Құқықтық нормалардың элементтерінің құрылу тәсілдері
Жоспар
Кіріспе 2
I тарау – Құқықтың түсінігі және мазмұны. 3
1.1 Құқық нормасына жалпы түсінік. 6
1.2. Құқықтық норманың құрылымы,жүйелері және түрлері 10
1.3. Құқық нормалары мен мораль нормаларының арақатынасы. 14
II тарау – Құқық нормаларды іске асыру және оларға түсінік беру. 17
2.1 Нормативтік құқықтық актілерге түсінік беру. 22
2.2 Қазақстан Республикасының нормативтік актілердің түрлері. 26
Қорытынды 31
Қолданылған әдебиеттер 33
Кіріспе
Мемлекет, оның органдары адамның мінез – құлқының бұрын болмаған жаңа
ережелерін белгіледі. Құқықтық ғұрыптар және мемлекетпен оның органдары
қабылдаған құқықтық нормалар негізінде құқықтық жүйе қалыптасты. Құқықтық
жүйенің мақсаты – мемлекеттік құрылысты, қалыптасқан экономикалық
қатынастарды, мемлекеттік және жеке меншікті қорғау болып табылады.
Мемлекет пен оның органдары құқықтық норма талаптарының орындалуын, адамдар
өздерінің құқықтары мен бостандықтары пайдаланған кезде заңдардың
бұзылмауын бақылап отырады. Құқықтық тәртіпті қорғайтын, заңды бұзушыларды
заң жолымен жауапқа тартып отыратын арнаулы органдар құрылады. Мұндай
органдарға жататындар – полиция, сот, прокуратура, әскер.
Сонымен құқық дегеніміз – мемлекетке қолданылатын барлық құқықтық
нормалардың: құқықтық ғұрыптардың, әділеттілік үлгілердің, мемлекеттің
құқықтық ережелерінің жиынтығы болып табылады. Құқықта заңдар ерекше орын
алады. Мемлекеттік өкімет билігінің жоғарғы органдары (монархтар немесе
өкілетті органдар – парламенттер) қабылдаған нормативтік актілер заң деп
есептеледі. Заң ең жоғарғы юрисдикциялық күш болып табылады. Мұның мәнісі –
мемлекеттік органдар қабылдаған нормативтік актілер заңда негізделуіне және
заңға қайшы келмеуге тиіс деген сөз. Құқық тек заңдардан ғана тұрмайды.
Құқық дегеніміз – белгілі бір мемлекетте қабылданған және қолданылып жүрген
барлық құқықтық нормалардың белгілі бір жүйесі. Құқықтық нормалар тек
заңдарда ғана емес, басқа нормативтік құқықтық актілерде де көрсетіледі.
Конституцияда, заңдарда мемлекеттік органдарға нормативтік құқықтық актілер
қабылдау жөнінде өкілдік беріледі. Президент – нормативтік жарлықтар,
үкімет – нормативтік қаулылар, министрліктер – нормативтік бұйрықтар,
жергілікті мемлекеттік органдар нормативтік шешімдер т.б. қабылдайды.
I тарау – Құқықтың түсінігі және мазмұны.
Құқық әлеуметтік нормалардың ерекше жүйесі болып, мемлекетпен бірге
өмірге келіп, қоғамды реттеп, басқарып отырды. Олар қоғамның, объективтік
даму процесінің талабына сәйкес қалыптасты. Бірақ әр елдің ерекшеліктеріне
сәйкес құқық пен мемлекеттің нысаны әр түрлі, мазмұны бірдей болды. Бұл
жерде қайталап өтейік, құқық пен мемлекеттің өмірге келуінің, қалыптасуының
негізгі объектвтік заңдары: қосымша өнімнің пайда болуы, жеке меншіктің
қалыптасуы, таптардың арасында күрестің басталуы, мемлекетің өмірге келуі.
Бұл объективтік даму процесі қоғамның алдына бірнеше талаптар қойды:
- қоғамның әкімшілік – территориясында тұрақты тәртіп
қалыптастыру қажет болды;
- қоғам бірнеше тапқа, топқа бөлініп, олардың арасында
қайшылықтар басталып, оны реттеп, қоғамды басқару керек болды;
- ру мен тайпалардың, мемлекеттік бірлестіктердің арасындағы
қайшылықтар күреске айналып, күрес соғысты өмірге әкелді. Осы
күрес – қайшылықтарды бейбітшілік жолмен шешіп, реттеу қажет
болды.
Құқықтың мазмұны, түсінігі – адам қоғамын басқарудағы құқықтық нормалардың
ішкі тұрақты, сапалы мәні, маңызы.
Құқық адамдардың өмірімен тығыз байланыста дамиды: олардың
бостандығын қалыптастырады, мінез – құлқына, іс - әрекетіне, тәртібіне,
сана – сезіміне жан – жақты әсер етеді, мүдде – мақсаттарының іске асуына
қолоайлы жағдай, қамқорлық жасап қорғайды. Адамдардың жекелік топтық және
қоғамдық қарым – қатынастарын реттеп, басқарып отырады. Осы тұрғыдан алсақ
құқықтың мазмұны, түсінігі – адам қоғамын басқарудағы құқықтық нормалардың
ішкі тұрақты, сапалы мәні, маңызы.
Заң ғылымында “құқық” термині бірнеше мағынада қолданылады.
Біріншіден, “құқық” деген – ресми түрде танылған жеке және заңды
тұлғалардың заңға сүйене отырып, әрекет жасау мүмкіндігі. Мысалы,
азаматардың еңбек ету бостандығы, білім алу, меншік иесі болу,
кәсіпкерлікпен шұғылдану құқығы. Заңды тұлғалардың (мемлекеттік
органдардың, қоғамдық ұйымдардың) да құқықтық мүмкіндіктері болады. Бұл
көрсетілген жағдайларда “құқық” түсінігі субъектвтік мағынада қолданылады.
Екіншіден, “құқық” деген – құқық нормаларының жүйеге келтірілген
жиынтығы. Бұл объективтік мағынадағы құқық, олардың қалыптасуы, жүзеге
асырылуы дилектикалық процесс арқылы жүріп жатады. Мысалы, Қазақстанда
мемлекеттік құқық туралы Конституцияның 4 – бабында былай делінген:
“Қазақстан Республикасында қолданылатын құқық Конституциясының, соған сай
келетін заңдардың, өзге де нормативтік – құқықтық актілер” болып табылады.
Үшіншіден, “құқық” термині оқу пәнін білдіретін ұғымы ретінде
қолданылады. Мысалы, конституциялық құқық, әкімшілік құқық, азаматтық
құқық, еңбек құқығы, қылмыстық құқық, отбасы құқығы және т.б.
Төртіншіден, “құқық” термині субъективтік құқық пен объективтік
құқықтың жиынтығы ретінде де қолданылады. Мысалы, құқық жүйелері мен
құқықтық жүйе.
Сонымен, “құқық” терминінің көптеген мәні бар, оны зерттеушілердің
көзқарасы бір жерден шығып, бір текті болады деп айтуға болмайды.
Негізінен, құқықты таптық және жалпы әлеуметтік тұрғыдан түсіндіру
ғылымында кең орын алып келді. Марксистік ілім құқықты, оған байланысты
құбылыстарды тек таптық ғана зерттейді. Ал өркениеттік тұрғыдағы ілім
бойынша құқық қоғамдағы барлық адамдардың еркін білдіріп мүдделерін
қорғайтын құрал болып саналады. өйткені адам тарихында болған қоғамдардың
бәрінде де таптық мүддеге – мақсатты да реттеп, басқарып отырады.
Құқық – мемлекет шығарған немесе бекіткен, орындалуы мемлекеттік
аппараттың күшімен қамтамасыз етіліп отыратын жалпыға бірдей тәртіп
ережелерінің (нормалардың) жиынтығы.
Құқықтың түсініктері бірнеше, бірақ мазмұндары біреу – ақ.
Құқықтың мазмұнының негізгі элементтері:
- қоғамның және адамдардың мүдде – мақсатын қорғау, орындау;
- қарым – қатынастарды реттеп, басқару;
- қоғамды дағдарысқа ұшыратпай, экономикалық, саяси әлеуметтік,
мәдениеттік т.б. бағытын дамытып, нығайту;
- мемлекеттік органдарының, қоғамдық ұйымдардың құзыретін, ара
қатынасын реттеп, басқарып отыру;
- халықаралық қатынастарды реттеп, басқару.
1.1 Құқық нормасына жалпы түсінік.
Құқықтық норма – қоғамдық қатынастарды реттеуге қолданылатын
әлеуметтік ережелердің бір түрі. Ол бүкіл халықтың мүддесін қорғаудың,
мемлекеттің билігін, саясатын іс жүзінде асырудың құралы. Құқықтық норма
қоғам мүшелерінің мінез – құлқын, іс әрекетін арнайы ережелермен реттейді.
Жеке дара норма немесе нормалардың бір жүйесі құқық бола алмайды.
Құқық деп қоғамның билігін, саясатын, мүддесін іс жүзіне асыруды толық
қамтыған нормативтік актілердің жиынтығын айтамыз. Сонда да жеке дара
құқықтық норманың маңызы зор. Оның мазмұны өте күрделі мәселелерді:
қоғамдық мүддені, саясатты, мемлекеттік билікті, бостандықты, теңдікті,
әділеттікті, сананы, халықтың әлеуметтік жағдайын, денсаулығын т.б.
демократиялық іс - әрекеттерді біріктіреді.
Құқықтық норманың құндылығы:
- құқықтық нормалар қоғамды реттеп, басқарудың құралы, сол арқылы
адамдардың, заңды тұлғалардың қарым – қатынастарына дұрыс бағыт
беріп отырады;
- құқықтық нормалар қоғамдық құрылыс жүйені қорғаудағы ең сапалы
құрал, нормативтік актілер қоғамға зиянды іс - әрекеттерге
жауапкершілікті күшейтіп отырады;
- құқықтық нормалар қоғамның дамуына пайдалы қатынастарды қолдап,
қолайсыздарын қысқартып, экономиканың, әлеуметтік жағдайдың
жақсаруына мүмкіншілік жасап отырады;
- құқықтық нормалар қоғамда әділеттікті, теңдікті, бостандықты
т.б. демократиялық қағидаларды қалыптастырады;
- құқықтық нормалар халықаралық, мемлекетаралық байланысты,
қатынасты жақсартудың құралы.
Құқық – жалпыға бірдей міндетті, мемлекетпен қамтамасыз етілетін,
қоғамдық қатынастарды реттейтін нормалардың жиынтығы. Құқықтық норма –
құқықтың бір клеткасы, қоғамдық қатынастарының жақсы дамуының үлгісі деуге
болады. Ол адам істерінің, жұмысының, тәртібінің шеңберін анықтап, олардың
бостандығын және қарым – қатынасын реттеп, басқарып отырады.
Адамдардың бостандығын реттейтін норма екі тұрғыдан қарастырады:
бірінші – адамдардың өздерінің, өз істерін, өз тәртібін жобалау –
жоспарлауы (ішкі бостандық);
екінші - өз мүдде – мақсаттарын өздері анықтап, оны өздерінің жүзеге
асыруы (сыртқы бостандық).
Қоғамдағы барлық процесс, барлық қарым – қатынастар құқықтық нормалар
арқылы реттеліп, басқарылып жатады. Нормативтік актілер әлеуметтік жеке
мемлекеттік ықпал ету қасиеттерін біріктіріп, қоғамның дұрыс, жағымды
дамуына, жалпы халықтық тәртіптің нығаюына мүмкіншілік жасап отырады.
Құқықтық норманың негізгі сипаттары:
1. Норма қоғамға, адамдарға ең қажетті, керекті қарым – қатынастарды
реттеп, басқарып отырады. Ол қатынастардың басым көпшілігін
бостандықты, әділеттікті, теңдікті, адамгершілікті және қоғамның
экономикалық, саяси, әлеуметтік, рухани, мәдени т.б. даму бағыттарын
қамтып, реттеп, басқарады. Бұл басқарудың негізгі бағыттары,
қағидалары Конституцияда және заңдарда көрсетілген.
2. Норма көп қатынастардың мазмұнын, орындалу бағыттарын, әдіс –
тәсілдерін алдын ала анықтап, көрсетіп отырады. Болашақ қатынастың,
оны реттеудің, орындалуының “үлгісін” жасайды. Міне осы "үлгілерді"
зерттеу арқылы ғалымдар мемлекеттердің өткен тарихымен танысып жатады.
3. Нормативтік актілердің көпшілігі өзгермей қатынастарды көп жылдар
дұрыс, жақсы реттеп, басқарып тұрақты процесті типизация деп атайды.
Мұның маңызы өте зор. Заңдылықты нығайтуға, құқықтық тәртіпті сақтауға
зор үлес қосады.
4. нормативтік актілер жалпы мемлекеттік норма, оның орындалуы жалпы
қоғамдық міндет, оны халық түсінеді, біледі. Сондықтан олар ол
нормалардың дұрыс орындалуына үлес қосады. Құқықтық норманың жоғарыда
көрсетілген сипаттары, оның мазмұнын, маңызың, қоғамдағы қарым –
қатынастарды реттеп, басқаруын толық түсінуге болады.
Құқықтық нормалардың белгілері:
1. Норма мемлекеттік органның қабылдаған бекіткен актісі, оның заңдық
күші бар. Мұндай нормалар қоғамдағы тәртіптің үлесіне айналады.
өйткені ол нормаларды халықтың басым көпшілігі дұрыс орындайды.
2. Нормада субъектілердің құқығы мен міндеттері, орндалу жолдары толық
көрсетіледі. Егер де көрсетілмесе субъектілердің өз еркінде, тек заңға
нышан келтірмеулері керек.
3. Норма ерікті түрде орындалмаса, еріксіз орындатылуы.
4. Құқықтық нормалардың жүзеге асырылуын, орындалуын мемлекет қамтамасыз
етеді.
5. Құқықтық норма адамдардың, қоғаның тәртібінің кепілдігі болуы.
Құқықтық нормасыз қоғамда ешқандай дәрежелі заңдылық, тәртіп, жоспар,
мағыналы, сапалы қарым – қатынас болуға тиіс емес. Құқықтық норманың
мазмұны толық болуы керек. Сонда ғана оны дұрыс орындауға болады. өмірде
мазмұны толық емес нормалар кездеседі. Бір нормада қатынастың мазмұны
көрсетіледі, екіншісінде – оны қашан, қандай жағдайда қолдануды
көрсетеді, үшіншіде – қолдану нәтижесін көрсетеді. Үшеуін біріктірсе бір
толық норма болып шығады. Мұндай норманың құрылысы өте сирек кездеседі.
Нормалардың басым көпшілігі толық түрде болады. Егерде толық болмаса,
жетіспейтін элементтерін сілтеме арқылы туып алуға болады.
Сонымен, құқықтық норма – қоғамдағы қатынас субъектілерінің құқықтары мен
міндеттерін реттеп, басқарып отыратын жалпыға бірдей мемлекетпен
қамтамасыз етілетін ереже – қағида.
Құқықтық норма, оның белгілері.
1.2. Құқықтық норманың құрылымы,жүйелері және түрлері
Құқықтық нормалардың элементтері бірігіп, оның құрылымын қалыптастырады.
Бірақ ол элементтердің болуы, тізілу қатары, бағыты, мақсаты нормативтік
актілердің түріне байланысты. Құрылымы жөнінде құқықтық нормалар екі түрге
бөлінеді: негізгі заңды нормалар және тәртіп ережелерінің нормасы.
Негізгі заңды нормаларда элементтердің мазмұны норманың кіріспесінде немесе
бірінші бабында толық көрсетіледі. Мысалы, Қазақстан Республикасының Салық
туралы заңында норманың элементтері 1- бабында көрсетілген. Тәртіп
ережелерінің нормаларында элементер нормативтік актілердің баптарында,
бөлімдерінде көрсетіледі. Құқықтық нормалардың элементтері: диспозиция,
гипотеза, санкция. Диспозиция – Қатынастың мазмұны мен
субъектілердің құқығы мен міндеттерін көрсетеді. Диспозиция норманың
діңгегі, құқықтық тәртіптің үлгісі- моделі. Екі немесе көп жақты мәмілелер
мен шарттардағы тұлғалардың міндеттері мен құқықтыры айқын көрсетілуі.
Диспозицияның үш түрі болады:
- жалпылама түрі – нормада субъектілердің құқығы мен міндетері айқын
көрсетілмейді; мысалы жұмыссыздық туралы заңда республикалық,
облыстық, аудандық органдардың міндеттері жалпылама көрсетілген;
- айқын түрі – диспозицияның мазмұны нормада анық көрсетіледі. Мысалы,
қылмыстық кодекстің баптарына диспозицияның махмұны толық көрсетіледі;
- сілтеу түрі – диспозицияның мазмұны туралы басқа нормаға сілтеу
жасалады. Мысалы, азаматтық кодекстің бірнеше баптарына сілтеме
қолданылады.
Гипотеза – диспозиция қашан басталады, аяқталады, нормативтік акті қалай
орындалуы керек, осы жағдайларды көрсетеді. Мысалы, бұзақылық үшін
жауапқа тартылатын адам қоғамдық тәртіпті бұзуы керек. Гипотезаның үш
түрі болады:
- егер норманың іс әрекеті бір жағдайдың болуы немесе болмауымен
байланысты болса, мұндай гипотезаны жалпылама деп атайды;
- егер норманың жұмысы бірнеше жағдайдың болуы немесе болмауымен
байланысты болса, ондай гипотезаны – күрделі гипотеза деп атайды;
- егер норманың, іс әрекеті бірнеше жағдайдың біреуін таңдау арқылы
басталса, мұндай гипотезаны альтернативтік гипотеза деп атайды.
Санкция – диспозиция мен гипотеза дұры орындалмаса, оның жағымсыз салдары
және жауапкершіліктің басталуы мен қолданылуы. Санкцияның үш түрі болады:
- абсолютті айқын санкция: жұмыстан шығару, қызметін төмендету, айып
төлеу т.б;
- салыстырмалы айқын санкция: минимум мен максимумныңарасындағы
жауапкершілік;
- альтернативтік санкция. Санкцияның көрсетілген түрлерінің қайсысын
қолдану тиісті мекеменің еркін құзырында.
Осы үш элементтер толық болса ғана нормативтік акті өз міндетін, өз рөлін
дұрыс, уақытында, жақсы орындай алады. Егерде нормада бір екі элементтері
жоқ болса, сілтеме арқылы оларды тауып алу керек. Нормативтік
актілердің жеке баптарында норманың элементтері толық болмайды.
Конституцияның баптарында тек гипотеза мен диспозиция ғана болады.
Қылмыстық кодексте тек диспозиция мен санкция ғанаболады. Іс жүзінде
норманың элементтері нормативтік актінің әр баптарында болуы мүмкін
немесе бірнеше нормативтік актілердің баптарында болуы мүмкін. Оны тауып
алуға болады.
Құқықтық нормалардың элементтерінің құрылу тәсілдері.
1. Тікелей норманың үш элементін толық келтіру. Мұндай тәсіл нормативтік
актілердің көбінде қолданылады. Бұл құқықтық нормалардың іске асуын,
орындалуын жеңілдетеді.
2. Сілтеме тәсіл норманың жетіспейтін элементі туралы осы заңның басқа
бөлімінде, тарауына, бабына сілтеме жасалады.
3. Бланкеттің тәсіл- норманың жетіспейтін элементі туралы басқа заңға,
қаулыға сілтеме жасау.
Сонымен құқықтық норма, заңның немесе нормативтік актілердің баптарында
элементтердің толық болмауы мүмкін.
Оларды міндетті түрде іздестіріп табу қажет.
1. Қоғамның әр саласына қарай өндірістік, ауыл –шаруашылық, құрылыс,
мәдениет, экономика, әлеуметтік, білім, ғылым т.б. бағыттағы нормалар.
2. Құқықтың саласына қарай мемлекттік, әкімшілік, қаржы, еңбек, жанұя,
азаматтық, қылмыстық, азаматтық-процессуалдық, қылмыстық
–процессуалдық т.б. саладағы нормалар.
3. Атқаратын жұмысына қарай нормалар екіге бөлінеді: реттеуші нормалар,
қорғаушы нормалар.
4. Мазмұнына қарай нормалар үшке өлінеді: міндеттеуші нормалар; тыйым
салушы нормалар; ерік беруші нормалар.
5. Норма элементтерінің құрылымына қарай нормативтік актілер үшке
бөлінеді: нақты белгілі нормалар- мазмұны толық анық жазылған
элементтері түгел; салыстырмалы нормалар – мазмұны, элементтері түгел
емес, мәселені болған істің жағдайына қарай шешу; балама нормалар –
істің орындалуының, норманың жүзеге асуының бірнеше бағыты,әдісі
болуы.
6. Субъектілеріне қарай нормалар екіге бөлінеді: жалпылама нормалар,
арнаулы нормалар.
7. Мамандандырылған құқықтық нормалар – қоғамның мамандық салаларының
қарым- қатынасын реттеп, басқаратын нормалар. Мысалы, азаматтық,
қылмыстық, заңгерлер, дәрігерлер, мұғалімдер, инженерлер бағыттағы
нормалар.
Міне осы көрсетілген бағыттар бойынша құқық өзінің күнделікті қоғам
өмірін реттеп, басқарып отырады. Мазмұны жағынан құқық нормалары заңдылық
пен құқық тәртібі, азаматтардың құқығы мен міндеттері, заңдарды
өзгерту,жетілдіру, толықтыру жөніндегі пікірлер мен көзқарасытарды
жинақтап құқықтың қоғамдағы міндеттерін орындаудағы жұмысын дамытып,
жақсартып отырады. Құқықтық нормалардың мүлтіксіз орындалуы азаматтарды
тәрбиелеу, бақылау әдістерімен қатар әкімшілік немесе соттық жауапқа
тарту арқылы қамтамасыз етіледі. Құқықтық
норма – қоғамдық қатнастарды реттеуге қолданылатын әлеуметтік ережелердің
ең күрделі түрі.
1.3. Құқық нормалары мен мораль нормаларының арақатынасы.
Құқық пен мораль тығыз байланыста. Осы екі құбылыстың жалпылама
ерекшеліктерін және айырмашылықтарын көрсету қажет.
Жалпылама ерекшеліктері құқық пен мораль экономикалық базиске жасалған
қондырма болып табылады, қоғамдық қатнастарды реттейді, әлеуметтік
–экономикалық мүдделердің ортақтығына негізделеді. Құқық пен
мораль көпшілік жағдайларда ерікті түрде жүзеге асырылады және жүзеге
асырылуының ішкі кепілі – адамның ар-ұяты мен намысы. Құқық
нормаларының талаптары моральдық талаптарға негізделген. Мысалы,
Қазақстан Республикасының Конституциясы-ның 27- бабында былай айтылған:
Неке мен отбасы, ана мен әке және бала мемлекеттің қоғауында
болады.балаларына қамқорлық жасау және оларды тәрбиелеу –ата-ананың
табиғи құқығы әрі парызы. Кәмелетке толған әрі еңбекке қабілетті балалар
еңбекке жарамсыз ата-анасына қамқорлық жасауға міндетті . Бұл талапта
құқық нормасының талабы және мораль нормасының талабы бірдей көрініс
табады. Кейбір құқық салаларында моральдық талаптардың ықпалы аздау.
Мысалы, салалық құқықта, азаматтық құқықта, қаржылық құқықта және т.б.
Ал отбасы, қылмыс, халықаралық құқықта моральдың маңызы өте зор. Енді
құқық пен мораль айырмашылығына тоқталу қажет.
1. Құқық мемлекетпен бірге, қатар пайда болды, ал мораль бұрын пайда
болады. Құқық жазылған нормалардан тұрады, ал мораль күрделірек құрылым
және жазылмаған ережелер, талаптардан тұрады. Құқық мемлекеттік
мәжбүрлеудің болу мүмкіндігімен қамтамасыз етіледі, ал моральдағды
арқылы немесеқоғамдық пікір күшімен қамтамасыз етіледі.
Нормативтік реттеу жүйесінде құқық ерекше орын алады.
Бұның себебі құқықтың айрықша белгілеріне байланысты.
2. Құқықты социологиялық және философиялық тұрғыдан қарағанда ол өте кең
түсінік болып, оған құқық нормаларымен қатар құқықтық сана, құқықтық
қатнастар да жатады. Құқыққа, ерекше әлеуметтік құбылыс ретінде
жалпы және айрықша белгілер тән.
1. Құқық жазылған нормалардан тұрады. Нормативтік тек құқыққа тән жағдай
емес. Ол адамның табиғатымен байланысты және кез-келген әлеуметтік ұйымға
тән. Нормативтік дегеніміз, адамдардың ой жүйесін, қоғамдық өмірін
тәртіппен, соның нәтижесінде белгілі ережелерге бағындыру.
2. Құқық әділдік және бостандық идеяларын білдіреді. Әділдік пен
бостандыққа адамзат ежелден ұмтылып, оларды армандаған. Әділдік – адамның
игілігіне бағытталған жағдай, ол басқа адамның игілігіне бағытталған
жағдай, ол басқа адамның мүддесіне зиян келтірмейді, қоғамға пайдалы. Осы
талаптарға сай келетінадамның әрекеті әділ болып саналады. Марксизм-
ленинизм негізін қалаушылар әділдікті тек таптық мүдделермен
байланыстырды. Бостандық – адамның ажыратылмайтын қасиет. Тек
бостандық болса ғана адам лайықты өмір сүре алады, барлық өзіне тән
шығармашылық мүмкіндіктерін аша алады.
3. Құықтың бейнелейтін объектілері болады. Олар – билік, мемлекет,
қоғамдық тәртіп. Солар арқылы әділдік пен бостандық жүзеге асырылады.
Әрине, әділдік пен бостандық шектелсе де, сол аталған құбылыстар арқылы
жүзеге асырылады. Құқықтың нормалары мен мемлекет органдарының арасында
қайшылықтар, үйлеспеушілік болуы мүмкін. Заңдарда адамдардың құқықтары
мен бостандықтары жарияланғанымен, мемлекет органдары олардың жүзеге
асырылуынқамтамасыз етпеуі мүмкін.
4. Құқық адамның іс әрекетін реттейді, оның ойына, сезіміне әсер етеді.
Егер адам заңдарда әділдік пен бостандық баянды етілетініне көз жетсе,
оларды орындау қажет деп есептейді. Мұндай жағдайда адам өз еркімен заң
талабын орындайды. Заң талабын бұзса, кінәліге мәжбүрлеу шаралары
қолданылады.
5. Құқық заңдар түрінде қалыптасады. Заңдарда адамдардың еркі баянды
етіледі. Адамдардың еркін заң шығаратын орган ресмилендіреді. Сондықтан
құқық – мемлекет таныған адамдардың еркі. Егер құқық әділдік пен
бостандықты паш етсе, ол жалпы құқық деп саналады.
6. Құқықтың формалды анықтылығы. Заңдарда бекітілген нормативті нұсқаулар
ерекше қасиетке ие болады. Ол –формалды анықтылық. Оның белгілері:
айқындығы, бір мағаналылығы, қысқалығы. Бұл құқық субъектісінің не
нәрсені істеуге бола ды, нені болмайтындығын білуіне ыңғайлы, әрі
қолайлы. Мысалы, біреудің мүлкін ұрлау – қылмыс. Құқықтың
жүйелілігі – оның тағы бір қасиеті. Заңдарда жазылған құқықтық нормалар
өзара байланысты, үйлесімді болады. Құқықтың нормалары тек осындай
негізде жазылып, қалыптасса ғана құқық өзінің борышын орындауға қабілетті
болады. Құқықтың тағы бір қасиеті – оның өзгермелілігі. Қоғамдық өмір
сіресіп қалмай, құбылып өзгеріп тұрады. Соған сәйкес құқық нормалары да
өзгерген қатынастарды лайықты түрде реттеу үшін өзгеріп тұруы қажет.
Осыған байланысты ескірген заңдар күшін жояды, жаңа заңдар қабылданады.
Осының өзі құқықты теңсіздіктің баянды етілетінін байқатады. Адамдар әр
түрлі: біреу әлсіз, біреудің қабілеті мол, екіншісінікі кем, біреудің
отбасы бар, біреу бойдақ. Сондықтан заң адамдары іс жүзінде теңдестіре
алмайды. Әрине, өмірдің кейбір салаларында, мысалы, саяси құқықтармен
пайдаланған барлық азаматтардың жағдайы бірдей. Құқықты мемлекет
қорғайды. Құқықтың барлық нормаларының талаптарын адамдар өз еркімен
орындай бермейді. Соған байланысты мемлекет құқық талабын бұзғандарға
мәжбүрлеу тәсілін қолданады. Мұндай қорғау болмаса, құқық жоқ деп есептеу
керек.
II тарау – Құқық нормаларды іске асыру және оларға түсінік беру.
Құқық қолдану оны жүзеге асыру үшін қолданылады. Құқықтық қоғамда
бір жағынан мемлекет, екінші жағынан азаматтар заң жолымен жүру туралы
міндеттеме алады. Осыған байланысты құқықты жүзеге асырудің ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz