Мұғалім және балалар ұжымы
М а з м ұ н ы
Кіріспе
Негізгі бөлім
1. Ұжымды қалыптастыру және оның оқушы тұлғасына ықпалы ... ... ... ... ..3
1.1. Ұжым-тәрбие
құралы ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ..4
1.2. Ұжымның даму кезеңдері, олардың бір-бірімен сабақтастығы
... ... ... ..4-6
1.3. Даму кезеңдерінде оқушылардың іс-әрекеті мен қарым-қатынасын
ұйымдастыру ерекшеліктері
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
..6-9
1.4. Мұғалім және балалар
ұжымы ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..9-
13
1.5. Активпен жұмыс

... ... ..15-17
1.6. Қос ықпал
принципі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ..17-19
Арнайы бөлім
2. А. С. Макаренконың педагогикалық ойлары мен тәлімі
... ... ... ... ... ... .20-21
2.1. Тәрбие мәселесі туралы
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .2
2-23
2.2. Тәрбиенің негізгі принциптері
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .23-26
2.3. Еңбек тәрбиесі

... ... ... ... ...26
2.4. Саналы тәртіп

... ... ... ... ... 27
2.5. Отбасы тәрбиесі

... ... ... 28-29
Қорытынды

... ... ... ... ... ... ... ...31
Кіріспе
Курстық жұмыстың тақырыбы: Ұжым-тәрбие құралы.
Курстық жұмыстың мақсаты – ұжымда жеке адамды тәрбиелеудің бірізді
педагогикалық теориясын, оның идеяларының құндылығын ашып көрсету.
Негізгі бөлімде жалпы, ұжымның тәрбие құралы екенін, ұжымның даму
кезеңдерін, олардың бір-бірімен сабақтастығын жән даму кезеңдерінде
оқушылардың іс-әрекеті мен қарым-қатынасын ұйымдастыру ерекшеліктерін,
мектеп пен балалар ұжымын, белсенділермен жұмыс істеудің маңыздылығын
қарастырылады.
Арнайы бөлімде А. С. Макаренконың педагогикалық ойлары мен тәліміне,
оның ішінде тіәрбие мәселесі туралы, тәрбиенің негізгі принциптеріне, еңбек
тәрбиесіне, саналы тәртіп пен отбасы тәрбиесіне көңіл бөлінбек.
Ұжым мен адам проблемасы өткір әлеуметтік проблемалардың және
педагогика ғылымының аса маңызды проблемаларының бірі болып табылады. Ұжым
теориясын жасауға А. С. Макаренко елеулі үлес қосты.
Марксизм-ленинизм классиктеріне сүйенген А. С. Макаренко, жұп ұғымы
туралы: мұғалім плюс оқушы туралы түсініккке сүйеніп ешқандай әдіс
шығаруға болмайтынын, тек мектепті және ұжымды ұйымдастыру туралы жалпы
түсінікке сүйеніп қана әдісті жасауға болатынын дәлелдеді.
Ұжым дегеніміз қоғамның құрамдас бөлігі болып табылатын адамдар тобы,
ол қоғам мақсатына бағынатын, іс-әрекетте жалпы мақсат көздейтін адамдар
тобы.
Ұжымның тәрбиелеуші міндеттерін аша отырып, А. С. Макаренко, балалар
ұжымының қоғамға пайдалы іс-әрекетін біріктіріп отырудың маңыздылығын
бірнеше рет атап көрсетті.
Ұжымды әлеуметтік ағзаға теңей отырып, А. С. Макаренко тәрбиелеуші
ұжымдардың сом денедей біртұтастығын, олардың өмірінің байлығы мен
маңыздылығын атап көрсетті. А. С. Макаренконың ойынша, қандай да болмасын
жанды дене іспетті ұжым қозғалмастан бір орнында тұра алмайды, ол үнемі
дамып отырады және ұжымның әрбір мүшесінің қалыптасуына күшті ықпал
жасайды.
Тәрбие мақсаты, балалар ұжымын қалыптастыру мәселесі отандық
педагогика ғылымында педагогикалық ұжымның екі орнықты моделін іздеумен
бірге қарас-тырылды. Мұғалімдердің тәрбиелік ықпалын біріктіру 20-30
жылдары педагогика мен мектептің маңызды міндеттерінің бірі болды. Н. К.
Крупская, С. Т. Шацкая, А. С. Макаренко және т.б. ''Тәрбиешілер ұжымы
болуы керек'', - деп жазды. А. С. Макаренко - тәрбиешілер ұжымға біріккен
жерде және біртұтас жұмыс жоспары, балаға деген бірыңғай ықпал жоқ жерде
ешқандай тәрбие процесі болуы мүмкін емес''.
1. Ұжымды қалыптастыру және оның оқушы тұлғасына ықпалы
1.1. Ұжым – тәрбие құралы
Оқушылар ұжымы – тәрбиенің шешуші факторы және біздің қоғам
жағдайында бала өмірін ұйымдастырудың негізгі формасы. Жеке тұлғаның дамуы
үшін ұжымда қолайлы жағдайдың болуы қажет. Тұлға жан-жақты даму
мүмкіншілігін ұжымнан алатын болғандықта, ұжымда тұлғаның бас бостандығының
болуы басты шарт болып табылады. Балалар ұжымын ұйымдастыру қажеттілігі
қоғамның өзі біртұтас ұжым ретінде өмір сүретіндігінен туындайды.
Қоғамда ұжымдарды ортақ іс-әрекеттерінің түрлеріне қарай ажыратады.
Мысалы, кәсіпшіл ұжымдар (өндіріс, шығармашылық, әскери, оқу орындары),
қоғамдық ұйымдар (партиялар, халық конгресі, бірлестіктер, кәсіподақтар,
ерікті қоғамдар), ғылыми насихат, әскери-спорт, өз әрекетімен істеуші
ұжымдар (көркемөнерпаздар, коллекционерлер) және т.б. Осы ұжымдарда адамның
шешетін міндеттері еліміздің әлеуметтік-экономикалық дамуын тездету, қоғам
дамуының жаңа деңгейін қамтамасыз үдеріске айналдыру, халық шаруашылығының
барлық салаларында өмірді демократия және жариялылық қағидаттарының
негізінде құру.
Осы жағдай талабына сай ұжым балаларды қоғамдық өмір мен өндіріске
дайындаудың мүмкін болатын бірден-бір құралына айналады. Оқушылар ұжымы
баланың өмірін, оқуын, еңбегін, жасампаздығын, күш-қуат мәдениетін, ойын
ұйымдастырудың ең тиімді құралы.
Ұжым проблемасын педагогика ғылымының қайраткерлері және халық ағарту
органдарының озат өкілдері: А.В. Луначарский, Н.К. Крупская, А.С.
Макаренко, П.П. Блонский, С.Т. Шацкий, В.А. Сухомлинский аса зор көңіл
аударып зерттеді.
А. В. Луначарский жаңа адамды қалыптастырудың негізгі жағдайы ұжым
болады деді. Оның айтуынша, адамды тәрбиелеу, демек, ол, адам біздің
заманымызда ұжымшыл, қоғамдық мүддені жеке басының мүддесінен жоғары
санайтын болуы тиіс. Тұлға ұжым негізінде ғана дамиды.
Н. К. Крупская тұлғаның дамуы мен қалыптасу ортасы ұжым деп атады.
Мектептегі қоғамдық ұйымдарға, олардағы балалардың қарым-қатынастарына
үлкен мән берді. Балаларды ұжымда өмір сүре және жұмыс істей алатындай етіп
тәрбиелеудің қажет екенін ескертті. Ал, балалар қозғалысына байланысты
бірсіпыра мәселелерді атап көрсетті. Олар: балалардың ұжымдық іс-әрекетінің
формалары мен әдістері, өзін-өзі басқару және ұйымдастырудың әдістері, т.б.
Ұжым – адамдарды белгілі бір мақсатты іс-әрекет негізінде біріктірудің
ұйымдық формасы. А. С. Макаренко ұжымның анықтамасын тұжырымдай келе, ұжым
адамдарды тек ортақ мақсат пен ортақ еңбекте ғана емес, сондай-ақ ол сол
еңбекті ұйымдастыруда да біріктіретінін атап көрсетті. Басқаша сөзбен
айтқанда, ұжымда жетекшілер болуы және ұжымның әрбір жетекшісінің белгілі
бір қызметі болуы тиіс.
Мектеп оқушылар ұжымы адамдардың ұжымдық бірігуінің ерекше ұйымдық
формасы болып табылады.
Әрбір мектеп ұжымы барлық оқушыларды ең алдымен, оқу ісіне
біріктіреді, ұйымдастыру формасы да осыған бағындырылған. Оқытудың кеңес
мектебінде қабылданған сыныптық-сабақтық жүйесіне орай, бір жастағы және
білімдері бір деңгейдегі барлық оқушылар өздеріне лайықты сыныптарға
біріктірілген.
Сондықтан, бүкіл мектептің оқушылар ұжымын ортақ оқу ісі
біріктіргенімен де, бұл оқу ісі сыныптар бойынша жіктеліп, барлық оқушылар
үшін бір сынып көлемінде ортақ болып табылады. Бұдан тысқары, мектеп ұжымы
өмірінде сыныптар бойынша жүзеге асырылатын, сонымен бірге бүкіл мектеп
оқушыларын немесе бірнеше сынып оқушыларын қамтитын оқушылардың сыныптан
тыс іс-әрекеті үлкен орын алады.
А. С. Макаренко ұжымда жеке адамды тәрбиелеудің бірізді педагогикалық
теориясын жасады. Оның идеялары осы уақытқа дейін құндылығын сақтауда және
іс-әрекетті, қарым-қатынас, дәстүр сияқты тәрбие проблемалары ұжым өмірінде
шығармашылық дамудың негізі болды.
А. С. Макаренко ұжымда жеке адам тәрбиесінің қоғамдық бағыттылығын
ерекше атады. Ұжымда тек жай ғана мейірімді адам болу жеткіліксіз, ол ұжым
мүддесімен өмір сүре білуі қажет. А. С. Макаренко жеке адам тәрбиесінің
қоғамдық бағыттылығы тұрғысынан ұжымның кейбір сапасын, яғни белгілерін
көрсетті.
1. Ұжым – тәрбиенің мақсаты және объектісі, жеке адам ұжымнан тыс
дамымайды;
2. Ұжым – адамдарды жалпы мақсатқа, еңбекке және еңбекті
ұйымдастыруға біріктіреді;
3. Ұжым – барлық ұжымдармен табиғи байланысты қоғамның бөлігі.
4. Ұжымның өзін-өзі басқару органдары және өкілдері
–ұйымдастырушылары болады.
Әрбір ұжым – бұл топ, бірақ әрбір топ ұжым бола алмайды. Ұжым
контактылы және негізгі болып екіге бөлінеді. Контактылы ұжым – бұл ұжым
белгілері бар бастауыш топ. Негізгі ұжым – бұл контактылы ұжымдардың
бірлестігі. Мысалы, контактылы ұжым – бұл студенттер тобы, негізгі ұжым –
факультет, т.б.
Қазіргі кезеңде А. С. Макаренко идеясын дамытуда И. П. Ивановтың
коммунар әдісі игі әсер етуде. коммунар әдісінің мәні, ұжым өмірінің
айқын бейнесін ұйымдастыру. Онда барлығы өнегелі принципіне, шығармашылыққа
негізделеді. Ұжымдық шығармашылық біріккен іс-әрекеттің әдісіне ұжымдық
жоспарлау және жүзеге асыру, күнделікті іс-әрекеттері, ұжымдық талқылау,
шешім қабылдау және баға беру кіреді. Бұл мәселелер И. П. Ивановтың
Коллектившілерді тәрбиелеу атты еңбегінде қарастырылған.
Сонымен, ұжым – бұл көзделген мақсатқа жетудегі ұйымшылдық пен
мақсаттылық, іс-әрекетімен сипатталатын адамдар тобы.
В.А. Сухомлинский балалар ұжымын, дамыту теориясына айтарлықтай үлес
қосты. Оның терең ойлары бірсыпыра ғылыми еңбектерінде Мудрая власть
коллектива (Коллективтің құдіретті күші) т.б. баяндалды.
В.А. Сухомлинский пікірі бойынша, әрбір бала тәрбиесі ұжымда негізгі
тәрбие құралы болды. Балалар мен тәрбиешілер арасындағы рухани қарым-
қатынас ұжымдық қатынастың даму процесі, В.А. Сухомлинский қарым-қатынас
жайындағы идеясы жаңашыл мұғалімдердің идеяларымен ұштасып жатыр. Демек,
ынтымақтастық балалармен қарым-қатынас жасаудың нәтижесінде туды.
Ынтымақтастық идеялары жаңашыл мұғалімдердің еңбектерінде ғылыми-
әдістемелік тұрғыдан қарастырылған.
Біздің елімізде қазіргі қоғамның маңызды ұясы – мектеп ұжымы баланы
дамытуда және қалыптастыруда үлкен роль атқарады. Мектептегі оқушылар ұжымы
– бұл іс-әрекетімен оқу, еңбек т.б. бірігіп топтасқан балалардың мақсатқа
бағытталған тұрақты бірлестігі.
Мектеп ұжымының негізінде бірнеше өзара байланысты оқушылар
ұжымдарының типтері пайда болады. Олар: мектеп сыныбы, ұзартылған күн тобы,
клубтар, секциялар, оқушылардың еңбек бірлестіктері, т.б. бұлардың барлығын
бастауыш ұжымдар деп атайды.
Оқушылар ұжымы балаларды ұжымшылдыққа тәрбиелеудің маңызды құралы.
Ұжымшылдық адам мүддесінің ұжым мен қоғам мүддесінің мызғымас
байланыстылығын көрсетеді.
Адам ұжымда өз күшінің, өз қабілетінің керек екенін түсінеді.
Сондықтан оларды үнемі дамытып, жетілдіріп отыру педагогикалық ұжымның
оқыту және тәрбие жұмысын шығармашылықпен ұйымдастыруына байланысты. Қорыта
айтқанда, ұжым тәрбиенің маңызды құралы.

Оқушылар ұжымы үш кезеңнен өтеді. Ұжымның даму кезеңдерін айқындаған
А. С. Макаренко. Ол балалар ұжымының дамкының мақсатына, іс-әрекетінің
мазмұнына, тәртібіне, балалардың арақатынасы тәуелділігіне байланысты
ажыратты.
Бірінші кезеңде оқушылар ұжымы жеткіліксіз ұйымдастырылған топ.
Сондықтан, мұғалім сынып өмірін ұйымдастыру үшін жұмысты талап қоюдан
бастайды. Талап іс-әрекеттің барысында орындалуға тиісті нақты міндеттер.
Талап қою балаларды мінез-құлық нормасына үйрету, әлеуметтік тәжірибеге
тарту. Бұл кезеңде балалар ұжымы сирек кездесетін құбылыс. Мұндай жағдай
бастауыш сыныптарында болуы мүмкін.
Бұл кезеңде ұжым іс-әрекетінде белсенді, ынталы, оқушыларға сүйенуі
керек. ұжым өміріне мұндай тәсіл сынып белсенді жұмыс істейтін оқушылар
тобын көбейтуге және балалар мен мұғалімдердің жұмысты бірлесіп істеуіне
әсер етуі мүмкін.
Бірінші кезең аяқталу үшін мына мәселелерді еске алған жөн:
– ұжымды нығайтуға бағытталған мақсаттарды анықтау;
– ұжым іс-әрекетінің дамуы;
– жеке адам арасындағы қарым-қатынас іскерлік және гуманистік
қатынастардың пайда болуы;
– барлық ұжым мүшелері қолдайтын белсенділер тобының бөлінуі.
Бұл кезеңден мұғалімнің негізгі қызметі – оқушылардың ұжымдық іс
әрекетін ұйымдастыру, оларды әртүрлі іс-әрекеттеріне қатыстыру, ұжымды
балаға педагогикалық ықпал жасайтын құралға айналдыру. А. С. Макаренко
ұжымды нығайту үшін тәрбие жұмысын барлық ұжымды тәрбиелеуден бастау қажет
дейді.
Екінші кезеңде ұжым өзін-өзі басқаруға, яғни, сынып жетекшісінің
ұйымдастырушылық қызметінен тұрақты ұжым органдарына көшеді. Сондықтан бұл
кезеңде белсенді топпен жұмыс істеудің маңызы зор. Мысалы, жұмысты бірігіп
жоспарлау, әр түрлі оқу, қоғамдық еңбек тапсырмаларын орындау, әрбір ұжым
мүшелеріне көмектесу, іс-әрекеттерін бақылау, т.б.
Мұғалімнің қызметі- коммуникативті, яғни, балалармен байланыс жасау,
ұжымның өмірі үшін оқушылардың ынтасын қуаттау, жалпы міндеттерді орындауда
барлық оқушылардың күш-қуатын нығайту. Ұжымның бұл даму кезеңінде
параллельді ықпал жасау принципі қолданылады, яғни, тұлғаға талап қою ұжым
арқылы жүзеге асырылады.
Үшінші кезең – бұдан былай белсенді топтың және ұжым сынып іс-
әрекетінің дамуымен сипатталады. Онда қоғамдық өмірдегі деректерді,
құбылыстарды бағалауда қоғамдық ұжымдық пікір пайдаланылады. Бұл саты
ұжымның өрлеу кезеңі.
Ұжым өмірінде, оқушылар арасында жалпы істі бірлесіп орындаудың
арқасында ұжымдық, гуманистік қатынастар дамиды, демек, ұжымда тілектестік,
бір-біріне ілтипатты болу, жолдастарының қуанышына, мұқтаждықтарына үн
қатуға дайын тұру, мінез-құлық нормасын сақтау, нормаға бағыну сияқты
болымды қасиеттер пайда болады.
Ұжым қоғамдық пікірімен сипатталады. Қоғамдық пікір – бұл ұжым
мүшелерінің талаптарды, пікірлерді бағалаудағы бірлігі. Бұл бірлікті ұжым
кейбір ұғымдар және құбылыстар жайындағы пікірлерді мақұлдайды немесе
кіналайды. Демек, ұжымдық талқлау, бағалау, жариялылық, әрекеттілік-
қоғамдық пікірдің негізгі ерекшелігі.
Оқушылар ұжымын нығайту мен қалыптастыруда аса маңызды мәселелердің
бірі – ұжым алдындағы мақсатты – перспективаны таңдау. Осыған орай, А. С.
Макаренконың теориялық мұрасына сүйеніп, оның жақын, орта және қашық атта
перспективаларын еске түсірген жөн. Жақын перспектива – бұл күнделікті
өмірде пайда болып, жеке адамды әр түрлі іс-әрекетіне ынталандыру,
қызықтыру. Егер балалар алдында қуанышты, қызықты істер болмаса, онда олар
өмір сүре алмайды. А. С. Макаренко адам өмірін шын ынталандыруды ертеңгі
қуаныш дейді. Жақын перспективаға жарыс, саяхат, жексенбілік серуен, цирк,
музей және көрмеге бару, үйірмелерді қызықты жарыстар және т.б. жатады.
Орта перспектива – бұл ұжымның немесе жеке адамның бір істі ұзақ
мерзімде орындауға талаптану мақсаты. Қашық перспективаға келешек
мамандықты таңдау, білім алу, мектеп бітіргеннен кейін халық шаруашылығында
жұмыс істеуге тілек білдіру немесе орта және жоғары арнайы оқу орындарына
түсу жатады.
Қоғам адамдары қашық перспектива арқылы мүмкіндігінше ұжымға, Отанға
пайда келтіруі тиіс. Бұл перспектива жақын және орта перспективалармен
мызғымас байланыста іске асырылады.
Осы перспективаларды оқу және тәрбие барысында тиімді пайдалануда
әрбір мұғалімнің міндеттері: біріншіден, перспективаны баланың, сыныптың,
мектептің пайдасы үшін таңдап ала білу; екіншіден, оқушылардың жас
ерекшеліктерін және жалпы дайындық дәрежесін еске алу.
Ұжым өмірінде дәстүрдің үлкен тәрбиелік маңызы бар. А. С.
Макаренконың сөзімен айтқанда, дәстүр ұжымды бекітеді. Дәстүр ұжымды
нығайтады, оның өмірін толық, тұрақты, ықпалды және тартымды етеді. Ұжымның
жалпы өмірінде дәстүрдің көптеген түрлерін байқауға болады, мысалы, мектеп
мерекесі, сайыстар, олимпиадалар, соңғы қоңырау, артта қалған оқушыларға
көмектесу, дәлдік дәстүрлері, т.б. Барлық дәстүрлер үшін жалпы мәселе ұжым
өмірін байыту, аға ұрпақтың мұрасын ұқыптылықпен күтуге үйрету, ұжым
абыройы үшін күресу.
Дәстүр бұл тарихи қалыптасқан, бір буыннан екінші буынға беріліп
отыратын қоғамдық өмірдегі, ұжымдағы адамдардың қатынастарын көрсететін
нормалар мен принциптер.
Оқушылардың құрылған ұжымын біріктіре түсу және, әсіресе, сол күйінде
ұстау үшін дәстүрлер қалыптастырудың және оны сақтаудың өте үлкен маңызы
бар. А. С. Макаренко өзінің тәрбие жұмысында дәстүрлерді кең пайдаланған.
Ұжымды дәстүрлер сияқты ешнәрсе де бекіте алмайды, – деді ол, – дәстүрлер
тәрбиелеу, оларды сақтау – тәрбие жұмысының аса маңызды міндеті. Көптеген
балалар мекемелерінің сәтсіздігін А. С. Макаренко оларда әдет пен
дәстүрлер қалыптаспағандығынан көретін еді.
Қазіргі кезде мектептің жұмыс тәжірибесінде дәстүрлердің кем дегенде
үш типі анықталып отыр: дәстүрлі көпшілік шаралар (мектеп мерекелері,
олимпиадалар, дәстүрлі жиындар және т.б.), бұлар белгілі перспективаны –
бүкіл ұжымның ертеңгі қуанышын құрайды; мектеп өмірінң маңызды
оқиғаларына байланысты ұйымдастырылған салтанаттарды өткізу дәстүрлері
(мысалы, соңғы қоңырау дәстүрі және т.б.), бұларға да бүкіл мектеп
қатысады; оқушылардың іс-қылығына қатысты дәстүрлі мысалы, дәлдік дәстүрі
(барлық мектеп және сынып шараларын дәл уақытында бастау), өз білгенімен
адал, өзгелердің сыбырынсыз жауап беру дәстүрі, артта қалушыларға
көмектесу, ауырғандарға қамқорлық жасау, қайғыда көмектесу, ізетті болу
дәстүрлері және т.б. Бұл дәстүрлер аса бағалы, А. С. Макаренкода олар өте
көп болған (мысалы, тазалық сақтау, өзін мәдениетті ұстау дәстүрлері және
т.б.). олар этникалық мінез-құлықты тәрбиелеуге және нығайтуға
көмектесетінімен құнды.
Бұл дәстүрлердің кейбіреуін олар бүкіл мектептік дәстүрлерге айналу
үшін мектеп көлемінде тұтас әдетке енгізу пайдалы. Әр сынып олар жөнінде
білуі және оларды сақтап отыруға қатысуы керек. Жеке дәстүрлерді, мысалы,
отрядқа есімі берілген батырдың құрметіне белгілі жиындар өткізу дәстүрін,
отрядтың туған күнін тойлауды, ең сүйікті кітап жөнінде диспут өткізу
дәстүрін, қайғыға ұшыраған жолдасқа көмектесу дәстүрін, сыбырлап айтпау
және көшіріп алмау дәстүрін және т.б. сыныпта қалыптастыруға болады және
осылай ету керек те.
Мұндай дәстүрлердің бәріне ортақ жайлар: олардың балалар ұжымы өмірін
көркейтетіні және байыта түсетіні, оны неғұрлым қызықтырақ және мағыналырақ
ететіні, оқушылардың аға буын тындырған істерге жанашырлықпен қарауға
үйрететіні, ұжымды топтастыра түстетіні, оқушылар бойында өз мектептеріне
сүйіспеншілік, өз мектебі мен өз сыныбына мақтаныш сезімдерін
тәрбиелейтіні. Сондықтан сынып жетекшісі қалыптасқан дәстүрлерге өте
қамқорлықпен қарауға, сынып оқушыларына жаңа дәстүрлерді қалыптастыру мен
нығайтуға көмектесіп отыруғ, барлық оқушылардың бойында бұл дәстүрлерді
құрметтеушілік сезімін тәрбиелеуге тиіс.

Педагогика ғылымында оқушылар ұжымын ұйымдастыру қажеттілігін, оның
тәрбиелік қызметін ашуды негіздеу ғана емес, оны жасаудың теориялық негізі
де бар. Ұжым тәрбиелік ықпал жасау үшін оның дамуы, ілегі жылжуы керек.
балалар ұжымы олардың өмірі мен қатынастарының жүйесі ретінде бір орнында
тоқырап қала алмайды. Даму, ілгері қозғалу – оұжым өмірінің заңы. Бұл жерде
қозғалыстың себебеін, дамудың мүмкіндігінің сырын ашып алған жөн.
Мұндай психологиялық күш – болашық үміт дүниесі. Адамның болашаққа
ұмтылуы, өмірге үміт артуы, адам мен ұжым дамуының маңызды сәттерінің бірі.
Болашақ үміт дүниесінде адам қажеттілігінің мәдени және материалдық жиыны,
оның даму деңгейі, бүкіл моральдық бейнесі айқындалады. А. С. Макаренко
болашақ үміт дүниесінің педагогикалық маңызды ерекшеліктерінің бірі –
баланың алдына мақсат жүйесі ретінде ашылып, ол баланы тілеген нәтижеге
жету мүмкіншілігімен еліктіреді, өзінің және ұжымның болашағын құруға
қатынасу ынтасын, қуанышты көңіл-күйі мен ілгері ұмтылуын туғызады деп
есептеді. Қалыптасқан қажеттіліктерді, тілектерді, мүдделерді
қанағаттандыруға ұмтылу оқушының іс-әрекетін әлеуметтік құнды арнаға
жұмылдыру мен бағыттау болып табылады.
Педагогикалық тұрғыдан болашақ үміт дүниесі деп тұтас ұжым балалар
тобы, баланың тұлғалық мәні дамуының ішкі қажеттіліктерін
қанағаттандыратын, ұжым мүшелерінің даму деңгейіне, олардың жас және дербес
даму ерекшеліктеріне қоғам талабына сәйкес келетін міндеттерді,
мақсаттарды, істерді түсінуміз керек.
Оқушылардың тәрбие ұжымын және тұлғалық мәндерін қалыптастыру
мақсатында болашақ үміт дүниелерінің жалпы сипаттағы ерекшеліктері болады.
Олар:
– міндетті ұжым болып орындау жолындағы күрес бейнесінің қиялдан
туындайтын тікелей бала қызығуына, қуанышына негізделген істердің
еліктіруі;
– нақты істер міндеттерінің, мақсаттарының қоғамдық пайдалы
құндылығы және олардың біздің халқымыздың бүкіл күресімен байланысы,
болашақ үміт дүниесі үшін күрес барысының нақты ұйымдастырылуы;
– оқушылардың бойында нақты моральдық сапаларды тәрбиелеудің
педагогикалық мақсатқа сәйкестілігі.
Мұғалімнің міндеті болашақ үміт дүниесі жүйесін құру, яғни, іс-әрекет
жүйесін құру, осы іс-әрекет барысында балаларға қажетті сапаларды тәрбиелей
отырып, бір міндет шешімінен екіншісіне ұжымды қозғалту.
Ұжымның жасампаз істері – қазіргі кезде тәрбие жұмысы құралдарының
ішінде ең өзектілерінің бірі. Шындығында, мәселен, еңбек мерекесі, ән-жыр
көктемі, тақырыптық кештер, т.б. мектепте үйреншікті құбылыстарға айналды.
Осындай іс-әрекеттер түрлі жастағы оқушылар жігерін біріктіріп, аға ұрпақ
өкілдерінің бірлескен қатынастарын дамытуға көмектесуде. Бұл бірлік ұжымдық
жасампаз істер жүйесін оқушылармен тәрбие жұмысында нәтижелі пайдаланудың
шарты болып отыр. Мектеп кештерінде, арнайы ұйымдастырылған кездесулерде,
мұражайлар мен көрмелерге баруда аға ұрпақ өкілдерімен тікелей қатынасып,
оқушылардың танымдық мүддесін қанағаттандырады және тереңдетеді, ой-өрісін
кеңейтеді, талғамды құлықтық көзқараспен қабылдауын және үндестігін,
пейілін және зейінін дамытады.
Мектеп тәжірибесі болашақ үміт дүниесін алға қоюдың төмендегідей екі
жолы бар екендігін көрсетеді:
– оқушылардың жас ерекшеліктерін ескеріп, мұғалімнің өзі олардың
алдына болашақ үміт дүниесін міндет етіп қояды және мінетті шешудің
жолдарын көрсетіп, балаларды еліктіреді;
– өздеріне болашақ үміт дүниесі ретінде алдына қойған мақсатқа жету
жөніндегі оқушылар бастамасын мұғалім қуаттап, оған жету жолдарын табуға
көмектеседі.
Түрлі болашақ үміт дүниесін ұйымдастырудағы негізгі әдістемелік тәсіл
– нақты мақсатқа жету жолындағы күреске балаларды даярлау. Ол даярлыққа
болашақ үміт дүниесін жетілдіруге көмектесетін жоспарды, жобаны ұсыныстарды
талқылау мен одан туындайтын ұйымдық және практикалық жұмыстар кіреді. Бұл
жұмыс – тәрбие ұжымын біріктіру барысындағы ең бір маңызды кезең. Ортақ іс-
әрекетке барлық оқушылардың қатысуы белсенді, жасампаз сипатта болған жөн.
Ұжым мүшелеріне тапсырманы орынды бөлу – балаларды еліктірудің, болашақ
үміт дүниесі істеріне қатыстырудың негізгі жолы. Тапсырма топқа немесе жеке
оқушыға берілуі мүмкін. Кез-келген іс баланың ақыл-ойын ғана емес, оның
сезіміне әсер ететіндей, тек еңбегі мен қылығына ғана емес, әсемділікке
талғамды көзқарасын тәрбиелейтіндей ұқыпты ұйымдастырылған, сәулетті
безендірілген болуы керек. Әсіроесе, сәулетті және салтанатты
ұйымдастырылуы қажет. Бұларға ата-аналар, қонақтар қатынасуы, өту барысында
балаларға сыйлықтар тапсырылуы, жарыс қорытындысы жарияланғаны өте жақсы.
Белгіленген болашақ үміт дүниесі жүйелерін жүзеге асыруда, әсіресе
сынып жетекшісінің зор ұйымдастыруы қажет. Оның болашақ үміт дүниесін тауып
қоя білуі, оны жүзеге асыруды ұйымдастыру іскерлігі, балаларды еліктіру
қиялын ояту, оның өз ынтасына оқушыларды сендіруі, болашақ үміт дүниесін
айқын, бейнелі, әсем суреттей білуі балалармен бірге олардың өмірін
қуанышты және қызық еткісі келетініне сендіруі керек. А. С. Макаренко
әдепті кезеңде оқушылар қарсылық білдірмей пікір таластыратындай және
тапсырмалардан бас тартпайтындай талап қоюдың қажет екенін атап көрсеткен
болатын.
Бұл жерде қойылған талаптың сыйымды, балалар шамасына сай орындалуы
ұжым мүддесіне қажетті екендігіне мұғалімнің сенімі болуы керек. бірақ
бәрін өз тарапынан туатын талапқа шоғырландыру қате болады. Бұл жағдайдың
өзгермеуі түрлі бастамалар мен өзіндік іс-әрекетті тежейді. Сондықтан
болашақ үміт дүниесі үшін күрестің алғашқы нәтижелері белгі болғанда,
мұғалімнің балалар өмірінің қуанышты және қызықты өтуге тырысқанына
оқушылар сенгенде, балалардың көбі белсенділік көрсеткенде, оқушылар
ұжымының өмір мазмұнын күрделендіріп, ұжымға талап қою қызметінің бөлігін
белсенділерге жүктеп, оларды жан-жақты қолдап отыру қажет. Оқушылардың көбі
сыныптың белсенді тобын және мұғалімді қуаттайды. Оқушылар ұжымының
қоғамдық пікірі құлық тәрбиесінің шешуші күшіне айналады. Қажет болғанда
бүкіл ұжым жеке оқушылардан тәрьібінің дұрыс болуын талап етеді.
Бірыңғай педагогикалық талаппен қатар, балалар тәрбие ұжымының
жетекші буынға айналуы оқушылардың бүкіл мектептің өзін-өзі басқару ісіне
қатынасуы болады. Сыныпта ұйымдастыру міндетін орындауы ұжым өкілдері бүкл
мектептің өзін-өзі басқару органдарының ұрамына енеді. Осылайша өз ұжымының
өмірін басқа бастауыш ұйымдары өмірімен байланыстырады. Бұл байланысты
жүзеге асырудың тағы бір жолы ұжымның өз шамасына сай мектептің ішіндегі
еңбек жарыстарына қатысуы болып табылады (мектеп жанындағы учаскедегі іс-
әрекет, макулатура жинау, мектепке дейінгі мекемелерге қамқорлық және
т.б.). олардың бұл ісі мектеп көлемінде есепке алынады және бағаланады.
Оқушылар ұжымын қалыптастырудың пәрменді құралы олардың өзін-өзі
қызмет істеу шамасына сай қатынасуы болады. Мұны ұйымдастыру барысында
балалардың жас ерекшелігін ескеріп, еңбектің көлемінің шамадан тыс кетпеуін
қадағалау керек.
Оқушылар іс-әрекеттері туралы біраз пікірлер айтылады.
Іс-әрекеті – бұл қарым-қатынас, ұжымның өздігінен істеушілік және
ішкі үдерісінің көзі, нақты мақсатқа жету. Ұжымның ішкі үдерісі қарым-
қатынас және ақпарат арқылы іс-әрекетімен байланысты. Іс-әрекеттің
барысында қарым-қатынас дамиды.
Қарым-қатынас – бұл адамға адам қажеттіліктерін қанағаттандыру.
Сондықтан, педагогикалық ұжымның міндеті – жеке адам қарым-қатынас жасаудың
негізінде басқа адамдармен бірігіп, қуанышты көңіл күйін жеңілмейтін
тілекті сезуі тиіс.
Балалар қарым-қатынасты бағалайды. Осы тұрғыдан қатынастың тұрақты
жүйесін және кіші топтың ролін еске алу қажет. Жеке қатынас жүйесінде әр
бала өз орнын алады. Біреулері өзінің әйгілілігімен жолдастарының алдында
беделді, ал, екіншілерімен ешкімнің қарым-қатынас жасағысы келмейді.
Бірақ, барлық балалар қарым-қатынас жасауды керек етеді. Әсіресе,
сынып ұжымындағы оқушылар қатынас арқылы ынтымақтық достықты тілейді.
Осыған байланысты кіші топ дербес қатынас жасаудың негізінде стихиялы пайда
болады.
Кіші топтың құрам тұрақты немесе тұрақсыз болуы мүмкін. Кіші
топтардың маңызды ерекшеліктері өзара қатынасының тартымдылығы. Егер мұндай
ерекшелік болмаса, топты сақтау мүмкін емес. Әрбір оқушы бір сыныптың
оқушыларымен немесе құрдастарымен ынтымақты қатынас жасау үшін олардың
арасында өзара ұнатушылық, бір-біріне сүйіспеншілік болуы керек.
оқушылардың түрлі тақырыптарға өзара әңгімелесуі, достық кездесуі, ақпарат
алмасуы әрбір баланы қызықтырады, ынталандырады. Бұл балалардың әлеуметтік
тәжірибесін молайтады.
Балалардың дербес аралық қатынастарын және олардың мақсаттылығын
сынып жетекшісі зерттеп, балалардың қарым-қатынасын реттеуде және дамытуда
қамқоршы болуы тиіс. Дербес қатынас жүйесінде мұндай шығармашылық тәсіл
ұжымды педагогикалық меңгеру жолдарының бірі.
Өзара жауапкершілік қатынас жүйесінде қабылданған мақсатқа сәйкес
жалпы істі орындау үшін ұжым мүшелерінен жауапкершілік және өзара
тәуелділік талап етіледі.
Өзара жауапкершілік қатынастың мынадай жағдайларын еске алған жөн:
– ұжым мүшенлері тең құқықты болады;
– басқарушы міндетін орындаушы ұжым мүшелері тарапынан
оқушыларға қысым жасалмайды;
– жауапкершілік және өзара тәуелділік жүйесінде жалпы істі
орындаудың барысында әр түрлі бейімделушілікке жол бермейді.
Осындай жағымсыз жағдайларды болдырмау үшін әрбір ұжым
мүшесінің әлсіз және әлді жақтарын есепке алып, оның жағымды позициясын
қамтамасыз ету керек. ең бастысы – адамгершілік, мораль және демократия
қағидаттары негізінде ұжым өмірінің нормаларын нығайту. Ұжым өмірінде
гуманистік қатынас ерекше орын алады. Гуманистік қатынастың негізгі
белгілері:
– сергектік стиль – ширақтық, белсенділік, қайырымдылық, ұжым
мүшелерінің достық бірлігі, бір-біріне ілтипатты болу, өзара жәрдем беру;
– балалар арасында бақталастық, өз қамын көздеушілік, тұйықтық,
бөлектенушілік, лидерлік болмауы тиіс.
1.4. Мұғалім және балалар ұжымы
Тәрбиеші тарапынан ақылмен басшылық жасау жағдайында ғана ұжым
жеке адамды қалыптастырудың маңызды құралы бола алады.
Ұжымды тиімді басқару тәрбиешінің ұжым мәселелерін: әсіресе, өзін-өзі
басқару іс-әрекеттері мен қарым-қатынастарды ұйымдастыруды, ұжым мен жеке
адамның дамуы сияқтылармен теориялық терең қаруланған жағдайда ғана мүмкін
болмақ. басқаруда, сонымен қатар, балалар ұжымдарына басшылық етуде жасы
үлкендердің бірігіп күш жұмсауының маңызы аса зор.
Әр мұғалімнің кез келген сыныппен жұмысы мұғалімнің өз талаптарын
қоюынан басталуы керек. егер оқушылар жаңа мұғалім келгенге дейін белгілі
бір талаптарға үйретілген болса, олар ол талаптарды орындауын тоқтатпау
үшін, жұмыста қол жеткен нәрседен бастамай, жалғастықты сақтай отырып,
бірден ілгері жылжу үшін мұғалімге, әрине, алдын ала ол талаптармен танысу
керек.
Мұғалімнің бүкіл жұмысының табысты болуы көп жағдайда сыныптың онымен
алғашқы кездесуіне, оның бұл қатаң талаптарды қалай қоя білетініне тәуелді
болатын ұжым қалыптасуының бірінші сатысында мұғалімнің сыныппен алғашқы
сәтсіз кездесуі бәрін анықтауға тиіс деген ұғым тумайды. Алғашқы
сәтсіздіктерге қарамастан, көптеген мұғалімдер кейінірек өздерінің табынды
еңбектерімен сынып жұмыстарында табысқа жете алатынын тәжірибе көрсетіп
жүр. Алғашқы кездесу сәтті болу үшін, мұғалім оған мұқият дайындалуы,
өзінің оқушылармен алғашқы әңгімесін ойластыруы және жұмыстың ең бастапқы
кезеңінен қойылуға тиісті бірқатар талаптарды әзірлеп алуы керек.
Мұғалім барлық жағдайларда да балалар ұжымын ұйымдастырушы ролінде
болады. Оның бұл міндеті, әсіресе, төменгі сынып оқушыларымен жұмыс
істегенде аса айқын көрінеді. Бастауыш сынып ұжымдарында болатын байланыс
пен қарым-қатынас берік емес, төменгі сынып оқушыларының ұжымдық өмірден
тәжірибелері болмашы, олардың ұйымдастыру іскерлігі нашар дамыған. Сонымен
бірге, атап айтқанда, бастауыш сыныптарында балалардың адамдарға, ұжымға
деген қатынасы тез қалыптасады. Балалар ұжымдарын ұйымдастырушы ретінде
бастауыш сынып мұғалімдерінің алар орындарының ерекше маңыздылығы осымен
айқындалады.
Бастауыш сынып мұғалімі ұжымда оқушылардың өзара қарым-қатынасының
қалыптасуында ерекше роль атқарады. Оның балаларға, олардың ата-аналарына,
өзінің серіктестеріне деген қарым-қатынасы, көбіне балалардың бір-бірінің
арақатынасының сипатын анықтайды. Балалардың ұжымдағы өзара қарым-
қатынасына ықпал жасау олардың қарым-қатынасының, жүріс-тұрысының сыр-
сипатын тереңінен және үнемі зерттеп білмейінше мүмкін емес. Мұғалімнің іс-
әрекетінің бұл жағы елеусіз қалады. Оған мұғалімнің өздері де, олардың
жұмыстарына ьталдау жаскағанда мектеп басшылары да тиісті көңіл бөліп,
назар аудармайды.
Осындай ықпал жасаудың маңызды шарты – балаларға көзқарастағы
шыншылдық, олардың тағдырына деген мүдделілік, оларға үлгі болып, өсуге
көмек көрсетуге деген ұмтылыс болып табылады.
Мұғалімдердің мектеп ұжымдарына басшылық жасауының табысты болуы,
көбінесе, олардың ұжымдарды басқарудың нақты тәсілдерін меңгеріп алуна,
оларды үнемі жетілдіре беруіне байланысты.
Әрбір сынып жетекшісінің сынып ұжымын құру және оны нығайту жөніндегі
жұмысында мектеп оқушыларының ұжымдық мүдделерін жан-жақты ешқашан да тек
қана өздерінің сынып ұжымының мүддесімен шектемеуі керек. Бұл үшін мұғалім
бүкіл педагогикалық ұжымға, өз сынып оқушыларының бүкіл мектеп ұжымымен,
өндіріс ұжымдарымен, бүкіл еліміздің ұжымдық өмірімен байланысын жан-жақты
кеңейтіп отыруға тиіс. Бұл байланыс әр түрлі бағыттар бойынша, мейлінше әр
түрлі формаларда жүзеге асырылуы тиіс.
Сынып ұжымын бүкіл мектеп өмірімен сабақтастыру үдерісінің екі жақты
сипаты бар. Біріншіден, ол, сынып жетекшісінің өз сыныбының оқушыларымен
тұтас алғандағы бүкіл мектептік ұжымның қызметіне тарту жөніндегі жүйелі іс-
әрекетін қажетсінсе, екінші жағынан, ол пелагогтар ұжымдары мен мектептің
қоғамдық ұйымдары жүргізетін мектептің тұтас алғандағы оқушылар ұжымын
ұйымдастыру жөніндегі үлкен жұмысты талап етеді.
1.5. Активпен жұмыс істеу
Оқушылар ұжымын құру және топтастыру жөніндегі жұмыста активті
іріктеудің және онымен жұмыс істеудің маңызы зор. Сыныпта мұғалімнің
талаптарын қолдайтын сүйнерлік топтың болуы, осыдан бұрын көрсетілгендей,
балалар ұжымы дамуының екінші сатысын сипаттайды, ол бірінші сатының ізінше
тез қалыптасуға тиіс. Балалар ұжымын құру жөніндегі өз тәжірибесін бөлісе
келе, А. С. Макаренко былай деген еді: Мен мұны тездетуге асықтым. Бұл
балалардың немесе қыздардың өздерінің де көптеген кемшіліктері бар екеніне
қараған жоқпын, менің талаптарымды жалпы жиналыста сөйлеген сөздерінде өз
тобында өздері де талап қою, пікір айту арқылы қостап отыратын активистер
тобын тезірек жинап алуға тырыстым.
Балалар ұжымын құру жөніндегі жұмысты жаңа бастаған әрбір мұғалімнің
алдында – сенімді актив іріктеп алу, оны таңдағанда қателеспеу жөнінде аса
маңызды педагогикалық міндет тұрады. Егер мұғалім сыныппен оқу жылының
басында жұмыс істей бастаса, оның, әдетте, сыныптың жақсы жұмысшы табын
іріктеп алуға болады.
Әдетте, мұғалім алдын ала сыныппен танысады, оқушылар арасында ең
үлкен беделге кім ие екенін байқайды, сол оқушыларға зер салады, олармен
әңгімелеседі, олардың жұмысқа шамасы келе ме, келмей ме, мұғалім осы
жөніндегі оқушылар пікірін сұрап, өз пікірін де айта алады, сөйтіп
балалармен әңгіме үстінде өз пікірінің дұрыс-бұрыстығын тексереді.
Оқушыларды осылай алдын ала зерттеу мұғалімнен көп көңіл бөлуді,
байқағыштық, педагогикалық өнегелілік көрсетуді, едәуір уақыт шығындауды
талап етеді. Алайда, бұл өзін өзі ақтайды, өйткені сәтті іріктелген,
мұғалім суреттеп берген және оқушылардың өздері дамыта түскен перспективаға
шын қызыққан актив алдағы уақытта жұмыстың табысты болуына көп көмектеседі.
Алғашқы кезде бұл актив өте үлкен болмауға тиіс. Ол бәрінен бұрын
сыныпта мұғалімнің сүйенетін тобы, мұғалімнің талаптарын қолдап отыратын
оқушылар болуы үшін керек. сыныптағы оқушылар өз араларында пікірлерімен
мұғалім санасатын, көбірек солармен жұмыс істейтін балалардың бар екенін
көруі керек. ол оларға тапсырмалар береді, олармен бірқатар мәселелерді
талқылап отырады. Сонда бүкіл сынып активке зер салып, айтқандарына ден қоя
бастайды.
Өзінің сыныппен жұмысында мұғалім өне бойы бұл активке сүйеніп қана
қоймайды, сонымен бірге оны мүмкіндігінше көбірек көмекке шақырып, онымен
ақылдасып, оның өз бетінше шешуі үшін бірқатар шараларды тапсырып, оған
жоғарырақ талаптар қойып, оқушылар алдындағы оның беделін де нығайтып
отырады. Мәселен, бұл мұғалім оқушылардың орын ауыстырып отыру жөніндегі
барлық мәселелерді шешуді старостаға тапсырады, ал, ол белгілі бір оқушының
орын ауыстырып отыруына звено жетекшісінің келісімін алып барып рұқсат
береді. Екінші мұғалім сыныптың кеңейтілген активінде Жаңа Жыл шыршасына
билеттер бөлуді талқылауды тапсырады.
Оқушылардың нашар немесе жақсы үлгерімін атап өту үстінде мұғалім
міндетті түрде ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz