Есі дұрыс тұлғаның психикасының бұзылу жағдайы



Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 27 бет
Таңдаулыға:   
ЖОСПАР

Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..3

I Есі дұрыс, психикасы бұзылған тұлғаның қылмыс жасау ұғымы
1.1 Қылмыс субъектісінің белгілерінің бірі –есі
дұрыстық ... ... ... ... ... ... ... ... .5
1.2 Есi дұрыс, психикасы бұзылған тұлғаның қылмыс
жасауы ... ... ... ... ... ... 10
1.3 Есі дұрыс еместік және оның
белгілері ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ...11

II Есі дұрыс, психикасы бұзылған тұлғаның қылмыстық жауапқа тартылуы
2.1 Есі дұрыс тұлғаның психикасының бұзылу
жағдайы ... ... ... ... ... ... ... ... ..15
2.2 Есі дұрыс, психикасы бұзылған тұлғаның қылымыстық жауаптылығы ... 17
2.3 Есiнiң дұрыстығы жоққа шығарылмайтын психиканың бұзылған тұлғаға
медициналық сипаттағы мәжбүрлеу шарасын
тағайындау ... ... ... ... ... ... . ... ..20

III Есі дұрыс, психикасы бұзылған тұлғаға жаза тағайындау
3.1 Медициналық сипаттағы мәжбүрлеу шараларын қолданғаннан кейін жаза
тағайындау ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 25

Қорытынды
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... .29
Қолданылған әдебиеттер тізімі
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ..31

Кіріспе

Өз əрекетiнiң немесе əрекетсiздiгiнiң сипаты мен зардабын ұғыну
қабiлетi арқылы есi дұрыс адам есi дұрыс емес адамнан ажыратылады.
Сондықтан есi дұрыстық - қылмыс субъектiсiнiң мiндеттi, ажырамас заңдық
белгiсi.
Аталып өткендей, есi дұрыстық дегенiмiз - қоғамға қауiптi iс-əрекет
жасаған кезде өз əрекетiнiң немесе əрекетсiздiгiнiң iс жүзiндегi сипатын,
қоғамға қауiптiлiгiн ұғына алатын, оны басқара алатын қабiлет. Есi дұрыстық
ұғымы кiнə түсiнiгiмен тығыз байланысты, себебi тек есi дұрыс адам ғана
кiнəлi деп танылады.
ҚР Қылмыстық Кодексiне алғаш рет есiнiң дұрыстығын жоққа шығармайтын
психикасы бұзылған адамның қылмыстық жауаптылығы туралы бап енгiзiлдi. ҚК-ң
17-бабының 1-бөлiгiне сəйкес қылмыс жасаған кезiнде психикасының бұзылуы
салдарынан өзiнiң iс-əрекетiнiң iс жүзiндегi сипаты мен қоғамға
қауiптiлiгiн толық көлемiнде ұғына алмаған не оған ие бола алмаған есi
дұрыс адам қылмыстық жауапқа тартылуға тиiс. Мұнда есi дұрыстықтың бiр түрi
- шектеулi есi дұрыстық жөнiнде сөз болып отыр.
Шектеулi есi дұрыстық кезiндегi психиканың бұзылуы дегенiмiз қылмыс
жасаған адамның өз iс-əрекетiнiң iс жүзiндегi сипаты мен қоғамға
қауiптiлiгiн ұғыну немесе есiнiң дұрыстығын жоққа шығармайтын осындай
психикалық аурудан iс-əрекетiне ие болу қабiлетiнiң елеулi азаюы.
Курстық жұмыстың мақсаты – есі дұрыс, психикасы бұзылған тұлғаның
қылмыс жасауы және оның қылмыстық жауапкершілікке тартылу тәртібін талдап,
зерттеу.
Курстық жұмыстың міндеттері:
- Есі дұрыс, психикасы бұзылған тұлғаның қылмыс жасау ұғымын;
- Қылмыс субъектісінің белгілерінің бірі –есі дұрыстық;
- Есi дұрыс, психикасы бұзылған тұлғаның қылмыс жасауын;
- Есі дұрыс еместік және оның белгілерін;
- Есі дұрыс тұлғаның психикасының бұзылу жағдайын;
- Есі дұрыс психикасы бұзылған тұлғаның қылымыстық жауаптылығын талдау,
анықтау.
Курстық жұмыстың құрылымы - кіріспеден 3 бөлімнен, қорытындыдан,
қолданылған әдебиеттер тізімнен тұрады.
Коғамға қауіпті іс-әрекеттерді жасағаннан кейін есі ауыскан аурумен
ауырған адамдарға да жаза тағайындау тиімсіз болады. Өйткені мұндай адамдар
өзіне-өзі есеп беру немесе өз әрекетін баскару мүмкіндігінен айыратын есі
ауыскан аурумен ауыруына байланысты айналада болып жатқан кұбылысты
қабылдай алмайды, сондықтан да оған тағайындалған жаза өз максатына
жетпенді. Егер мұндай адамдар дертінен айықса, оларды кылмыстық жауапқа
тартудын ескіру мерзімі өтпесе және қылмыстық жауаптылықтан және жазадан
босататын басқа да негіздер болмаса сот оларға жаза тағайындауы мүмкін.

I Есі дұрыс, психикасы бұзылған тұлғаның қылмыс жасау ұғымы
1.1 Қылмыс субъектісінің белгілерінің бірі –есі дұрыстық

Қылмыстың субъектісі болып қоғамға қауіпті іс-әрекет жасаған және заңға
сәйкес сол үшін қылмыстық жауаптылықты көтеруге қабілетті адам танылады.
Қылмыстық кодекстің 4, 6, 7-баптарының талаптарына сай Қазақстан
Республикасының Қылмыстық кодексінің күші Қазақстан Республикасының
азаматтарына, Қазақстан Республикасынын аумағындағы азаматтығы жоқ
адамдарға, сондай-ақ шетелдіктерге қолданылады. Бұдан туатын қорытынды,
қоғамға қауіпті іс-әрекет үшін қылмыстық жауаптылыққа тек қана тірі адам —
азамат тартылады.
Жаңа Қылмыстық кодекстің 14-бабыңда (1-бөлігі) есі дұрыс, осы Кодексте
белгіленген жасқа толған жеке адам ғана қылмыстық жауапқа тартылуға тиіс
деп тура айтылған. Осыған орай, яғни қылмыс субъектісі болып тек қана жеке
тұлға — адам саналады. Бұл субъектінің бірінші белгісі болып табылады.
Қылмыстық заң қылмыстық жауаптылыққа өзінің істеген іс-әрекетіне есеп
бере алатын және өзін-өзі басқаруға қабілеті бар адамды, яғни есі дұрыс
адамды ғана тарта алады. Адам қоғамға қауіпті іс-әрекет істеген кезде
өзінің іс-әрекетіне есеп бере алмаса, яғни қылмысты есі дұрыс емес күйде
істесе, онда ол адамның іс-әрекетінде кінәнің екі нысаны: қасақаналық пен
абайсыздық жоқ деп есептеледі. Қоғамға қауіпті іс-әрекетін ұғынып, оның
мағынасына жетіп, ақылмен, естілікпен істеген есі дұрыс адам ғана қылмыс
үшін кінәлі деп танылады.
Керісінше, қоғамға қауіпті іс-әрекет істеген кезде есі дұрыс емес
күйде, өзінің іс-әрекеті женінде өзіне есеп бере алмайтын, өз әрекетін
басқара алмайтын адам қылмыс субъектісі бола алмайды. Яғни, қылмыстың
субъектісі болып кез келген адам ғана емес, тек есі дұрыс адам танылады.
Бұл қылмыс субъектісінің екінші белгісі болып табылады.
Өзінің іс-әрекетін сезу, және оны басқара алу дені сау адамға туған
кезден бастап қалыптасады, пайда болады. Адам белгілі бір жасқа толған
кезде қалыптасқан өмірлік тәжірибесі арқылы өзін қоршаған ортадағы
құбылысқа дұрыс баға беру, сол ортаға өзінің іс-әрекетінің пайда не зиян
келтіретінін ұғыну, нақты жағдайларға байланысты іс-қимыл жасап құқық,
мораль нормалары арқылы тыйым салынғандарды істеу-істемеу немесе ондай
қимылдан бас тарту мәселелерін шешуге толық қабілетті болады. Психолог,
психиатр, педиатр, педагог және заңгер мамандардың тұжырымына сәйкес мұнда
жас мөлшері 16 жасқа толған уақыт деп белгіленген. Осы жасқа толған
жасөспірімдер өздерінің қылмыстық заңға қайшы кез келген іс-әрекеті үшін
қылмыстық жауаптылыққа тартылады. Қылмыстық кодекстің 15-бабында
көрсетілген кейбір қылмыстарды істегені үшін мұндай жауаптылық одан ертерек
жаста — 14 жасқа толған уақыттан басталады. Яғни, қылмыстық заңда
көрсетілген белгілі бір жасқа толу қылмыс субъектісінің қажетті белгісінің
бірі болып табылады. Сонымен қылмыстың субъектісі болып қылмыстық занда
көрсетілген жасқа толған, есі дұрыс жеке адам саналады. Қылмыстың
субъектісі жалпы және арнаулы болып екі түрге бөлінеді. Есі дұрыстық, занда
белгіленген жасқа толу және жеке адам болу сияқты белгілер барлық
қылмыстарға тән, ортақ белгілер. Бұл белгілер жалпы субъектінің түсінігін
береді.
Жалпы субъектінің осы белгілермен қатар жекелеген кылмыстың құрамының
ерекшелігіне қарай қосымша, арнаулы белгілерді қажет ететін адам қылмыстың
арнаулы субъектісі болып табылады. Мысалы, мемлекеттік қызметмүддесіне
қарсы қылмыстың барлығы дерлік арнаулы мемлекетгік қызметшілер арқылы
істеледі. Бұл жерде мемлекеттік қызметші арнаулы субъект болып табылады,
әскери қылмыстарды тек әскери қызметшілер істейді, сондықтан әскери
қызметшілер де қылмыстың арнаулы субъектісі болып табылады.

Қылмыстың субъектiсi - қылмыс құрамының мiндеттi элементтерiнiң бiрi.
Есi дұрыс, қылмыстық заңда белгiленген жасқа толған қылмыс жасаған адамдар
ғана қылмыс субъектiсi бола алады.
ҚК-ң Жалпы бөлiмiнде қылмыс субъектiсiнiң белгiлерiн анықтайтын бiрнеше
нормалар қарастырылған. ҚК-ң 14-бабының 1-бөлiгiне сəйкес ″есi дұрыс,
қылмыстық кодексте белгiленген жасқа толған жеке Адам ғана қылмыстық
жауаптылыққа тартылуға тиiс″.
Заң шығарушы қылмыс субъектiсiнiң белгiлерiн көрсете отырып, қылмыс
субъектiсi ретiнде кез келген қылмыс жасаған адам емес, тек қылмыстық
жауаптылыққа қабiлеттi, белгiлi бiр қасиеттермен нышандарды иемденетiн
адамды ғана таниды. Сонда субъектiнiң барлық қасиеттерiнiң iшiнде
заңшығарушы адамның мемлекетпен қылмыстық құқықтық қатынасқа түсуге жəне
қылмыстық жауаптылықты өтеуге қабiлеттi екендiгiн куəландыратын қасиеттерiн
ғана бөлiп көрсетедi.
ҚК 14-бабы қылмыс субъектiсiн сипаттайтын негiзгi үш бөлiгiн
қарастырады:
1) жеке адам,
2) есi дұрыстық;
3) қылмыстық жауаптылық жасына толу.
Осы үш белгiнiң мiндеттi жиынтығы қылмыс субъектiсiн құрайды, олардың
кемiнде бiреуi болмаса қылмыстың субъектiсi жоқ, тиiсiнше қылмыс құрамы да
жоқ деген сөз.
Қылмыстық заңда ″жеке адамды″ қылмыс субъектiсiнiң белгiсi ретiнде
көрсету заңшығарушының қылмыстық жауаптылық пен жазаны жеке даралау
қағидасын ұстанатындығын бiлдiредi. Сондықтан ҚР қылмыстық құқығы бойынша
қылмыстық жауаптылық əрқашанда қатаң түрде жеке сипатты иемденедi, яғни
жауаптылыққа тек қылмыс жасаған немесе қылмыс жасауға қатысқан жеке адам
ғана тартылады.
Жеке адамдар дегенiмiз - ҚР азаматтары, шетел азаматтары жəне
азаматтығы жоқ адамдар.
Қылмыс субъектiсi ретiнде тек жеке адамдарды тану – заңды тұлғалар,
яғни мекемелер, кəсiпорындар, ұйымдар, қоғамдық бiрлестiктер қылмыс
субъектiсi бола алмайды деген мағынаны бiлдiредi, яғни ұжымдық жауаптылық
қағидасы бойынша қылмыстық жауаптылыққа жол берiлмейдi.
Сонымен, қылмыс субъектiсi болып қылмыс жасау кезiнде өз əрекеттерiн
ұғына алатын, оған басшылық жасауға мүмкiндiгi бар жəне оның зардаптарының
мағынасы мен маңызын түсiнуге қабiлеттi жеке Адам танылады. Сондықтан,
адамның өз iс-əрекеттерiне есеп беру жəне оны басқару қабiлеттерiнiң
қылмыстық құқықтық мағынасы бар. Адамда мұндай қасиеттер дiң болуы оның
есiнiң дұрыстығын бiлдiредi.
Есi дұрыстық - қылмыс субъектiсiнiң мiндеттi белгiсi, адамның кiнəсiн
анықтайтын заңдық жəне iс жүзiндегi алғышарты.
Есi дұрыстықпен қатар адамның жасы да нақты қылмыс үшiн адамды қылмыс
субъектiсi деп танудың негiзгi, қажеттi белгiсi болып табылады.
Қолданыстағы қылмыстық заңға сəйкес жалпы қылмыстық жауаптылық туындайтын
жас – 16 жас, ал ҚК 15- бабының 2-бөлiгiнде көрсетiлген қылмыстардың
түпкiлiктi тiзiмi үшiн –14 жас деп белгiленген.
Қылмыс жасаған адамның есiнiң дұрыс болуы жəне қылмыстық заңмен
белгiленген жасқа толуы қылмыс субъектiсiнiң жалпы заңдық белгiлерi болып
табылады жəне олар барлық қылмыс құрамдары үшiн мiндеттi.
Қылмыс субъектiсiн сипаттағанда оның жауаптылығын анықтау жəне оған
жаза тағайындау үшiн қылмыскер жеке басының белгiлерi маңызды роль
атқарады. ″Қылмыс субъектiсi″ жəне ″қылмыскердiң жеке басы″ бiр бiрiне
жақын болғанымен бiрдей емес ұғымдар. Негiзiнен ″қылмыскердiң жеке басы″
криминология ғылымында зерттелсе, ″қылмыс субъектiсi″ қылмыстық құқық
ғылымында зерттеледi. Қылмыскердiң жеке басы қылмыс субъектiсiне қарағанда
кең мағына бередi. Қылмыскердiң жеке басы дегенiмiз - қылмыскердi жалпы
адам ретiнде сипаттайтын барлық əлеуметтiк қасиеттердiң, байланыстардың
жəне қатынастардың жиынтығы. Оған адамның əлеуметтiк байланыстары (саяси,
еңбек, тұрмыстық, отбасындағы жəне т.б.);
оның өнегелiк-саяси қасиеттерi (дүниетанымы, сенiмi, құштарлығы);
оның психологиялық қасиеттерi мен ерекшелiктерi (интеллектi, ерiктiк
қасиеттерi, сезiмдiк ерекшелiктерi, қызбалығы);
оның демографиялық жəне жаратылыс ерекшелiктерi (жынысы, жасы,
денсаулық жағдайы);
оның өмiрбаяны, өмiр тəжiрибесi, бiлiмi, қоғам алдында сiңiрген еңбегi
жəне т.б. қасиеттерi кiредi.
Ал ″қылмыс субъектiсi″ ұғымы осы жоғарыдағы қасиеттердiң iшiнде тек бiр
бөлiгiн, есi дұрыстық жəне қылмыстық жауапқа тартылу жасына толу белгiлерiн
ғана қамтиды.
Қылмыскердiң жеке басының ерекшелiктерi жаза тағайын дағанда, оны жеке
даралағанда, қылмыстық жауаптылық пен жазадан босату жəне т.б. мəселелердi
шешу кезiнде ескерiледi.
1.2 Есi дұрыс, психикасы бұзылған тұлғаның қылмыс жасауы

Қылмыс адамның кез келген iс-қимылы сияқты адамның санасы мен еркi
арқылы анықталады жəне бақыланады. Қылмыс жасау кезiнде адам алдына қойған
мақсатына қол жеткiзу үшiн заңсыз тəсiлдердi саналы түрде пайдаланады. Ол
өз əрекетiнiң қоғамға қауiптi, құқыққа қайшы екендiгiн ұғынады жəне осы
əрекеттiң зардаптарының қағамға зиян келтiретiнiн бiледi. Бұл адамда таңдау
еркi бар деген сөз, яғни əрекеттiң заңдық түрiн таңдауға қабiлеттi жəне
мүмкiндiгi бар бола тұра, ол саналы түрде қылмыстық жолды таңдайды.
Өз əрекетiнiң немесе əрекетсiздiгiнiң сипаты мен зардабын ұғыну
қабiлетi арқылы есi дұрыс адам есi дұрыс емес адамнан ажыратылады.
Сондықтан есi дұрыстық - қылмыс субъектiсiнiң мiндеттi, ажырамас заңдық
белгiсi.
Аталып өткендей, есi дұрыстық дегенiмiз - қоғамға қауiптi iс-əрекет
жасаған кезде өз əрекетiнiң немесе əрекетсiздiгiнiң iс жүзiндегi сипатын,
қоғамға қауiптiлiгiн ұғына алатын, оны басқара алатын қабiлет. Есi дұрыстық
ұғымы кiнə түсiнiгiмен тығыз байланысты, себебi тек есi дұрыс адам ғана
кiнəлi деп танылады.
Адамның қылмыс жасау кездегi психикалық жағдайын сипаттайтын есi
дұрыстық сот-психиатриялық сараптама комиссияның қорытындысымен анықталады.
Алайда, адамды есi дұрыс немесе есi дұрыс емес деп тану туралы шешiмдi
шығару соттың құзыретiнде. Адамды есi дұрыс деп танудың салдары болып
адамға жасаған қылмысы үшiн жауап беру мiндетiн жүктеп, оны жауаптылық пен
жазаға тарту табылады.
Есi дұрыстық туралы сөз қозғағанда, қылмыстық заңда толық жəне
шектелген есi дұрыстық мəселелерi қарастырылғанын да айту қажет. ҚР
Қылмыстық Кодексiне алғаш рет есiнiң дұрыстығын жоққа шығармайтын психикасы
бұзылған адамның қылмыстық жауаптылығы туралы бап енгiзiлдi. ҚК-ң 17-
бабының 1-бөлiгiне сəйкес қылмыс жасаған кезiнде психикасының бұзылуы
салдарынан өзiнiң iс-əрекетiнiң iс жүзiндегi сипаты мен қоғамға
қауiптiлiгiн толық көлемiнде ұғына алмаған не оған ие бола алмаған есi
дұрыс адам қылмыстық жауапқа тартылуға тиiс. Мұнда есi дұрыстықтың бiр түрi
- шектеулi есi дұрыстық жөнiнде сөз болып отыр.
Шектеулi есi дұрыстық кезiндегi психиканың бұзылуы дегенiмiз қылмыс
жасаған адамның өз iс-əрекетiнiң iс жүзiндегi сипаты мен қоғамға
қауiптiлiгiн ұғыну немесе есiнiң дұрыстығын жоққа шығармайтын осындай
психикалық аурудан iс-əрекетiне ие болу қабiлетiнiң елеулi азаюы.
Есiнiң дұрыстығы шектеулi адам психикасының ауытқуынан күйзелiсте
болады, бiрақ бiршама төмен болса да өз iс-əрекетiне есеп беру жəне оны
басқару қабiлетiн сақтайды. Шектеулi есi дұрыстық кезiнде адамның
психикалық жағдайы есi дұрыстық пен есi дұрыс еместiк жағдайларының
аралығында болады.
ҚК 17-бабының 2-бөлiгiне сəйкес есiнiң дұрыстығын жоққа шығармайтын
психиканың бұзылу жағдайын сот жаза тағайындау кезiнде жеңiлдетушi мəн жай
ретiнде ескередi жəне ол Қылмыстық Кодексте көзделген медициналық сипаттағы
мəжбүрлеу шараларын тағайындау үшiн де негiз бола алады.

1.3 Есі дұрыс еместік және оның белгілері

Өз əрекетiнiң маңызын ұғынуға немесе сол қылмыстық заңда көзделген
əрекеттi жасау кезiнде оған басшылық жасауға қабiлетi жоқ адам психикасының
қалыпты еместiгiне байланысты есi дұрыс емес деп танылады, мұндай адамдар
қылмыс субъектiсi бола алмайды. Өйткенi, бұлардың əрекетiнде қылмыстық
жауаптылықтың алғышарты болып табылатын кiнə жоқ.
Есi дұрыс еместiктiң ұғымы мен оның белгiлерi ҚК-ң 16- бабында былай
деп жазылған ″Қылмыстық Кодексте көзделген қоғамға қауiптi əрекеттi жасаған
кезде есi дұрыс емес күйде болған, яғни созылмалы психикалық ауруы,
психикасының уақытша бұзылуы, кемақылдылығы немесе психикасының өзге де
дертке ұшырауы салдарынан өзiнiң iс-əрекетiнiң iс жүзiндегi сипаты мен
қоғамға қауiптiлiгiн ұғына алмаған немесе оған ие бола алмаған адам
қылмыстық жауапқа тартылуға тиiс емес″.
Есi дұрыс еместiктiң ұғымын ашу кезiнде қылмыстық құқық ғылымы екi
критерийлердi пайдаланады:
заңдық немесе психологиялық жəне медициналық немесе биологиялық.
Адамды есi дұрыс емес деп тану үшiн медициналық жəне заңдық
критерийлердiң жиынтығы қажет. Тек олардың бiреуiнiң болуы адамды есi дұрыс
емес деп тануға негiз бола алмайды. Психиканың өзге де дертке ұшырауы –
психиканың бұзылуының жоғарыда көрсетiлген үш түрiне жатпайтын, адам
психикасының бұзылуына əсер ететiн əртүрлi аурулар. Бұған кейбiр жұқпалы
аурулар (iш сүзегi, бөртпе сүзегi, iшкi органдар ауруының жəне зат
алмасудың ауыр түрлерi, мидың жарақаттануы) əсерiнен адамның сандырақ күйге
түсуi кезiндегi адам психикасының уақытша бұзылуы жатады.
Психикалық аурудың, тiптен созылмалы психикалық аурудың болуы қылмыстық
заңда көзделген əрекеттi жасаған адамның есi дұрыс еместiгi туралы мəселенi
шешуге жеткiлiксiз. Психикалық аурудың қарқыны əртүрлi болады, кейде ол
адамды өз iс-əрекетiнiң мазмұнын ұғына алмайтын жəне оған ие бола алмайтын
жағдайға дейiн жеткiзедi. Сондықтан да медициналық критерий заңдық
критериймен толықтырылады.
Заңдық немесе психологиялық критерий екi белгiнi қамтиды:
1) интеллектуалдық
2) ерiктiлiк
Заңдық критерийдiң интеллектуалдық белгiсiн заңшығарушы мына сөздермен
келтiредi: ″Адам... өз iс- əрекетiнiң iс жүзiндегi сипаты мен қоғамға
қауiптiлiгiн ұғына алмаған″.
Есi дұрыс еместiктiң интеллектуалдық белгiсi психикалық аурудың
салдарынан адам санасының бұзылғандығын бiлдiредi. Өз iс-əрекетiнiң iс
жүзiндегi сипатын ұғына алмау өзi жасаған əрекеттiң мəнiн адамның түсiне
алмағандығын, жасаған əрекетi мен туған зардаптың арасындағы себептi
байланысты түсiнбейтiндiгiн көрсетедi.
Заңдық критерийдiң ерiктiлiк белгiсi – адамда өз iс-əрекетiне ие болу
қабiлетiнiң жоқтығын бiлдiредi.
Адамның ерiктiлiк қызметi оның санасымен тығыз байланысты, сана бұзылса
адам өз iс əрекетiнiң мағынасын ұғынбайды, сол кезде ерiктiк қызмет те
бұзылады да адам өз əрекетiне басшылық жасау қабiлетiнен айрылады.
Заңдық критерий болу үшiн осы екi белгiнiң бiреуiнiң болуы жеткiлiктi
болып табылады.
Есі дұрыс еместіктің ұғымын ашып көрсеткенде қылмыстық құқық ғылымы екі
белгіні: медициналық (биологиялық) және зандылық (психологиялық) белгіні
қолданады, Зандылық белгі бойынша сот қоғамға қауіпті іс-әрекетті істеген
адамның өзінің іс-әрекетіне есеп бере алатынын және оны істегенде өзін
басқара алатынын анықтайды.
Қылмыстық құқық есі дұрыс еместіктің түсінігін осы ережелерді
басшылыққа ала отырып, өз ерекшеліктеріне сәйкес түсіндіреді. Медициналық
белгілерге қылмыстық занда төрт түрлі ауру жатқызылған:
1. Созылмалы психикалық ауру. Бұл ауруға жазылмайтын немесе жазылуы өте
қиын, аурулық жағдайы өрістей беретін аурулар жатады. Бұған: шизофрения,
желікпе, депрессиялык есаландык, ми мерезінің салдарынан үдемелі сал
ауруына шалдығу, кәрілікке байланысты дамыған есалаңдық және басқалары.
2. Психикасының уақытша бұзылуы. Бұған жататындар: алкогольдік
есаландық, паталргиялық маскүнемдік, белая горячка т. б. аурулары. Бұл
аурулар тез пайда болады, емделген жағдайда артынан жазылып кетуі де
мүмкін.
3. Кемақылдық. Бұл — адамның ақыл-ой қабілетінің төмендеуінен
туындайтын аурулар. Мұндай аурулар тұрақты туа біткен ауыр нерв ауруының
(делбе, энцефалит, мидың зақымдануы) әсерінен пайда болады. Кемақылдықтың
үш түрі бар. Дебильдік (жеңіл түрі), имбецильдік (орташа түрі), идиотия
(ауыр түрі).
4. Психикасының өзге де дертке ұшырауы. Бұл сырқаттағы күйге жататындар
психикалық аурулардың қатарына жатпайтын, бірақ адам психикасының бұзылуына
әсер ететін әр түрлі аурулар жатады. Бұған әр түрлі жұқпалы аурудың
әсерінен адамның сандырақ күйге түсуі, ауыр жарақаттан пайда болған ми
ісігі немесе нашақорлық аштығынан болған жарақаттар жатады.

II Есі дұрыс, психикасы бұзылған тұлғаның қылмыстық жауапқа тартылуы
2.1 Есі дұрыс тұлғаның психикасының бұзылу жағдайы

Медициналық (биологиялық) белгі бойынша қоғамға қауіпті әрекетті
істеген адамның аурулық жағдайына байланысты болған қабілетсіздігінің
себебі анықталады. Адамның кез келген аурулық жағдайы оны есі дұрыс емес
деп тануға негіз болмайды, сол аурулардың ішіндегі адамға өзінің іс-
әрекетін нақты дұрыс бағалауға бөгет жасайтын аурулар ғана оны есі дұрыс
емес деп тануға негіз болады. Сондықтан медициналық белгі міндетті түрде
зандылық белгімен қабаттасуы қажет. Тек осы екі белгі бірдей болған
жағдайда ғана адам есі дұрыс емес деп танылуы мүмкін. Медициналық белгінің
түсінігі сот-психиатрия ғылымы белгілеген жалпы ережелерге негізделген.
Зандылық (психологиялық) белгі адамның өзінің істеген әрекетіне есеп
бере алмауынан (интеллектуалдық кезеңнен) немесе өзінің әрекетін басқара
алмауынан (еріктілік кезеңнен) тұрады. Интеллектуалдық қезеңнің мазмұнына
адамның өзінің істеген іс-әрекетінің шын мәніндегі жағдайын түсінбейтінін,
оның қоғамға қауіпті мәнін яғни, қоғам, басқалар үшін өз мінез-құлқының
зияндылығын сезбейтінін көрсетеді. Ақыл-ойдың бұзылуы еріктің бұзылуына
себепкер болып, адамның өзінің іс-әрекетін басқара алмайды. Кейде адам
өзінің әрекетінің мәнін түсінгенімен, аурулық жағдайына байланысты өзін
баскара алмайтын кезендер де болады. Мысалы, наркотикалық аштық
жағдайындағы адам, өзіне жедел жәрдем көрсетуші медицина қызметкеріне
шабуыл жасап, одан наркотикалық зәрі бар нәрсені тартып алуда өз мінез-
құлқының қылмыс екенін сезеді. Бірақта наркотикалық тәуелділікке байланысты
еріктілік жағдайының терең бұзылуы салдарынан өзін-өзі ұстауға, басқаруға
қабілеті болмайды. Адамды есі дұрыс емес деп тану үшін сот-психиатриялық
сарапшының қорытындысы қажет. Есі дұрыс емес деп танылғанда медициналық
белгінің нышандарының кем дегенде біреуін және зандылық белгінің
нышандарының интеллектуалдық еріктілік белгілерінің екеуінде немесе аурулық
жағдайдың кейбіреулері үшін тек қана еріктілік белгісін анықтау қажет. Осы
екі белгі қабат болғанда ғана есі дұрыс еместіктің мәселесі шешіледі.
Белгіленген тәртіппен есі дүрыс емес деп танылған адамдар қылмыс субъектісі
болып табылмайды, демек, бұл оның іс-әрекетінде қылмыс құрамының жоқ
екендігін білдіреді. Қылмыстық кодекстің 17-бабының 2-бөлігінде есі дұрыс
күйінде қылмыс істеген, бірақ сот үкім шығарғанға дейін өзінің әрекеті
жөнінде өзіне есеп беру немесе өзінің әрекетін басқару мүмкіндігінен
айрылып қалған, есі ауысу дертімен ауырып қалған адамды жазаға тартпау
туралы айтылған. Есі ауысқан адам сот процесінің мәнін, жазаның мақсаттары
мен мазмұнын дұрыс түсінбейді, мұндайда сот-психиатриялық сараптың
қорытындысына сәйкес, есі ауысуы уақытша деп танылса, іс өндірістен
тоқтатылады да, ондай адамға соттың тағайындауы бойынша медициналық
сипаттағы еріксіз емдеу шаралары қолданылуы мүмкін. Ал уақытша есі ауысу
дертінен айыққаннан кейін жазалануы мүмкін. Қылмыстық кодекстің 18-бабында
мас күйінде істеген қылмыс үшін жауаптылық қарастырылған. Осы бапка сәйкес
қылмысты мас күйінде істеген адам (спирттік ішімдікті, есірткі немесе басқа
да есеңгірететін заттарды пайдаланудың нәтижесінде) қылмыстық жауаптылықтан
босатылмайды. Демек, мұндай адам қоғамға қауіпті іс-әрекеті үшін қылмыстық
жауапқа тартылады. Мастықтың екі түрі бар: физиологиялық және патологиялық
мастық.
Физиологиялық мастыққа күнделікті кездесетін мастық жатады. Мұндай
жағдайда қылмыс істеген адамды есі дұрыс емес адамның қатарына жатқызуға
әсте болмайды.
Патологиялық мастыққа алкоголь ішімдігін, есірткі немесе басқа
есеңгірететін заттарды үнемі пайдаланудың салдарынан дертке ұшырап, соның
әсерінен өзінің іс-әрекеті ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Есі дұрыс, психикасы бұзылғын тұлғаның қылмыс жасауын
Медициналық сипаттағы мәжбүрлеу шаралары
Қылмыстың субъектісі
Қылмыстық құқықтағы медициналық сипаттағы мәжбүрлеу шаралары
Есі дұрыстық қылмыстық жауапкершіліктің шарты ретінде
Медициналық сипаттағы мәжбүрлеу шараларының түрлері
Арнайы субъектінің белгілері
Қылмыс құрамының түрлері
Қылмыс құрамы
ҚЫЛМЫС ҚҰРАМЫНЫҢ ЭЛЕМЕНТЕРІ
Пәндер