Қылмыс істеуге дайындалу


Мазмұны
Кіріспе . . . 3
1 тарау. Аяқталмаған және аяқталған қылмыс ұғымы мен қылмыс
істеуден өз еркімен бас тарту.
1. 1. Аяқталмаған және аяқталған қылмыс . . . 4
1. 2. Қылмыс істеуден өз еркімен бас тарту . . . 8
2 тарау. Қылмыс істеу сатыларының ұғымы.
2. 1. Қылмыс істеуге дайындалу . . . 12
2. 2. Қылмыс істеуге оқталу . . . 20
Қорытынды . . . 24
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі . . . 25
Кіріспе
Кез келген қылмысты iстеу үшiн адам өзiн соған итермелейтін қоғамға зиянды мүдделердi, қажеттіліктерді, зұлымдық пиғылдарды басшылыққа алады. Яғни, адам қылмыс iстеу үшiн ең алдымен өзiнiң психологиялық ой-ниетiн қалыптастырады. Бұл адамның iшкi сезiмiн, ойын, ниетiн бiлдiредi. Бiрақ, осы сезiм, ой-ниет адамгершілік нақты мiнез-құлқы, қимылы, әрекетi арқылы сырттай көрiнiс бермеуi де мүмкiн. Сондықтан да адамның мұндай сыртқа шықпаған iшкi жан-дүниесiнiң белгiлi бір iс-әрекет арқылы сырттай көрiнiс бермеуiн қылмыс қатарына жатқызуға болмайды. Яғни, мұндай психологиялык сана-сезiм, жалаң ой, қиял, қылмыстық құқық нормасынан тысқары болады, ол үшiн қылмыстық жауаптылық жоқ.
Қылмысты iстеу сатылары деп қасақана iстелетiн қылмысқа дайындалу, оқталудан бiткенге дейiнгi өтетiн кезеңдерiн айтады. Қасақаналықпен iстелетiн қылмыста бiрнеше саты болады. Олар қылмыс iстеуге дайындалу, қылмыс iстеуге оқталу және қылмысты аяқтау.
Тiкелей ниетпен қылмыс құралдарын немесе қаруларын iздестiру, әзiрлеу немесе бейiмдеп жасау, қылмысқа қатысушыларды iздестiру, қылмыс жасауға сөз байласу не қылмыс жасау үшiн өзге де қасақана жағдайлар жасау, егер бұл орайда қылмыс адамның еркiне байланысты емес мән-жайлар бойынша ақырына дейiн жеткiзiлмесе, қылмысқа дайындалу деп танылады.
Адамның дайындау iс-әрекеттерiн немесе қылмыс iстеуге тiкелей бағытталған дайындалу iс-әрекетiн тоқтатуы не iс-әрекеттi (әрекетсiздiктi) тоқтатуы, егер адам қылмысты ақырына дейiн жеткiзу мүмкiндiгiн ұғынған болса, қылмыс iстеуден өз еркiмен бас тарту деп танылады.
Бұл курстық жұмыста қылмыс істеу сатыларына түсініктеме беріліп, оның түрлері жеке тоқталып, әрқайсысына мысал келтірілген.
1тарау. Аяқталмаған және аяқталған қылмыс ұғымы мен қылмыс істеуден өз еркімен бас тарту.
1. 1 Аяқталмаған және аяқталған қылмыс
Қолданылып жүрген Қылмыстық заң бойынша қылмыстық жау аптылықтың бiрден-бiр негiзi болып Қылмыстық кодексте көзделген қылмыс құрамының барлық белгiлерi бар iс-әрекетi болып табылады (КҚ. 3-бабы) . Бұл қағида аяқталған немесе аяқталмаған қылмысқа бiрдей қатысты. Сонымен аяқталмаған қылмысты iс-әрекеттер үшiн (қылмысқа даярланғандық және оған оқталгандық) қылмыстық жауаптылықтың негiзi болып, аяқталмаған қылмыс құрамының белгiлерi бар iс-әрекет жатады. Мұнда ретте нақты қылмысқа даярланғандық немесе оқталғандық әрекеттерi орын алған жағдайда қылмыстық жауаптылық Кодекстің 24-бабына сiлтеме жасалына отырылып, iстелген әрекет Ерекше белiмнiң тиiстi баптары бойынша сараланады. Мысалы, ұрлык iстеу үшiн оқталғанда кiнәлiнiң іс-әрекетiн Қылмыстық кодекстiң 24-бабының 3-бөлiгi және 175-баптың 1-бөлгi бойынша саралау қажет. Мұндағы 24-баптың 3-бөлiгi қылмыстың аяқталмағанын және оның оқталу түрiнде iстелгенiн көрсетсе, ал, 175-баптың 1-бөлiгi қылмыс iстеген адамның ұрлық iстеуге оқталғанын бiлдiредi. Қылмысқа даярланғанды және оқталғандық үшiн жауаптылықтар өзара ұқсас және олардың бiр-бiрiнен айырмашылықтары да бар. Ұқсастығы екеуiде аяқталмаған қылмыс сатысына жатады және мұндай қылмысты iстеген ретте қылмыстық жауапқа тартылғанда мiндеттi түрде Қылмыстық кодекстiң 24-бабына сiлтеме жасалынады. Айырмашылығы сол, қылмысқа дайындықта жауаптылық ауыр немесе ерекше ауыр қылмыстарға дайындалған кезден бастап жүзеге асырылады, ал оқталғанда жауаптылық орташа ауыр немесе ерекше ауыр қылмыстарды iстеуге тiкелей кiрiскен уақыттан бастап есепке алынады. Аяқталмаған қылмыстар үшiн жаза тағайындалғанда сот Қылмыстық кодекстің 52-бабында көрсетiлген жаза тағайындаудың жалпы негiздерiн басшылыққа алады.
Сонымен бiрге жаңа Қылмыстық кодексте аяқталмаған қылмыс үшiн жала тағайындаудың арнаулы ерекшелiктерi көрсетiлген.
Олар мынадай:
1. Аяқталмаған қылмыс үшін жаза тағайындау кезiнде соның себебiнен қылмыс ақырына дейiн жетпеген мән-жай ескерiледi.
2. Қылмысқа дайындалғаны үшін жазаның мерзiмi мен мөлшерi осы Кодекстiң Ерекше бөлiмiнде аяқталған қылмыс үшiн тиiстi банта көзделген жазаның неғұрлым катаң түрiнiң ең жоғары мерзiмiнiң немесе мөлшерінің жартысынан аспауы керек.
3. Қылмысқа оқталғаны үшiн жазаның мерзiмi мен мөлшерi осы Кодекстiң Ерекше бөлiмiндегi тиiстi бапта ерекше қылмыс үшiн көзделген жазаның неғұрлым қатаң түрiнiң ең жоғары мерзiмiнiң немесе мөлшерiнiң төрттен үшiнен аспауы керек.
4. Қылмыс жасауға дайындалғаны үшін және қылмыс жасауға оқталғаны үшiн өлiм жазасы мен өмiр бойы бас бостандығынан айыру тағайындалмайды (56-бап) . Яғни, осы баптың мазмұнына сәйкес аяқталмаған қылмыстың аяқталған қылмысқа қарағанда қауiптiлiгi аз екендiгi ескерiлiп, жаза тағайындалғанда есепке алынуы әбден заңды болып табылады. Сондай-ақ, қылмысқа даярланғандыққа қарағанда қылмысқа оқталғандық үшiн жаза қатаңырак болуы шарт. Аяқталған оқталғандық үшiн жаза аяқталмаған оқталғандықтан көбiрек болуы тиiс.
Кiнәлiнiң iстеген iс-әрекетiнде қылмыстық заңда көрсетiлген қылмыстың барлық белгiлерi болса, ондай қылмысты аякталған қылмыс деп айтамыз (25-бап) . Қылмыстық заңнын көрсетiлген қылмыстың құрамының ерекшелiктерiне байланысты аяқталған қылмыс бiр түрлi емес, әр түрлi болуы мүмкiн, оның әр түрлi болуы қылмыс құрамының құрылысының түрлiше болуына тікелей байланысты болады. Осыған байланысты қайсыбiр қылмыстың аяқталуы қылмыстың объектiсiне зиян келтiруге байланысты болып, ал басқа бiр қылмыстың аяқталуы сол қылмыстың объектiсiне зиян келтiру қаупiн туғызған жағдайда-ақ жүзеге асады. Қылмыстық заң осы аталған жағдайлардың орын алған ақытынан бастап қылмыс құрамының аятталғанын бiлдiредi. Сол себептi де қылмыстың аякталуы барлық уақытта да белгiлi бір қылмыс құрамының ерекшелiгi мен тығыз байланысты болады.
Қылмыстық заңда белгiленген материалдық қылмыс құрамының аяқталуы үшiн осы құрамда көрсетiлген қылмыстың зардабының болуы кажет. Мысалы, 316-баптағы лауазымды салақтықты айтамыз. Осы қылмыс аяқталды деу үшiн субъектiнiң әрекетiмен мемлекеттiк мүддеге немесе азаматтардың заңды құқықтары мен мүддесiне елеулi түрдегi бұзу орын алуы керек. Және осындағы iстелген iс-әрекетпен келтiрiлген зиянның арасында себептi байланыстың болуы шарт.
Кейбiр қылмыстардың диспозициясында қылмысты мүмкiн болатын бiрнеше зардаптарының түрiн көрсетедi (Мысалы: ҚК-тiң 103-бабы) . Мұндай қылмыс аяқталды деу үшін осы бапта көрсетiлген бiр зардаптың болуы жеткiлiктi. [
Қылмыстық кодексте зардабы болмайтын формальды қылмыс құрамдары да бар. Мұндай қылмыстың аяқталуы кiнәлiнiң заңда көрсетiлген iс-әрекеттi жасауы мен тұжырымдалады (Мысалы, 314-бап, 320-бап, т. б) .
Кейбiр жағдайларда қылмъiс iстеудiң даярлық сатысында аяқталған қылмыс құрамдарына жол берiледi. Мысалы, кiнәлi адам кiсiнi атып өлтiру үшiн, заңсыз атылатын кару сатып алады. Мұндай ретте оның әрекетiнде кiсi өлтiруге даярланғандық - 96-бап және ҚК-тiң 251-бабында көрсетiлген қаруды, оқ-дәрiнi және жарылғыш заттарды заңсыз алып жүру, сақтау, алу, жасау және өткiзу сияқты аяқталған қылмыстың құрамы бар.
Қылмыстық кодекстiң 20-бабында:
1. Адамның дайындау iс-әрекеттерiн немесе қылмыс iстеуге тiкелей бағыттаған дайындалу iс-әрекетiн тоқтатуы не (әрекетсiздiктi) тоқтату, егер адам қылмысты ақырына дейiн жеткiзу мүмкiндiгiн ұғынған болса, қылмыс iстеуден өз еркiмен бас тарту деп танылады. Егер адам бiр қылмысты ақырына дейiн жеткiзуден өз еркiмен және бiржола бас тартса, ол осы қылмыс үшiн қылмыстық жауапқа тартылмауға тиiс.
2. Қылмысты ақырына дейiн жеткiзуден өз еркiмен бас тартқан адам оның нақты жасаған әрекетiнде өзге қылмыс құрамы болған жағдайда ғана қылмыстық жауапқа тартылуы тиiс, - делiнген. Осы баптың мазмұнынан шығатын қорытынды, егер адам қылмысты ақырына дейiн жеткiзуге мүмкiндiгi барын бiле тұра даярланғандық әрекеттерiн өз еркiмен тоқтатса, я кылмыс iстеуге тiкелей бағытталған әрекеттi немесе әрекетсiздiктi өз еркiмен тоқтатса, бұл қылмыс iстеуден өз еркiмен бас тарту болып табылады. Өз еркiмен бас тарту болған iс-әрекет қылмыстық жауаптылыққа жатпайды. Қылмыстан өз еркiмен бас тарту қылмысқа алдын ала дайындық - қылмыс істеуге даярланғандық немесе қылмыс iстеуге оқталғандық сатыларының қайсысында болсын жүзеге асырылады. Егер қылмыскер алдын ала қылмысқа даярланғанда жүзеге асыру мүмкiндiгi болмай қылмыс iстеуден бас тартса, онда оның әрекетi қылмыс iстеуден өз еркiмен бас тарту болмайды. Мысалы, баукеспе ұры кезектi ұрлықты жасаудан өзiнiң ниетiн басқа бiреуге бiлдiрiп қою арқылы бас тартса, мұнда оның әрекетiнде ұрлық жасауға даярланғандық қылмыс құрамы болады.
Қылмыстың жиынтығын нормалар бәсекелестігінен ажырата білу қажет. Нормалар бәсекелесі Қылмыстық кодекстің, Ерекше бөлімінің бірнеше баптарын бірдей қамтитын бір қылмыс арқылы көрініс табады. Нормалар бәсекелесінде сот Қылмыстық кодекстің бірнеше баптарынан сол іс-әрекетке тән бір бапты ғана бөліп алып, іс-әрекетті сол бойынша саралайды. Жалпы және арнаулы нормалар бәсекелесі болғанда арнаулы норма қолданылады.
Егер арнаулы нормалар өзара бәсекеге түссе, онда жазаны жеңілдететін мән-жайларды көрсететін қылмыстық құқылық нормаға артықшылық беріледі. Егер белгілі бір және нақ сол әрекет осы Кодекстің тиісті баптарының жалпы және арнаулы нормаларының белгілеріне сәйкес келсе, қылмыстардың жиынтығы болмайды және қылмыстың жауаптылық осы Кодекстің ерекше бөлімінің арнаулы норманы қамтитын бабы бойынша туындайды (12-бап, 3-бөлігі) .
Яғни айтқанда, егер бір қылмысты іс-әрекет екінші бір қылмыстың міңдетті белгісі ретінде көрінсе, қылмыстың жиынтығы болмайды. Мысалы: қызмет өкілеттігін пайдаланып қиянат жасау жеке қылмыс (307-бап), ол сонымен бірге бөтеннің мүлкін талан-таражға салудың тәсілі ретінде көрінуі де мүмкін (176-баптың 2- бөлігі, «в» тармағы), соңғы жағдайда барлық іс-
әрекет бір қылмыс болып табылады да, қосымша 307-баппен саралануға жат-пайды.
Қылмыстық заңда қылмыстың жалпы түсінігі берілген, сонымен бірге Ерекше бөлімде нақты қылмыстар жеке-жеке көрсетілген. Қылмыстық заң қылмыс құрамы деген түсінікті ашпайды. Бұл түсінікті қылмыстық құқық теориясы ғана береді. Қылмыстың кұрамы деп - қылмыстық заң бойынша қоғамға қауіпті іс-әрекеттерді белгілі бір кылмыстың қатарына жатқызуға мүмкіндік беретін кылмыстың объективтік және субъективтік жақтарынан кұралған элементтердің және олардың белгілерінің жиынтығын айтамыз. Қылмыс құрамының әрқайсысы оның субъективтік және объективтік белгілерімен сипатталады. Барлық жүйелер секілді қылмыстың құрамы да белгілі бір элементтерден тұрады. Осы белгілердің қосымша жүйелерінің ең болмағанда біреуінің жоқ болуы жүйенің болмауына, яғни қылмыс кұрамының тұтастай жоқ болуына әкеп соғады. Бұл жерде қылмыс құрамының элементтері деп, қылмыс құрамы жүйелерін құрайтын бастапқы компоненттерді айтамыз. Қылмыс кұрамының белгілеріне мынадай 4 түрлі элементтер жатады: объект, объективтік жағы, субъект, субъективтік жағы.
17
Мысалы, бөтен адамның мүлкін қасақана жою немесе бүлдіру қылмысы (187-бап) белгілері болып біріншіден, басқа біреудің мүлкіне қол сұғу, екіншіден, осы мүлікті жою немесе бүлдіру, үшіншіден, осы әрекетті қасақана істеу, төртіншіден, бұл іс-әрекет ауырлататын жағдайда жасалса ол
үшін 14-ке толған адам жауапқа тартылады. Осы көрсетілген төрт белгінің біреуі жоқ болса, онда бұл қылмыс құрамы болмайды. Егер адам бөтен адамның мүлкін абайсызда бүлдірсе немесе жойса онда кінәлінің әрекетінде басқа бір қылмыс құрамы болады. Себебі, бұл жерде 187-бапта көрсетілген кылмыстың басты белгісі қылмысты қасақаналықпен істеу жоқ. Әрбір қылмыс құрамының белгілері Ерекше бөлімдегі баптардың диспозициясында ғана емес, қылмыстық заңның Жалпы бөлімінде оның тиісті баптарында да айтылады. Ерекше бөлімнің, баптарының диспозицияларында әр түрлі қылмыстың көптеген белгілері аталып көрсетілген. Мүның өзінде диспозициялардың кылмыстың ерекшелігін анықтайтын және оны басқа қылмыстардан ажырататын соған тән белгілерінің тізбегін береді. Барлық қылмыстарға жалпылама ортак немесе нақты қылмыс топтарына тән белгілер Жалпы бөлімнің баптарында анықталады. Мысалы, бөтеннің мүлкін ұрлауды анықтайтын Қылмыстық кодекстің 175-бабының диспозициясында осы қылмыстық не субъектісі, не кінәнің нысаны аталмаған.
Бұл жалпылама белгілер Қылмыстық кодекстің 15 және 20-баптарында көрсетілген. Қылмыстық кодекстің 175-бабында ұрлықтың оған тән белгісі - басқа біреудің мүлкін жасырын түрде ұрлау ғана керсетілген. Осы белгі арқылы ұрлық тонаудан ерекшеленеді. Әрбір қылмыс істелген уақытында көптеген белгілермен сипатталады. Осы белгілердің барлығы да қылмыс кұрамына жатпайды. Қылмыс құрамына мұқияттылықпен таңдап алынған түрлік белгілер ғана қосылады. Түрлік белгілер дегеніміз барлық қылмыстарға ортақ, олардын коғамға қауіптілігін және құқыққа қайшылығын білдіретін жиынтығының көрінісі болады. Түрлік белгіге жатпайтын тек қана жекелеген қылмысқа тән белгілер қылмыс құрамына қосылмайды. Сондықтан олар қылмыс құрамынан тысқары болады да, осыған байланысты
оның қылмысты саралау үшін маңызы болмайды. Мысалы, біреудін мүлкін ұрлағанда (ақша, зат, кұжат т. б. ) немесе ол ұрлыктың қашан болғаны қылмысты саралауға әсер етпейді. Түрлік белгі сол немесе басқа қылмыстың міндетті белгілері болып табылады. Осы түрлік белгілердің біреуі жоқ болса, онда қылмыс құрамы да болмайды. Мысалы, басқа біреудің мүлкін ұрлаудың
түрлік белгісі - оны жасырын ұрлау. Егер басқа біреудің мүлкін алу жасырын түрде емес, ашық түрде жүзеге асырылса, онда ұрлық емес, басқа қылмыс құрамы - тонау болады. Қылмыс кұрамы бір ғана қылмыстық құқықтык нормада - бір бапта көрсетілуі мүмкін. Мысалы, 314-бап -кызмет жөніндегі жалғандық.
Басқа жағдайларда Қылмыстық кодекстің бір бабында қылмыс құрамының бір немесе бірнеше түрі қарастырылуы мүмкін. Мысалы, Қылмыстық кодекстің 308-бабында қылмыстың қауіптілік дәрежесіне қарай билікті немесе қызметтік өкілеттілікті асыра пайдаланудың үш құрамы көрсетілген: баптың, бірінші бөлімінде осы қылмыстың жай түрі, ал екініші, үшінші бөлігінде осы қылмыстың ауыр немесе өте ауыр түрлері көрсетілген.
Ерекше бөлімнің баптарында әдетте аяқталған немесе орындаушының тікелей істеген қылмыстары көрсетіледі. Алдын ала қылмысты әрекеттерде немесе қылмысқа қатысушы адамдардың: ұйымдастырушы, айдап салушы, көмектесуші әрекеттеріне сол немесе басқа кылмыстың құрамының барлық белгілері болмайды. Мысалы, әйелді зорлауға оқталғанда онымен зорлап жыныстық қатынас жасау орындалмайды немесе кісі өлтіруге ақталғанда кылмыстың зардабы - адам өлімі жоқ. Бірақ та осы жағдайларда кінәлінің әрекеттерінде Ерекше бөлімдегі аталған баптарда көрсетілген қылмыстың барлық белгілерінің болмауы олардың іс-әрекетінде қылмыс құрамы жоқ деуге негіз болмайды. Бұл жағдайда да қылмыс құрамы бар, бірақ ол оның құрамы Ерекше бөлімнің, сол сияқты Жалпы бөлімнің тиісті баптары көрсетіле отырып белгіленеді. Мысалы, әйел зорлауға оқталғанда кінәлінің әрекетінде Қылмыстық кодекстің 120 және 24-баптарында көрсетілген қылмыс құрамының белгілері бар. Қылмыс құрамының заңдылықты сақтауда және оны нығайтуда маңызы зор. Заңдылықты қатаң сақтау, бұлжытпай
жүзеге асыру, тәуелсіз мемлекетіміздің нығаюының негізгі шарты. Заңдылық кағидасын сақтау, жүзеге асыру кұкык қорғау органнның қызметкерлерінің қасиетті борышы. Бұл азаматтардың конституциялық құқығын, бостандықтарын жүзеге асырудың, негізгі кепілі болып табылады. Заңдылық талабын дұрыс жүзеге асыру қылмыс істеген адамға заңды дұрыс
қолданып, оның әрекетіне заң талабына сай баға беру болып табылады. Қылмыстық заңды дұрыс қолданудың маңызды шарттарының бірі қоғамға қауіпті іс-әрекеттерге заңды дұрыс қолданып, әрекет немесе әрекетсіздікке қылмыстық заң, нормасының талабына сай баға беріп саралау болып табылады.
Қылмысты саралау дегеніміз адамның қоғамға істеген қауіпті іс-әрекетін қылмыстық заңда көрсетілген нақты қылмыс құрамының белгісі бар бапқа дәлме-дәл жатқызу болып табылады. Қоғамға қауіпті іс-әрекет қылмыстық заңда керсетілген нақты қылмыс құрамымен қамтылса, онда ол дұрыс сараланған деп саналады. Қылмысты саралауда іс-әрекеттің қылмыс кұрамының тиісті баптары немесе оның бөліктеріне, тармақтарына сай келетіндігін дәлме-дәл көрсету қажет: Егер адамның іс-әрекетінде бірнеше қылмыстың кұрамы болса, онда оның іс-әрекеті заңның бірнеше баптары немесе баптардын бірнеше бөліктері, тармақтары бойынша сараланады. Қандай түрде болсада қылмысты дұрыс сараламау, ол зандылықты бұзуға, қылмысқа қарсы күрес жүргізетін органдардың беделіне нұқсан келтірумен байланысты болады. Мұндай құбылысқа жол бермеу үшін қылмыстық заңды дұрыс қолданып, істің мән-жайын терең зерттей білу, істелген іс-әрекетті дұрыс саралау қажет, сондай-ақ қылмысты қылмыс еместіліктен немесе соған ұқсас басқа қылмыстардан ажырататын белгілерді анықтау керек. Міне, бұл жерде қылмыс кұрамының, оның белгілерінің қылмысты саралаудағы, заңдылықты сақтаудағы маңыздылығы ерекше болып отыр. Біздің құқықтық мемлекетімізде бірде-бір адам, егер оның істеген іс-әрекетінде қылмыс құрамы жоқ болса, қылмыстық жауапқа тартылуға немесе жазалануға тиісті емес. Өйткені жаңа Қылмыстық кодекстің негізгі талабы қылмыстық жауапқа және жазаға тек қана қылмыс істегенге, яғни
қылмыстық заңда көрсетілген, коғамға қауіпті іс-әрекетті қасақана немесе абайсыздықтан істеген кінәлі адамды ғана тарту болып табылады.
Қылмыс пен қылмыс құрамы өзара тығыз байланысты, бірақ бір-біріне ұқсамайтын қылмыстық-құқылық түсініктер. Олардың өзара мазмұны да, бағытыда әртүрлі. Жоғарыда айтқандай қылмыс туралы ұғым Қылмыстық кодекстің 9-бабында берілген. Осы баптағы анықтамадан көрінгендей, қылмыс дегеніміз адамның әлеуметтік-құқылық, қоғамға қауіпті және кұкыққа қайшы секілді міндетті белгілерінің жиынтығынан туатын ерекше іс-әрекеті болып табылады.
Қылмыстың жалпы түсінігі, сол қылмыстың заңдылык сипаттамасын беріп қана қоймай, оның әлеуметтік-саяси мәнін де ашып көрсетеді. Өмірде қылмыстық құбылыстар әртүрлі нысанда көрініс тауып немесе түрлі түрде болатындықтан қылмыстық заң қылмыстың жалпы түсінігімен бірге нақты қылмыстардың да түсінігін қарастырған. Қылмыстың жалпы түсінігі - барлық қылмыстарға тән, оның белгілері Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінде көрсетілген жеке қылмыстар түрінде нақтыланып, өзінің дамуын табады.
Қылмыстық заңда сипатталған әрбір қылмыс, яғни қылмыс құрамы өзінің ерекше белгілерімен сипатталады. Қылмыстың құрамы - бұл қылмысты іс-әрекет емес, тек соның нысанын сипаттайтын түрі ғана. Ол - нақты қылмыстың заңды сипаттамасы. Жеке нақты қылмыстың зандылық түсінігі. Егер қылмыстың түсінігінде барлық қылмыстарға тән белгілер - қоғамға Қауіптілік, құқыққа қайшылық, кінәлілік және жазаланушылық аталған болса, ал қылмыс құрамында іс-әрекеттің қоғамға Қауіптілігін білдіретін нақты қылмыстардың міндетті белгілерінің Жиынтығы есепке алынады. Қоғамға қауіптілік қылмыс кұрамының емес, қылмыстың белгісі болып табылады. Осы екі қылмыстың құқылық-түсініктерінің бағыты да әр түрлі. Нақты қылмыстың кұрамы қылмыстық жауаптыдықтың негізі болса, ал қылмыстың жалпы түсінігі нақты қылмыстың құрамының заңдылық базасын жасаудың, қылмыстык құқықта оның құқылық, әлеуметтік-саяси табиғатын түсіндіру кажеттілігінен туындайды.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz