Кәмелетке толмағандарға тағайындалатын жазаларға қылмыстық құқықтық сипаттама



Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 25 бет
Таңдаулыға:   
Жоспар

Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .. ... ...3

1 Кәмелетке толмағандарға тағайындалатын жазаларға қылмыстық құқықтық
сипаттама
1.1 Кәмелетке толмағандарға жаза тағайындаудың түсінігі мен мәні ... ... ...5
1.2 Кәмелетке толмағандарға тағайындалатын жазалардың түрлері мен
шектері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .10

2 Кәмелетке толмаған қылмыскерлерге жаза тағайындаудың ерекшеліктері
2.1 Қылмыстық жауаптылықты жеңілдететін және ауырлататын жағдайлардың
сипаттамасы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...14
2.2 Кәмелетке жасы толмағандарға басқа да қылмыстық құқықтық ықпалды
шараларын тағайындаудың ерекшеліктері
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .19

Қорытынды ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .. ... 22

Пайдаланылған әдебиеттер ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 24

Кіріспе

Елімізде тарихи біршама уақыт бойы өмір сүрген тоталитарлық тәртіп пен
жан-жақты тәуелділіктен кейін Қазақ мемлекетінің тарихында тұнғыш рет 1991
жылы желтоқсанының 16 жұлдызында Қазақстан Республикасының мемлекеттік
тәуелсіздігі туралы маңызды Заң қабылданғаны белгілі.
Осыған сәйкес 1995 жылғы тамыздың 30 жұлдызында референдум жолымен
қабылданған Қазақстан Республикасының Конститутциясы қоғам, мемлекет және
жеке адам тіршілігіндегі орын алатын негізгі қағидаларды бекітіп береді.
Оның 1-бабында айтылғандай: Қазақстан Республикасы өзін демократиялық,
зайырлы, құқықтық және әлеуметтік мемлекет ретінде орнықтырады және оның ең
қымбат қазынасы – адам және адамның өмірі, құқықтары мен бостандықтарын
құрметтеп қорғайды. Осы негізгі қағидаларды іске асыра бастау арқасында
біз Біріккен Ұлттар Ұйымының толық мүшесі болып, басқа да ертеден белгілі
өркениетті халықтар қатарындағы терезесі тең ел есебінде танылдық.
Қылмысты алдын алу шаралары олардың негізгі – көрсеткіштеріне
байланысты әртүрлі болуы мүмкін. Алайда, басты шара – Президентіміз
Нұрсұлтан Назарбаев атап көрсеткендей, өтпелі кезеңдерді бастан кешіп
жатқан қоғамда, мемлекеттік экономика әлі сақталып қалып тұрған тұста, жеке
меншік институттары әлі қалыптасып біте қоймаған кезде, мемлекеттің орасан
зор маңызға ие болатындығы. Мемлекет тарапынан қолданылатын шаралардың
бәрінің мәні де, күш ықпалы да қоғамдағы тәртіп бұзушылық пен
қылмыстылықтың әуелі алдын алуға бағытталған.
Дегенмен, барлық шараларының құрамында қылмыстық жазаның да рөлі аз
емес. Атап айтсақ Қылмыстық кодекстің 38-бабы бойынша жаза дегеніміз
соттың үкімі бойынша тағайындалатын мемлекеттік мәжбүрлеу шарасы болып
табылады. Жаза қылмыс жасауға кінәлі деп табылған адамға қолданылады және
ол адамда құқықтары мен бостандықтарынан қылмыстық кодекспен көзделген
айыру немесе оларды шектеу болып табылады. Жазаның мақсаты әлеуметтік
әділеттікті қалпына келтіру сондай-ақ сотталған адамды түзеу және сотталған
адамның да басқа адамдардың да жаңа қылмыстар жасауынан сақтандыру
мақсатында болады. Жаза тән азабын шектіруді немесе адамның қадір қасиетін
қорлауды мақсат етпейді.[1]
Біріншіден жаза – қылмыс жасаған адамға берілетін қоғамдық, әлеуметтік
әділет тіктің көрсеткіші.
Екіншіден, жаза – қылмыстылықпен күрестің қажетті құралы.
Үшіншіден, жазаның тәрбиелік мәні өте зор. Жазаны пайдаланып
қылмыскердің қылмысты қайталап жасауына кедергі етуге әбден болады.
Міне осындай жағдайларға қарамастан бұл үлкен де мәнді мәселелер
төңірегіндегі әңгімелер жеткілікті деңгейде әлі де болса көтерілмей отыр.
Өткенге шолу жасайтын болсақ, жасы кәмелетке толмағандар арасындағы
қылмыстылық пен күрес жүргізудің әртүрлі проблемалары бұрыңғы Кеңес Одағы
тұсындағы ғалымдардың еңбектерінде баяндалған болатын.
Жастар арасындағы қылмыстылықпен күресуде жасалған қылмысты заңға
сәйкес дәрежелеу ғана емес, соған сәйкес қылмыскерге жазаны әділ түрде
тағайындаудың маңызы зор. Өйткені қылмыскер өз жазасын дұрыс
тағайындалғанына көзі жетіп, соны ұғынса, оны әділ деп тапса, жазаны
ойдағыдай өтелуіне ғана емес, сонымен қатар қылмыскердің қайталап қылмыс
жасамауына үлкен әсер етеді.
Жоғарыда аталған мән-жайлар, осы тақырыптың өзектілігін ашады.
Бұл тақырыптың мақсаты болып – кәмелетке жасы толмағандарға жаза
тағайындаудың ерекшеліктеріне арналған тақырыпта, кәмелетке толмағандық
ұғымының қаншалықты кең тарағаны, олардың өмір мен тәжірибелік жағдайына,
психикалық даму деңгейіне, жеке басының және өзгеде ерекшеліктеріне сондай-
ақ жасы үлкен адамдардың ықпалына қосымша сілтеме жасай отырып,
салыстырмалы құқықтық анализді, мәндік сипаттамасын ашу. Осы мақсатқа
сәйкес жұмыс барысында мынадай міндеттер өз шешімін табуы тиіс:
- кәмелетке толмағандарға тағайындалатын жазалардың түрлерімен
шектерін анықтау
- оларға тағайындалатын жазалардың ерекшеліктеріне салыстырмалы
құқықтық талдау жасау.
Кәмелетке жасы толмаған адамға жаза тағайындауға арналған ҚК
баптарында оның өмірі мен тәрбиелік жағдайына, психикалық даму деңгейіне,
жеке басының өзге де ерекшеліктеріне, сондай-ақ жасы үлкен адамдардың
ықпалына қосымша сілтеме жасау артық болып табылмайды және өзінен - өзі екі
рет есепке алуға алып келмейді, керісінше, соттардың назарын қылмыс пен
қылмыскердің жеке басын жан-жақты бағалауға мүмкіндік беретін барынша
маңызды факторларға аударады. Заңда тек көлеңкелі (кері) бағыттағы
факторларды регламенттеу соттық бағалау үшін маңызы бар басқа мән-жайларды
елемеуге, бұрмалауға жол алуы мүмкін.
1 бөлім. Кәмелетке толмаған қылмыскерлерге тағайындалатын жазаларға
қылмыстық – құқықтық сипаттама.

1. Кәмелетке толмағандарға жаза тағайындаудың түсінігі мен мәні.

Кәмелетке толмағандарға тағайындалатын жаза жүйесіне қылмыстық-
құқықтық сипаттама бермес бұрын кәмелетке толмағандарға құқықтық сипаттама
жасай кеткен жөн.
Кәмелетке толмағандар деп анықтаушы қылмыс жасады деп күмән келтірген
немесе өзіне қатысты айыпталушы ретінде жауапқа тарту туралы қаулы шыққан
адам, не өзіне қатысты сотта жеке айыптайтын қылмыстық іс қозғалаған
кәмелетке толмаған адам, сондай-ақ оған қатысты анықтау органының бастығы
айыптау хаттамасын жасаған және бекіткен адамды қылмыстық процеске қатысушы
кәмелетке толмағандар деп атаймыз.
Кәмелетке толмағандардың қылмыс жасауға итермелейтін себептерді сөз
ете кетсек: кәмелетке толмағандар қоғамдағы тәжірибесі, сондай-ақ отбасы
мен қоршаған ортасынан алған тәрбиесі, жасөспірім қоршаған ортаның ықпалына
ішкі дүниесі толық жетіліп, бекімегендіктен еліктегіш болатындығы әсер
етеді. Сондықтан да аталған қасиеттерді білу мен пайдаланудың кәмелетке
толмағандардың қылмыстылығының алдын алуға маңызы ерекше. Жасөспірімнің
бойындағы жастай қалыптасқан мінез-құлық пен ерсі қылықтардың есейе келе
жоғалмай, қайта күшейе түсуі мүмкін, мұндай жағдай да кәмелетке
толмағандардың қылмыс жасауына әсер етеді.
Кәмелетке толмағандар деп қылмыс жасаған кезге қарай 14-ке толған
бірақ 18-ге толмаған адамдар танылады.[2]
Ғалымдардың зерттеулеріне қарағанда он төрт жас - әлеуметті
психологиялық дамудың белгілі бір деңгейде қалыптасатынын көрсететін жас.
Сондықтан да, осы жастағы жасөспірім ұжым, қоғам алдындағы жауапкершілігін
сезінетін, достық, атақ, әділдік, мейірімділікті түсінетін, ойлау
қабілетімен өз тұрғысынан баға беретін дәрежеде.
Әрбір жат қадамның зардабын, оның кері әсерін осы жаста ұғынатындықтан
заң оларға жат қылығы үшін моральдық және құқықтық міндет жүктеп, қылмыстық
жауапкершілікті ауыр қылмыстар үшін 16 жастан белгіленген.
14 жастан бастап қылмыстық жауапкершілікке тартылатын әрекеттің
нақты зиянын, деңгейін анықтау маңызы орын алады. Әрекеттің жан-жақты
зерттеліп, ашылуы – тәрбиелік жұмыспен қоса, ерекше қылмыстық-құқықтық
шаралардың жүзеге асуына жол ашады.
Кәмелетке толмаған қылмыскерлердің тұлғасын қарастыру алдында ең әуелі
олардың жалпы жастық ерекшеліктерін атап өтуіміз қажет.
Кәмелетке толмаған қылмыскерлердің моральдық бейнесінің
ерекшеліктерінің бірі ол – кәмелетке толмағандарда өнегелік түсінігінің
қалыптаспағандығы болып табылады. Сонымен қатар кәмелетке толмаған
жасөспірімдерге тынышсыздық, қиқарлық, бөтеннің ықпалына тез түсу, өмірлік
тәжірибенің жетіспеушілігі, қимыл әрекетін көп жағдайда қоршаған ортасының
көзқарасымен байланыстыру тән екендігі белгілі. Осы аталған қасиеттердің
тек құқыққа қайшы әрекеттерден ғана емес, қоғамға жағымды әрекеттерден де
көрініс табуы мүмкін. Сондай-ақ көрсетілген қасиеттер кәмелетке
толмағандардың барлығына тән бола тұра қылмыстарды олардың салыстырмалы аз
бөлігі жасайды.
Жалпы, қылмыстық жауапкершілікті анықтаудағы негізгі мәселе – жас
жеткіншектердің өмірге көзқарасы, жеке басының әлеуметтік тұрғыда, белгілі
бір дәрежеде психикалық жетілуі болып табылады. Осы орайда заң органдарында
істейтін қызметкерлердің назарына: егер кәмелетке толмаған адам 14 немесе
16 жасқа толса, бірақ психикасының дамуы жағынан артта қалуы салдарынан
кішігірім немесе орташа ауырлықтағы қылмысты жасау кезіндегі өзінің іс-
әрекетінің (әрекетсіздігінің) іс жүзіндегі сипаты мен қоғамдық қауіптілігін
толық көлемінде түсіне алмаса не оған ие бола алмаса, қылмыстық
жауаптылыққа тартылуы тиіс емес.
Қай елдің Қылмыстық Заңын алып қарасақ та, кәмелетке жасы
толмағандардың қылмыстық жауапкершілігін дұрыс шешуді ниет еткеніне көз
жеткізуге болады. Оған дәлел - өлім жазасына, өмір бойы түрмеде отыруға
кесілмейтіндігі. Олардың жауаптылығы ересек қылмыскерлерге қарағанда,
басқаша құқық ережесі бойынша реттеледі. Яғни, психикалық, ойлау қабілетін
ескере отырып жаза тағайындалады.
Кәмелетке толмағандардың жеке тұлғалық сипаттамасын көрсетудегі
негізгі мақсат - қылмыскер жасөспірімдерді олардың заң бұзбаған
құрдастарынан айыратын негізгі белгілерін көрсету болып табылады.
Криминологияда кәмелетке толмағандардың мұндай ерекшеліктерін жалпы жастық,
әлеуметтік-демографиялық, өнегелік психологиялық ерекшеліктер деп бірнеше
топқа бөлген.
Статистика мәліметтеріне жүгінсек қылмыс жасаған кәмелетке
толмағандардың арасында 16-17 жастағы жасөспірімдердің үлес салмағы қашан
да басым түсіп жатады. Г.С. Мауленов өзінің еңбектерінде 16-17 жастағы
жасөспірімдердің әртүрлі қылмыс жасаған кәмелетке толмағандардың жалпы
санының 72,1, ал 14-15 жастағылар 27,7 пайызын құрайтындығын көрсетеді.
Ғалым он алты, он жеті жастағы жасөспірімдер арасындағы қылмыс санының
бұлайша басым болуын олардың өз өзін көрсетудегі мен белсенділігімен,
біреуге ұқсауға, әрекетін қайталауға деген ынтасымен, өзінің әрекетін
жеткілікті деңгейде бағалай алмау және тұйыққа тірелген жағдайда дұрыс
шешім таба алмауымен түсіндіріледі.
Қоғамда позитивті бағаланатын тұлғаларға қарағанда кәмелетке толмаған
қылмыскерлердің дамуы керісінше жүреді, яғни оларда көбінесе уақытты
мақсатсыз өтуге деген ынта көп болады. Ал олар өз кезегінде қоғамдық
жағымсыз қажеттіліктерді тудырады. Қажеттіліктердің бұрыс түсіндірілуі
оларды қанағаттандырудың теріс жолдарын іздестіруге итермелеуі мүмкін.
Негативті қажеттіліктерді қанағаттандыруға деген құштарлық қылмыс жасаған
жасөспірімдердің 23 арасынан байқалған.
Соңғы жылдары ғалымдарымыз кәмелетке толмағандар арасындағы психикалық
анатомиялардың жалпы осы жастағы жасөспірімдермен салыстырғанда бірнеше рет
көп кездесетіндігіне алаңдаушылық білдіріп отыр. Құқық бұзатын
жасөспірімдер арасында психикалық ауруға қарағанда жүйкенің асқан
қозғыштығымен ауыруы жиірек кездеседі. Аурулардың басым көпшілігі
жасөспірімнің тұрмыстық жағдайының нашарлығымен және тәрбиедегі
қателіктермен түсіндіріледі. Криминологиялық және медициналық зерттеулердің
мәліметтеріне сүйенсек психикалық аурулар кәмелетке толмаған адамның
құштарлығын көрсетпейді, қайта олар тұлғаның әлеуметтік психикалық
деформацияның негізі болып табылады.
Жазаны жеке даралауды қарамас бұрын біз жаза түсінігі мен оның негізгі
мақсаттарына қысқаша тоқталуымыз қажет.
Қылмыстық жаза мемлекеттік күштеу шараларының жеке бір түрі және оның
басқалардан өзіне тән біраз ерекшеліктері бар. Олар:
Біріншіден, қылмыстық жаза – мемлекеттік күштеу шарасы ретінде
қылмыстық заңмен ғана белгіленеді. Қылмыстық кодексте жазаның сот үшін
міндетті тізбектері мен оларды қолданудың тәртібі тұжырымдалған. Сот
қылмысқа кінәлі адамдарға қылмыстық заңда көрсетілген шараның шеңберінде
және оның шегінен шықпай жаза тағайындайды. Ерекше жағдайларда ғана сот
заңның нақты бабында көрсетілгеннен гөрі жеңілірек жаза тағайындауға
құқылы. Бұл жаза тағайындауға гуманизм қағидасы болып саналады.
Екіншіден, мемлекеттік күштеу шарасы ретіндегі қылмыстық жаза мемлекет
атынан және тек қана сот үкімімен тағайындалады. Жаңа қылмыстық кодекстің
38-бабында жаза дегеніміз соттың үкімі бойынша тағайындалатын мемлекеттік
мәжбүрлеу шарасы - делінген. Қылмыстық жазамен салыстарғанда басқа да
мемлекеттік күштеу шаралары мемлекеттік органдар немесе лауазымды адамдар
арқылы жүзеге асырылады. Мысалы, қоғамдық тәртіпті бұзған адамды полиция
бастығы әкімшілік жауапқа, салық инспекциясының лауазымды адамды салықтан
бұлтарушыларды заңда көрсетілген тәртіппен жазалайды. Немесе әкімшілік
құқық бұзушыларды тиісті жауапқа тартады. Бірақ осы аталған органдардың
немесе лауазымлды адамдардың бірде – біреуінің қылмыстық жаза қолдануға
құқы жоқ.
Үшіншіден, заңда көрсетілген тәртіппен сотталған адамды жазадан
босату, сондай-ақ тағайындалған қылмыстық жазаны жеңілдету тағы да сот
арқылы жүзеге асырылады. Тек қана рақымшылдық және кешірім беру актілерімен
жазадан босату немесе жазаны жеңілдету Қазақстан Республикасының
Конституциясына сәйкес Парламент немесе Республика Президентінің шешімдері
арқылы жүзеге асырылады.
Төртіншіден, қылмыстық жаза жария түрде ашықтан-ашық тағайындалады.
Яғни қылмыс жасаған адамның кінәсін анықтап, оған жаза тағайындауды қажет
деп тану, қылмыстық жазаның нақты түрі мен көлемін анықтау жеке немесе
заңды тұлғалар арқылы емес, мемлекет арқылы жария түрде ашықтан-ашық
белгіленеді. Сондықтан да қылмыстық жаза кінәлі адамға мемлекет атынан
белгіленеді.
Бесіншіден, мемлекеттік күштеу шаралары ретінде қылмыстық жаза тек
қылмыстық заңда көрсетілген нақты қылмысты жасаған кінәлі адамға ғана
қолданылады.
Қылмыстық жазаның басқа да мемлекеттік күштеу шараларынан ерекшелігі
сол, оны қолдану кінәліге барлық уақытта да сотталғандық (судимость)
белгісін береді.
Жалпы қоғамдағы қылмыстылық пен күресу кезінде қолданылатын
мемлекеттік мәжбүрлеу шараларының әрбіреуінің өз міндеті, өзіне тән мақсаты
болады. Жазаның мақсаты дегеніміз тікелей жаза тағайындау, оны қолдану және
іске асыру арқылы мемлекет қол жеткізуге ұмтылатын әлеуметтік нәтиже.
Қылмыстық құқық теориясында, жалпы басқа да арнаулы әдебиет сонау
Кеңес заманынан бастап, қазіргі кезге дейін жазаның мақсаты төңірегінде
әртүрлі пікірлер туғаны белгілі. Бұл пікірлер бірде жаза мақсаттарының
мазмұнына қатысты туса, бірде ондай пікірдің тууына жаза мақсатының саны
негіз болып келеді. Мысалы, орыс заңгер ғалымы С.В. Познышев жазада тек
қана бір мақсат болу керек дегенді айтса, қазақстандық белгілі заңгер
прфессор Р.Т.Нұртаев жазаның мақсатын Үш бірлік [3] деп атайды.
Толық көлемдегі іс қимылға қабілеттілік 18 толғаннан кейін және
ішінара 14 жасқа толғаннан кейін пайда болады. Қылмыстық құқықта осы жалпы
ережелер негізінен сақталады, ал бұл дегеніміз 14 жасқа дейін адам қылмыс
субъектісі бола алмайды және сотталуға тиіс емес, 14 жастан 16 жасқа дейін
айыпты адам тек белгілі бір шектелген қылмыстар (ҚК-тің 21-бабы) үшін ғана
жауап береді, 16 жастан 18 жасқа дейін қылмыстық құқық бұзушы ҚР Қылмыстық
кодексінің 6-шы бөлімі мен ҚР Қылмыстық іс жүргізу кодексінің 52-тарауында
белгіленген ерекше тәртіппен сотталуға тиіс дегенді білдіреді. Ерекше
жағдайларда ҚР ҚК 87-б ережелері негізінде 18-20 жас аралығындағы адамдар
да кәмелетке толмағандар үшін көзделген құқықтық жеңілдіктерді пайдаланады.
Сөйтіп ҚР ҚК-нің жаңа 6-шы бөлімі кәмелетке жасы толмағандардың
қылмыстылық жауаптылық шаралары мен оны жүзеге асыру механизмі жүйесіндегі
жағдайын негіздейтін бір қатар маңызды мына сәттерді атап өтеді:
Біріншіден, тек кәмелетке толмағандарға ғана (қылмыстық жазадан басқа)
өзіндік бір нысаны – тәрбиелік әсері бар мәжбүрлеу шарасы қолданылуы
мүмкін. Заңда (ҚР ҚК 82-б) олардың түрлері жеткілікті дәрежеде айтылып
кеткен: жай ескертуден барынша қатаң жаза – кәмелетке толмағандарға арнаулы
тәрбие немесе емдеу-тәрбиелеу мекемесіне орналастыруға дейін тағайындауы
мүмкін. Бұл ретте соттар шеңберге тұйықталып қалмаған, бір мезгілде
тәрбиелік әсер етудің бірнеше шарасын қолдануға құқылы.
Екіншіден, кәмелетке толмағандарға ересектер үшін көзделген жаза
түрлерінің толық емес тізімі қолданылады (ҚР ҚК 79-б). Айталық, олар үшін:
әскери қызмет бойынша шектеу, тәртіптік әскери бөлімде ұстау, мүлкін
тәркілеу, арнаулы, әскери немесе құрметті атағынан, сыныптық шенінен,
дипломатиялық дәрежесінен, біліктілігін, сыныбынан және мемлекеттік
наградаларынан айыру, өлім жазасы сияқты жазаларды қолдану мүлде мүмкін
емес, олардың бірқатары логикалық негізсіздігіне болса, басқалары –
қарапайым адами тұрғыдан алып қарағанда сай келмейді.
Үшіншіден, бірқатар жазалардың жасөспірімдер үшін қолданылуының
өзіндік шарттылықтары бар. Айыппұл сотталушының өзіндік табысы немесе мүлкі
болған жағдайда ғана салынады. Түзеу жұмыстары мен қамау үкім шығарылған
сәтте 16 жасқа толған адамдарға ғана қолданылады. Барлық жаза түрлерінің
көлемі жасөспірімдер үшін мейлінше төмендетілген. Мәселен, бас
бостандығынан айыру – көпшілік үшін 10 жылдан аспауы тиіс, ал ауырлататын
мән-жайлар кезінде кісі өлтірген адамдар үшін 12 жылмен шектелген. Сонымен
қатар, бірінші рет кішігірім ауырлықтағы қылмыс жасаған 14-16 жас
аралығындағы адамдар үшін бас бостандығынан айыру мүлдем тағайындалмайды.
Төртіншіден, кәмелетке толмағандар үшін қылмыстық жазаны, оның ішінде
бас бостандығынан айыру түріндегі жазаны өтеудің ерекше тәртібі
белгіленген. Мәселен, түзеу мекемелерінің басқа жүйесі – тәрбиелеу
колониялары көзделген.
Бесіншіден, олар үшін жазадан босатудың нақтылы және шартты түрде –
мерзімінен бұрын босатудың барынша жеңілдетілген режимі, сондай-ақ
қысқартылған ескіру және соттылықты жою мерзімдері қарастырылған.
Ақыр соңында, қылмыстық заңда кәмелетке толмағандар үшін қылмыстарды
дәрежелеуге және жазаларды жеке даралауға мүмкіндік беретін қосымша бағыт –
бағдарлар қарастырылған. Айталық, ҚР ҚК 80-бабы олардың ішінде мынадай
мәмілелерді алдыға тартады: кәмелетке толмағанның өмірі мен тәрбиесінің
жағдайлары, психикалық даму деңгейі, жеке басының өзге де ерекшеліктері,
сондай-ақ оған жасы үлкен адамдардың ықпалы ескерілуге тиіс.
Е.В.Благовтың жаза тағайындаған кезде келтірілген факторлардың кез
келгені емес (заңда келтірілген факторларды айтады – автордың ескертпесі),
тек көлеңкелі көрініс беретін, кері бағыттағы факторлар ғана ескерілуі
тиіс [4]- деген пікірмен келісуге болмайды. Оның пікірі бойынша заңда
келтірілген бағыттар жаза тағайындау кезінде біркелкі дәрежеде бой
көрсетпейді, бір мән-жай түрлі жағдайларда жауаптылықты жеңілдететін оң
сипатқа, сондай – ақ оны жоғарылататын теріс сипатқа да ие болуы мүмкін.
Кәмелетке жасы толмаған адамға жаза тағайындауға арналған ҚК
баптарында оның өмірі мен тәрбиелік жағдайына, психикалық даму деңгейіне,
жеке басының өзге де ерекшеліктеріне, сондай-ақ жасы үлкен адамдардың
ықпалына қосымша сілтеме жасау артық болып табылмайды және өзінен - өзі екі
рет есепке алуға алып келмейді, керісінше, соттардың назарын қылмыс пен
қылмыскердің жеке басын жан-жақты бағалауға мүмкіндік беретін барынша
маңызды факторларға аударады. Заңда тек көлеңкелі (кері) бағыттағы
факторларды регламенттеу соттық бағалау үшін маңызы бар басқа мән-жайларды
елемеуге, бұрмалауға жол алуы мүмкін.
Осыған байланысты ҚР Жоғарғы Сотының қосымша нұсқаулар беруі кездейсоқ
емес. Мәселен, ҚазССР Жоғарғы Соты Пленумының 1986 жылғы 19 желтоқсанда
жарық көрген №19 Кәмелетке толмағандардың қылмыстары туралы және оларды
қылмыстық әрекетке және басқа қоғамға қарсы іс - әрекеттерге тарту туралы
істер бойынша сот тәжірибесі туралы қаулысында: Соттар әрбір іс бойынша
істің нақтылы мән-жайын, жасалған іс-әрекеттің қоғамдық қауіптілігі сипаты
мен дәрежесін, ауырлататын және жеңілдететін мән-жайларды, даму деңгейін,
тәрбиелену жағдайын сотталушының жеке басын сипаттайтын және басқа
мәліметтерді есепке ала отырып, кәмелетке жасы толмағанға жаза түрі мен
мөлшерін анықтау барысында қатаң түрде жеке бағыт ұстануды қамтамасыз етуге
міндетті [5] – деп атап өтілген. Қазақстан Республикасы Жоғарғы Соты
Пленумының 1999 жылғы 30 сәуірдегі №1 Қылмыстық жаза тағайындау кезінде
соттардың заңдылықты сақтауы туралы қаулысы [6] да соттарды ҚР ҚК 80 және
81-баптарында көрсетілген мән-жайларды қосымша ескеру қажеттігіне
міндеттейді.
Құқықтық нормаларда кәмелетке жасы толмағандарға жаза тағайындауға
ықпал ететін жекелеген факторларды атап көрсету – сот үшін барынша маңызды
бағыт – бағдарларды беру жолындағы болымсыз талап, сондықтан да олардың
заңдағы тізімі тіпті де түпкілікті емес және болуы мүмкін емес.
Сотталушының жасы кәмелетке толмағанын қылмыстық жауаптылық пен жазаны
жеңілдететін мән-жай ретінде қайталап ескеру туралы мәселе төңірегіндегі
пікірталастар да еріксіз назар аудартады. Мәселен, М.А.Скрябин мұндай
ережеге жол берілмеуі керектігі жөнінде айтады. Ол: кәмелетке жасы
толмаған адамды заңға сәйкес он жылдан астам уақытқа бас бостандығынан
айыруға немесе өлім жазасына жазаланатын қылмыс үшін соттаған жағдайда,
жаза тағайындау кезінде сотталушының кәмелетке жасы толмағанына
жеңілдететін мән-жай ретінде сілтеме жасауға жол берілмеуі тиіс, өйткені
басқаша жағдайда бір жеңілдедетін мән-жайды екі рет ескеру орын алады.
Мұндай жағдайларда қылмысты жасау сәтіне кәмелетке жасы толмағаны
жеңілдететін мән-жай ретінде заңда. ескерілген, - деген пікірді алдыға
тартады.
Л.Л.Кругликов бұл мәселеге орай негізді түрде мынадай ой қорытады:
Барлық кәмелетке толмағандарға тән болып келетін, жас шамасына қатысты
ортақ ерекшеліктерді ескеру нақтылы жас шамасындағы жасөспірімдерге тән
ерекшеліктерді табу мен ескеру қажеттігін жоққа шығармайды.
Құқықытық қолдану тәжірибесінде проблемалық мәселелердің бірі
кәмелетке толмағандық ұғымының қаншалықты кең тарағаны болып келеді.
Бұл ретте заңда қылмыстық – құқықтық тұрғыдан алып қарағанда кәмелетке
толмағандар деп қылмыс жасаған кезге қарай жасы он төртке толған, бірақ он
сегізге толмаған адамдар танылады (ҚР ҚК 78-б.) деп анық айтылған. Соған
сәйкес үкім шығарған сәтке 18 жасқа толған адамдарға да қолданылады.
Қылмысты ашу, оларды алдын ала тергеу кейде қылмысты жасау сәтінен көп
кейін қалып қояды. Көп жағдайда оның жасалған іс-әрекетке көзқарасы, өзінің
мінез-құлығын бағалауы оң ыңғайға өзгеріп жатады, кейде бұлай болмайды.
Онда адамның қоғамдық қауіптілік дәрежесі сақталады. Сот жаза тағайындай
отырып, осы барлық мән – жайларды ескеруге тиіс. Ол үшін сотталушы қылмыс
жасаған сәтке қандай болды, оны қылмыс жасауға не итермеледі деген мәселе
маңызды болып қала берді. Одан әрі, нақтылы бір уақыт бөлігіндегі адамның
жеке басы мен іс-әрекетін бағалай келіп, сот адамның сот мәжілісі күніне
дейінгі маңызды өзгерістерін анықтайды, оның нақтылы сот процесіндегі мінез-
құлқын қадағалайды. Содан барлық обьективтік және субьективтік факторларды
кешенді талдау негізінде, сотталушы туралы кең көлемді түсінікке ие бола
отырып, кінәнің дәлелденгендігі және жазаланушылығы туралы тоқтамға келеді.
Адамның сотталу сәтіне кәмелетке толуы факторы нақ осындай тәртіппен
қарастырылады.

1. 2 Кәмелетке толмағандарға тағайындалатын жазаның түрлері мен шектері

Кәмелетке толмағандарға тағайындалатын мынадай жаза түрлері
көрсетілген:
а) айыппұл;
б) белгілі бір қызметпен айналысу құқығынан айыру;
в) қоғамдық жұмыстарға тарту;
г) түзеу жұмыстары;
г-1) Бас бостандығын шектеу
д) бас бостандығынан айыру.
Жаза мен тәрбиенің дұрыс сәйкестігін қамтамасыз етуге ұмтыла отырып,
мемлекет жасы кәмелетке толмағандардың жеке басының ерекшеліктерін, оларға
қатысты қылмыстық жазаның жазалау күшін біршама шектеуді әрқашанда
қарастырады. Осыған сәйкес қылмыстық кодекс жасөспірімдерге қатысты
қылмыстық жазаның түрлерін орындау мен қолдануда шектеулерді көрсеткен.
Арнаулы әдебиет көздерінде кәмелетке толмаған қылмыскерге қатысты жазаның
жалпы қағидасы мен жазалау жақтарының жеңілдіктері жасы толмағандарға
қылмыстық жазаның әртүрлі түрлерін тағайындау туралы мәселені шешуге соттар
тарапынан ерекше амалды қолдану қажеттігіне ықпалын тигізетіні көрсетілген.
Бұл ең алдымен бас бостандығынан айыру жазасын қолдануға қатысты. Жазаның
бұл түрін қолдану тек қоғамға қауіпті бірнеше көрініс жіберген, не ерекше
қауіпті қылмыс жасаған, басқа шаралармен түзелуі мүмкін емес
жасөспірімдерге ғана қолдану әділетті болады. Алайда, жасы толмағандарға
жаза тағайындауға мұндай ерекше амал тек сәйкестендірілген заңдық
негізде жүзеге асырылып, тиісті ықпал етуі мүмкін.
Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 52-бабының 1 бөлігінде
қылмыс жасауға айыпты деп танылған адамға қылмыстық кодекстің ерекше
бөлімінің тиісті бабында белгіленген шекте және жалпы бөлімнің ережелері
ескеріле отырып әділ жаза тағайындайды - деп көрсетілген. Жаза
тағайындаудың жалпы негіздерінің бұл ережелері қоғамдық заңдылықты
сақтаудың маңызды кепілі болып табылады немесе сотталған адамға жаза
тағайындау кезінде заңның алдыңғы ролін көрсетеді.
Кәмелетке толмағандардың қылмыстары жөніндегі сот қаруының қылмыстан
сақтандыру мағынасы тек жасөспірімдерге ғана емес, сонымен бірге олардың
тәрбиесіне жауапты ата-аналарына, сот процесіне қатысушы басқа да
адамдарға тәрбиелік ықпал етуінде. Жасы кәмелетке толмағандардың әлеуметтік
психологиялық ерекшеліктерінің татымдылығы сонша, оларға жазаның шегі
туралы жаза тағайындаудың жалпы негіздерінің талаптарын қолдану жасы
толмағандарға жаза тағайындауды реттейтін бірқатар арнайы нормалар арқылы
түзетіледі. Олар қылмыстық кодекстің әртүрлі баптарында көрсетілген.
Қолданылып жүрген қылмыстық заңға сәйкес жасы кәмелетке толмағандарға
жаза тағайындаудың ерекшеліктерін бірқатар ережелермен сипаттауға болады:
1) Қылмыстық заң жасы кәмелетке толмағандарға жаза қолданудың аясын
шектейді. Қылмыстық кодекстің 81 – бабына сәйкес, бірінші рет кішігірім
немесе орташа ауырлықтағы қылмыс жасағаны үшін сотталған кәмелетке толмаған
адам, егер оны түзеуге тәрбиелік, әсері бар мәжбүрлеу шараларын қолдану
жолымен қол жеткізуге болады деп танылса, сот оны қылмыстық жауаптылық пен
жазадан босату мүмкін.
Тәрбиелік әсері бар мәжбүрлеу шараларының тізімі қылмыстық кодекстің
82-бабында қарастырылған.
Тәрбиелік әсері бар мәжбүрлеу шараларын қолдану кәмелетке толмағандар
арасындағы қылмыстылықпен күресуде үлкен роль атқарады. Жасы кәмелетке
толмаған қылмыскерлерге тәрбиелік әсері бар мәжбүрлеу шарасы сот
тәжірбиесінде өте сирек қолданылуда. Қазақстан Республикасы Жоғарғы Соты
төменгі сатыдағы соттардың назарын осы шараларды кең түрде қолдану
қажеттілігіне аударуда. Сұрау кезінде, қылмыс жасаған жасөспірімдердің
көпшілігі оларға қылмыстық істі соттың қарауы үлкен әсерін тигізіетінін
және үкімнің айтылуының әсер ететінін көрсеткенін айта кету керек.
2) Қолданылып жүрген қылмыстық заңға байланысты кәмелетке жасы
толмағандарға жазаның мына түрлері тағайындалмайды: өлім жазасы (49-бап),
құқықтық, әлеуметтік және нақты жағдайларына байланысты жасы толмағандарға
белгілі белгілі бір лауазымды атқару немесе белгілі бір қызметпен айналысу
құқығынан айыру (41-бап), әскери қызмет бойынша шектеу (44-бап), тәртіптік
әскери бөлімде ұстау (47 -бап).
Кәмелетке жасы толмағандардың өзіндік жалақысы мен мүлкінің көп
жағдайда болмауынан оларға айыппұл мен мүлікті тәркілеуді қолдану
мүмкіншілітеріде шектеулер белгіленген.
Жаңа көрсетілген жазалардың ішінде түзеу жұмыстарын кәмелетке
толмағандарға кеңінен қолдануға болмайды, түзеу жұмыстарын жасөспірімдерге
қолдану мүмкіндігі ең алдымен еңбек заңына сәйкес жасы толмағандарды
жұмысқа 16 жастан қабылдауға жіберіледі. Сонымен бірге түзеу жұмыстарын ҚК-
нің 43-бабының 3-бөлігіне сәйкес еңбекке жарамсыз деп танылған, тұрақты
жұмысы жоқ немесе оқу орнында өндірістен қол үзіп оқитын адамдарға
тағайындауға болмайды. Келтірілген зардапты қалпына келтіру міндетін жүктеу
және көпшілік алдында ұялту түрінде жазалар сот тәжірбиесінде өте сирек
қолданылады.
3) Жасы кәмелетке толмағандарға бас бостандығынан айыру жазасын
қолданудың өз ерекшеліктері бар. Қылмыстық кодектің 79-бабының 7-бөлігіне
сәйкес кәмелетке толмай сотталаған адамды бас бостандығынан айыру 10
жылдан, ал жауаптылықты ауырлататын жағдайларда кісі өлтіргені үшін 12
жылдан аспайтын мерзімге тағайындалуы мүмкін. 14 жастан 16 жасқа дейінгі
кішігірім ауырлықтағы қылмысты бірінші рет жасаған адамға бас бостандығынан
айыру түріндегі жазаны кәмелетке толмағандар жалпы режимдегі және
күшейтілген режимдегі тәрбиелеу колонияларында өтейді. (79-баптың 8-
бөлігі).
Кәмелетке жасы толмағандардың жас ерекшелігін ескере отырып, ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Кәмелетке толмағандардың қылмыстары жөніндегі сот қаруының қылмыстан сақтандыру
Кәмелетке толмағандардың жасаған қылмыстарына тағайындалатын жазалардың түрлері
Кәмелетке толмағандарды жазаны өтеуден мерзімінен бұрын- шартты түрде босату
Кәмелетке толмағандардың қылмыстық жауаптылығына жалпы сипаттама.
Айыппұлға қатысты заңдардағы қылмыстық-құқықтық шараның осы түрін орындау және тағайындау мәселелерін жетілдіру
Республикасының азаматтығынан айыру
Кәмелетке толмағандарды жазалаудың тиімділігі
Қазақстан Республикасында қылмыстық құқығы бойынша кәмелетке толмағандардың жауапкершілігі
Жазалар жүйесі және олардың түрлері
Кәмелетке толмағандарға тағайындалатын жазалардың түрлері
Пәндер