ҚҰҚЫҚТЫҚ МЕМЛЕКЕТТІҢ ТҮСІНІГІНІҢ ҚАЛЫПТАСУЫ МЕН МӘНІ



Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 31 бет
Таңдаулыға:   
МАЗМҰНЫ:

КІРІСПЕ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 3

І ТАРАУ. ҚҰҚЫҚТЫҚ МЕМЛЕКЕТТІҢ ТҮСІНІГІНІҢ ҚАЛЫПТАСУЫ МЕН МӘНІ

1. Құқықтық мемлекеттің концепциясының тарихи
аспектілері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..6
2. Қазіргі отандық теориядағы құқықтық мемлекет түсінігінің
мазмұны ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..16
3. Қазақстан Республикасында мемлекет құрудың теориясы мен
тәжірибесі ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..29

Қорытынды.
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... .32

Пайдаланылған әдебиеттер
тізімі ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
..34

Кіріспе

Зерттеу тақырыбының өзектілігі.
Мемлекет дүниете келгенге дейін азаматтық қоғам болған. Алғашқы
қауымдық құрылыста адамдар өмірі азаматтық қоғам негізінде реттелген.
Тіршілік пен адамдар арасындағы қатынастарды азаматтық қоғам институттары
жүзеге асырған.
Өндіргіш күштердің пайда бола бастауымен, жеке топтар мен отбасылардың
қолында артық өнімдердің шоғырлануы жеке иемденуді, иелер құқығын сақтау,
меншіктер арасындағы қатынасты реттеу қажеттілігі саяси күштің –
мемлекеттің пайда болуына әкелді.
Мемлекеттің іргесі қаланып, оның құрылымдық шарттарыны нығая бастаған
кезде бұрынғы азаматтық қоғам институттары ығыстырылды, қоғамды басқару
мемлекеттің қолына көшті. Мемлекет нығая келе азаматтық қоғамның
қызметтерін шектеп, біртіндеп олардың аясын тарылтты. Абсолютизм тұсында,
тоталитарлық билік кезінде азаматтық қоғамның сүлдесі ғана қалды.
Америка мен Еуропа елдерінде либералдық демократияға көшу азаматтық
қоғам институттарын қайта өмірге әкеліп, оның қызметтерін жандандыра түсті.
Дамудың демократиялық жолына түскен посткеңестік мемлекеттерде
азаматтық қоғам қалыптастыруға, оның институттарын дамытуға бағытталды.
Азаматтық қоғамды құруды елді демократияландырудың басты шарты деген
көзқарас адамдар арасында бүгінде берік қалыптасқан.
Сонымен, халықтың басым бөлігі – саясаткерлер де, қарапайым көзі ашық
азаматтар да ден қоя бастаған бұл азаматтық қоғам деген не? Азаматтық қоғам
адамдардың сөз, жиналыс, еркін пікір айту, өз ойын ашық жеткізу, төл
құқығын қорғай білу, еңбек ету, оқып-білім алу, әлеуметтік жағынан қорғалу,
өзінің адами қажеттіліктерін қанағаттандыру деген құқықтарын қамтамасыз
ете ала ма? Азаматтық қоғам көпшіліктің өмірден күткен сұраныстарына толық
жол ашатын бірден-бір институт феномен бе, әлде олардың көңілі ауған
уақытша қызығушылық па? Сонда азаматтық қоғам дегеніміз не?
Қазіргі заманда құқықтық мемлекетті құру, қалыптастыру мәселесі
ғаламдық проблемаға айналды. Өйткені адам қоғамының даму тарихында
ешқашан, еш елде құқықтық мемлекет болған емес. Қазіргі кезде де жоқ.
Болашақта да барлық елдерде бір мазмұнды, бір нысанды құқықтық мемлекет
болуы мүмкін емес. Себебі әр елдің экономикасы, мәдениеті, әлеуметтік
жағдайы, рухани санасы, саясаты бір деңгейде болмайды. Бұған қоса олардың
географиялық, ұлттық ерекшеліктері болады.
Құқықтық мемлекетті қалыптастырудың маңызды алғышарттарының ішінде
азаматтық қоғамның алар орны бір төбе. Ал азаматтық қоғам алуан түрлі
қоғамдық қатынастардың мемлекеттен біршама дербес болуын мақсат тұтса, бұл
игі мақсат мемлекеттік биліктің құзыреті заңмен шектеліп, адам құқығы
алдыңғы орынға шыққанда ғана емес, әрбір жеке адамның мүдделеріне қатысты
басқарушылық саяси шешімдер мен бағдарламаларды жүзеге асыру болып
табылады.
Құқықтық мемлекет саяси билікті ұйымдастырудың формасы ретінде
қоғамдық өмірдің барлық салаларында құқықтың үстемдігі принципімен аса
күрделі ұштасуына, биліктің бөлінуіне, бүкіл мемлекеттік механизмнің
құқықпен байланыстылығына, заңдардың үстемдігіне, заңдылықтың жүзеге
асуына, халық егемендігінің қамтамасыз етілуіне, азаматтардың құқықтары мен
бостандықтарының, ар-абыройларының сақталу кепілдігіне, қоғамның және
мемлекеттің мүдделеріне, жалпыазаматтық құндылықтарды және әлемдік
практиканы есепке алуға негізделеді.
Жұмыстың мақсаты.
Соңғы кездері құқықтық мемлекет идеясы заңды ойлаудың тағы бір ең
маңызды идеясына айналуда, себебі ол жалпы азаматтық құндылықтар санатына
жатады.
Құқықтың мемлекет терминінің өзі ХІХ ғасырдың алғашқы жартысында неміс
ғалымдарының еңбектерінде жарық көрді. Құқықтық мемлекетті қалыптастыру,
дамыту адам қоғамының көне заманнан негізгі мақсаты болды. ХІХ ғасырдың
соңы және ХХ ғасырдың алғашқы жартысында құқықтық мемлекет теориясы
құқықтық мемлекет
жөніндегі үстемдігін бекітті. В. М. Гессен былай деп көрсетті: Құқықтық
мемлекет деп өзінің қызметінде, үкіметтік және соттық функцияларды
атқарғанда құқықпен шектелетін және байланысты болатын, құқықтан төмен
тұратын, одан тыс және жоғары болмайтын мемлекетті айтамыз.
Қазіргі кезеңде теорияның даусыз мойындалып отырған белгісі – мемлекет
пен адам арасындағы байланыста басымдықтың адамға берілуі. Мемлекеттің
міндеті тек адамдардың кейбір топтарына ғана қатысты емес, жекелей алғанда
әрбір адамның мүддесіне қатысты басқарушылық шешімдер мен бағдарламаларды
жүзеге асыру болып табылады. Сондықтан да құқықтық мемлекет құрудың
мәселелерін кешенді түрде талқылау бірінші кезектегі міндетке жатады.
Нормативтік базалар: Осы жұмысты жазу кезінде көптеген арнаулы ғылыми,
ғылыми-көпшілік әдебиеттер, мемлекет пен құқық теориясы мен тәжірибелеріне,
Қазақстан Республикасының мемлекеті мен құқық теориясына, шетелдік
мемлекеттердің мемлекеті мен құқық теориясына арналған әдебиеттер,
бұқаралық ақпарат құралдарының мағлұматтары пайдаланылды.

І ТАРАУ. ҚҰҚЫҚТЫҚ МЕМЛЕКЕТТІҢ ТҮСІНІГІНІҢ ҚАЛЫПТАСУЫ МЕН МӘНІ

1. Құқықтық мемлекеттің концепциясының тарихи аспектілері

Азаматтық қоғамның негізгі бағалылығы, айтылып өткендей – адам және
оның құқығы, ал ол саяси іске асырушы – мемлекет. Ондай миссяны орындау кез
келген мемлекеттің қолынан келмейді, тек принципі мен қызметі құқыққа сай
келген, құқық үстемдік құратын мемлекеттің қолынан келеді. Ондай мемлекетті
жалпы түрде, құқықтық деп айтады.
Мемлекет пен құқықтың келіскен әрекеттестігін іздеу моделі, құқықты
сасяи биліктің негізін іске асыратын құрал ретінде тануы ерте заманнан
басталады. Соған сай идеялардың бастамасы ертедегі қытайлардың Легистерінде
(Шан Ян – IV ғ.б.э. дейінгі) заңды ғана сараптаған, құқықты мемлекеттің
мәжбүрлеуінің нысаны ретінде емес, тек билікке және олардың міндеттілігі
дегенді ескерді.
Құқықтық мемлекеттің негізгі идеяларының элементтері көне
оқымыстыларымен құрылған. Оларға: Солон, Гераклит, Пифагор, Платон,
Аристотель, Демокрит, Сократ, Цицерон сонымен қатар софистер, стоиктер және
рим заңгерлері жатады. Олардың басқару нысаны жөніндегі дұрыс және дұрыс
емес ережелері, табиғи және ерікті белгіленген құқық қатынастары,
адамдардың теңдігі туралы табиғи құқық, мемлекетті халықтың жұмысы
құқықты адалдықтың өлшемі ретінде есептеу жеке және көпшілік құқық т.с.с.
Жаңа кезеңде, табиғи құқық доктринасының теориялық дамуына ықпал жасады,
екі мың жылдарға созылған кезеңдерде құқықтық мемлекет идеялары жетіле
бастады.
Континентальдық Еуропада құқықтық мемлекет концепциясы элементтерінің
алғашқы кезеңі, құрылымына сай тарихи алғышарттарының жоқ кезінде өтті.
Жаңа кезең (уақыт) оқымыстылары (Н. Макиавелли, тирандарымен
күресушілер Э. Боэсси т.с.с.) бірінші болып, қоғамдық санаға ертедегі
табиғи құқық доктринасын енгізе бастады, оның көптеген ережелерін жаңа
тарихи жағдайда дамытты. Олардың суверенді тәуелсіз ғылыми, құқықтың шығуы
еркіндік тирандарға қарсы тұрудағы арналған халықтың құқығы, табиғи теңдік
және барлық адамдардың еркіндігі, жаңа ғылыми принциптегі мемлекет
проблемаларын зерттейтін теориялық негіз болды.
Жоғарыдағы көрсетілген жағдайлар, белгілейтін элементтердің мемлекет
пен адамға қатынасын табуға мүмкіндік берді – құқықтың принциптерінің
артықшылығын көрсетті. Бірінші рет оны (толық емес құрастырған) көрсеткен,
Гуго Гроций болды [6, 48 бет]. Оның ойы, бойынша жақсылықтың және
мемлекеттің тағайынды болуы жетілген құқыққа байланысты, мемлекеттің
қызметі құқық принциптеріне сай болуы керек – деген ой, И. Кантқа жатады.
Халық суверенитетінің принциптеріне сай, негізгі маңыздылықты атқарушы
биліктің, заң шығарушыдан айырылғандығына берді және оның қызметін тежейтін
принципті белгіледі: халық өзі туралы өзі шешім қабылдай алмайды, заң
шығарушы халық жөнңнде шешім қабылдай алды. И. Канттың мына ойына құлақ
салуға болады: заңның құқыққа сай келуіне байланысты, мемлекет құқыққа
мәжбүрлеуге мүмкіндік алады және құқықты өзінің өмір сүруі үшін сақтайды.
Р. Фон Моль бірінші рет құқықтық мемлекетке анықтама бере отырып, оны жаңа
кеіпті конституцияда бекітілген азаматтарыдың құқығы және бостандығы бар
индивидтердің сот қорғауы қамтамасыз етілген конституциялық мемлекетке
жатқызды.
Мемлекеттің өз жұмысын заң негізінде іске асыратын ұйым ретіндегі
ойлар адам баласының өркениетті дамуындағы алғаш кезеңдерінде пайда бола
бастаған. Жетілген және қоғам өмірінің адал нысандарын іздеу, құқықтық
мемлекет идеяларымен жалғанған. Ертедегі ғалымдар (Сократ, Демокрит,
Платон, Аристотель, Полибий, Цицерон) құқық пен мемлекеттік биліктің
арасындағы қарым-қатынасты көрсетуге талаптанғандағы мақсаттары – сол
дәуірдегі қоғамды қамтамасыз ететін қатынастарды болжау болатын.
Мемлекеттік билік құқықты мойындайдй және бір мезгілде құқықпен
тежелуі,ертедегі ғалымдардың ойынша, ең адал мемлекеттілікке жатады.
Заңның күші жоқ жерде – Аристотельдің айтуы бойынша – мемлекеттік
құрылым нысаны жоқ. Цицеронның айтуы бойынша, халықтың жұмысы -
құқықтық араласу және жалпы құқықтық тәртіп. Ертедегі Грецияның және Римнің
мемлекеттік-құқықтық идеялары, институттары, құқықтық мемлекеттер туралы
кейінгі прогрессивтік ілімдердің аяғына тұруына, дамуына белгілі әсерін
тигізді.
Феодолизмнен капитализмге өту кезеңіндегі өндіргіш күштердің өсуі,
қоғамдағы әлеуметтік және саяси қатынастардың өзгеруі мемлекетке жаңа
қатынастарды туғызуға мәжбүр етеді және оны қоғамдық жұмыстарды
ұйымдастырудағы негізгі ролін көрсетеді [10, 69 бет]. Феодализм ыдырауының
алғашқы кезеңдерінегі құқықтық мемлекеттік идеяларды тарихи тұрғысынан сол
кездегі прогрессивті оқымыстылар Н.Макиавелли мен Ж.Боден айтқан.
Макиавелли өзінің теориясында, ертедегі және қазіргі көп ғасырлық
мемлекеттің өміріндегі тәжірибелердің негізінде, саясаттың принципін
түсіндірді, саяси өмірдің дамуындағы қорғаушы күштеді білу арқылы сол
уақытқа қажетті идеалды мемлекеттің нұсқасын салуды көздеді.
Мемлекеттің мақсаты, заттарды ерікті пайдалануға мүмкіндік жасап әр
адамның қауіпсіздігін қамтамасыз етуінде деп білді. Мемлекеттің нысаны
туралы мәселені көтергенде, республика нысанына мейірі түсті. Себебі тек
республика нысаны ғана, көп жағдайда теңдік пен бостандықтың талаптарына
сай келетін. Бұдан, мемлекетті - көптеген отбасыларды және өзіне
қарағандарды құқықтық басқару деп анықтады. Мемлекеттің мақсаты, тек құқық
пен бостандықты қамтамасыз ету деп білді.
Буржуазиялық революциялардың кезеңінде құқықтық мемлекет
тұжырымдамасының дайындалуына пргрессивті оқымыстылар маңызды үлес қосқан:
Г.Гроций, Б.Спиноза, Т.Гоббс, Д.Локк, Ш.Монтескье, Д.Дидро, П.Гольбах,
Т.Джефферсон және басқалар. Солардың ішіндегі, құқықтық мемлекет туралы,
көбірек маңыздылау, ғылыми теориялық ойлардың мазмұнын талдап көрсетеміз.
Спиноза – демократиялық мемлекеттің теориялық негіздемесін жасауға
қатысқан. Оның айтуы бойынша, мемлекеттің күшті болуы әрбір азаматтың
өмірін қорғап қана қоймай, мүдделерін де қанағаттандырудың қажет екенін
айта келіп, әрбір басқарушылардың жекеменшікті, қауіпсіздікті, ар-ұятты,
бостандықты және т.б. жақсы жағдайларды сқтауға міндеттілігін көрсетеді.
Локк – Маркстің айтуы бойынша, буржуазиялық қрғамның құқықтық
ойларын,феодалдық қарама-қайшылықтағы классикалық жеткізуші болды.
Мемлекет адамның табиғи құқығын қорғау үшін құрылғандықтан, Локктың
ойынша, меншікті құруға және ұйымдастыруға заңдар қабылдайды және ол
заңдарды орындауға, сырттан басып кіруді болдырмауға қоғамдық күштерді
пайдаланады. Ондай мемлекетте табиғи бөлінбейтін құқықтық меншікті, жеке
бостандықты және теңдікті қамтамасыз ететін заң үстемдік етеді.
Құқықтық мемлекеттің жағдайындағы адам бостандығы, Локктың сөзімен:
Заңды өкіметпен белгіленген өзгермейтін бәріне бірдей ережеде,
бостандықта, барлық жағдайда заң рұқсат етсе, өзіңнің тілегеніңді жасау
және әрдайым белгісіз басқа адамның еркіне тәуелді болмау.
Монтескье – құқықтық мемлекеттің құрылуын азаматтық қоғамдағы саяси
бостандықтың қажеттілігі деп түсіндіреді. Оның саяси бостандық идеясы,
азаматтық бостандық идеясымен байланысты және меммлекеттің азаматтардың
қауіпсіздігіне де қатысты. Қызметін пайдаланатындарды болдырмаудың жолы,
барлық адамдардың заңдарды бұлжытпай орындауының қажеттілігі. Саяси
бостандықтың заңдылықты және қауіпсіздікті сақтау. Оған жету үшін өкіиетті
заң шығарушы, атқарушы және сотыққа бөлу қажеттілігі көрсетілген. Бұл идея
оның саяси-құқықтық теориясындағы маңыздыларының бірі, кейіннен ол идеяның
дұрыстығын іс жүзінде көптеген өркениетті елдердің мемлекеттік құрылымынан
көруге мүмкіндік болды.
Дидро – мелекеттік өкіметтің құқықтық бастамасын, оның қоғамдық
келісіммен құрылған тәуелсіздігі арқылы негізделді. Мемлекеттік билік, оның
ойынша, қоғамдық келісімнің жемісі ретінде пайда болды және ол қоғамға
ұйымдасқан түрдегі саяси нысанды береді [5, 41 бет]. Сондықтан мемлекеттік
билік халықтың еркіне негізделген, тәуелсіздігі бойында Тек ұлт қана шын
тәуелсіз; шын заң шығарушы халық қана, тек халықтың еркі саяси биліктің
шығатын көзі. Мемлекеттің басты мақсаты – азаматтардың бөлінбейтін құқығын
және олардың бақытын қамтамасыз ету. Дидроның осы идеялары И.Канттың
философиялық негіздемесіне ие болып, құқықтық мемлекет теориясының
аяқталғанын көрсетеді.
Кант – құқықтық мемлекет теориясының философиялық егізін жан-жақты
зерттеген адам. Көпшілік құқықтың қағидасына, философтың ойынша, халықтың
шексіз құқығы жатады, яғни өзінің еркін білдіретін конституция қабылдау
арқылы тәртіпті орнату. Халықтың үстемділігі, мемлекеттегі барлық
азаматтардың бостандығын, теңдігін және тәуелсіздігін қамтамасыз етеді,
көптеген адамдардың құқықтық заңға бағынған жиынтығы. Конституцияның
құқыққа сүйенген мемлекеттің жұмысы халаықтың жалпы еркіне сай болады,
азаматтардың құқығы – жеке бастарының еркіндігі, адамгершілігі, ойлары.
Құқықтық мемлекетте, заңды бұлжытпай орындау жолында күштеуге де
баратындай мүмкіншілігі болуы қажет. Керісінше, биліктің сол жөнінде
азаматқа қандай мүмкіншілігі барлығында. Құқықтық құрылымның мүмкіншілігін
Кант заң шығаратын парламентке байланысты, орындайтын үкіметке және
соттыққа бөлумен байланыстырады.
Канттың құқықтық мемлекет туралы тұжырымдамасы, саяси-құқықтық ойдың
әрі қарай дамуына, өркениетті қоғамдағы мемлекеттік-құқықтық құрылымның
қызметіне маңызды әсер етті.
Гегель – мемлекетті өзінің философиялық дүниетанымындағы жалпы
жүйенің контексінде қарайды, оның маңызды бөлігі құқық философиясы.
Мемлекет, Гегельдің ойынша, бұл да құқық, бірақ көбірек жетіліп дамыған
және мазмұны бай. Ол барлық басқа құқықтардың мойындағандарын – жеке
адамның, отбасының, қоғамның құқықтарын өзіне қосып алады. Гегель
мемлекетті жеке адам мен қоғамның үстінде тұрған абсолютке көтеріп,
мемлекеттің дамуын, азаматтық қоғам дамуының алдында болғанын дәлелдейді
[12, 102 бет]. Гегельдің осы дәлелдеуіне Маркс келіспей, мемлекет туралы
тұжырымдамасының қателік жағын көрсетеді.
Шын мәнісінде, қоғам мемлекеттен бұрын пайда болғандықтан, мемлекет
қоғам дамуының жемісі болады. Мемлекет Гегельдің ойынша, жетіліп дамыған
қоғам өмірінің ұйымы, іске асырылған бостандықтың үстемдігін көрсететін
құқық негізінде құрылады.
Тек, мелекетте және мемлекет арқылы адамның ең жоғарғы адамгершілігі,
бағалылығы іске асырылады, сондықтан ол адамгершілік идеясының шындығы.
Азаматтық қоғам құқықтық мемлекеттер арқылы жеке адамдардың мүдделерін
қамтамасыз етіп, тәртіпті қорғайды. Мемлекетте жеке адамның бостандығы және
сыртқы тәртіп біртұтас болады, онда мемлекет өзінің ең жоғарғы құқықтық
және моральдық нысанының бірлігіне жетеді. Гегельдің мемлекетке
өкзқарасында оның функциялары қыстау, күштеу аса маңызды рөл атқармайды.
Маңыздысы – мем лекеттің қызметіндегі оның әлеуметтік және құқықтық
бастамалары, оның терең адамгершілік мазмұнын, ақылдылық және қоғамға, жеке
адамға пайдалылығы.
Маркс – мемлекетті және құқықты ашық түрде қоғам дамуының таптық
теория тұрғысынан қарады. Ол теория бойынша, пролетариат диктатурасының
құрылуына байланысты, таптардың шағынуына байланысты тапсыз қоғамға көшу
процесінде мемлекет пен құқық та жоғалады. Маркс буржуазиялық мемлекеттің
құқықтық қатынастарын талдай отырып, заң-нәтиже, таптық қоғамның өндірістік
қатынастарының материалдық көрінісі ретінде дәлелдейді. Заң шығару тек
экономиклық қатынастардың талабын орындайды. Маркс айтқандай, заң өзінің
күшіне ондағы көрсетілген әлеуметтік қатынастың тәртібі қоғамдық өндіріс
жолымен гармониялық жағдайда болса ғана енеді.
Маркстің құқықтық мемлекет туралы айтқанына көңіл бөлсек:
Бостандық дегеніміз – қоғамның үстінде тұрған орган, мемлекетті тұтастай
сол қоғамға бағынышты органға айналдыру.
Гессен – құқықтық мемлекетті шығыстың саяси-құқықтық орнықты
көзқарасына сүйеніп анықтайды. Құқықтық мемлекет деп айтатыны – оның
ойынша, өз міндеттілігін үкімет ретінде өздері жасаған заңдылық нормаларға,
заң шығарушы ретінде мойындамайтынында. Құқықтық мемлекет өзінің
қызметінде, өзінің үкіметтік және соттық функцияларын орындау кезінде
құқықпен байланысты және тежеледі, құқықтан төмен тұрады, сыртында емес
және жоғары да емес.
Сонымен қатар, құқықтық мемлекеттің мазмұндық жағына белгілі
түзетулер енгізді. Ол заң шығарудағы тәуелсіздікті жақтаған. Оның ойынша,
мемлекет әдет-ғұрыппен және заң шығару құқығымен қатынасы жоқ, себебі
өзгермейтін әдет-ғұрып және заң жоқ [15, 71 бет]. Шын мәнісінде заң
шығарушы өкімет, заңмен тежелмеуі қажет. Бұл идеалда принципиалды іс-
әрекеттің мәні жатыр: заңдар қоғамның өсу деңгейіне сай болуы міндетті,
өзгеру үстіндегі экономикалық, әлеуметтік, мәдени және басқа да қоғам
өмірінің жағдайларын көрсетуі керек, оның дамуындағы объективтік
қажеттілікке жауап беруі қажет.
Құқықтық мемлекеттің көпғасырлық тәжірибесін, теориясы мен жұмысын,
өктемдікпен жоққа шығару және ғылыми жағынан қабылдамау инерциясы қоғам
өмірінде экономикалық-әлеуметтік, мәдени, рухани жеке ұлттық қақтығысуларды
туғызды.
Құқықтық мемлекеттің мазмұны.
Құқықтық мемлекеттің мазмұнының негізгі талаптары:
1) Құқықтық мемлекет азаматтық қоғамның объективтік даму процесіне сәйкес
ескіріп, жаңарып жататын көп қырлы құбылыс. Бұл мемлекетте адамның толық
егеменді болуы қажет, олардың мемлекеттің билік жүргізетін органдарын
құруға қатысуы заңды түрде бекітілуі керек.
2) Құқықтық мемлекетің экономикалық негізі − өндіргіш күш пен өндірістік
қатынас және көп меншіктік шаруашылық арқылы дамуы. Құқықтық мемлекетте
меншіктіңбасым көпшілігі- өндіргіші мен тұтынушылық билігінде болуы қажет
[11, 89 бет]. Бұл билік шаруашылықтың жақсы, сапалы дамуын қамтамасыз ету
үшін оларға толық бостандық беруі керек. Сонда ғана қоғамның әлеуметтік,
экономикалық жағдайларын көтеруге, нығайтуға болады.
3) Құқықтық мемлекеттің әлеуметтік негізі − өзін-өзі басқаратын азаматтық
қоғамда адамдардың бостандығын, теңдігін қамтамасыз етіп, олардың жақсы
еңбектенуіне, дұрыс жұмыс жасауына мүмкіншілік беру. Қоғамның әлеуметтік
жағдайының жақсаруы құқықтық мемлекеттің нығаюы. Бұл екі процесс бір-
бірімен тығыз байланысты. Құқықтық мемлекет, сонымен бірге, − әлеуметтік
мемлекет.
4) Құқықтық мемлекеттің моральдық негізі – гуманизм, әділеттік, бостандық,
теңдік, адамдардың қадір-қасиетінің, ар-намысының деңгейі. Осы жоғарғы
дәрежедегі принциптер болса, құқықтық мемлекет болады. Өйткені мұндай
қоғамда адамдардың рухани сана-сезімі де жоғары дәрежеде болады.
5) Құқықтық мемлекеттің саяси негізі – халықтың ұлттық тәуелсіздігін
қалыптастырып, қоғамдық билікті жан-жақты дамытып, адамдардың бостандығын,
теңдігін қорғап, әділеттілікті, демократияны орнату, қарым-қатынастарды
реттеп-басқару.
Міне, қоғамның осы негіздеріне сүйене отырып, құқықтық мемлекет
орнатуға мүмкіншілік қалыптасады.
Құқықтық мемлекеттің белгілері:
- мемлекеттік билікті үш түрге бөлу, олардың ара қатынасын қатаң сақтау;
- азаматтық қоғамның қалыптасуы;
- қоғамда жоғары дәрежеде құқықтық мәдениеттің қалыптасуы, адамдардың
рухани сана-сезімінің жақсы дамуы;
- мемлекеттік аппараттың, лауазымды тұлғалардың, қоғамдық ұйымдардың,
жеке адамдардың, өмірдегі қарым-қатынастарда өзара жауаптылығы;
- қоғамның экономикалық, әлеуметтік бағытында әділеттілікті, теңдікті
қамтамасыз ету үшін антимонополиялық органдардың қызметін қатаң
бақылау;
- қоғамның ішкі құқық нормалары мен халықаралық құқықтың өзара қатынасын
бақылап, жақсартып отыру;
- қоғамда заңның үстемділігін орнату, азаматтық қоғамды қалыптастыру.
Адамдар заңның құлы болмайынша құқықтық тәртіп те, демократия да
жақсы дамуға тиіс емес. Бұл туралы өмір тәжірибесінен қалыптасқан
мынадай өсиет сөз бар: Заң – мемлекеттің ақысы.Сот – мемлекетің
жүрегі. Мәдениет – мемлекеттің тәртібі.
Құқықтық мемлекеттің мәнін ашу оның белгілер жүйесімен жүзеге
асырылады. Заң үстемдігі құқықтық мемлекеттің негізгі белгілері қатарына
жатады. Аталған қағидаға сәйкес қандай да болмасын мемлекеттік орган,
лауазымды тұлға, ұжым, мемлекеттік немесе қоғамдық ұйым не болмаса жеке
тұлға заңға бағыну міндетінен босатылмайды. Заң үстемдігі туралы
айтылғанда, ол кеңейтілген мағынада емес, тікелей мағынасында қолданылады.
Қазіргі кезеңде практика куәлік етіп отырғандай, кейбір мемлекетерде
формалды түрде негізгі акт ретінде заңдар танылғанымен де, практикада өз
нормативті актілер жүйесінде лайықты орнынан айырылып, ролін жоғалтып
алатын кезеңдері де кездеседі. Заңға бағынышты акт өз өкілеттілігінің
шегінен асып кетіп, заңмен реттелуге тиісті қатынастарды да реттеуге
тырысатыны бүгінгі күннің шындығы. Құқықтық мемлекеттің қалыптасуы қандай
да болмасын елде заңның формалды үстемдігін емес, қоғамның өмірінің барлық
аймақтарындағы шынайы үстемдігін, оның қоғамдық қатынастарға тікелей әсер
ету аймағының кеңеюін бекітуді қажет етеді. Әрине, заңға бағынышты
нормативті актілердің көмегінсіз қоғамдық қатынастардың жан-жақты реттеу
мүмкін емес, дегенмен де ондағы ережелер заң көлемінен аспауға және оның
мазмұнын, мәнін өзгертуге тиісті.
Құқықтық мемлекеттің негізгі белгілерінің бірі азаматтардың құқықтары
мен бостандықтарының толық кепілдендірілуі және ажырамастығы, сондай-ақ
азамат пен мемлекеттің өзара жауапкершілігі қағидасын бектіу және үнемі
қолдап отыру болып табылады [10, 36 бет]. Практикада шынайы тең серіктестік
жоқ екендігі белгілі. Мемлекет пен азамат арақатынасында көптеген
жағдайларда біріншісінің үстемдігі орын алады. Көптеген мемлекеттердің
негзігі заңдарының өзінде басым түрде азаматтардың мемлекет алдындағы
жауапкершіліктері мен міндеттері ескерілмей қалады. Құқықтық мемлекеттерде
орын алып отырған осындай жағымсыз әрекеттердің алдын алу болып табылады.
Келесі бір негізгі қағида – мемлекеттік билікті тәуелсіз тармақтарға
бөлу болып табылады. Билікті бөлісу тұжырымдамасының негізін салушылар
ретінде Джон Локк, Шарль Луи Монтескье танылады. Мемлекет механизмін
қалыптастыру туралы идеялар билікті бір қолға шоғырландыруды жақтамайды.
Мемлекеттің дұрыс қызмет ету процесні қамтамасыз ету үшін, онда бір-бірінен
дербес, тәуелсіз билік және тәуелсіз сот билігі жатады. Заң шығару билігі
парламентке берілген, атқару билігі үкіметке, соттар билігі соттарға
беріледі. Мемлекеттегі билік тармақтары өзіндік құзіретке ие, сондықтан
өзгелерінің ісіне жөнсіз араласпауға тиісті.
Билікті бөлісу қағидасының бір нысанына сәйкес олардың арасында
тежемелік және тепе-теңдік жүйесі әрекет етеді. Мемлекеттік биліктің әр
тармағы өзара бақылаудың және бір-бірін шектеудің көптеген мүмкіндіктеріне
ие болады. Бұндай мемлекеттік биліктік механизм АҚШ-қа тән. Екінші нысанға
сәйкес, мемлекеттік биліктің билігінің басымдылығы.
Биліктердің теңділігі халық егеменділігіне негізделеді. Оған сәйкес,
заң шығару билігі заңдар қабылдауға, атқару билігі олардың орындалуын
ұйымдастыруға, ал сот билігі заң шығарушы органмен қабылданған заңдарды
негізге ала отырып, құқық туралы дауларды шешуге тиісті.
Құқықтық мемлекеттің өзге де қағидалары дамыған азаматтық қоғамның
болуы; құқықтық сана мен мәдениеттің жоғары деңгейі; заңдылық қағидасы;
мемлекеттік биліктің шектеулілігі; саяси, идеологиялық және экономикалық
плюрализмнің болуы танылған.

2. Қазіргі отандық теориядағы құқықтық мемлекет түсінігінің мазмұны

Осы күнгі анық түсініктемелердің біріне жататындар: құқықтық мемлекет
көпшілік саяси биліктің құқықтық нысандағы құрылған қызметі, индивидтермен
құқық субъектісі ретіндегі оның қарым-қатынасы. Құқықтық мемлекеттің
негізгі белгілеріне мыналар жатады: құқыққа негізделген заңның жоғарлығы,
құқықтық шындығы және индивидтердің еркіндігі; биліктің бөліну принципіне
сай жалпы биліктің құрылуы және қызметі.
Бірінші белгінің мәні, құқық пен заңды айырып көрсеткенінде. Қандай
жағдайларда да ондай бөлінушілік болғанымен олардың негізгі мақсаттары –
заңның, әртүрлі нормативті актылардың және басқа да жалпы билік
қызметтерінің бір – біріне сай келуін қамтамасыз ету. Тек құқық, заң
шығарушыдан тәуелсіз әлеуметтік феномен, жалпылама өлшем және еркіндіктің
тең деңгейі ретінде жалпы биліктің әртүлі қызметіне, теңдік және адалдық
принциптеріне қызмет етеді. Құқықпен заңды салыстырғанда көрсетілген өлшем
жоғалады және жалпы билік өзі шығарған заңдардың негізінде заңдылықты
сақтау түрлеріне сай, зорлық-зомбылық жасауы мүмкін. Сонымен қатар, жалпы
билік ондай заңдармен байланысты емес, олардың билікке бағынушыларға ғана
маңызы бар. Еліміздің тарихы ондай мысалдарға бай екенін айта кету қажет.
Мысалы ХХ ғасырдың 30- жылдарында заңдылықты бекіту ұранына байланысты
кеңес үкіметі азаматтарының әлеуметтік-экономикалық, саяси және жеке
адамдардың құқына шабуыл басталды. Мемлекеттік билікті жүргізу тәртібіне
корпоративтік элементтері кіргізіліп, азаматтардың жекелеген қоғамдық
ұйымдары реформаланды, яғни, кәсіптік одақтар еңбек халық комиссариатына
қосылды. 1933 жылы кәсіподақтардың атқарушы органдармен еңбек ақының
мөлшерін белгілеу туралы ұжымдық келісім – шарт жасалуына тиым салынды.
1931 жылғы қабылданған заң бойынша, жұмыстан кешіккендер, белгіленген
уақытында келмей қалғандар жұмыстан шығарылған және баспанасынан айырылатын
болған. Ондай адамдардың жұмыстары сот органдарына жіберілмей әкімшілік
органдары арқылы шешілген. 1934 жылы көне объективті мойнына жүктеу
принципі қолданылған (бұл Хаммурапидің 1150 ж. Заңына жатады): сотталған
адамдардың жанұялары сайлауға қатынасу құқығынан айырылған және 5 жылға жер
аударылған. 1934 жылғы заң бойынша 10 күннің ішінде террорлық қылмыс
тергеліп, сот мәжілісіне бір күн қалғанда ғана айыптау қортындысы берілген,
сот процессінде ондай істер айыпталушымен куәларсыз – ақ шешілген, кешірім
сұрау мүмкіндігі жойылған, айыптының арыз жазуына тиым салынып, орындалуы
(ату) тездетілген. 1935 жылғы заңдар бойынша көптеген қылмыстар үшін
жауапкершілік 12 жастан басталған. 1937 жылы қуғын-сүргін өзінің ең шыңына
жетті, құқық деформацияға түсіп, шын мәнісінде жұмыс істемеген. Қуғын-
сүргінді жүргізетін мемлекет аппараты тәсілмен және пайдаланатын
құралдармен орта ғасырдағы инквизицияға ұқсаған. Тергеудегі адамдарды ресми
түрде жауап беруі үшін рұқсат берілген. Оның барлығы заңды орындау үшін
жасалған. Құрылып жатқан қоғамдағы құқықсыздық өмір сүруге арналған құқықты
жою, өркениетті қоғамның болуына, дамуына өте қауіпті.
Құқықтық мемлекеттің екінші белгісі құқықтық сипатта болып (құқықтық
нысанды) индивидтердің қарым-қатынасын және жалпы билікті қолдайды.
Теңдікті мойындау, сонымен бірге индивидтердің еркіндіктері мен құқықтарын
және олардың құқықтық кепілдігін бекіту – жалпы биліктің және оның
агенттерінің міндеті [13, 45 бет]. Құқық және еркіндік және оларды шын
қорғауға мемлкеттің көнуі, қайырымдылығы емес, бекітілген және құқықтық
қабілеттілігі ретінде адамға және азаматқа тән нәрсе.
Адамның құқығы туралы түсінік XVII-XVIII ғасырларда құрылды. Бірінші
рет адам құқығы Вирджинидің құқық Декларациясына кірді. Бұл бір-жарым айдай
(15 май 1976 ж.) АҚШ-тың тәуелсіздік Декларациясынан ерте қабылданған
болатын. Одан кейін олар АҚШ-тың Конституциясына және Билле о правах және
атағы белгілі адам және азаматтар құқығы туралы француздар Декларациясына
1789 ж. кірді.
Жоғарыдағы құжаттардың авторлары және басқа да зерттеушілер адам
құқығын көне оқымыстылармен құрылған табиғи құқықпен байланыстырады.
Олардың айтуы бойынша адам табиғатынан жаралған және адамның мынандай
табиғи құқықтары: өмір сүру құқығы, меншіктілік жеке басының дербестігі,
еркін жүру құқығы. Олардың ойынша бұл табиғи құқықтар адамдармен жаралған,
өзгермейтін жеке адамнан бөлінбейтін құқықтар. Әрине, қандай жағдайда
болмасын адам, құқығын ертедегі тарихтан бөліп зерттеуге болмайды.
Жаңа уақыттын ғалымдары, философтар және заңгерлері адам құқығы
проблемаларын зерттеуде көп жетістіктерге жетті, XIX ғасырдың аяғында жаңа
жағдайларға сай адам құқығы туралы гуманистік концепция құрылып,
индивидтердің қорғалуын ұлттық не болмаса әлуметтік белгілері арқылы
шешпей, жай ғана адам екендігін есептеп шешу кіргізілді. Құқықтың дамуы
және еркіндік, өзінің нәтижесінді адамға халықаралық дәреже берілуіне
жеткізді. БҰҰ –ның жарғысы алғаш рет, ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қазақстан Республикасында құқықтық мемлекет құрудың теориясы мен тәжірибесі
Құқық функцияларының түрлері
Құқықтық мемлекет қағидаларын қарастыру
Құқық ұғымы туралы
Мемлекеттік саяси биліктің Конституциядағы саяси көрінісі
Құқықтық мемлекеттің концепциясының тарихи аспектілері
Құқық қағидалары.
Құқықтың негізгі белгілері
Қылмыстық құқық - қылмыс жасауға, жазалауға байланысты қатынастарды реттейтін құқықтық нормалардың жиынтығы
Құқық туралы негізгі теориялар
Пәндер