Бірінші дуние жүзілік соғыстың себептері



Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 33 бет
Таңдаулыға:   
Жоспар
Кіріспе
I тарау. ХХғасырдың басындағы халықаралық қатынастар.
1.1.XIX-XX ғасырдың басындағы халықаралық қатынастағы
шиеленістер
1.2.Үштік Одақ пен Антанта әскери-саяси одақтарының құрылуы
1.3. Бірінші дуние жүзілік соғыстың себептері

II тарау. Соғысушы державалардың саяси қарым қатынастары мен соғыс
барысы.
2.1. Бірінші дүние жүзілік соғысытың басталуы мен барысы
2.2. Бірінші дүние жүзілік соғыстың барысындағы дипломатиялық
қатынастар
2.3. Бірінші дүние жүзілік соғыстың нәтижелері

Қорытынды
Пайдаланған әдебиеттер тізімі

Кіріспе

Курстық жұмыстың өзектілігі. Міне бірінші дүниежүзілік соғыстың
адамзат қауымдастығын өз отымен шарпып, артында жоғалған ұрпақты мирас
етіп қалдырғанына да бір ғасырға жуық уақыт болып қалды. Сірә әлем тұңғыш
рет өзінің кішкентайлығын сезінген де болса керек. Өйткені осы соғыстан соң
саясаткерлер алғаш рет қауіпсіздік туралы ой толғап, қарусыздандыру
мәселесін алға тартып, тіпті көптеген қақтығыстарды бейбіт реттеу үшін
Ұлттар Лигасын құрған да болатын. Сонымен қатар бұл соғыс адамзат
тарихындағы соғыстардың ең үлкені, әлемнің ірі мемлекеттерін қамтыған және
дүние жүзілік соғыстарға негіз салып берген қанқұйлы соғыстардың бірі
болды. Соғыс аждаһасының басты мақсаты әлемдік тәртіпті қайта қарау,
алпауыт мемлекеттердің ықпал ету аймағын кеңейту болатын. Міне қазіргі
кезде де әлемдегі ірі мемлекеттер арасында сан алуан кикілжіңдер мен
текетірестер орын алып отыр. Кейде олар шарықтау шегіне жетіп (Кариб
дағдарысы және т.б.), ал кейде бәсеңдеп, адамзат азда болса ойланғандай күй
кешуде. Бірақ келесі бүкіләлемдік соғысты болдырмау Жер басып жүрген кез
келген пенденің негізгі мақсатына айналуы тиісті деп ойлаймын. Өйткені ол
соғыс ядролық қысты туындатып, адамзат баласы ғана емес бүкіл тіршіліктің
жұмыр Жерде жойылу қауіпін туғызуы мүмкін. Құдай оны басқа сала көрмесін!
Міне сондықтан да біздер, бүгінгі өскелең ұрпақ бірінші дүниежүзілік
соғысты туғызған себептерді түсінуге ұмтылып, тарихтан сабақ алуды
ойластыру үшін оны бүге-шігесіне дейін зерттегеніміз абзал. Осы орайда
біздің қалам тартып отырған тақырыбымыздың өзектілігі де байқалады.
Курстық жұмыстың мақсаты: бірінші дүниежүзілік соғыстың тарихын
зерттеу болып табылады.
Көздеген мақсатымызға жету үшін курстық жұмыстың міндеттері мыналарды
қамтиды:

XIX-XX ғасырдың басындағы халықаралық қатынастарының шиеленісуіне әсер
еткен факторларды айқындап көрсету;

2. Бірінші дүние жүзілік соғысытың басталуы мен барысын көрсету;

3. Үштік Одақ пен Антанта әскери-саяси одақтарының нәтижелерімен
таныстыру;

4. Бірінші дуние жүзілік соғыстың себептерін айқындап корсету;
Деректік шолу: Бірінші дүниежүзілік соғыстың тарихы туралы ғылыми
зерттеулер жетерлік. Алайда оның көпшілігі өз кезеңіндегі идеологиялық
талаптарға сай жазылды. СССР ыдырағаннан кейін бірінші дүниежүзілік
соғыстың тарихына жаңаша көзқараспен қарау қажеттігі пайда болды. Бірінші
дүниежүзілік соғыстың алғышарттары, соғыстың басталуы, әлемдік тәртіпті
қайта құру, т.б. мәселелер де жан-жақты, бүгінгі заман талабы тұрғысынан
қарауды талап етеді. Бұл ретте соңғы жылдардағы ашылған мұрағаттық құжаттар
мен жаңадан, соны көзқараспен жазылған әдебиеттерді қарастыру, оларға шолу
жасап, талдап-таразылау айрықша өзекті. Әрине, шағын курстық жұмыста
бұлардың барлығын қамту мүмкін емес. Сондықтан біз жоғарыда аталғандарға
бастама боларлық мәселелерді қарастырумен шектелеміз.
Жұмыста бірінші дүниежүзілік соғысқа қатысты зерттеулер жүргізген
тарихшылар мен саясаткерлердің, ғалымдардың еңбектерін шама-шарқымызша
қарастыра отырып, бірінші дүниежүзілік соғыс туралы кеңінен ақпарат беруге
тырыстық. [2.45]
Курстық жұмыстың хронологиялық шеңбері соғыс басталған 1914 жылдан
бастап соғыстың соңы 1918 жылды толығымен қамтиды.
Курстық жұмыстың құрылымы: кіріспе, негізгі бөлім, қорытынды мен
қолданылған әдебиеттер тізімінен тұрады.
Тарихнама: Мен бұл курстық жұмысымды көбіне История первой мировой
войны кітабын пайдаландым. Бұл кітапта Бірінші дүниежүзілік соғыстың
басынан аяғына дейінгі барлық тарихи мәлеметтер қамтылған.

I тарау. ХХғасырдың басындағы халықаралық қатынастар

1.1.XIX-XX ғасырдың басындағы халықаралық қатынастағы

шиеленістер

ХІХғасырдың аяғы мен ХХ ғасырдың басында әрбір елдің капиталистері
жаңа сауда рыноктарын, шикізат қоры мол жерлерді соғыс арқылы жеңіп, басып
алуға тырысқан агрессиялық пиғылдары зор еді. Осы мақсатты көздеп, жоспар
құрған Австро-Герман блогы еді. Австро-Герман блогы Антантаға қарсы шықты.
Автро-Герман блогының құрамында Германия,Австрия-Венгрия,Түркия және
Италия болды. Бірінші дүние жүзілік соғыстың басты себебі: империалистік
державалар арасында, ең алдымен Германия мен Англия арасындағы отарлар мен
ықпал ету аймағы үшін күрес болды. Соғысты бастаған герман империалистері,
ал соғысқа кінәлі барлық елдің империалистері болатын. Негізі соғыс екі
жақтан да басқыншылық сипатта болды. Ресей соғысқа 1914 жылы 19 шілдеде (1
тамыз) кірісті. Австро –Герман блогының ойлаған жоспары - Францияға соққы
беріп, Париж арқылы Англияны, содан кейін бар күшті Ресейге жұмсау еді.
Бірақ Ресей соғысқа өте қызу араласты. Осы кезде Ресей империасының жалпы
жағдайы мүшкіл еді. Соғыс күн сайын өрши түсті, аса ауыр қару-жарақ, оқ-
дәрі, киім-кешек, азық-түлік беруді талап етті.1915 жылы армияны
жабдықтауда қиыншылық, дағдарыс басталды. Әскери бөлімдерде мылтық пен оқ
жетіспеді.1915 жылы өнеркесіптер армияны жабдықтауды біршама жақсартты.
Дегенмен, бұл оң өзгерістер майдан қажеттіліктеріне бұрынғысынша ілесе
алмады. Ресейде болаттың, шойынның нашар өндірілуінен қажетті мөлшерде
өнімін бере алмады. Отын мен электор қуатының тапшылығынан көптеген
кәсіпорындар жабылып қалды. Мұнай мен көмірдің өндірілуі мүлде нашар еді.
Азық-түлік азайып, 5-8 есе қымбаттады. Елді аштық жайлай бастады. Тек
Петроградта 50 кәсіпорын тоқтап, істен шықты. Әсіресе, Петроград пен
Москвада жағдай өте ауыр еді. Дүкендерде таңертеннен-ақ: Нан жоқ,
болмайдыдеген жарнамалар жиі-жиі ілулі тұратын.
Міне, осындай қиын жағдай және соғыс елді тығырыққа тіреп қойды. І
Дүние жүзілік соғыс елді тығырыққа тіреп қойды. І Дүние жүзілік соғыс тек
Петроградпен Ресейде ғана ауыр болған жоқ, Ресей империясының құрамындағы
отарланып отырған барлық елдердің жағдайы қиын еді. Соғыс Қазақстанды да
жалмап жатты. Сонымен қоймай, бай-феодалдар, шенеуніктер қазақтарды ұрып-
соғып, жерлерін тартып алып, шөл, таулы жерлерге тықсырды. Өйткені, олар
патшаның сойылын соғып, отаршылдармен ауыз жаласып, бірігіп басқыншылық
қимылдар көрсетті және патшаның отарлау, тонау саясатын қолдады.
Қазақ елі І Дүние жүзілік соғыс қарсанында Ресейдің азық-түлік,
шикізат, киім-кешек көзі болды. Осыған дәлел 1916 жылы Түркістан өлкесінен
осыншама азық-түлік әкетілді. Жергілікті халыққа салынатын салык 3-4 есе,
ал кейбір жағдайларда 15есе өсті. Жергілікті әкімшілік әрбір үйден әскери
салықты, земостволық, жолдық және болыстар алатын, тағы басқа салықтарды
қадағалап отырды. Осы Қазақстаннан қанша түйе, ет, балық, киім-кешек, оқ-
дәрі, шикізат алып жатса да, көрсе көзі тоймайтын үстем тап өкілдері
салықты да жинады. Салықты төлемеу былай тұрсын, егер сәл ғана кешеуілдесе
дүре соғып, салықты алатын еді. І Дүниежүзілік соғыс жылдарында
старшиналар, шенеуніктер, байлар қазынаны тонап, үйлеріне барлық керек
заттарды тасыды. Жұмысшы, шаруа халық қанша рет арыз жазса да ешқандай
пайда тимеді. Керісінше, ұрып-соғып, салықтар салды. Халықтан тым ауыр
салықтар ғана жинап қоймай, түрлі ерікті қаржы жинау дейтіндерді де жинап
отырды. Міндетті салықты төлей алмай отырған халық енді не істерін білмеді.
Бірақ, шенеуніктер халықтың бар малын, үй-жиһазын алып кетіп отырды. Бұл
жағдай сонау XVIII ғасырдағы жоңғарлардан қашып, ит-құсқа жем болған
халықтың тағдырымен тұспа-тұс келеді.
Америка-Батыс жарты шардағы екі құрлықтан тұратын дүние бөлігі.
Атлант және Тынық мұхиттары аралығында жалпы аудан 42,5 млн км², Халқы 479
млн (1967) жылы. Оның құрамына Солтүстік Америка мен Оңтүстік Америка
құрлықтары, дүние жүзіндегі аса ірі арал- Герландия т.б жағалауға жақын
аралдар кіреді. Солтүстік Америка мен Оңтүстік Американың бір-бірінен бөлек
және дербес құрлықтар деп санауға негіз болады. Олар бір-бірінен Панама
мойнағы аралығы және Вент-Индия аралдары Орталық Америкаға жатады.
Солтүстік Американың солтүстік-шығыс жағалауын мен Гренландия аралын алғаш
рет 900 жылы шамасында нормандар ашты. Антиль аралын және Оңтүстік
Американың солтүстік жағалауының бір бөлігін, Солтүстік Американың Кариб
теңізі жағалауының оңтүстік бөлігін 1492-1503 жылы Христофор Колумб ашты
(бұл жерлер Америка жағалауларына Христофор Колумбтың экспедициясы келуінен
көп бұрын да белгілі еді деген жарамалдары бар). Бұл дүниенің жаңа бөлігі И
талия теңізшісі Америго Веепуччидің есімімен аталды. Ол Батыс жарты шардағы
Х.Колумбтың ашқан жерлері бұрын белгісіз болып келген дүниенің жаңа бөлігі
екендігі туралы алғаш пікір айтты. Х Колумб ашқанға дейін Американың
байрығы халқы көптеген үлдіс тайпалары мен эскимостардан (Американың
солтүстігінде) ғана тұратын. Европалықтар келіп үстемдік жүргізгенде,
жергілікті халықты адам төзгісіз қуғындау, қанау тәртібін орнатты.
Отаршылармен бірге неше түрлі аурулар да келді одан үндістер көп қырғынға
ұшырап, күрт азайды, кейбір тайпалар мүлдем құрып та кетті. Олардың орнына
Африкадан құлдар әкелінді. Американың қазіргі халқы бұрынғы
европалықтардың ұрпақтарынан және құл ретінде әкелінген африкалықтар мен
жергілікті үндістердің араласуынан пайда болған. Американың халқы
антропологиялық жағынан әр түрлі. Онда адамзаттық белгілі үш нәсілінің
өкілдері (европеоид) араласып кеткен. Американың әр бөлігінде бұлардың
араласу сипаты әр түрлі. Саны жағынан ең көбі европеоид, оның өкілдері
Солтүстік Америка халқының 90% -і Оңтүстік Американың 13 бөлігі. Екінші
орында будандар (үндінстер мен евролпалық араласуынан шыққан). Олар
бірқатар елдердің (Мексика, Орталық Америкадағы елдер, Венесуэлла, Парагвай
т.б) негізгі халықтары. Үшінші орында-муматтар (европалықтар мен
африкалықтардың араласуынан шыққан. Венесуэлланың, Бразилияның, АҚШ-тың,
Кубаның Орталық Америкадағы бірқатар елдердің халықтары солар. Монголоид
нәсілінің ерекше бір тармағына жататын байырғы халық-үндістер Орталық және
Оңтүстік Американың Бір қатар аудандарында (Боливия, Венесуэла, Колумбия,
Экуадор, Перу, Бразилия, Мексика т.б) сақталған. АҚШ-та, Канада да т.б
кейбір елдерде үндістер арнаулы резервацияларға қуылған. Америка Халқының
басым көпшілігі индоевропа семьясы тілдерінде сөйлейді. Солтүстік Америкада
ағылшын тілі, Мексикада, Оңтүстік Америка мен Орталық Американың бір қатар
елдерінде испан тілі, Бразилияда португал тілі басым. Канада да мемлекет
екі тілдің бірі француз тілі, Гаити мен Вест-Индияның ұсақ аралдарында да
солай Үндістер-кечуа, аймара, аңтек т.б өз тілдерін белгілі бір шамада
сақтап қалған, ал Африка халықтарының тілдері олардың этникалық топтарының
біреуінде де сақталмаған. Бүкіл Латын Америкасында католик діні басым. Тек
жолы өте қиын аудандарда тұратын, европалықтар мен араласпаған азғана үндіс
тайпалары өздерінің тайпалық діндерін сақтап қалып отыр. Америкадағы
ұлттардың сол жағынан көбі американдар, ағылшын-канадалықтар, мексикандар,
бразилиялықтар, колумбиялықтар, аргентиндер, кубалық т.б. Америкада 50
мемлекет бар, оның 26-сы тәуелсіздік алған мемлекеттер, 24-і отарлар.
Екінші дүниежүзілік соғыстан кейін Американың саяси картасында біраз
өзгерістер болды. Халықтың революцияның жеңуі нәтижесінде Америкада тұңғыш
соң мемлекет-Куба пайда болды. Америкада саяси суверенді жаңа мемлекеттер-
Ямайка, Тринидад, Тобиго, Барбадас құрылды. Америка республикаларының 1889
жылдан бері дүркін-дүркін шақырып тұратын конферециялары. Мұндай
конферецияларды шақырып тұру идеяны Латын Америкасында өз үстемдігін
күшейту, империялистік бәсекелестерін сол ауданнан ығыстыру мақсатында
пайдаланып, Америка республикаларының 1-конферециясын шақырып (2 қазан 1889-
1890 19сәуірде ). АҚШ мұнда өзара экономик алысып тұру үшін америка
республикаларының халқыаралық одағын құружәне оның жанынан шын мәнінде
мемлекет департаментке бағынатын тұрақты коммерциялық бюро құру жайлы шешім
қабылдайды. Америкадағы испан отарларының испан үстемдігіне қарсы азаттық
соғысы (1810-1826). Америка елдерінде Испанияның-отарлық үстемдігі 16 ғ-да
орнады. 19 ғ-дың басында Испанияның Америка құрлығындағы отарларының жер
көл 27 млн км²-ге жетті олар 4 вице корольдыққа (Испанияның Америка
құрлығындағы жері), 4 генерал-капетандыққа (вице-корольдықтық құрамына
кіретін саяси әкімшілік бөлік) бөлінді 1810 жылдың қарсаңында отар
елдерінде 20 млн халық тұрады, оның 300 мыңға жуығы Испанияда тұрып-
өскендер, 3 млн-ы креалдар болды. Отар елдердегі халықтардың барлығына
жуығы басшы әкімшілік жұмысына қарастырылады. Жер негізінен Испандықтардың,
дәулетті креолдар мен католик игіркеуінің меншігіне айналды. Олар
үндістерді (индеецтер), негрлері, будан халықтарды, мулаттарды аяусыз
қанады. Испандықтар отар елдерінің экономикалық дамуына әдейі кедергі
жасады. Жергілікті кедей халық, әсіресе үндістер отаршыларға қарсы талай
рет ерлікпен күресті. Бірақ оның бәрі стихиялық сипат алды. 1810 жылы Латын
Америкасындағы отар елдердің бәрінде (Перуден басқасы) көтеріліс бастады.
Бұл тәуелсіз үшін соғыстың бірінші кезеннің (1810-15) бастамасы болды.
Мұнда отар елдер тәуелсіздік ала алмады. 1816 жылы азаттық соғысының екінші
кезеңі басталды. Соғыс арагідік үзіліспен 1826 ж-ға дейін созыладыв. Осы
кезеңде оташылдар тамаша жеңіске жетті.1818 жылы Чили тәуелсіздік алды.
1819 жылы желтоқсанда Ұлы Колумбия федерациялық республикасы құрылды. 1821
жылы маусымда Венесуэла, 1822 жылы Кито азат етіледі. Испан отаршыларына
қарсы өз тәуелсіздігі үшін күрсе кезеңінде 1822 жылы Португалияның отары
Бразилия тәуелсіз деп жарияланды. 1824 жылы Мексика федерациялық
республикаға, 1825 жылы Боливия (жоғары Перу) тәуелсіз елге айналды. 1826
жылы Перуде ең соңғы испан гаризоны тізе бүкті. Тәуелсіздік үшін соғыстың
нәтижесінде Латын Америкасының барлық елдері (Куба мен Пуэрто-Рикадан
басқасы) испан үстемдігінен азат етілді. 1953 жылы 26 қыркүйек Мадридте қол
қойылған келісімдер. 10 жылдық мерзімге жасамды, егер екі жақ келімді
бұзғысы келетінін күші бұрын мәлімдемесе, жағы да екі мерзімге (әрқайсысы 5
жылдан) ұзартылады. Қорғаныс туралы келісім бойынша АҚШ Испанияда соғыс
оғродромандары сен соғыс-теңіз базаларын кеңейтуге, салуға және
пайдалануға, сондай-ақ құпия құрылыстар тұрғызуға құқық алды; Испанияға
американ соғыс материалдарын беру де көзделді. Солтүстік Американың
оңтүстік бөлігіндегі жерлерде, Вест-Индияда және Оңтүстік Америкада
орналасқан елдер тобын Латын Америкасы деп атайды. Латын Америкасында
еуропалық қоныстанушылардың ұрпақтары, метистер, мулаттар, үнділер,
африкандықтар тұрады. 18 елде ресми тілі-испан тілі.
Соғыс басталған кезде Латын Америкасы елдердің басым бөлігі
бейтараптылық ұстады. АҚШ соғысқа кіріскеннен кейін Латын Америкасының 8
елі (Бразилия, Гаити, Гондурас, Гватемала, Коста-Рика, Никаранда, Панома)
Германияға соғыс жариялады. Латын Америкасы елдері соғысушы жақтарға соғыс
өнеркәсібіне қажетті шикізат пен азық-түлік сатып, бір талай қаржы қорын
жинады. Еуропаның дамыған елдерінің соғысқа қатысуы олардың Латын
Америкасына дайын өнеркәсіптік тауарлар шығаруын шектеді, соның нәтижесінде
бұл аймақта ұлттық өнеркәсіптің дамуына мүмкіндік туды. Өндеуші, соның
ішінде жеңіл өнеркәсіп орындары көбейді. Соғысқа дейінгі кезенде Латын
Америкасының экономикасындағы шетелдік капиталдың 80%-і Ұлыбританияның
үлесіне тән. Ал соғыс жылдарында АҚШ капиталының үлесі көбейді. Америка
капиталының басым бөлігі Мексикада, Кубада және Орталық Америка елдерінде
орналыстырылады. Соғыстан кейінгі кезендегі Латын Американың елдерінің
қоғамдық өміріне тән сипат әлеуметтік қақтығыстардың өсуі болды. 1918-1919
жж. Бразилияда, Аргентинада, Кубада, Перуде, Чилиде жұмысшы және шаруа
қозғалысы өрледі. Латын Америкасының бірқатар елдерінде комунистік
партиялар пайда болды, алайда олар саяси өмірінде елеулі рөл атқарған жоқ.
Комунистердің пролетариат диктатурасын орнату арқылы ұран көтеруі және
Коминтернге кіруі өкіметінің наразылығын тудырады.
1914 ж. 15 маусым Сараевода серб ұлтшылдары Австрия Венгрия тағының
мұрагері Франц Фердинандты өлтірді. Осы оқиға соғыстың басталуына сылтау
болды. Германияның итермелеуімен Австрия Венгрия Сербияға қасақана талап
қойды да, қанағаттанарлық жауап ала алмағаннан кейін, 15 маусымда Сербияға
соғыс жариялады. Германия 19маусым.) Россияға, 21 маусымда Францияға соғыс
жариялады. Англия 22 маусымда Германияға соғыс жариялады. Германияға қарсы
Ұлыбританияның доминиондары — Австралия, Канада, Жаңа Зеландия және
Оңтүстік, Африка Одағы соғыс ашты. Аз уақыттың ішінде соғысқа барлық
құрлықтың 33 мемлекеті тартылды.
1914 ж. 23 тамызда Жапония Германияға соғыс жариялады. Қазанда жапон
флоты Германиядан Маршал, Мариан, Каролин аралдарын тартып алды; қарашада
жапон әскерлері Германияның Қытайдан жалға алған Шаньдун провинциясын
түгелдей дерлік оккупациялады. Сонымен бірге, Жапония өзінің Қытайдағы
соғыс позицияларын мықтап нығайтты.
Бірінші дүние жүзілік соғыс (1914—18) соғысушы екі жақ тарапынан да
империалистік сипатта болды. Герман империализмі Еуропада өз үстемдігін
орнатуды, Орталық Африкада үлкен отарлық империя құруды, герман
буржуазиясының дүние жүзілік рыноктарда үстемдік етуін көздеді. Соғыс
Германия еңбекшілерінің жағдайын бұрынғыдан бетер нашарлата түсті, ал
капититалистік монополиялардың табыстары қисапсыз өсті. Соғыс басталысымен
партияның басшылары социал-шовинистік бағыт ұстады (соғыс кредиттерін
жақтап дауыс берді, отанды қорғауға, таптық ынтымаққа шақырды). Солшыл
социалдемократтар тобы — К. Либкнехт, Р. Люксембург, Ф. Меринг, К. Цеткин,
В. Пик т. б. пролетарлық, интернационализм принципіне адал болып қала
берді. [1.23]
Герман үкіметі соғысты тез бітіреміз деп дәмеленді. Бірақ герман
әскерлерінің Франциядағы Марна өзенінің жағасында жеңілуі (1914 ж. сент.)
жағдайды өзгертіп жіберді. Г. одақтасы Австрия-Венгрияның Галицияда
жеңіліске ұшырауы (1914 ж. сент.) және оның екінші бір одақтасы Италияның
1915 ж. мамыр Антанта жағына шығуы Германияның жағдайын одан сайын қиындата
түсті. Неміс қолбасшылығының Верден операциясыныц барысында (1916 ж.
ақпанда басталып, 10 айға созылған) француз-ағылшын армиясының негізгі
күштерін талқандамақ болған әрекеті сәтсіздікке ұшырады.
Жалпы Антанта елдерінің материалдық-техникалық соғыс базасы 1916 жылы
орталық блок елдерінің базасынан артық болды.

1-кесте. 1915 жылғы қарулану өндірісі
Елдер Винтовкалар Пулеметтер Қару ұңғылары Ұшақтар
Германия 1 155 000 8 000 4 000 4 500
Австро-Венгрия 900 000 2 500 1 585 338
Жиынтығы 2 055 000 10 500 5 585 4 838
Франция 800 000 6 000 1 200 4 489
Англия 613 000 6 064 3 400 4 598
Россия 740 000 4 250 2 106 870
Жиынтығы 2 153 000 16 314 6 706 9 957

[13.404]

Бірінші дүниежүзілік соғыста жаяу әскердің негізгі қаруы – винтовкамен
бірге автомат қаруы да кең қолданылды. ХХ ғасырдың басында қол пулеметтары
да пайда болды. Алғаш рет ол орыс-жапон соғысында пайдаланылды.

Батыс Еуропа мемлекеттері әскерінің жарақтары

Жүйе Калибр, мм Ең жоғары қашықтығы, м
Россия
Магазинді винтовка 1891 ж. үлгіде 7,62 3000
Максим жүйелі станкалық пулемет 7,62 3000
Франция
1896 ж. үлгідегі винтовка 8,0 2500
Гочкис станкалы пулеметі 8,0
Англия
1903 ж үлігілі пулеметі Ли — 7,7 3000
Энфильд
Максим жүйелі станкалық пулемет 7,7
Германия
1898 ж. үлгілі Маузер винтовкасы 7,9 3000
Максим жүйелі станкалық пулемет 7,9 3000
Австро-Венгрия
1895 ж. үлгілі Манлихер винтовкасы8,0 3000
Шварцлозе станкалық пулеметі 8,0

[13.456]

1916 жылы Германия қайтадан батысқа бар күшін жұмылдырды. Басты
соққыны Францияға Верден ауданында бермек болып ұйғарды. Қаншалықты күш
салғанына қарамастан, герман әскерлері қоршауды бұзып өте алмады. Бұған
орыс әскерінің Галициядағы Оңтүстік батыс фронтқа басып кіруі әсер етті.
Герман-австрия әскері Батыс және Итальян майданын тастап, Шығыс майданға
өтуге мәжбүр болды. Сомма өзеніндегі ағылшын-француз әскерінің де шабуылы
сәтсіз болды. Одақтастар ұрыс барысында танктерді пайдаланса да олар
қарсыласының қорғанысын бұзып өте алмады. Олар 800 мың адамынан айрылды. 27
тамызда Антанта тарапынан соғысқа Румыния кірді. Алайда шабуыл соңында
румын әскері жеңіліс тапты. Таяу шығыста орыс әскерлері жеңіске жетті. Орыс
әскерлері Түркияға қарай жылжып, Эрзурум, Трапезунд және Эрзинджан
қалаларын басып алды. Мұнда ағылшындар 14 кораблінен, 7 мыңға жуық адамынан
айрылды. 1916 жылы немістердің шығыны 11 корабль, 3 мыңнан астам адамға
жетті. Соғыс барысында герман-австрия блогы стратегиялық бастамашылдығын
жоғалтты. Германия бүкіл фронтта қорғануға көшуге мәжбүр болды.
1916 жылдың басында Антанта Орталық державалардан басымдық иеленді.
Қару-жарақ жағынан болсын, әскер жағынан болсын едәуір басым түсті. 1916
жылдың басында Антантада 365, ал орталық блок елдерінде – 286 дивизия
болды. Антанта армиясының жалпы саны 18 млн. адам, ал орталық блок елдері –
9 млн. адам болды. Ол мына кестеден де айқын көрінеді.

Антанта елдері Дивизиялар саны Орталық блок елдері Дивизиялар саны
Франция 99 Германия 159
Англия 80 Австро-Венгрия 63
Россия 136 Болгария 12
Италия 38 Түркия 52
Бельгия 6  
Сербия 6  
Барлығы 365   286

[11.23]

1916 ж. маусымда орыс әскерлері Австрия-герман майданын бұзып өтіп,
дұшпанның онсыз да ауыр жағдайын асқындырып жіберді.
Интернационалдың партияларының реакцияшыл басшылары жұмысшы табына
сатқындық жасап, өздерінің буржуазиялық отанын жақтаған шовинистік бағыт
ұстады. Тек Россиядағы большевиктер партиясы ғана империалистік соғысқа
қарсы үн көтеріп, барлық соғысушы елдердің ецбекші бұқарасын осы соғыста өз
үкіметінің кеңілуі үшін күресуге, империалистік соғысты азамат соғысына
айналдыруға шақырды.
Бірінші дүниежүзілік соғыста Германия Еуропада үстемдік aлy мақсатымен
басты бәсекелесі Англияны талқандап, оны отарларынан айыруға, Францияны,
Бельгияны және Голландияны жеңіп, отарларын өзі басып алуға ұмтылды, ал
Россиядан Польшаны, Украинаны және Балтық жағалауын тартып алып, оны
әлсіретуді көздеді. Австрия-Венгрия болса Сербия мен Черногорияны басып
алуға, Түркия орыс Закавказьесін бағындыруға ниеттенді. Англия өзінің
отарлық үстемдігін сақтап қалу үшін дүние жүзілік рыноктағы қауіпті
бәсекелесі Германияны күйрете жеңіп, Түркиядан Месопотамия мен Палестинаны
тартып алуды, Египетте өз жағдайын нығайтуды мақсат етті; Франция 1871 ж.
Германия тартып алған көмір мен темірге бай Эльзас — Лотарингияны қайтарып,
Саар алабын басып алуды көздеді; Россия Галицияны, Туркияның бір бөлігін,
Константинополь мен Қара теңіз бұғаздарын иемденуге тырысты. Бірінші
дүниежүзілік соғысты соғысқа қатысушы әрбір мемлекет қайткенде өз пайдасына
шешуге жанталасып, өз елдеріндегі жұмысшы табының революциялық қозғалысын
және отар елдердегі халықтардың ұлт-азаттық қозғалысын тұншықтыруды
көздеді.
1916 жылдың аяғыңдағы кезеңдерде соғысқа барлық дамыған капиталистік
елдер түгелге дерлік қатысты. Бұл уақытқа дейін барлық майданда 50 млн.
солдат соғысты. Ал қалған еңбекке жарамды адамдардың бәрі соғыс мұқтажын
өтеу үшін шахталар мен өндірістерде жұмыс жасап жатты. Адамзат баласы
жасаған байлықтың бәрі түгел дерлік соғыс мүддесіне жұмсалды. Соғыс адамға
да өндіріске де, мемлекеттерге де адам айтқысыз көп зиян шектірді.
Майданда да, тылда да соғысқа қарсы пиғылдар күшейді. Соғыстағы
сәтсіздіктер, Германияның экономикалық қорларының сарқылуы, жұмысшы
қозғалысының өрістеуі герман үкіметін 1916 ж. күзде Россиямен сепараттық
бітім жасаудың жолын іздеуге мәжбүр етті, бірақ оның бұл әрекетінен ештеңе
өнбеді.
1917 жылға қарай соғыс қарсы соғысушы тараптардың экономикасын едәуір
әлсіретті. Германия коалициясы енді ірі жаулау соғыстарын жүргізе алмады.
Германия бар күшін судағы соғысқа жұмылдырды. Антантаның жоспары күш қуатын
барынша пайдалануға ойысты. Бұл басымдық 1917 жылғы 6 сәуірде АҚШ-тың
Антанта жағынан соғысқа араласуына орай тіпті салмақтана түсті. Жоғары
қолбасшылар Германия мен Австрия-Венгрияны күйрету үшін Батыс және Шығыс
майданда жалпы келісілген жойқын соққыны ұйымдастырмақ болды. Алайда
сәуірдегі ағылшын-француз әскерлерінің шабуылы бұл жоспарды болдырмады.
Негізгі ахуал өзгеріссіз қалды. 1917 жылғы орыс әскерлерінің шабуылы да
сәтсіз аяқталды. Осы операциялар бойынша Шығыс майдандағы адам шығыны 150
мың адамнан асты. 3 қыркүйекте Риганың қорғаныс операциясы нәтижесінде орыс
әскері Риганы тастап шықты. 1917 жылы күзде Балтық флотының моряктары
Герман әскерлеріне қатты қарсылық көрсетті. Үлкен шығынға батуына
байланысты герман әскерлері Фин бұғазына басып кіруден бас тартты.
Россиядағы 1917 ж. ақпанда революциясы Германияда жұмысшы
қозғалысының жаңадан өрлеуіне себепші болды. 1917 ж. сәуір Берлинде болған
ереуіл кезінде жұмысшы депутаттарының Советтері құрылды. Сонымен бірге
жоғарыдағылар да дағдарысқа ұшырады; келісім бойынша бітім жасауды
жақтаған топ күшейді. 1917 ж. маусымда либерал болдың деп айып тағылған
канцлер Т. Бетман Гольбег орнынан түсті. Елдегі өкімет билігі іс жүзінде П.
Гинденбург пен Э. Людендорф бастаған армияның жоғарғы қолбасшылығының
қолына көшті.

1.2.Үштік Одақ пен Антанта әскери-саяси одақтарының құрылуы

XIX ғасырдың 70-80 жылдарында бұрынғы күшті, ірі державалар –
Ұлыбритания, Франция қатарына жас Германия, АҚШ, Жапония мемлекеттері
қосылып, әлемдік дамуда басты рөлдерді атқара бастады. Мемлекеттер
арасындағы қатынастарда да өзгерді. Индустриалдық мемлекеттер бірқалыпты
дамымады да, олардың арасында қақтығыстар саны көбейді. 80-90 жылдары ірі
мемлекеттер шикізат көздері мен сату нарықтарын пайдалану үшін әлсіз
мемлекеттерге тікелей немесе жанама бақылау орнатады. Экономика саласында
оны Германия мен АҚШ ығыстырған Ұлыбритания қаржы орталығы болып қалып ең
ірі отарлық империя территориясын ұлғайтуды жалғастырды.
Еуропада гегемонияға және өзінің отарлық империясын құруға ұмтылған
Германия ұлы теңіз державасы Ұлыбритания мен континеттегі ірі держава
Францияның қарсылықтарына тап болды. Сол уақытта Австро-Венгрия Балқан
түбегінде өз ықпалын күшейткісі келді, ал ол Ресейдің мүдделеріне қайшы
келді. Италия Жерорта теңізіндегі ықпалын күшейту және Афракадағы отарлық
жерлерін нығайту үшін күресті. XX ғасырдың басында ең күшті өнеркәсіптік
державаға айналған АҚШ америкалық континентте гегемон болып, Еуропа
саясатына араласа бастады. Осы жылдардағы еуропалық дипломатия өзгеріп
жатқан әлемде күштердің топтастыруға талпынып, тұрақты одақтар мен
блоктарды құруға кірісті. Антанта XX ғасырдың басында пайда болды. Сол
кезең екі капиталистік мемлекет – Ұлыбритания мен Германия арасындағы
қарсыластықпен сипатталады. Осы антагонизм Ұлыбританияның бұрыннан келе
жатқан отарлық монополист ретінде осы монополияны жойып, өзі де отарлық
жерлерді иеленгісі келген Германияға қарсы тұруынан туындаған. 1914 жылы
В.И.Ленин жазған: Буржуазиялық әділдік пен ұлттық бостандық принциптері
бойынша Германияның Ұлыбритания мен Францияға қарсы күресі әділетті болып
көрінсе де, ол отарлық елдердің босатылуы үшін емес, тек оларды өздері
қанауы үшін соғыс жүргізуде. [1, 3-4 б.]
Капитализм мемлекеттерінің секірмелі, тікелей емес дамуы XIX ғасырдың
соңынан-ақ бірінші орынға экономикалық қуатын арттырып, әскери күшін
дамытып, саны көп теңіз флотын салуды бастаған Германияны қояды. 1910 жылы
Германия шойынның 15 млн. Тоннасын Ұлыбританияның 10 млн. тоннасына қарсы
шығарды. 1881-1890 жылдардың өзінде Ұлыбритания әскеріне мен флотына 5,9
млрд франк жұмсаса, Германия 5,6 млрд франк қаржы бөледі. Ұлыбритания үшін
қатты қауіп төніретін жайт – Германия сауда және әскери флотының өсуі: 1870-
1913 жылдар арасында сауда флотының саны 13 есе, ал тонналығы 28 есеге
өсті. Онымен салыстырғанда Ұлыбританияныкы 3 есе мен 10 есе сәйкесінше.
Германияның экономикалық және әскери қуатының артуы және
дипломатиясының белсенуі Ұлыбритания жағынан қарсыластық тудырды.
Ұлыбритания XIX ғасырда әлемдік гегемонияға ие болып, жарқын жалғыздық
саясатын жүргізді. Оның басты қарсыластықтары болып Африкада – Франция, ал
Азияда – Ресей болып саналатын. 1900 жылы Ресей 1892 жылы Франциямен
жасасқан конвенцияға қосымша пункт енгізуге келіседі. Ол бойынша Ресей
Франция мен Англия арасында соғыс басталса, өз әскерін Ауғанстан мен
Үндістанға аударуға мәжбүр болған. Сол кездегі Ұлыбританияның күшін артып
келе жатқан Германиямен жақындасу әрекеті жоққа шықты. Сөйтіп,
Ұлыбританияның жалғыз мүмкін одақтасы болып Франция қалды. Ал Франция
Еуропадағы территориясын Эльзас пен Лотарингия жерлері арқылы көбейтуді
мақсат қылған. Өз ретінде бұл Англиямен келісімге бармай мүмкін емес
екендігін түсінген. Сөйтіп, Франция Ұлыбританиямен келісім жасауға оңай-ақ
келісті. Бірақ-та Франция мен Ұлыбритания арасында бұрыннан келе жатқан
келіспеушілік пен бәсекелестік әлі де тірі болған және соған қоса бірқатар
шешімін таппаған территориялық даулы мәселелер туындаған. Сол кездегі
Францияның сыртқы істер министрі Делькассе француз-ағылшын
келіспеушіліктеріне келесі сипат берді: Ұлыбритания мен Франция арасында
шын мәнінде қарсыластық жоқ, себебі әлемдік аренада Франция Ұлыбританияның
бәсекелесі емес. Жалғыз шешілуді талап ететін мәселелер – Марокко мен Сиам,
және сол жерге қосылып немістерді кіргізбеу мәселесі. Осы мәселелерге
Ұлыбритания Египет мәселесін қосты. Осы жоспарларға байланысты Франция
Германияның Багдаттік жолдардың тиімді қаржыландыруынан бас тартуға мәжбүр
болып, Марокконы басып алу жағдайындағы Италияның бейтараптығына кепіл
алып, 1904 жылдың 8 сәуірінде Ұлыбританиямен Ізгі ризалық деген атпен
қалған келісім-шарт жасасты. Антанта келісім-шарты Ұлыбритания мен Франция
арасындағы Египет пен Марокко мәселелеріндегі келіспеушіліктерді жойып,
бірге Германияға қарсы тұруын қамтамасыз ететін одақтастық құруға жол ашуды
мақсат еткен.
Антанта (фр. Antante – ризашылық, келісім) келісімі дипломатиялық
құжаттардың бірден-бір маңызды, қызығушылық туғызатын құжат болып табылады.
Ол екі бөлімнен тұрған: біріншісі – жариялануға арналған, ал екіншісі –
құпия бөлім.
Египет мен Марокко жөніндегі ашық декларациясында ағылшын үкіметі Египет
статусын өзгертпейтіндігі белгіленген. Бірінші статьясында Франция
Ұлыбританияның Египеттегі әрекеттеріне, ал екіншісінде - өз жағынан
Ұлыбритания Францияның Мароккодағы әрекетіне қарсыластық көрсетпейтіндігі
атап өтілген. [1,79-80 б.]
Сөйтіп, Ұлыбритания мен Франция ең соңғы бос отарлық жерлерді
бөлісті. Осы территориялық реттеулер еуропалық саясаттағы ірі өзгерістердің
белгісі болды. Оның себебі – Ұлыбритания мен Францияның отарлық
территориялары ұлғайып, іс жүзінде Германия изоляциясы жүзеге асырылып,
оған энергетикалық қарсыластық іске қосылды.
Ағылшын-француз келісімі герман үкіметін алаңдатты. Ол Марокко сияқты өте
бай жердің қолына түспей-ақ бөлініске түсуі наразылығын танытты. Одан
бастысы – Германияны Ұлыбритания мен Францияның жақындасуын білдіретін
келісімнің жасалуы қатты үрейлендірді. Ол халықаралық аренада Германия үшін
қауіпті өзгеріс болған.
1906 жылдың басында Лондондағы француздық әскери атташе Ұлыбританияның
Франция мен Германия арасында соғыс басталған жағдайда көрсететін әскери
көмек көлемі жөнінде келіссөздерді бастады. Осы келіссөздер Франция жағынан
басталып, Ұлыбританиядағы либералдық үкіметтің толық қолауына ие болды.
1906 жылдың 10 сәуірінде Ұлыбритания Бельгиямен әскери конвенция жасады. Ол
бойынша Германиямен соғыс басталған жағдайда 100 000 ағылшын әскері
Бельгияға апарылуы тиіс болды.

1.3. Бірінші дуние жүзілік соғыстың себептері

Бірінші дүниежүзілік соғыс (1914—18)— Австрия, Германия блогы және
Англия, Франция, Россия коалициясы арасында Еуропада басталған
империалистік, әділетсіз соғыс. Кейін соғысқа дүние жүзінің көптеген
мемлекеттері қатысты. Бірінші дүниежүзілік соғыс капиталистік жүйедегі
дүние жүзілік шаруашылықтың жалпы дағдарысы салдарынан туды.
Капиталистік мемлекеттердің отарларды жедел басып алуы нәтижесінде 19
ғасырдың аяғына таман дүние жүзін бөліске салу аяқталды. Отарлардың денін
Англия мен Франция иемденіп, Германия, АҚШ және Жапонияға үлес аз тиді.
Осыдан келіп отарларды қайта бөлісу және өз ықпалын арттыру жолындағы
бәсеке күшейді. 1879 ж. Германия отарларды қайта бөлісу үшін соғыс блогын
топтастыра бастады да, Австрия Венгриямен соғыс одағын жасасты, бұған 1882
ж. Италия қосылып, Франция мен Россияға қарсы Германия бастаған Үштік одақ
құрылды. Оған қарсы 1907 ж. Англия, Франция және Россияның соғыс коалициясы
— Антанта құрылды.
Капиталистік елдердегі экономикалық дамудың секірмелігі, монополия,
қаржы капиталының үстемдігінің күшеюі, капитал шығару, рынок үшін күрес,
ірі капиталистік елдердің территорияларды түпкілікті бөліп алуы сияқты
істер олардың арасындағы келіспеушіліктерді тудырып түбінде осы үлкен
соғысқа себеп болды. Нағыз толық мағынасындағы дербес мемлекеттер қатарына
- Англия, Германия және АҚШ жатты, Франция, Ресей, Япония - "бірінші
класты, бірақ әлі де шын мәнінде емес" - екінші топқа жатты, 3-топқа Австро-
Венгрия жатты. Ал бұл соғысты тудыратын қайшылық ағылшын-герман қайшылығы,
ол — қайшылық отар иемдену туралы қайшылық. Англияда отар өте көп,
Германияда жоқ. Себебі: Германия отар алғысы келеді, Англия оны өз есебінен
бергісі келмейді. Міне, осы қайшылық жоғарыда да атап көрсеткеніміздей, екі
үлкен соғыс одақтары - Үштік одақ пен Антанта одақтарын дүниеге келтірді.
Ал енді бірінші дүниежүзілік соғысқа қатысушы ірі мемлекеттердің
әрқайсысының мүдделері қандай болды?
Герман империалистері жаулап алу бағдарламасында Ресейден көп жер
басып алуды армандады. Ресейдің құнарлы жер мен қазба байлықтарына толы
жеріне немістердің колонистерін қоныстандыруды жоспарлады. Өндірісті
Бельгияны аннекциялау, Конго, француздың темір рудасына бай Лонгви және
Брис бассейіндерін аннекциялау, француз колонияларын басып ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Іі-дүние жүзілік соғыс және жаңаша көзқарас
Бірінші дүниежүзілік соғыс
Бірінші дүние жүзілік соғыс
Бірінші дүниежүзілік соғыстың алғышарттары
Бірінші дүниежүзілік соғыстың саяси әлеуметтік - экономикалық себептері мен салдары
Бірінші дүниежүзілік соғыстың тарихын зерттеу
Екінші дүние жүзілік соғыстың басталуы
Дүние жүзілік соғыс туралы
Үшінші рейхтың соғысқа әзірленуі
Бірінші дүниежүзілік соғыс жылдарындағы Қазақстан
Пәндер