Құқық нысанының негізгі түрлері


ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ІШКІ ІСТЕР МИНИСТРЛІГІ
БӘРІМБЕК БЕЙСЕНОВ АТЫНДАҒЫ
ҚАРАҒАНДЫ ЗАҢ ИНСТИТУТЫ
Мемлекеттік - құқықтық пәндер кафедрасы
БАҒАМДЫҚ ЖҰМЫС
Тақырыбы: «Құқық нысаны (қайнар көздері) ».
Орындаған: 106 оқу тобының
тыңдаушысы Қалиев Н. Б.
Ғылыми жетекшісі:
полиция майоры Салкебаев Т. С.
Қарағанды - 2010ж.
Құқық нысаны
І. Үлгілік жоспар
ІІ. Кіріспе
ІІІ. Негізгі бөлім
- Құқық нысандарының (қайнар көздерінің) түсінігі
- Нормативтік акт-құқықтық, негізгі нысаны нормативтік актілер түрлері
- Нормативтік құқықтық актілердің уақыттылығы кеңістіктегі және тұлғалар бойынша әрекеті.
IV. Қорытынды
V. Пайдаланылған әдебиеттер
кіріспе
Мен өзімнің бағамдық жұмысымда «Құқық нысаны» негізгі 3 срақты қарастырдым.
Құқық нысанын қолдану барысында құқық нысанының мазмұнын тереңінен оқып ұғыну керек, бір сөзбен айтқанда оларға түсінік беру қажет.
Құқық нормалары заңдарда немесе мемлекетпен танылатын басқа да қайнар көздерде көрініс тапқан жағдайда ғана құқықты заңды және жалпыға міндетті деп тануға болады.
Құқық нысандары - бұл мемлекетпен туындайтын немесе онымен танылатын құқық нормаларын айқындайтын және бекітетін оларға заңдық жалпыға міндеттілік мән беретін ресми құжаттық нысандар.
Құқық нысанының түрлері:
- Нормативтік құқықтық актілер
- Санкцияланған әдет-ғұрыптар
- Заңды прецедент
- Нормативтік шарт
- Құқықтың жалпы қағидалары
- Діни мәтінде
Құқық нысаны қоғамдағы сан алуан қатынастарды реттеп басқару үшін өмірге келіп, өзгеріп, ескіріп, жаңару дамып жатады. Ол нысандар адамдардың бірлестіктердің, одақтардың, ұжымдардың, ұйымдардың іс-әректеіне, жұмысына дұрыс ықпал жасап, қоғамдағы құқықтық жақсы іске асуына орындалуына зор әсер етеді. Олардың барлығының жұмысын нормаларға сәйкес қоғамдық мүдде-мақсатты орындауға адамдардың бостандығын, теңдігін қамтамасыз етуге бағытталған, іс-әрекет. Құқықтың нормалар іс жүзіне асырылмаса, оның әлеуметтік маңызы болмайды.
Құқықтың нысандары орындалуын адамдардың тек заңды іс-әрекетімен немесе әрекетсіздігімен байланысты, іс-әрекеті жасауға нұсқау берілсе, ол орындалса, құқық өз мақсатына жетті деуге болады.
Құқық нысанын қолдану туралы болйп шыққан сот актілердің шешімдері әкімшілік және тәртіптілік жауапкершілікті тағайындайды. Яғни олар қорғалатын құқықтық қолданымға әкімшілік тәжірибесі құрылымдарды қолдану негізінде орын алатын қиындықтар болады.
Құқық субъектісінің мақсаты - жеке мүддемен белгіленген өз еркін іс жүзіне асыру.
Құқық нысандары
Құқықтың қайнар көздері - мемлекетпен туындайтын немесе онымен танылатын құқық нормаларын айқындайтын және бекітетін, оларға заңдық, жалпыға міндеттілік мән беретін ресми құжаттық нысандар. Құқықтық қайнар көздеріне ресми сипат тән, оларды мемлекет таниды; бұлар ондағы нормаларды мемлекеттің қолдауын қамтамасыз етеді.
Құқық нысандары - құқық нормасының көрінісі мен бекітілуінің сыртқы нысаны.
Құқық нысандары (қайнар көздері)
Құқық негізі жөнінде әңгімелегенде; бәрінен бұрын құқықтың пайда болуы мен оның әрекет етуіне негіз болатын қозғаушы күштердің мағынасы әңгімеге арқау болады. Мұндай қозғаушы күштер мемлекеттің құқық шығармашылық ісі, үстем таптың ерік-жігері және соңында қоғамның материалдық тұрмыс жағдайлары.
Құқық негіздері қоғамдық қатынастарды реттейтін, ресми түрде бекітілген, жалпыға бірдей міндетті, мемлекет қамтамасыз ететін қоғамның ерік-жігері.
Кеізнде қазақ баласында құқықтық әдет-ғұрыптар қоғамдық қатынастардың негізгі реттеушісі болған. Оған дәлел «Қасым ханның қасқа жолы» ХV ғасыр. Есім ханның ескі жолы ХVІ ғасыр. Тәуке ханның «Жеті жарғысы ХVІІІ ғасыр. Сонымен қатар қазақ қоғамында билердің үлгі шешімдері де қазақтың ұлттық құқықтық әдеттерін дамытқан. Қиыннан қиыстырып тапқан билердің шешімдері ұқсас істеріді қарағанда күші бар құықтық норма ретінде пайдаланылған. ХІХ ғасырдың билер съезінде қабылданған ережелерде құқықтық нормалар жазылып, нормативті актілер ретінде пайдаланылған. Солармен қазақ қоғамында ежелден қалыптасқан құқықтық әдеттер де қоғамдық қатынастардың реттеушісі болып отырған.
Құқық нысанын түсіну үшін мазмұн мен нысанды білу қажет. Мазмұн - белгілі бір заттар мен құбылыстарды құрайтын элементтер мен процестердің жиынтығы. Нысан - мазмұнның өмір сүру тәсілі, оның құрылымы, ішкі түзілісі. Мазмұн мен нысанның арасындағы сәйкессіздік ескі нысанның орнын жаңа нысанның басуымен шешіледі. Құқық осы философиялық категорияның заңдарына сәйкес болып, өзгеріп отырады. Құқық әлеуметтік шындық объективтік құбылысының сыртқы нысаны. Ғылым құқықтың ішкі - сыртқы нысаны болады деп түсіндіреді: ішкі нысаны - құбылыстың құрылымын, жүйелік элементтерін көрсетеді: сыртқы нысаны - құбылыстардағы құқықтық тұрғыдан анықталған заңды негіздердің жиынтығы.
«Құқық нысаны» және «құқықтың негізі» бір-бірімен тығыз байланыстағы ұғым - бірақ олардың айырмашылығ, ерекшеліктері бар. Нысан-құқықтың мазмұнының сыртқы көрінісін және өмір сүру тәсілін көрсетеді. Негіз-құқықтың мазмұнының қалыптасу негіздерін, себептерін, факторларын көрсетеді. Құқықтық нормалардың негіздерінің үш түрі болады: материалдық, идеалдық, заңды. 1) материалдық негізге-қоғамдағы экономикалық базистың, меншіктерінің талаптарына сәйкес қабылданған нормативтік актілер жатады; 2) идеалдық негізге - қоғамдық идиологияның, сананың талаптарына сәйкес қабылданған құқықтық нормалар; 3) заңды негізге - қоғам жақсы, сапалы дамуының талаптарына сәйкес қабылданған нормалар, құқықтық жүйелер. Бұл көрсетілген үш күрделі бағыттан басқа құқықтық негіздерінің тағы бірнеше түрлері бар: әдет-ғұрып, салт-дәстүр, мораль, корпоративтік, діни, нормалар, заң ғылымының қорытында ұсыныстары және т. б.
Құқықтық негіздері құқықтық жақсы, сапалы дамуына зор әсер етеді. кеіріснше, сапалы дамыған құқық өзінің негіздері мен нысандарына қолайлы жағдайлар жасап, қоғамды жақсы реттеп-басқаруды қамтамасыз етеді.
Құқықтың негіздері мен нысандары әр формацияда әр түрлі болады. Құл иелену формациясындағы құқықтың негіздері мен нысанының түрлері: діни, әдет-ғұрып, моральдық нормалар, лауазымды тұлғалардың нұсқаулары, доктринипдың талқылаулдар. Феодалдық құқықтық негіздері мен нысандарының түрлері: «күштің құқығы» - деген атақ берілген, діни нормалардың үстемдігі және соттың прецеденты, заңгер ғылымның еңбектері. Буржуазиялық еңбектері. Буржуазиялық құқықтың негіздері мен нысандары мемлкеттік басқаруды бірте-бірте күшейте отырып, қарым-қатынастардың басым көпшілігін құқықтық нормалар арқылы реттеп-басқаруға көшті. Әр елде әр түрлі құқықтын негіздері мен нысандары қалыптасты. Бір елде парламенттің, екінші елде - президеттің, үкіметтің, үшінші елде - соттың, төртінші елде - діннің рөлі күшейіп отырды. Бәрі бірігіп құқықтың, мемлекеттің, қоғамды басқаруын жақсартуға үлес қосты. Өйткені, олар өзара байланыста болып, бір-бірінің жақсы заңды тәжірибелерін пайдаланып отырды.
Құқық нысаны - деген заңды ұғымды бірнеше ғасырлар бойы әлемдегі барлық мемлекеттер қолданып келеді. Құқықтың мазмұнының негізгі мәні мемлекеттік билікті іске асыру үшін, оны уақытында, сапалы орындау үшін қоғамның әр саласында саңқырлы нормативтік актілер қабылданып жатады. Бұл нормалар мемлекеттік билікке қоса, қоғамның мүдде-мақсатын, саясатын іске асырып отырады. Құқықтың нысандарының алдында осы күрделі үш мәселенің тұрғаның барлық халық, барлық қоғам біледі. Сондықтан, құқықтық нормаларды адамдардың, заңды тұлғалардың басым көпшілігі ерікті түрде орындайды. Бұл барлық мемлекеттердің, әсіресе дамыған елдердеің, тәжірибесінен белгілі болып отыр.
Құқықтың сапалы дамуына әсер ететін жағдайлар, мәдени-әлеуметтік, ұлттық даму процесі, адамдардың рухани сана-сезімі, халықаралық, мемлкетаралық байланыстар т. б. Бұл процестердің құқыққа әсері іштей де сырттай да объективтік және субъективтік тұрғыдан да болып жатады. Олардың әсері әр түрлі деңгейде болады және өзгеріп отырады - бірде күшейіп, бірде бәсендеп, әсіресе елде экономикалық, әлеуметтік жағдай төмендесе, нашарланса халықтың қысымы, ағайы, тұрақсыздығы күшейеді! Осының бәрі құқықтың мазмұнына, негізше, нысанына, сапасына көп әсер етеді. Бұл жерлердің жақсылыққа апаруы да, жамандыққа ұшыратуы да мүмкін. Құқықтың негіздері мен нысанының сапасының деңгейіне қарап құқыққа, қоғамға баға беруге болады.
Құқық нысаны - мемлекеттік биліктің заңға, нормаға айналу түрлері. Бұл пікірді дүниежүзіндегі мемлекеттердің басым көпшілігі қолдайды.
Құқық нысаны туралы бұдан басқа тағы бірнеше пікір бар:
Бірінші - құқықтың өмірге келу жолдарын нысан дейді;
Екінші - мемлекеттік органдардың қабылдаған актілерін нысан дейді;
Үшінші - қоғамдағы қатынастарды реттеп, басқаратын нормаларға құқықтың нысаны дейді. Бұлардың бәрінде шындық бар. Себебі құқықтың маңызын, рөлі, ықпалы сан алуан. Мұның қайсысын алсаң да құқықтың неше түрлі маңызын, ықпалы, рөлі байқалады. Соның бәрі құықтың нысаны.
Құқық нысанының белгі - нышандары, ерекшеліктері:
- Қоғамның экономикалық базасына сәйкес қалыптасатын мүдде - мақсатты іске асыратын нормалар:
- Халықтың саяси, әлеуметтік, мәдениеттік мақсаттарын іске асыратын нормалар.
- Бостандықты, теңдікті, әлеуметтікті қорғайтын нормалар.
- Заңдылықты, тәртіпті жоюға қорғайтын нормалар.
Құқық нысанының негізгі түрлері.
Құқық әдет-ғұрып. Бұл құқықтың негізгі қоғам тарихында мемлекеттің қалыптасу кезеңінде өмірге келген құқық нысаны. Әдет-ғұрып нормалары адамдардың қарым-қатынасында көп жолдар пайдаланып, өмірде жан-жақты тексеру, тәжірибе арқылы қалыптасты. Мысалы: ману заңы, орыс правдасы, «Қасым ханның қасқа жолы», «Есім ханның ескі жолы» тағы басқа әдет-ғұрып нормалары арқылы қазіргі кезеңде де дамушы елдерде біраз қарым-қатынастар реттеліп, басқарылып жатады.
Әдет-ғұрып нормаларды қолдану жөнінде басым түрде бір пікір жоқ. Біраз мемлекеттер қарсы пікірде. Әлем көлеміндегі елдердің көпшілігі бұл нормаларды пайдаланып келеді. Оның ешқандай зияндығы жоқ деуге болады. Әдет-ғұрып онрмаларын қолдануға мемлекеттік органның нұсқауы немесе рұқсат болса ол нормалар құқықтық әдет-ғұрыпқа айналады.
Әдет-ғұрыптың бірнеше түрі бар: әлет, әдептілік тағы басқа әдет-адамның қажеттілігіне айналып қалыптасып кеткен тұрақты әрекет. Ешбір адам өмірге жақсы немесе жаман әдетпен келмейді. Әдет өмір жемісі, тәрбие нәтижесі.
Әдет жағымды, жағымсыз болып екіге бөлінеді. Әдептілік - моральдық нормаларды жақсы орындау. Әдептілік өте қажетті қасиет, сезім мөлшерінің негізгі белгісі әдептілік ата-ананы құрметтеу, үлкенді сыйлау, шыншыл әділетті болу сияқты жалпы халықтық нормаларды да дұрыс атқара білуді керек етеді. Әдет-ғұрып нормалары ресми заңдармен қатар қолданылады және бұл нормаларды бұзушылар жауапқа тартылады.
Прецеденттік құқық нысаны - белгілі бір іске байланысты қабылданған шешім және бұл шешім кейін соған ұқсас істерді қирағанда басшылыққа алынып отырады. Оның екі түрі бар: а) прецеден; б) әкімшілік президент (басқару органдарының шығарған шешімі) .
Заң ғылымы - (құқықтық доктрина) - құқықтың қалыптасуына, дамуына, орындалуына көп үлес қосады. Құқықтық сана - сезімінің деңгейін көтеруге зор әсер етеді. Мұсылмандық елдерде бұл доктрина өте кең шеңберде қолданылады. Позитивтік құқықтық өзіне тән белгісі болып оның формальды сипаты табылады. Оны құрайтын нормалар заңдарда немес мемлекетпен танылатын басқа да қайнар көздерге көрініс тапқан жағдайда заңды, жалпыға міндетті болып танылуы мүмкін.
Құқық қайнар көздері бұл құқық нормаларының бекітілу және көрініс табуының мемлекет шығарған немесе ол таныған ресми-құжаттық нысандары. Оларға заңды, жалпыға міндетті мағына беру.
Құқық қайнар көздеріне ресми сипат тән. Оларды мемлекет таниды: бұлар ондағы нормаларды мемлекеттін қолдауын қамтамасыз етеді. Құқықтың қайнар көздеріне ресми сипат екі жолмен беріледі:
- құқық шығармашылық жолы арқылы: бұл жағдайда нормативтік құжаттарды құзіретті мемлекеттік органдар қабылдайды, яғни, тікелей мемлекет шығарады.
- санкциялау жолы арқылы: бұл жағдайда мемлекеттік органдар белгілі бір түрде әлеуметтік нормаларды (әдет-ғұрып, корпоративтік нормалар) қолдап, оларға заңды күш береді.
Құқықтың қайнар көздерінің түрлері:
- нормативтік заң актілері - бұл құзіретті мемлекеттік орган қабылдайтын, құқық нормаларынан құралған және белгілі бір қоғамдық қатынастарды реттеуге бағытталған ресми құжаттар. Оларға Конституция, заңдар мен заңға сәйкес актілер жатады.
- Санкцияланған әдет нормалары - бұл адамдардың санасынан орын алған және көп рет қолданылуының нәтижесінде әдетке айналған, тарихи қалыптасқан жүріс-тұрыс ережелеріне мемлекеттің жалпыға міндетті мән беріп, оларды орындауды өзінің мәжбүрлеу күші арқылы кепілдеуі әдет-ғұрып нормаларына заңды мағына беретін мемлекет санкциясы екі түрлі жолмен беріледі: а) нормативтік актілерде әдет нормаларына сілтеме жасау арқылы: ә) оларды сот шешімдерінде және басқа да мемлекеттік органдар актілерінде іс жүзінде тану арқылы.
- Заңды прецедент - бұл ұқсас істерді шешуге басшылыққа алынатын және жалпыға міндетті заңды мағынаны мемлекеттін нақты бір заңды істі шешудегі соттық немесе әкімшілік шешім.
- Нормативтік шарт - бұл екі немесе одан да көп субъектілердің жалпыға міндетті заңды нормаларынан құралған келісімді.
- Құқықтың жалпы қағидалары - бұл құқықтық жүйесін негізгі бастамалары. Мысалы, заңнамалық норма, міндетті прецедент немесе әдет нормасы болмаған жағдайда заңгерлер әдеттілік, ар-ождан, құқықтың әлеуметтік бағыттылық қағидаларына негізделуі мүмкін (Грецияның, Испанияның, Ауғаныстанның Азаматтық кодекстері) .
- Діни мәтіндер - бұлар, әсіресе, мұсылмандық құқыққа тән. Ең алдымен, бұл Құран мен Сүннет. Құран - бұл Алланың сөздері, өсиеттері және ақылдарының жиынтығы түріндегі қасиетті кітап; Сүннет - бұл Мұхаммед Пайғамдардың өмірін сипаттайтын жинақ.
«Құқықтың қайнар көзі» көптеген ғасырлар бойы қолданылып жүр және бірнеше мағынада ие:
- Материалдық мағынада - бұл мемлекететтін билікті анықтайтын қоғам өмірінің материалдық жағдайы;
- Формальды - заңдық мағынада - билік басында тұрған саяси күштің еркін заңға араластыру тәсілдерінің жиынтығы (заңдық прецедент құқықтың әдет - ғұрып, нормативтік құқықтық акт) ;
- Таным қайнар көзі ретінде - қазіргі уақытқа жеткен түрлі тарихи құжаттар, діни көзқарастар.
Сот прецеденті - келешекте ұқсас істерге үлгі болатын нақты сот ісі бойынша шешім. Сот прецеденті шешім шығару кезінде заңнамада қажетті норма болмаған жағдайда ғана қолданылады. Бұдан шығатыны, прецедент кезінде құқық қолдану функциясын орындайтын органдар құқық шығармашылық органдарының функцияларын өздері иеленеді. Қазіргі уақытта прецедент англочаксондық құқық жүйесі орнаған елдерде - Ангдияда, Индияда, АҚШ-та қолданылады.
Соттың барлық шешімдер мен үкімдер барлық өзге соттар үшін міндетті емес, ал тек, істің мәні, «өзегі» және соттың құқықтық позициясы сот прецедентінің мәні болып табылады. Сот прецедентін кез келген сот құрмайды, ережеге сай сот жүйесінің жоғарғы органы құрады. Мысалы, АҚШ-та әлде-қайда маңызды істерді қарастыратын Жоғарғы Сот. Сондай-ақ, мысалы, АҚШ-та әйел мен ерлердің конституциялық теңдігін қамтамасыз етуде Ролинсон (1997ж) ісі бойынша шығарылған сот прецеденті себеп болды. Бұл жерде әйел адамды абақты қадағадаушысы қызметіне қабылдамады - абақты басшысының пікірі бойынша бұл әйел осы жұмысқа дене бітімі бойынша (салмағы шамамен 54 кг, бойы-160см) сай келмеді. Аймақтық сот абақты басшысына, әйел адам тұтқындалғандардың тән тояттық сезімін қоздырып өзіне бағыттау мүмкіндігі бар деген себеппен әйелдің талап арызынан бас тартады. Жоғарғы Сот Ролинсонның талап арызын қанағаттандырады және сот жалған пайымға беріліп қателік жасаған - егер тұтқындар тәртіп ережелерін бұзса және қадағалаушыларға табуыл жасаса оларды жазалау керек деп көрсетеді. Осылайша әйелдердің құқығын кемсітуге болмайды.
Романо - германдық (континенталдық) құқықтық жүйеде, соның ішінде Қазақстан Республикасында, сот прецеденті құқық қайнар көзі ретінде танылмайды. Сот прецедентінің құқықтың қайнар көзі деп танушылардың қарсыластары өз пікірлерін әдетте былайшы сипаттайды, уақыт өткен сайын сот шешімдері көбейіп жанилып қалады және бұларды бақылап жіктеу қиын, сондықтан соттың адасуына әкеп соғады.
Дегенмен заң әдебиеттерінде басқа да көзқарастар орын алған. Қазіргі құқықтық жүйесінде тек қана сот прецеденті әрекет ететін мемлекеттер жоқ. АҚШ-та және Англияда да сот прецедентімен қатар заңдар әрекет етеді. Тіпті англосаксон құқытық жүйесінде мынандай үрдіс байқалады, яғни статуттық құқықтық үлес салмағы ұлғайып келеді, ал романдық құқықтық жүйеде (Франция, Германия және т. б. ) прецеденттік құқық салмағы ұлғаюда.
Құқықтық нысанына (шығуына), құқықтық нормалардың көріністерін бекіту жолдары жатады. «Құқықтың шығу жолдары» аңды нормалардың сыртқы көрініс нысандарын белгілеу үшін қолданылаты арнайы құқықтық атау.
Құқықтың жалпы қайнар көздеріне, заң нормалары бекітілген арнайы мемлекеттік құжаттар жатады. Мысалға, заң, прециденттің қаулысы, үкіметтің қаулысы, жергілікті өзін-өзі басқаратын органдардың шешімі, сот тәжірибесі.
Көрсетілген актілерге берлгілі мемлекет органдарынан шыққан тәртіптілікті сақтау ережесі кіреді. Бұл ережелер құқықтық нормаларда бекіп, жалпыға бірдей маңыздылыққа ие болады.
Құқық әлеуметтік институт ретінде мемлекетпен бірдей пайда болады, көп жағдайда олар, бір-бірінің тиімді әрекеттерін қамтамасыз ету үшін қажетті. Мемлекет, құқықсыз, сол сияқты құқық та мемлекетсіз өмір сүре алмайды( саяси билікті ұйымдастырады, нағыз мемлекеттің саясатын жүргізетін құралы ретінде көрінеді) мемлекет заңды нормаларды белгілейді, қолданады, кепілдік береді. Тек мемлекет органдары ғана құқықтың ұйғарымның орындалуын тексереді, орындалмаса соған сай заңды жаза қолданады.
Құқық тарихи жағынан, тактық құбылыс ретінде пайда болды және экономикалық үстем таптың еркін және мүддесін қорғады.
Егер ғұрып адамдардың сезімінде, тәртібінде ұсталса, құқық нормалары көпшілікке белгілі жазбаша дайындағаннан басталды.
Құқық ғұрыпқа қарағанда күрделілеу реттеуші, себеі, онда тйым салудан басқа рұқсат беру және міндеттеу құқық жолдары пайдаланылады. Соның негізінде қғамдық қатынастарды әр түрлі дейгейдегі тәртіпке мүмкіндік туады. Құқықтың пайда болуы - қоғамдағы әлеуметтік қатынастардың қиындауының қайшылықтың артуының нәтижесі, алғашқы қауымдық нормалардың оларды реттеуге мүмкіндіктері аз болды.
Құқық - мемлекет сияқты, қоғамдық дамудың нәтижесі. Ол мемлекеттікке - ұйымдасқан қоғамда, қоғамдық қатынастың негізгі реттеушісі ретінде пайда болады. Әдет-ғұрып, моральдік және алғашқы қауымдық құрылыстың нормалары кетіп, екінші жоспарға қалады, орынды қоғамдық қатынастың құқықтық реттеуіне береді. Құқыққа көзқарас, оның пайда болуы, орны және рөлі нормативтік реттеу жүйесінде қоғамның өзінің дамуына, құқықтық ойлардың жетілуі, көптеген объективтік және субъективтік деректерге байланысты ауысып отырды.
Қарама-қайшылықтарына қарамай әр түрлі құқық туралы ойлардың, ілімдердің жалпы бағыты бір болады:
- Құқық әлеуметтік құбылыс, онсыз өркениетті қоғамда өмір сүру мүмкін емес;
- Құқық нормативтік нысанында жалпы адам баласының адалдығының талабын көрсетуге міндетті, қоғамның мүддесіне түгелімен оның жекелеген таптарына не болмаса, әлеуметтік топтарға қызмет жасауы керек, жекелеген мүдделерді және жеке адамның қажеттілігін, қоғамның алғашқы негізін есепке алуы қажет;
- Жеке меншік құқығы адамның барлық құқығының негізі;
- Құқық тәртіптіліктің өлшемі, ол мемлекетпен белгіленеді және қорғалады.
«Құқық бір жағынан, рұқсат беретін, екінші жағынан адамдардың бірімен-бірінің сыртқы қарым-қатынасын тежейтін нормалардың жиынтығы» - деп Трубецкой жазды.
Канттың айтуы бойынша, құқық жағдайлардың жиынтығы, біреудің бассыздығы екіншінің зорлық-зомбылығымен келісіп, барлығыны бірдей еркіндік жолында болған.
2 Нормативтік акт-құқықтың негізгі нысаны (қайнар көзі) . Нормативтік актілер түрлері.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz