Интеллектуалды меншік объектілері


Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 28 бет
Таңдаулыға:   

ЖОСПАР

Кіріспе . . . 3

I. Тарау. Интеллектуалдық меншік ұғымы және меншік қатынастардың реттелуі . . . 4-12

  1. Интеллектуалдық меншік объектілері . . . 4-6Қозғалмайтын мүлікке берілетін құқық . . . 7-9Интеллектуалдық меншіктілік . . . 10-12

II. Тарау. Авторлық мүліктік айрықша құқықтар . . . 13-16

2. 1. Мүліктік емес жеке құқықтар . . . 17-20

2. 2. Авторлық құқықтың құрамы . . . 21-23

III Тарау. Жеке мүліктік құқық объектілері . . . 24-27

Қорытынды . . . 28

Қолданылған әдебиеттер тізімі . . . 29

Жалпылай жинақтық ұғым деп қарауға болады: заңды және жеке тұлғаның интеллектуалды қызметінің арқасындағы нәтижесі, орындауды қажет ететін жеке өнім. Интеллектуалдық меншікті материалдық емес игілік деп қарастыруға болады. Осындай материалдық емес игілік - заңды тұлғалар мен адамдардың интеллектуалды қызметінің нәтижесі. Алайда, интеллектуалды меншік бір жеке меншіктен екінші біреуіне құрылмай тұрып та ауысуы мүмкін. Қалай болғанмен интеллектуалды меншік - жеке құқық, мемлекеттік басқару, мемлекетаралық келісім әдісін, халықаралық құқықты да еңгізуге болады. Интеллектуалды меншік - бұл «меншік», бірақ әлемнің көпшілік жерлерінде жалпы жеке меншік заңдылығынан да тыс қаралады, авторлық құқық, патенттік және басқа да интеллектуалды меншік түрлеріне көп ден қойылады.

Интеллектуалды меншік құқығын қорғау - аймақтық қорғауға жатады, яғни, қорғау тек сол мемелекет аясында ғана жүргізіледі., сұраныс пен талап сол мемлекетте ғана іске асады. әдеби шығармашылық немесе өнертабыс сол мемлекеттің заңымен қорғалады, басқа мемлекет қорғауына енбейді. Ал басқа мемлекеттің қорғауын талап етсе, халықаралық келісім қажет болады. Халықаралық интеллектуалды, мәдени және сауда келісімдерінің кеңейуіне байланысты, XIX ғ. 80 жылдары көп қырлы Париж конвенциясы 1883 ж. «Өндірістік меншікті қорғау» және 1886 ж. Берн конвенциясы, яғни, «Әдеби және көркем шығармаларды қорғау» туралы реформалар жасалды. Кейінірек басқа да аймақтық және екі жақты халықаралық келісімдер болды.

1967 жылы Стокгольм конвенциясы аса маңызды орын алды, Бүкіләлемдік интеллектуалды меншік мекемесі (БИММ) халықаралық қызметте интеллектуалды меншіктің жиынтығы болып саналды. Тағы да бір ерекше жаңалық - 1994 жылы жасалаған Уругвай раундағы Марракештік пакетті атап өтуге болады. Сауда аспектілеріндегі интеллектуалды меншік құқығындағы (САИМҚ) келісімге интеллектуалды меншіктің әртүрлі салаларын еңгізуге болады.

Халықаралық құқықтық тәртіп саласында интеллектуалды меншік құқығын ретке келтіру, басқаша айтсақ, интеллектуалды меншікке халықаралық құқық барлық келісімдердің жиынтығы болып табылады. Бүгінгі таңдағы осындай құқықтық пайда болуы, біріншіден, сауданың күрт өсуі, интеллектуалды құқық меншігінің жалпы тауар құнына әсері, әсіресе жоғары технологиялы фармацевтік және химиялық тауарлар өсіиіне байланысты. Жалпы әлемдік тауар айналымының 15-20% интеллектуалды меншікке, қорғалатын патенттер, сауда маркалары және т. б. сай келеді. Тағы да бір негізгі фактор - халықаралық интеллектуалды меншік құқығын дамыту - жоғары технологиялық өнім шығарушыларды (АҚШ, Германия, Ұлыбритания, Франция және басқа) қысқарту, өйткені ғылыми-техникалықжетістіктер, арзан жұмыс күші арқылы бәсекеге қабілеттілік жойылып, контрафактік (қарсы) өндіріс (Оңтүстік-Шығыс Азия елді-мекендерінде) орын алуда. Жоғарыда айтылып өткендей, интеллектуалды материалдық құқық ұлттық деңгейде қарастырылады. Халықаралық деңгейде материалдық құқық тар аймақта қарастырылады, негізінен ұлттық заңдылық басқа елдердің пайдаланушысына ғана қатысты болады. Авторлық және патенттік құқық отандық ғылым аясында қарастырылып, дәстүрлі халықаралық келісім негізінде шешіледі., ал интеллектуалды меншік иесі-жеке тұлғалар. Халықаралық келісім-шарттар ашық түрде жасалып, ешқандай күмән тудырмайды.

Халықаралық интеллектуалды меншік құқығы қарапайым негізде қарастырылады, себебі, халықаралық келісім-шартқа қатысушылар мемлекетке қарайды. Осындай келісім-шарттардан міндеттер мен құқықтар туындайды, күмәнсіз - халықаралық құқық келісімі, нақтырақ - экономикалық, мүліктік - интеллектуалды меншіктің халықаралық құқығы. Интеллектуалды меншік құқығы мемлекетаралық конвенциялық нормаларда сақталуы керек, сақтауға мемлекет тікелей міндетті. Париж және Берн келісімдерінен сақталып келе жатқан дәстүрдің негізгі блогы бар. Алайда, айырмашылық шартты түрде ғана: патенттік құқық және авторлық құқық.

Бүгінгі таңдағы сауды экономикасында Қазақстан меншік объектілерінде маңызды элементі болып: фирмалық атау, тауар белгісі, қызмет көрсету белгісі және тауар шығару орындарының атауы саналады. әртүрлі типті тауар иеленушілерге бәсекеге қабілетті, өз ісіне жауапкершілікте негіз болатын мүмкіндіктер тудыру, сауда айналымындағы тауарлар мен қызмет көрсету деңгейі интеллектуалды меншік құқығында өзіндік бағалауда негіз болады.

Патенттік құқық өндіріс меншігімен тығыз байланысты, яғни өндірістік өткізімге тікелей сай, онымен қоса қызмет көрсету, сауда қатынасы енеді, бірақ кәсіпкерлердің қаражаты және олардың өнімдерінің сапасын қарастырмайды. Интеллектуалды меншік құқығын қорғауда негізгі функция жеке өндірушілер, олардың тауарлары, жұмысы және қызметі негізге алынады.

Фирмалық атаулар, кәсіпорынның коммерциялық атауымен байланысты болғандықтан іскерлігіне нұқсан келтірмеуі керек. Осы атаумен кәсіпкер мәміле және басқа заңды істер атқарады, заңды түрде жауапкершілікке ие болып, өзінің де құқығы мен міндеттерін іске асырады, өзінің шығарған өнімін жарнамалайды не саудаға салады. Фирмалық атаулар көпке танымалғана болмай, әріптестерінің арасында сый-сияпат әкеліп, кәсіпкерге табыс қана емес, қоғамда мойындау әкеледі. сол себептен фирма тек жеке меншік емес мүліктік игілік болуы керек.

Фирмалық атаулар ақпараттық та рөл атқарады, өйткені үшінші біреулерге кәсіпорын типі мен ұйымдастыру формасы, кімге тән екендігі жайлы дерек береді.

Тауарлық және қызмет көрсету белгілері даярлаушы және тұтынушы арасындағы тілсіз сатушы рөлін атқарады. Көпке танымал тауарлық белгі тұтынушыға тауар сапасы жайында арнайы кепілдік береді. Тауарлық белгі шығарылатын өнімді сауда саласында қорғап, сапасыз бәсекеге қабілетсіздікпен күресте қолданылады. Осылайша интеллектуалды меншік объектілері заңды түрде қорғалады.

Ғылыми, әдеби немесе мәдени шығармалар, сондай-ақ өнертабыс, өндіріске пайдалы үлгілеп сан қырлы шығармашылық қызметті толық қамтымайды. Олармен қоса адамдардың шығармашылық жұмылуы арқасында қоғамға бағалы және мойындау мен құқықтық қорғауды қажет ететін объектілер көптеп табылады. Осындай объектілердің көп болуы оларға баға беру және құқықтық қорғауды көбіне көп мемлекет қарамағында.

Сонымен, интеллектуалды меншік - жинақтық ұғым, мыналарға қатысты қолданылады.

  • Ғылым, техника, әдебиет, өнер және басқа да шығармашылық саласында интеллектуалды қызмет жетістігі;
  • Тауар және қызмет, азаматтық айналымда қатысушылардың дараландыру қаражаты;
  • Сапасыз бәсекеге қабілетсіздіктен сақтау.

Интеллектуалды меншікке нақты анықтама беру қиынға соғады, себебі, интеллектуалды меншік ұғымы техника дамуына, нарықтық қатынас пен заңдылық, оларды жинақтаушы ұғым кең мағыналы.

Заңмен қорғалатын интеллектуалды меншік объектілері.

Интеллектуалды меншік объектілеріне қолданылып отырған заңдарға сай төмендегі интеллектуалды қызметтер енеді:

  • Өнертабыстар, пайдалы модельдер, өндіріс үлгілері ҚР Заңы Патентімен қорғалады;
  • ҚР-ң «Авторлық құқық және аралас құқық» заңымен қорғалатын ғылым, әдебиет пен өнер, сондай-ақ авторлық және аралас құқық объектілері;
  • ЭЕМ және деректер базасына арналған бағдарламалар;
  • Интегралдық шағын сызбалар топологиясы;
  • Іріктелім жетістіктері.

Жоғарыда аталып өткен объектілерге мүліктік құқық авторлық, лицензияланған және басқа келісімдер негізінде беріледі.

Интеллектуалды меншіктің материалдық емес объектілеріне (интеллектуалды қызмет нәтижесінің айрықша құқығы) :

  • Патент иегерінің өндіріс үлгісі, пайдалы модель, өнертабысқа айрықша құқығы;
  • ЭЕМ мен деректер базасына арналған бағдарламаға айрықша авторлық құқығы;
  • Интегралдық шағын сызбалар топологияларына құқықтық иелік немесе автордың мүліктік иелігі;
  • Тауарлық және қызмет көрсету белгілеріне, тауар шығару орындарына айрықша иелік құқығы;
  • Патент иегерінің іріктелім жетістіктеріне айрықша құқығы кіреді.

Материалдық емес активтерде ұйымының іскерлік беделі және ұйымдастыру шығындары (заңды тұлғаның білім алуындағы шығына, ұйымның жарғылық капиталына қатысушының құрылтайлық құжаттар негізінде моыйндалған шығыны) .

Интеллектуалды меншік объектілері төмендегі талаптарға сай болуы керек:

А) материалды-заттай (нақты) құрылымы болмау керек;

Б) ұйымды басқа мүлікпен сәйкестендіру мүмкіндігі (бөліну, еншілеу) ;

В) ұйымды басқару қызметінде өндірісте өндірілетін өнімді не қызметті пайдалану;

Г) 12 айдан асқан ұзақ мерзімге немесе арнайы циклға сәйкес 12 айдан аспайтын уақытта пайдалану;

Д) ұйым аталған мүлікті алып-сатуды көздемейді;

Е) ұйымның келешекте экономикалық табыс (пайда) әкеле алу мүмкіндігі;

Ж) осы ұйымның нақты барлығын дәделдейтін және интеллектуалды қызмет нәтижесіне құқығы барлығын дәделдейтін құжаттарының болуы (патент, куәлік, басқа да қорғаушы құжаттар, келісім шарттар, тауар белгісі және т. б. )

Жоғарыда аталғандардың үш материалды емес актив топқа бөлуге болады:

  1. Интеллектуалды меншік объектілері.
  2. Ұйымдастыру шығыны.
  3. Гудвилл (жақсы атақ құқығы) .

Интеллектуалды меншік объектілері өз алдына былайша бөлінеді:

1. ғылыми-техникалық және өндірістік саладағы интеллектуалды меншік объектілері:

  • өнеркәсіптік меншік (өнертабыс, пайдалы модельдер, өнеркәсіптік үлгілер, тауарлық және қызмет көрсету белгілері, іріктелім жетістіктері, сапасыз өнімдері болдырмау құқығы) .
  • Құпия сақтау құқығы (ноу-хау)
  • Авторлық құқық объектілері (ЭЕМ, деректер бағдарламалары, интегралды топологиялар, ғылыми басылымдар) .

2. Гуманитарлық саладағы интеллектуалды меншік объектілері:

  • Авторлық құқық объектілері (әдеби шығармалар, өнер және музыкалық шығармалар) . Ұйымдастыру жұмысындағы шығындар - бұл кейінгі қойылған шығындар-заңгерлерге құрылтайшылық құжаттар әзірлегені, фирманы тіркегені үшін төленетін гонорар.

Бұл шығындардың бәрі ұйым құрылғанда пайда болады.

Фирманың (гудвилл) бағасымен оның іскерлік беделі көтеріледі. Бағалау процесінде гудвилл бизнес көлемін, нарықтық бағасын, материалдық және материалдық емес активтерін, бухгалтерлік есеп айнасын анықтайды. Гудвилл өндіріс жоғары, тұрақты табыс таба бастағанда, меншікті капитал ортадан жоғары болғанда пайда болады, соның арқасында бизнес құны таза актив құнынан асады. Гудвилл өндіріс басшысының өзгеру кезіне қарай экономикалық өсуге ие болады.

Интеллектуалды меншік объектісі болып саналатын өнертабыстардың өз алдына құрылғысы, заты, әдісі, микроорганизм штампы (белгісі), өсімдіктер мен жануарлардың мәдени клеткалары, сондай-ақ оларды жаңа қолданыста құрылғысы, пайдалану әдісі болуы қажет. өнертабыс объектілер құрылғысына құрастырушы және бұйым жатады. Мысалы, құрастырушы объектілер құрылғысына-машиналар, құралдар, механизмдер, көлік қаражаты, жабдықтар, ғимараттар енеді.

Өнертабыс болып практика жүзінде техника саласында аранйы бір мәселені шеше алатын жаңа идея саналады. Сол себепті өнертабыс саласындағы заңдылықтарға орай, көпшілік елдерде қолданып жүргендей, өнертабыс жаңа болуы керек, бұрын-сонды болғандығы туралы дерек болмауы керек; оның ерекшелігі сол саладағы маман ешқандай кедергісіз, қиындықсыз қолдана алынуы қажет, ол өндірілетін және пайдалы болуы керек. Патент - өнертабысқа айқындаушы құжат бере алатын құқықтық құжат, онда өнер табыстың толық мазмұны жазылады (қашан даярланды, қолданылды, сатылды, әкелінді), өзгерістерді тек патент иегері енгізе алады. бұл қорғау белгілі бір уақытқа ғана арналған (15-20 жыл болуы мүмкін) .

Заттар - азаматтық құқық қатынастарының объектілері. Азаматтық құқық қатынастарының объектілері деп заттарды (мүлік және мүліктік құкық), жұмыс пен қызметті, ақпаратты, материалдық деп есептелмейтін игіліктер (мәселен атау) мен интеллектуалды меншікті, яғни әдеби шығарма, өнертабыс және тағы басқаларын айтамыз. Дәл осы объектілерде құқық қатынастарына қатысушылардың мүдделері тоғысады және де бұл объектілердің құқық қатынастарындағы тағдыры шешіледі. Әдетте, азаматтық құқық объектілерінің шеңбері айнымалы келеді. Мысалы, күні кешеге дейін ақпарат оның аясына кірмеді. Жалпы алғанда, азаматтық кұқық қатынастарының объектілерінің негізгі бөлігін заттар құрайды. Зат деп материалдық әлемнің кез келген объектісін айтамыз. Заттардың заңдық тағдырында оның сапасы мен құқылық мәртебесі елеулі орын алады. Сондықтан да азаматтық құқықта заттарды саралаудың (классификациялау) алуан түрі кездеседі.

Заттар азаматтық айналымдағы қатысына орай шектеулі айналым қабілеттігіне байланысты азаматтық, айналымнан шығарылмаған және азаматтық айналымнан шығарылған деп бөлінеді. Азаматтық айналымнан шығарылмаған заттарды олардың иелері өзгеге еркін түрде бере алады, сөйтіп, ол ешқандай шектеусіз қолдан қолға өте береді. Былайша айтқанда, мұндай заттар азаматтық айналымға емін-еркін қатысады. Айналым қабілеттілігі шектелген заттар азаматтық айналымға қатысушылардың белгілі бір бөлігіне қатысты, немесе айналымы ерекше тәртіппен жүзеге асады. Осы объектілердің шеңбері заңмен айқындалады. Оған у, қару-жарақ, оқ-дәрі, қымбат бағалы металдар мен тастар, мәдени және тарихи ескерткіштер, тағы басқалары жатады.

Сонымен, азаматтық заң кейбір заттарды азаматтық айналымнан шығарып тастайды. Өйткені, оның өзі мемлекеттің немесе басқа тұлғалардың өзгеге беруге болмайтын жеке дара меншігі болып табылады. Қазіргі кезде оған мысал ретінде орман, су және басқа бірқатар объектілерді жаткызуға болады.
Заттарды бөлінетін және бөлінбейтін деп жіктейді. Бөлінетін заттар бөлінген күннің өзінде тұтынушылық қасиетінен, бастапқы сапасынан айырылмайды. Мысалы, бір бөлке нанды алайықшы, оны қанша жерден бөлсеңіз де нан күйінде қалады емес пе. Ал белінбейтін заттарды бөлсеңіз пайдаға аспай қалады. Егер отырғышты арамен екіге жарып кесіп тастаңызшы, онда ол тұтыну қасиетінен айрылып қалады ғой. Саралаудың мұндай заттық мәні мүлікті бөлу кезінде айқын көрінеді.

Заттар құқық қатынастарында жекеше белгіленген және тектес қасиеттеріне қарай белгіленетін заттар деп бөлінеді. Заттар жеке белгілеріне қарап, немесе бүтін бір тобына, басқаларына тектесуіне карап бөлінеді. Бірінші жағдайда жекеше белгіленген заттар деп, екінші жағдайда тектес қасиеттеріне қарай белгіленген заттар деп атайды. Жекеше белгіленгені тек басқасына емес, тек сол заттың өзіне тән. Мысалы, оған суретшінің суреттегі қолтаңбасы немесе көйлектің өзіндік үлгісі жатады. Зат сол жекеше күйінде ғана бір кұқық қатынасында тектес қасиеттерімен айқындалады, ал басқа ретте даралық сипатқа ие. Айталық, тігін фабрикасы дүкенге 48-пішімді, 3 тұрқылы 100 көйлек әкеліп, сатуға шарт жасасты делік. Бұл құжат бойынша аталған тауар тектес белгілерімен анықталады. Ал сатып алушы әлгі жүз көйлектің тек біреуін ғана таңдайды. Демек ол қолына түскенін емес, өзіне ұнағанын алады. Яғни дене бітіміне шақ келетін әрі жарасымдысын көйлектің жекеше сапасы бойынша тандайды. Осы құқық қатынасында сатып алушының алған көйлегі жекеше белгілерге ие, сондықтан да сатушы оған жүз көйлектің өзгесін бере алмайды.

Заттар қозғалатын және қозғалмайтын болып бөлінеді. Оның қозғалмайтынына жермен тығыз байланысы бар жер учаскелері, учаске қойнауы, көпжылдық өсімдіктер, ғимарат және құрылыстар жатады, олар тұтастығы мен пайдаға асуына орай жерге елеулі залал келтірмей бөліне алмайды. Сондай-ақ Азаматтық кодекс қозғалмайтын заттар қатарына әуе және теңіз кемелері мен ғарыш объектілерін де жатқызады. Себебі олар халықаралық дәстүр мен халықаралық төрелік жасау арқылы қолданылады. Осындай аса қымбат саналатын объектілерді пайдалану белгілі бір мемлекет құзырынан шығып та кетеді. Әрине, мұндай объектілердің қозғалмайтын мүлік жөніндегі жалпы ережемен сыйыспайтындығын да мойындауға тура келеді.
Қозғалмайтын мүлікке берілетін құқық мемлекеттік тіркеуден міндетті түрде өтуі тиіс. Дәл сол сияқты мемлекеттік тіркеуге қозғалмайтын мүлікке жасалған келісім де жатады. Алайда біз бұл арада ереже талаптарынан шығып кететін жәйттерді де кездестіреміз. Мәселен, автокәсіпорын козғала-тын мүлік болып есептелгенмен тіркеуге жаткызылады.

Кәсіпкерлікке пайдаланылатын кәсіпорын мүліктік кешен ретінде мүліктің (заттың) ерекше түрі болып табылады. Ал кәсіпорын негізінен алғанда қозғалмайтын мүлікке жатады. Мүліктік кешен ретінде кәсіпорынға оның қызметіне керекті мүліктің барлық түрі енеді. Ол тек қажетті объектілерді ғана қамтып қоймай, жер учаскесі, ғимарат, кұрылыстар тәрізді коз ашпайтын болып көрінетіндерді өзіне қаратып алады, тіпті жеке дара күйінде қозғалмалы мүлік болып табылатын керек-жарақ, құрал-жабдық, шикізат, өнім, тіпті талап ету құқы да, қарыз, атауы, тауарлы және фирмалық белгілер, бәрі-бәрі одан іргесін аулақ сала алмайды. Демек, егер кәсіпорын сатылатын болса, онда оның иесі сатып алушыға өзінің қарамағындағы барлық мүлікті беруге тиіс. Тек сатуға алушымен келісім арқылы мүліктің бір бөлігін (мысалы, шикізат немесе кейбір кұрал-жабдықтар) жекелей түрде сатуына болады.
Қосалқы зат және басты зат. Дербес пайдалануға келмейтін, тек басқа затпен (басты) ғана бірге пайдалануға болатын заттар қосалқы заттар деп аталады. Жалпы ережеге сәйкес қосалқы зат басты заттың зандық тағдырына әсер етеді. Енді басты зат пен қосалқы затқа мысалдар келтірейік: құлып пен кілт, есік пен құлып, үй мен есік. Егер сіз үйді сату-сатып алу жөнінде шарт жасассаңыз, онда оған үйді есігімен, құлпымен, соңдай-ақ кілтімен сатылады деп жатудың кажеті жоқ. Өйткені, ол басты зат пен қосалқы зат ережелеріне бағынады. Сатушы есіктің құлпын алып қойса, онда сатып алушы оны орнына қоюды талап етуге құқылы. Кей жағдайда сатушы мен сатып алушы арасында жасалған келісім шарт бойынша қосалқы затты басты заттан бөлуге мәмілеге келе алады.

Жаңа Азаматтық кодекс азаматтық құқық объектілерінің тізіміне жануарларды да қосады. Егер заңда өзгеше көзделмесе, оған мүлік женіндегі жалпы ереже қолданылады. Құқықты жүзеге асыру кезінде жануарлармен ізгілік принциптеріне қайшы келетін қатал да аямаушылық әрекеттердің орын алуына жол бермейді. Мұндай тұжырымдама қосымша түсіндірме жа-сауды кажетсінеді. Біріншіден, бұл арада әңгіме жан-жануарлардың бәріне қатысты ма, әлде тек үй жануарлары туралы ғана ма? Қоян мен қасқырды орман мүлкіне жатқыза аламыз ба? Солай болған күнде меншік иесі мұндай мүліктерді басқара алмайды емес пе.

Сондай-ақ жануарға "қатал қарау-аямаушылық" дегенге орай оған әдейі зардап шектіру шегі қалай айқындалады, бұл да оңай сауал емес. Өйткені, ғылыми тәжірибеге байланысты жануарларды азаптауға, тіпті өлтіруге тура келеді, онда қалай болады? Бүл сауалдарға жауапты тек соттың белгілі бір жағдайларға байланысты шығарған шешімі ғана жауап бере алады.
Затқа ақша, валюталық құндылықтар, сондай-ақ кұнды қағаздар жатады. Әдетте ақша тектес белгілерімен анықталған зат болып табылады. Тек оның көрініске қойылғандары ғана оған кірмейді. Қазақстанның барлық аумағын да теңге заңды төлем құралы болып есептеледі. Ол банкнотта көрсетілген бірлікте- ЮОтеңге, ЗООтеңге жөнет. с. с. бағаланады. Шетелдік валютамен есеп айырысу тек заңда көзделген ретте жүзеге асады.
Валюта құндылығына кымбат бағалы металдар, қымбат бағалы тастар, 1 шетелдік валюта, шетелдік банктік кірістер, акциялар, шетелдік облигациялар жатады. Олармен келісім жасау 1996 жылы 24 желтоқсанда қабылданған Қазақстан Республикасының "Валюталық, реттеу туралы" заңымен жүзеге асады. Бірак, валюталық құндылыққа меншік құқығы басқа мүліктер тәрізді жалпы негізде қорғалады.

Құнды қағаздар да зат делінеді. Құнды қағаз дегеніміз белгіленген нысан мен міндетті реквизиттерді сақтай отырып, кайсыбір мүліктік құқықты орнататын, оны куәландыратын, өзін көрсеткенде ғана құқықты іске асыратын кұжат болып табылады. Демек құнды қағаз жоғалса, онымен жасалған мүліктік құқық та қоса жойылады. Қүнды қағаз осы ерекшелік-терімен қарыз алғанда берілетін қолхат есебінде әрекетке түседі.
Оның соңғысы мүліктік талапты куәландыруға кызмет етсе, ал оны жоғалту ондай талапты қоюда басқа куәларды алға тартуға кедергі жасамайды. Құнды қағаз өзінде керсетілгеніндей, мүліктік құқықты айғақтайтын бірден бір кұжат болып есептеледі.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Зияткерлік (интеллектуалды) меншік объектілерінің теориялық негіздері
Инвестициялардың жалпы түсінігі және атқаратын қызметтер
Зияткерлік меншік ретіндегі сауда белгілерінің халықаралық құқықтағы маңызды аспектісі (ҚР мысалында)
Инвестицияның жіктелуі және түрлері
Материалды емес активтерге меншіктік құқық
Инвестицияның жіктелуі жайлы
ҚР-да меншік қатынастарын дамыту және жетілдіру жолдары
АЗАМАТТЫҚ ҚҰҚЫҚТЫҚ ҰҒЫМЫ, ПӘНІ
Азаматтық құқық ғылымының мәселелері
Инвестициялық бизнес - жоспар
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz