіру жұмыстарының ішіндегі негізгі
мәселелерінің бірі – оның түрлері мен құрылымы. Қоғам дамыған сайын оқу
жүйесінің қайта құрылатындығы және соған орай оқытудың мазмұны, әдіс-
тәсілдерінің де өзгеріп, жаңарып отыруы сөзсіз.
Сонымен қатар, сабақты жіктеу әрбір пәннің ерекшеліктеріне,
оқушылардың жас және таным ерекшеліктеріне де байланысты болып келеді.
Сабақ құрылымын белгілеу - оқу жұмысын неғұрлым айқын және дұрыс
ұйымдастыру үшін маңызы ерекше. Мұның өзі мұғалімнің сабақ жоспарын
құрудағы аса елеулі кезеңі болады. Сөйтіп, сабақ түрін жіктеу және
құрылымын құру өзара байланысты, бірақ әрқайсысының өзіне тән өзгешелігі
болады. Сабақ классификациясы (жіктелу) – Сабақтарды құрылысы жөнінен
топтастыру, түрге бөлу. Дидактикада сабақ классификациясын анықтауға
айрықша маңыз береді. Бұл мәселе турасында педагогикалық ғылыми еңбектерде
ортақ пікірлер әлі де қалыптаспаған. Қоғам дамыған сайын оқу жүйесінің
қайта құрылатындығы және соған орай оқытудың мазмұны, әдіс-тәсілдерінің де
өзгеріп, жаңарып отыруы сөзсіз.
Курстық жұмыс тақырыбы. Сабақтың мақсатын таңдап алынған тақырып
үлгісінде анықтау. Сабақтың жоспар – конспектісін құрастыру
Курстық жұмыс тақырыбының өзектілігі. Мұғалім сабақтар жүйесінде
дидактикалық бірнеше мақсаттарды жүзеге асырады. Демек, оқушыларға жаңа
білім береді, оны өмірде, практикада пайдалану жолын үйретеді, өткен оқу
материалын қайталап қорытады, сонымен бірге оқушылардың білім көлемі мен
сапасын сынап, оны бағалайды. Қарастырып отырған курстық жұмыстың тақырыбы
Сабақтың мақсатын таңдап алынған тақырып үлгісінде анықтау. Сабақтың
жоспар – конспектісін құрастыру деп аталады. Курстық жұмыстың өзектілігін
толығымен ашып көрсету мақсатында төмендегідей мақсат – міндеттерге
сүйенеміз.
Курстық жұмыстың мақсаты мен міндеттері. Сабақта қойылатын мақсатқа
сәйкес және оқушылардың жас ерекшеліктері мен таным қабілеттеріне
орайластырып жаңа білімдердің баяндалуы, оқушыларға сабақтың түсінікті
түрде жеткізілуі міндеттеледі.
Курстық жұмыстың құрылымы. Кіріспеден, негізгі бөлімнен, екі
тараушадан, қорытындыдан және пайдаланылған әдебиеттер тізімінен құралады.

3
Негізгі бөлім
1. Сабақтың мақсатын анықтау
1.1 Сабақтың құрылымы және оған қойылатын негізгі талаптары

Қазіргі кездегі сабақты жетілдіру жұмыстарының ішіндегі негізгі
мәселелерінің бірі – оның түрлері мен құрылымы.
Мектеп тәжірибесінде бір типті сабақтар болмайды. Сондықтан, оқыту
жұмысын жүйелі әрі нәтижелі жүргізу үшін, оны топтастырудың мәні орасан
зор. Сол себептен әрбір мұғалімнің сабақ классификациясын ойдағыдай білуі
шарт.
1. Сабақтың мақсаты айқын, мазмұны, жоспары және оның құрылымы алдын-ала
белгілі болуы тиіс.
2. Сабақ оқыту принциптерінің ережелері мен талаптарына сәйкес болуы қажет.
3. Сабақтың ғылымы мазмұны оқушылардың жас және дара ерекешеліктеріне сай
ұғынымды, түсінікті болуы керек. Сондай-ақ сабақта оқушылардың бойында
біліктер мен дағдыларды қалыптастыру міндеті жүзеге асырылуы тиіс.
4. Сабақтың мазмұны оқытатын пәннің бағдарламасына сәйкес болуы және әрбір
сабақ басқа сабақтар жүйесінің буыны болу міндетті нәрсе.
5. Сабақта оқушылардың білімге ынтасы мен қызығуын арттыру үшін сабақтың
құрылымы мен әдістерін түрлендіріп, көрнекі және техникалық құралдарды,
түрлі ойындарды тиімді қолдану керек. ”Баланың ынтасын арттыру үшін
оқытылатын нәрседе бір жаңалық болуы керек” – деп Ж.Аймауытов жайдан-жай
айтпағанын ескеру керек.
6. Сабақта оқушылардың белсенділігін арттыру үшін проблемалық ситуациялар
туғызып, проблемалық міндеттер мен тапсырмаларды орындауға басшылық ету
қажет.
7. Сабақтың сапасын жақсарту үшін мұғалім оқушылармен қарым-қатынас жасау
шеберлігін арттырып отыруы керек. Педагогикалық қарым-қатынас мұғалімге
оқушылармен рухани байланыс жасау және қарым-қатынас арқылы білім алу
керек деген қағиданы іске асыру пайдалы.
8. Сабақта оқушыларға білім берумен қатар оларды өздігімен білім алудың
әдіс-тәсілдеріне үйрету міндет.
9. Сабақ оқытудың білім беру, тәрбиелеу және дамыту қызметін біртұтастық
принципке сай жүргізуі тиіс.

4
10. Сабақтың дидактикалық құрылымы немесе кезеңдері бірізділікте, бір-
бірімен өзара байланыста, бірін-бірі толықтырып тұрулары қажет.
11. Сабаққа дайындалу және оны өткізу барысында мұғалімнің сыныптағы,
мектептегі нақтылы жағдайды (оқу кабинетінің жабдықталу, оқу-техникалық,
көрнектілік құралдарының нақты қолда болуы, тұрғылықты жердегі табиғат,
өндіріс ресурстарын пайдалану т.с.с) ескеріп отыруы шарт. [2. 343б]
Сабақ классификациясы (жіктелу) – Сабақтарды құрылысы жөнінен
топтастыру, түрге бөлу. Дидактикада сабақ классификациясын анықтауға
айрықша маңыз береді. Бұл мәселе турасында педагогикалық ғылыми еңбектерде
ортақ пікірлер әлі де қалыптаспаған. Қоғам дамыған сайын оқу жүйесінің
қайта құрылатындығы және соған орай оқытудың мазмұны, әдіс-тәсілдерінің де
өзгеріп, жаңарып отыруы сөзсіз.
Сонымен қатар, сабақты жіктеу әрбір пәннің ерекшеліктеріне,
оқушылардың жас және таным ерекшеліктеріне де байланысты болып келеді.
Мысалы, И.Н.Казанцев сабақты жіктеуді оқу материалының мазмұны мен
дидактикалық мақсатына және өткізу әдісіне қарай белгілесе, С.В.Иванов
оқыту процесінің ерекшеліктеріне қарай анықтайды. Ал, Данилов пен Есипов
сабақтың негізгі дидактикалық мақсаттарына қарай құрады. Бұлардың сабақ
түрлерін топтастыру ұстанымдары әр түрлі болғанымен де, ішкі мазмұндары бір-
біріне өте ұқсас келеді.[4. 142б]

И.Н.Казанцев бойынша:
1. Алғашқы сабақ – әр пәннен оқу жылының басында өтетін сабақтар.
2. Кіріспе сабақ – бағдарламаның күрделі тараулары мен тақырыптарынан
өтетін бірінші сабақ.
3. Жаңа білімді меңгеру сабағы – жаңа оқу материалы өтетін сабақ.
4. Пысықтау сабағы – өткен оқу материалын пысықтау сабағы.
5. Жаттығу сабағы – оқушылардың білімі мен дағдысын жаттықтыру сабағы.
6. Тәжірибелі сабақ – оқушылардың алған білімін өмірде қолдану жолдарын
көрсететін сабақтар.
7. Қайталау-қорыту сабағы - өткен күрделі тараулар мен тақырыптарды
қайталау –қорыту сабақтары.
8. Тексеру сабағы – оқушылардың білімін тексеретін сабақтар.
9. Білім сапасын бағалау сабағы – оқушылардың алған білімін бағалау
сабақтары.
10. Қорытынды сабақ – оқу жылының ақырында әр пәннің жылдық курсын қорыту
сабақтары.

5
С.В.Иванов бойынша:
1. Кіріспе сабақтар.
2. Оқу матиралымен алғашқы рет танысу сабағы.
3. Жаңа білімді меңгеру сабағы.
4. Меңгерген білімді тәжірибеде қолдану сабағы.
5. Дағдылану сабағы.
6. Қайталау, пысықтау және қорыту сабағы.
7. Бақылау сабағы.
Б.П.Есипов бойынша:
1. Аралас сабақтар.
2.Жаңа оқу материалымен танысу сабағы.
3. Пысықтау сабағы.
4. Қайталап жинақтау, қорыту сабағы.
5. Оқушылардың білімі мен дағдысын жаттықтыру сабағы.
6. Білім сынау сабағы.
Сол секілді шет елдер тәжірибесінен, атап айтсақ, Чехословакия
мектептерінен мысал келтірсек, ондағы сабақты жіктеуде біздің тәжірибемізге
ұқсастығын байқаймыз.
1. Жаңа оқу материалын мазмұндау сабағы.
2. Жаттығу сабағы.
3. Қорыту сабағы.
4. Қайталау, білім сынау сабағы.
5. Аралас сабағы.
Қорыта айтқанда, қазіргі мектеп тәжірибесінде көптен қолданылатын
сабақ түрлеріне мыналарды жатқызуға болады:
1. Кіріспе сабағы.
2. Жаңа білімді хабарлау сабағы.
3. Білімді, білікті және дағдыны бекіту сабағы.
4. Жаттығу және тәжірибе сабақтары.
5. Зертханалық сабақ.
6. Қайталау-қорыту сабағы.
7. Оқушылардың білімдерін, біліктіліктері мен дағдыларын тексеру және
бақылау сабағы.
8. Аралас сабағы.
9. Өздігінен білім алу сабағы.
Сабақты бұлай жіктеу кездейсоқ емес, оның бұлай қалыптасуына
белгілі бір заңдылықтар бар. Атап айтсақ, сабақтың мақсатына байланысты

6
мұғалім оқушыларға жаңа білім беруді көздесе, осыған орай “Жаңа білімді
хабарлау сабағы” деп аталса,сабақта оқушылардың қабылдаған жаңа білімін іс
жүзінде пайдалана білу жолын қарастырса, онда ол “Жаттығу немесе
практикалық сабақ” деп аталады.
Сол секілді мұғалім өткен оқу материалын оқушылардың есіне салу,
қайталау мақсатын көздесе, ол “Қайталау-қорыту сабағы ” деп аталады.
Ал сабақтың “Аралас сабақ” түрі оның құрылымына байланысты болып
келеді.
Мұғалім сабақтар жүйесінде дидактикалық бірнеше мақсаттарды жүзеге
асырады. Демек, оқушыларға жаңа білім береді, оны өмірде, практикада
пайдалану жолын үйретеді, өткен оқу материалын қайталап қорытады, сонымен
бірге оқушылардың білім көлемі мен сапасын сынап, оны бағалайды. Мұндай
жағдайда көпшілік сабақ оның бірнеше элементтері (кезендері) арқылы аралас
өтеді. Міне, осындай сабақ түрі “Аралас сабақ” деп аталады. [3. 479б]
Сонымен сабақ құрылымы деп сабақтың барысында (45 минут) оның
құрамды бөліктерінің, кезеңдерінің бір-бірімен ұштасып, белгілі тәртіппен
жүзеге асырылуын айтады.
Олар мынаңдай болып келеді:
1. Сабақты ұйымдастыру бөлімі (сабақтың тақырыбын белгілеп, оның мақсат,
міндеттерін тұжырымдау).
2. Сабақта үй тапсырмасын тексеру.
3. Жаңа білімді немесе оқу материалын баяндау, түсіндіру.
4. Жаңа білімді пысықтау, бекіту (ауызша,жазбаша жаттығулар жасау,
тәжірибелік және зертханалық жұмыстар жүргізу).
5. Қорытындылау (оқушылар білімін бағалау), сабақтың аяқталуы.
6. Үйге тапсырма беру, оны түсіндіру.
Сабақ құрылымын белгілеу оқу жұмысын неғұрлым айқын және дұрыс
ұйымдастыру үшін маңызы ерекше. Мұның өзі мұғалімнің сабақ жоспарын
құрудағы аса елеулі кезеңі болады. Сөйтіп, сабақ түрін жіктеу және
құрылымын құру өзара байланысты, бірақ әрқайсысының өзіне тән өзгешелігі
болады.
Жоғарыда баяндағанымыздай сабақтарды топтастыру, оның құрылымын
белгілеу негізінен дидактикалық мақсат пен міндеттерге және сабақтың
кезеңдеріне байланысты болып келетіндігінде.
Кіріспе сабағының құрылымы
1. Сабақтың басталуын ұйымдастыру. Оқушыларға сабақтың

7
мақсат-міндеттерін түсіндіру. Оларды сабаққа әзірлеу.
2. Жаңа оқу материалын ендіру.
3. Жаңа білімді пысықтау, бекіту.
4. Сабақты қорытындылау, үйге тапсырма беру.
Кіріспе сабағының ерекшелігі, оқу бағдарламасының жаңа тақырыптарын немесе
тарауын оқып үйретуде қолданылады. Мұғалім тараудың немесе тақырыптың оқу-
тәрбиелік мәнін ашып береді, алдағы сабақтарда оларды өткізу тәртібін
оқушыларға түсіндіреді, ондағы жаңа оқу материалдарының мазмұнын оқып
үйретудің тәсілдерін көрсетеді.
Жаңа білімді хабарлау сабағының құрылымы
1. Сабақтың басталуын ұйымдастыру. Оқушыларға сабақтың мақсат-міндетттерін
түсіндіру. Оларды сабаққа әзірлеу.
2. Жаңа оқу материалын ендіру.
3. Жаңа оқу материалын пысықтау, бекіту.
4. Сабақты қорытындылау, үйге тапсырма беру.
Алғашқы тарау немес тақырыптық кіріспе сабақтарына қатысты
мәселелерді шешіп алған жағдайда, ендігі жерде мұғалім ағымдағы әрбір оқу
материалын меңгеруге сай сабақтар жүйесін ұйымдастыру. Сабақ үстінде жаңа
білімдерді баяндау немесе түсіндіру жұмыстары оның өн бойында жүріп
отырады. Сондықтан да ол сабақтың негізгі бөлімі болып есептеледі.
Сабақта қойылатын мақсатқа сәйкес және оқушылардың жас ерекшеліктері
мен таным қабілеттеріне орайластырып жаңа білімдердің баяндалуына тиісті
мөлшерде уақыт бөлінеді. [5. 89б]
Жаңа сабақты (білімді) хабарлау барысында мұғалімнің оқу материалын
түсіндіру оқушылардың сабақ үстіндегі өздігінен істейтін жұмыстарымен
ұласып отырады.
Білімді, іскерлікті және дағдыны бекіту сабағының құрылымы
1. Сабақтың басталуын ұйымдастыру. Оқушыларға сабақтың мақсат-міндеттерін
түсіндіру. Оқушыларды сабаққа әзірлеу.
2. Бұрын өтілген оқу материалдарын қайталау, пысықтау.
3. Оқушылардың өз бетінше жұмыс істеу. Түрлі жаттығулар мен практикалық
және лабораториялық жұмыстарын атқару.
4. Сабақты қорытындылау, үйге тапсырма беру, түсіндіру.
Жаңа білімді оқушылардың қабылдап, меңгеруі барысында сабақтың пысықтау
және бекіту кезеңдері де белсенді қызмет атқарады. Себебі жаңадан оқып
үйренген білімдерді пысықтап отыру әр сабақтың елеулі элементі болып
табылады.

8
Алған білімді бекітпейінше, оны сапалы да берік меңгеру мүмкін емес.
Сондықтан білімді бекіту сабағы өзінің құрылысы жөнінен әр алуан
болып келеді.
Мұғалімнің түсіндіру жағдайында оның сөзімен бірге оқушылардың өз
бетіне жаттығу істері және тәжірибелік-зертханалық жұмыстарында тәжірибелер
жүргізіп, көрнекі құралдарын көрсету жұмыстары қоса атқарылады.
Оқу жұмысының мұндай алуан түріне қарамастан мұғалімнің сөзі жетекші
рөл атқарады.
Оқу жұмысының мұндай алуан түріне қарамастан мұғалімнің сөзі жетекші
рөл атқарады.
Мұндай сабақтарда бұрынғы оқу материалдарын оқушылардың қаншалықты
терең меңгергенін, көлемін, сапасын тексеру жұмыстары да кіреді. [5. 92б]
Жаттығу және тәжірибелік сабақтың құрылымы
1. Сабақтың басталуын ұйымдастыру. Оқушыларға сабақтың мақсат-міндеттерін
түсіндіру. Оларды сабаққа әзірлеу.
2. Оқушылардың өз бетінше жұмыс істеуі. Түрлі жаттығулар мен практикалық
және лабораториялық жұмыстарын атқаруы.
3. Сабақты қорытындылау, үйге тапсырма беру.
Практикалық сабақ оқушылардың алған теориялық білімдерін практикамен
байланыстыру, пысықтау және бекіту мақсатын көздейді.
Практикалық сабақты жүргізу үшін түрлі жаттығу жұмыстары мен
тәжірибелер қолданылады. Мысалы, тілден граматикалық түрлі ережелерге
сәйкес жазбаша және ауызша жаттығу не талдау жұмыстары жүргізілсе, сызу
пәнінен графикалық, ал физика мен химиядан лабораториялық-эксперименттік
тәжірибелер жасалады. Яғни, практикалық сабақтарда оқушылардың білімімен
қатар олардың біліктілік және дағдыларын пысықтау да көзделеді. [5. 96б]
Қайталау сабағының құрылымы
1. Сабақтың басталуын ұйымдастыру. Оқушыларға сабақтың мақсат-міндеттерін
түсіндіру. Оларды сабаққа әзірлеу.
2. Бұрын өткен оқу материалдарын қайталау, пысықтау, еске түсіру арқылы
оларды жүйеге келтіріп, жинақтау және қорытындылар мен тұжырымдар жасау.
3. Сабақты қорытындылау, үйге тапсырма беру.
Қайталау – қорыту сабақтың аса көп тараған түрі.

9
Қайталаудың мақсаты – өткен оқу материалдарының ең негізгі түйінді
мәселелерін қайталап пысықтауды (қайталау – оқытудың анасы), оқушыларды
өздігінен қорытынды жасауға үйретуді көздейді. [8. 326б]
Бұған мұғалімнің аса жауапкершілікпен ой жіберіп, тыңылықты
әзірлігін қажет етеді.
Қайталау сабақтары не сабақ үстінде, болмаса арнайы ұйымдастырылған
сабақ арқылы өткізіледі. Ол оқу бағдарламасы бойынша көлемі жағынан ірі
тақырыптар немесе тарауларды оқып үйренуге байланысты соңында, сол сияқты
оқу тоқсанының және оқу жылының аяғында жүргізіліп отырады.
Қайталау сабағына оқушыларды жақсы ұйымдастыру үшін оның сұрақтары
мен пайдалануға тиісті әдебиеттерін оқу және сабақ барысында қолданылатын
қажетті құралдарын әзірлеу жұмыстарын алдын ала белгілеу керек.
Қайталау сабағын әр түрлі тәсілдермен (ауызша, жазбаша, графикалық,
лабораториялық жұмыстары және саяхат жасау) ұйымдастыруға болады.
Сабақ соңында мұғалім оның нәтижесін қорытындылап, оқушыларға қосымша
тапсырмалар беруі мүмкін. Мұғалім оқушылар біліміндегі басты жетістіктері
мен кемшіліктерді басымырақ көрсетіп, келешекте қандай мәселелерге көбірек
көңіл бөлу қажеттігіне оқушылардың назарын аударады.
Аралас сабақтың құрылымы
1. Сабақтың басталуын ұйымдастыру. Оқушыларға сабақтың мақсат-міндеттерін
түсіндіру. Оларды сабаққа әзірлеу.
2. Оқушылардың орындаған үй тапсырмаларын тексеру.
3. Жаңа оқу материалын ендіру.
4. Жаңа оқу материалын пысықтау, бекіту.
5. Қорытындылау, сабақтың аяқталуы.
6. Үйге тапсырма беру, оны түсіндіру.
Аралас сабақ – мектеп тәжірибесінде көптен қолданылатын сабақ түрі.
Мұндай сабақ барысында сабақтың бардық дидактикалық кезеңдері немесе
буындары алма кезек өзара ұштасып жатады.
Сабақ үстінде өткенді қайталау, жаңа материалды меңгеру, пысықтау және
тексеру, бағалау жұмыстары оқушылардың логикалық ойлау қабілеттерін
арттырады, назарын тұрақты етеді. Сондықтан, ол мұғалімнің оқу ісін
ұйымдастыруында және оқушылардың оқу материалын жете түсінуіне өте қолайлы.
[5. 348б]
Бастауыш білім – үздіксіз білім берудің алғашқы басқышы. Осыған сәйкес
оқушыға белгілі бір көлемдегі білім білік дағдыларды меңгерумен бірге

10
табиғат, қоршаған орта туралы түсініктерін кеңейте отырып, оларды
шығармашылық бағытта жан-жақты дамыту – бүгінгі күннің талабы. Жаңа буын
оқулықтарын оқытудағы қазіргі технологиясын қолдану дегеніміз келешек
ұрпақты еркін дамуына және жан-жақты болуына жағдай жасау. Осыған
байланысты оқыту мазмұнын, түрін, әдісін дұрыс таңдай білу қажеттілігі
туады. Баланың бойындағы қабілетін ашу, одан әрі жетілдіру дамыта оқытудың
негізі.
Бүгінгі қоғам талабына сай білімді де, саналы да, тәрбиелі
азаматтарды тәрбиелеу білім беру жүйесінің басты мақсаты болып табылады.
Сол үшінде мектептерде, соның ішінде білім негізі қаланатын бастауыш
сыныптарда оқу мен тәрбие сапасын арттыру қашанда назардан шыққан емес.
Осыған орай, әр пәнді соның ішінде бастауыш сыныпта оқытудың ғылыми
дәрежесі неғұрлым жоғары болуын, ғылым негіздерінің берік игерілуін, тәрбие
жұмыстарының жақсартылуын қамтамасыз ету бағытында әр алуан шаралар
жүргізілуде. Бастауыш сыныпта пәндерді оқушыларыдың шалғай меңгеруін жою,
оқу үрдісін сапалы ұйымдастыра отырып оқушы белсенділігін арттыру
мұғалімнің әдістемелік шеберлігінде екендігі сөзсіз.
Осыған байланысты аралас сабақ әсіресе бастауыш және орта сыныптарда,
сонымен қатар тілге қатысты пәндерде көптен қолданылады.
Сондай сабақтың бір вариантын профессор Р.Г.Лемберг өзінің
“Дидактикалық очерктер” деген еңбегінде ұсынады. Оның ерекшелігі, дәстүрлі
сабақта ұйымдастыру кезеңінен кейінгі ретте мұғалімдердің көпшілік сабақты
оқушылардың үй тапсырмасын тексеріп, бағалаудан бастаса, мұнда оған
керсінше жаңа оқу материалын енгізіп, түсіндіру жұмыстарына айрықша мән
береді.
Мысалы, оның құрылымы мыңандай болып келеді:
1. Жаңа оқу материалын өткен материалға байланыстыра түсіндіру.
2. Үйге тапсырма беру.
3. Оқушылардың түсінбеген сұрақтарына жауап беру.
Өткен оқу материалын қайталап, оқушылардың білімін сынау және жаңа сабақты
пысықтау. [8. 287б]
Р.Г.Лембергтің тұжырымдауы бойынша, егер сабақты өткен оқу материалын
ұзақ уақыт сұраудан бастаса, оқушылардың жаңа оқу материалын қабылдау,
түсіну белсенділігі төмендейді. Сол үшін жаңа оқу материалын сабақтың
бастапқы кезеңінде, демек, оқушылардың таным қабілеттерінің белсенділігін
жоғары жағдайында, шаршамай, тың отырған уақытында өту ұсынылады.

11
Бұл құптарлық ұсыныс. Осы үлгіні әсіресе, жоғары сыныптарда кеңірек
қолданған дұрыс болар. Себебі, оқушылардың оқу жұмысы жоғары сыныптарда
күрделі болып келеді. Сөйтіп, олардың оқу материалын тиянақты меңгеруінде
түсіндіру және оны пысықтау,
бекіту жұмыстарына айрықша мән берген жөн болар.
Сабақта жаңа оқу материалын жақсы меңгерген оқушы әрине үй
тапсырмасын дұрыс өз дәрижесінде орындап келуіне ешкімнің де шүбәсі болмас
деп ойлаймыз. Мұндай жағдайда ұй жұмысын тексеруде арнайы ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Сабақты жоспарлау
Қысқа мерзімді сабақ жоспарына жалпы шолу
Оқытушының сабаққа дайындығы
Сабақты бақылау және сабақ барысын жазу сызбасы
Сабақта оқытуды қамтамасыз ететін оқыту әдістерін қолдану
Оқу жұмысын ұйымдастыру формаларының тарихы
Бастауыш кластарда математиканы оқыту әдістемесі оқыту пәні ретінде
Озат тәжірибені тарату әдіс - тәсілдері, түрлері
ҚАЗІРГІ САБАҚ ЖҮЙЕСІНДЕ ЖАҢА ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ТЕХНОЛОГИЯЛАРДЫ ҚОЛДАНУ
Биологиядан білімді қорытындылау
Пәндер