Құқықтық сана түрлері
Қазақстан Республикасының Білім және Ғылым Министрлігі
Ш. Есенов атындағы Каспий Мемлекеттік Технологиялар және Инжиниринг
Университеті
Экономика және құқық институты
Құқықтану кафедрасы
Пәні: Мемлекет және құқық теориясы
Тақырыбы: Құқықтық сана және қоғамдық қатынастардың
дамуындағы оның рөлі
Орындаған: ЮС-09-1 тобының
студенті Кадыров
А.
Рецензент: Заң ғылымдарының
кандидаты, доцент
Абилшеева Р. К.
Ақтау 2010
МАЗМҰНЫ
КІРІСПЕ
1 ҚҰҚЫҚТЫҚ САНА
1.1 Құқықтық сана, жалпы түсінігі
1.2 Құқықтық психология
1.3 Құқықтық идеология
1.4 Құқықтық сана түрлері
2 ҚОҒАМДЫҚ ҚАТЫНАСТАР
2.1 Қоғамдық қатынастар, жалпы түсінігі
2.2 Материалдық қоғамдық қатынастар
2.3 Идеологиялық қоғамдық қатынастар
3 ҚОҒАМДЫҚ ҚАТЫНАСТАРДЫҢ ДАМУЫНДАҒЫ ҚҰҚЫҚТЫҚ САНАНЫҢ РӨЛІ
3.1 Қоғамдық қатынастар мен құқықтық сананың қазіргі кездегі рөлі
3.2 Қоғамдық қатынастар мен құқықтық сананың негізгі міндеттері
4 ҚОРЫТЫНДЫ
5 ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР
КІРІСПЕ
Адам қоғамында сан алуан құқықтық қатынастар, яғни байланыстар
туындайды. Осы құқықтық қатынастарды реттеу, тәртіптеу ережелер, қағидалар,
нормалар негізінде болады. Құқықтық норма – заңға сәйкес келетін мінез,
жүріс-тұрыстың айырымдылық белгісін білдіреді. Оның өзі заңмен көзделген
істің шешімін табуға мүмкіндік береді.
Мемлекет және құқық теориясында құқықтық қатынастардың алатын орны
ерекше және ең маңызды тақырыптардың бірі болып саналады. Құқықтық
қатынастар қоғамдық қатынастардың бір ғана бөлігі.
Конституцияның 4-бабында “Қазақстан Республикасында қолданылатын құқық
Конституцияның, соған сәйкес заңдардың, өзге де нормативтік құқықтық
актілердің, Республиканың халықаралық шарттық және өзге де
міндеттемелерінің, сондай-ақ Республика Конституциялық Кеңесінің және
Жоғарғы Соттың нормативтік қаулыларының нормалары болып табылады.
Конституцияның ең жоғары заңдық күші бар және Республиканың бүкіл аумағында
ол тікелей қолданылады” деп жарияланды.
Қазіргі заманда құқық, құқықтық норма және құқықтық қатынас туралы
көптеген ғылыми көзқарастар бар. Осы ғылыми көзқарастарға байланысты ерте
заманнан қазіргі уақытқа дейінгі негізгі ойды қалыптастырады. Құқық,
құқықтық норма және құқықтық қатынастар туралы негізгі бағытта тарихи
тұрғыдан қарасақ бірнеше ой-пікірлер туындатады. Соның барлығын бірнеше
монография, оқулық, ғылыми статьяларда орын табуда.
Қоғамдық қатынастар- бұл белгілі бір өндіріс тәсілі негізінде өндірісте,
өмірде, адамдар арасында қалыптасатын күрделі де сан қилы қатынастар. Бұл
аталған қоғамдық қатынастардың басым көпшілігі әлеуметтік нормалар арқылы
реттеліп, басқарылып отырады. Қоғамның мүдде мақсаттары, саясат,
мемлекеттік билік және тағы басқалары күрделі мәселелер құқықтық нормалар
арқылы реттеліп басқарылады. өйткені бұл бағытта қоғамдық қатынастардың ең
маңыздысы, ең күрделі түрлері топтасып, мемлекет пен құқықтың ең жауапты
қызметіне айналады.
Қоғамдық қатынастар негізінен 2 түрге, яғни материалдық және
идеологиялық қатынастар болып бөлінеді.
Әрбір қоғамның алдына қойған мақсат, міндеті болады. Соған сәйкес
адамдарды тәрбиелеу өркениетке жету жолында белгілі бір мақсатқа жұмылдыру
қажеттіліктері орындалады. Осы орайда материалдық қатынастар да үлкен үлес
қоса отырып материалдық-экономикалық құрылымының негізі болып табылады.
Сондай-ақ идеологиялық қатынастарды қалыптастырушы әр халықтың әдеби өлең-
жырлары, мақал-мәтелдері, ұлттық, патриоттық нақыл сөздері өзгеше орын
алады. Мұндай идеологиялық қатынастар арқылы жалпы халықты бір қоғам болып
бірігуге гуманистік, адамгершілік сезімдерге және ұлт аралық достық,
бірлікке шақырған.
Осы айтылған қоғамдық қатынастардың бірден-бірі бастауы болып құқықтық
сананы жатқызуға болады. Өйткені кез-келген қоғамдық қатынастардың
дамуының негізгі бастауы жаңа айтып кеткендей сана, дәлірек айтқанда
құқықтық сана болып табылады.
Сана – бұл объективтік шындықты иделды түрде бейнелеудің адамзатқа ғана
тән ең жоғарғы нысаны. Сана адамның өз болмысы мен объективті дүниенің мән-
жайын, мазмұнын, ұғымын білуінде белсенді қызмет атқаратын психикалық
процестердің заңды нәтижесі болып табылады деп санауға болады.
Құқықтық сана дегенде – бұл адамдардың құқыққа деген қатынасын
көрсететін түсініктер мен сезімдердің, көзқарастар мен эмоциялардың,
бағалаулардың жиынтығы түріндегі қоғамдық сананың ерекше нысаны.
Қазіргі кезде қоғамдағы адамдар арасындағы, тұлғалар мен мемлекет
арасындағы барлық қатынастар адам санасы арқылы жүзеге асырылып, оның
дамуына үлкен үлес қосуда. Мысал келтірер болсақ, анау ежелгі заманнан
бастап, анау ежелгі заманнан бастап қазіргі заманға дейнгі аралықта адамдар
өз іс-әрекеттерін осы сана арқылы жүзеге асырылып келді. Оның ішінде
мемлекет пен тұлғаның арасындағы қарым-қатынасты ерекше атап өту керек.
Өйткені адамдар мемлекеттегі заңдарға, құқық нормаларына, олардың
қағидаларына, мәніне, әділсотқа және тілегіндегі құқыққа деген идеялар,
теориялар және сана-сезімдерінің көмегімен ара-қатынасын орнатып отырды
және әлі де орнатып келеді.
Сонымен қатар құқықтық сана әлеуметтік құбылыстарды ерекше бағалай
отырып, қоғамдық сананың басқа нысандарымен өзара әрекет етеді. Мәселен,
меншіктің экономикалық санамен қатынастары тұрмыс деңгейі мен тұрмыс
салтының алғашқы негіздерінің бірі ретінде, адамгершілік санамен
қатынастары- ізгілік пен зұлымдық тұрғысынан, құқықытық санамен қатынастары
олардың заңдылығын тану тұрғысынан қарастырылады. Құқықтық сана өзінің
сабақтастығымен, мәдени-тарихи мазмұнымен күшті. Құқық туралы көзқарастар,
түсініктер, идеялар мен теориялар ұрпақтан ұрпаққа сол арқылы беріліп
отырады. Өткендегі құқықтық жетістіктердің қазіргімен, бір өркениеттің
басқалармен қабылдануы, кеңестерден кейінгі көптеген мемлекеттердің
құқықтық жүйелерінің батыс конституционализмі мен дәстүрлі нормаларының
идеялары мен конструкцияларын қабылдауы. Әртүрлі мәдени-тарихи
қоғамдастықтың құқық туралы, ретеу әдістері мен жауакершілік түрлері туралы
түсініктері әртүрлі болдаы. Түрлі елдер мен құрлықтардағы құқықтық сананың
ерекшеліктері де осыдан.
Жағымды құқықтағы өзгерістердің табиғи ықпалына ұшырай отырып, құқықтық
сана құқық жүйесі мен қоғамдық қатынастарға күшті кері әсер етеді, дамуға
себепші болуы не әлеуметтік процестерді тежеуі мүмкін.
Мысалы, АҚШ-тың бабасы болған негізін қалаушылардың озық құқықтық
санасының Солтүстік Америкадағы қоғамдық процестерді демократияға,
бостандық пен гүлденуге қалай ілгерілеткені мәлім. Адам мен азамат
құқықтарының, заң үстемдігінің, билікті бөлісудің, тәуелсіз сот әділдігінің
идеялары өмірде орнықты, олар осыдан екі жүз жылдан астам уақыт бұрын
Тәуелсіздік декларациясы мен АҚШ Конституциясында тұжырымдалған болатын
және олар дүниежүзілік құқықтық санаға ықпалын осы кезге дейін жоғалтқан
жоқ.
Және басқа бір, неғұрлым жақындағы мысал: көптеген жылдар бойы
қалыптасқан әлеуметтік дейтін құқықтық сана жинақталатын зейнетақы
құқығының дүниежүзілік практикасы негізінде ортақ зейнетақылық құқық
қатынастарын толғағы жеткен реформалаудағы жанталаса "қарсылық көрсетті”.
Қоғамдық қатынастар өзінен-өзі тәртіп, заңдылық шеңберінде, құлықтылык
және гуманистік талаптар негізінде біржүйелік мағынадағы азамат
құндылықтары аясында реттелмейді.
Қоғамдық қатынастардың өмір сүру формалары индивидтердің сан-қырлы
әрекеттері қалыптастыратын қарама-қайшылықтар мен күрделі шиеленістен,
мүдде қақтығыстарынан тұрады. Мұндай процесстерді бір жүйелі тәртіпке
келтіру, индивидтердің мінез-құлықтарына реттік сипат беру көптеген
әлеуметтік нормалармен іс жүзіне асырылады, реттеледі. Таңдалып алынған
тақырыптың өзектілігі де осы айтылғанмен анықталады.
Атап айтқанда діни, әдет-ғұрып, дәстүрлік сияқты нормалар қоғамдық
қатынастарды реттеуде үлкен рөл атқарады. Бірақ, жеке адамдардың саналық,
тәрбиелік, генетикалық жөне психологиялық ерекшеліктеріне байланысты
олардың бәрінен бір мағынадағы, талаптағы мінез-құлықты талап ету мүмкін
емес. Әртүрліліктің өзі қоғамдық қатынастарды дамытудың, жетілдірудің айқын
көрінісі.
1 ҚҰҚЫҚТЫҚ САНА
1.1 Құқықтық сана, жалпы түсінігі. Құқықтық нақтылықты, құқықтың және
құқық жүйесінің дамуына ықпал ететін факторларды ерекше түрде тану құқықтық
сана болып табылады. Моральмен, дінмен, өнермен, ғылыммен қатар, құықтық
сана қоғамдық сананың нысаны болып саналады, оның өмір шындығын көрсететін
өзіне тән ерекше объектісі бар.
Құқықтық сана дегеніміз, адамдардың қолданылып жүрген және тілек ететін
құқыққа көзқарасын білдіретін түсініктер мен сезімдердің, бағалар мен
мақсатардың жиынтығы. Мысалы, азаматтардың жаңа заңға мақұлдау немесе
жақтырмау, нормативтік құқықтық актінің жобасы жөнінде пайымдау және т.б.
түріндегі әсері.
Құқықтық сананың мәні оның бағалаушылық сипатында. Қолданылып жүрген заң
нормаларын нақты қоғамдық қатынастармен және әлеуметтік топтардың
мүдделерімен арақатынасын белгілей отырып, құқықтық сана құқықтың
мүмкіндігінше қандай болуға тиіс екендігін анықтайды. Ол субъектінің
қолданылып жүрген құқық нормаларын сақтауға немесе бұзуға деген белгілі бір
көзқарасын қалыптастырады. Соның нәтижесінде мұндай баға бұдан әрі мінез-
құлық себебіне айналуы мүмкін.
Құқықтық сана құқықтық реттеу механизмімен тығыз байланысты. Біріншіден,
ол заң нормаларын жасаудың алдында жүреді, өйткені, ол нормалар әрқашанда
субъектінің санасы мен еркіне туелді; екіншіден, олармен қоса өне бойы іс-
әрекет жасалады, өйткені құқық нормалары әрқашанда оларды субъектінің
түсінуіне, оның санасы мен еркіне есептелген; үшіншіден, құқықтық сана
құқықтағы олқылықтарды түсіндірумен анықталады, заңдарды жетілдіру мен
дамытуды қамтамасыз етеді.
Құқыктық сананың мәні онын бағалаушылық сипатында. Қолданылып жүрген зан

мүдделерімен арақатынасып белгілей отырып, құкықтық сана құқыктың

қолданылып жүрген құкық нормаларын сақтауға немесе бұзуға деген белгілі бір

Құкыктық сана әлеуметтік құбылыстарды ерекше бағалай отырып, коғамдық
сананың баска нысандарымен өзара әрекет етеді. Мәселен, меншіктің
экономикалык санамен қатынастары тұрмыс деңгейі мен тұрмыс салтының алғашкы
негіздерінін. бірі ретінде, адамгершілік санамен қатынастары — ізгілік пен
зұлымдык тұрғысынан, кұқыктык санамен катынастары олардың заңдылығын тану
тұрғысынан қарастырылады.
Құқықтық сана өзінің сабақтастығымен, мәдени-тарихи мазмұнымен күшті.
Құкык туралы көзқарастар, түсініктер, идеялар мен теориялар ұрпақтан
ұрпакқа сол аркылы беріліп отырады. Өткендегі құқықтық жетістіктердің
казіргімен, бір өркениеттің басқалармен қабылдануы соның арқасында болады.
Мысалы, рим кұкығының Батыс Еуропа елдерінде қабылдануы, кеңестерден
кейінгі көптеген мемлекеттердің құкықтык.
1.2 Құқықтық психология. Құқықтық сана - сан қырлы феномен. Оның жеке
адам мен қоғамның рухани даму ерекшеліктеріне байланысты өз құрылымы бар.
Құқықтық сананы негізгі екі элемент: құқықтық психология және
құқықтық идеология құрайды.
Құқықтық психология болып жатқан оқиғалар мен құбылыстардан қызбалықпен,
тіпті есі кете терең әсер алуға қабілетті адамға тән психикамен байланысты.
Ол құқықтық санада көбінесе стихиялы түрде, құқыққа және құқықтық шындыққа
көзқарас бейнелетін сезім, көңіл-күйі, сүйкімділік пен сүйкімсіздік, реніш
түрінде қалыптасады. Мәселен, бұл жасалған қылмыс жөнінде ашынушылық және
оның құрбанына жаны ашушылық, әділ сот үкіміне қанағаттану сезімі;
қылмыстық жазадан қорқу немесе Конституцияны құрметтеу болуы мүмкін.
Құқықтық сезімдер, көңіл-күй көп жағдайда әлеуметтік ортаның, жеке
адамның тікелей араласатын ортасының ықпалының әсерімен қалыптасатынын
ескеру керек. Көптеген социологиялық зерттеулерде адамның белгілі бір
ортада болғанда, өзі басқа адамдармен байланыс жасамаған кездегіге
қарағанда, көбінесе мүлде өзгеше сезініп, ойлап, әрекет жасайтыны атап
өтілген. Жеке адамның құқықтық сансының деңгейімен ерекшеліктерін анықтау
ұшін оның отбасыыны, ұжымының, бейресми араласатын топтарының және тиісті
әлеуметтік жіктерінің әлеуметтік-құнды бағдарын білу қажет болатыны
сондықтан.
Құқықтық сананың құбылмалы элементі көңіл-күйі болып табылады, өйткені
ол өзгеріп отырады, құқықтық идеяларды таратудың көмегімен иландыру мен
көтермелеуге сәйкес келетін саналы әсерге бейім болуы мүмкін.
Адамдардың дағдысына, олардың тұрмыс-салтына енетін нәрсе құқықтық
сананың белгілі-бір әдет-ғұрыптар мен дәстүрлерді сақтауға байланысты
тұрақты элементтерін айқындайды. Қылмыстық, қылмыстық атқару, әкімшілік,
сондай-ақ азаматтық құқықта сол заңдарға қоғамдық құқықтық сана арқылы
және оны мақұлдауымен адамдардың әдет-ғұрпымен сенгізілген кінәден арылу
туралы, зиянды жуып-шаю туралы, моральдық нұқсанның орнын толтыру туралы
ережелер кездесетіні анық.
Құқықтық санадағы дәнекер элемент- жеке адамның өз әрекеттерінің
заңдылығын өзінің бағалауы. Өздерінің ниетін, мотивтері мен қылықтарын сын
көзбен және дер кезінде бағалай білу оның адам мінез-құлқындағы
реттеуіштік, алдын алушылық, немесе, керісінше, белсендіруішілік рөлін
айқындайды. Өзін-өзі бағалау өзінің заңды әрекеттеріне қанағаттану немесе
істелген істері үшін ұялу, өкіну сезімінен көрінуі мүмкін. Адам ожданының
көрінісі ретінде ұялу, опыну оның мінез-құлқындағы құқықтық ауытқуды тежей
алады. Жеке адамның құқықтық психологиясында ішкі өзін-өзі бағалау дағдысын
қалыптастыру- жеке адамды құқықтық тәрбиелеудің және жалпы әлеуметтендіру
процесінің міндеті.
1.3 Құқықтық идеология. Құқықтық идеология дегеніміз құқықтық сананың
құқықты және өмір шындығының құбылыстарын тұғырнамалық түрде бейнелеп,
бағалайтын заңдық ұғымдарды, принциптерді, теорияны құрайтын жоғарғы
қабаты. Адамның күнделікті тәжірибесіне сыйып кететін құқықтық шындықтарды
әдетте, сезімдік қабылдауға ұқсас құқықтық психологиядан айырмашылығы-
құқықтық идеология бейне бір құқықтық бағалаудың рационалдық деңгейіне
сәйкес келеді, құқық пен мемлекет құбылыстарын ой елегінен неғұрлым терең
өткізуді бейнелейді.
Құқықтық идеологияға құқықты қоғам қажеттеріне сай келетін идеологиялық
жағынан жетілген мәдени-тарихи доктрина етіп көрсету үшін оның мәнін,
әлеуметтік құндылығын ашып беруге ұмтылыс тән. Бұған табиғи құқық
концепциясы, норматившілдік теория, құқық пен мемлекеттің марксистік
доктринасы мысал бола алады.
XXI ғасырдың табалдырығында Қазақстан принципті түрде жаңа әлеуметтік-
тарихи және геосаяси жағдайда отырды. Мемлекеттік құқықтық реформа
бағдарламасын(1993 ж.) негізінен орындағаннан кейін оған да Қазақстанның
мемлекеті мен азаматтары үшін Республика Президенттің “Қазақстан-2030”
стратегиясынан туындайтын және оны мемлекеттік-құқықтық салада нығайтатын
жаңа құқықтық идеология керек болмай қоймайды.
Бұл құқықтық идеологияның концептуалды параметрлері:
1. Құқықтық идеология Қазақстан Республикасының стратегиялық
мақсаттары үшін өткендегі және қазіргі дүниежүзілік
юриспруденцияның заң теориясы мен тәжірибесінен
сындарлы және пайдалы дегеннің бәрін алуға тиіс.
2. Құқықтық идеология Қазақстан қоғамы дамуының тұрақтылығы мен саяси
топтасқандығына жәрдемдесуге тиіс.
3. Құқықтық идеология жеке адамның рөлі мен құқықтарын мемлекетке алуға
және кемітуге, қоғам мен мемлекетке қатынасы жөнінен егемендіруге
емес, жеке даралық әлеуметтілік арқылы ғана болуы мүмкін объективті
шындыққа негізделіп құрылуға тиіс. Адам мен азаматтың міндеттерін
өзінің жаратылысы бойынша әлеуметтік мәні болғандықтан, адам құқықтары
туралы пайымдауларға араластырып жібермеу керек.
4. Құқықтық идеология Қазақстан Республикасының егемендігі мен аумақтық
тұтастығын нығайту, жан-жақты ұлттық қауіпсіздік пен мемлекеттік
мүдделерді қамтамасыз ету қажеттігін негізге алуға тиіс. 1995 жылғы
Конституцияда негізгі қаланған саяси биліктің ұйымдастырылуы мен жұмыс
істеуі негізінде кәсіби күшті және тиімді мемлекеттілікті дамытуға
мүмкіндік туғызу керек.

1.4 Құқықтық сана түрлері. Құқық теориясында құқықтық сана өзара
байланысты 3 міндетке: танымдық, бағалаушылық, реттеушілік міндеттерге
бөлінеді.
Танымдық міндет құқықтық шындық құбылыстарын субъектінің құқықтағы
мәнділігі мен тиістілігі туралы түсініктері тұрғысынан ой елегінен
өткізуден тұрады. Бағалаушылық міндет құқықтық шындық құбылыстарын
ұқсастыруда, оларды реттеудің нақты ережелерімен сәйкестендіруде болып
табылады.
Құқықтық сананы субъектілеріне байланысты құқықтық сананың жеке, топтық
(ұжымдық), қоғамдық құқықтық сана, жасөспірімдердің, студенттердің
құқықтық санасы, отбасылық құқықтық сана және әйелдердің құқықтық санасы
деген түрлері туралы айтуға болады.
Жеке құқықтық сана – адам күнделікті қатысатын алуан-түрлі әлеуметтік
байланыстар мен қатынастардың ықпалымен, сондай-ақ өзінің психикалы-
физиологиялық ерекшеліктерінің әсерімен қалыптасады. Жеке адамның
мәдениеті мен білімі деңгейінің әртүрлі болуы, адамдардың әлеуметтік
жағдайы мен қабілетінің бірдей болмауы жеке құқықтық сана деңгейінің
әртүрлі болуына себепші болады. Құқықтық сана деңгейін көтеру үшін
адамдардың санасы мен мінез-құлқына нысаналы идеологиялық ықпал жасаудың,
азаматарға құқықтық тәрбие берудің де маңызы аз емес.
Топтық құқықтық сана – тиісті әлеуметтік топтар мен оларға кіретін жеке
адамдардың ерекшеліктерімен анықталады. Құқықтық құндылықтар әрбір топта
бірдей танылмайды. Олардың ішінде топтық құқықтық сана заңдылық пен
әділеттік идеяларын мүлде құрметтемейтіндерінде топтық құқықтық сананың
әлеуметсізденуі, қоғамда бар құқықтық идеологиядан шеттеу, құқықтық
нигилизмнің ескі түрін консервациялау, тіпті криминогендік жағдайлардың
қалыптасуы мүмкін.
Қоғамдық құқықтық сана – құқыққа және құқықтық өмір шындығының жалпы
қоғамда қалыптасқан құбылыстарына көзқарасты бейнелейді. Қоғамдық құқықтық
санада қоғамда жеке адамның бостандығына және жеке меншікке ешкімнің
тиіспеушілігіне кепілдік бере алатын теңдесі жоқ әлеуметтік құндылық
ретінде құқық түсінігі орнығады. Құқық болмайынша, оның екеуі де жоқ.
Жасөспірімдердің құқықтық санасы – жас ерекшеліктеріне, кәмелетке
толмағандығына байланыты, өзіндік ерекшеліктері бар сана. Бұл сана
жасөспірімнің организмі қалыптасып, жетілу кезеңіндегі ерекшеліктерден
туындайды. Құқықтық тәрбие барысында осы өлшемдер міндетті түрде
ескеріледі.
Студенттердің құқықтық санасы – жоғарғы білім алу барысында қалыптасатын
сана. Бұл сананың өзіне тән мынандай ерекшеліктері бар:
а) Болашақта құқықтық белсенділікті қалыптастырудың іргетасы қаланады,
азаматтық ұстаным және патриотизм рухы қалыптасады.
ә) Саяси процестерге тартылып, сана болмысы шыңдалады. Бұл көрініс
негізінде ірі қалаларда (Алматы, Астана) білім алу барысында іс жүзіне
асырылады.
б) Құқықтық сана білім алу сапасының төмен деңгейіне, сауатсыздығына
байланысты маргиналдық (шетте қалу) деңгейінде қалып қоюы мүмкін. Бұл сана
формасын ұялаған субъектілер Американың социологі Р.Парлатовтың айтуынша
мазасыз, агрессилші, өзін ғана құрметтеуші, сезімтал, жасқаншақ,
эгоцентристік қасиет мінездерімен сипатталады.
Отбасылық құқықтық сана – негізінде отбасы, ошақ қасында некелік
қатынастардан туындайтын және бір жанұяның дәстүрлік салт-санасымен
қалыптасады. Ұяда не көрсең, ұшқанда соны ілерсің, Әке көрген оқ жонар,
шеше көрген тон пішер, Әкеге қарап ұл өседі, шешеге қарап қыз өседі,
Бала тәрбиесі бесіктен, Мейірімділікті анадан үйрен, әділдікті данадан
үйрен және т.б.
Әйелдердің құқықтық санасы - әйел заты ағзаның биологиялық процестерінің
ерекшеліктеріне байланысты қалыптасатын сана нормасы. Оның өзіне тән
ерекшеліктері бар, психологиялық әдебиеттерде көп жазылған.
Сонымен қатар құқықтық сана деңгейі бойынша эмпирикалық (кәдімгі) кәсіби
және доктриналдық (ғылыми) болып саналады.
Эмпирикалық сана адамға сырттан қабылданған ақпарат негізінде
қалыптасады, теориялық тексеріске шалдықпай бағаланады. Сондықтан көп
жадайда бұл сана формасы дұрыс қорытынды жасауға мүмкіндік ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz