Азаматтық құқықтық қатынастар субъектілері



Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 22 бет
Таңдаулыға:   
Мазмұны

Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...3
1. 1-тарау.Азаматтық құқықтық қатынастар түсінігі
1.1. Азаматтық құқықтық
қатынастар ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
.4
2. 2-тарау.Азаматтық құықтықтық қатынастар субъектілері
2.1. Азаматтық құқықтық қатынастар субъектілерінің
теңдігі ... ... ... ... ... ...10
3.Қорытынды ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .24
4.Пайдаланылған әдебиеттердің
тізімі ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... 25

Кіріспе

Азаматтық құқықты зерттемес бұрын азаматтық құқық пәнін анықтап,
басқаша айтқанда, мұның пәні не екені белгіленіп алуға тиістіміз. Ал
азаматтық құқықтың пәнін анықтау өзі оңай шаруа емес. Өйткені, азаматтық
құқықпен реттелетін қоғамдық қатынастар ауқымы өте кең де сан қырлы.
Мемлект құқықтық қатынастардың пайда болуы (өзгеру, тоқтатылуы),
сондай ақ олардың мазмұны жөніндегі міндеттейтін реттеу әдісі емес, жалпыға
рұқста ететін реттеу әдәсін қолданатындықтан, тараптар да заң тұрғысынан
алғанда өзара тәуелсіз болады, олар өздерінің еркімен ғана құқықтық
қатынастарға түсіп, олардың мазмұнын өздері жасасқан шартта көрсетілгендей,
өзара ерікті келісімдер арқылы анықтай алады. Сондықтан қатысушылардың
бастамасы азаматтық құықтық қатынастарға түсудің жетекші себебі болады, ал
ерікті шарт- оларлды реттеудің негізгі әдісі қызмет атқарады.Адам құқықтары
жөніндегі ұлттық орталық мемлекеттік билік органдары мен лауазымды тұлғалар
тарапынан, құқықтары жөніндегі уәкіл жеке адамның бұзылған құқығы мен
әртүрлі ұйымдар мен мекемелердің әділетсіз іс-әрекеттерінен жапа шеккен
жеке адамдардың бұзылған құқықтарын қорғайды.

1-тарау. Азаматтық құқықтық қатынастар түсінігі
1.1. Азаматтық құқықтық қатынастар

Азаматтық қатынастарды реттей отырып, мемлекет оларға қатысушылардың
құқықтары мен мүдделерін бұзылған жай күйін қалпына келтіру жолымен немесе
құқық бұзушылық нәтижесінде келтірілген залалды мүліктік өтемақы төлеу
арқылы қорғауды және олардың қолдануы таңдау құқық бұзушылық пен зардап
шеккен субъектілердің еркіне байланысты болады.
Мелекет құқықтық қатынастарға қатысушыларға өз еркін күштеп
таңбайтындықтан, азаматтық құқық императивтік емес, диспзитивтік нормаларды
кеңінен пайдаланады, имперотивтік нормаларға тараптардың еркін
қалыптастыратын емес, толықтыра түсетін маңыз беріледі.
Мемлект құқықтық қатынастардың пайда болуы (өзгеру, тоқтатылуы),
сондай ақ олардың мазмұны жөніндегі міндеттейтін реттеу әдісі емес, жалпыға
рұқста ететін реттеу әдәсін қолданатындықтан, тараптар да заң тұрғысынан
алғанда өзара тәуелсіз болады, олар өздерінің еркімен ғана құқықтық
қатынастарға түсіп, олардың мазмұнын өздері жасасқан шартта көрсетілгендей,
өзара ерікті келісімдер арқылы анықтай алады. Сондықтан қатысушылардың
бастамасы азаматтық құықтық қатынастарға түсудің жетекші себебі болады, ал
ерікті шарт- оларлды реттеудің негізгі әдісі қызмет атқарады.Адам құқықтары
жөніндегі ұлттық орталық мемлекеттік билік органдары мен лауазымды тұлғалар
тарапынан, құқықтары жөніндегі уәкіл жеке адамның бұзылған құқығы мен
әртүрлі ұйымдар мен мекемелердің әділетсіз іс-әрекеттерінен жапа шеккен
жеке адамдардың бұзылған құқықтарын қорғайды. Өзінің мәртебесі бойынша адам
стандарттарға сай айтар болсақ, ұлттық орталықтың негізгі міндеті –
адамзаттардың арыз бостандығын қорғайтын тәуелсіз халықтық адвокат болып
табылады. Халықаралық -шағымдарын қарау болып табылады.

Қазақстан орталығында арнайы үш бөлім бар. Күн құрғатпай келіп жататын жеке
адамдардың арыз-шағымдарын қарайтын, тексеретін. Сол тексерістердің
қорытындысы бойынша тиісті министрліктерге, әкімдерге және жергілікті
атқарушы органдарға ұсыныстарды береді.

Ұлттық орталықтың жұмысындағы маңызды әрі үнемі мониторинг жасауды
талап ететін бірқатар салаларды ерекше атап айта кететім болсақ:
біріншіден, мемлекетіміздің адам құқықтары саласындағы негізгі халықаралық
пактілер мен конвенцияларға қосылуын куәландыратын және оның демократиялық
дамуын сипаттайтын халықаралық құқықтық база. Екіншіден, адам құқықтарын
қорғайтын ұлттық заңнаманы халықаралық құқықтық стандарттарға
сәйкестендіру. Ең бастысы, азаматтардың арыз-шағымдарымен жұмыс істеу,
еліміздегі адам құқықтарының сақталу жағдайын талдау және мониторинг
жүргізу.

Қазақстан іс жүзінде адам құқықтары саласындағы халықаралық
құжаттардың бүкіл әмбебап пакетіне, атап айтқанда, 43 пакті мен конвенцияға
қосылған. Осы орайда, соңғы кезде Қазақстан Президенті Н.Назарбаевтың
Азаматтық және саяси құқықтар туралы халықаралық пактіге және Азаптауға
қарсы конвенцияға арналған факультативтік хаттамаларға қол қойғандығын зор
қанағат сезіммен атап көрсеткен жөн.

Енді, Құл саудасы және құлдыққа жол бермеу туралы 1926 және 1956 жылдардағы
конвенцияларға, Зорлықпен жоғалып кеткен барлық адамдарды қорғау туралы
2006 жылғы конвенцияға қосылу туралы мәселелер күн тәртібінде тұр.

Адам құқықтарын қорғау бойынша мемлекет өзіне халықаралық міндеттемелерді
алған соң, өзінің ұлттық заңнамасын халықаралық стандарттарға
сәйкестендіреді. Халықаралық нормаларды заңнамаға енгізу, соған сәйкес
туындаған міндеттемелерді орындау, осы салада заңнамалық базаны
қалыптастыратын заң шығару жұмысының негізгі мақсаты болып табылады.
Сонымен бірге, ол елдегі демократия деңгейінің өлшемі де болады.

Мысалы, соңғы конституциялық реформа еліміздің Ата Заңына өлім жазасын
жою, тұтқындауға санкция беру жөніндегі өкілеттікті сотқа беру туралы
ережелерді енгізді, сондай-ақ ұлттық азшылықтардың мемлекет басқару
ісіндегі рөлін айтарлықтай арттырды. Осы тұрғыда Мемлекет басшысының
жоғарыда аталған Азаматтық және саяси құқықтар туралы халықаралық пактіге
және Азаптауға қарсы факультативтік хаттамаға қол қоюы Қазақстанның кез
келген азаматының БҰҰ-ның Адам құқықтары жөніндегі комитетіне тікелей
шағымдану мүмкіндігін қамтамасыз етеді.Сотқа келетін шағымдарды қарау, бұл
азаймайтын күнделікті жұмыс болып табылады. Үстіміздегі жылдың 9 айында
сотқа 1066 жазбаша және 323 ауызша шағымдар түсті (2006 жылы тиісінше 1374
және 482). Бұл шағымдарды былайша жүйелеуге болады: сот шешімдерімен
келіспеу; құқық қорғау органдары тарапынан заң бұзушылықтар; жергілікті
атқару органдарына шағымдар;

Тұрғын үй және басқа да әлеуметтік-экономикалық құқықтардың бұзылуына
немесе белгілі бір тосын жағдайларға байланысты туындайтын шағымдар тобы да
бар.Осы шағымдар тасқынын талдаған кезде адам құқықтары бұзылуының
анықталмау фактілерінің көбейгендігі (32,5 пайыз) және сұрату жіберілген
мемлекеттік органның құқықтарды қалпына келтіру санының азайғандығы (18,2
пайыз) байқалады.

Жоғарыда айтып өткенімдей, мемлекет тарапынан айтарлықтай жұмыс
жүргізілуде, біріншіден, адам құқықтары мен бостандықтарын құқықтық
қамтамасыз ету халықаралық байқаушылар тарапынан тиісті деңгейде бағаланды,
ол транспарентті. Бұл айрықша маңызды, себебі адам құқықтары халықаралық
саясатта және мемлекетаралық қатынастарда басты рөлге ие болады.

Менімше, Қазақстанда адам құқықтарын бағалауды елімізді ең беделді
халықаралық ұйым – ЕҚЫҰ-ға төрағалық ету туралы жуырда қабылданған
шешімімен тығыз байланыстыру қажет. Жекелеген мемлекеттік органдар мен
шенеуніктер тарапынан адам құқықтарының бұзылуына жол беретіндігі жасырын
емес. Мұндай келеңсіздіктер іс жүзінде мемлекеттің күш-жігерін жоққа
шығарады. Біздің елімізде адам құқықтары бұзылмайды десек, дұрыс болмас
еді. Ең өкініштісі, атқарушы билік тармақтары тарапынан жасалатын адам
құқықығын бұзушылық фактілері сыбайлас жемқорлықтың етек алуына қолайлы
жағдай туғызады. Сондықтан менің ойымша, барлық мемлекеттік органдардың
азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қамтамасыз етуін барлық құралдар
арқылы бақылауды күшейту қажет. Бұл тұрғыда өзінің халықаралық деңгейде
танымал тәуелсіз мәртебесі бар омбудсмен институтының рөлі өте маңызды деп
санаймыз. Бұл бағытта белгілі бір қадамдар да жасалуда. Мәселен, Адам
құқықтары жөніндегі ұлттық орталық басшысы мен Ішкі істер министрінің
орынбасары ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды. Бұл ішкі істер
органдары лауазымды қызметкерлері тарапынан билігін асыра пайдалану
фактілерінің жолын кесуге мүмкіндік береді деген сенімдемін. Мұндай құжатты
басқа да мемлекеттік органдармен жасасуды жоспарлап отыр. Қазіргі уақытта
омбудсменнің жанынан азаптаулар туралы шағымдарды қарау жөніндегі жұмыс
тобын құру туралы мәселе зерделенуде. Мүдделі мемлекеттік органдардың
өкілдерінен басқа, оған үкіметтік емес ұйымдардың өкілдері де кіреді.
Аталмыш жұмысты “Фридом Хаус” ұйымымен пысықтап жатырмыз. Бұл процесте
парламенттік бақылау тетігі маңызды рөл атқарар еді, өйткені, соңғы
конституциялық реформаға сәйкес жоғары заң шығару органының рөлі едәуір
өсті. Адам құқықтарын бұзудың аса маңызды фактілері бойынша оларды қарайтын
тиісті “ комиссиялар” құру туралы өтініш жасасуы мүмкін. Омбудсменнің күш-
парламенттік жігері Парламент Мәжілісінің бастамасымен құрылған Қоғамдық
палатаның қызметі үшін де пайдалы болуы мүмкін.

Қызметтің тағы бір маңызды бағыты – түрлі дөңгелек үстелдер,
семинарлар өткізу арқылы халыққа құқықтық білім беру. БҰҰ ДИАҚБ, ЮНИСЕФ,
БҰҰ ЖКББ-ның көмегімен бірқатар іс-шаралар өткізілді. БҰҰ-ның Босқындар
ісі жөніндегі Жоғарғы комиссары Антонио Гутерришпен кездесу кезінде ол
аталмыш ұйымның ҚР Адам құқықтары жөніндегі ұлттық орталықпен тиімді
ынтымақтастығы қанағаттандыратынын атап өтті. Халықаралық ұйымдармен жұмыс
жасау қызметіміздің басым бағыттарының бірі болып табылады. Үстіміздегі
жылдың желтоқсанында Сыртқы істер министрлігінің көмегімен БҰҰ Бас
Ассамблеясының балалар құқықтарын қорғауға арналған жалпы отырысына
қатысып, сөз сөйлеуді жоспарлап отыр. 10 желтоқсанда Халықаралық адам
құқықтарын қорғау күнінде БҰҰ ДИАҚБ мен Қазақстан Республикасы Президенті
жанындағы Адам құқықтары жөніндегі комиссияның көмегімен ірі ғылыми-
практикалық конференция өткізілген болатын. Қазіргі уақытта Қазақстанда
ювенальды әділет жүйесін құру туралы мәселе пысықталуда. Әділет министрлігі
аталмыш мәселе бойынша тұжырымдамалық құжат дайындауда. Бұл құжаттың соңғы
нұсқасы қандай болатынын айта алмаймын, бірақ мұндай жүйе тек соттарды ғана
емес, құқық қорғау қызметінің барлық салаларын қамтитыны сөзсіз. Бұл аса
маңызды мәселе. Өйткені, бала құқықтарын қорғау жалпы құқық қорғау
саласында өзінің жеке тұжырымдамаларымен дербес мәселе болып тұр. Кейбір
елдерде балалар омбудсмені институтын енгізу тәжірибесі де кездейсоқ емес.
Комиссияның Орталықтан ерекшелігі ол қоғамдық негізде жұмыс істейтін
консультативтік орган болып табылады. Екінші жағынан, бір іс
жасайтындықтан, біз функцияларды бөлмей, керісінше күш-жігерімізді
біріктіруге тырысамыз. Комиссияның Мемлекет басшысының бастамасымен
мемлекеттік органдардың басшыларын қамтитын форматы кейде маңызды
мәселелерді қарауға енгізу үшін қажет болады. Сондықтан бұл ретте арамызда
толық өзара түсіністік бар.

Басты өлшемдер Адам құқықтары жөніндегі ұлттық институттар қызметінің
Париж қағидаттарында анықталған. Бұл ең алдымен:

- қоғамдық қабылдау, яғни омбудсменнің бұзылған құқықтарды айқындауға және
қалпына келтіруге арналған нақты мүмкіндігі бар екендігін қоғамның көруі,
қабылдауы;

- құқық бұзу жағдайларын болдырмауға шұғыл ден қою мақсатында халықпен
барынша тығыз байланыс орнату мүмкіндігі. Осыған байланысты омбудсмен
өкілдерінің еліміздің барлық жергілікті жерлерінде болу мәселесі өзекті
болып отыр;

- біліктілігі жоғары, құқық қорғау және басқа да мемлекеттік органдарда
жұмыс істеген, сондай-ақ байсалды өмірлік тәжірибесі бар кәсіби кадрлардың
болуы;

2-тарау. Азаматтық құқықтық қатынастар субъектілері
1.1. Азаматтық құқықтық қатынастар субъектілердің теңдігі

Азаматтық құықтық қатынастар субъектілерінің теңдігі мынадай жалпы
митодикалық алғы шарттарға байланысты: бір біріне бағынбайтын субъектілер
азаматтық құқықтық қатынастардың субъектілері болады, заң оларды азаматтық
құқықтарды иеленуде, жүзеге асыруда, қорғауда тең деп таниды, міндеттерді
жөніне және олардың бұзылуы үшін же тепе тең деп біледі. Азаматтық құқықтық
субъектілерінің ешқайсысы бір біріне бұйрық бере алмайды, сондықтан өзара
келісім олардың қатынастарының негізін құрайды. Нақтырақ айтқанда,
субъектілердің теңдігі мыналарды білдіреді:
-азаматтық құқықтық қатынастарға ене отырып, мемлекет немесе оның
әкімшілік аумақтық бөліністері өзінің азаматтық құқықтық серіктестіктерін
азаматтан немесе заңды тұлғадан ешқандай артықшылыққа ие болмайды;
-кез келген ұйымдық нысандағы заңды тұлға азаматтық құқық
қатынастардың субъектілері ретінде жеке тұлғаларға теңестіріледі;
-шетелдік азаматтар және шетелдік заңды тұлғалар Қазақстан азаматтары
мен заңды тұлғалары секілді, азаматтық құқықтар мен міндеттерді иеленеді.
Заң актілерінің тікелей ұйғарымы бойынша мынадай теңдіктен кейбір
ерекше жағдайларға орын берілуі мүмкін( мысалы, қараңыз: Қазақстан
Республикасының шетелдік азаматтарының құқықтық жағдайы туралы 1995 жылы
19 маусымдағы ҚР Президентінің Заң күші бар жарлығы)
Адамдар мен олардың өздері құратын ұйымдар арасында азаматтық-
құқықтық қатынастар орнығады. Адамдар мен ұйымдар өзара мәмілелер жасасып
құқық субъектісінің тұлғасы деп аталатын қоғамдық қасиеті ретінде ғана
құқықтық қатынастарға қатыса алады.
ҚР заңдары бойынша, ерекше заңдық қасиетгі — азаматтық құқық
субъектілікті иеленетін, яғни азаматтық құқықтар мен міндеттерді иеленуге
және оларды жүзеге асыруға қабілетті адамдар (иңдивидтер) және олардың
кейбір ұйымдары (заңды тұлғалары, мемлекет, әкімшілік-аумақтық бөліністер)
азаматтық құқық субъектілері немесе тұлғалар деп танылады. Мұндай
қасиеттерді иелену индивидті немесе ұйымды азаматтық құқық субъектісіне
айналдырады. Мұнда әрбір адамның, мейлі ол ҚР азаматы болсын, мейлі басқа
мемлекеттің азаматы немесе азаматтығы жоқ адам болсын, азаматтық құқық
субъектілігі болады, демек ол азаматтық құқық субъектісі деп танылады. Ал
ұйым — бұл басқаша жағдай. Ол азаматтық құқықтың субъектісі болуы да,
болмауы да мүмкін немесе азаматтық құқық субъектілігі болмауы да мүмкін.
Занды тұлғалар деп танылған ұйымдардың, сондай-ақ мемлекет пен
әкімшілік-аумақтық бөліністердің азаматтық құқық субъектілігі бар. Сонымен
бірге, азаматтық құқық субъектісі мен оның құқық субъектілігін шатастыруға
болмайды. "Азаматтық құқық қатынастар субъектісі" ұғымы оның құқық
субъектілігі ұғымынан кең болады және есімді (атауды), тұрғылықты жерді
(тұрған орнын) және басқа белгілерді қамтиды.
Азаматтық құқық қатынастар субъектілік — салалық құқық субъектіліктің
бір түрі. Бұл ұғымды талдау кезінде, жалпы алғанда, зандық шындық ретінде
құқық субъектілік не үшін пайда болады және не үшін қолданылады деген сұрақ
бірден туады. Бұған берілетін ең қысқа жауап мынадай: азаматтық құқықтың
ерекше институты — құқық субъектіліктің болуы қоғамдық ағзалар — адамдарды
құқықтық қатынастарға тарту мүмкіндіктері мен шараларын (шектерін) жіктеу
қажеттігіне байланысты. Сондықтан құқық қатынастар субъектілік дегеніміз
адамдардың қоғамдық, заңдық қасиеттері больп табылады. Бұлайша жіктеу
құқықтың түрлі салаларында түрлі санаттар бойынша жүргізіледі. ҚР
Конституциясы адамдардың құқық қабілеттілігін ең алдымен адам мен азаматтың
құқықтарын бөлу және айыру негізінде жіктейді. Адам құқықтарына қарағанда,
азаматтың құқықтары көлемді болады. Олар адамның бүкіл құқықтарын, бүған
қоса, ҚР азаматтарына ғана тән құқықтар мен міндетгерді қамтиды (мысалы,
саяси құқықтар, әскери қызметгі өтеу міндетгері).
ҚР азаматтық заңдары құқықты теңеу (эмансипация) институты дегенді, мысалы,
РФ АК көрсеткендей, құзіреті мемлекеттік органның шешімімен кәмелетке
толмағанды толық әрекетке қабілетті деп жариялау дегенді білмейді. Алайда
РФ АК секілді, ҚР АК азаматтар кәмелетке толғанда олардың толық әрекет
қабілеттілігі пайда болатыны туралы жалпы ережеден кейбір ерекшеліктерге
жол береді. Мұндай ерекшеліктердің азаматтық қатынастардың кейбір
салаларына ғана қатысы бар. Атап айтқанда, кәмелетке толмағандар банкілерге
салымдар салуға және өздері салған салымдарға дербес билік етуге құқылы (АК-
ның 25-бабы).
ҚР АК психикалық даму деңгейіне қарай кәмелетке толмаған азаматтарды
14 жасқа жетпегендерге және 14-тен 18-ге дейінгілерге бөле отырып, олардың
әрекет қабілетілігінің түрлі шешімін белгілейді.
14 жасқа дейінгі азаматтар әрекетке қабілетсіз болады. Сондықтан, егер
заң құжаттарында өзгеше көзделмесе, олардың атынан ата-аналары, асырап
алушылары немесе қорғаншылары мәмілелер жасайды (АК-ның 23-бабының 1-
тармағы). Әрекетке қабілетсіз кәмелетке толмағандар келтірген зиян үшін де
осылар жауап береді.
Заң 14 жасқа жетпеген азаматтардың әрекетке қабілетсіздігі туралы
жалпы ережеден кейбір ерекшеліктер жасайды. Бұл адамдар өздерінің жасына
қарай жасай салып орындалатын тұрмыстық ұсақ мәмілелерді өз бетінше жасауға
(АК-ның 23-бабының 2-тармағы), сондай-ақ банкілерге салымдар салуға және
өздері салған салымдарға дербес билік етуге құқылы.
Кәмелетке толмаған азаматтың өзінің, оның отбасының және өзге де оған
таныс адамдардың күнделікті тұрмыстық қажеттерін қанағаттандыруға
байланысты жасайтын құны болмашы мәмілелерін тұрмыстық ұсақ мәмілелер деп
түсіну керек. Мысалы, тағам өнімдерін, газет, мектеп оқу керек-жарақтарын,
қала көлігінде жүру билеттерін және т.с.с. сатып алу тұрмыстық ұсақ
мәмілелерге жатады. Бұл арада, 14 жасқа жетпеген адамдар жасайтын тұрмыстық
мәмілелер бір мезгілде мынадай үш шартқа сай болуы тиіс. Біріншіден, мұндай
мәмілелер ұсақ, яғни құны жөнінен болмашы болуға тиіс. Екіншіден, олар
кәмелетке толмағанньщ жасына, яғни оның психикасының деңгейіне сай болуы,
ал мұндай мәмілелер ауқымы шектеулі болуы тиіс. Мысалы, 2 жасар, 7 және 13
жастағы балалардың психикалық даму деңгейі түрліше болатыны айқын. 2 жасар
бала өзінің психикалық даму деңгейі бойынша тіпті өте ұсақ тұрмыстық
мәмілелерді жасай алмайды, ал 7 жасар бала да тұрмыстық ұсақ мәмілелерді
(мысалы, сіріңке сатып алуды) жасай алмайтыны түсінікті. Бұл мәмілелердің
құны аз ғана болғанымен, сіріңкенің ерекше қасиеті бар — оны пайдалану
қауіпті болатындықтан, баланың қолына беруге болмайды. Бұл жастағы балалар,
әдетте, сатушылар немесе тіпті тұрмыстық ұсақ мәмілелер бойынша сыйға
тартушылар бола алмайды. Үшіншіден, 14 жасқа жетпеген адамдар жасалып
болысымен орындалатын мәмілелерді ғана жасай алады, мысалы, азық-түлікті
несиеге емес, тек қолма-қол ақшаға сатып ала алады.
Заңда қандай мемілелерді ұсақ деп есептеуге болатын және қандай
мәмілелерді оларды жасайтын кәмелетке толмағанның жасына сай келеді деуге
болатын жалпы өлшемдерді белгілеу мүмкін емес. Сондықтан мұндай өлшемдер
әрбір нақты жағдайда бағалаушы сипатта болады, ал бағалауды, әдетте,
бастапқы кезде кәмелетке толмағанмен мәміле жасайтын адамның өзі жүргізеді.
Жасалған мәміленің ұсақ екені және оның кәмелетке толмағанның жасына сай
келетіні жөніңде дау туатын жағдайда — дау сот арқылы шешіледі.
Азаматтық кодексінде 14 жасқа жетпегендердің әрекет қабілеттілігі
туралы мәселе өзгеше шешілетінін атап көрсеткен жөн. Мұнда 6-дан 14 жасқа
дейінгі жас балалар тұрмыстық ұсақ мәмілелер жасай алады. Олар, осымен
қатар, нотариалдық куәландыруды немесе мемлекеттік тіркеуді қажет етпейтін
пайданы тегін алуға бағытталған, сондай-ақ белгілі бір мақсаттар үшін
немесе еркін билік етуі үшін заңды өнімдері немесе олардың келісімімен
үшінші тұлғалар беретін қаражатқа билік ету жөніндегі келісімдерді жасауға
құқылы. Заңның бұлайша тұжырымдауы кәмелетке толмағанның нақты мәміле жасау
кезіндегі әрекет қабілеттілігін бағалауда айтарлықтай қиындықтар туғызатын
болып көрінеді.
14 жасқа жетпеген кәмелетке толмағандардан өзгеше, олардың әрекет
қабілеттілігі шектеулі болса да, 14 жастан 18 жасқа дейінгі азаматтар
әрекетке қабілетті деп есептеледі. Заңның жалпы ережесі бойынша (АК-ның 22-
бабының 1-тармағы), олар мәмілелерді ата-аналарьшың, асырап алушыларының
немесе қорғаншыларының келісімімен жасанды. ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Азаматтық-құқықтық қатынастың түсінігі
Халықаралық жеке құқықтың жүйесі
Азаматтық іс жүзіндегі құқықтық қатынастар
Азаматтық құқықтық қатынастың субъектілері
Азаматтық-құқықтық қатынастар ұғымы
Азаматтық.құқықтық қатынастардың пайда болу, өзгеру және тоқтатылу негіздері туралы ақпарат
Азаматтық құқықтық қатынастар туралы мәлімет
Азаматтық құқық қатынастарының ұғымы және олардың түрлері
Құқық субъектілерінің құқық қабілеттілігі және әрекет қабілеттілігінің құқықтық қатынас үшін маңызы
ҚҰҚЫҚТЫҚ ҚАТЫНАСТАРДЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ СИПАТТАМАСЫ МЕН АСПЕКТІЛЕРІ
Пәндер