Денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтірудің субъектісі және субъективтік жағы
Қазақстан Республикасы Білім және Ғылым Министрлігі
КазГУЮ гуманитарлық заң колледжі
Циклдік пәндердің комиссиясы
Курстық жұмыс
Пәні: қылмыстық құқық
Тақырыбы: Денсаулыққа қарсы қылмыстар
Орындаған: ПР-3тобының
студенті_______________
Жетекші: заң
пәндерінің
оқытушысы____________
Астана-2009ж.
МАЗМҰНЫ
Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...3
І.ДЕНСАУЛЫҚҚА ҚАРСЫ ҚЫЛМЫСТАРДЫҢ ЖАЛПЫ СИПАТТАМАСЫ
1.1.Денсаулыққа қарсы қылмыстардың
түсінігі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 5
1.2 Денсаулыққа қарсы қылмыстардың даму
тарихы ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... .6
ІІ. ДЕНСАУЛЫҚҚА ҚАРСЫ ҚЫЛМЫСТАРДЫҢ ҚЫЛМЫСТЫҚ-ҚҰҚЫҚТЫҚ АСПЕКТІЛЕРІ
2.1 Денсаулыққа қарсы қылмыстардың объектісі мен объективтік жағы
2.2 Денсаулыққа қарсы қылмыстардың субъектісі мен субъективтік жағы
2.3Денсаулыққа ауыр жарақат салғаны үшін жаза тағайындау
мәселелері ... ... 18
2.1Денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтірудің объектісі және объективтік
жағы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...9
2.2Денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтірудің субъектісі және субъективтік

... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .13

ҚОРТЫНДЫ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 21
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР
ТІЗІМІ ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... 22
КІРІСПЕ
Қылмыстық заң адам өмірі мен оның құқықтары мен бостандықтарын қылмыстық
қол сұғушылықтан қорғауға үлкен мән беріп отыр. Оны 1997 жылғы 16 шілдеде
қабылданған Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінің Ерекше бөлімінде
1959 жылғы Қазақ КСР Қылмыстық кодексінің Ерекше бөліміне қарағанда
қарағанда жеке тұлғаға қарсы қылмыстардың өзге қылмыстық заңмен қорғалатын
қоғамдық қатынастарға қол сұғатын қылмыстардың ішінде бірінші болып
орналасуынан жіне жеке тұлғаға қарсы қылмыстар жасағаны үшін қылмыстық
жазалардың өзге қылмыстар жасағаны үшін қылмыстық жазаларға қарағанда
ауырлығынан көруге болады.
Қазақстан Республикасының Қылмыстық заңына сәйкес жеке тұлғаға
бағытталған қылмыстардың бірі болып ҚР ҚК 103-бабымен көзделген денсаулыққа
қасақана ауыр зиян келтіру боп табылады. Денсаулыққа қасақана ауыр зиян
келтіру адам өлтіруден кейінгі ең кең таралған жеке тұлғаға қарсы
қылмыстардың бірі. Кейде тіпті денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтіру
салдарынан жәбірленуші өлімі келеді.
Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінің 103-бабында денсаулыққа
қасақана ауыр зиян келтірідің негізгі (жай) құрамы (ҚР ҚК 103-бабының 1-
бөлігі), сараланған құрамдары (ҚР ҚК 103-бабының 2-бөлігі), ерекше
сараланған құрамы (ҚР ҚК 103-бабының 3-бөлігі), берілген. Аталған қылмыстық
заңда денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтірудің саралаушы белгі ретінде
Қазақстан қоғамында соңғы кездері кең тарала бастаған жаңа қылмыстық
құбылыс жәбірленушінің мүшелерін және тінін пайдалану мақсатында
денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтіру белгіленген. Адамның денсаулығының
мықты болуы айналадағы қоршаған орта табиғатының экологиялық жағдайының
жақсы болуына да байланысты. Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінің
3-ші бабында қылмыстық жауаптылық негізінің түсінігі берілген: қылмыс жасау
яғни осы кодексте көзделген қылмыс құралының барлық белгілері бар әрекет
қылмыстық жауаптылықтың бірден- бір негізі болып табылады. Осы себептерге
байланысты адам денсаулығына қарсы қылмысты заң шығарушы қылмыстық
жауаптылық негізіне жатқызады.
Ал, енді денсаулық деген сөздің ұғымына түсінік бере кетсек, денсаулық
дегеніміз - адам организімінің әрбір органының, әрбір мүшесінің сол
жаратылған қалпында сақталып, оның дұрыс әрі қалыпты түрде белгілі бір
функцияларды атқарып қызмет істеуі. Адамның денсаулығы дұрыс және қалыпты
жұмыс істеген жағдайда, адамның қоғамдағы алатын орны да ерекше болады.
Денсаулыққа қарсы қылмыстардың қоғамға қауіптілігі бұл қылмыстарды жасаған
кезде, бір адам екінші бір адамның денсаулығына қасақана немесе абайсызда
зиян келтіреді, яғни кінәлі қоғамға қауіпті іс-әректтерді жасай отырып,
адам өмірі үшін ең қымбатты болып табылатын адам денсаулығына заңсыз түрде
қол сұғады. Қазақстан Республикасының Конституциясына және басқа да заң
актілеріне сәйкес мемлекет әр адамның денсаулығын қорғауға кепілдік береді.
Солардың бірі ретінде қылмыстық заң денсаулыққа қарсы қол сұғушыларға
жауапкершілік белгілейді.
Тақырыптың практикалық құндылығы: Қазақстан Республикасы
Конститутциясының 1-бабына сәйкес Қазақстан Республикасының ең қымбат
қазынасы – адам, оның өмірі, құқықтары мен бостандықтары. Әлемнің ең
дамыған құқықтық мемлекеттеріндегідей Қазақстан Республикасында да адам
құқықтары мен бостандықтарына мемлекет мүдделері алдында басымдық берілген.
Қазақстанның мұндай демократиялық бағытты таңдауы қоғамдағы құндылықтарды
бағалауға әкеліп отыр. Адам және оның өмірі, құқықтары мен бостандықтары
қазіргі кездегі Қазақстан қоғамының ең басты құндылығы, қазынасы, байлығы.
Берілген курстық жұмыстың мақсаты – Қазақстан Республикасының жаңа
қылмыстық кодексі бойынша денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтіру қылмысын
зерттеу және оның мазмұнын ашу, оған криминологиялық сипаттама беру.
Курстық жұмыстың міндеті:
- денсаулыққа қарсы қылмыстардың жалпы сипаттамасын аша отырып, олардың
түсінігі мен даму тарихына тоқталу;
- денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтірудің объектісі және объективтік
жағын және субъектісі мен субъективтік жағын, сонымен қатар денсаулыққа
ауыр жарақат салғаны үшін жаза тағайындау мәселелерін қарастыру осы
жұмыстың мақсатына жету үшін қойылған міндеттер болып саналады.
Курстық жұмыс кіріспе, екі тараудан, қортындыдан, пайдаланылған
әдебиеттер тізімінен тұрады.
І. ДЕНСАУЛЫҚҚА ҚАРСЫ ҚЫЛМЫСТАРДЫҢ ЖАЛПЫ СИПАТТАМАСЫ
1.1 Денсаулыққа қарсы қылмыстардың түсінігі мен түрлері
Денсаулыққа қарсы қылмыстарға сипаттама беретін болсақ, әрбір жеке
адамның денсаулығы –ол адам өміріндегі айтарлықтай орын алатын фактор болып
табылады. Себебі адам денсаулығы –оның негізгі байлығы.
Осыған байланысты адам денсаулығын қорғау мәселесі-жалпы мемлекеттің,
қоғамның, әрбір азаматтың негізгі борышы. Сонымен әрбір қоғам мүшесі
денсаулықты сақтау шараларын жүргізу туралы мәселелерге баса назар аударып,
халықтың денсаулық сақтау мәселесінің шешілуіне белгілі бір шаралар
қолданып, қоғам үшін біршама септігін тигізуі керек. Қазіргі кезде
мемлекетімізде Қазақстан Республикасының Конституциясына сәйкес денсаулықты
сақтау мәселелері жөнінде мемелекеттік бағдарламалар әзірленген, осы
бағдарлама бойынша ҚР Денсаулық сақтау ісі жөніндегі агенттігі жұмыс істеп
отыр. Қазақстан Республикасы Конституциясындағы Адам және Азамат бөлімінің
29-бабының тармақтарына сәйкес, Қазақстан Республикасы азаматтарының
денсаулық сақтауға құқығы бар. Осыған байланысты Қазақстан Республикасының
азаматтары заңмен белгіленген тегін әрі кепілді медициналық көмектің барша
түрін алуға құқылы.
Осы арада денсаулық деген ұғымға түсінік бере кетейік. Денсаулық
дегеніміз - адам организмінің дұрыс әрі қалыпты жұмыс істеуі. Яғни, адам
организмінің әрбір органы, әрбір мүшесі сол жаратылған қалпында сақталып,
оның дұрыс әрі қалыпты түрде белгілі бір функцияларды атқаруы. Денсаулыққа
қарсы қылмыстардың қоғамға қауіптілігі - бұл қылмыстарды жасаған кезде, бір
адам екінші бір адамның денсаулығына қасақана немесе абайсызда зиян
келтіреді, яғни кінәлі қоғамға қауіпті іс-әрекеттерді жасай отырып, адам
екінші бір адамның денсаулығына заңсыз түрде қол сұғады.
Адам денсаулығына зиян келтіру көбінесе оның мемлекет пен қоғам
алдыңдағы азаматтық міндеттерін атқару, яғни сол міндеттерін нақты орындау
мүмкіндіктерінен айырады. Мысалы: адам денсаулығына зиян келуі-оның
міндетті әскери қызметке шақырылуына кедергі келтіруі мүмкін, сондай-ақ
әскери немес басқа да арнайы қызметтерді атқаруына зиянды әсерін тигізуі
мүмкін.
Сондықтан да адам денсаулығына қарсы қылмыстарды жасау - тек
жәбірленушінің өзіне ғана емес, сондай-ақ оның жақын туысқандары үшін де
үлкен залал болып табылады. Яғни, жәбірленушінің денсаулығына зиян келу
салдарынан, оның жақын туыстарына да белгілі бір көлемде материалдық немесе
моральдық залал келуі мүмкін. Адамды денсаулығынан айыру салдарынан оның
өмірдегі, қоғамдағы еңбек және басқа да қоғам қызметтеріндегі байланысы
үзіледі, оның еңбекке, қоғам қызметтеріне белсенді түрде қатысуына көбінесе
мүмкіндік бере бермейді. Сондықтан да адам денсаулығы - адам өмірінің
негізгі қуанышы, негізгі байлығы болып табылады.
Енді адам денсаулығына қарсы қылмыстарды топтастырайық. Қазақстан
Республикасының Қылмыстық кодексінде адам денсаулығына қарсы қылмысқа
қандай қылмыстар жататыны нақты көрсетілген.
Сонымен адам денсаулығына қарсы қылмыстарға мыналар жатады:
-денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтіру ҚР ҚК 103-бабы
-денсаулыққа қасақана орташа ауырлықта зиян келтіру (110-бап);
-денсаулыққа абайсызда зиян келтіру (111-бап);
-қорқыту (112-бап);
-ауыстырып салу не өзгедей пайдалану үшін адамның органдарын немесе
тінін алуға мәжбүр ету (113-бап);
-медицина қызметкерінің кәсіптік міндеттерін тиісінше орындамауы (114-
бап);
-соз ауруларын жұқтыру (115-бап);
-адамның иммун тапшылығы вирусын жұқтыруы (116-бап);
-заңсыз аборт жасау (117—баптың 4-тармағы);
-науқасқа көмек көрсетпеу (118-бап);
-қауіпті жағдайда қалдыру (119-бап).
Денсаулыққа келген зиянның түрлері мен ауырлығын бағалаудың сот-
медициналық критерийлерін бір ізге салу үшін Қазақстан Республикасы Білім,
мәдениет және денсаулық сақтау министрлігінің Денсаулық сақтау Комитеті
1998 жылғы 4 мамырда бекіткен Денсаулыққа келген зиянның ауырлығын сот-
медицина тұрғысынан бағалаудың ережесі маңызды рөл атқарады.
Бұл ережеге сәйкес денсаулыққа келген зиян үш дәрежеге –ауыр, орташа
ауырлықтағы және жеңіл болып бөлінеді.
Денсаулыққа келген зиянның бұл үш түрін ажыратудағы негізгі критерий-
өмірге қауіптіліктің, зиянның зардабының бар-жоғында. Жалпы және кәсіби
еңбек қабілетін қаншалықты және қанша уақытқа жоғалтудың да маңызы бар.
Бетті адам көргісіздей бүлдіргенде денсаулыққа ауыр зиян келгендігін
анықтау үшін эстетикалық критерийлер қолданылады.
Жеке басқа қарсы қылмыстардың келесі түрі, өмір мен денсаулыққа қауіп
төндіретін қылмыстар, жоғарыда аталған адам денсаулығына қарсы қылмыстарға
жатады. Өмір мен денсаулыққа қауіп төндіретін қылмыстарға денсаулыққа зиян
келтірудің әртүрлі тәсілдері жатады, олар үшін жауаптылық Қылмыстық
кодекстің 112, 113, 117-119 баптарында көзделген.
1.2 Денсаулыққа қарсы қылмыстардың даму тарихы
Әлемдік тәжірибиенің арғы-бергі тарихына көз жүгіртіп, ой таразыласақ
жамандық пен жақсылық, зұлымдық пен адалдық арасындағы бітіспес күрес
тіршіліктің тамырымен бірге бүлкілдей соғып, ғасырдан-ғасырға жалғасып
келеді екен. Бәлкім тіршілікке дем беріп, уақыт шіркінді тынымсыз
қозғалысқа түсіретін де осы қарама-қайшылықтар шығар. Бір – біріне кереғар
қарым – қатынастар мен күштерден туындап жататын осы тәріздес түрлі
келіспеушіліктер мен жанжалдар қай мемлекетте де болсын заңдармен
реттелініп, бұзылған тәртіппен құқық мүмкіндігінше қалпына келтіріліп
отырады. Алайда, таразы басын тең тартып, шиеленіскен дау-дамайды алысқа
ұзатпай, екі жаққа да ортақ төрелік жасаудың кей-кейде ырыққа көнбей
кететін де сәттері болады. Әрқайсысынының арғы жағында бір-бір адам тағдыры
тұратын дау-дамайдың ақ-қарасын ажыратып берудің күрделілігі де нақ осында.
Біздің еліміздің Ата заңында да Адамның қадір-қасиетіне қол сұғылмайды.
Ешкімді азаптауға, оған зорлық-зомбылық жасауға, басқалай қатігездік немесе
адамдардың қадір-қасиетін қорлайтындай жәбір көрсетуге, не жазалауға
болмайды - деп атап көрсетілуінің өзі қоғамымыздың басты қазынасы
адамдардың Конституциялық құқықтарының қорғалуына қанша-лықты дәрежеде мән
берілгендігін аңғартса керек. Алайда, Ата заңымыздағы осы бір қасиетті
қағиданың өкінішке орай барлық уақытта сақталына бермейтіндігін өмір
тәжірибесінің өзі оны көрсетуде.
Қоғам әрқашан тәртіпке негізделіп, арқа сүйеп қалыптасып, тіршілік
етеді. Қоғамда тәртіп болмаса, ол құлдырайды, яғни, келешегі болмайды. Мұны
адамдар ежелден-ақ жақсы түсінген. Сондықтан да қоғамда тәртіп орнатудың
жолдарын қарастырған. Дегенмен, керісінше қоғамдық тәртіпті бұзуға бейім
азаматтар да аз болмаған.
Осыдан келіп- құқық бұзушылық орын ала бастады. Құқық бұзушылық
-қоғам өміріне тән дерт. Адам баласы өмір сүрген ортада ол да әрқашан орын
алады.
Осы арада жалпы қылмыс ұғымына тоқталып өтейік. Қазақстан Республи-
касының Қылмыстық кодексінде: Жазалау қатерімен тыйым салынған айыпты
қоғамдық қауіпті әрекет (әрекет немесе әрекетсіздік) қылмыс- деп танылады
делінген.
Жұртқа мәлім, қылмыстық заңда қаралған кез-келген қылмыс қоғамдық
қауіпті болып табылады, яғни тұтас алғанда қоғамға да және оның мүшелеріне
де қауіп төндіреді. Ал күш қолданып жасалған қылмыс жеке адам үшін айрықша
қауіпті.
Күш қолданып қылмыс жасау ұғымының аясы кең. Сондықтан сіздердің
назарларыңызды барынша қауіпті күш қолданып қылмыс жасауға аударғым келеді.
Осындай қылмысқа тек адамға бағытталған қылмыстық әрекет жатады.
Адамның өміріне және денсаулығына қарсы күш қолданып жасалған ауыр
қылмыстар мен маскүнемдік арасындағы өзара байланыс әрдайым терең зерттеліп
келеді. Істің шын мәнінде маскүнемдік жағдайында жасалған қасақана адам
өлтіру мен денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтіру жөніндегі қылмыстар
барлық тіркелген және ашылған қылмыстардың жартысынан астамын құрайды.
Алайда, өткен жылдары күш қолданып жасалған ауыр қылмыстар негізінен
маскүнемдік жағдайда немесе ішімдік сатып алуға қаржы табу үшін жасалса, ал
соңғы кездері әдейі әзірленген қылмыстар көбейе бастады. Бұл алдымен
ұйымдасқан қылмыстың бел алуына байланысты болып отыр. Оның құрамына оған
бейімделген қылмыс жасауды өмір сүру жолы ретінде таңдаған адамдар енген,
яғни олар ақы алып ауыр қылмыстар жасайды, адам өлтіруді кәсіп етеді және
т.б.
Жеке адамға қарсы бағытталған ауыр қылмыс адам өлтіру болып табылады.
Алайда, адам өлтіргендер саны, қылмыстың ашылмай қалуы және
оны жасаған адамның жазаланбауы жылдан-жылға ұлғая түсуде. Негізінен өзара
жақын-жуық айналымдағы адамдар арасындағы тұрмыстық қылмыстар (туысқандар,
отбасы-мүшелері, көршілер және т.б) ашылуда.
Жеке адамға қарсы қылмыстардың ішінде күштеп жыныстық қатынас жасауда
аз кездеспейді, әсіресе зорлау және басқа да нәпсіқұмарлық сипаттағы күштеп
әрекет ету қылмыстары қоғамға мейлінше қауіпті болып отыр.
Қылмыс жасау себептері төңірегінде ежелден осы күнге дейін сан түрлі
пікірлер айтылуда. Айтылған ойларды тұжырымдасақ адамдардың құқықтық
нормаларды бұзуына, ең алдымен әлеуметтік және биологиялық жағдайлар әсер
ететінін байқаймыз.
Әлеуметтік жағдайлар - отбасы, мектеп, қызмет істейтін ұжым, жалпы
қоғам өмірінің әсері. Бірақ бұлар әр адамға әртүрлі ықпал-етеді, тұрмысы
ауыр, қиын жағдайда тәрбиеленіп, өмір сүретіңдер де, сонымен бірге
уайымсыз, тоқтықта өскендер де заңды бұзуы мүмкін. Бұл жағдайды бабаларымыз
ежелден-ақ байқаған. Жаманнан жақсы туар, бір ауыз сөзге алғысыз,-деген
мақал осының айғағы болса керек.
Биологиялық жағдайлар. Бір отбасында дүниеге келіп, тәрбиеленіп,
өскен балалардың ой-өрісінің сапасы әртүрлі болатыны белгілі. Біреуі
мейірімді, салмақты, жігерлі болса, екіншісі қатыгез, жеңілтек, жігерсіз
болуы мүмкін. Әрине балалардың жаратылысынан әртүрлі болуы, бұзақылық,
адамның тегіне байланысты деген сөз емес. Бұзықтық тұқым қуаламайды, бірақ,
адамның жаратылысына тән жаман мінездерді өсіп - өнетін кезеңге тап болса,
адам әдепсіздік заң бұзушылық қылықтан тайынбайды.
Жеке адамның әлеуметтік мәртебелерінің бір-біріне сәйкес келмеуі оны
қоғамдық тәртіпті бұзуға итермелейді. Яғни саяси экономикалық үстемділікке
әлеуметтік саладағы жағдай сәйкес келмеуі, жеке адамдардың білім
мәртебесіне экономика, мәдениет саласында тиісті орынды қамтамасыз етпеген
жағдайда, олар заңсыз әрекеттерге барады. Кейбір саяси қызметкер өзінің
жағдайын мемлекеттегі рөлімен теңестіру үшін, билікті теріс мақсатта
пайдаланады. Ең арысы жалданбалы жұмысшы да, сатқын жұмыс күшінің ақысы
оның қоғамдық қажеттілігін өтемесе, қолайсыз мүмкіндіктерді пайдалануға бет
бұрады.
Қоғамға қауіпті, қылмыстық заңға қайшы істелген іс-әрекетті нақты бір
қылмыс құрамына жатқызу және осы әрекетке ҚК-тің Ерекше бөліміндегі тиісті
баптар бойынша құқықтық баға беруді қылмыстық құқық теориясы қылмысты
саралау деп атайды. Қылмысты дұрыс саралау құқық қолдану органы
қызметкерінің қызметтік борышы, негізгі міндеті. Дұрыс саралау-заңдылық
қағидасын бұлжытпай жүзеге асырудың шарты болып табылады. Сонымен қатар,
қылмысты дұрыс саралау – жеке адамдардың Қазақстан Республикасы
Конституциясында, басқа да заңдарда көрсетілген құқықтарын қорғаудың кепілі
болып табылады. Қылмысты дұрыс саралаудың маңызы ерекше. Бұл мәселеге
Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының Пленумдарының көптеген қаулылары
арналған.

2.1Денсаулыққа қарсы қылмыстардың объектісі мен объективтік жағы
Жасалатын кез-келген қылмыс тікелей немесе жанама қоғамдық қатынастарға
қол сұғады. Сондықтан, ол бүкіл қоғам үшін қауіпті боп келеді. Қылмыстық
құқық саласындағы көпшілік ғалымдар мен криминалистер таныған жалпы ережеге
сәйкес қылмыстың жалпы объектісі болып, соның ішінде Қазақстан
Республикасының қылмыстық кодексінің 103-бабымен көзделген денсаулыққа
қасақана ауыр зиян келтірудің де, қылмыстық заңмен қорғалатын қоғамдық
қатынастар табылады.[1]
Қоғамдық қатынастар-бұл кез-келген қоғамдағы адамдар арасындағы
қатынастар, ал адам осы қатынастардың иегері болып табылады. Сондықтан,
қылмыскер адамның жеке басына, оның өміріне, денсаулығына, ар-намысы мен
қадір қасиетіне және т.б. игіліктеріне қол сұға отырып, сонымен бір уақытта
қоғамдық қатынастарға да қол сұғады.
Денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтіру жеке тұлғаға қарсы, оның ішінде
денсаулыққа қарсы қылмыс болып табылады. Ал, денсаулыққа қарсы қылмыстар
дегеніміз - адам денсаулығының қауіпсіздігіне тікелей қол сұғатын және
қылмыстық заңмен көзделген қоғамға қауіпті әрекеттер. Бұдан денсаулыққа
қарсы қылмыстардың, соның ішінде ҚР ҚК 103-бабымен көзделген денсаулыққа
қасақана ауыр зиян келтірудің тектік (топтық) объектісі болып адамның өмірі
мен денсаулығының қауіпсіздігін қамтамасыз ететін қоғамдық қатынастар
табылады.
Қылмыстың жалпы объектісінен оның тікелей объектісін ажырата білген жөн.
Көп жағдайда қылмыстық заңда кез-келген қылмыс құрамының белгілерін
сипаттау кезінде объект ретінде қоғамдық қатынастар көрсетілмей, олардың
материалдық көрінісі немесе кез-келген қылмыс құрамының тікелей объектісі
болып табылатын қоғамдық қатынастарға қатысушыларының нақты игіліктері
көрсетіледі. Қылмыстың тікелей объектісі нақты қылмыс құрамын ұғыну,
түсіну, бұзылған қоғамдық қатынастардың мәнін ашу қылмыстық әрекеттің
қоғамдық қауіптілік дәрежесін ұғыну үшін маңызды және осы қылмыс құрамын
оған ұқсас қылмыстардан ажыратуға мүмкіндік береді.
Денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтіруде қылмыс тікелей басқа адамның
денсаулығына зиян келтіруге бағытталады. Сондықтан, адамның денсаулығы ҚР
ҚК 103-бабында көзделген денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтірудің тікелей
объектісі болып табылады. Бұл көзқарас қылмыстық құқық ғылымында
көпшілікпен танылған болып келеді. Қылмыстың тікелей және жалпы объектісі
арасында ажырамас өзара байланыс бар. Денсаулыққа қасақана ауыр зиян
келтіру кезінде адам денсаулығына қол сұға отырып, қылмыскер белгілі бір
қоғамдық қатынастарға қол сұғады. Өйткені осының нәтижесінде адам дұрыс
өмір сүре алмайды, дені сау бола алмайды, тиісінше еңбек қабілеттігінен
толық немесе ішінара айырылады. Медициналық тұрғыдан денсаулық деп - адам
организімі органдарының немесе тіндерінің дұрыс қызмет етуін түсінген жөн.
Қанау, дене жарақатын келтіретін соққылар, тырнақ іздері және т.б. кез-
келген түйіршіктің немесе органдардың дұрыс қызмет етуін бұзады және адам
денсаулығына белгілі бір дәрежеде зиян келтіреді. Сондықтан, адам тіндері
мен органдарының дұрыс қызмет етуін бұзуға бағытталған барлық іс-
әрекеттердің тікелей объектісі болып адам табылады.
А.С. Никифировтың көзқарасы бойынша адам денсаулығы деп-адам
организімінің тұтас алғандағы қалыпты жәй-күйін түсінген жөн дейді.[2]
Бірақ адам денсаулығы деген бұл түсінік тар мағыналы болып келеді. Адам
организімінің кез-келген түйіршігі белгілі қызметтерді атқарады, сондықтан
түйіршіктердің дұрыс қызмет етуін бұзу адам денсаулығына зиян келтіреді
және адам организмінің тұтас алғандағы қалыпты жай күйінің бұзылуына
соқтырады.
А.А. Жижиленко мен В.В. Ореховтың көзқарастары бойынша денсаулыққа ауыр
зиян келтірудің объектісі болып адам денсаулығы емес, оның дене қол
сұғылмаушылығы табылады екен.[3] Бұл көзқарасты П.А. Дубовец былай
терістейді: Іс жүзінде адамның дене қол сұғылмаушылығы денсаулыққа
ешқандай зиян келтірмей-ақ та бұзылуы мүмкін. Мысалы, қорлау іс-әрекеттері
кезінде. Кейбір жағдайларда дене қол сұғылмаушылығының бұзылу фактісінде,
тіпті, қылмыс құрамы да болмайды. Мысалы, жеке тұлғаның өзге игіліктеріне
қол сұғу белгілерінсіз бір адамның басқа адамның денесіне оның еркіне қарсы
қол тигізуі. Сонымен бірге, дене жарақаты дене қол сұғылмаушылығын бұзбай-
ақ келтірілуі мүмкін. Мысалы, қорқудың нәтижесіндегі психикалық ауру.[4]
Сонымен, қылмыстық заң қылмыстық қол сұғушылықтан дене қол сұғушылығын
қорғамайды, керісінше тұлғаның өмір, денсаулық, ар-намыс, қадір-қасиет және
т.б. сияқты белгілі бір игіліктерін ғана қорғайды.
Қылмыстық заң адамның денсаулығын оның туған сәтінен бастап өлген сәтіне
дейін, яғни оның бүкіл өмір бойы денсаулығын қорғайды. Адам өмірі
нәрестенің туған сәтінен, яғни анасының денесінен бөлініп шығып, алғаш
тыныс алуы арқылы оның өкпесінің жұмыс істеген уақытынан басталады. Бұл
құбылыс нәрестенің алғашқы айқайынан, дыбыс беруінен басталады. Өлім
клиникалық және биологиялық болып екіге бөлінеді. Тыныс алуы мен қанның
айналысы тоқтағаннан кейін 5-6 минут шамасында клиникалық өлім сатысы
басталады. Адам денесінің салқындауына байланысты бұл кезең 10 немесе одан
да көп минутқа созылады. Өлудің соңғы кезеңі – биологиялық өлім орталық
нерв жүйесі қызметінің істен шығуына байланысты мидың өлуі басталады.
Адамның басқа органдары мен тіндерінің өміршендік белгілері біразға
жалғасқанымен мидың өлуі адам өмірінің соңғы сәті болып табылады. Яғни,
адам өмірінің соңғы сәті биологиялық өлім.
Адам денсаулығына қасақана ауыр зиян келтірілгенге дейін де науқасты
болуы мүмкін, бірақ денсаулыққа ауыр зиян келтіру нәтижесінде оның
денсаулығына қосымша зиян келтіріледі, яғни оның түйіршіктерінің дұрыс
қызмет етуі нашарлайды немесе бұзылады. Бұл жағдайда қылмыскер
жәбірленушінің қол сұғушылыққа дейінгі болған денсаулығына қол сұғады.
Заң қол сұғушылықтан адамның соматикалық және психикалық денсаулығын да
қорғайды.
Денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтірудің объектісі болып тек қана бөтен
адамның денсаулығы бола алады. Қылмыстық заңмен өз денсаулығына ауыр зиян
келтіру қылмыс болып табылмайды, егер оның салдарынан қоғамдық қатынастарға
зиян келтірілмесе бұл жағдайда қоғамдық қауіпті іс-әрекет ҚР ҚК 103-бабымен
емес, қылмыстық заңның өзге баптарымен сараланады. Мысалы, әскери қызметтен
босату үшін заңды негіздер болмаған кезде әскери қызметке шақырудан жалтару
мақсатында өз денсаулығына зиян келтіруде ҚР ҚК 326-бабының 2-бөлігінде
көзделген қылмыс құрамы бар. Бұл жағдайда қылмыстық қол сұғушылық
денсаулыққа емес, өзге объекті – Қазақстан Республикасының қорғаныс
мүдделеріне, Қарулы күштерді тиісті қалыптастыруға бағытталған. Бұнда, өз
денсаулығына зиян келтіру өзге объектіге қол сұғудың тәсілі болып отыр.
ҚР ҚК 103-бабының 3-бөлігігінде көзделген абайсызда жәбірленушінің
өліміне әкеп соққан денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтіру қылмыстық заңмен
қорғалатын екі тікелей объектіге қол сұғып отыр. Біріншісі, негізгі
объектісі - адам денсаулығы болса, ал екіншісі, қосымша объект - адам өмірі
болып отыр. Яғни, ҚР ҚК 103-бабының 1 және 2 бөліктеріне көзделген
денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтірудің тікелей объектісі - адам
денсаулығы болып отыр. Ал, ҚР ҚК 103-бабының 3-бөлігінде көзделген
абайсызда жәбірленушінің өліміне әкеп соққан денсаулыққа қасақана ауыр зиян
келтірудің тікелей объектілері – адам денсаулығы мен өмірі болып отыр.
Денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтірудің объективтік жағы.
Кез-келген қылмыстық істі тергеу кезінде ең алдыменен қылмыстың
объективтік жағы - қылмыс құрамының негізін қалаушы анықталады, ал содан
соң осының негізінде қылмыстың субъективтік жағы және оның
белгілері -себеп, мақсат, ниет, т.б. анықталады.
Қылмыстың объективтік жағы дегеніміз: белгілі жағдайларда
орында және уақытта өтіп жатқан, қылмыстық заңмен қорғалатыкн
объектіге зиян келтіретін нақты қоғамдық қауіпті мінез-құлықтың,
қол сұғушылықтың сыртқы көрінісін сипаттайтын қылмыс құрамының құрамдас
бөлігі. Бұл әдетте, Қазақстан Республикасының Қылмыстық
Кодексінің Ерекше бөлімі бабының диспозициясында көрсетіледі.
Сонымен, Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 103-бабының 1-
бөлігінің дизпозициясына сәйкес аталған бапта көзделген денсаулыққа
қасақана ауыр зиян келтірудің объективтік жағын мыналар құрайды:
а) денсаулыққа зиян келтіру түріндегі қоғамдық қауіпті әрекет;
б) денсаулыққа келтірілген ауыр зиян түріндегі қылмыстық зардап;
в) әрекет пен аталған зардап арасындағы себепті байланыс.
Денсаулыққа қасақана ауыр зиян қоғамдық қауіпті әрекеттің
құқыққа қайшы іс әрекет жолымен де, әрекетсіздік жолымен де келтірілуі
мүмкін. Әрекетсіздік жолымен денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтіру, егер
тұлға өзі жасауға міндетті және жасай алатын белгілі іс-әрекеттерді
жасамаса, сол сияқты соның нәтижесінде басқа түлғаныің денсаулығына зиян
келтірілсе ғана орын алады. Белгілі іс-әрекеттерді жасау міндеті заңнан
(мысалы, ата-аналарының балаларының денсаулығына қамқорлық етуі) немесе
басқа тұлғаның денсаулығына қауіп тудырған тұлғаның оған дейінгі мінез-
құлқынан, не өзге де негіздерден туындауы мүмкін. Сот-тергеу тәжіребесіне
сүйенсек әрекетсіздік шен денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтіру көп
кездеспейді.
Қылмыстық-құқықтық мағынада іс-әрекет деп адамның саналы және ерікті
мінез құлқы түсініледі. Сондықтан егер, денсаулыққа ауыр зиян есі дұрыс
емес адаммен келтірілсе, онда қылмыс орын алмайды, өйткені бұндай тұлға
өзінің мінез-қүлқының қоғамдық қауіптілігін үғынбауына және оларды
басқара алмауына байланысты қылмыстық-құқықтық мағынада әрекет етпейді.
Қылмыстық-құқықтық мағынада есі дұрыс тұлға да әрекет етпейді, егер ол
белгілі іс-әрекеттерді өз еркіне қарсы бой бермейтін физиологиялық күштің
әсерінен жасаса. Мысалы, біреудің екінші адамды итеріп қалуынан, екінші
адамның үшінші адамға соғылуынан, үшінші адамның жерге құлап, қолын
шығарып алуы немесе сындыруы.
Сонымен бірге, денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтіру кез-келген
жағдайларда құқыққа қайшы болуы керек. Басқа тұлғаның денсаулығына
әрекеттің құқыққа қайшылығын жоятын жағдайларда қасақана ауыр зиян
келтіруде денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтірудің құрамы түгіл қылмыстың
жалпы құрамы да болмайды. Құқыққа қайшылық пен қылмыс құрамы денсаулыққа
қасақана ауыр зиян қажетті арнайы нұсқаулардың жоқтығына карамастан,
сонда да тек қана заң болып табылады.
Заң дәрігерлік қызметпен айналысуға рұқсат береді. Өйткені ол адам
денсаулығын сақтап калуға, қалпына келтіруге немесе жақсартуға, адам өмірін
құтқаруға бағытталған, бірақ денсаулыққа зиян келтіруге емес. Дәрігердің
жоғарыда аталған жағдайдағы қызметі қоғамдық пайдалы болып табылады,
өйткені хирургиялық араласу жолымен адам денсаулығына ірі зиян
келтірілуінің немесе тіпті өлімнің алды алынады. Бұл жағдайдағы денсаулыққа
ауыр зиян келтіру денсаулыққа одан да ауқымды зиянның келтірілуінің немесе
өлімге әкелудің алдын алу үшін қажетті болып табылады. Сондықтан, бұндай
сипаттағы денсаулыққа ауыр зиян келтіре отырып, дәрігер оған қызметтік
борышымен жүктелген қызметтік міндеттерін тікелей атқарып отырады.
Бірақ кейбір жағдайларда науқастың денсаулығына келтірген ауыр зияны
үшін дәрігердің қылмыстық жауаптылығы орын алады. Бұл жерде қылмыстық
жауаптылық егер, дәрігер өзінің кәсіби міндеттерін бұзса және соның
нәтижесінде науқастың денсаулығына ауыр зиян келтірілсе, оны келтіру
қажеттіліктен туындамаса ғана орын алады. Бірақ бұл жағдайларда дәрігер
қылмыстық жауаптылыққа егер, ол лауазымды тұлға болса, қызметтік қылмыс
үшін тартылады, ал дәрігер жеке тәжірбиемен айналысып жүрген тұлға болса,
қылмыстық жауаптылыққа ҚР ҚК 103-бабымен тартылады.
Денсаулыққа ауыр ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz