Авторлық құқық субъектілері


Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 28 бет
Таңдаулыға:   

ЖОСПАР:

Кіріспе . . . 3

I. Авторлық құқық субъектілері . . . 4

1. 1. Авторлық құқық субъектілерінің түсінігі . . . 4

1. 2 Авторлық құқықтың азаматта пайда болуы . . . 6

1. 3. Авторлық құқықтың субъектілерінің ерекшеліктері . . . 8

II. Авторлық құқық субъектілерінің түрлері . . . 10

2. 1 Автор . . . 10

2. 2. Кәмелетке толмаған автордың қорғалуы . . . 10

2. 3. Заңды тұлғалардың авторлық құқықтары . . . 11

2. 4. Шетел авторы . . . 13

2. 5. Құрама шығаралардың субъектілері . . . 13

ІІІ. Тең авторлар . . . 17

3. 1. Тең авторлықтың пайда болу шарттары . . . 17

3. 2. Ұжымдық туындыға авторлық құқықтарды жүзеге асыру……19

3. 3. Тең авторлық түрлері . . . 20

ІV. Автордан қалған мұрагерлер мен құқық мирасқорлық . . . 23

4. 1. Автордан қалған мұрагерлер . . . 23

4. 2. Құқық мирасқорлар . . . 26

Қорытынды . . . 28

Пайдаланған әдебиеттер . . . 30

Кіріспе

Менің курстық жұмысымның тақырыбына арқау болып отырған негізгі мәселелер Қазақстан Республикасының азаматтық заңдарына сәйкес авторлық құқық субъектілерінің құқықтық жағдайын теориялық және құқықтық тұрған қарастыру болып табылады. Бұл мәселеге жалпы авторлық құқыққа қарастыры тұрғыдан мән берер болсақ ол тіпті әлемдік денгейде әлі күнге дейін, өз шешімін таппай отырған үлкен бір өзекті проблемалар қатарында түр десек артық айтпағандық болар еді. Сонымен бірге меніңше осы қарастырылатын мәселелердің өзектілігін сондай-ақ мына мән жайлардан-ақ байқап көруге болар еді. XXI ғасырдың басында ғылыми-техникалық прогресстің өте қарқынды ілгерлеп дамуы авторлық құқықтың жаңа объектілері мен субъектілерін өмірге алып келуде, соның бір мысалы ретінде тек интернет жүйесін алып қарар болсақ құқықтық тұрғыдан әліде өз шешімін таппаған қыруар мәселелердің барына көз жеткізу мүлдем қиын емес деп ойлаймын.

Міне бүгінде біздер осы жайларға және өзге де мәселелерге жете мән берер болсақ Қазақстанда авторлық құқық саласын үнемі әрі үздіксіз жетілдіріу қажеттілігін аңғару қиын емес деп білемін.

Сондай-ақ мен өзімнің курстық жұмысымда Қазақстан

Республикасының заңдары бойынша авторлық құқықтың субъектілері болып табылатын тұлғалардың құқықтық жағдайына жалпы теориялық тұрғыдан талдау жасауға және сондай-ақ осы авторлардың мүліктік және мүліктік емес құқықтарын қорғауға байланысты қазіргі кезде тәжрибеде жиі кездесетін өзекті теориялық және тәжрибелік мәні бар сұрақтарды қарастырылады.

Мен өзімнің курстық жұмысымда ең алдымен авторлық құқықтың субъектілерінің түсінігі мен түрлерін қарастыра келіп авторлардың құқықтарын қорғау мәселесіне теориялық және құқықтық тұрғыда мүмкіндігінше тереңрек қарастыруды өзіме мақсат етіп қойдым. Сондай-ақ Қазақстан Республикасында авторлық құқықтық қатнастарды реттейтін заңнамаларға теориялық тұрғыдан сараптама жасап кеткім келеді әрі сонымен бірге шетелдердегі авторлық құқықтарды қорғау мәселелерінеде біраз талдау жасап кетуді жөн деп шештім.

I. Авторлық құқық субъектілері

1. 1. Авторлық құқық субъектілерінің түсінігі

Авторлық құқықтың субъектілері болып туындыға қатысты субъективтік авторлық құқықтар жататын тұлғалар табылады. Қазақстандық заңнамаға сәйкес субъективтік авторлық құқықтарды қазақстандық азаматтар, шетел азаматтары, азаматтығы жоқ тұлғалар, олардың мұрагерлері мен құқықмирасқорлары иеленеді. Субъектілердің әр санаттары үшін туындыға құқық әртүрлі заңды фактілерге байланысты - туындыны тудырумен, мұра бойынша авторлық құқықтардың өтуімен, т. б. туындайды.

Авторлық құқықтың негізгі субъектілері болып туындының авторы табылады. Автор - туындыны шығармашылық еңбегімен тудырған жеке тулға ("Авторлық құқық және сабақтас құқықтар туралы" ҚР Заңының 4-бабы) .

Сөздіктерде "автор" түсінігінің талқылауына келесідей түсіндірмелер беріледі.

"Автор - тудырушы, құрастырушы, жазушы . . . Авторлық - жағдай, міндет немесе жазушының іс-әрекеті".

"Автор (латын тілінен - au (c) tor) - кез келген туындының, ғылыми зерттеудің, өнер табыстың және т. б. тудырушысы".

"Автор - туындыны тудырушы тұлға".

Автордың құқықтық мәртебесі кез келген тұлғада авторлық құқықпен қорғалатын туындыны жасау сәтінен бастап анықталады. Сонымен қатар, заң осыған қатысты ешқандай шектеулерді авторлық құқықтың субъектілеріне қоя алмайды.

Ғылым, әдебиет және өнер туындыларына авторлық құқық оны тудыру фактісіне орай туындайды. Авторлық құқықтың пайда болуы және жүзеге асырылуы үшін туындыны тіркеудің, өзге рәсімдеудің немесе шарттылықтың сақталудың қажеттілігі міндетті емес. ("Авторлық құқық және сабақтас құқықтар туралы" ҚР Заңының 9-бабы) .

Авторлық құқық субъектілерін жіктеудің келесідей топтамасы бар: "Субъектілер алғашқы және туынды болып бөлінеді".

Сонымен қатар, алғашқы субъект ретінде "автор - шығармашылық еңбегімен туған туындының жеке тұлғасы" танылады.

Мәні бойынша субъектілерді "алғашқы және туынды" деп бөлу дұрыс деп саналады. Заңда кездесетін "туынды шығармалар" терминінің бар болуына байланысты кейбір терминологиялық келіспеушіліктер болуы да мүмкін. ("Авторлық құқық және сабақтас құқықтар туралы" ҚР Заңның 12-бабында) .

Авторлық құқық субъектілері жөніндегі мәселе жалпы цивилистикалық әдебиеттерде, сондай-ақ авторлық құқыққа арнайы арналған еңбектерде орын тапқан. Революциялық кезеңге дейін әдебиеттерде осы мәселеге С. А. Муромцевтің В. В. Спасовичтің, И. Г. Табашниковтың, К. П. Победоносцевтің және басқаларының еңбектері арналған.

И. Г. Табашников әдеби меншіктің субъектісін зерттей отырып, мынандай қорытындыға келді: авторлық құқықтың субъектісі болып ең алдымен туынды өзінің пайда болуына міндетті болатын тұлға табылады.

Қалған барлық тұлғалар авторлық құқықтың субъектілері болып "одан мирасқорлыққа байланысты ғана күшіне еніп" табылады.

Заңды байланыстың күшіне қарай үшінші тұлғалар авторлық құқықтың субъектілері болып әртүрлі жағдайларда және шарттық қатынастарда пайда болатын заңда тікелей көрсету түрінде болады.

К. П. Победоносцевтің "Азаматтық құқық курсында", "Құқық иеленуші" рубрикасында ("иеленуші" мағынада "осы құқыққа иеленуші" табылады) келесідей түсіндірме беріледі: "Авторлық құқық белгілі тұлғаға беріледі, яғни сол тұлғамен байланысты: бұл туынды авторы, тудырушы. Бірақ кей кезде бір туындының бірнеше тудырушылары болуы мүмкін, және осындай жағдайда тудырушылардың өзара қатынастары мен туындыға қатысу деңгейі әртүрлі болуы мүмкін". Бұл жерде назарды автор мен туынды арасындағы үзіліссіз байланысқа бөлу қажет.

Әрекет етуші заңның терминологиясы бойынша "өндіруші - сабақтас құқықтардың ғана субъектісі". ("Авторлық құқық және сабақтас құқықтар туралы" ҚР Заңының 38-бабы "Фонограмма жасаушының құқықтары") .

Г. Ф. Шершеневич авторлық құқықтың субъектілері мен объектілерінің мәселелерін құқыққа сәйкес: әдеби туындыларға; мерзімді басылымдарға, көркем әдебиеттерге; музыкалық туындыларға орай жеке қарастырады.

Әдеби туындыларға авторлық құқықтың субъектісі болып "әдеби туындыны тудырған автор мен оның мұрагерлері, құқықмирасқорлары және өзінің құқығын басқаға берген тұлғалар да" табылады.

Көркем туындыларға құқықтың субъектісі - "туынды өзінің бар болуына міндетті жағдай ретіндегі ой мен өнердің суретшісі, мүсіншісі, сәулетшісі немесе гравері". Біздің заң бұл жағдайда да заңды тұлғалар үшін көркемдік құқықтың субъектілері болып табылу мүмкіндігін таниды.

Сонымен, музыкалық туындының субъектісі - "музыкалық ой мен оның сыртқы нысанын айқындаған сазгер". Бұл жерде мынадай сұрақ туындайды: бұл музыкалық туындыны орындаушы бөтеннің туындысын орындады ма? Біздің көзқарасымыз бойынша бұл жерде орындау кезіндегі шығарма, яғни импровизация туралы сөз болып отыр.

А. А. Пиленконың пікірінше, авторлық құқықтың субъектісі болып тек қана жеке тұлға табылады, ал заңды тұлғалардың авторлық құқығы, яғни әртүрлі қоғамдар шарт немесе қызметтік жағдай бойынша заңды тұлғаларға автордың құқықтары өтуіне негізделеді. Осындай тұжырымды мемлекеттік ұйымдарға қатысты айтуға да болады. Олар қызметшілерге жалақы төлей отырып, олардың әртүрлі ережелер, жарғылар, нүсқаулықтар құрастыруы бойынша еңбектерімен өздерінің меншікке қатысты авторлық құқықтарын жоғалтпай-ақ пайдалануға құқылы.

1. 2 Авторлық құқықтың азаматта пайда болуы.

Г. Ф. Шершеневич пікірі бойынша, "авторлық құқықтың субъектісі болып өзінің бар болуына рухани шығармашылық еңбегі нәтижесінде тәуелді болатын шығарманың тұлғасы саналады. Бұндай тұлға ретінде, тек қана ойлай алатын және тудыра алатын тұлға бола алады". Заңда авторлық құқықтың заңды тұлғаларға қатысты орнықтырылуы, Г. Ф. Шершеневичтің айтуы бойынша өзінің құқықтарын осы фиктивті субъектіге беру шын мәніндегі авторлардың мүмкін болатын еріктерімен түсіндіріледі. Авторлық құқықтың субъектілерінің бір түрі осылай туындайды, яғни "шығармашылықтың рухани байланысымен құрастыруда тікелей әрекет етпейтін" . Олар - тудырушы, продюсерлер, әдеби агенттер және т. б.

Сондай-ақ авторлық құқықтың субъектілері ретінде әдебиет, ғылым және өнер туындыларын шығармашылық еңбекпен тудырған тұлғалар танылады (авторлар) .

Субъективтік авторлық құқықтардың азаматта пайда болуы оның жасына, денсаулық жағдайына, мүліктік жағдайына, туындыны шығару жері мен жарыққа шығарумен және т. б. байланысты емес.

Шетел азаматы қазақстандық авторлық құқықтың субъектісі болуы мүмкін, егер оның туындысы алғаш рет мемлекеттің аумағында жарыққа шығарылса немесе шығарылмаса, бірақ оның аумағында белгілі бір объективтік нысанда болып табылса. Шетел авторының туындысы алғаш рет шет елге жарияланса немесе сол жерде белгілі бір объективтік нысанда болса, онда ол ҚР-ның бекіткен келісімдерінің күшінде және онымен бекітілген шектерді ғана қазақстандық авторлық құқықтың субъектісі болып табылады.

Авторда субъективтік авторлық құқықтар туындыны тудыру фактісінің нәтижесінде пайда болады. Оның құқықтарын заң әдебиеттерінде алғашқы деп тану қабылданған.

Авторлық құқық нақты сол алғашқы субъекті мүдделері жөнінде ерекше қорғалуды көздеп отыр, яғни туындыны жасаушының, автордың өзінің авторлық құқығы оның өмірінің барлық сәтіне дейін танылады. Мұрагер -мирасқорға қатысты заңмен көзделетін авторлық-құқықтық қорғау уақытына байланысты шектеулі сипатқа ие (автордың қайтыс болғанынан кейін 50 жыл) .

Авторлармен қатар авторлық құқықтың субъектілерімен қоса әдебиет, ғылым және өнер туындыларын жасауға қатыспайтын тұлғалар (азаматтар мен ұйымдар) танылады. Оларды құқықмирасқорлар дейді. Құқықмирасқорларға автордың туындысын пайдалану бойынша авторлық құқықтардың белгілі бір шеңбері өтеді. Құқықмирасқорлар болып мұрагерлер, мемлекет, автордың туындысын пайдалану бойынша шарттық қатынастарды орнатқан ұйымдар (баспалар, театрлар және т. б. ) саналады.

Көрсетілген тұлғалардың құқықтарының шегі авторға қарағанда, сипаты бойынша туынды болып келеді, өйткені олар автордан өтеді.

Авторлық құқықтың субъектілері ретінде мұрагерлер заң күшіне немесе өсиеттік нұсқауларға сай құқықты иеленеді. Заң мен өсиет бойынша мұрагерге туындыны жариялау, қайта жаңғырту және тарату құқығы, сыйақы алу құқығы тиесілі. Мұрагер шығарылған туындыларды пайдалану жөнінде мәселені шешуге, сондай-ақ әлі жарыққа шықпаған туындыларға да қатысты құқықтарды жүзеге асыруға құқылы.

Мұрагер мен шын мәніндегі автордың құқықтарының айырмашылықтары олардың көлемінде ғана емес, сондай-ақ әрекет ету мерзімінде де айқындалады. Мұрагерлердің авторлық құқықтары автор қайтыс болғаннан кейін 25 жыл мерзім ішінде әрекет етеді.

ҚР АК-нің 497-бабына сай, туындыны шығару, көпшілік алдында орындау және өзге пайдалануға авторлық құқық мемлекетпен сатып алынуы мүмкін. Әр жағдайда туындының пайдалану тәртібі мен талаптарын анықтайтын Үкіметтің қаулысы қабылдануы тиіс. Мемлекет авторлық құқықтардың барлығын иеленуші болып табылмайды, ал тек қана жеке құқықтарға ие болады.

Авторлық құқықтың субъектісі ретінде мемлекетті танудың өзге негізі болып туындыны мемлекет игілігі ретінде жариялау табылады. Бұл жерде заң авторлық құқықтың мерзімі өтіп кеткен туындыларға қатысты келтіріп отыр. (АК-тің 496-бабы) . Бұл жағдайда да мемлекет игілігі деп танылған туындыларды пайдаланудың тәртібі мен шарттарын анықтайтын Үкімет қаулысы қабылданады.

Әрекет етуші заңнама авторлық құқықты заңды тұлғаларда арнайы бекітілген заңнама шегінде және жағдайында таниды.

Азаматтық Кодекс энциклопедия, газеттер, журналдар, ғылыми еңбектердің жинақтары мен өзге де мерзімді басылымдарды шығарушы баспалар үшін туындыны (кітаптар, журналдар, жинақтар, газеттер) пайдалануға қүқығын (479-бап) ; кино-телестудиялар үшін - тұтасымен фильмді пайдалану құқығын (480-бап) ; эфирлік хабар тарату ұйымдары үшін - олардың бағдарламаларын басқа ұйымдарға тарату, жазу және қайта жаңғыртуға рұқсат беру құқығын, сондай-ақ телебағдарламаларды көпшілік

алдында қайта жаңғыртуға рүқсат беру құқығын (480-бап) танып отыр. Бірақ, бұл құқықтар заңмен авторлық деп аталмайды.

Осындай ұстаным заңда авторлық құқықтарды шығармашылық ұжымның мүшелеріне - сценарий авторын біріктіретін, сазгер, суретші, режиссер-қоюшы, оператор және өзге шығармашылық қызметкерлеріне бекітуге негіз бола алады. Өйткені, қатаң түрде алып қарайтын болсақ, кез келген жағдайда туынды нақты азаматтардың шығармашылық еңбегімен туындайды, ал заңды тұлғалар авторлар (тудырушылар) ретінде емес, олардың туындыларды пайдалану барысында тек авторлық құқықтық қатынастардың субъектілері ғана болуы мүмкін.

"Авторлық құқық және сабақтас құқықтар туралы" ҚР Заңы авторлық құқықтың субъектілерінің келесідей түрлерін көрсетуге мүмкіндік береді:

1) автор (4-бап) ;

2) аудиовизуалдық туындылардың авторлары (13-бап) ;

3) жұмысберуші (14-бап) ;

4) мұрагерлер (29-бап) ;

5) авторлардың мүліктік құқықтарын ұжымдық негізде басқаратын ұйымдар (43-бап) ;

6) өзге тұлғалар.

Жекелеген авторлық құқықтардың субъектілері болып сабақтас құқықтардың субъектілері табылуы мүмкін - орындаушылар, фонограмма жасаушылар, эфирлік немесе кабельдік хабар тарату ұйымдары ("Авторлық құқық және сабақтас құқықтар туралы" ҚР Заңның 36-бабының 1-бөлігі) .

Сонымен, авторлық құқық субъектісі пайда бола алмайтын фактілік құрамға үш әлемент кіреді:

1) туындыны тудыру барысындағы автордың шығармашылық еңбегі;

2) туындыны тудыратын нақты автордың немесе бірнеше тең авторлардың, немесе авторлық құқықта шартты түрде "заңды тұлға" түсінігіне біріктірілетін авторлардың тобының бар болуы;

3) бекітілген талаптарға жауап беретін субъектіде авторлық құқықтарды заңмен танудың бар болуы.

Осы үш жағдайлардың барлығының сәйкес келуі ғана авторлық құқықтың субъектісінің пайда болуына әкеліп соғады.

Авторлық заңнама мен азаматтық кодекстің ережелерінен шыға отырып, "авторлық құқықтың субъектісі" түсінігі "автор" түсінігінен кең екенін көруге болады. Өйткені, авторлық құқықтарды (туындыны пайдалану үшін айрықша құқықтар) автордан басқа өзге тұлғалар да иелене алады (мысалы, еңбек шарты бойынша автордың өз міндеттерін орындау тәртібінде туындыны тудыру жағдайында жұмысберуші нақты құқықтық қатынастарға байланысты қатысушысы болып табылатын автор) .

1. 3. Авторлық құқықтың субъектілерінің ерекшеліктері

Автордың құқықтары әрқашанда авторлық құқықтың өзге субъектілерінен кең. Авторлық құқықтың субъектілерінің ішінен авторға ғана тән туындыны кез келген нысан мен тәсілде пайдалануға айрықша құқықтар тиесілі. ("Авторлық құқық және сабақтас құқықтар туралы" ҚР Заңның 16-бабында бекітілген "мүліктік құқьщтар") . Сондай-ақ, Заңның 15-бабындағы автордың жеке мүліктік емес құқықтары тән. Авторлық құқықтың қалған субъектілері туындыға қатысты мүліктік құқықтарды тек алып жүруші ғана болып табылады. Туындыны тудырушы тұлғадан жеке мүліктік емес құқықтардың бөлінбестік қағидасы Заңның 15-бабының 3-бөлігінде келесідей үлгіде орын тапқан: "Автордың мүліктік құқықтарына қарамастан, оның мүліктік емес жеке құқықтары болады және оларды туындыны пайдалану жөніндегі айрықша құқықтарын біреуге берген жағдайда да сақтап қалады".

Жеке мүліктік емес құқықтарға ("Авторлық құқық және сабақтас құқықтар туралы" ҚР Заңның 15-бабының І және 2 бөліктеріне сәйкес) мыналар жатады:

- авторлық құқық (туындының авторы ретінде танылу құқығы) ;

- есімі аталу құқығы (туынды пайдаланылған кез келген жағдайда оның даналарына автордың шын есімінің орнына лақап есімін (бүркеншік есімін) көрсету талап ету немесе есімін көрсетуден бас тарту құқығы, яғни жасырындық) ;

- автордың беделін қорғау құқығы (туындының атауымен қоса, оған қол сүғуға жол бермеу, туындыны кез келген жолмен бұлдіруге, бұрмалауға немесе өзге жолмен өзгертуге, сондай-ақ автордың ар-ожданына яки беделіне нүқсан келтіре алатын басқа да кез келген қол сұғушылыққа қарсы әрекет ету құқығы) ;

- кері қайтарып алу құқығы (бұрын қабылданған шешімнен пайдаланушыға келтірілген зиян, соның ішінде оның айырылып қалған пайдасы өтелген жағдайда автордың туындыны жариялау туралы ондай шешімнен бас тартуға құқығы бар) .

Авторлық құқықтарды иелену мүмкіндігі өз алдына азаматтардың құқыққабілеттілік әлементін білдіреді. ҚР АК-нің 14-бабы "Құқыққабілеттіліктің негізгі мазмүны" азаматтардың иеленетін құқықтарының ішінде, сонымен қатар "өнертабысқа, әдебиет, ғылым және өнер туындыларына, өзге санаткерлік қызметтің нәтижелеріне санаткерлік меншік құқығын" бекітеді. Бұл жалпы - азаматтық құқықтық мүмкіндік әркіммен танылады. Заңмен әркімнің шығармашылық еңбектерін дамытуға тиым салынбаған. Бұл жерде авторлық құқық үшін нәтиже қағидасы, заңды тану мен санаткерлік еңбек нәтижелеріне құқықты қорғау орын алып отыр.

Азамат қандай да болсын жағдайда авторлық құқықтарды, жеке мүліктік емес құқықтарды иелену мүмкіндігінен айырылмауы тиіс.

Авторлық құқықтың субъектілері болып ҚР АК-нің 2-бабында реттелген азаматтық-құқықтық қатынастардың қатысушылары табылады. Азаматтық заңнамамен авторлық құқықтық қатынастырдың субъектілерінің құқықтық жағдайы, пайда болу негіздері, өзгертулер мен толықтырулар, сондай-ақ санаткерлік меншікке құқықтарды тану, бекіту және қорғау тәртібі, авторлық құқықтарды және санаткерлік қызметтің өзге нәтижелерін қорғау тәсілдері анықталады.

Авторлық құқықтық қатынастар - азаматтық құқықтың қатынастар болып табылады. Азаматтық құқық аясынан тыс орналасқан авторлардың басқа құқықтың субъектілерімен өзге қатынастары таратылуы бойынша аса кең емес. Плагиатпен байланысты туындайтын және процесте сәйкесінше іспен қаралатын қатынастар қылмыстық құқық және қылмыстық іс жүргізуде бар.

Субъектілер арасындағы авторлық-құқықтың қатынастар ҚР АК-нің 2-бабында көзделген азаматтық заңнаманың принциптеріне сай құрылады.

II. Авторлық құқық субъектілерінің түрлері

2. 1 Автор.

Жалпы ережелер.

Авторлық құқықпен реттелетін қатынастарда алғашқы мәселелердің бірі болып осындай құқықтың субъектісі кім болатындығы табылады. Автор болып өзінің шығармашылық еңбегімен туынды жасаған жеке тұлға табылады. Туындыны жасаушысы болып жынысына, жасына, азаматтығына және әрекет қабілеттілік жағдайына қарамастан, кез келген жеке тұлға танылады. Тудырушыда авторлық құқықтар туындының объективтік нысанда шығарылу сәтінен бастап туындайды. Соның ішінде ол туындының жарияланғандығы, толық аяқталғандығы немесе нобай мен үлгіде көрініс тапқандығы ескерілмейді. Тұлғаны автор деп тану үшін туындының нысаны, мақсаты мен қүндылығы әсер етпейді. Авторға қандай да болсын шарттылықтың сақталуы, біреудің келісімі немесе қандай да болмасын шарттың қажеті жоқ.

Авторлар болып тек қана біртума туындылардың жасаушылары танылмайды, сонымен қатар туынды (тәуелді) шығармаларды жасаушылар табылады. Олар көбінесе аудармалардың, өңдеулердің, бейнелеу енерінің және т. б. тудырушылары болып келеді. Сонымен қатар, бұл тұлғаларда авторлық құқықтар пайда болу үшін біртума туындының заңмен қорғалатындығы, не қорғалмайтындығы маңызды емес.

2. 2. Кәмелетке толмаған және әрекет қабілеттілігі жоқ авторлардың қорғалуы.

Шығармашылық туындылар көбінесе кәмелетке толмаған немесе заңмен бекітілген тәртіпте әрекет қабілетсіз немесе әрекет қабілеттілігі шектелген тұлғалармен туады. Мысалы, Надя Рушева езінің 17 жасында 11 мыңға жуық суреттер салды. Оның өмірі шегінде жұмыстарының 15 көрмесі өтті, соның ішінде шетелдерде де. Ника Турбинаның алғашқы поэзиялық жинағы оған 8 жас болғанда шыққан. Осындай мысалдар тәжірибеде өте көп кездеседі.

Кәмелетке толмаған және әрекет қабілеттілігі жоқ тұлғаларда авторлық құқықтардың туындауы ғылымда да, тәжірибеде де жоққа шығарылмайды. Осы мүмкіндіктің өзі азаматтық құқық қабілеттіліктің мазмүнына енеді, ал соңғысы жасына, денсаулығына байланысты емес. Бұл абстрактілі мүмкіндікті нақты субъективтік авторлық құқыққа айналдыру үшін заңды факті қажет. Осындай фактінің ролін ғылым, әдебиет және өнер туындыларын жасау атқарады, яғни фактілік сипаттағы әрекет, ал мәміле емес. Фактілік әрекеттер әрекет қабілетсіз тұлғалармен жасалатындықтан, нақты субъективтік авторлық құқықтар жасына және әрекет қабілеттілік жағдайына қарамастан пайда болады. Сондықтан, авторлық құқықтың пайда болған туындыға қатысты авторлары болып кәмелетке толмағандардың өзі және әрекет қабілетсіз тұлғалар табылады.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Авторлық құқықтың түсінігі туралы
Авторлық құқық объектілері
Авторлық құқықтың түсінігі
Авторлық құқық негiзгi жағдайлары
Авторлық құқық жайлы
Авторлық құқық субъектілері, түрлері
Авторлық құқықтың объектілері
Авторлық құқықтың субъектілері және олардың құқықтары
Авторлық құқықтың субъектілерінің түсінігі
Авторлық құқық туралы
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz