ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДА ҚҰҚЫҚТЫҚ МЕМЛЕКЕТ ЖӘНЕ АЗАМАТТЫҚ


Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 30 бет
Таңдаулыға:   

МАЗМҰНЫ

КІРІСПЕ 3 - 4

БІРІНШІ БӨЛІМ: ҚҰҚЫҚТЫҚ МЕМЛЕКЕТ ЖӘНЕ АЗАМАТТЫҚ ҚОҒАМНЫҢ НЕГІЗГІ ҰҒЫМДАРЫ 5-18

1. 1. Құқықтық мемлекет және азаматтық қоғамның пайда болу тарихы 5 - 8

1. 2. Құқықтық мемлекет және азаматтық қоғам туралы түсінік, ерекшеліктері мен белгілері 9-18

ЕКІНШІ БӨЛІМ: ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДА ҚҰҚЫҚТЫҚ МЕМЛЕКЕТ ЖӘНЕ АЗАМАТТЫҚ ҚОҒАМ ОРНАТУДЫҢ АЛҒЫ ШАРТТАРЫ 19-26

2. 1 Қазақстан Республикасында құқықтық мемлекет және азаматтық қоғам қалыптастыру жолдары 19-23

2. 2. Қазақстан Республикасында құқықтық мемлекет орнатудың тарихнамасы мен тәжірибесі 23-26

ҚОРЫТЫНДЫ 27

ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ 28-29

КІРІСПЕ

Мемлекетте құқықтық тәртіпті орнату, адамдардың өмір сүруіне қолайлы жағдай туғызу және оны реттеу өзекті де маңызды мәселелердің бірі болып табылады. Жалпы мемлекетіміздің мызғымастығын сақтап, үйлесімді дамытумен бірге мемлекеттік мұқтаждықтарды қанағаттандыру мақсатында заң жүзінде қадағалау үшін құқықтық мемлекетті дамыту басты рөл атқарады. Еліміз Конституция қабылдағаннан бертін келе, заң негізінде даму бағыты айқындалады. Ата Заңның тұрақтылығы, конституциялық заңдылықтардың дамуы, демократияның орын алуы, азаматтардың құқықтары мен бостандықтарының баянды болуы еліміздің ең басты мақсаты болып табылады [1; 4] . Ғылыми тұрғыдан қарастыратын болсақ, бүкіл әлемде демократия дегеніміздің өзі заңдылықтың сақталуымен өлшенеді. Демократия мен заңды сақтау ажырамас бөлшектер. Заң талаптары сақталған жерде ғана демократияның заңды күші бар. Біздің еліміз демократиялық, құқықтық мемлекет қалыптастыру жолында.

Жалпы алып қарағанда құқықтық мемлекетті құру жолындағы мемлекеттің алдында тұрған маңызды міндеттерінің бірі ол құқықтық саясатты дамыту, яғни азаматтардың құқықтарын қорғайтын және олардың жүзеге асырылуына жағдай жасайтын заңдарды жетілдіру болып табылады. Сонымен қатар құқықтық мемлекет саяси билікті ұйымдастырудың формасы ретінде қоғамдық өмірдің барлық салаларында құқықтың үстемдігі принципінен аса күрделі ұштасуына, биліктің бөлінуіне, заңдардың үстемдігіне, заңдылықтың жүзеге асуына, халық егемендігінің қамтамсыз етілуіне, азаматтардың құқықтары мен бостанықтарының, жалпы азаматтық құндылықтарды және әлемдік практиканы заңды түрде бекітілуіне негізделеді. Құқықтық мемлекеттегі азаматтық қоғам заңды тіркелген, құрылымды бекітілген және психологиялық тұрғыда қамтамсыз етілген әлеуметтік - саяси қызметтің материалдық және идеялық плюрализммен ажырамас бірлікте болып есептеледі.

Бүінгі таңдағы көзқарас бойынша, құқықтық мемлекет және азаматтық қоғам бұл айтылғандармен қоса, демократиялық заңдар, биліктің тармақтарға жіктелуі, заң жүзіндегі оппозицияның болуы, көппартиялық жүйе сияқты басқа да азаматтық өмірдің құндылықтарын, адамдардың саяси және әлеуметтік бостандықтарын және олардың ассоциацияға, топқа, партияға бірлесуін жүзеге асырушы тетіктерді қамтиды.

Құқықтық мемлекет пен азаматтық қоғам мәселесін терең зерттеп, ғылыми тұрғыдан қарастырған Қазақстандық авторлар арасында Ағдарбеков Т., Оспанов Қ. И., Сапарғалиев Ғ., Ибраев А. С., және тағы басқалары. Олар «құқықтық мемлекет және азаматтық қоғамды» жазу барысында дүниежүзілік құқықтық, мемлекеттік мәселелерді Қазақстан Республикасының мемлекеттік - құқықтық дамуына байланыстыра зерттеген. Құқықтық мемлекет және азаматтық қоғамның пайда болуын, олардың даму заңдылығы құқық, құқықтық сана, сот билігі, құқықтық мәдениет сияқты көптеген категориялық аппаратты талдау барысында ұғымдарын, мәнін, мазмұнын, ішкі қозғалысының даму диалектикасын зерттеп, оқып үйрену тиімді басқару формасын, билік жүргізудің оңтайлы, жүйесін және халық мүддесіне сай келетін құқықты қабылдауға тікелей мүмкіндіктер берді.

БІРІНШІ БӨЛІМ

ҚҰҚЫҚТЫҚ МЕМЛЕКЕТ ЖӘНЕ АЗАМАТТЫҚ ҚОҒАМНЫҢ НЕГІЗГІ ҰҒЫМДАРЫ

1. 1 Құқықтық мемлекет және азаматтық қоғамның пайда болу тарихы

Құқықтық мемлекеттілік азаматтық қоғаммен табиғи және тарихи тағдырмен байланысқан, ол онсыз қалыптасып, қызмет етіп өркендей алмайды. Азаматтық қоғам - құқықтық мемлекеттің маңызды компоненттері ретінде пайда болып, бекіп, өзінің тіршілікке қабілеттілігі мен өміршендігін көрсететін, жетілдірілетін және олар үшін өзіндік бір «тіршілік ету ортасы» болып табылады, оларға қажетті жағдайлар мен алғышарттар жасайтын айқын әлеуметтік-экономикалық қондырма. Құқықтық мемлекет құрудағы табыстар, бұл процестің өрісі мен қарқыны оның оң және теріс нәтижелерінің ара қатынасы азаматтыққа дейінгі қоғамның азаматтық қоғамға айналу дәрежесіне тура пропорционал тәуелді болып табылады. Құқықтық мемлекет құрылуы мен дамуы жылдар бойы өз кезегінде азаматтық қоғамның нығаюы мен жетілуін жеңілдетеді, және құқықтық емес мемлекеттің құқықтық мемлекетке ауысу процесі біріншісінен екіншісіне айналуы неғұрлым кең өріс алса, азаматтық қоғамға тірек болатын және оған қызмет көрсететін тіректер мен құрылғылар соғұрлым сенімдірек, мықтырақ болады.

Басқаша айтқанда, қоғамдық өмірдің аталған екі құбылысының арасында өзара келісушілік пен өзара іс-қимыл нысанында екіжақты тәуелділік бар: іс жүзінде олардың біреуі екіншісінсіз тіршілік ете алмайды; бұдан былай бір-біріне серік болады, олардың қызмет етуінің нәтижесі бір-бірімен тығыз байланысты және олардың әрқайсысына тікелей әсер етеді [2; 70] . Осыдан келе адамзат тарихында құқықтық мемлекет және азаматтық қоғамындағы құқықтың пайда болғаннан кейін ұлы ойшылдар мен ғұлама тарихи тұлғалар билік жүргізуші топтардың басқаруды іс жүзіне асыруда заңсыздық пен бассыздық, шексіз билікпен тиранияға кеңінен жол ашып, адам құқықтарын басып-жаншыған, қырғынға ұшыратқан жантүршігерлік әрекеттерін қатаң сынға алды. Мемілекеттің шексіз билігін шектеудің тетіктерін қарастырды. Атап айтқанда ұлы Сократ, Платон, Аристотель, Хан Фей, Хамурапи, жаңа заманда Н. Макиавелли, Б. Б. Спиноза, И. Кант, Т. Гобсс, Д. Локк, Г. В. Гегель сияқты ойшылдар адам құқықтарының тиімді қорғалып, азаматтық қоғамда әділеттіліктің орнауын ұсынған идеяларында басты мақсат етті.

Ерте замандардан бастап тарихи қалыптасқан құқықтық мемлекеттегі азаматтық қоғам - имандылық, өнегелік, діни, ұлттық, әлеуметтік-экономикалық, отбасылық қатынастар мен институттардың жиынтығы, осылардың көмегі арқылы жеке адамдар мен оладың топтарының мүдделері қанағаттандырылады.

Сондықтан азаматтық қоғамның құқықтық мемлекеттегі негізгі идеясы, адамның қоғамдағы басымдылық идеясы, өз әрекеттерін сонымен бірге құқықты құрметтеп, ең алдымен өнеге мен имандылық қағидаттарына сүйене отырып жүзеге асыруға қабілетті болу дегенді білдіреді. Осы жерде Платон еңбектеріне назар аударатын болсақ, азаматтық қоғамда заң үстемділігі орнау қажеттілігі аса маңызды мәселе ретінде көтеріледі. «Мен, - деп атап көрсетті Платон - заңның күші жоқ және оның қайсыбіреудің билігінде болса, ол мемлекеттің күйреуінің жақын екенін болжаймын. Заң билеушілерге үстемдік еткен жерде олар оның құлдары және мемлекеттің құтқарылатынына сеніммен қараймын».

Осындай пікірлер Аристотель, Цицерон сияқты ежелгі заман ойшылдарының еңбектерінде де жиі кездеседі. Феодализмнің ыдырау процесі басталған кезеңде билікке ұмтылып келе жатқан буржуазия орта ғасырдың абсолюттік басқару формасына, инквизацияға қарсы заңдылықтың орнауы, билікті бөлу, жеке меншікті ең қастерлі құқық деп жариялау, табиғи құқық идеясын асқақтату сияқты көптеген демократиялық мазмұндағы идеяларды жариялады. Джон Локк тұңғыштардың бірі болып қандай да болмасын «биліктің заңсыз әрекеттеріне қарсылық көрсету заңды» деген тұжырымдаманы ұсынды. Францияның ірі ойшылы Ш. Л. Монтескье мемлекетте билікті бөлу қажеттілігін демократиялық мемлекеттің ең негізгі іргетасы ретінде жариялады. Бір мемлекеттік органның қолында екі биліктің, ал үшеуінің тіптен шоғырлануына жол берілетін болса, ондай қоғамда нағыз бассыздық пен заңсыздық орнайтынын аса көрегенділікпен дәлелдеді. [3; 59]

Сол сияқты азаматтық қоғамда құқықтық мемлекеттің беделі жайлы басқа да ұлы ойшылдар өз көзқарастарын білдірген болатын, соның ішінде Гроцкий - қоғам тарихында қалыптасқан құқықты екіге бөлді: табиғи құқық - адамды қоршаған ортаның әсерінен және жеке адамның өзінің ақыл, парасаттылығынан қалыптасатын құқықтар; екіншісі - мемлекеттің қабылдаған нормативтік актілер арқылы ешкімге зиян келтірмей орындауға тиіс. Мемлекет - қоғамдық жалпы халықтық шарт арқылы өмірге келді деп түсіндірді.

Кант - құқықтық мемлекеттің философиялық негізін ғылыми тұрғыдан зерттеді. Мемлекеттік жұмыстың өзекті мәселесі жеке адамның қадір - қасиетін, ар - намысын, бостандығын, теңдігін қорғау, адамның қоғамда үстемдігін қалыптастыру деп түсіндірді.

Гегель - қоғамдық ғылымдардың негізгі бағыттарының бірі - құқықтық философия. Мемлекет дегеніміз жан - жақты дамыған құқық деп түсіндірді. Азаматтық қоғам құқық арқылы адамдардың мүдде - мақсатын қорғайды. Мемлекет құқық пен моральдың бірлестігін дамытып халықтың әлеуметтік жағдайын жан - жақты жақсартуы. Ал Маркс - құқық пен мемлекетті қоғамның таптық құрылысына сәйкес қараған. Таптар жойылса құқық пен мемлекет те жойылады. Бұл процесс қоғамда құқықтық мемлекет қалыптасып, бостандық орнаумен аяқталуға тиіс. Осыдан келе, бостандық - Маркстің ұғымында, қоғамдағы мемлекеттің үстемдігін жойып, оны қоғамға бағындырып, халықтың мүдде - мақсатын орындайтын органға айналдыру. Сонда ғана құқықтық мемлекет қалыптасады деп тұжырымдаған болатын. Осы тұжырымдарға сүйенетін болсақ, қазіргі заманда құқықтық мемлекет және азаматтық қоғам туралы пікір жан - жақты дамып, дүние жүзінің ғалымдары бір тұжырымға келіп, ортақ ғылыми көзқарас қалыптасты деуге толық болады. Сол себепті, мемлекетті қалыптастырудың негізгі күші - адам, қалың бұқара екендігі бізге бұрыннан белгілі. Мемлекет пен құқық демократияны дамытып, халықты қоғамның барлық саласын басқаруға қатыстыру қажет [4; 76] . Жалпы осы жерде құқықтық мемлекетте азаматтық қоғам ерекше рөлге ие болатынын байқай аламыз. Осы орайда, жалпы салыстырмалы түрде «Азаматтық қоғам» деген атауды, Аристотель айтқан болатын. Аристотель мемлекетті азаматтық қоғаммен салыстырмады, бірақ бір-біріне оларды қарсы қоймады. Себебі олардың әр түрлі жолдары ескі полистегі қоғамдық жетілген демократиялық организм ретінде тек саясатпен байланысты, яғни принципиалды жағынан, бұрынғы көне полистер сияқты : мемлекеттік органдардың қызмет мерзімі, биліктің бөлінуі, сөз бостандығы, баспасөз, елінде еркін жүріп-тұруы және сырт жақта да еркіндікте болу, мемлекеттің жекетеген қатынастарға қол сұқпауы, азаматтардың заң алдындағы құқықтарының теңдігі.

Азаматтық қоғамның көне модельге қайтып оралуы, жаңа уақытта жүргізіліп, өте үлкен оқымыстылардың зерттейтін пәніне айналды. Азаматтық қоғамның түсінігі тек индивидтердің жиынтығы және олардың арасындағы қатынастар емес, кеңістік соның ішінде қызмет істейтін қоғамдық институттар.

Кеңес мемлекетіне құқықтық мемлекет жарияланған, «заңның құқықтық мағынаға ие болуы» идеясын жоққа шығарады. Заң мен құқық бірдей деп санаудың нәтижесінде антидемократиялық заңдар қабылданды. Құқықтық қағидаларының тамырына балта шабылды және қабылданған заңдар халық атынан «әділетті» «халықтың еркін білдіреді» деген құқықтық сананы қалыптастырды. Заң әділетті болғандықтан, ол қандай болса да орындау бәріне міндетті болды. Осылай коммунистік - тотолитарлық режим кеңес мемлекетіне қажетті заңдар шығарды 30 - жылдары аш - жалаңаш балаларына тамақ тауып беру үшін егістіктен бидайдың дәнін тергені үшін 10 жылға түрмеге жабу туралы, сотсыз тергеусіз «Ерекше кеңес» органы арқылы «халық жауларын» соттау, ату туралы заңдар қабылданды. Бұлардың барлығы заңды жолмен, тәртіппен қабылданған заң нормалары болды. Бірақ, бұл заңдар құқықтық сипатқа, мәнге ие болған жоқ [3; 59] .

Жалпы сол кездегі болған жағдайлар мен қазіргі кездегіні салыстырмалы түрде қарастыратын болсақ, адам баласы қазіргі қоғамда, әр түрлі мүдделермен өмір сүретін орталар араласып кететіні бәрімізге мәлім екендігін білеміз. Олар өздерінің ерікті жүйесін құрады, әрқайсысының өзіне тән сипаттары болады: өндірістік, материалдық қажеттілікті қамтамасыз ету, саяси тағы сол сияқты өмір сүруге қажетті жағдайларды іске асыратын әлеуметтік және рухани құралдар ретінде азаматтық қоғамның жиынтығын құрайды. Көптеген институттар бір мезгілде, азаматтық қоғамның және мемлекеттің құрамды бөлімдері болып табылады. Оларға саяси партиялар және олардың арасын байланыстыратын қызмет ортасын белгілейтін ұйымдар жатады. Саяси партиялар жекелеген азаматтардың, әлеуметтік топтардың көп салалы мүдделерін қолдап жүреді және олардың саяси өмірде араласуын қамтамасыз етеді. Болжап айтсақ, яғни азаматтық қоғамның сипаты даму деңгейі және нысаны, мемлекеттің нысанымен даму деңгейін білдіреді.

Азаматтық қоғам деген жеке адамның, әлеуметтік топтардың сан қырлы мүдделері мен талаптары іс жүзінде асыру және қанағаттандыру үшін қалыптасқан қоғамдық қатынастардың жиынтығы және содан туындайтын мемлекеттік емес ұйымдардың құқықтық құрылған жүйесі.

Азаматтық қоғамның құрамы негізінде тарихи дамуы барысында дәстүр мен бүкіләлемдік өркениеттік дамуының құндылықтары негізінде қалыптасады. Демократиялық қоғамда азаматтық қоғамның рөлі арта түседі және мемлекеттік басқару жүйесіне өзінің тікелей ықпалын тигізеді. Бұл жерде үкіметтік емес ұйымдардың мәні өте зор. Олардың мақсаттары мүдделерге байланысты құрылған топтар мен ұйымдардың мүдделерінің іс жүзінде асырылуына жағдайлар жасау және мемлекеттің саяси шешім қабылдауына ықпал ету, органдардың функцияларын жақсартуға, тиімділігін арттыруға кеңес беру, ұсыныстар енгізу болып табылады. Азаматтық қоғамның құрамына енген институттар мынандай талаптарға сай болулары қажет:

  1. Олардың құқықтық негізінде құрылуы;
  2. Алдына қойылған конституциялық құрылымды күшпен өзгертуге шақырмаулары тиіс;
  3. Мақсат, мүдделерін іс жүзінде асыруда экстримистік әрекеттерге жол бермеулері тиіс.

Кеңес мемлекеті кезеңінде азаматтық қоғам институттары дамыған жоқ. Оған негізінде социалистік мемлекеттік және оның тоталитарлық идеологиясы тікелей кедергілер жасады, коммунистік идеологияны ыдырату деген көзқарасты қалыптастырды [5; 40] . К. Маркстың ілімі бойынша азаматтық қоғам қоғамдық өндірістік қатынастарға тәуелді болып, мемлекет, құқық, дін, өнер сияқты қондырманың құрамына енді, оның ажырамас бөлігі ретінде танылды. К. Маркс өзінің «Саяси экономика сыны жөнінде» деген еңбегінің «Алғы сөзінде» былай деп атап көрсетті: «Менің зерттеулерім мені мынандай нәтижеге жеткізді»: праволық қатынастар, дәл сол сияқты мемлекеттің формаларын да өзінен-өзі де, адам рухының жалпы дамуы дейтінінен де түсіп болмайды, керісінше, олар материалдық өмірлік қатынастарға негізделеді, бұл қатынастардың жиынтығын Гегель «азаматтық қоғам» деп айтады, сондықтан азаматтық қоғамның анотомиясын саяси экономикадан іздеу керек . . . Өз өміріндегі қоғамдық өндірісте ықтиярларына қарамайтын, белгілі бір, қажетті қатынастарда-өндірістік қатынастарда болады, бұл қатынастар олардың материалдық өндіргіш күштері дамуының белгілі бір сатысына сай келеді. Осы өндірістік қатынастардың жиынтығы қоғамның экономикалық құрылымы, реалдық базисі болып табылады, осыған келіп заңдылық және саяси қондырма орнайды және бұған қоғамдық сананың белгілі бір формалары сай келеді. Материалдық өмірдің өндіріс әдісі жалпы өмірдегі әлеуметтік, саяси және рухани процестерді туғызады. Адамдардың санасы олардың болмысын билемейді, қайта, керісінше олардың қоғамдық болмысы олардың санасын билейді». Осындай тұжырым негізінде азаматтық қоғам қондырманың бір бөлшегі ретінде қаралып, мемлекетпен жұтылды. Ал, нарықтық қатынастар дамыған қоғамда жеке, топ мүдделері бәсекелестік негізде дамып, прогрессивтік қағидалар мен талаптарды өмірдің, мемлекеттің қажеттілігіне жаратады, демократияны дамыту процесіне пайдаланады. Азаматтық қоғам институттарының мүмкіндіктерін, озық-ойлы идеяларын, қоғамды жетілдіруге пайдалану-прогрессивтік дамудың ең негізгі талаптарының бірі. Азаматтық қоғамның мемлекеттік билікті жүргізуге үлкен ықпалы негізінде саяси партиялардың қызметтерінен анық байқалады. Саяси партиялардың негізгі мақсаттары мемлекеттегі билік үшін күресу болып табылады. Неміс ойшылы, В. Хасбах ХХ ғасырдың басында «партия деген саяси билікке жету, өз мүдделерін іс жүзіне асыру үшін, саяси көзқарастары мен мақсаттары бір адамның одағы» деген ой білдірді. Ал, М. Вебер партияның мақсаттарын материалдық пайда табу және жеке адамның айрықша құқыққа ие болуы деп түсіндіреді.

Осы жерде атап кеткеніміз жөн болар еді, жалпы құқықтық мемлекет парасаттылықтың, әділеттіліктің шынайы белгісі ғана емес, сонымен бірге адамның бостандығын, қадір - қасиетін, ар - намысын, теңдігін қорғайтын, демократияны қалыптастыратын күш болып табылады. Қоғамның алдында тұрған осы мүдде - мақсатты орындау мемлекеттің міндеті, ал осы бағытта қалыптасқан құқықтық нормаларды орындау, сол арқылы заңдылықты, құқықтық тәртіпті қатаң сақтауға үлес қосу адамдардың міндеті. Сондықтан, құқықтық мемлекет екі жақты жауапты объективтік процесс болып табылады [6; 13] . Жалпы азаматық қоғам ғылыми тұрғыдан өте аз зертелген, ол туралы ғылыми еңбектер жоқ. Оның себебі, ғалымдар азаматтық қоғам мен құқықтық мемлекеттің мазмұны ұқсас деп түсіндіріп келді. Адам қоғамының қалыптасқанына 1, 5 млн. жыл өтті, ал мемлекетің өмірге келгеніне 6 мың жыл ғана болды. Мемлекет қоғамның санқырлы көрінісінің бір ғана нысаны болды. Қоғам туралы ой - пікірлер көне дәуірде де болды, ал «азаматық қоғам» толық мағынада тек ХҮІІІ ғасырда келді [6; 2] . Дегенімен құқықтық мемлекет азаматтық қоғамнан бұрын зерттелгеніне қарамастан, біз құқықтық мемлекеттің азаматтық қоғамсыз өмір сүре алмайтындығын білеміз, және құқықтық мемлекет және азаматтық қоғам бір-бірімен тарихи тағдырмен және табиғи дамумен байланысқандығын ұмытпағанымыз жөн болар еді.

1. 2 Құқықтық мемлекет және азаматтық қоғам туралы түсінік, ерекшеліктері мен белгілері

Егерде құқықтық мемлекеттің ең басты принципі неде десек, біз, әрине, адам, оның өмірі-оның қазынасы, бостандығын айтамыз. Сондықтан, құқықтық мемлекетті құру азаматтық қоғамды қалыптастырусыз мүмкін емес. Азаматтық қоғам әдетте, жеке меншіктің және нарықтық қатынастардың, орта таптағы меншік иелерінің ролінің арта түсуімен, бәсекелестік, шұғылдық, парасатты есептей білу негізіндегі шаруашылық және коммерциялық табыстарға қол жеткізілумен сипатталады. Әлеуметтік толысудың белгілі бір деңгейіне жеткен соң азаматтық қоғам мемлекеттің диктатын өзіне дарытпайтын жағдайда болады, онымен тең және белгілі бір тепе-теңдік орнатып, үйлесімді қатынастар мен өзара әрекеттестікті қалпына келтіреді. Азаматтық қоғамның одан әрі жетілдірілуіне қарай онда мемлекетпен, социумдармен, жеке тұлғалармен байланыстары жаңа деңгейге көтеріледі, олардың біреуінің екіншісінен шектен тыс басымдығы болмайды. Қоғамда пайда болған жанжалдар, қарама-қайшылықтар және шиеленістер жария құралдармен, зорлықсыз, басып-жаншусыз, революциясыз шешіледі.

Құқықтық мемлекет пен азаматтық қоғам бір-біріне жақын болғанымен әр түрлі мәселелерді тікелей шешеді [7; 141] . Егер мемлекет өзінің конституциялық және заң актілерінде жеке адамның құқықтық мәртебесін баянды ететін болса, онда азаматтық қоғам оны жоғары әлеуметтік мәртебемен қамтамасыз етеді. Мәртебенің бұл екі түрі жеке адамның өмір тіршілігінің әр түрлі жақтарына акцент береді, бірін -бірі толықтыра отырып, оған өзінің мақсаттары мен міндеттеріне қол жеткізуіне мүмкіндік береді. Әлеуметтік мәртебе материалдық, ұйымдастырушылық-техникалық мүмкіндіктерді, сондай-ақ әрбір қоғамға тән таптық-топтық, ұлттық-этникалық, социумдық байланыстар мен қатынастардың артықшылықтарын анықтайды.

Құқықтық мемлекетте азаматтарға бостандық, еркіндік, меншіктік кепілдіктер мемлекет тарапынан құқыққа сәйкес беріледі. Дегенімен, қазіргі заманда құқықтық мемлекетті құру қалыптастыру мәселесі ғаламдық проблемаға айналды. Өйткені адам қоғамының даму тарихында ешқашан, еш елде құқықтық мемлекет болған емес. Қазіргі кезде де жоқ. Болашақта да барлық елдерде бір мазмұнды, бір нысанды құқықтық мемлекет болуы мүмкін емес. Себебі әр елдің экономикасы, мәдениеті, әлеуметтік жағдайы, рухани санасы, саясаты бір деңгейде болмайды. Бұған қоса олардың географиялық, ұлттық ерекшеліктері болады.

Сондықтан, болашақта құқықтық мемлекет бірнеше дамыған елдерде қалыптасуы мүмкін. Бірақ ол мемлекеттердің мазмұнында, әсіресе нысанында объективтік ерекшеліктері болады. Осыған байланысты біз құқықтық мемлекеттің мазмұнының негізгі талаптарын бөліп көрсетуімізге болады, олар:

1) құқықтық мемлекет азаматтық қоғамның объективтік даму процесіне сәйкес ескіріп, жаңарып жататын көп қырлы құбылыс. Бұл мемлекетте адамның толық егеменді болуы қажет, олардың мемлекеттің билік жүргізетін органдарын құруға қатысуы заңды түрде бекітілуі керек.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қазақстан Республикасындағы шетелдік азаматтардың халықаралық жеке құқық саласындағы құқықтық жағдайы
Қазақстан Республикасындағы шетел және азаматтығы жоқ азаматтардың құқықтары туралы
Қазақстан Республикасында мемлекеттік басқару
Азаматтық алу
Қазақстан Республикасындағы шетел азаматтары мен азаматтығы жоқ адамдардың құқықтық жағдайына байланысты мәселелер
Қазақстан Республикасындағы шетел азаматтары және азаматтылығы жоқ тұлғаларғалардың құқықтық жағдайы
Азаматтықтың халықаралық-құқықтық мәселелері туралы
АЗАМАТТЫҚ ҚОҒАМ МЕН ҚҰҚЫҚТЫҚ МЕМЛЕКЕТТІҢ АРАҚАТЫНАСЫ
Азаматтық қоғам туралы мәлімет
Халықаралық жеке құқықтағы шетел азаматтардың құқықтық жағдайы
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz