Жапон - кеңес келісімі және оның халықаралық мәні
ЖОСПАР
I Кіріспе
II Негізгі бөлім
1.Вашингтон конференциясы
2.Жапон-кеңес келісімі және оның халықаралық мәні
3.1928 жылғы Балық аулау конвенциясы
4.1930-35 ж.ж. кеңес-жапон қатынастарының шиеленісуі
5.1933-1936 ж.ж. кеңес-жапон қатынастарында балық аулау мәселесі
6.Антикоминтерн пакті
III Қорытынды
Кіріспе
Адамзат тарихындағы соғыстардың ең үлкені, әлемнің ірі мемлекеттерін
қамтыған және дүние жүзілік соғыстарға негіз салып берген қанқұйлы
соғыстардың бірі бірінші дүниежүзілік соғыс. Бұл соғыс атаулының ең үлкені
болды. Басты мақсаты әлемдік тәртіпті қайта қарау, алпауыт мемлекеттердің
ықпал ету аймағын кеңейту, т.б. басқыншылық сипатты қамтыды.
Бірінші дүниежүзілік соғыстың тарихы туралы ғылыми зерттеулер
жетерлік. Алайда оның көпшілігі өз кезеңіндегі идеологиялық талаптарға сай
жазылды. KCPO ыдырағаннан кейін бірінші дүниежүзілік соғыстың тарихына
жаңаша көзқараспен қарау қажеттігі пайда болды. Бірінші дүниежүзілік
соғыстың алғышарттары, соғыстың басталуы, әлемдік тәртіпті қайта құру, т.б.
мәселелер де жан-жақты, бүгінгі заман талабы тұрғысынан қарауды талап
етеді. Бұл ретте соңғы жылдардағы ашылған мұрағаттық құжаттар мен жаңадан,
соны көзқараспен жазылған әдебиеттерді қарастыру, оларға шолу жасап, талдап-
таразылау айрықша өзекті. Әрине, шағын курстық жұмыста бұлардың барлығын
қамту мүмкін емес. Сондықтан біз жоғарыда аталғандарға бастама боларлық
мәселелерді қарастырумен шектелеміз.
Жұмыста бірінші дүниежүзілік соғысқа қатысты зерттеулер жүргізген
тарихшылар мен саясаткерлердің, ғалымдардың еңбектерін шама-шарқымызша
қарастыра отырып, бірінші дүниежүзілік соғыс туралы кеңінен ақпарат беруге
тырыстым.
Менің жұмысымның тақырыбы 1918-1935 ж.ж. кеңес-жапон қатынастары деп
аталғандықтан жоғарыда атап көрсетілген жағдайға байланысты оның өзектілігі
де айқындала түседі. Өйткені қазіргі таңда Еуразиялық кеңістіктің осы
бөлігіндегі халықаралық қатынастар ерекше қарқынмен дамуда. Соған
қарамастан сонау бірінші дүниежүзілік соғыстан кейінгі кезеңдегі
қалыптасқан жағдайдың қазіргі халықаралық қатынастарға да әсері мол
екендігін есте тұтқан абзал. Мысалы, қазіргі таңда Ресей мен Жапония бейбіт
қарым-қатынаста бола отырып, бірқатар даулы территориялық мәселелерді шеше
алмай жатыр, олар негізінен аралдар мәселесіне байланысты болып отыр (Курил
аралдарының шоғыры).
1925 ж. Пекин конференциясы Жапония мен КСРО арасындағы өзара қарым-
қатынастардың негізгі принциптерін анықтап, Кеңес Одағының капиталистік
елдермен байланыс орнату кезеңін аяқтады. 66 жыл бойы кеңес-жапон
дипломатиялық қатынастары әр деңгейде дамыды. Алғашында шиеленісіп соғысқа
әкелсе, кейін Жақын көрші алыс туысқаннан қымбат деген жапон халық
мақалына сай бейбіт, достық қатынастарға әкелді.
Қазіргі таңды түсіну үшін, өткенді білу қажет. Өйткені әрбір мәселенің
себебі бар, оны тек тарихқа көз сала отырып, оны зердеден өткізіп
пайымдағанда ғана айқын білуге болады
Вашингтон конференциясы
Бірінші дүние жүзілік соғыстан кейін Тынық мұхит елдерінде ықпалы үшін
ұлы державалардың арасындағы империалистік қайшылықтар шиеленісті. АҚШ та,
ағылшын-жапон одағымен байланысқан Англия да Жапонияның Бірінші
дүниежүзілік соғыс нәтижесінде Қиыр Шығыста ұстаған позицияларын тартып
алғысы келді. Сол уақытта жапон-американ қатынастардың соншалықты
шиеленісіп кеткені В.И. Ленин ол туралы: ”Бүгін не ертең Америка және
Жапония бір-біріне шабуыл жасайды”...”өйткені Тынық мұхит үшін Жапония мен
АҚШ арасында 10 жалдарға созылған күрес жүріп жатыр”. Бұл жағдайда АҚШ-тың
ұсынысымен 1921ж. қарашада теңіз қаруын қысқарту мен тынық мұхиттық және
қиыр шығыстық мәселелер бойынша жиналатын конференцияны Америка өз
бақталастарын ығыстырып, Тынық мұхит аймақ елдеріне экономикалық және саяси
ену мақсат етіп қойды.
1922 ж. 6 ақпанда қол қойған 9-дық келісімі АҚШ күшінің соғыстан кейін
артуын көрсететін Қытайға қатысты “ашық есіктер” принципін қабылдады. Бұл
американдық капиталының Қытайда монопольді билік етуіне бағытталған тәсілі.
АҚШ 20 жылдық (1902 ж. бастап) негізінен АҚШ-қа қарсы бағытталған ағылшын-
жапон одағын ыдыратты. Сонымен қатар бұл одақ Жапонияның озбырлық саясатына
демеу болған. Оның орнына 4-тік келісім (АҚШ, Англия, Жапония, Франция),
яғни Тынық мұхиттағы 4 елдің аралдық меншігіне қол сұқпаушылық жөніндегі
өзара кепілдіктер келісімі. Келісім жапон-американ қақтығысын кейінге
қалдырды. Конференцияда 10 жыл ішінде ірі әскери кемелердің салуын
тоқтататын әскери-теңіз флот тоннажын шектеу жөніндегі 5-тік келісімге қол
қойды. Жапония американдық линейлік флот қатынасы жөнінде ұсыныс қабылдауға
мәжбүр болды. Америка, Англия, Жапония, Франция, және Италия флоттары үшән
5:5:3:1.75:1.75 қатынасы анықталды
Бірақ АҚШ қарудың деңгейін өзіне қолайлы етіп шешсе, қорғаныстар мен
теңіз базалары жөніндегі мәселеде кейбір қолайлы жағдайларынан бас тартуға
мәжбүр болды. АҚШ пен Англия өздерінің тынық мұхиттық аралдарында теңіз
базаларын құруға тиым салынса, Жапонияға оның негізгі аралдарына базалар
құрылысы шектелмеді. Сондықтан 5-тік келісім Жапония үшін қарсы әсерін
тигізбеді. Конференцияда 1919 ж. Париж конференциясы бойынша Жапонияға
берілген Шандунь провинциясын Қытайға қайтарылып беруін шешті. Шандунь
түбегінен жапон әскерінің кетуіне Қытайдағы ұлт-азаттық қозғалыстар да
әсерін тигізді. КСРО мен ҚШР конференцияға шақырылмады. Оның себебі
Кеңестік Ресейдің ортақ өкіметі қалыптаспағандықтан болатын. Бірақ әлемдік
қоғам назарын ҚШ интервенциясына аудартты. ҚШР делегациясы конференцияға
шақырылмаса да, Жапонияның “17 талабын” және т.б. озбырлығын ашқан
құжаттарды АҚШ баспасөзінде жариялады. Вашингтон конференциясы келісімдері
ҚШ пен Тынық мұхитта соғыстан кейінге тұрақты режим құра алмады.
ІІ-тарау. 1922-30 ж.ж. дипломатиялық қатынастардың орнауы
Кеңес Одағының Қиыр Шығыстағы заңды құқықтарын қалпына келтіру, ішкі
жағдайының және халықаралық позициялардың нығаюы, Тынық мұхитта
империалистік мүдделердің шиеленісуі жапон өкіметін Кеңес мемлекетімен
экономикалық және саяси қатынастар орнатуға итермеледі. Кейбір жапон
саясатшылары бірқатар капиталистік елдермен қарым-қатынас орнатқан Кеңес
мемлекетінің едәуір күшті екенін көрді. Жапон интервенцияның жеңілісі орыс-
жапон қатынастардың шешімі емес екенін көрсетті. Бұрын Ресеймен сауда
қатынас орнатқан іскерлік топтар Жапонияға тиімді екенін көріп, КСРО-мен
қатынастар орнатуын талап етті. Басқа да елдердің жұмысшы тобы сияқты жапон
жұмысшылары әлемдегі алғаш пролетарлық мемлекетті жақтап, өз өкіметінен бұл
мемлекетпен экономикалық және саяси қарым-қатынас орнатуын талап етті.
Интервенцияның жеңілісі, елдің ішінде таптық күрестің шиеленісуі,
демократиялық және революциялық қозғалыстың өршуі жапон империализмінің
ішкі әлсіреуінің белгісі еді. Бұл жағдай Жапонияның сыртқы саяси
позицияларына да әсерін тигізді. Қытайдағы Жапонияның ерекше
артықшылықтарын жойған және оның бәсекелестеріне қарағанда аз жапон флоты
үшін нормалардың орнатылуы және жапон-ағылшын одағы ыдыратуын мәжбүр еткен
1922 жылғы Вашингтон конференциясының шешімдері жапон империализмі үшін
үлкен сәтсіздік болды.
АҚШ Жапонияның әлсізденуі мен оның сыртқы саяси оқшаулануын пайдаланып,
Жапонияны Қытай және Оңтүстік теңіздер елдерінің рыногынан және ҚШТЖ-дан
ығыстыра бастады. Жапон-американ қатынастары шиеленісе берді. Екі елдің
ақпарат құралдары қарулы қақтығыстың алдын ала алмауы жөнінде жазды. Әр
сәтте жарылысты күтті
Осындай қалыптасқан жағдайда жапон іскерлік топтары Кеңес Одағына назар
аударды, яғни бұл елді өз тауарларының рыногы және шикізат қоры, сондай-ақ
АҚШ саясатына қарсы қоя алатын ел ретінде қарастырды. Сонымен қатар
Жапонияның қоғамдық пікірінің өкіметке қысымы арта бастады. Жапонияда КСРО-
мен жақындасуда үлес қосқан бірқатар қоғамдастықтар пайда болды (Жапонияның
Бас еңбек федерациясы, жапон жержалдаушылар ассоциациясы және тағы басқа).
КСРО-мен қарым-қатынастың дамуын жақтағандардың бірі көрнекті саяси
қайраткер, Токио әкімі – виконт Гото болды .
Виконттың ұсынысымен 1923 ж. ақпанда Токиода бейресми жапон-орыс
келіссөздері басталды. Жапон билеуші топтарында КСРО-ға қандай көзқараспен
қарау жөнінде пікірталас жүріп жатты. Жапония Кеңес Одағына бірқатар ауыр
шарттарды қойғызуға талпыныс жасағандықтан, келіссөздер нәтижесіз аяқталды.
1924 жылы көктемде Тынық мұхиттағы шиеленіскен жағдайда АҚШ пен
Англияның біріккен антижапон саясатының қаупі Жапонияны халықаралық
сахынада көмек іздеуге мәжбүр етті. КСРО-мен келісім американ және ағылшын
империализміне тойтарыс беретін фактор еді. КСРО-ның сыртқы саяси әрекеті
де жапон билеуші топтарына әсерін тигізді; КСРО өз егемендігі үшін белсенді
шаралар жүргізді: Приморьедегі территориалды суларда балық аулауда қатал
бақылау жүргізді, контрабанда мен спекуляцияға қарсы шараларды іске асырды.
Бұл жағдайда жапон СІМ – Сидэхара КСРО-ға қатысты жаңа саясатты
жариялады. КСРО-мен қарым-қатынас орнату Жапония үшін ішкі саяси жағдайды
жақсарту (1924 ж. көктемде елде жаңа демократиялық қозғалыс өршіді), ұсақ
және орта буржуазияны, жұмысшылар табының талаптарын қамтамасыз етуді
білдірді. 1924 ж. мамырда Пекинде кеңес-жапон ресми келіссөздері басталды.
Нәтижесінде КСРО мен Жапония арасында өзара қатынастардың негізгі
принциптері туралы конвенцияға 1925 ж. 20 қаңтарда қол қойылды.
Жапон-кеңес келісімі және оның халықаралық мәні
Кеңес-жапон келісімінің 1 бабында КСРО мен Жапония арасында
дипломатиялық және консулдық қатынастар орнатылуы бұл құжаттың күшіне енген
соң басталады делінген.
Кеңес Одағы Жапониямен қарым-қатынас тұрақтану үшін теңсіз Портсмут
келісімінің, негізінен территориалды баптары бойынша Оңтүстік Сахалинді
Жапонияға беру шешімін мойындауға мәжбүр болды .
Бұл мойындаудың мәжбүр екенін царизм қол қойған келісімге қарсы екенін
көрсету мақсатында КСРО бұл конвенцияға қосымша декларацияны жария етті.
Онда 1905 ж. 5 қыркүйекте қол қойылған Портсмут келісімін мойындау Кеңес
Одағының осы конвенциядан басқа бұрынғы патша өкіметінің саяси
жауапкершілігінен бас тартады . Декларацияда Портсмут келісімі уақытша,
кеңес халқы теңсіз келісім жойылуынан үміт үзбейді делінген.
Портсмут келісімін мойындаумен қатар КСРО конвенцияда Қиыр Шығыста
бейбітшілікті сақтау мен жапон империалистерінің агрессивті мақсаттарына
тосқауыл қоятын бірқатар шарттар болды: Солтүстік-Шығыс Қытай
территориясында жапон әскерлерін ұстауға тыйым салынды және Қытай
суверенитетін мойындауға мәжбүр болды; Сахалинде және оған қатысты
аралдарда әртүрлі әскери құрылыстар мен әскери бекіністер салуға тыйым
салынды; Лаперуза мен Татар бұғаздарында еркін жүзуге бөгет жасайтын әскери
шаралар жүргізуге тыйым салынды; екі елдің орыс-корей шекарасында орыс не
корей территориясына қауіп төндіретін қандай болмасын әскери шаралар мен іс-
әрекеттерді жүргізуден бас тартуы; екі елге меншігі болып табылатын
Манчжурия темір жолдарын стратегиялық емес, тек сауда және өнеркәсіптік
мақсатта пайдалану міндеті жазылған .
1925 ж. жапон-кеңес конвенциясында КСРО мен Жапония бейбітшілік пен
достықта өмір сүру ниетін білдіріп, бір-біріне қарсы құпия немесе ашық іс-
әрекеттен және елдің ішкі істеріне араласудан бас тартуға уәде берді.
Коневенцияда сауда және теңіз жүзу келісімдері еркін кіру, қозғалу,
қолөнер мен басқа да елдің заңдарына сай бейбіт іс-әрекетпен айналысу
бостандығы принциптері негізінде қол қойылу керектігі айтылған.
КСРО өкіметі жапон азаматтарына минералды, орман және басқа да табиғи
байлықтарды пайдалануға концессиялар беруге дайын деп айтты. Бұл жолмен
КСРО жапон капиталын мұнай, көмір және орман байлықтарын өндіруге тартты,
ал бұл интервенттер мен ақгвардияшылдар бұзған, қиратқан Қиыр Шығыс
шаруашылығын қалпына келтіруді тездетті.
Сондай-ақ 1907 ж. балық аулау конвенциясы қайтадан қарастырылып,
қалыптасқан жағдайға сай өзгерістер енгізілу керек деп арнайы айтылған.
Конвенцияға қосымша А протоколы бойынша патша мен уақытша өкіметке
жапон өкіметі мен азаматтарына қарыздары туралы мәселе келесі келіссөздерде
талқылануы тиіс. Жапон өкіметі 1925 ж. 15 мамырға дейін өз әскерлерін
Солтүстік Сахалиннен шығаруға міндеттелді. Азат етілген жерлерде кеңестік
билік орнады .
Б протоколы концессияларға орналған мәселені қарастырды: жапондықтарға
1924 ж. 29 тамызда атап өткен жапон меморандумында Солтүстік Сахалиндегі
әрбір мұнай орнының 50% пайдалануға концессиялар бөлінді. Кеңес Одағы
ұсынған шарттар бойынша көмір кен орнына концессиялар берілді. Төлем
ретінде КСРО-ға көмір табысының (жалпы) 5-8% және жалпы мұнай табысының 5-
15% берілді .
1925 ж. шілдеде конвенцияға сүйеніп, мұнай және көмір кен орындарына
концессиялар берілу келіссөздері басталды. 1925 ж. желтоқсанда келісімдерге
қол қойылды. Жарты жылдан соң Жапонияда 2 (өкімет қатысқан және 10 миллион
иен капиталы бар) ірі қоғамдастықтар құрылды: Солтүстік Сахалин мұнай
өнеркәсіптік акционерлік қоғамдастық пен Солтүстік Сахалин таскөмірлік
акционерлік қоғамдастық.
Кеңес-жапон конвенцияға қол қою КСРО-ның капиталистік елдермен қарым-
қатынасты жақсарту үшін күресінің бастапқы кезеңін аяқтады.
Іскерлік топтар Солтүстік Сахалинде берілген мұнай және көмір
концессиялар үшін және Хоккайдо мен Хонсю префектураларының балықшылары мен
балық аулау өнеркәсіпшілері екі ел арасындағы саяси жақындасуды белсенді
түрде жақтады.
С. Гото да кеңес-жапон келісімдерін жақтады. Егер екі елдің халқы
қатынастарды достыққа негіздеп құрса, бұл Азия және Еуропа халықтарының
өзара өркендеуіне және тату-тәтті өмір сүруіне әкеледі, - деді ол. Сонымен
қатар Англия мен АҚШ-тың Жапония, КСРО және Қытайға көзқарастарының
өзгеруін атап көрсетті. Бұл жерден КСРО мен Жапонияның біріккен саяси
бағыт пен екі державалар блогын құру қажеттілігі туындады.
Ресми топтар келісім жөнінде өз пікірлерін айтуға асықпады. Олар
Солтүстік Сахалинді бақылауға алу мен Сібірде концессиялар құру құқықтарын
алу жоспарлары жүзеге аспағандығы жөнінде ашық айта алмады.
Агрессивті антикеңестік элементтер баспасөзде де, парламентте де
келісімді – жапон дипломатиясының жеңілуі деп атады. Солтүстік Сахалиннен
әскерді шығару мәжбүрлігі әскерилердің наразылығын тудырды. КСРО-мен
соғыста әскери басшылық мүмкін деген және Солтүстік Сахалиннен айырылу -
өздерінің стратегиялық позициялардан айырылу деп есептеді.
Әскер мен флоттың басшылары (ықпалды билеуші тап, әкімшілік пен
ақсүйектерден тұратын демеуі бар) КСРО қатысты агрессивті саясат жүргізу
керектігін айтты. Оларды Бірінші дүниежүзілік соғыстың алдында пайда болған
жаңа концерндер жақтады. Бұл тап соғыс жылдарында әскери-инфляциялық
конъюктура арқылы байып, ал соғыстан кейінгі 1921-1922 жж. экономикалық
дағдарыс, 1926 ж. жапон экономикасындағы депрессиялардан соң ауыр халге
душар болған еді. Жаңа концерндер дағдарыстан шығу жолын КСРО немесе
Қытайға қарсы соғыста, яғни ауыр және әскери өнеркәсіптің дамуына әкелетін
еді.
Бұл топтың қайраткерлері сол жылдары паназияттық ойларды уағыздады:
Жапония билеуші орын ұстанған Паназияттық халықтар лигасын құру. Бұл
қозғалыстың негізін қалаған Сэйюкай партиясының Жоғарғы палата өкілі
Гунтаро Имадзато және бірқатар милитаристік қайраткерлер басқарған
Жапонияның Паназияттық ассоциациясы болатын.
Жапонияның билеуші таптары басқа да ағым болды – ірі индустриалды
буржуазия мен Азиядағы отаршылдық саясатымен байланысты қаржы капиталының
топтарының мүддесін Сэйюкай партиясының көш басшысы, қаржы министрі К.
Такахаси мен сыртқы істер министрі К. Сидэхара қорғаған. Оларды Мицубиси,
Мицуи, Ясуда концерндері қолдап отырды. Бұлар агрессивті саясатқа қарсы
болды.
Кеңес-жапон келісімін Жапонияның интеллигенциясы мен еңбекші топтары
қуана қарсы алды. Жапон-кеңес достықтың қоғамдастығы Нитиро софукай 1925
ж. ақпанда келісім жөнінде Токиода митинг өткізді.
Кеңес-жапон келісіміне АҚШ билеуші табы екі елдің жақындасуынан
қауіптеніп, наразылық білдірді. Ивнинг пост газеті, АҚШ-тың мүдделері
кеңес-жапон жақындасуымен ығыстырылды, бұл Қиыр Шығыста жаңа факторлар
пайда болды. КСРО ақырында Вашингтон конференциясы құрған Тынық мұхиттағы
темір сақинаны үзетін қару шығарды деп жазды. Англия да бұған қарсы болды.
Көп ұзамай Кеңес өкіметі біріккен КСРО, Жапония және Қытайдың Қиыр
Шығыста бейбітшілік сақтауға бағытталған саясат туралы ойын ұсынды.
Бейресми келссөздер Токиода өткенде, антикеңестік элементтер КСРО-ның
Қытай ішкі істеріне араласуын өзінің “империалистік саясатын“ жүргізіп
жатыр деп айыптады. Бірақ 1926 жылдың 26 тамызда КСРО-ның іске сенімді
өкілі осындай бейтараптылық, бейбітшілік сақтау жөніндегі үштік келісім
сияқты шартқа басқа елдер қол қойғанын, яғни Герман-кеңестік бейтараптылық
жөніндегі 1926 ж. 24 сәуірде қол қойған келісім туралы айтады. Жапония жағы
бұл келісімге қол қою мүмкіндігін экономикалық мәселелер шешілген соң пайда
болады деп түсіндірген.
Бірақ бұл экономикалық мәселелерді шешуде негізінде балық аулауда
жапондықтардың жеңілдіктерін кеңейту барысында экономикалық және саяси
мәселелерді біріктіруге тырысты. Жапония Кеңес Одағымен Пекин келісіміндегі
жоқ баптарға сүйеніп, теңсіз сауда келісімін жасауға тырысты.
Ағылшын дипломатиясы да шабуыл жасамау жөніндегі кеңес-жапон келісімін
болдырмауға тырысты. Жапонияның ішіндегі реакцияшыл антикеңестік топтарға
сүйеніп, балық аулау конвенциясына қол қойылмады деген айып тағады.
Бұл конвенцияға қол қоймауының себебі жапон өкіметі балық аулау
райондарын шектемеуге Қиыр Шығыстың өзендері мен бухталарына, яғни КСРО-ныі
ішкі суларына кіріп, балық аулауға құқын алуға тырысты. Конвенцияны
құрастырушы конференцияда КСРО делегациясы балықтың сарқылатынына әкеледі
сондықтан, балықты аулау рационалды түрде жүрсін деп ұсынған. Нәтижесінде
келіссөздер 1928 ж. дейін созылды.
1927 ж. сәуірде әйгілі милитарист генерал Гиити Танака өз кабинетін
құрды. Оның билікке келуі Жапонияның ішкі жағдайын сыртқы авантюралар
арқылы түзету жолына шығу дегенді білдірді.
Танака өкіметі “жаңа бағдар” немесе позитивті саясатты жариялады. Бұл
саясат бойынша Вашингтон конференциясының шешімдерін қайта қарастыру және
Қытайдағы азаматтық соғысқа белсенді түрде араласуды мақсат етіп қойды.
1927 ж. 25 шілдеде императорға берілген “Танака меморандумында” сол
кабинеттің агрессияшыл саясат ұстайтындығына дәлел болды. Бірақ бұл
құжаттың өзін бар екенін білсе де, бөтен адам оны көрмеді және де кейін ол
табылмады. Оның ішінде Қытайды жаулап алу және Жапония кемесі Солтүстік
Манчжурияға жету үшін КСРО рифін талқандау керек делінген . Бұл бағдарлама
қағаз үстінде ғана қалмады, жапондықтар мукден милитаристері мен
ақгвардияшылдарды ҚШТЖ (Қытай шығыс темір жолы) территориясында
провокациялар қылмыс жасауға итермелеп, Кеңестермен қарым-қатынасты
шиеленістіруге және ҚШТЖ-ды тартып алуға тырысты.
1928 жылғы Балық аулау конвенциясы
Мерзімі 8 жыл келісім бойынша жапон азаматтарына КСРО-ның өзендері
(устьесі) мен 33 бухталардан басқа қиыр шығыстық жағалауда теңіз
мысықтарынан, құндыздардан басқа барлық балық және теңіз өнімдер түрін
аулауға және өңдеуге рұқсат берілді.
“А” протоколында Амур бассейнде шетелдік жұмысшыларды пайдалануға тыйым
салынды және балық аулау учаскелерінің жалға алу мерзімі анықталды. Сонымен
қатар кеңес өкіметі балық қорын сақтау мен қалпына келтіру мақсатында аулау
түрі мен көлемін шектеуге құқылы болды.
Басқа баптарда балық аулау учаскелері жария саудаласу нәтижесінде
бөлінеді, (КСРО немесе Жапония азаматтары арасында өзгешеліксіз) деп
айтылған. Балық аулау мен өңдеу құқықтары кеңес және жапон азаматтары
арасында тең. Жапондықтарға жағалау территориясында өз қайықтарын жөндеуге,
аулап тапқанын өңдеуге және т.б. үшін пайдалануға рұқсат берілді. Жапон
балық өнеркәсіпшілеріне салынатын салық көлемі анықталды (барлық аулап
тапқанның бағасының 3%). Теңіз өнімдерін Жапонияға кедендік салық төлемей-
ақ кіргізуге болады деп шешілді.
“Б” протоколында еңбек туралы кеңес заңдарының жапон азаматтарына
қатысты нақты түрлері анықталды, негізінен 8 сағаттық жұмыс күнін,
әлеуметтік сақтандыру, ұжымдық келісімдер және т.б.
“Ц” протоколы жапондықтарға консерв зауыттарын пайдалану мен салуға
рұқсат берді .
12 бапта “КСРО сыйға тартқан балық аулау құқықтарын қарастыра отырып,
жапон өкіметі қиыр шығыстық суларда ауланған балық пен теңіз өнімдеріне
импорттық салық салмайды.”
Конвенцияға қол қойғаннан кейін жапон өкіметі оның шарттарын бұзуға
тырысты. Кеңес мемлекеттік кәсіпорындар жыл сайын 2 млн.т. пұт балықты,
яғни жалпы ауланған көлемнің 20% аулауға құқылы еді. Бірақ 1928 ж. дейін
олардың олардың аулау көлемі 10%-дан аспады. 1928 ж. балықтың
қажеттілігінің артуы нәтижесінде кеңес ұйымдары көлемді 13,5% қысқартуға
шешім қабылдады. Жапондықтар 1927 ж. пайдаланған балық аулау учаскелерін өз
артынан қалдыру мақсатында конвенцияны ратификациялауды баяулатты.
Кеңес дипломаттары жапондықтардың бұл позициядан бас тартуына ықпал
жасауға көп күш салды. 1928 ж. Жапония 80% астам балық аулау учаскелерін
жалға алды.
Кеңес Одағы берген артықшылықтарды жапон билеуші таптары кейбір
райондарды, мысалы Камчатканы өздерінің арнайы мүдделер сферасына
айналдыруға тырысты. Жапон консулдық шенеуніктер Камчаткаға экскурсия
ретінде сапар шегіп, кеңес әкімшілік органдарының жұмысына араласып, жапон
балықшылары мен жапон консерв зауыттарының жұмысшыларына бағынуға талап
етті. Қысым ретінде Камчатка суларында жапон миноносец кемесі жүзіп жүрді.
1929 ж. Кеңес өкіметі жапон шенеуніктерінің Камчаткаға сапарларын шектейтін
шаралар өткізді.
Қиыр Шығыс территориясындағы кеңес ұйымдарының экономикалық
позицияларының нығайту шаралары жүргізілді. Халық шаруашылығының ортақ
дамуы нәтижесінде кеңес мемлекеттік және кооперативті балық аулау ұйымдары
едәуір күшейді. Кеңес мемлекеттік кооперативті және жеке балық аулау
ұйымдарына несие көлемі артты, КСРО территориясында жапон балықшыларының
заңсыз аулауына қарсы шаралар жүргізілді. ШІХК әрбір жапон әскери
кемелердің жүзу ережелерін бұзу фактілерін тіркеу керек еді.
Кеңес мемлекеттік, кооперативті және жеке балық аулау ұйымдары
Владивостоктың балық аулау учаскелерінің саудаласуында белсенді қатысуы
көрініс тапты. Әрине бұл учаскелер саны өсті.
1928 ж. 255 учаскені жалға алды (86%), 1929 ж. 303(65%), 1931 ж. 309
(51%). Бұл жапон балық өнеркәсіпшілеріне тұрақты аулау көлемімен қамтамасыз
етті. Жалдау ақысы 18 мың рубль болды.
Бірақ жапон жағынан конвенция шарттарын 1928 ж. - 265, 1929 ж. - 151,
1930 ж. - 172 және ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz