Медициналық сипаттағы мәжбүрлеу шаралары
Жоспар:
Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..3
1.Тарау. Медициналық сипаттағы мәжбүрлеу шараларының ұғымы мен жалпы сипаттамасы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .6
1.1 Медициналық сипаттағы мәжбүрлеу шараларының ұғымы, қолданудың негіздері және мақсаттары ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...6
1.2 Медициналық сипаттағы мәжбүрлеу шараларының даму тарихы ... ... 10
2.Тарау. Медициналық сипаттағы мәжбүрлеу шараларының түрлері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...14
2.1.Емханалық мәжбүрлеп қадағалау және психиаторда емдеу ... ... ... ... ...14
2.2Мамандырылған үлгідегі психиатриялық стационарда мәжбүрлеп емдеу ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...15
2.3 Медициналық сипаттағы мәжбүрлеу шараларын қолдану тәртібі ... ... ...16
2.4 Медициналық сипаттағы мәжбүрлеу шараларының мәні оны тағайындау және жардан айырмашылығы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 18
3.Тарау. «АЗАЙТЫЛҒАН (ШЕКТЕУЛІ) ЕСІ ДҰРЫСТЫҚ» ҰҒЫМЫНА
ОРАЙ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .24
3.1 Есінің дұрыстығын жоққа шығармайтын психикасының бұзылуынан зардап шегетін адамдардың сипаттамасы және оларға медициналық сипаттағы мәжбүрлеу шараларын тағайындау негіздері ... ... ... ... ... ... ... ..24
3.2. «Жалған есі дұрыс еместік» және қылмыс жасаған алкоголизмнен немесе нашақорлықтан зардап шегетін адамдарға медициналық сипаттағы мәжбүрлеу шараларын қолданудан заң жүзінде бас тартудың негіздері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 58
Қорытынды ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..79
Қолданылған әдебиеттер тізімі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .83

Диссертациялық жұмыс қылмыстық құқық бойынша медициналық сипаттағы мәжбүрлеу шараларын қолданудың түсінігі мен негіздеріне арналған.
Зерттеу жұмысында медициналық сипаттағы мәжбүрлеу шараларының даму тарихы, есі дұрыстық, есі дұрыс еместік және шектеулі (азайтылған) ақыл – есі дұрыстық ұғымдарына, медициналық сипаттағы мәжбүрлеу шараларының қолдану мақсаттары мен негіздері, түрлері, сонымен қатар жалған есі дұрыс еместік (псевданевменяемость) және қылмыс жасаған алкоголизмнен немесе нашақорлықтан зардап шегетін адамдарға медициналық сипаттағы мәжбүрлеу шараларын қолданудан заң жүзінде бас тартудың негіздері теориялық тұрғыдан терең зерттелумен бірге қолданылып жүрген заңдарға медициналық сипаттағы мәжбүрлеу шараларының кейбір нормаларын одан әрі жетілдіру жолдары іздестірілген.
Зерттеу тақырыбының өзектілігі. 1995 жылғы Қазақстан Республикасының бүкілхалықтық референдум бойынша қабылданған Конституциясының 1 бабында «Қазақстан Республикасы өзін демократиялық, зайырлы, құқықтық және әлеуметтік мемлекет ретінде орнықтырады, оның ең қымбат қазынасы – адам және адамның өмірі, құқықтары мен бостандықтары» - деп атап көрсетеді.
Яғни, заң адамзатқа, қоғамға, мемлекетке қарсы іс - әрекеттерді жасауға тікелей тиым салады.
Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаев 2005 жылы 18 ақпандағы Қазақстан халқына жолдауында, «Біз алдымызға анық та айқын мақсат қойдық: біз жақсы өмір сүргіміз келді, еркіндікке ұмтылдық, біз бәрінен де бұрын балаларымыз бен немерелеріміздің лайықты өмір сүруін қаладық. Бұған сіздер мен біздер өз ғұмырымыздың біраз жылдарын арнадық. Еңбегіміз еш кеткен жоқ, біз бүгінгідей биікке көтерілдік» - деп атап көрсетті.

. ҚР Конституциясы1995ж
2. ҚР Қылмыстық кодексі. Алматы, 1997
3. Комментарий к уголовному кодексу РК Коллектив авторов. Алматы, 1998.
4. ҚР Азаматтарының денсаулығын сақтау туралы Заңы өзгерістер мен толықтырулармен бірге 22 қараша 1999 ж.
5. Постановления Пленума Верховного Суда СССР «О судебной практике по применению, изменению и отмене принудительных мер медицинского характера» от 26 апреля 1984 г.
6. ҚР Азаматтарына психиатриялық көмек беру және құқығына кепілдік беру жөніндегі Заңы 16 сәуір 1997 ж.
7. Комментарий к Уголовно-исполнительному кодексу Республики Казахстан. Алматы, 1993 г.
8. Ағыбаев А.Н. Қылмыстық құқық (жалпы бөлім). А., 2001ж.
9. Герцензон А. А. Уголовное право, часть общая. М., 1948 г.
10. Уголовное право РК. А., 1998 г.
11. Уголовное право РК. А., 2000 г.
12. Ковалев М.Н. Советское уголовное право. Курс лекции. Вып.1 Введение в уголовное право. Свердловск, 1972 г.
13. Уголовное право РФ /Отв. ред. Б.В.Здравомыслов
Общая часть. М., 1996 г.
14. Утевский Б.С. Уголовное право. Изд. 2-е. М., 1950.
15. Рыжаков А.П. Производство по применению принудительных мер медицинского характера. М., 1997 г.
16. Улицкий С.Я. Особенности правового положения осужденных подвергнутых принудительному лечению от алкоголизма. Владивосток, 1976 г.
17. Овчинникова А.П. Сущность и назначение принудительных мер медицинского характера. М., 1977.
18. Улицкий С.Я. Проблемы принудительных мер медицинского характера. Владивосток, 1973 г.
19. Улицкий С.Я. Правовое регулирование принудительных мер медицинского характера. Владивосток, 1974 г.
20. Общая психология под ред. А.В.Петровского.
М., 1970 г. с.26-28.
21. Тихомиров А.В. Медицинское право практическое пособие. Изд. Статус. М., 1998.

Пән: Құқық, Криминалистика
Жұмыс түрі: Дипломдық жұмыс
Тегін: Антиплагиат
Көлемі: 81 бет
Таңдаулыға:
Жұмыс түрі: Дипломдық жұмыс
Тегін: Антиплагиат
Көлемі: 81 бет
Таңдаулыға:
Жоспар:
Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..3
1-Тарау. Медициналық сипаттағы мәжбүрлеу шараларының ұғымы мен жалпы
сипаттамасы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... 6
1.1 Медициналық сипаттағы мәжбүрлеу шараларының ұғымы, қолданудың негіздері
және
мақсаттары ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... .6
1.2 Медициналық сипаттағы мәжбүрлеу шараларының даму тарихы ... ... 10
2-Тарау. Медициналық сипаттағы мәжбүрлеу шараларының
түрлері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...14
2.1.Емханалық мәжбүрлеп қадағалау және психиаторда
емдеу ... ... ... ... ...14
2.2Мамандырылған үлгідегі психиатриялық стационарда мәжбүрлеп
емдеу ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .15
2.3 Медициналық сипаттағы мәжбүрлеу шараларын қолдану тәртібі ... ... ...16
2.4 Медициналық сипаттағы мәжбүрлеу шараларының мәні оны тағайындау және
жардан
айырмашылығы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... 18
3-Тарау. АЗАЙТЫЛҒАН (ШЕКТЕУЛІ) ЕСІ ДҰРЫСТЫҚ ҰҒЫМЫНА
ОРАЙ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..24
3.1 Есінің дұрыстығын жоққа шығармайтын психикасының бұзылуынан зардап
шегетін адамдардың сипаттамасы және оларға медициналық сипаттағы мәжбүрлеу
шараларын тағайындау негіздері ... ... ... ... ... ... .. ... 24
3.2. Жалған есі дұрыс еместік және қылмыс жасаған алкоголизмнен немесе
нашақорлықтан зардап шегетін адамдарға медициналық сипаттағы мәжбүрлеу
шараларын қолданудан заң жүзінде бас тартудың
негіздері ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..58
Қорытынды ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 79
Қолданылған әдебиеттер
тізімі ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
...83
Кіріспе
Жұмыстың жалпы сипаттамасы.
Диссертациялық жұмыс қылмыстық құқық бойынша медициналық сипаттағы
мәжбүрлеу шараларын қолданудың түсінігі мен негіздеріне арналған.
Зерттеу жұмысында медициналық сипаттағы мәжбүрлеу шараларының даму
тарихы, есі дұрыстық, есі дұрыс еместік және шектеулі (азайтылған) ақыл –
есі дұрыстық ұғымдарына, медициналық сипаттағы мәжбүрлеу шараларының
қолдану мақсаттары мен негіздері, түрлері, сонымен қатар жалған есі дұрыс
еместік (псевданевменяемость) және қылмыс жасаған алкоголизмнен немесе

шараларын қолданудан заң жүзінде бас тартудың негіздері теориялық тұрғыдан
терең зерттелумен бірге қолданылып жүрген заңдарға медициналық сипаттағы
мәжбүрлеу шараларының кейбір нормаларын одан әрі жетілдіру жолдары
іздестірілген.
Зерттеу тақырыбының өзектілігі. 1995 жылғы Қазақстан Республикасының
бүкілхалықтық референдум бойынша қабылданған Конституциясының 1 бабында
Қазақстан Республикасы өзін демократиялық, зайырлы, құқықтық және
әлеуметтік мемлекет ретінде орнықтырады, оның ең қымбат қазынасы – адам
және адамның өмірі, құқықтары мен бостандықтары - деп атап көрсетеді.
Яғни, заң адамзатқа, қоғамға, мемлекетке қарсы іс - әрекеттерді жасауға
тікелей тиым салады.
Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаев 2005 жылы 18
ақпандағы Қазақстан халқына жолдауында, Біз алдымызға анық та айқын мақсат
қойдық: біз жақсы өмір сүргіміз келді, еркіндікке ұмтылдық, біз бәрінен де
бұрын балаларымыз бен немерелеріміздің лайықты өмір сүруін қаладық. Бұған
сіздер мен біздер өз ғұмырымыздың біраз жылдарын арнадық. Еңбегіміз еш
кеткен жоқ, біз бүгінгідей биікке көтерілдік - деп атап көрсетті.
Аталған сөз еліміздің тәуелсіз мемлекет болып жарияланғанына он бес
жылдан астам уақыт мөлшері және осы жылдардың ішінде еліміз әлем сахнасы
төрінде беделді орынға ие болып, көптеген жетістіктерге қол жеткізгенінен
туындағанына көзіміз жетеді.
Мемлекетімізде орын алып жатқан осындай оңды жетістіктерімізбен бірге
қоғамның одан әрі қалыпты дамуына кедергі келтіріп жатқан жағымсыз
құбылыстар да бар. Қоғамға жат құбылыстардың бірі – қылмыстылық. Соңғы
жылдары елімізде қылмыстардың өсуі байқалады.
Қылмыстылықпен күресуде мемлекет көптеген ұйымдастырушылық шараларын
іске қосуда Қазақстан Республикасының Президенті 2003 жылы 10-шы қыркүйекте
қылмыспен қарсы күрес мәселелері бойынша Республикалық кеңесте сөйлеген
сөзінде қылмыспен күрес ортақ іске үлес қосқандық деп атап көрсетіп, осы
істі жүзеге асырудың нақты он түрлі жолын қадап айтты.
Дегенмен, қылмысқа қарсы күрестің бірі – кінәлі адамды қылмыстық заңға
сәйкес жауапқа тартуда оның есінің дұрыстығын, яғни қылмыс жасағаннан кейін
есінің дұрыстығын жоққа шығармайтын психикасының бұзылуынан зардап
шегетіндерге медициналық сипаттағы мәжбүрлеу шараларын қолдануды дұрыс
тағайындау болып табылады.
Қазақстан Республикасындағы 1997 жылы қабылданған қылмыстық кодексінде
медициналық сипаттағы мәжбүрлеу шаралары институтына ерекше мән берілген.
Бірақ, бұл мәселе әлі күнге дейін теориялық негізде зерттелмеген.
Осыған орай сот тәжірибесінде медициналық сипаттағы мәжбүрлеу шараларына
байланысты біркелкі қағида қалыптаспаған.
Қазақстан Республикасы Жоғарғы Соты осы мәселеге ерекше мән береді.
Оның айғағы: Қазақстан Республикасының Жоғарғы Соты Пленумының 1999 жылғы
9 шілдедегі Медициналық сипаттағы мәжбүрлеу шараларын қолдану жөніндегі
сот сот тәжірибесі туралы №8 қаулысы;
Медициналық сипаттағы мәжбүрлеу шараларын қолдану жөніндегі сот
тәжірибесі туралы Қазақстан Республикасының Жоғарғы Соты Пленумының 1999
жылғы 9 шілдедегі қаулысына өзгешеліктер мен толықтырулар енгізу туралы
2002 жылғы 15 тамыздағы №18 нормативтік қаулысы; Ауруға шалдығуына
байланысты жазаны өтеуден одан әрі босату туралы Қазақстан Республикасы
Жоғарғы Сотының 2002 жылғы 11 сәуірдегі №7 нормативтік қаулылары және тағы
басқалары.
Қылмысты жасаушы немесе қоғамға қауіпті іс-әрекетті жасаушы есі дұрыс
адамдардың көпшілігі медициналық мәжбүрлеп емдеуді қажетсінеді.
Сот билігі ҚР Конституциясына сәйкес конституциялық, азаматтық,
әкімшілік және қылмыстық сот өндірісімен жүзеге асырады.
Әрқашанда қоғамға қауіпті қылмысты есі дұрыс адамдар жасай бермейді.
Кейде өзіне төнген қолайсыз зардаптарға байланысты айыптаушы адам, өзінің
әрекетіне есеп және жауап бере алмайтын жан күйзелісі аурумен ауырады.
Барлық осындай жағдайларда оларды мәжбүрлеп емдеу мәселесі қойылады.
Мәжбүрлеп емдеу бұл мемлекеттік мәжбүрлеудің ерекше түрі, есі дұрыс емес
адамның әлеуметтік қорғалуының ерекше шарасы ретінде қарастырылады.
Көрсетілген адамдар жөніндегі медициналық сипаттағы мәжбүрлеу шараларын
қолданғанда сот олардың жаңадан қоғамға қауіпті іс- әрекеттерді жасаудан
сақтандыруы, ондай адамдардың жеке басын қорғауда және дұрыс емдеуді жүзеге
асыру мақсатын көздейді, психикалық ауруға душар болған адамдарға жаза
тағайындау ізгілік және әлеуметтілік әділеттілік принциптеріне қайшы
келеді.
Сондықтан да есі дұрыс емес адамдар қылмыс істесе, қылмыстық
жауаптылықтан босатылады.

сипаттамасы.

және мақсаттары.
Қылмыстық заң есі дұрыс емес түрде қоғамға қауіпті іс-әрекеттер жасаған
немесе мұндай іс-әрекеттерді есі дұрыс күйде жасаған, бірақ сот үкімі
шыққанға дейін немесе жазасын өтеген кезде өз әрекеттері жөнінде өзіне есеп
беру немесе өз әрекетін басқару мүмкіндігінен айыратын психикалық аурумен
ауырған, сондай-ақ дұрыстығын жоққа шығармайтын психикасының бұзылуын
зардап шеккен адамдарға медициналық сипаттағы мәжбүрлеу шараларын қолдануды
белгілейді.
Медициналық сипаттағы мәжбүрлеу шараларын қолданудың бірден бір негізі
болып есі дұрыс адамның қоғамға қауіпті әрекеті танылады. Ол қылмыстық
заңмен көзделген жаңа іс-әрекетті жасаудың нақты мүмкіндігімен көрініс
табады.
Қоғамға қауіпті іс-әрекеттерді жасағаннан кейін есі ауысқан аурумен
ауырған адамдарға да жаза тағайындау тиімсіз болады. Өйткені мұндай адамдар
өзіне-өзі есеп беру немесе өз әрекетін басқару мүмкіндігімен айыратын есі
ауысқан аурумен ауыруына байланысты айналада болып жатқан құбылысты
қабылдай алмайды, сондықтан да оған тағайындалған жаза өз мақсатына
жетпейді.
Қылмысты маскүнемдікпен, нашақорлықпен немесе уытқұмарлықпен ауыратын
адамдар жасаған ретте сот дәрігерлік комиссияның қорытындысы бойынша ондай
адамдарға жазаман қатар еріксіз емдеу шараларын қолдана алады.
Медициналық сипаттағы мәжбүрлеу шаралары тек сот арқылы мемлекеттік
шара ретінде тағайындалады. Мұндай шараны жаза деп санауға болмайды,
өйткені мұндай жазаға тән белгі — түзеу белгісі жоқ. Керісінше, мұндай
емдеу шараларын қолдану құқық бұзушының мүддесіне сай келеді. Бұл шарт сот
үкімімен емес, сот қаулысы бойынша тағайындалады. Сондықтан да мұндай шара
тағайындалған адамдар сотталған адам қатарына жатқызылмайды, оған
қолданылған шара оларды емдеуге, олардың тарапынан қоғамға қауіпті іс-
әрекеттердің қайталанбауына жасалған сақтандыру, олардың құқық қорғайтын
мүддесін қорғау болып табылады. Сонымен медициналық сипаттағы мәжбүрлеу
шаралары жазадан оны қолданудың негізі мен мақсаты, мазмұны және заңдылық
маскүнемділікпен, нашақорлықпен немесе уытқұмарлықпен ауыратын адамдарға
қолдану барысында да жазаның белгісі — түзеу элементі жоқ, сондықтан да
мұндай шара жаза болып саналмайды. Бірақ бұл шара қылмысты есі дұрыс күйде
істеген адамдарға тағайындалған жазамен бірге оларды емдеу және жазаның
көзделген мақсатына жету үшін тиісті жағдайлар жасау мақсатына
тағайындалады.
Кінәлінің қоғамға қауіптілігі екі фактормен анықталады: а) істелінген
іс-әрекеттің сипатымен және б) есі дұрыс емес адамның психикалық
жағдайымен1.
Медициналық сипаттағы мәжбүрлеу шаралары қоғамға қауіпті іс-әрекет
жасаған есі дұрыс емес адамдардың мына үш категориясына қолданылады:
1) Қылмыстық заң тек есі дұрыс адамдарға ғана қолданылады. Кінәлілік
қасақаналылық немесе абайсыздықтың кінәлілігінің тікелей логикалық
алғышарты. Есі дұрыстық жоқ жерде кінә де жоқ, яғни қылмыстық және жаза да
жоқ.
Қылмыстық жауаптылыққа және жазаға қылмысты жасаған кінәлі адам ғана
жатқызылады. Қоғамға қауіпті іс-әрекеттерді жасау барысында есі дұрыс
еместік жағдайында болған адам қылмыстың субьектісі болып танылмайды және
қылмыстық жауаптылыққа тартылмайды, мұндай адамдарға тек медициналық
сипаттағы мәжбүрлеу шаралары қолданылады2.
Кейбір процессуалистер мисоли Б.А Протченко кінәсі жоқ ауруларды
Денсаулық сақтау министрлігінің психиатриялық ауруханасына орналастыруды ал
қылмыскерлерді (қылмысты жасағаннан кейін) ауырған 11М жүйеснің арнайы
психиатриялық мекемесіне орналастыруды ұсынды.
Көптеген процессуалистердің пікірінше медициналық сипаттағы мәжбүрлеу
шаралары қылмыстық жаза болып танылмайды. Сонымен бірге олар адамның
белгілі бас бостандығын шектеумен, емдеу барысында мәжбүрлеуді қолдаумен
байланысты, бұл шараны тек сот қана тағайындайды.
Есі дұрыс еместік жағдайына заң қоғамға қауіпті іс-әрекетті жасау
барысында өзінің әрекетіне жауап бере алмайтын немесе созылмалы науқастық
кемақылдық немесе басқа да науқастық жағдайлар жатқызылады.
Осы ұғымда есі дұрыс еместінің екі белгісі біріктірілген: медициналық,
психикалық аурулардың белгілі бір формаларының жалпыланған тізімі және
құқықтық өзінің іс-әрекетінің немесе оны басқаруға деген қабілетсіздігі.
Медициналық критерии науқасты тануға деген қажеттілік,
науқасты диагнозын қою, бұл өздігінен өзі көп жағдайларда есі дұрыс
еместік мәселесін шешуге жеткіліксіз жағдай болып танылады.
Созылмалы жан күйзелісі ауруларының ішінде кең тараған қояншық және
эпилепсияның өзі барлық жағдайларда жасалынған іс-әрекеттерге қатысты
барлық жағдайларда есі дұрыс емес деп танылмайды. Сондықтан есі дұрыс
еместіктің жағдайын анықтайтын критерий болып құқықтық критерий танылады.
Онда мынадай екі белгі ажыратылады: интеллектуалды - өзінің іс-
әрекетінің маңызын түсінуге деген қабілетсіздігі немесе еріктілік - оны
басқаруға деген қабілетсіздік4.
Сонымен бірге құқықтық критерииді интеллектуалдық және еріктілік
белгілеріне бөлу көп жағдайларда шартты сипатқа ие. Еріктілік қызметі оның
жүзеге асырып жатқан психикалық процестерінің сипаты және күш жігерінің
Құқықтық критерий бұл заңгерлер, сондай-ақ сот психиатрларының қызметі
жалғасатын әрекет. Осы жерде құқықтық және медициналық критерилер өзінің
бірлігін табады, сондай-ақ есі дұрыс еместіктің ұғымы анықталады.
Медициналық критерий есі дұрыс еместіктің жағдайын анықтайтын
психикалық сырқаттардың нысанын көрсетеді.
ҚК — тің 89 бабында медициналық сипаттағы мәжбүрлеу
шараларын қолданудың 3 түрлі мақсаты аталған.
а) ҚК — тің 89 бабының 1 бөлімінде аталған тұлғаларды емдеп шығару.
Медициналық сипаттағы мәжбүрлеу шаралары өзінің мазмұны бойынша
медициналық шаралар болып табылады, сондықтан олардың ең алғашқы кезектегі
мақсаты бұл шаралар қолданылған тұлғаларды сауықтырып шығару болып
табылады.
б) Олардың психикалық жай — күйін жақсарту.
Медициналық сипаттағы мәжбүрлеу шаралары қолданылатын тұлғаның
психикалық күйінің жақсаруы бұл тұлғаның түпкілікті сауыққанын білдірмесе
де, психикасындағы оң өзгерістерге байланысты ол енді бұрынғыдай қауіп
төндірмейтіндігінін білдіреді.
в) Олардың ҚК — тің ерекше бөлімінің баптарымен жауаптылық көздейтін жаңа
әрекеттер жасауының алдын алу.
Медициналық сипаттарды мәжбүрлеу шараларын қолданудың негізгі мақсаты
олар қолданылып отырған тұлғаның емделуі барысында да, емделуі аяқталған
соң да жаңа қылмыстар жасауының алдын алу болып табылады.
Бұл мақсатқа психиканың бұзылуына ұшыраған және қоғамдық қауіпті
әрекет жасаған тұлғаны қоғамнан оқшауландыру немесе оның психикасының күйін
жақсарту арқылы қол жеткізуге болады.
Сонымен бірге медициналық сипаттағы мәжбүрлеу реттейтін
заңшығарушы және басқа да құқықтық нормаларды талдау,
және оларды қолдану тәжірибесін зерттеу, біздің ойымызша
медициналық сипаттағы шаралыры мынадай мақсаттарды көздейді:
1) Есі дұрыс емес адамдардың жаңа қоғамға қауіпті іс-ірекетін
ескерту (қоғамды осындай іс-әрекеттерден қорғау);
2) есі-дұрыс емес тұлғаны қорғау;
3 ) есі дұрыс емес адамды емдеу және әлеуметтік қайта бейімдеу;
Есі дұрыс емес адамдардың жаңа қоғамға қауіпті іс-әрекеттін ескерту
мынадай әрекеттерден тұрады жаңа қоғамға қауіпті әрекеттерді жасаудың нақты
қауіптілігін болдырмау арқылы білінеді.
Есі дұрыс емес тұлғаны қорғау есі дұрыс емес тұлғаның өзін-өзі өлтіруге
немесе өзінің денсаулығына зиян келтіруіне, сондай-ақ үшінші адам тарапынан
құқыққа қайшы іс-әрекеттер болдырмауын қарастырады.
Есі дұрыс емес адамды емдеу және әлеуметтік қайта бейімдеу психикалық
аурудан емдеу және оны әлеуметтік пайдалы қызметке қайта бейімдеуден
көрінеді.
Медициналық сипаттағы мәжбүрлеу шаралары есі дұрыс емес адамның
мүддесін қоғамның мүддесімен үйлесімділікпен келістіріледі7.
1.2 Медициналық сипаттағы мәжбүрлеу шараларының даму тарихы.

шара ретінде тағайындалады.
Медициналық сипаттағы мәжбүрлеу шараларының мазмұнын қарастырмас
бұрын, осы салаға қысқаша тарихи – құқықтық шолу жасаған дұрыс деген
ойдамын.
Орта ғасырлық Ресейде Батыс Еуропа елдерімен салыстырғанда ақыл – есі
кем адамдарды жынды (бесный), жарым ес (уродливый), диуана (блаженный)
қатаң қудалау болмаған.
1669 жылы патша Алексей Михайлович шығырған Собор заңдар жинағының
(Соборное уложение) 79-бабында адам өлтірген жындының (бесный)
кінәсіздігі туралы ереженің пайда болуымен осындай адамдардың кейінгі
тағдыры туралы мәселе туындады.
Ғалымдардың зерттеулеріне қарағанда, Ресейде князь Владимирдің 996 жылы
шығарған шіркеу жарғысының негізінде көптеген жынды (бесный) монастырьге
қамалып, олардың бойындағы жын – шайтанды қуу шаралары жасалды.
Дегенмен, жындының (бесный) бәрі монастырьдің қамқорлығына алына
бермейтін. Аталмыш Алексей Михайлович патшаның тұсында 1658 жылдың 14
ақпанында Ресейдің барлық әскер басшыларына патша жарлығы жеткізіліп, онда
былай делінген болатын: ... Зұлым адамдарды және құдайдың дұшпандарын
бұдан былай олардың зұлым істері ешкімнің есіне түспейтіндей еш аямастан
шегенге салып өртеу керек, ал олардың үйлері жермен жексен етілсін.
1761 жылы III Петр мынандай бұйрық шығарады:
Есалаңдарды монастырьға орналастырылмасын, оларға шетелдік мемлекеттердегі
доллгауз сияқты арнайы үй салынсын, ал 1762 жылдың 3 шілдесінде II
Екатерина жарлыққа қол қойып, бірақ оны былайша өзгертеді: Ресейде
есалаңдарды асырап ұстауға арнайы үйлер жоқ болғандықтан, оларды ыңғайлы
монастырьде белгіленген жан – деп белгілейді.
1766 жылы II Екатерина ақыл – есі кем құқық бұзушыларға арнап доллгауз
салуды бұйырады.
XIX ғасырдың басында қоғамға қауіпті іс - әрекет жасаған ессіз және
жынданған адамдарды әдеттегі түрмелерге жабатын болды.
1845 жылы Жаза туралы заңдар жинағының 95-бабында ессіздер не
жынданғандар кісі өлтіргені үшін есінен айырылғандар үйлеріне қамайтын.
1903 жылғы Қылмыстық заңдар жинағының 39-бабында есі дұрыс емес күйде кісі
өлтірген, денсаулыққа ауыр зиян келтірген, әйел зорлаған, өрт қойған немесе
осындай әрекет жасамақ болған адам міндетті түрде психиатриялық диспансерге
орналастырылуы тиіс деп белгіленген болатын.
1919 жылы қабылданған РСФСР Қылмыстық құқығының негіздерінде, есі дұрыс
емес күйде қоғамға қауіпті іс - әрекет жасаған адамдарға емдеу шараларын
және сақтық шараларын қолдану ұсынған.
Қазақстанда тұңғыш рет Қылмыстық Кодекс 1959 жылы 22 шілдеде
қабылданып, 1960 жылдың 1 қаңтарынан бастап күшіне енді. Қазақ ССР
Қылмыстық Кодексінде медициналық сипаттағы мәжбүрлеу шаралары туралы
мәселені көтермеді.
1988 жылы Қазақ ССР Қылмыстық Кодексінің жалпы бөліміндегі
V бөлімі медициналық және тәрбиелік сипаттағы еріксіз шаралар
туралы, яғни 49 – 1 – статьяда есі ауысқан медициналық сипаттағы еріксіз
шараларды қолдануды енгізуді және медициналық сипаттағы еріксіз шаралардың
түрлері көрсетілді.
1991 жылы КСРО және Одақтық Республикалардың Қылмыстық заңнамасы
негіздеріне пайдалана отырып, қоғамға қауіпті іс - әрекет жасауының алдын
алу, олардың жеке басын күзету және емдеу мақсатында оларға медициналық
сипаттағы мәжбүрлеу шараларын қолдану қарастырылды.
Еліміз егемендік алып, тәуелсіз Қазақстан мемлекетінің құрылуына
байланысты 1991 жылдан бастап республикамызда әлеуметтік – экономикалық,
саяси ұйымдастырушылық зор өзгерістер болды, жаңа мемлекет, жаңа қоғамдық
құрылысқа бұрынғы заңдар, оның ішінде қылмыстық заңдар да сәйкес келмеді.
Қолданылып жүрген қылмыстық кодекске 1997 жылға дейін 160-тан астам
өзгертулер мен толықтырулан енгізілді. Осыған орай елімізде жаңа қылмыстық
кодекс қабылдану қажеттілігі туынадады. 1994 жылы Қылмыстық кодекстің
жобасын әзірлеу қолға алынды.
1997 жылы 16 маусымда Қазақстан Республикасының Жаңа Қылмыстық Кодексі
қабылданды, ол 1998 жылдың 1 қаңтарынан күшіне енді. Жаңа қылмыстық
кодекстің VII бөлімінде Медициналық сипаттағы мәжбүрлеу шаралары жеке
институт ретінде қарастырылды.
Бірақта 1997 жылы қабылданған Жаңа Қазақстан Республикасы қылмыстық
кодексінің VII бөлімінде Медициналық сипаттағы мәжбүрлеу шараларының
анықтамасы берілмеген. Медициналық сипаттағы мәжбүрлеу шараларының ұғымына
сәйкес мәселеге келгенде, бірқатар авторлардың ұсынған ой – пікірлеріне
тоқталдым. Диссертацияда осындай ғылыми пікірлерге талдау жасалына отырып,
медициналық сипаттағы мәжбүрлеу шараларына қылмыстық құқықтық анықтама
берілген.
Бұл адам ұғынатын ерікті мінез – құлық ұстану қабілетін қалпына
келтіргенге дейін құқықтық қатынастар бір жақты күзету сипатында болады. Ал
осы адам ұғынатын ерікті мінез – құлық ұстану қабілетін қалпына келтірген
соң құқықтық қатынас әдеттегі қылмыстық – құқықтық сипатқа ие болады да,
адам қылмыстық жауапқа тартылуы және жазалануы тиістілігіне талдау
жасалған.

түрлері
2.1. Емханалық мәжбүрлеп қадағалау және психиаторда емдеу
Медициналық сипаттағы мәжбүрлеу шараларының түрлері оны тағайындаудың,
өзгерудің және тоқтатудың тәртібі Қазақстан Республикасы Қылмыстық
кодксінің 90 бабында белгіленген. Заңда медициналық сипаттағы
мәжбүрлеу шараларының төрт түрі көрсетілген8.
Емханалық мәжбүрлеп қадағалау мен психиаторда емделу — медициналық
сипаттағы мәжбүрлеу шараларының неғұрлым жеңілдеу түрі болып табылады,
себебі бұл шараның қолдануына қатысты тұлғаның құқұықтарын ең аз деңгейінде
шектейді.
Бұл шара — адамды қоғамнан оқшаулауға әкеліп соқтырмайды.
Медициналық сипаттағы мәжбүрлеу шараларының бұл түрін қолдану үшін
қажетті негіздер басқа түрлерді де қолданудағы сияқты болып келеді тұлғаның
қылмыстық заңда қарастырылған әрекет жасауы және психикасының бұзылуы
немесе алкоголизмнен, нашақорлықтан, уытқорлықтан емге мұқтаж болуы.
Емханада мәжбүрлеп қадағалау мен психиаторда емдеу есі дұрыстығын жоққа
шығармайтын психикалық бұзылуға ұшыраған тұлғаға (ҚК 17-бап қара). Және
қылмыс жасаған әрі алкоголизммен, нашақорлықтан, уытқылықтан емге мұқтаж
тұлғаларға қатысты жазаға қоса тағайындалады.
Есі дұрыс емес жағдайда ҚК— тің ерекше бөлімінің баптарында көзделген
әрекеттер жасаған немесе қылмыс жасағаннан кейін психикасының бұзылуы орын
алған тұлғаларға медициналық сипаттағы мәжбүрлеу шараларының аталған түрі,
егер де оның жасаған әрекеті қоғамға үлкен қауіптілік келтірілмейтіндей,
аурудың өзі де өзі үшін немесе айналасындағылар үшін қауіптілік
төндірмейтін, әрі психиаторлық стационарға орналастыруды қажет етпейтіндей
жағдайда ғана қолданылады.
Бұл шара мұндай тұлғаларға қатысты жаза қолданылатындай жағдайда бас
бостандығынан айыруға байланысты жазаларға ұшыратпайтындай әрекеттер
жасаған үшін қолданылуы тиіс.
Тиісінше, медициналық сипаттағы мәжбүрлеу шараларының аталған түрі
мынадай жағдайларда тағайындалады, егер адам емдеу үшін арнайы жағдайларда
және стационарлы жағдайларда тұрақты қаржы қажетсінбесе өзіне немесе басқа
да адамдарға қауіптілік келтірмесе онда мұндай адамдар үшін мәжбүрлі, яғни
міндетті, дәрігер психиатрда үздіксіз бақылауда және емдеуде болуы
жеткілікті.9
Медициналық сипаттағы мәжбүрлеу шараларының келесі түрі жалпы үлгідегі
психиаторлық стационарда мәжбүрлеп емдеу.
Тұлғаны психиатриялық стационарға орналастыруға байланысты мәжбүрлеу
шаралары емханада мәжбүрлеп қадағалап, психиатрда емдеуге қарағанда адамның
бостандығы мен құқықтарын көбірек деңгейде шектейді, себебі бұл шараларды
қолдану айналадағылардан оқшаулауға ұласып, адам бостандығы мен
құқықтарының айтарлықтай дәрежеде шектелуіне әкеліп соқтырады.
2. Жалпы үлгідегі психиатриялық стационарда мәжбүрлеп емдеу
Жалпы үлгідегі психиатриялық стационарға орналастыру үшін
төмендегідей негіздер болуы керек
а) орналастыратын тұлғаның өзі үшін де, айналасындағылар үшін де
қауіптілігі;
5) тұлға психиатриялық стационарға орналастырылған күнде оның психикасының
күйінің айтарлықтай нашарлап кетуі мүмкіндігі туралы қауіптенудің. Мұндай
қауіптену өткізілген психиатриялық тексерудің нәтижелерімен негізделген
болуы керек.Жалпы үлгідегі психатриялық стационарға орналастыратын тұлға
өзінің іс-әрекетімен жеке өз басына, сондай-ақ айналасындағы қоршаған
адамдар үшін де қауіпті.
Тұлғаны психиатриялық стационарға орналастырмаған күнде оның
психикасының күйінің айтарлықтай нашарлап кетуі мүмкіндігі туралы қауіптің
нақты болуы оны анықтау үшін психиатриялық тексеріс жүргізілуі қажет.
Психиатриялық аурумен ауыратын науқас мәжбүрлі түрде егер оны немесе
емдеу тек стационарлық жағдайларда ғана мүмкін болса соттың қаулысымен
психиатриялық стационарға мәжбүрлі түрде жатқызылады, ал психикалық
бұзылу ауыр және мына мәселелерді қамтиды:
а) оның тікелей өзіне және басқаларға қауіптілігі;
б) оның көмекке зәрулігі, өмірдің негізгі қажеттіліктерін дербес
қанағаттандыра алмауы;
в) психикалық жағдайының нашарлауына байланысты оның денсаулығын елеулі
зиян келтіру, егер адам психиатриялық көмексіз қалдырма.
Мұндай жағдайларда психиатриялық куәландыру жөніндегі шешім дәрігер-
психиатриямен дербес осындай куәландыру үшін негіз болған жағдайда
қабылданады.
Психиотриялық куәландыру жөніндегі шешім дәрігер-психиатрмен бірден
қабылданады және медициналық құжаттарды жазумен рәсімделеді.
3. Мамандырылған үлгідегі психиатриялық стационарда мәжбүрлеп емдеу
Мамандандырылған үлгідегі психиатриялық стационарға үнемі қадағалау
мен стационарлық жолмен емделуді қажет ететіндер ғана орналастырылады.
Бұлардың қатарына қашып кетуге, күш көрсетуге бейім тұратын,
дәрігерлермен немее басқа аурулармен жанжалдаса беретін, үнемі қоғамдық
қауіпті әрекеттер жасайтындарды жатқызуға болады.
Мамандандырылған үлгідегі психиатриялық стационар дегеніміз жан
күйзелісімен ауыратын науқастарды медициналық сипаттағы мәжбүрлеу
шараларымен емдеу үшін арнайы осындай типтегі стационарда емдеу.
Қашып кетуге бейім тұратын науқастар деп медициналық сипаттағы
мәжбүрлеу шараларына мойынұсынғысы келмейтін тұлғаларды жатқызамыз.
Күш көрсетуге бейім тұратын науқастар деп медициналық сипаттағы
мәжбүрлеу шараларын қолданғысы келген медицина қызметкерлеріне күш
көрсететін тұлғаларды айтамыз.
Дәрігерлермен басқа аурулармен жанжалдаса беретін, үнемі қоғамдық
қауіпті әрекеттер жасайтын науқастар дегеніміз: өзінің іс әрекетінде
психиатриялық стационарда медицина қызметкерлерімен немесе басқа науқас
адамдармен немесе осы адамдардың іс-әрекеті қоғамдық қауіпті әрекеттер
екендігін ұғындыратын жағдайлар жатқызылады.
Сонымен бірге осы аталған топқа үнемі қоғамдық қауіпті әрекеттер
жасайтын адамдарды жатқызамыз.
Үнемі қоғамдық қауіпті әрекеттер дегеніміз өзінің іс-әрекетінде
қоғамдық қауіпті әрекеттерін үздіксіз жүргізетін науқастарды жатқызамыз.
Интенсивті қадағалайтын мамандандырылған үлгідегі психиатриялық
стационарда мәжбүрлеп емдеу өзінің психикалық жай-күйі мен жасаған қоғамдық
әрекетінің сипаты бойынша өзіне немесе басқа адамдарға айрықша қауіпті
болған тұрақты және интенсивті қадағалауды талап ететін адамға тағайындалуы
мүмкін.
Мамандандырылған үлгідегі психиатриялық стационарға қарқынды түрде
бақылап отыру жолымен орналастыру — ҚК-і бойынша ауыр және аса ауыр
қылмыстарға жататын әрекеттерді жасауға бейім немесе жасаған, яғни
айналасындағылар үшін аса қауіпті болып табылатын тұлғаларға қатысты іске
асырылады. Бұл шара, сонымен қатар, бұрын медициналық сипатттағы мәжбүрлеу
шарасы қолданылғанына қарамастан қоғамдық қауіпті әрекеттерді үнемі жасап
келе жатқан тұлғаларға да қолданылады.
ҚК-і бойынша ауыр қылмыс деп жасалғаны үшін осы кодексте көзделген ең
ауыр жаза он екі жылға бас бостандығынан айырудан аспайтын қасақана
жасалған әрекет ауыр қылмыс деп танылады.
ҚК-і бойынша аса ауыр қылмыс деп жасалғаны үшін осы он екі жылдан астам
мерзімге бас бостандығынан айыру түріндегі жаза немесе өлім жазасы
көзделген қасақана жасалған әрекет аса ауыр қылмыс деп танылады.
Осындай тұрғыдағы қылмыстарды жасаған адамдарға аталған іс-әрекет
қолданылады.
Сонымен қатар бұл іс-әрекет бұрын медицина сипаттағы мәжбүрлеу шарасы
қолданылғанына қарамастан қоғамдық қауіпті әрекеттерді үнемі жасап келе
жатқан тұлғаларға да қолданылады.
Адамды жеткіліксіз негіздермен психиатриялық стационарға орналастыруға
кінәлі тұлға тәртіптік немесе қылмыстық жауаптылыққа тартылады (ҚК 127
бап). Кейде психиатриялық стационарларда осында орналастырылған тұлғаның
қоғамдық қауіпті әрекеттерін болдырмаудың, дәрігер - психиатрдың пікірінше,
өзге әдістері қалмаған жағдайда, белгілі бір уақыттары жеке ауруға
байланысты күш қолдануға тура келеді. Күшпен ықпал жасау
шарасын қолданудың уақыты мен түрлері туралы медициналық құжаттарға
тиісті жазулар енгізіледі. Психиатриялық стационарда емделушілерге қарсы
жеткіліксіз негізде күшпен ықпал керсету шарасын қолдану
немесе оны қолдану туралы заңсыз түрде бұйрық беру жеке басқа қарсы
жасалған қылмыс үшін қылмысты жауаптылыққа соқтырады.
4. Медициналық сипаттағы мәжбүрлеу шараларының мәні оны тағайындау және
жардан айырмашылығы
Медициналық сипаттағы мәжбүрлеу шаралары қылмыстық жаза сияқты
мемлекеттік мәжбүрлеу болып танылады. Бірақта өзінің мазмұны, мәні және
мақсатына сай мәжбүрлеп емдеу жазадан ерекшеленеді.
Жаза тек қылмыс жасаған кінәлі адамдарға ғана қолданылады. Мәжбүрлеп
емедеу өзінің психикалық жағдайына байланысты қоғамға қауіп келтіретін есі
дұрыс емес адамдарға тағайындалады. Есі дұрыс емес адаммен жасалған қылмыс
деп танылмайды, ал есі дұрыс емес адам қылмыскер деп танылмайды.
Жаза қылмыстық құқықтық салдары бола отыра кінәліні белгілі бір
игіліктерден айырады, оған белгілі қайғы әкеледі және мемлекеттің кінәлінің
әрекетіне байланысты жағымсыз бағаланады. Осы жерден жазаның қатал белгісі
көрініс табады. Медициналық сипатта мәжбүрлеу шаралары қылмыстық ізі және
қылмыстық жауапкершілікті көрініс боп табылмайды.
Жазаға қарағанда мәжбүрлеп емедеу соттылықа алып келмейді. Есі дұрыс
емес адамдар рақымшылық жасау немесе кешірім жасауға жіберілмейді.
Қылмыстық жаза мерзімдерімен шектеледі, мәжбүрлеп емдеудің ұзақтығы
науқастың психикалық жағдайына байланысты. Мәжбүрлеп емдеудің мерзімдері
сотпен анықталмайды. Мәжбүрлеп емдеу қоғамға қауіптілікті жоққа шығаратын
немесе осы қауіптілікті өзгертетін науқастың жан күйзелісі сауығуына немесе
өзгеруіне байланысты тоқталады немесе өзгереді.
Жаза шартты болуы мүмкін, ал мәжбүрлеу шаралары әрқашанда шартсыз
болады.
Жаза және мәжбүрлеу шаралары әрқашанда әртүрлі мақсаттарды көздейді.
Жаза сотталушыларды түзеуге және қайта тәрбиелеуге бағытталады.
Мәжбүрлеп емедеу басқа да бағыттарды көздейді. Мәжбүрлеп емдеу есі
дұрыс адамдардың қоғамға қауіпті әрекеттерін әлеуметтік қорғаудың ерекше
шарасы болып табылады.
Сонымен медициналық сипаттағы мәжбүрлеу шаралары деп есі дұрыс еместік
жағдайында немесе одан кейін жан күйзелісімен ауырған, өзінің әрекетін
түсінуге мүмкіндігі немесе осындай қоғамға қауіптілікті түсінетін
денсаулықтың психикалық жағдайын және көрсетілген іс-әрекеттің сипатының
жиынтығын қамтитын ұғымды айтамыз.
Мәжбүрлеп емдеуді қолдануды мемлекеттің есі дұрыс емес адамның жасаған
іс-әрекетіне биліктің әрекетінен көрініс беретін қоғамға қауіпті
әрекеттерді есі дұрыс емес адамның бас бостандығын айыру арқылы көрінеді.
Сондықтан мемлекет соттық шектеулі құзіретіне мәжбүрлеп емдеуді
қолдану, тоқтату немесе өзгертуді жатқызады. Мәжбүрлеп емдеуді тағайындау
жөніндегі соттық анықтамасын орындайтын органда оны өзгертуге немесе
тоқтатуға құқылы.
Осы жерде мәжбүрлеп емдеуді қолдану, өзгерту немесе тоқтату қылмыстық
және қылмыстық іс жүргізу заңдарында белгіленген тәртіппен емес, тек
қоғамға қауіпті әрекет жасаған қылмыстың заңмен көзделген әрекеттер үшін
жасалады.
Мәжбүрлеп емдеу ерекше жекелеген режиммен сипатталады, оған қоғамға
қауіптілік дәрежесіне есі дұрыс адамдар тартылады.
Қоғам үшін аса қауіпті есі дұрыс емес адамдар күшейтілген қадағалау
жағдайындағы арнайы типтегі психиатриялық ауруханаларға жіберіледі.
Есі дұрыс емес адамдарға қатысты мәжбүрлеп емдеуді тағайындау
қылмыстық жазаны тағайындау ұғымымен сиыспайды. Қылмыс істеген маскүнемдер
және нашақорларды емдеу қылмыстық жазадан айырмашылығы бар және осыған сай
тағайындалады. Маскүнемдік немесе нашақорлық негізінде қылмысты жасау есі
дұрыстық науқасының сипаты болмайды, қылмыстық жауаптылықты жоққа
шығармайды, керісінше кейбір жағдайларда кінәлінің аса қауіптілігін
білдіреді. Сондықтан маскүнемдік немесе есірткі тұтыну негізінде қылмысты
жасау жан күйзелісі ауруы сипатында болмайды, қылмыстық жауаптылықты
жоққа шығармайды 10.
Маскүнемдікпен, есірткі немесе уытқұмарлық аурумен ауыртып, есі
дұрыстықты жоққа шығармайтын психикалық бұзылумен ауыратын адамға қатысты
сот үкімді шығара отыра осы адамға қатысты мәжбүрлі емдеуді тағайындау
мәселесін шешеді.
Егер мұндай емдеу бас бостандығынан айыру үкіміне кесілген адамға
тағайындалса, онда сот үкімі бойынша осы сотталушы жазаны өтеп жатқан түзеу
мекемелерінде қолданылады.
Тәжірибе көрсеткендей, кейбір жағдайларда жоғарыда көрсетілген аурулар
жазаны өтеу процесінде ғана анықталады. Мәжбүрлі емделуден жалтара отыра,
көптеген сотталушылар өздерінің маскүнем, нашақор және уытқұмарлық ауруымен
науқастанатындығын жасырғысы келеді. Осындай мүмкіндікті ескере отыра түзеу
мекемесінің әкімшілігіне заң мынадай құқық береді, сотталушы психикалық есі
дұрыстықты жоққа шығармайтын маскүнемдікпен, нашақорлықпен немесе
психикалық бұзылуды көрсетеді.
Осы үшін мекеме бастығы сотқа тиісті мәжбүрлеп емдеуді тағайындау
жөніндегі тиісті ұсыныс жібереді.
Мәжбүрлеп емдеу осындай емдеуді ұйымдастыру үшін арналған арнайы түзеу
мекемелерінде жүзеге асырылады. Бұл мекемелер ҚАК 97 бабы 2 тармағының
негізінде құрылады. Осы мекемелердің медициналық мекемелері осындай емдеуді
жүзеге асыру үшін қажетті дәрігер-нарколог
және басқа да мамандар персоналымен жасақталады.
Сотталушы (алты айдың ішінде бір рет) дәрігер-психиатрлардың
куәландыруына жатқызылады, олар мәжбүрлеп емдеуді ұзарту, өзгерту немесе
тоқтату жөнінде шешім қабылдайды. Егер комиссия мәжбүрлеп
емдеуді тоқтату немесе өзгерту жөніндегі негіздерді қарастырмаса — ол
өзінің қорытындысын сотқа жібереді, ол өз кезегінде емді ұзарту жөніндегі
шешімді қабылдайды. Мәжбүрлеп емдеуді бірінші рет ұзарту емдеу басталған
кезден бастап алты айдың ішінде жүргізіледі, одан кейін ұзарту жыл сайын
жүргізіледі. Науқастың жағдайы елеулі өзгерген жағдайда медициналық
комиссиямен тексеру көрсетілген мерзімнің өтуіне байланысты емес
жүргізіледі. Мәжбүрлеп емдеу соттың медициналық комиссиясының ұсынуы
бойынша тоқтатылады.
Осындай түрдегі аурулар бас бостандығынан айырумен байланысты емес
жазаға сотталған адамдардан да анықталуы мүмкін. Мұндай
жағдайда сот өзінің психикалық жағдайына байланысты қоғамға қауіп
келтіретіндігін анықтап алуы қажет. Егер мұндай қауіптілік жоқ болса, сот
қажетті материалдарды осы адамдарды емдеу мәселесін шешу үшін денсаулық
сақтау органдарына беруі тиісті (ҚК 88 бап 4 тармақ). Қажетті жағдайларда
олар денсаулық сақтау жөніндегі заңдармен қарастырылған белгіленген
тәртіппен психиатриялық мекемелерге жіберілуі мүмкін.
Осы жағдайда, егер сотталушы қоғамға қауіп келтірсе — оған
психиатрдан амбулаториялық мәжбүрлеу нысанындағы мәжбүрлеп емдеу
тағайындалуы мүмкін (ҚК 90 бап).
Қылмыстық-атқару кодексі міндеті емдеу деген ұғымды енгізеді. Ол
сотталушыға бас бостандығынан шектеу, қамау және бас бостандығынан
айырғандығы үшін тағайындалады, егер осы адамдар туберкулездің ашық
нысанымен ауырса, жыныстық аурудың толық курсынан өтпесе, олар сондай-ақ
ВИЧ жұқтырса. Мұндай ауруды анықтау барысында сотталушы медициналық
комиссияға жіберілсе, солардың шешімі бойынша міндетті емдеу қолданылады.
Мұндай шара осындай сырқатпен ауырғандар айналасын қоршағандар үшін де,
сондай-ақ мекемеге келген түзеу мекемелерінің персоналдары үшін де қауіпті.
Бұларды емдеу сотталушылар үшін жұқтыру кезі және түзеу мекемесінен
босағаннан кейін де қауіпті болуы мүмкін.
Міндетті емдеу медициналық комиссия оны тоқтату жөніндегі шешім
қабылданғанша жүзеге асырыла беріледі. Егер сотталушы емдеу аяқталмай жатып
босатылса емдеудің қажеттілігі жөніндегі материалдар оның тұрғылықты
жері бойынша денсаулық сақтау органына жіберіледі.
Бас бостандығын шектеу, бас бостандығынан айыру және қамау түріндегі
жазаны өтейтін адамдарды мәжбүрлер және міндетті емдеу қылмыстық атқару
жүйесінің тиісті мекемесінде, қажет болған жағдайда сотталушылар бас
бостандығынан айыру және қамау атқару жүйелеріндегі емдеуге денсаулық
сақтау мекемелерінде өтуі мүмкін.
Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 16 сәуірдегі Азаматтарға
психотриялық көмек беру және құқығына кепілдік жөніндегі 1997 жылғы 16
сәуірдегі заңына сәйкес психикалық аурумен ауыратын адамды психиатриялық
стационарға орналастырудың тәртібі және негіздері анықталып көрсетілген.
Адамды психиатриялық стационарға орналастыру ерікті түрде - орналасатын
адамның өтініші немесе оның келісімі арқылы жүзеге асырылады. Осы
стационарға орналастыру үшін адамның психикалық бұзылу фактісінің болуы
және дәрігер-психиатрия зерттеу жүргізу жөніндегі немесе стационарлық
жағдайларда емдеу немесе судьяның қаулысы, сонымен қатар психиатриялық
сараптама болуы шарт.
Жоғарыда аталған заңға сәйкес психикалық аурумен ауыратын науқас
адамның өзінің немесе заңды өкілдерінің келісімінсіз психиатриялық
стационарға орналастыру кейінге қалдырылмайтын шара немесе дәрігер-
психиатрлардың шешімімен ғана жүзеге асырылуы мүмкін11.
3. АЗАЙТЫЛҒАН (ШЕКТЕУЛІ) ЕСІ ДҰРЫСТЫҚ ҰҒЫМЫНА
ОРАЙ

шараларын тағайындау негіздері.
Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 88-бабының 1-бөлігі в-
тармағы бойынша, сот медициналық сипаттағы мәжбүрлеу шараларын қылмыс
жасаған және есінің дұрыстығын жоққа шығармайтын психикасының бұзылуынан
зардап шегетін адамдарға тағайындауы мүмкін.
Есі дұрыстық — есі дұрыс еместік дихотомиясы проблемасы бірқатар
мәселе туғызды. Олар бір жағынан, есі дұрыстық және есі дұрыс еместік
базалық ұғымдардан келіп шықса, екінші жағынан, сот тәжірибесінде олардың
шектерін белгілейді. Қылмыстық заңның қылмыстық-құқықтық институттарын
жасау және қолдану үшін олардың дербес мәні бар.
Азайған есі дұрыстық ұғымын қолдаушылар ҚР ҚК-нің 17-бабының атауын
назарға алмай, бұл бапты азайған (шектеулі, ішінара, жұмсартылған,
шекаралас, шартты) есі дұрыстық туралы норма деп анықтайды.
Басқа авторлар бұл терминнің пікір таластырар екендігін мойындай
отырып, қолдана береді. Бұл орайда азайған есі дұрыстық термині қылмыстық
құқық ғылымында ғана қолданылады және пікірлер қайшылығын туғызады, ол
психиканың шағын дәрежеде бұзылуын білдіреді, деп көрсетіледі.
Біздің ойымызша, психиканың бұзылуы ұғымының, сол сияқты есі
дұрыстық ұғымының дәрежесі, градациясы және т.с. болуы мүмкін емес.
Адам психикасының бұзылуынан зардап шегуі мүмкін немесе оның дені сау
болады. Екеуінің біреуі ғана мүмкін. Адам ұғына отырып ерікті мінез-құлық
ұстануы не ұстана алмауы мүмкін, немесе сот оны есі дұрыс не есі дұрыс емес
деп тануы мүмкін (жоғарыда айтып кеткеніміздей, адам психикасының бұзылуы
оның есінің дұрыстығын не дұрыс еместігін анықтай алмайды).
Бірқатар іргелі еңбектерде бұл мәселе іс жүзінде қозғалмайды.
Қылмыстық құқық курсының §4, есінің дұрыстығы жоққа шығарылмайтын
психикасының бұзылуынан зардап шегетін адамдардың қылмыстық жауаптылығының
ерекшеліктеріне арналған IX тарауында былай деп көрсетілген: Жалпы және
сот психиатриясы дамуының ертедегі сатыларында психикалық ауру мен толық
психикалық денсаулықтың арасында ап-анық шекараның болмайтыны байқалған.
Тағы бір еңбекте: Толыққанды психикалық денсаулық пен есі дұрыс емес
күйдің арасында айқын шекара болмайды, - делінген.
Атап өтетіні, кейбір авторлар пайдаланатын психикалық аномалиялар сөзі
Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 17-бабында қолданылмайды, ал
психикалық денсаулық толық немесе ішінара бола алмайды, ол аномалиялы
болуы да мүмкін емес, психикалық денсаулық бар немесе жоқ болады.
Н.Г. Иванов психикалық аномалиялар деп қозу және тежеу күштерінің
арасында тепе-теңдік болмауымен сипатталатын барлық психикалық процестерді
ұғынады.
Одан әрі автор аномалия дегеніміз осы бірліктен (нормадан -Авт.) баланс
бұза алатындай ауытқу, бірақ ол патологияның шегінен аспайды, - деп
көрсетеді
Бұл жерде қозу және тежеу күштерін емес, қозу және тежелу процестерін
ұғынса қерек. Бірақ автордың басты қателігі мынада: анықтамада қояншық
ұстауы, физиологиялық және патологиялық аффект, сондай-ақ аномалиялы
емес, физиологиялық және патофизиологиялық негізі бар, қалыпты күй
мен патология шектеріндегі барлық басқа күйлер де психикалық
аномалияларға жатқызылады.
Д.В. Сирожидинов есінің дұрыстығы жоққа шығарылмайтын психика
бұзылуының толық тізімін құру амалын жасады. Бұл тізімге психиканың
классикалық созылмалы бұзылуы (шизофрения, қояншық, маниялық-депрессивті
психоз, мерез ауруынан миға қатты зардап келуі) кірді, бұл
жағдайда психиканың бұзылу қарқыны психоз деңгейіне жетпеуі тиіс
Есінің дұрыстығын жоққа шығармайтын психиканың бұзылуы қатарына
авторлар қатты байқалмайтын шизофрениялық дефектілерді, алкоголизм,
психопатия, бас сүйегі-ми жарақатынан кейінгі құбылыстарды, орталық нерв
жүйесінің органикалық дерттерін, орташа дәрежедегі дебильдік күйіндегі
олигофренияны, нашақорлықты және т.с. жатқызады. Біздің ойымызша, осындай
тізімдер қашанда толық емес және көп жағдайда оларда дәлдік жоқ. Қазақстан
Республикасы ҚК-нің 16-бабында келтірілген тізім дұрыс болып көрінеді:
созылмалы психикалық ауру (соның ішінде қатты байқалмайтын шизофрениялық
дефектілер, алкоголизм, бас сүйегі-ми жарақатынан кейінгі құбылыстар,
орталық нерв жүйесінің органикалық дерттері, нашақорлық және т.с.),
психикасының уақытша бұзылуы, кемақылдық (соның ішінде орташа дәрежедегі
дебильдік күйіндегі олигофрения және кемақылдықтың басқа нысандары) немесе
психикасының өзгедей дертке ұшырауы (ең алдымен, тұлғаның бұзылуы -
психопатия).
Басқаша айтқанда, есі дұрыс еместіктің медициналық өлшемі тұрғысынан
келгенде мәні бар аурулар тізімін басшылыққа алу қажет , есі дұрыс
еместіктің медициналық өлшемі үшін заңда аталған аурулар тізімін басшылыққа
алу қажет
Біздің пікірімізше, есінің дұрыстығы жоққа шығарылмайтын психиканың
бұзылуына нерв жүйесінің холералық және меланхолиялык типтерін, сондай-ақ
мінездің әр түрлі реңкін, акценттелуін (яғни, белгілі бір психикалық
сипаттардың күшеюін, мысалы, истерияны) жатқызған жөн деген тұжырым
жасайтын авторлар қатты қателеседі. Бұған холералық, меланхолиялық немесе
басқа да мінездер психиканың бұзылуы болып табылмайды деп үзілді-кесілді
айтуымыз керек. Мінездің бір жаққа акцент жасауын психиканың бұзылуына, ал
истерияны (нақтылағанда, истериялық неврозды) мінездің акценттелуіне
жатқызуға болмайды.
Е.К. Краснушкиннің пікірінше, қылмыс әлемінің негізгі ядросы
психопаттар болып табылады И.Н. Введенский психопаттарды қылмысқа
бейімділігі айқын байқалатын адамдар ретінде сипаттайды
А.А. Пионтковскийдің редакторлық етуімен жарық көрген Қылмыстық құқық
курсында тұлға бұзылуының қылмыстық мінез-құлық деп танылатын мінез-құлыққа
әсер етуі проблемасына ерекше назар аударылған. Сондықтан тұлғаның
бұзылуына өз тарапымыздан авторлық тұрғыда сипаттама бергенді жөн көріп
отырмыз.
Тұлғаның бұзылуы эмоция-ерік саласында ақаулық туғызады, зият
пропестеріне әсер етеді, адамның өзінің әрекеттерінің қандай салдары
болатынын сол мезетте болжау (актуалды) және оларға саналы түрде ие болу
қабілетін төмендетеді, яғни қылмыстық мінез-құлық тетігінде елеулі роль
атқарады. Бұл орайда адам өзін-өзі реттеу қабілетінен (саналылық пен
еріктіліктен) толық айрылмаған және бұның мінез-құлық құқығы үшін маңызы
бар. Оның өз әрекеттерін ұғыну немесе оларға ие болу қабілеті толық
жоғалмағанымен, психикалық нормамен салыстырғанда іс жүзінде төмендейді.
Ұзақ уақыт бойы сот тәжірибесінде есі дұрыс емес—есі дұрыс деген қатаң
баламаның қолданылуы психикасы осылайша бұзылған адамдар психикалық нормаға
теңестірілуіне әкелді, бірқатар жағдайда ғана олар психикасының созылмалы
бұзылуынан зардап шегетін адамдар санатына жатқызылған (бұл орайда
сарапшының субъективті көзқарасының маңызы болды). В.В.Гульдан келтірген
деректер бойынша, сот-психиатрия сараптамасы қорытындысын бергеннен кейін
тұлғалық бұзылуға ұшыраған адамдардың 98 пайыздан астамы есі дұрыс, ал 2
пайызға жетер-жетпес бөлігі есі дұрыс емес деп танылады.
Біздің пайымдауымызша, Б.Томпсонның қылмыскерлердің дені сау болуы
сирек кездеседі деген пікірімен келіскен жөн, сондай-ақ мынадай жалпы ереже
бар психикасы бұзылған субъектілердің қылмыстары қылмыстылықта басты орын
алады, ал психикалық патологиясы жоқ адамдардың қылмыстары – жалпы ережені
растайтын ерекше жағдайлар, деген пікір білдіретін Ю.М. Антонян мен В.В.
Гульдан қателеспейтін сияқты. Басқа бірдей жағдайларда бойында тұлғалық
бұзылуы бар адамдардың қылмысқа баруы жиірек кездесетіні анық.
Бойында тұлғалық бұзылуы бар адамдар үлгісінде біз есінің дұрыстығы
жоққа шығарылмайтын психикасы бұзылған адамдарға медициналық сипаттағы
мәжбүрлеу шараларын тағайындау проблемасын қарастырмақпыз. Жоғарыда
айтылғандай, бірқатар авторлар бұл тұлғалар азайған есі дұрыстық күйінде
қылмыс жасайды деп санайды. Ал, дүние жүзі халқының 15 пайызы тұлғалық
бұзылудан зардап шегеді. Ю.П. Лисицкий келтірген мәліметтер бойынша, XX
ғасырдың екінші жартысында осындай психикасы бұзылған адамдар саны 1,5 есе
артқан. Байқауымызша, тұлғалық бұзылудан зардап шегетін, соның ішінде
қылмыстық іс-әрекеттер жасаған адамдарды анықтаудағы пікір қайшылығын
осындай бұзылуға баға беруде көзқарас айырмашылығымен байланыстырып
түсіндіруге болады.
Атап өтетіні, психиканың созылмалы бұзылуының классикалық жағдайларында
(мысалы, шизофрения) негізінен зият (когнитивті) саласына зардап келіп,
эмоция-ерік саласы болмашы дәрежеде ғана зиян шегеді. Тұлғалық бұзылу
жағдайында негізінен эмоция-ерік саласында езгерістер мен өзіндік
ерекшелігі бар аффектілі ойлау пайда болады да, зият (когнитивті)
функциялары салыстырмалы түрде сақталады. Әлеуметтік ортадағы өзгерістерге
эмоция-ерік жүйесінің жауап беруінің құбылмалылығы адамның бейімделу
мүмкіндіктерін бұзады, бұл ең алдымен оның әлеуметтік мәні бар мінез-
құлқына әсер етеді.
Адамның есі дұрыс емес деген қорытынды жасалуын медициналық өлшем алдын
ала белгілеп қоймайды. Дәл осылай адамда тұлғалық бұзылудың бар болуы оның
нақты мінез-құлық актісіне айтарлықтай әсер етеді деген тұжырым жасалуын
алдын ала шешпейді. Медициналық өлшем мұндай мүмкіндік бар деген болжам
жасауға ғана себеп болады, ал іс жүзінде ол болды ма және нақты қылмыстық
мінез-құлық тетігінде оның қаншалықты мәні болғаны бұл басқа мәселе. Яғни
нақты қылмысқа қатысты алғанда осындай бұзылудың мінез-құлық үлгісін таңдау
алгоритміне ықпал ету фактісін нақтылау қерек.
Шынайы психикалық аурудың белгілері жоқ, бірақ қалыптан ауытқитын мінез-
құлық сипаттамасы XIX ғасырдың басында жазылған Ф. Пинель еңбектерінде
берілген. 1835 жылы Дж. С. Причард моральдық есуастықты бөліп көрсеткен.
1846 жылы Ф.И. Герцог оғаш мінезді, яғни қараптан-қарап ашуланатын, тым
қатты қозатын, жүгенсіз, әуес адамдар туралы хабарлады. Р. Крафт-Эбингтің
1885 жылы жарық көрген ғылыми еңбегі осындай күй-жайлардың одан әрі
нақтылануына жол ашты. Р. Крафт-Эбинг бойында осындай психикалық бұзылуы
бар, бірақ ұғынып ерікті мінез-құлық ұстана алатын адамдар қылмыс жасаған
кезде зият саласының әлсіздігін, қалыптан тыс мінез көрсететінін жазған.
Мұның өзі өнегесіз ұмтылыстардың, жан құмарлығының күшін арттырады және
оларға қарсы тұру, өзін ұстай білу қабілетін төмендетеді.
Психопатия терминін И. Кох енгізген. Өзінің Психопатиялық кемістік
күйлері жөнінде (1893) және Патологиялық мінездер (1900) еңбектерінде ол
осындай психикалық бұзылуды сипаттап берді. Ал сот мәжілісі кезінде
психопатия терминін алғаш рет әйгілі психиатр С.С. Корсаков пайдаланды.
1881 жылы ол П. Качко деген сотталушының ісі бойынша сарапшы болған. Шын
мәнінде негізінен сот тәжірибесінің мұқтаждықтарына орай бұл дербес нысанға
ие болды. В.Х Кандинскийдің Алқабилер соты алдындағы күмәнді психикалық
күй жағдайы жұмысының жарық көруі тұлғаның бұзылуына құқықтық баға
берудегі маңызды қадам болды. 1886 жылы Психопатия (психи-жүйке
қозғыштығы) және оның кінә қою мәселесіне қатысы атты монографиясында В.М.
Бехтерев тұлғалық бұзылуды психика саласында қатты байқалатын ауытқу
(эмоциялардың тұрақсыз, құбылмалы болуымен, шамадан тыс қызбалық, өнеге
сезімінің жеткіліксіздігі) болуымен сипатталатын патологиялык күй-жай
ретінде анықтады, оның қылмыстық деп танылатын мінез-құлыққа әсері болады.
XX ғасырдың 30-шы жылдарынан бастап зерттеуші П.Б. Ганнушкин жасаған
тұлғаның бұзылу сипаттамасы кең тарады. Оның пайымдауынша, психиканың
бұзылуы адам мінезінің аномалиясы болып табылады, ол жеке тұлғаның
психикалық бейнесін анықтайды, оның жан дүние болмысына өзінің таңбасын
қалдырады да, бұл адамның қоршаған ортаға бейімделуіне кедергі келтіреді;
осындай бұзылу жағдайында тұлғаның бойындағы үйлесімсіздік адамның
әлеуметтік бейімделуіне ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz