Педагогикалық пәндер жүйесіндегі тарихты оқыту әдістемесі



Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 19 бет
Таңдаулыға:   
Қазақстан Республикасы білім және ғылым министрлігі
Қостанай мемлекеттік педагогикалық институты

Тарих және өнер факультеті
Қазақстан тарихы кафедрасы

Бекмурзина Жанар Танлаткановна

ҚАЗАҚСТАН ТАРИХЫН ОҚЫТУ ӘДІСТЕМЕСІ ПӘНІ

Курстық жұмыс

Ғылыми жетекшісі: Исенов Ө.И.

Қостанай
2009
МАЗМҰНЫ

Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...3
1. Тарихты оқыту әдістемесі пәнінің қалыптасуы
1.1. Педагогикалық пәндер жүйесіндегі тарихты оқыту
әдістемесі ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..5
1.2. Қазақстан мектептерінде 1920-1990 жылдары тарихты оқыту
жайлары ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 8
2. Тарихты оқытудың әдістемелік жүйесінің пайда болуы
2.1. Әдістеме түсінігіне
шолу ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ...13
2.2.Тарихты оқыту әдістемесінің мақсат-міндеттері мен
әдістері ... ... ... ... ... .16

Қорытынды ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..20
Пайдаланылған әдебиеттер
тізімі ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
..21

Кіріспе

Зерттеу тақырыбының өзектілігі. Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік
алып, Жаңа даму жолына түсуіне байланысты оның халықаралық және ішкі
қоғамдық-саяси жағдайларында үлкен өзгерістер болып жатыр. Бұл Қазақстан
Республикасы Конституциясының 1, 2 баптарында былай деп көрсетілген:
Қазақстан Республикасы өзін демократиялық, зайырлы, құқықтық және
әлеуметтік мемлекет ретінде орнықтырады; оның ең қымбат қазынасы – адам
және адамның өмірі, құқықтары мен бостандықтары.[1.4б.]
Еліміздің Конституциясында қойылған бұл асыл мұраттар қоғамның
материалдық алғышарттарымен қатар рухани игіліктерін де жасауды қажет
етеді. Ол сөз жоқ халықтың білімін көтерумен тығыз байланысты. Бұл өз
тарапынан мектептердің қызметін, әсіресе онда оқытылатын пәндердің білім
мазмұнын, оларды оқыту әдістемесін тезірек жаңартуды, жетілдіруді күн
тәртібіне қойып отыр. Осыған байланысты қазіргі уақытта қоғамдық-
гуманитарлық пәндерді оқытудың білімдік, тәрбиелік, дамытушылық маңызы
бұрынғыдан да арта түсуде. Оларға Білім туралы Заң, Қазақстан
Республикасында гуманитарлық білім беру тұжырымдамасы, Қазақстан
Республикасында тарихи сана қалыптастыру тұжырымдамасы, Қазақстан
Республикасындағы этникалық-мәдени білім беру тұжырымдамасы сияқты
мемлекеттік құжаттарда да айрықша көңіл бөлінген. Аталған салаларда білім
беруде Қазақстан тарихын оқытудың орны ерекше. Өйткені өзінің туып-өскен
өлкесінің, елінің және оның халықтарының тарихын жақсы білмеген оқушы өз
халқын білмейді. Халқының қадірін білмеген адам басқа халықтарды лайықты
құрметтеуі мүмкін емес. Ондай жастардан болашақ қоғамның белсенді
мүшелерін, қоғам, халық, Отан үшін бар күш-жігерін сарқа жұмсайтын, жан-
жақты білімді азаматтарды тәрбиелеп шыға алмасымыз да ақиқат. Қазақстанның
қазіргі халықаралық жағдайы, оның дүниежүзілік қауымдастықтағы белгілі
мемлекеттердің қатарына қосылуы, дүние жүзінің көптеген елдерімен түрлі
салада байланыс жасауы да оның әрбір азаматына өз елінің тарихын жақсы
білуді қажет етеді.
Зерттеу объектісі. Жалпы білім беретін мектепте тарихты оқыту
әдістемесі пәні.
Зерттеу пәні. Қазақстан тарихы мектеп курсының және оны оқыту
әдістемесі пәнінің қалыптасуы.
Мақсаты - Қазақстан тарихын мектепте оқытудың ғылыми әдістемелік
негіздерін қарастыру.
Міндеттері:
- Қазақстан тарихын мектепте оқытудың жайын талдау.
- пәнді мектепте оқытудың мақсаты мен міндеттерін, білім мазмұнын,
оны оқытудың әдіс тәсілдерін және құралдарын, ұйымдастыру
формаларын, жаңартудың ғылыми-әдістемелік жолдарын істестіру.
- Қазақстан тарихын оқыту әдістемесін жаңарту, жетілдіру және
тәжірибеде байқау үшін дайындалған әдістемелік ұсыныстар мен
нұсқаулықтарды қарастыру.
Курстық жұмыстың құрылымы – кіріспеден, екі тараудан, төрт бөлімнен,
қорытындыдан, пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады.

1. Тарихты оқыту әдістемесі пәнінің қалыптасуы
1.1. Педагогикалық пәндер жүйесіндегі тарихты оқыту әдістемесі. Қазақстан
Республикасының Президенті Н.Назарбаевтың 1998 жылдың неліктен ұлттық тарих
жылы деп жариялануы туралы айтқанын келтіру де орынды. Бұл – тәуелсіз
Қазақстанның азаматы ғасырлар тоғысында өзінің арғы-бергі тарихи жолын ой
елегінен өткізіп, Кеше кім едік? Бүгін кімбіз? Ертең кім боламыз? деген
төңіректе ойлансын деген сөз. Бұл - ... туған елінің, туған халқының тарихы
ешкімнен де олқы еместігін түсінсін деген сөз. Бұл - ... әрбір азамат...
өзінің ата-бабалары қалдырған осындай кең-байтақ жердің лайықты мұрагері
болуға ұмтылсын деген сөз.[2.12б]
Осы жағдайлар Қазақстан тарихын алдымен мектепте, сондай-ақ мамандық
беретін басқа да орта оқу орындарында оқытуды ғылыми-әдістемелік жағынан
мүлде жаңа деңгейге көтеруге зәрулік туғызып отыр.
Қазақстан тарихының материалдары жалпы білім беретін мектептерде
ресми түрде 195859 оқу жылынан бастап оқытылып келеді. Бірақ та сабақтары
КСРО тарихы құрамында үзік-үзік оқытылғандықтан оны оқытуда көптеген
қайшылықтар орын алды. Олар: білім мазмұны мен Коммунистік партияның, Кеңес
үкіметінің оны оқытуға қойған талаптары; оқу бағдарламалары мен оқулықтар;
білім мазмұнының көлемі, оның күрделілік деңгейі мен оқушылардың
мүмкіндігі, жас ерекшелігі; оқыту әдістемесі талаптары мен курстың оқытылу
жайы; пәннің оқу-материалдық базасына қойылатын талаптар мен оның іс
жүзіндегі мүмкіндіктері арасындағы және басқа да қайшылықтар.
Осыған қарамастан соңғы отыз жылда мектепте Қазақстан тарихын
оқытудың жеке мәселелері ғана зерттелді. Солардың нәтижесінде көрнекі
құралдарын дайындау және пайдалану (И.Қадірбеков), мәдениет тарихын оқыту
әдістемесі (К.Каменир), тарихи-көркем әдебиетті пайдалану (К.Аманжолова),
тарихи ұғымдарды қалыптастыру әдістемесі (Е.Жевако), оқулықтардың ғылыми-
әдістемелік негіздері (М.Зарифова), 5-сынып оқушыларында халықтар достығы
жайлы білімдерді қалыптастыру әдістемесі туралы (Б.Әбдіғұлова) еңбектер
жарық көрді. Оның аса маңызды проблемаларын, яғни білім мазмұнын анықтауға,
оқыту әдістемесін тұтас қамтитын, немесе оны жетілдіріп, қалыптастыруға
бағытталған зерттеулер жүргізілген жоқ. Қазақ қоғамы, Қазақстан тарихының
мектепте қашаннан бастап, қандай ретпен оқытылғанын, курстың қалыптасып
даму үрдісін, оның барысында орын алған проблемалар мен тенденцияларды
анықтап, талдап саралайтын да еңбектер жарияланған емес.
Кеңес мемлекетіндегі одақтас ұлттық республикалар мектептерінде өз
республикалары тарихын оқытудың жеке проблемалары да ғылыми әдістемелік
тұрғыдан зерттелді. Қазақ халқына тілі, тарихы, әдет-ғұрпы, салт-дәстүрі,
діні ортақ түркі тілдес республикаларда осы курстың иқұылымы мен мазмұны,
КСРО тарихымен байланыстыра оқытудың әдістемелік жолдары, патриоттық және
интернационалдық тәрбие беру, оқыту әдістемесі мәселелері, сыныптан және
мектептен тыс жұмыстар сияқты жеке проблемалары қарастырылып, олардың КСРО
мектептерінде ұлт республикаларының тарихын оқыту әдістемесін жетілдіре
түсуге пайдасы тиді. Бірақ аталған зерттеулердің бәрі де 1980-жылдарға
дейін жүргізілді, ал одан бері тарихтың бұл курстарын оқытуда түбірлі
өзгерістер, жаңалықтар болғаны белгілі.
1990-жылдардан бастап бұл курс дербес оқу пәніне айналып, оның білім
мазмұны мен оқытуға бөлінген сағат саны 5-6 есе өскендіктен және де халыққа
білім беру саласында дүниежүзілік көлемде, Қазақстан Республикасында болып
жатқан маңызды өзгерістерге байланысты бұл пәнді мектепте оқыту
әдістемесінің проблемасын шешудің қажеттілігі арта түседі.
Қазақ халқының ғасырлар бойы ту етіп ұстаған арманы орындалып, 1990
жылы 25 қазанда Қазақ ССР Жоғарғы Кеңесі Қазақ Советтік Социалистік
Республикасының Мемлекеттік егемендігі туралы Декларация қабылдады. Онда,
Тәуелсіз Қазақстанның жаңа даму жолына түсетіні, ізгілікті, демократиялық,
құқықтық мемлекетті құруға бел байлауды негіге алатыны айта келіп:
Қазақ халқының және Қазақстанда тұратын басқа да ұлттардың төл
мәдениетін, дәстүрін, тілін қайта түлету мен дамыту және олардың ұлттық
қадір-қасиетін нығайту Қазақ ССР Мемлекеттігінің аса маңызды міндеттерінің
бірі болып табылады деп көрсетіледі.
Бұл жағдайлар мектепте Қазақстан тарихын оқытуды мүлде жаңа деңгейге
көтеруді талап етіп отыр. Демек, пәннің оқыту мақсатын, білім мазмұнын
өзгертуден бастап, бүкіл оқу-әдістемелік жүйесін жаңарту күн тәртібіндегі
маңызды мәселе екені түсінікті. Бұларда алдымен Қазақ, Қазақстан тарихын
оқыту кезеңдерін, оның курс болып, қалыптасып жетілуін, соны қалыптастыруда
қандай тенденциялар бел алды, мұның бәрі оқу жоспарларында,
бағдарламаларда, оқулықтарда қалай көрініс тапты, оқытуда байқалған
проблемалар қандай еді – деген мәселелерді шешкенде ғана жүзеге асыра
аламыз. Сонымен қатар, мектептер мен мұғалімдердің талайдан жинақтаған
тәжірибелерінің ұнамды, ұнамсыз жақтарын ғылыми ой елегінен өткізу де
келелі мәселелердің бірі. Осыдан кейін барып қана жаңа пән – Қазақстан
тарихы әдістемесінің қалыптасуы деген маңызды ғылыми проблеманы шешуге
болар еді.
Жарияланған мәселелерді талдаудың, зерттеу мәселесінің даму
дәрежесінің көрсеткеніндей, проблеманың жүйелі зерттелмеуі қарама-
қайшылықтарды тудыруда. Оларды шешу жолдарын қарастыру зерттеу проблемасын
айқындайды.
Қазақстан тарихын мектепте оқытудың жеке мәселелері ғана
қарастырылып, бұл проблеманы зерттеуде жүйеліліктің жоқтығы оның бүгінгі
таңда өзекті мәселе екенін дәлелдейді.
Тарихтан белгілі, Кеңес өкіметі орнағаннан кейін мектептерде тарих
пәнін оқытуда марксизм идеялары басшылыққа алынып, мектептің таптық,
партиялық болуы басты идеологиялық ұстаным ретінде қаралды. Траих пәнінен
жаңа оқулықтар болмағандықтан, салыстырмалы түрде бұған дейін тәуірлеу
делініп келген Виппер, Коваленский оқулықтары қайта басылды. Оларды
пайдаланғанда Н.К.Крупскаяның, А.В.Луначарскийдің, М.Н.Покровскийдің
тарихты коммунистік рухта оқыту жөніндегі айтқан, жазған нұсқаулары
басшылыққа алынды.

1.2. Қазақстан мектептерінде 1920-1990 жылдары тарихты оқыту жайлары.
1921 жылдан бастап тарих пәні мектептің оқу жоспарынан дербес пән
ретінде шығарылып, оның материалдары Қоғамтану пәнінің құрамына
ендірілді. Оның бағдарламасы мен оқулықтарында азаматтық тарихқа, тарихи
қайраткерлерге, тарихи оқиғаларға орын мүлде аз берілді. Мұның өзі
оқушылардың тарихтан жүйелі, тиянақты білім алуына, оларда тарихи сананың
ойдағыдай қалыптасуына кедергі келтірді.
Қазақстан тарихын оқыту әдістемесінің даму, қалыптасу тарихын 4
кезеңге бөлуге болады, олар:
← Ы.Алтынсарин заманынан 1917 жылға дейін. Мұнда кейінгі кезеңдерде
осы курстың, пәннің оқыту әдістемесінің біртіндеп қалыптасуына осы
алғашқы дәуірде қандай теориялық, педагогикалық, ғылыми-әдістемелік
және тәжірибелік негіздер жасалды деген сауалға жауап беріледі;
← 1917-1959 жылдар. Қазақстан мектептерінде тарихты оқыту әдістемесі,
соның құрамында Қазақстан тарихы материалдарын оқыту әдістемесінің
іргетасы қалана бастады;
← 1960-1990 жылдардың бас кезі. Қазақстан тарихы мектептің оқу
жоспарына ендірілді. Білім мазмұны анықталып, бағдарламалары мен
оқулықтары, әдістемелік құралдары жасалды, арнайы курсқа айналды,
әдістемесінің негізі қаланды.
← 1990 жылдан басталады. Қазақстан тарихының мектептің оқу жоспарына
дербес пән болып енгізілуіне байланысты, оны оқыту әдістемесінің
бұрынғыдан да жетіле түсіп, дербес пән әдістемесі ретінде қалыптаса
бастауы.
Тарихи білімнің өз халқының, елінің тарихынан басталатынына қарамастан
Қазақ, Қазақстан тарихы өз мектептерінде көп уақыт оқытылмай келді. 60-
жылдардан бері ғана оқытыла бастаған Қазақстан тарихы материалдарының
көлемі мен мазмұны заман талабын толық қанағаттандыра алмағанына
қарамастан, оның оқу жоспарына ендірілуінің өзі білімдік-тәрбиелік жөнінен
маңызды құбылыс еді. Қазақ ССР тарихы материалдарының аздап болса да
оқытылуы және жинақталған тәжірибе осы курстың, кейін дербес Қазақстан
тарихы пәнінің және оның оқыту әдістемесінің қалыптасуына негіз болды.
1970 жылдардың бірінші жартысындағы республика мектептерінде Қазақстан
тарихын жаңа бағдарламалар бойынша оқыту жайы мен оқушылардың алған білім
мен оларда қалыптастырылатын біліктер дәрежесі ғылыми-әдістемелік тұрғыдан
толық талданып, төмендегідей қортындылар жасалды.
Жаңа бағдарламаға көшу Қазақстан тарихы сабақтарының сапасын
жақсартып, оқушылардың толығырақ білім алуына жағдай жасады. Бірқатар
мұғалімдер бағдарламаларға ендірілген өзгерістерді, оқыту әдістемесіне
қойылып отырған көтеріңкі талаптарды меңгерген. Олардың жұмысында байқалған
жақсы өзгерістер: негізгі тарихи ұғымдарды, ғылыми-теориялық мәселелерді
берік меңгертуге баса назар аудару; бұрынғымен салыстырғанда тарихи
құжаттарды, карталарды, бояулы суреттерді, түрлі кестелер мен схемаларды,
техникалық құралдарды көбірек пайдалану; тарихи материалды қазіргі
кезеңмен, өлке тарихымен байланыстыра оқыту; оқу-материалының мазмұнына
қарай сабақтың тиімді типін таңдап ала білу т.б. Арнайы зерттеулер жұмысы
барлыұ өтілетін сабақтардың 70-75%-ның оқытудың барлық негізгі элементтері
бар, немесе аралас сабақ типімен, ал 10-15%-ның жаңа материалды оқытып
үйрету типімен өтетіндігін көрсетті.
Қазақстан тарихының мектептің оқу жосапрына арнайы пән болып
енгізілуіне байланысты алғаш рет 1992 жылы оның дербес бағдарламасы
дайындалып, дүние жүзі тарихымен бірге жеке кітапша болып жарияланды.
Тарихтағы ақтандақтар енді ғана ашылып, көптеген фактілер мен оқиғалар
принципті, әділ бағасын ала бастағанда, орын алған бұрмалаушылықтарды
тарихи шындық тұрғыда баяндауда тарихшы мұғалімдер нақты ғылыми көмекке
зәру кезде бұл бағдарламаның үлкен пайдасы болды.
Бұл бағдарламаның сәтті жақтарына жақсы баға беріле отырып, сонымен
қатар оның енді қазіргі талаптарға жауап бере алмайтындығы, құрылымы мен
мазмұнында елеулі ғылыми-әдістемелік олқылықтар бар екені көрсетіліп, жаңа
бағдарламалар жасаудың нақты ғылыми-әдістемелік негіздері ұсынылады.
1992-96 жылдары Қазақстан тарихының жаңа оқулықтарының соңғы нұсқалары
барлық сынытар бойынша баспадан шықты. Бұлардың сапалы жақтары: тарихта
орын алып келген бұрмалаушылықтар, ақтаңдақтар мүмкіндігінше ескерілген,
тарихи материалдар іріктелгенде адамзат тәжірибесіндегі құндылықтарға,
саяси тарихқа, мәдениет саласындағы жетістіктерге басымдылық берілген,
соғыстар, төңкерістер азайтылған, Қазақстан халықтарының басқа халықтармен
байланысын, қарым-қатынасын көрсетуге көңіл бөлінген, яғни тарих
ғылымындағы, оның методологиясындағы жаңа өзгерістер ескерілген; ғылыми
материалдарды жеткілікті дәлелдермен түсіндіруге, олардың таным қызметін
дамыту мүмкіндігіне белгілі дәрежеде назар аударылған; оқулықтардың тілі
түсінікті, жалпы және де логикалық құрылымы дұрыс, материалдардың
жүйелілігі, реттілігі сақталған, тарихи құжаттар берілген, сұрақтар мен
тапсырмалар негізінен сәтті. Әр сынып оқулығының мазмұынына қарай өзіндік
ерекшеліктері мен артықшылықтары, сондай-ақ кемшіліктері де бар. [3.12б]
80-ші жылдардың екінші жартысынан басталған қайта құрулар тарих
ғылымында орын алған ақтаңдақтарды жоюға мүмкіндік берді. Бұл мүмкіндікті
Қазақстан тарихшылары дер кезінде, әрі ұтымды пайдаланды.
КСРО халықтары тарихын зерттеуде орын алып келген қателіктер мен
кемшіліктерді, ақтаңдақтарды әшкерелеуде академик М.Қ.Қозыбаевтың елеулі
еңбегі бар. Басқа ғалымдармен бірігіп, 1989 жылы-ақ одақтық журналда
жарияланған алғашқы, сонымен қатарлас жарияланған екінші және де одан
кейінгі мақалалары мен еңбектерінде тарих ғылымының өзекті мәселелерін
мүлде жаңа қарастырады.[4.15б]
Қазақстан тарихы мәселелерін кешенді қарастыратын оқу құралдары мен
ғылыми еңбектердің жарыққа шығуы ғылымның маңызды проблемаларын тарихи
шындық тұрғыдан ашып көрсетуге, объективтік баға жасауға жағдай жасады.
90-шы жылдардың бірінші жартысында бірқатар тарихшы-ғалымдар Қазақстан
тарихының жеке күрделі мәселелерін ғылыми тұрғыда қарастыратын еңбектер
жариялады. Олардың қатарына: Қазақстандағы этногенез бен этникалық
процесстер, археология саласындағы жаңалықтар, ертедегі қалалар және де
мәдени-тарихи ескерткіштер, Қазақстандағы мемлекеттер эволюциясы,
Еуразиядағы көшпелілер өркениеті, қазақ-жоңғар қатынастары, қазақ
қоғамындағы жер және шекара, Қазақстандағы әлеуметтік-демографиялық
үрдістер, сауда, керуен жолдары, Абылай, Кенесары, қазақ билері, қазақ
батырлары, қазақ ғалымдары сияқты жеке тарихи қайраткерлер, отаршылдыққа
қарсы азаттық қозғалыс, Алаш партиясы мен үкіметінің қызметі, ашаршылық,
отырықшылық, ұжымдастыру туралы жарияланған еңбектер жатады. Бұл еңбектерді
1990 жылдан бері дайындалған Қазақстан тарихы мектеп бағдарламалары мен
оқулықтарында, осы курсты оқытуда пайдалану пәннің бірқатар ғылыми
мәселелерін тарихи шындық тұрғыда қарастыруға, оларды тереңірек, толығырақ,
әрі нақты фактілерге сүйене оқытуға, бұрын орын алып келген ақтаңдақтарды
жоюға, тарихтағы құнылықтарға баса назар аударуға жағдай жасады.
Мектепте тарих, т.б. қоғамдық-гуманитарлық пәндерді оқытуды жақсарта
түсуде, жастарды оқытып, тәрбиелеудің басты бағыттарын анықтауда Қазақстан
Республикасының Конституциясы (1995ж), Қазақстан Республикасының Президенті
жанындағы Мемлекеттік саясат жөніндегі ұлттық Кеңес бекіткен Қазақстан
Республикасында гуманитарлық ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Мектепте тарихты оқытудың әдістемесі – педагогикалық пән
Тарихты оқытуда әңгімелеу және бейнелеу тәсілдері
Тарихты оқыту барысындағы оқыту әдістері
Қазақ хандығының шығу тарихы
Тарихты оқытудың зерттеу әдістері
Қазақстан тарихын оқытуда жаңа педагогикалық, ақапаттық технологияларды қолданудың әдістемелік жолдары
Кеңес елі мектептеріндегі тарих пәнінің оқытылуы және ондағы ұлт республикалары тарихының орны
Мектепте оқылатын тарих пәні
Оқытудың педагогикалық жаңа технологиясы
Тарихты оқытудың әдістемесінің зерттелу деңгейі
Пәндер