Мектеп жүйесінің құрылуы


Қазақстан Республикасы Білім және Ғылым Министрлігі
Ақтау Шетел Тілдер Колледжі
КУРСТЫҚ ЖҰМЫС
Пәні: «Қазақстан тарихы »
Тақырыбы: «ХІХ - ХХ ғасырдағы Қазақстандағы оқу ағарту ісі»
Орындаған:
Тексерген:
Ақтау-2009 жыл
Жоспар
Кіріспе . . . 3
І. Қазақстандағы халыққа білім беру ісі
1. 1 Ұлттық мектепттер
1. 2 Мектептiк және кәсiптiк бiлiм беру .
1. 3 Мектеп жүйесінің құрылуы
ІІ. Ағартушылық кезең
2. 1 Жоғары оқу орындар.
2. 2 Жаппай сауатсыздықты жою
Қорытынды . . . 28
Пайдаланған әдебиеттер . . . 29
Кіріспе
Менің курстық жұмысымның тақырыбы ХІХ - ХХ ғасырдағы Қазақстандағы оқу ағарту ісі. Бұл курстық жұмыста 19-20 ғасыр аралығындағы Қазақстанның мәдени өміріндегі ағартушылық кезеңнің дамуы, халық ағарту ісінің бағытталуы қамтылады. Қазақ даласында бұл кезде жергілікті халықтың балаларын оқытуға арналған азаматтық бағыттағы, діни бағыттағы мектептер пайда болды. Жалпы алғанда негізгі бөлім екі тараудан тұрады. Екі тараудың бір тарауы Қазақстандағы халыққа білім беру ісі яғни бұл үш бөлімнен тұрады. Бірінші тарауды қамтитын 1. 1 бөлімінде Ұлттық мектептер туралы жүйесін ұйымдастыру ұлттық аудандарда соның ішінде Қазақстанда да енгізілуі тиіс еді. Қабылданған заңды жүзеге асыру нәтижесiнде Қазақстанда әр түрлi облыстарда әр алуан үлгiдегi мектептер кұрыла бастады.
Мәселен, Ақмола және Семей облыстарында - мектеп-интернаттар мен ауыл шаруашылық бастауыш училищелерi, Торғай мен Оралда - ауылдық мектептер; болыстық (бiр сыныпты), екі сыныпты училищелер, Жетicу мен Сырдарияда - «opыc бұратаналық» мектептер, Iшкi Ордада (Бөкей Ордасында) старшындық және учаскелiк училищелер құрылды. Олардың бәрi Халық ағарту министрлiгiне бағынды. Қазақстан мен Ресей империясы арасындағы байланыстардың өсуі себепті өлкедегі халыққа білім беру ісі ХХ ғасырдың басында одан әрі дами түседі, бұл орайда ауыл шаруашылық мектептері қолөнерге оқытуға дайындайтын мектептер түріндегі бастауыш және кәсіптік - техникалық білім берудің дамығанын атап өткен жөн. Халыққа білім беру ісін дамытуға ықпал жасайтын басқа оқу орындары техникалық және ауыл шаруашылық саласындағы мектептер болды.
1. 2 бөлімінде ХІХ ғасырдың басында Қазақстандағы халық ағарту ici eкi бағытта: дiни және жай азаматтық бағытта дамыды. Дiни бағыттағылары балалар ата-аналарының қаражатымен ұсталған мектептер мен медреселер болды. Олардағы оқу араб алфавиті бойынша жүрді. Бұл кездегі діни білім беру жүйесінде медресенің рөлі едәуір жоғары дәрежеде болды. Ондағы оқу мерзімі төрт жылға дейін созылды. Бірсыпыра жылдар бойы мұсылман мектептері мен, әсіресе медреселерде білім алудың мүлде жарамсыздығы туралы пікір қалыптасып келді.
Бұл оқу орындарын пұрсатты оқу орындарында, басқа да кейбіреулерінде оқытумен қайсыбір дәрежеде салыстыруға болмайтын, алайда олар қазақ халқы сауаттылығының жалпы деңгейіне елеулі ықпал жасады, сонымен бірге қазақ қоғамының дәстүрлі мәдениетін қалыптастыруға жәрдемдесті. Мектептерде халык дәстүрлерi, халықтық этнопсихология, дәстүрлi әдебиет өз дамуын тауып, дәстурлi халықтық сана-сезiмдi қалыптастырудың негiзiне айналды. Мәселен, қазақтың ұлы ақыны, ағартушы және ойшыл Абай өзiнiң бiлiм алуын ауыл мектебiнде бастап, әpi қарай бiлiмiн медреседе жалғастырған едi.
Сонымен қатар Қазақстанның ағартушылық ісіне құлшыныс танытқан Ыбырай Атынсарин, Абай Құнанбаев, С. Торайғыров, М. Жұмабаев және басқалар сияқты аса ірі қайраткерлері шықты. Аса - көрнекті педагог жаңа мектептерді ұйымдастырушы тағы да басқа ретінде танымал Ыбырай Алтынсарин бірінші болып қазақ даласында қыздар мектебін ашты және қазақ балалары үшін «Қырғыз хрестоматиясы» «Қырғыздарды орыс тіліне үйретудегі бастапқы нұсқау» т. б оқулықтарды жазды. Ы. Алтынсарин халыққа білім берудің дамуына баға жетпес үлес қосты . Ы. Алтынсарин қызметі қазақ жасақтарының Европалық білімге деген құштарлығын оятты, жол ашты.
1. 3 бөлімінде ХІХ ғасырдың Қазақстанның мәдени өміріндегі ағартушылық кезең деп аталады. Жаңа мектептердің ашылуы мектеп жүйесі құрылып қалыптасты. Бастауыш білім беру 50 жж жаппай жетіжылдық 60жж сегізжылдық, 70 жж орта білім беру міндеті қойылды. Екінші бесжылдық жылдарында республикада жалпы білім беретін мектептердің саны өсті. Халық ағарту қажеттеріне бөлінетін қаржы көбейді. Міне осындай оң өзгерістердің нәтижесінде 1940 - 1941 оқу жылында мектептердің жалпы саны 7 790, ал оқушылыр - 441 мыңға жетті. Білім беру ісін дамыту бағытында ана тіліндегі оқулықтардың жасаған қазақтың ұлттық зиялылары үлкен үлес қосты. Сөйтіп Қазақстанда, барлық елдегі сияқты, арнаулы орта білім берудің бірыңғай жүйесі қалыптасты. Арнаулы орта білім беру мекемелерінің ең көп таралғаны техникумдар болды.
1. Қазақстандағы халыққа білім беру ісі
1. 1 Ұлттық мектепттер
XIX ғасырдың аяғы - ХХ ғасырдың басында Ресей империясының Халыкка бiлiм беру ici мен мектеп жүйесiндегi өзiндiк ерекшелiктер Қазақстандағы халыққа бiлiм беру ici мен бүкiл ағарту жүйесiне көп дәрежеде өз ықпалын жасады. Оқу-ағарту ici айқын таптық сипатта болды, оның Қазақстандағы айырмашылығы ұлттык ерекшелiкке орай жүргiзiлдi. Ұлттық мектептер туралы 1870 жылы қабылданған «Ресейдi мекендейтiн бұратаналарға бiлiм беру жөнiндегi шаралар туралы» заң ұлттық мектептердегі және ұлттық шет аймақтардағы бүкіл ағарту жүйесiн: 1) әлі аз орыстанғандар үшiн, 2) орыстары көп жерде тұратындар үшiн және 3) жеткiлiктi дәрежеде орыстанғандар үшiн деп, 3 cанатқа бөлді. Бұл орайда l-санат үшiн мектептер салынатын болып белгіленді, оларда оқыту орыс әліпбиiмен жазылған оқулықтар бойынша ана тілінде жүзеге асырылуға тиіс еді. Екінші санат үшiн орыс мектептерi құрылуға тиiс болды, оларда орыс балаларын да, «бұратана» балаларды да бірге оқыту көзделдi, ана тiлi ауызша түсiндiрген кезде ғана қолданылуға тиіс едi. Үшiншi санат үшiн орыс мектептерi құрылып, оларда оқыту тек орыс тiлiнде жүргiзiлдi.
Заңды жүзеге асыру нәтижесiнде Қазақстанда әр түрлi облыстарда әр алуан үлгiдегi мектептер кұрыла бастады. Мәселен, Ақмола және Семей облыстарында - мектеп-интернаттар мен ауыл шаруашылық бастауыш училищелерi, Торғай мен Оралда - ауылдық мектептер; болыстық (бiр сыныпты), екі сыныпты училищелер, Жетicу мен Сырдарияда - «opыc бұратаналық» мектептер, Iшкi Ордада (Бөкей Ордасында) старшындық және учаскелiк училищелер құрылды. Олардың бәрi Халық ағарту министрлiгiне бағынды. ХХ ғасырдың басына қарай Қазақстандағы халыққа бiлiм беру iciнің мақсаттары мен мiндеттерi бiлiм беру iciнiң жетекшi қайраткерлерiнiң бiрi А. Алекторов мақалаларының бiрiнде айтылған: «Қазақ даласындағы мектеп өзiнiң бiлiм беру мiндеттерiмен қоса саяси рөл де атқарады: ол қазақ халқын байырғы орыс халқымен байланыстырып, қазақтарға мемлекеттiк тiлдi сiңiредi. Ол орыс халкының ғұрыптарымен және көзқарастарымен таныстырады, қазақтарды баяу болса да, жүйелi түрде орыстардың аясына енгiзедi, бұл орайда мұсылмандық ерекшелiк негiздерiне қарама-қарсы тұрып, қазақтарға Бұхарадан және ислам дiнi гүлденген басқа да жерлерден келгендер сiңiрген мұсылмандық фанатизмдi әлсiретедi» . А. Алекторов қазақ халқын, бәлкім, неғұрлым астарлы әдiстермен орыстандыру туралы тура айтқан.
Сонымен бірге үкімет те, жергiлiктi өкiмет орындары да бұл саясатты зор ынтамен және табандылықпен жүргiзiп, орыс мектептеріне ғана көп көңіл бөліп отырды. Мәселен 1905 жылдың маусымында «шығыс бұратаналарына» білім бepy мәселесi бойынша ерекше кеңес өткізiлiп, онда өлкедегi халыққа білім беру негiзiне И. Ильминскийдің жүйесi алынды. Кенестiң қорытындысы ұлттық мектептер жүйесiн ұйымдастыру болды, ол
ұлттық аудандарда, соның iшiнде Қазақстанда да енгізілуге тиіс еді. Онда: l) оқыту мерзімі 2 жылдық бастауыш училище, бұл орайда екiншi жылы орыс мектебінің бipiншi сыныбына сәйкес келетiн; 2) оқыту курсы 4 жылдық бір сыныпты училище; 3) оқыту курсы 6 жылдық eкі сыныпты училище ашу көзделді, ал алғашқы eкi оқу жылында ғана ана тілінде сабақ жүргізуге рұқсат етілді.
Сонымен ХХ ғасырдың басында халық арасына орыс тілін енгізу негізінде империяның ұлттық шет аймақтарын орыстандыру жөнінде кең көлемді бағдарлама белгiлендi. Үкімет пен жергiлiктi кадрлардың қызметі осыған бағытталып, олар алынған нәтижелердi баянды ету саясатын үнемі жүргiзiп отырды, бұған заңдар, жекелеген актілер, 1906 жылы 31 наурызда қабылданған «Шығыс және oңтүстік - шығыс Ресейде тұpaтын бұратаналарға арналған бастауыш училищелер туралы», ережелер, 1907 жылғы 1 қарашадағы «Бұратаналарға арналған бастауыш училищелер туралы ережелер» 1913 жылғы 14 шілдедегі «Бұратаналарға арналған бастауыш училищелер туралы» ережелер көмектесті. Бұл актілердің әрқайсысында халыққа білім беруді одан әрі орыстандыру көзделді. Түркістан өлкесіндегі білім беру ісі қайраткерлерінің бiрi Н. Остроумовтың атап өткенініндей,
« Түркістан өлкесінде орыс мектебі арқылы орыстандыру саясатын ұстану ниеті болды ».
Бұл саясаттың негізгі мақсаттары былайша белгіленді: «Орыс - мемлекеттік міндеттер мен отанымыздың бұратаналарға көзқарасы жөніндегі ой - ниеті орыстандыруда болып табылады . . . тағы бір басқа міндет - қазақтардың орыстармен бірге тұтас бір саяси - мемлекеттік организмге айналуына жәрдемдесу».
Қазақтарды орыстандыруға бағытталған империялық саясаттың орасан зор қысымына қарамастан, өлкедегі халыққа білім беру ісінің жағымды жақтары да болды. - жүргізіліп отырған ресми саясатқа қарамастан, қазақтар еуропалық мәдениетпен, еуропалы өркениеттің жетістіктерімен танысты. Сондықтан да қалыптасып келе жатқан қазақ зиялылары орыстар ортасынан көп нәрсені қабылдады, тіпті негізінен орыс топырағында еуропалық негізде білім алды. Сонымен бірге олардың арасында шетелде оқығандары да болды. Қазақ халқындағы интеллектуалдық орта дамуының жиынтығы осы ортада саяси мәдениетті қалыптастыру проблемасын күн тәртібіне қойды, сөйтіп ХХ ғасырдың басында ол қазақ интеллектуалдары қатысқан кейбір саяси ағымдардан көрінді. Қазақстан мен Ресей империясы арасындағы байланыстардың өсуі себепті өлкедегі халыққа білім беру ісі ХХ ғасырдың басында одан әрі дами түседі, бұл орайда ауыл шаруашылық мектептері қолөнерге оқытуға дайындайтын мектептер түріндегі бастауыш және кәсіптік - техникалық білім берудің дамығанын атап өткен жөн. Егер 1901 жылы Қазақстанда Оқу- ағарту министрлігі бойынша 283 орыс және 207 орыс -қазақ мектептері болса, 1916 жылы олар Семей облысында -323, Жетісу облысында -181, Сырдария облысында -231, Торғай облысында -517, Орал облысында -455, Ішкі Ордада -74, барлығы 2448 болды, олардың 562-сі орыс-қазақ мектептері еді, бұл орайда Ақмола, Семей, Орал облыстарында әскери қазақ мектептері Оқу -ағарту министрлігіне берілді. 1916 жылы оқушылар саны -132 245, ал қазақ және татар балалары 19 372 болған. 1917 жылы 47 жоғары - бастауыш училище, 17 орта мектеп, 4 реалдық училище, 4 ерлер және 9 қыздар гимназиясы, 13 ауыл шаруашылық төменгі мектебі мен 2 қолөнер училищесі жұмыс істеді. Үкіметтің мектептерді негізінен артықшылығы басым орыс тұрғындары мен қазақтарға ғана арнап бөлу жөніндегі саясаты қазақ халқының сауатсыз немесе шала сауатты болып қалуына әкеп соқты, сондықтан қазақ халқының орасан көп бөлігі мектептерде немесе медреселерде қандай болса да, білім алуға тырысады.
Бірсыпыра жылдар бойы мұсылман мектептері мен, әсіресе медреселерде білім алудың мүлде жарамсыздығы туралы пікір қалыптасып келді. Бұл оқу орындарын пұрсатты оқу орындарында, басқа да кейбіреулерінде оқытумен қайсыбір дәрежеде салыстыруға болмайтын, алайда олар қазақ халқы сауаттылығының жалпы деңгейіне елеулі ықпал жасады, сонымен бірге қазақ қоғамының дәстүрлі мәдениетін қалыптастыруға жәрдемдесті. Сол кезеңдегі қазақ қоғамының көптеген интеллектуалдық топтары осы ортада қалыптасты. Мәселен, біз I Мемлекеттік Думанын депутаты, кейіннен өкілеттігі жойылған Шахмардан Қосшығұловты мысалға келтіре аламыз. Үкімет пен жергілікті өкімет орындары мектептер мен медреселерге мүлде теріс көзқараста болды. Мәселен, 1870 жылдың өзінде-ақ Түркістан өлкесінде халыққа білім беру туралы мәселені талқылау жөніндегі ерекше комиссия « . . . діни конфессионалдық, оның үстіне әрі саяси (өйткені бұл екі жағы мұсылманның ұғымында ажырағысыз) болғандықтан, бұратаналық мектептер орыстың өкімет орындарынан қолдау табуға үміттенбеуге тиіс» деп анықталды. Алайда жергілікті өкімет орындарында мектептердің бұл түрін ығыстырып шығаруға материалдық қаражат және өзге де мүмкіндіктер болмады, сондықтан да: «Жабылатын бұл мектептерді біз немен алмастыруды таба алмадық, өйткені орыс мектебі мұндағы халықтан ұзақ уақыт бойы, мүмкін мәңгі болар, қолдау таппай қала береді», -деп атап өтілді. Бұл ой одан кейінгі жылдарда дамытыла түсті. Мәселен, халық ағарту министрінің ішкі істер министрімен келісілген өкімімен мұсылман мектептерінде орыс цензурасы мақұлдаған баспа басылымдары ғана қолданылуға және оқытуды Ресейде білім алған оқытушылар ғана жүргізуге тиіс болатын, рас, бірсыпыра уақыт өткен соң бұл өкімнің күші жойылды.
XX ғасырдың басында Түркістан өлкесінің үш облысының өзінде бұратаналар мектептерінің саны 6000-ға жуық болды. Мұндай кемсітушілік шаралар жер-жерде байқалды. Қорыта келгенде, Орынбор губерниясы жанындағы халыққа білм беру жөніндегі I және II кеңестің журналында «халық арасында орысша сауат ашуға ұмтылыстың нашар» екендігі атап өтілді. Сол кездің өзінде бір Сырдария облысында ғана 1910 жылы 32 медресе, оның қалалық 23 және ауылдық 9 медресе болды. Олардың ең ірілері Ташкентте орналасты. Бұл медреселерде өзінің сындарлы оқыту жүйесі болды, онда дінмен қатар зайырлы пәндер оқытылды. Мектептер де қазақ халқы арасындығы сауаттылық деңгейін белгілі бір дәрежеде көтерді, онда Құранды оқыту жүргізіліп қана коймай, зайырлы әдебиет пен жаратылыс ғылымдары үйретiлдi. Мектептер қазақтар арасында кең таралды. Мәселен, бiр Маңғыстау уезiнде ғана 67 мұсылман мектебiнде 1003 шәкipт оқыды. Мектептерде халык дәстүрлерi, халықтық этнопсихология, дәстүрлi әдебиет өз дамуын тауып, дәстүрлi халықтық сана-сезiмдi қалыптастырудың негiзiне айналды. Мәселен, қазақтың ұлы ақыны, ағартушы және ойшыл Абай өзiнiң бiлiм алуын ауыл мектебiнде бастап, әpi қарай бiлiмiн медреседе жалғастырған едi.
Халыққа бiлiм беру саласындағы империялық саясат шеңберiнде 1906 жылы тамызда болып өткен III жалпымұсылмандық съезi халыққа бiлiм беру ici бойынша тұтас бағдарлама жасады.
Съезд шешiмдерiнде былай деп белгiлендi: 1) барлық қоныстарда балалар мен қыздарға мiндеттi бастауыш бiлiм беретiн мектептер ашылсын; 2) оқыту бiр бағдарлама бойынша және араб әлiпбиi негiзiнде ана тiлiнде жүргiзiлуге тиiс болды; 3) мектептердi ұстау земствоның, қала молдасының қарауында, ал басқару мен бақылау мұсылмандардың өз қолында болуға тиic; 4) дiн iлiмi және әдеби ана тiлi енгiзiлуге тиic; 5) мұғалiмдер мен оқушылар құқықтары жөнiнен орыс мектептерiнiң мұғалiмдерiмен және оқушыларымен теңестiрiлуге тиic болды. Съезд шешiмдерiнде мұсылмандарға бiлiм беру жүйесiн ұйымдастыруға қатысты басқа да талаптар қойылды. Сол арқылы империяның бүкiл мұсылман халқының соның iшiнде қазақ халкының да ой-ниетi бiлдiрiлдi.
Сол кездегi көптеген зерттеушiлер ХIХ ғасырдың аяғы - ХХ ғасырдың басында енгiзiлген бiлiм беру жүйесiне өз көзқарастарын бiлдiрдi. П. Головачев былай деп атап өтедi: « . . . бұрын қазақтар үшiн ойластырылған жабық оқу орындары мүлде сәтсiз болып шықты, бұл мектептерге балаларды күштеп алу қолданылғандықтан, бай қазақтар өз балаларының орнына өз балам деп кедейлердiң балаларын беретiн болды. Бұл жөнiнде бұдан бiршама бұрын А. Н. Краснов былай деп жазған: «Бұған дейiн осының бәрi халықтан оған бiлiм беруге жиналынатын қазақтардың қаржыларына icтелiп келдi, - бұл Верныйда, Қапал мен Қарақолда пансиондардың құрылуы, оларда қазақтарға орыс тiлi оқытылады және жалпы алғанда одан кейiн гимназияға iлiгуге болатындай бiлiм берiледi » Бұдан әpi ол былай деп дәлелдейдi: «Дала тұрғындары арасында орысша оқитындар аса сирек кездеседi, жаза бiлетiндер мүлде жоқ деуге болады. Оның бер жағында Верный қазақтарының 25%-ы арабша оқи бiледi».
1907 жылы Ресей империясында жалпы бiлiм берудi енгiзу туралы жоба жарияланды, онда бастауыш мектептер желiciн кұру көзделдi. Жоба бойынша бiлiм беру ici 7- 11 жастағы балаларды қамтуға тиiс болды, бастауыш бiлiм берудi 10 жыл iшiнде енгiзу жорамалданды.
Нақ осы жылдарда бастауыш бiлiм беру мұқтаждарына қаражат босату туралы заң (1908) және 1909 жылы Халық ағарту министрлiгi жанынан «мектеп-құрылыс қорын» құру туралы заң қабылданды. Бұл заң актілері
мектепте бiлiм беру жүйесін кеңейтті, халыққа бiлiм беру iciнін, соның iшiнде Қазақстанның бүкіл аумағында орыс - қазақ мектептерінің
(ол кездегi кұжаттарда - орыс-кырғыз және орыс туземдік) кең желісін құруға кейбір дәрежеде жағдайлар жасады.
ХХ ғасырдың басында Халық ағaрту министрлiгi мектептер мен медреселерге тiкелей бақылау жасау мiндетiн де өз қолына алды, бұл орайда Министрлiк қызметтiн ұйымдастыру нысандарына ғана араласады деп көpceттi, алайда бұл бүркенiш ғана болатын. Ic жүзiнде үкiмeт те, жалпы үстемдiк етушi топтар мен таптар да Ресей жүргiзiп отырған бүкiл конфессионалдық саясатқа өте байсалды қарады. Бұл бақылау үшiн губернаторлардың мiндетiне күнделiктi тұрмысқа, жүрiс-тұрысқа, шетелдiк төлқұжат беруге, кiтаптар мен мерзiмдi басылымдар басып шығаруға байланысты барлық мәселелердi қадағалау мiндетi енгiзiлдi, мұның өзi конфесеионалдық қызметтi үкіметкe толық бағындыруға әкеп соқты. Сонымен бipгe мұсылман қауымдары басшыларының өздерi өкiмет орындарымен ынтымақтастық нысандарын табуға тырысты. Мәселен, XIX ғасырдың 80-жылдарының өзiнде-ақ Tүpкicтaн мұсылман қауымдары қайраткерлерiнiң бiрi Түркiстанның генерал-губернаторы Кауфманға былай деп жазған: «Жаңа мектеп ең алдымен пайдалы болуға тиiс. Онда ұстанылатын заңдар өмiрде пайдалы, оған қолданылатын болуға тиiс». Яғни дәстүрлi бiлiм беру iciнің нақ толық, бақылаудағы жүйесi XIX ғасырдың аяғы - ХХ ғасырдың басында орныта бастаған жаңа ықпалға, жаңа принциптер мен нысандарға түрткі салды. Жаңа әдiспен оқытатын мектептер ұйымдастырыла бастады. XIX ғасырдың аяғы - ХХ ғасырдың басында Қазақстанда неғұрлым қалын бұқараға бiлiм беру конфессионалдық мектептер арқылы жүргiзiлдi, өз кезегiнде ал, атап өтiлгенiндей, жәдидшiлдiк ерекшелiктерiмен реформаланды, сөйтiп, мұсылмандық ағарту iсінe зайырлы оқыту элементтерiнiң неғұрлым кеңінен енгiзiлуi, мәдени мұраға неғұрлым либералдық көзқарас, сонымен бiрге Осман империясына неғұрлым кең көлемде бағдар алу. М. И. Ильминскийдiн ресми мектебi тарапынан өршеленген карсы әрекет туғызды. Ол былай деп жазды: «Бакшасарайда Гаспиринский: бiрiншiден, Ресей империясының мұсылман бодандары арасында мұсылмандық негiзде еуропалык оку-ағартуды тарату, мұсылмандық мұраттарды еуропалык бiлiм беру арқылы қолдау, екiншiден, Ресейдегi барлық сан миллиондаған ала-құла және әр түрлi тiлдегi мұсылман халкын бiрiктiру мен топтастыру мақсатын көздеп отыр». Нақ Ильминский мектебі жәдидтiк реформаны өте қауiптi деп бiлдi. Ол бұратаналар ортасына империяда жалпы қабылданған мұсылманша бiлiм беруге қарама-қарсы идеялар мен әдiстердiң енгiзiлуiнен қауiптендi.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz