Қазақстанның территориясында құқықтық басқару жүйелерінің тарихи даму кезеңдері



Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 17 бет
Таңдаулыға:   
Қазақстан Республикасың білім және ғылым министрлігі

Тақырыбы:

Қазақстанның территориясында құқықтық басқару жүйелерінің тарихи даму
кезеңдері

Орындаған:

Жетекшісі:

Қарағанды 2010

Абстракт
Зерттеудің мақсаты. Қазақстанның территориясындағы құқықтық басқару
жүйелерінің даму кезеңдерін зерттей отырып, қазіргі кездегі бүкіл
адамзаттың дамуына әсерін зерттеу.
Зерттеу кезеңдері мен әдістері. Мен Қазақстан территориясында
құқықтық басқару жүйелерінің тарихи даму кезеңдері атты тақырыппен
өткен 2008 жылдың
қыркүйек айынан бастап айналысып келемін.

Гипотеза.
1- кезең. 2008 жылдың қыркүйек айынан 2009 жылдың маусым айына
дейін материалдарды жинастыру, кітапханаға барумен өтті.

2-кезең. 2009 жылдың маусымынан бастап тамызға дейін жиналған
материалдарды сұрыптау, ұйымдастыру.
3-кезең. 2008 жылдың тамызынан бастап жиналған материал
бойынша жұмысқа кірісу.
4-кезең. Жазылған материалдарды компьютермен басып шығару,
көрнекті құралдар әзірлеу.
Зерттеу барысында ашылған жаңалықтар. Зерттеу барысында мен Қазқстан
территориясындағы құқық жүйелерінің тарихи даму кезеңдерімен толықтай,
одан да тереңдете таныстым. Әр кезеңдердің мерзімі, ерекшеліктері, даму
қарқыны белгілі болды.

Нәтижесі және қорытындылары. Қазақстанның территориясында құқықтық басқару
жүйелерінің тарихи даму кезеңдерімен толықтай танысып, білген жөн. Оны шешу
жолдарын өзімнің ғылыми жұмысыммен көрсете аламын.

Нәтижелерді пайдалану аймағы. Менің ғылыми жобамның мен және мен сияқты
колледждің, мектеп оқушыларына, университеттің студенттеріне, жас
мұғалімдерге пайдасы тиер деген ойдамын
Мазмұны
Абстракт 2
І.
Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ..5 -6
ІІ. Зерттеу
бөлімі ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... 7-19
2.1. Қазақстанның территориясындағы құқықтық басқару
жүйелерінің даму кезеңдері
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 7-14
2. Қазақстанда реформа жүргізудің себептері және оны әзірлеу
барысы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
... ... ... ... ... ... ...15
3. Реформалардың
басталуы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...16

4. Басқарудың
ерекшеліктері ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... .
..17
5. Сайлау
жүйесі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
... ... ... ...18-19
ІІІ.Қорытынды ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
... ... ... ... ... ... ... ..20
Қолданылған
әдебиеттер ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
... ... ..21

Кіріспе
Біз бұл ғылыми жобамызда Қазақстанның территориясындағы құқықтық
басқару жүйелерінің даму кезеңдері жайында баян етпекпіз.
Тарихын білмеген елдің болашағы бұлыңғыр дегендей, қазақтың барлық
зерттелген тарихы дарияға тамған тамшыдай зерттесе де, жеке автордың
қоржынында кетіп жатыр. Сол еңбектері жарыққа шықса да тарихтың тасында
таңбаланбай жатыр. Соның бірі Қазақстанның территориясындағы құқықтық
басқару жүйелерінің даму кезеңдері. Оны бірі білсе де, бірі білмейді.
Осындай тарихи жағдайларды мұрағаттан шығарып, кітап қылып шығарса да, ол
бәрібір жылдар өте келе ұмыт болады.
Бұларды Орталық Қазақстан білсе де, барша қазақстандықтар білмейді.
Тарихи қалыптасқан нәрсе, ол Қазақстанда құқықтық
мәдениеттің құрылуына шығыстық дәстүрлер үлкен ықпалдарын тигізген.
Сондықтан біздің құқықтық жүйеге ежелгі шығыстық дәстүрлер үлкен ықпал
еткен. Сондықтан біз құқықтық ежелгі шығыстық дәстүрінің ерекшеліктеріне
тоқталамыз. Ең алдымен, Ежелгі Шығыс- ол үлкен географиялық аймақ екенін,
батыстан шығысқа дейін - ол қазіргі Тунистен басталып, сонау қазіргі
Қытай, Жапония және Индонезияға дейін, ал оңтүстіктен солтүстікке дейін -
ол қазіргі Эфиопиядан сонау Кавказ тауларына және Арал теңізінің оңтүстік
жағалауына дейін созылғанын көрсеткен жөн. Көрсетілген аумақта, бүкіл
әлемнің тарихы мен мәдениетіне елеулі ықпалын тигізген көптеген
мемлекеттер орналасқаны анық.
Соңғы тарихи зерттеулер халқымыздың, кейбіреулер айтып жүргендей, қой
аузынан шөп алмас момын болмағанын сталиншілдіктің қылышынан қаны тамып
тұрса да, ат жалын тартып мініп, қатал тәртіпке бірден мойынұсына қоймай,
батыл қарап шыққанын көрсетіп отыр. Бірақ қара халық қаншама табан тіресіп,
қарсылық көрсетсе де одан ешқандай нәтиже шықпады, керісінше, олардың
жағдайлары одан да бетер қиындап кетті.

2.1 Қазақстан территориясында құқықтық басқару жүйелерінің тарихи даму
кезеңдері

Құқық және мемлекет туралы қалыптасқан қазіргі кездегі жалпы ғылыми
көзқарастар бүкіл адамзаттың дамуының белгілі тарихи кезендерінің қоғамдық
өмір шыңдықтарына негізделген. Сондықтан құқықтық және мемлекеттік
құбылыстарды олардың тарихи дамуына және өзара байланыстарына қараулы
құқықтық жүйелерді талдауды қажет етеді. Құқықтық дамуы кез келген
мемлекетке қайшылықта және күрделі екені көпшілікке мәлім. Жалпы құқықтық
жүйелердің даму деңгейі қоғамда оның қоғамдық-экономикалық дәрежесімен
анықталады, басқа сөзбен айтқанда, өркениетті дамуы.

Бүгінгі күнде өткен өмірдің белгілі көрінісін тарихи негізінде қарау
қалыптасқан. К.Маркс ұсынған қоғамдық –экономикалық формациялар арқылы
әлемнің даму тұжырымдамасы, ғылыми ортада өте кеңінен тараған . Оның
пікірі бойынша, адамдар қоғамның жалпы әлемдік-тарихи даму процестері
алғашқы қауымдық, құл иеленушілік, феодалдық және капиталистік қоғамдық-
экономикалық формациялардың кезекпен ауысуы болып келеді.

Осы теорияға сәйкес, алғашқы қауымдық формация шаруашылықтың ең
жабайы, қарапайым түрлерімен, рулық қатынастармен, кластық және мемлекеттік
ұйымдардың жоқтығымен сипатталады. Белгілі дәрежеде адам бір бөлік болып
қабылданған. Жеке адамның құқығы бүкіл қоғамның құқықтары мен мүдделеріне
бағынған.

Жалпы әлемдік тарих курсында құл иеленушілік қоғамның тарихы ежелгі
әлем тарихы деп аталады, онда екі үлкен бөлім көрсетілген: Ежелгі Шығыс
елдерінің тарихы және антик тарихы (Ежелгі Грецияның және Ежелгі Римнің).
Осындай градация Ежелгі Шығыс және антик елдерінің дамуының терең
ерекшеліктерімен келісілген. Ғылыми әдебиеттерде бірнеше рет көрсетілген,
қоғамның ең әділді құрылымы ретінде құқықтық мемлекеттің идеялары алғашқы
ежелгі гректерде қалыптасқан. Бірақ та, Рим құқығының көзқарасы бойынша,
адамдардың барлығы заң жағынан құқықты емес. Құл өзінің статусы бойынша
еңбек құралы ретінде, затқа теңелетіні бәріне анық. Құқықты деп - тек қана
азамат, дәлірек айтқанда , еркін адамдар саналатын болған. Бірақ дәл осы
кезде жалпы адамдардың теңдігі туралы идея пайда болады, Ежелгі Грецияда
және Римде, сонымен қатар Ежелгі шығыста осы идея іске аспағанына
қарамастан оны айтып ескерту жөн.

Тарихи қалыптасқан нәрсе, ол Қазақстанда құқықтық мәдениеттің
құрылуына шығыстық дәстүрлер үлкен ықпалдарын тигізген. Біздің құқықтық
жүйеге ежелгі шығыстық дәстүрлер үлкен ықпалдарын тигізген. Сондықтан біз
құқықтық ежелгі шығыстық дәстүрінің ерекшеліктеріне тоқталамыз. Ең
алдымен, Ежелгі Шығыс- ол үлкен географиялық аймақ екенін, батыстан
шығысқа дейін - ол қазіргі Тунистен басталып, сонау қазіргі Қытай, Жапония
және Индонезияға дейін, ал оңтүстіктен солтүстікке дейін - ол қазіргі
Эфиопиядан сонау Кавказ тауларына және Арал теңізінің оңтүстік жағалауына
дейін созылғанын көрсеткен жөн. Көрсетілген аумақта, бүкіл әлемнің тарихы
мен мәдениетіне елеулі ықпалын тигізген көптеген мемлекеттер орналасқаны
анық. Осы елдерде әр түрлі дәуірде кезекпен негізгі үде пайда болады:
- құлдар және еріксіз жұмыскерлер
- еркін өндірушілер кластары (қоғамы)
- үстемдік кластары(егіншілік, сарайлық ақсүйек, абыздық,
әскерилер)

Осы көрсетілген үш кластың әрқайсысы бірнеше қаттаулардан тұрады,
олар өзара міндетті түрде заңдық және тұрмыстық жағдайлары мен мүліктік
ауқаттылығы бойынша өзгешеленетін .
Ежелгі Шығыстың құқық идеясы қоғамдағы топтық-шектеулі сипаттары мен
анық аңғарылады және қоғамдық топтардың кластық құқықтары мен бостандықтары
қатаң бекітілуімен көрінеді. Біздің ойымызша , осындай өте күрделі кластық
және әлеуметтік құрылымдардың дамуы ежелгі шығыстық қоғамда құқықтың
прогрессивті дамуы туралы куәландырады. Құқықтық жүйенің тарихы жағынан
қарағанда, сол кездегі құқықтық актілер қазіргі адамдар құқықтары туралы
түсініктердің қалыптасуына ықпалын тигізгенін айта кеткен жөн.

Бірақ, көшпелі мәдениет дәстүрімен ескертілгендіктен, қазақ даласының
құқықтық жүйесінде өзіндік ерекшеліктері болған. Осы жұмыста біздің
қойған мақсатымыз көшпенділерді талдау емес, сондықтан тек, тұрақталған
ортадан басқа, көшпенділер әлемі тұлғааралық, құқықтық қатынастардың басқа
жүйесін енгізуін талап еткенін көрсету. Дала адамдарының қатаң және күрделі
өмір сүру шарттары көшпенділерді ғұрыптармен және қабылданған
дәстүрлермен орнатылған, әлеуметтік бағыттарға қатаң ортаға бағынуға
мәжбүрленген, керісінше жағдайда, рулық заңдарды бұзушы рудан қуылады, ал
ол қазақ даласында өліммен тең. Адамның құқықтары рудың немесе тайпаның
дүние танымның нұсқамаларын регламентті түрде сақтау.

Бірақ қазақ даласы шығыс пен батыс арасындағы орталықта орын алып
отырғанын ескеру керек, сондықтан қазақтардың идеялогиясын да, құқықтық
мәдениетін де синтездеу аталған екі әлемнің диалогы ретінде көрінеді.
Батыс дәстүрінің ықпалы Ресейлік құқық жүйесі арқылы іске асырылады.
Сондықтан біз Ресей және қазақ даласының тарихи байланыстарына және
тағдырларына толығырақ тоқталуымыз керек.
Осы кезде Ресейің құқықтық жүйелерінде озаттық, прогрессивті
бағыттары болған, олар Ресей мемлекетінің шығыстық-феодалдық әміршілік
бағытымен белгілі дәрежелі қайшылықта болып келеді. Ол 905,911,954,971
жылдарда орыс князьдері Олег, Игорь,Святославтың Гректермен жасалған
келісімдерінде орын алған озат Гректік-византийлік дәстүрлерін қолдануына
байланысты болған. Орта ғасырда жаңа құқықтық жағдайлар 1550 жылғы
Судебникте, Псков және Новгорд сот грамоталарында құрылған. 1689 жылы
билікті Ұлы Петр І өз қолына алғаннан соң биліктің орталықтандыруын
жүзеге асырады, Сенат және Святейший синод мемлекетке қызмет етуге
міндетті, ақсүйектердің жағдайын регламенттейтін, рангтар туралы кестесін
құрады.

Құқықтық мемлекеттің идеялары орыстың саяси-құқықтық -ойшылдарында,
феодализмнің заңсыздығын Д.И.Писаревтің, А.И.Грециннің,
Н.Г.Чернышевскийдің, А.Н.Радишевтің және басқа да ойшылдардың ұсынылған
еңбектерінде кеңінен көрсетілген.

А.Н.Радишевтің(1749-1802ж.ж) ілімдеріне толығырақ тоқталсақ, 80-ші
жылдардың ортасынан Радищев өзінің басты шығармасымен жұмыс істеді.
Петербургтен Мәскеуге саяхат еңбегінде Ресейдегі заңсыздық және
крепостнойлық құқықты жою туралы ойлары айтылған. Кітап жарияланғаннан
кейін 3 жұмадан соң, Екатерина ІІ өзі басқарған адамдармен, Радищевті
тергеуі басталады . 1790 жылдың 30 маусымында Радищев Петропавлов
қамалына жабылды. Сот оны өлім жазасына кесті, кейіннен ол үкімді
императрицца - Радищевті атақтарынан айыруға және Сібірдегі Илимдік
острогына 10 жылға жер аударумен ауыстырды. Александр І билікке келген соң
Радищев кешірілді және заңдарды құру комиссиясына қызметке кіргізілді.
1801-1802 ж.ж. заң еңбектеріне және заңнамалық жобаларында Радищев
бұрынғы идеяларын жүргізді, қоғамдық топтық артықшылықтарды және
крепостнойлық құқықтың жойылуын талап етті. Радищевті жаңа жер аударумен
қорқытуына қарсы жауап ретінде, наразылық түрінде адамның өзін-өзі өлтіру
құқығы туралы ойын іске асыра отырып, ол уланып өлді. Біздің ойымызша
Радищевтің бұл әрекеті адамның құқығы және жеке бас бостандығын жүзеге
асыруы үшін өмір бойы күрескен заңгер екенін көрсетеді.
Радищевтің Заңдық қағидалары туралы атты басқа шығармасы 1802 жылы
жаңадан құрылған Әділет және ішкі істер министрліктерімен қылмыстық
статистиканың ұйымдастырылуына тигізген тура ықпалын көрсетіп кету керек.
Бұл жұмыстың талдауы қылмыстық статистика саласында, орыс ғалымның ең
алғаш ойлап шығарылғаны туралы -қорытындысына әкелді.

Ресейдің саяси-құқықтық саласында болып жатқан оқиғалары, тек қана
ішкі проблемаларына ғана емес, сонымен Қазақстанның Ресейге ceбепкер
болған өзара маңызды саяси байланыстары болды. Орыс мемлекеті шығыста
мемлекеттік шекараларын кеңейтуде мүдделігін білдірген. Ресеймен
ортаазиялық хандықтар арасында дипломатиялық қатынастар және сауда
жағдайы орнатылғаннан кейін, XV – XVI ғасырдың екінші жартысында, Ресей
мемлекетінің Қазақстанға деген қызығушылығы арта түсті. Сауда-
экономикалық қатынастардың дамуында екі жақ бірдей мүдделі екені белгілі.

Жоңғарлармен соғысу кезіндегі, солтүстік-шығыс шекаралардағы күрделі
жағдай қазақ хандарының және сұлтандарының Ресеймен Петр I үкіметімен
одақтасу идеясына әкеледі. Бірақ та қарапайым әскери одақ жеткіліксіз
болды. Орынборда 1740 жылы болған Кіші және Орта жүздердің ақсақалдары мен
сұлтандары өкілдерінің жиыны ресейлік азаматтылықтың алғашқы нәтижелерінің
бекітілуіне әсерін тигізді.

Ресей мемлекетінің құрамына Қазақстанның кіруінің позитивті және
негативті жақтары болғанын айта кеткен жөн. Қысқы уақытта Оралдың оң
жағалауына малдарын айдауға тыйым салатын 1756 жылы патшаның жарлығы
шықты. Көшпенділердің шабуылдарынан орыс қыстақтарын қорғау үшін,
интенсивті түрде Орал өзені бойында салынып жатқан, арнайы бекіністері
және басқа әскери құрылыстары царизмнің қазақ жерлерін отарлау
орталықтарына айналдырады.

Шығыста тікелей Цин империясына қатысты Орта жүздегі қалыптасқан екі
жақты жағдай ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қазақстан Республикасының мемлекет және құқық тарихы пәні бойынша дәрістер
Құқықтық норма және құқықтық қатынас ұғымдары
Құқық жүйесінің дамуы
Құқық жүйесі мен заң жүйесінің қатынастары
Құқықтық жүйе
ҚҰҚЫҚ ТАРИХЫНЫҢ ДАМУ МЕН ҚАЛЫПТАСУЫ
Қазақстан Республикасының банк жүйесiнің қалыптасуы мен дамуы
Қазақстан Республикасының мемлекет және құқық тарихы
Құқық құрылымы және құқық жүйесі туралы түсінік
Құқық жүйесі мен құқықтық жүйелер арасындағы байланыс
Пәндер