Арнайы белгілерге байланысты қылмыстардың санаттары бойынша қылмыстық жауаптылықтан босатудың негіздері



Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 27 бет
Таңдаулыға:   
МАЗМҰНЫ

Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...3
І- тарау. Қылмыстың ұғымы
1.1. Қылмыстың ұғымы және
белгілері ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...4
1.2. Қылмысты басқа да құқық бұзушылықтан және бейморальдық жат қылықтардан
ажырату ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... 9
1.3. Қылмыстың
санаттары ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ...11
ІІ-тарау. Қылмыстық жауаптылықтан босату
2.1. Қылмыстық жауаптылықтан босату түсінігі мен
түрлері ... ... ... ... ... ... .13
2.2. Шын өкінуіне байланысты қылмыстық жауаптылықтан
босату ... ... ... ..15
2.3. Қажетті қорғану шегінен асқан кезде қылмыстық жауаптылықтан
босату ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .17
2.4. Жәбірленушімен татуласуына байланысты қылмыстық жауаптылықтан
босату ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .18
2.5. Жағдайдың өзгеруіне байланысты қылмыстық жауаптылықтан
босату ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .20
2.6. Ескіру мерзімінің өтуіне байланысты қылмыстық жауаптылықтан
босату ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .21
2.7. Рақымшылық жасау актісі негізінде қылмыстық жауаптылықтан
босату ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .23
2.8. Арнайы белгілерге байланысты қылмыстардың санаттары бойынша қылмыстық
жауаптылықтан босатудың
негіздері ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... 24
2.9. Төтенше мән-жайлардың салдарынан жазадан босату мен өтеуді кейінге
қалдыру ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...26
Қорытынды ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..27
Қолданылған әдебиеттер
тізімі ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ..28

Кіріспе

Қылмыстық жауаптылықтан босату – адамның әрекетінің қоғамға
қауіптілігі аз, онша қауіпті болмауы және адамға қылмыстық жазаны қолданбай-
ақ түзілуі мүмкін болған жағдайларда қолданылады. Осыған байланысты
қылмыстық құқық қылмыстық жауаптылықтан және жазадан босату немесе жазаны
жеңілірек жазамен айырбастау институтын орнықтырған. Қандай да болмасын
қылмыстық жауаптылықтан босатудың түрі қылмыс құрамының белгілері,
қылмыстық жауаптылықтың негізі бар болған жағдай да ғана қолданылады. Сот,
прокурор, тергеу, анықтау органдары қылмыстық іс жүргізу заңдарын негізге
ала отырып қылмыстық жауаптылықтан босату туралы шешімге келеді. Қылмыстық
жауаптылықтан босату тек қана адамның қылмыстық жазалануға жататын
әрекеттері болған жағдайда ғана қарастырылады.

І- тарау. Қылмыстың ұғымы

1. Қылмыстың ұғымы және белгілері

Қылмыстық құқықтағы негізгі мәселелердің бірі қылмыстың ұғымын анықтау
болып табылады. Жеке адам мен қоғам арасындағы қақтығыстардың қайсысының
қоғамға қауіптілік дәрежесінің басым екендігін анқтау және оған осы
мәселеде қылмыстық құқылық шараларды қолдану арқылы осы қатынастарды реттеу-
қылмыстық заңның негізгі міндеттерінің бірі болып табылады. Қылмыс әр
уақытта да белгілі бір іс-әрекетінің (әрекет немесе әрекетсіздіктің)
көрінсі болып табылады. Заң шығарушы осындай тұжырымдарға келе отырып,
қылмыстың әр уақытта да адамның нақты іс-әрекетінің, мінез-құлқының сыртқа
шыққан көрінісі екенін атап көрсетеді.
Адамның құқыққа қайшы мінез-құлқы белсенді әрекет күінде немесе
әрекетсіздік күйде болуы мүмкін. Бұл жерде әрекет дегеніміз адамның
қылмыстық заң тыйым салған нәрселерді істеуі, ал әрекетсіздік дегеніміз
адамның заң, нормативтік актілері, нұсқаулары немесе арнаулы жарлықтары,
бұйрықтар бойынша өзінің жүктелегн міндетін орындамауы болып табылады.
Адамның қылмысқа қайшы немесе оған қайшы емес мінез-құлқы оның ойлау
жүйелері арқылы, содан соң белгілі бір іс-әрекеттер арқылы көрініс береді.
Ондай нақты іс-әрекеттер арқылы көрініс таппаған жүзеге аспаған ойлар,
пікірлер соншалықты қатерлі болғанына қарамастан, қылмыс болып табылмайды.
Белгілі бір іс-әрекет арқылы жүзеге асырылмаған адамның ниет-мақсаттары
қоғамға қауіп туғызбайтындықтан қылмыстық құқық реттеу саласына жатпайды.
Қылмыстық құқық ғылымында бұл мәселе туралы бірауыздан осылай тұжырым
жасалған.
Қылмыс құқылық құбылыс ретінде осы құбылыстыңмәнді жақтарын
бейнелейтін белгілі бір белгілермен сипатталады. Қолданылып жүрген
қылмыстық заңға сәйкес қылмыстың түсінігі заңның өзінде көрснтіледі.
Бұрынғы кеңестік жүйеде қылмыстың ұғымы алғаш рет 1919 жылы
РСФСР-дың Қылмыстық құқық жөніндегі басшылық негізінде (5-бап): “Қылмыстық
құқықпен қоралатын қоғамдық қатынастар тәртібін бұзушылық қылмыс деп
танылады” делінген. РСФСР-дың 1922 жылғы Қылмыс кодексінде “Қылмыс
дегеніміз кез келген қоғамға қауіпті әрекет немесе әрекетсіздік” деген
ұғыммен тұжырымдалады.
1924 жылы КСРО және одақтас республикалардың қылмыстық заңдарының
негізгі бастамалында қылмыс туралы ұғымқа арнаған бап болған жоқ. 1926
жылғы РСФСР Қылмыстық кодексінде “қылмыс дегеніміз қоғамға қауіпті іс-
әрекет” деп көрсетіледі (1- бап). Бұл жерде кеңестік құрылысқа
немесе құқық тәртібіне бағытталған әрекет немесе әрекетсіздік қоғамға
қауіпті деп жарияланды. КСРО және одақтас республикалардың 1958 жылғы
қылмыстық заңдардың негізінде “Қылмыстық зңңда көзделген, оның саяси және
экономикалық жүйелеріне, социалисттік меншігіне, азаматтардың жеке басына,
саяси, еңбек, мүлік және басқа да құқықтары мен бостандықтарына қиянат
жасайтын қоғамдық қауіпті іс-әрекет, сондай-ақ социалисттік құқық тәртібіне
қиянат жасайтын қылмыстық заңда көзделген қоғамдық қауіпті іс-әрекет қылмыс
деп табылады” делінген. Дәл осындай анықтама Бұрынғы Одаққа кірген барлық
республикалардың, оның ішінде 1959 жылы 22 шілдеде қабылданған Қазақ КСР
Қылмыстық кодексінде де (7-бап) берілді. 1997 жылы жаңа Қылмыстық кодекс
қабылданды. Осы Кодексте өмірімізде, қоғамда орын алған елеулі әлуметтік-
экономикалық, саяси өзгерістерге сәйкес қылмыстың жаңа ұғымы берілген. Онда
“жазалау қатерімен тыйым салынған айыпты қоғамға қауіпті әрекет ылмыс деп
танылады” делінген(9-бап). Осы анықтамадан қылмыстық құқыққа қайшылық,
қоғамға қауіптілік, кінәлілік, жазаланушылық қылмыстың белгілері екендігі
көрініп тұр.
Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексі Ерекше бөлімінің тиісті
баптарының диспозицияларында жекеленген қылмыс құрамдары көрсетілген.
Қылмыстық құқықта қылмыс құрамдары арнаулы көрсетілген. Қылмыстық құқықта
қылмыстың осы нақты құрамдарына қарсы іс-әрекет істеуді құқыққа қайшылық
деп атау қалыптасқан.
1960 жылға дейінгі қолданылған Қылмыстық кодестерде ұқсастығы бойынша
яғни, қылмыстық заң нормасында әдейі көрсетілмеген іс-әрекеттерге де сонда
көрсетілген соған ұқсас, жақын нрмаларды қолдануға жол берілген еді. Мұның
өзі заңды бұзуға және осы мәселеде бейберекетсіздікке кетушілікке әкеліп
соқтырды. Қазақстан Республикасының 1995 жылғы жаңа Конституциясында,
осыған орай жаңа Қылмыстық кодексте қылмыстық заңды ұқсастығы бойынша
қолдануға жол берілмейді делінген.
Адамның қылмыстық құқылық норма тыйым салған іс-әрекеттерді істеуін
қылмыстық құқыққа қайшылық деп атаймыз. Адамның қылмыстық құқылық норма
тыйым салмаған, осы осы заңда көрсетілген іс-әрекеттерді істеуін қылмыс
қатарына жатқызуға болмайды.Тек заң шығарушы ғана белгілі бір іс-әрекеті
қылмыс қатарына жатқызуға мүмкіндік беретін оның мәнді белгілерін
анықтайды. Қылмыстық құқыққа қайшылықтың міндетті белгісі осы заңда
көрсетілген іс-әрекетті істеген жағдайда нақты нормада көрсетілген
қылмыстық құқылық санкция белгілеген жазаның белгілі бір түрінің
тағайындалуы болып табылады. Іс-әрекеттің қылмыстық құқыққа қайшылығын
белгілеген тиісті заңның жарияланған ақытынан бастап ондай іс-әрекеттер
қылмыс қатарына жатады. Мұндай ретте мемлекет осындай іс-әрекеттермен
қылмыстық құқылық норма арқылы күрес жүргізге мүмкіндік алады. Керісінше,
белгіленген тәртіппен күші жоыйлған қылмыстық-құқылықнорма қылмыс қатарынан
шығарылады. Ондай іс-әрекет қылмыс деп саналмайды. Мысалы: елімізде
нарықтық қатынастардың дамуына байланысты Қылмыстық кодекстен алыпсатарлық
деген қылмыс құрамы қатарынан алынып тасталды. Бұрын қылмыс қатарында жоқ
жалған банкноттық, табысты жасыру, салық төлемегені үшін қылмыстық
жауаптылыұты белгілейтін көптеген жаңа нормалар пайда болды.
Қылмыстық негізі сапалық белгісі оның қоғамға қауіптілігі боып
табылады. Бұл белгі қылмыстың матеиалдық мәнін Білдірумен бірге не себепті
осы немесе басқадай іс-әрекеттер қылмыс болып табылатынын түсіндіреді.
Қоғамға қауіптілік белгісінің болуының өзі іс-әрекеттің қоғамдық
қатынастарға зиян келтіруін немесе зиян келтіру қаупін туғызатынын
білдіреді. Қоғамға қауіптілік-қылмыстың объективтік белгісі. Ол заң
шығарушының санасына және еркіне байланыссыз қоғамдық қатынастарға зиян
келтіреді және өзінің ішкі мәні жөнінен қоғамның бір қалыпты өмір сүру
шарттарына қайшы болады. Заң шығарушының міндеті сол кезеңде, дәуірде,
қоғамның өмір сүру жағдайларын дұрыс бағалап, осыған байланысты іс-
әрекеттің қайсысының қылмыс қатарына жататыны туралы шешім қабылдау болып
табылады.
Қылмыстық кодекстің 2-бабында қоғамға қауіптіліктің сипаттамасы
қылмыстық заңда көзделген едем мен аөаматтың құқықтарына, бостандықтары мен
заңды мүдделеріне, ұйымдардың құқықтары мен заңды мүдделеріне, қоғамдық
тәртіп пен қауіпсіздікке, табиғи ортаға т.б. қиянат жасап қол сұғатын
қылмыс объектілерін тізбектеп көрсету арқылы берілген. Бірақ та қоғамға
қауіптілік қылмыс қол сұғатын объектілерді көрсету арқылы ғана
тұжырымдалмайды. Бұл қылмыстың қоғамға қауіптілігін сипаттайтын мәнді
жақтарының бірі ғана.
Қоғамға қауіптілік қоғамға зиянды іс-әрекеттің өзінің тікелей
ерекшелігіне, оны істеу уақыты, орны, жағдайына байланысты болуы мүмкін.
Мысалы: тиісті рұқсат етілмеген немесе тыйым салынған жерлерде, не тыйым
салынған құстар мен аңдарға қатысты аң ауланса, ол заңсыз болып табылады
(288-бап 1-бөлігі) Төтенше жағдайлар кезінде тыйым салынған ереуілге
басшылық жасау, кәсіпорынның, ұйвмның жұмысына кедергі келтіруі қылмыс
болып табылады (335-бап). Іс-әрекет арқылы келтірілген немесе келтіруі
мүмкін зиян қоғамға қауіптіліктің көлемін айқындайтын негізгі бір белгі
болып табылады. Кейбір іс-әрекеттер әрекет немесе әрекетсіздіктің істелген
уақыттан бастап, өзінің қандай зиян келтірілгеніне қарамстан, қоғамға
қауіпті болады. Іс-әрекеттің қоғамға қауіпті және қылмыс қатарына жатқызуға
мүмкіндік беретін зардаптың сипаттамасын заң шығарушы әр түрлі етіп
бейнелеуі мүмкін. Кейбір реттерде қылмыстың зардабы қылмыстық заңның өзінде
дәлме-дәл көрсетілуі, ауыр зардаптың болуы т.б.
Келтірілген дене жарақаттарының ауырлығына орай денсаулыққа қасақана
зиян келтіру (103-бап) денсаулыққа қасақана орташа ауырлықтағы зиян келтіру
(104-бап), денсаулыққа қасақана жеңіл зиян келтіру (105-бап) болып
бөлінеді. Басқа жағдайларда, зардаптың әр түрлі болатынын ескеріп, заң
шығарушы оның бәрін нақтылап жатпайды, оларды зиян келтіру (142-бап), ірі
мөлшер (175-бап), ауыр зардап келтіру (181-бап 3 бөлігі, б тармағы), т.б.
деп жалпылама береді. Мұндай жағдайда зардаптың осы көрсетілген мөлшерін
анықтау нақты жағдайларда орындалған фактіге байланысты шешіледі. Қылмыстың
қоғамға қауіптілігі қылмыстық ниет және мақсат сияқты оның белгілеріне де
байланысты. Мысалы, қылмыстық іс қозғау мақсатымен қылмыс істелді деп
көріну өтірік хабарлау. Егер мұндай іс-әрекетті пайда қорлық мақсатымен
істесе хабарлау әрекеті күшейтілген қылмыс түрі болып табылады. Кейбір
реттерде қауіптілік іс-әрекеті істеген адамның ерекшелігіне де байланысты
анықталады. Қайсібір іс-әрекеттер оны істеген адамның жәбірленушімен ерекше
қатынаста болуына байланысты қылмыс деп танылады. Мысалы, айыптының
материалдық жөнінен немесе басқа реттен тәуелді адамға қатал қарауы,
қудалауы немесе қорлауы салдарынан жәбірленушінің өзін-өзі өлтіру халіне
жеткізілуі (102-бап). Кейде субъектінің ерекше жағдайы қылмыстың қоғамға
зияндылығын үдетеді. Мысалы: жауапты мемлекеттік қызметтегі лауазымды
адамның пара алуы (311-бап, 3-бөлігі).
Қылмыстық құқық ғылымы қоғамға қауіптіліктің саралық және сандық
жақтарын бөліп қарайды. Қылмыстық кодекстің 52-бабында жаза тағайындаудың
істелген қылмыстың сипатын және қоғамға қауіптілік дәредесін есепке алу
қажеттігін көрсетеді. Мұның өзі қылмыстың сипатын қылмыстық сапалық, ал
дәрежесін – сандық сипаттамасы деп түсінуді білдіреді. Сипатына қарай
қоғамға қауіптілік экономикалық және зорлық қылмыстары, қасақана және
абайсыздық, жеке адамға, меншікке қарсы қылмыстар болып бөлінеді. Қоғамға
қауіптілік сипаты қылмыстың объектісі бойынша анықталады. Объектілердің
тізбегі Қылмыстық кодекстің 2-бабында көрсетілген, Қылмыстық кодекстің
Ерекше бөлімі тоатық объектілері белгілері бойынша тауарларға бөлінеді.
Яғни, Қылмыстық Кодекстің Ерекше бөлімінің жүйелері тоатық объектілерінің
маңыздылығына қарай рет-ретімен орналасқан. Қоғамға қауіптілікиің сипатының
тағы бір көрсеткіші келтірілген зиян болып табылады. Материалдық, моральдік
зиян күш қолдану, қорқыту арқылы келтіреді. Келтірілген залалға байланысты
қылмыс қоғамға қауіптілік сипатына қарай мүліктік, ұйымдастырушылық,
жалпыға қауіпті және зорлықпен жасалатын қылмыстар деп бөлінеді. Қоғамға
қауіптілік сипаты одан әрі кінәнің нысандары арқылы анықталады.
Қасақаналықпен жасалатын қылмыстардың абайсыздықпен істелетін қылмыстары
істелетін қылмыстарға қарағанда қоғамға қауіпті сипаты едәуір ауыр. Мысалы,
кісіні ауырлататын жағдайда қасақана өлтіргені үін 10 жылдан 20 жылға
дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады (96-бап, 2 бөлігі),
ал абайсызда кісі өлтіру (101-бап, 1-бөлігі) үш жылға дейінгі мерзімге бас
бостандығынан айыруға жазаланады. Кінәнің нысандарын анықтау қылмыстың
қоғамға қауіптілігінің сипатын осылай белгілеуде маңызды роль атқарады.
Қылмыстың қоғамға қауіптілігінің сандық жағын анықтағанда көптеген
факторларды еске алу қажет. Мұндай ретте келтірілген зардаптың ауырлығын
қылмыстық істің ерекшеліктеріне қылмысты жеке немесе бірдесіп қатысу арқылы
істеу, қылмыс істегенде қандай тәсіл қолданылады, кінәнің сипатын қылмыстың
субъектілерінің ерекшелігіне, іс-әректтің істелу уақытына, жағдайына баса
назар аудару керек. Мысалы, денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтірудің (103-
бап) денсаулыққа қасақана орташа ауырлықтағы (104-бап) немесе жеңіл (105-
бап) дәрежеде қасақана зиян келтіруден қоғамға қауіптілік дәрежемі едәуір
жоғары. Қарақшылықтың (179-2) ұрлықтан (175-бап) дәрежесі жағынан қоғамға
қауіптілігі жоғары. Өйткені шабуыл жасап, қарақшылық жасап тонағанда
бөтеннің мүлкін иемдену мақсатымен қауіпті тәсіл шабуылға ұшыраған адамның
өміріне немесе денсаулығына күш жұмсауымен ұшырасады.
Қылмыстың қоғамға қауіптілік дәрежеі қылмыстық заңда көрсетілген
санкция бойынша да анықталады. Мәні жөнінен екі қылмыстың қоғамға
қауіптілік дәрежесін анықтау, сол қылмыста берілген белгңленген
санкцияларды салыстыру қажет. Ауырырақ жаза белгіленген қылмыс түрінің
қоғамға қауіптілігі дәрежесі де жоғары болып табылады. Қылмыстың қоғамға
қауіптілік дәреждесі бойынша қоғамға қауіптілік сипаты бірдей қылмыстарды
бір-бірінен ажыратуға болады.
Қылмыстағы бір белгісі кінә болып табылады. Яғни, бұл жерде заң
қорғайтын объектілерге әрекет немесе әрекетсіздік арқылы кінәлі түрде
қасақаналық немесе абайсыздықпен қол сұғушылық туралы әңгіме болып тұр.
Қылмыстық жауаптылыққа және жазаға тек қана қылмыс істегені үшін, яғни
қылмыстық заңда көрсетілген, қоғамға қауіпті іс-әрекеті қасақана немесе
абайсыздықпен істеген адам ғана тартылады. Кінәсіз қылмыстық жауаптылық
туралы сөз болуы мүмкін емес. Кінәнің нысандары қылмыстық заңда қасақаналық
(тікелей немесе жанама), абайсыздық (менмендік немесе немқұрайлылықболып
түрлерге бөлінеді. Тікелей немесе жанама ниетпен жасалған әрекет қасақана
жасалған қылмыс деп танылады.
Егер адам өз іс-әрекетінің қоғамға қауіпті екенін ұғынып, оның қоғамдық
қауіпті зардаптары болуының мүмкін екенін немесе болмай қоймайтынын алдын
ала білсе және осы зардаптарының болуын тілесе, қылмыс тікелей ниетпен
жасалған қылмыс деп танылады.
Егер адам өз іс-әрекетінің қоғамға қауіпті екенін ұғынып, оның қоғамдық
зардаптары болуы мүмкін екенін алдын ала білсе, осы зардаптардың болуын
тілемесе де оған саналы түрде жол берсе, не бұған немқұрайды қараса, қылмыс
жанама ниетпен жасалған деп танылады.
Менмендікпен немесе немқұрайдылықп,ен жасалған әрекет абайсызда жасалған
қылмыс деп танылады.
Егер адам өз іс-әрекетінің қоғамға қауіп туғызуы мүмкін екенін алдын ала
білсе, бірақ бұл зардаптарды жеткілікті негіздерсіз жеңілтектікпен
болғызбау мүмкіндігіне сенсе, қылмыс менмендікпен жасалған қылмыс деп
танылады.
Сонымен, біз қылмыстың қоғамға қауіпті, кінәлі, құқыққа қайшы және
жазалаушылық сияқты қажетті белгілері бар екендігін әсте естен шығармауымыз
керек. Осы белгілер арқылы қылмысты іс-әрекетті басқа да құқық бұзушылықтан
ажыратамыз.

1.2 Қылмысты басқа да құқық бұзушылықтан
және бейморальдық жат қылықтардан ажырату

Қылмыс құқық бұзушылықтың жеке бір көрінісі болып табылады. Осыған орай
азаматтық-құқылық, әкімшілік және тәртіатік құқық бұзушылықтың өзара басты
айырмашылығы құқыққа қайшылықтың мәніне байланысты. Қылмыс әр уақытта
қылмыстық заңға қайшы болады. Басқа құқық бұзушылық құқық саласының басқа
нормаларына, заңдар мен нормативті актілерге қайшы.
Кейбір қылмыстар басқа құқық бұзушылықта орын алмайтын қоғамдық
қатынастарға (адам өмірі, мемлекеттің қауіпсіздігі) қол сұғады.
Қылмысты қол сұғушылықтың объектісі бойынша айқындалатын қоғамға
қауіптіліктің сипаты мұндай іс-әрекетті қылмыс қатарына жатқызуға мүмкіндік
береді. Мұндай жағдайда қылмысты басқа құқық бұзушылықпен ажыратудың еш
қиындығы жоқ. Кейбір реттерде құқық бұзушылықтан да, қылмыста да бір
объектіге қол сұғу мүмкін. Мысалы, көлік құралдарын жүргізуші адамдардың
көлік құралдарының жүріс қауіпсіздігі мен пайдалану ережелерін бұху үшін
қылмыстық және әкімшілік жауаптылық белгіленген. Мұндай аралас құқық
бұзушылықта қоғамға қауіптіліктің дәрежесін дұрыс анықтаудың маңызы ерекше.
Іс-әрекеттің қауіптілігінің негізі көрсеткігі келтірілген зиян мөлшері
болып табылады. Егер көлік құралдарын жүргізуші адамдардың көлік
құралдарының жүріс қауіпсіздігі мен пайдалану ережелерін бұзуы, осының
салдарынан жәбірленушінің денсі орта немесе одан жоғары дәрежеде
жарақатталса немесе едәуір материалдық нұқсан келтірсме іс-әрекет қылмыс
қатарына, ал көрсетілгеннен гөрі аз зиян келтірсе, әкімшілі тәртіппен
жазаланатын құқық бұpушылықққа жатады. Сонымен, келтірген зиян мөлшері
қылмысты басқадай құқық бұзушылықтан ажыратуға мүмкіндік беретін бірден-бір
белгі болып табылады. Лауазымды адам болып табылмайтын мемлекеттік
қызметшінің лауазымды адамның өкілеттігін өз бетінше пайдаланып, заң
қорғайтын мүдделерге елеулі зиян келтіретін қасақана әрекеті қылмыс (309-
бап), ал елеулі зиян келтірмеген басқа әрекеттер тәртіптік теріс қылық
болып табылады. Өзінің нақты құқығын немесе басқа адам таласа алатын
жорасалды құқығын, белгіленген тәртіптен тыс өз бетінше жүзеге асыру, бұл
азаматтың құқығының елеулі түрде бұзушылық жоқ болса, мұндай әрекет
әкімшілік жолмен жазаланатын құқық бұзушылыққа жатады. Қылмыс пен басқа
құқық бұзушылықты бір-бірінен қоғамға қауіптілік дәрежесінің көрсеткіші
арқылы ажырауға да болады. Қазақ ССР-інің 1959 жылдық Қылмыстық кодексі
бойынша көп жағдайлар қолданылған адамның дәл сол әрекетті қайталап жасауы
қылмысқа тартуға негіз болып табылатын. Мысалы, кәсіптік маңызы бар суларда
рұқсатсыз немесе аулауға тыйым салынған кезде, я рұқсат етілмеген тұстарда
балық аулау, су аңдарын аулау, суда жүргізілетін басқа бір кәсіппен
айналысу, егер бұл әрекеттер бұрын да осындай тәртіп бұзғаны үшін әкімшілік
жолмен айыппұл тартқаннан кейін істелген болса, ол қылмыстық жазаланатын
әрекет болып табылады. Ондай болмаған жағдайда іс-әрекет әкімшілік құқық
бұзушылық ретінде қарастырылатын. Енді іс-әрекетке шарасы қолданылса, ол
қайталану санына қарамастан қоғамға қауіптілік дәрежесіне ие болмайды, яғни
қылмыс қатарына жатпайды. Әскери қылмыстарды тәртіптік тріс қылықтан
ажыратуға көп жағдайда іс-әрекеттің ісьелген уақыты, жағдайы, орны үлкен
әсер етеді. Мысалы, соғыс уақытында өз бетімен кетіпқалу – қылмыс, ал
бейбіт уақытта істелген осы әрекет тәртіптік теріс қылық болып табылады. Іс-
әрекетті қылмыс немесе басқа да құқық бұзушылық қатарына жатқызуға негіз
болатын қоғамға қауіптіліктің дәрежесі қылмысты субъективтік белгілерге
жататын кінәнің нысандарын, ниет пен мақсатты дұрыс анықтауға да
байланысты. Мысалы, денені жеңіл түрде қасақана жарақаттау қылмыс, ал
абайсызда денені жеңіл түрде жарақаттау қылмысқа жатпайтын іс – теріс
қылық, мұндай ретте келтірген зиянды өтеу азаматтық құқық тәртібімен
реттеледі. Егер лауазымды адам пайдақорлық немесе басқа да бір зұлымдық
ниетпен құжаттарға жалғандық жасаса – қылмыс, ал ондай ниет болмаса, ол
қылмыс болмайтын құқық бұзушылықтың бір түрі болып табылады. Қылмыс пен
бейморальдіктің ара қатынасын дұрыс дұрыс түсінудің де маңызы ерекше. Кез
келген қылмыс бір мезетте моральға жат құбылыс болып табылады. Яғни,
моральдық норманың ауқымы үлкен. Кез келген құқық бұзушылық бір мезетте
моральдық норманы бұзушылық негізінде бағаланады.
Дегенмен, қылмыс пен беймолральдық теріс қылық бірінен-бірі объекті,
қоғамға қауіптілік, сондай-ақ құқыққа қайшылық белгілері бойынша
ажыратылады.
Қылымыс пен бейморальдықты құқықққа қайшылық белгісі арқылы нақты
ажыратуға болады. Қылмыс дегеніміз қылмыстық заң арқыолы тыйым салынған іс-
әрекеттер. Ал моральдық жат қылықтар құқық нормаларымен реттелмейді. Мораль
нормалары ауызша немесе жазбаша болуы мүмкін. Отбасы мүшелерінің арасында
қатынасты реттеу мораль нормалары арқылы реттеледі. Мысалы, ата-ананың
балаларға, балаларының ата-аналарына деген қамқорлығының бұзылуы немесе
оқушы мен оқытушының өз арасындағы педагогикалық өнегелік нормаларының
бұзылуының орын алуы мораль нормаларымен анықталады.
Балаларды асыраудан немесе тәрбиелеуден бас тарту, бұлтарту, қорғаншылық
құқықтарын пайдаланып қиянат жасау, ата-анасына немесе жұбайына
көмектесуден бұлтарту қылмы болып табылады. Мұндай іс-әрекеттер үшін
қылымыстық жауаптылық белегіленген. Бұл іс-әрекеттер әрі моральға жат
құбылыс, әрі қылмыс, өйткені моральдық норманың ауқымы қылмыстық норманың
ауқымынан кең.
Моральдық норманың қылмыстық нормадан тағы бір өзгешелігі сол, норманы
ұзған жағдайда оны бұзушыларға жұртшылықтың, ұжым мүшелерінің жек
көрушілігі сияқты қоғамдық әсер ету шаралары қолданылады. Ал істелген
қылымыс үшін әр-уақытта заңда белгіленген белгілі жауаптылық түрі
белгіленеді.

1.3 Қылмыстың санаттары

Қылмыс санаттары деп оларды нақты белгілері бойынша топқа бөлуді
айтамыз. Қылымысты санаттауға іс-әрекетттің қоғамға қауіптілігінің сипаты
мен дәрежесі немесе қылмыс құрамының жекелеген элементтері негіз бола
алады. Қылымыстық заңда қылымысты санаттаудың үш түрлі көрінісі
қалыптасқан. Ол бірінішіден, іс-әрекеттің қоғамға қауіптілігінің сипаты мен
дәрежесіне қарап қылымысты төрт түрлі санатқа бөлу, екіншіден, қылымысты
объектісі бойынша санаттау. Осы белгі бойынша барлық қылмыстарды Қылымыстық
кодекстің Еркше бөлімінде бірнеше сантқа бөлініп, объектісінің
маңыздылығына қарай бірінен соң бірі орын алған, мысалы адам өміріне қарсы,
мемлекеттің егемендігіне, басқару тәртібіне, меншікке қарсы, әскери
қылмыстар т.б. Үшіншіден, қоғамға қауіптілік дәрежесі бірдей қылмыстар,
қоғамға қауіптілік сипатына қарай жай, күшейтілген, артықшылық берілген
болып бөлшектенеді. Мысалы, кісі өлтіру, ауыртпайтын және жеңілдетпейтін
жағдайда кісі өлтіру, жеңілдететін жағдайда жан күйзелу, қажетті қорғану
шегінен асып кісі өлтіру болып бөлінеді. Қазақ ССР-інің 1959 жылы
қабылданған Қылмыстық кодексіне қылмыс санаттары деген мәселе көрсетілмеген
еді. Тек қана 1972 жылы 4 қарашада Қылымыстық кодексте 7-1 деген жаңа бап
енгізіліп, бапта ауыр қылмыстың түсінігі ғана беріледі.
Қазақстан Республикасының жаңа Қылмыстық кодексіне қылмысты санаттау
туралы арнаулы норма енгізіп, онда қылиыстар сипатына және қоғамға
қауіптілік дәрежесіне және кінәнің түріне байланысты онша ауыр емес,
ауырлығы орташа, ауыр және аса ауыр болып санаттарға бөлінген.
Қылмыстық кодекстің 1-бабына сәйкес:
Жазалағаны үшін осы Кодексте көзделген ең ауыр жаза екі жылға бас
бостандығынан айырудан аспайтын қасақана жасалған әрекет, сондай-ақ
жазалағаны үшін осы Кодексте көзделген ең ауыр жаза бес жылға бас
бостандығынан айырудан аспайтын абайсызда жасалған әрекет онша ауыр емес
қылмыс пен танылады.
Жазалағаны үшін Кодексте көзделген ең ауыр жаза бес жылға бас
бостандығынан айырудан аспайтын әрекет, сондай-ақ жазалағаны үшін бес
жылдан астам мерзімге бас бостандығынан айыру түрінде абайсызда жасалған
әрекет ауырлығы орташа қылмыс деп танылады.
Жазалағаны үшін Кодексте көзделген ең ауыр жаза он екі жылдан бас
бостандығынан айырудан аспайтын қасақан жазалаған әрекет ауыр қылмыс деп
танылады.
Жазалағаны үшін Кодексте көзделген ең ауыр жаза он екі жылдан астам
мерзімге бас бостандығынан айыру түріндегі жаза немесе өлім жазасы -
қасақана жасалған әрекет аса ауыр қылмыс деп танылады.
Қылымыстың осылай етіп санаттарға бөлу қылмыстық құқық ғылымында
қалыптасқан қылмыс санаттарын Қылмыстық кодекстің санкциясында белгіленген,
қоғамға қауіпітілік дәрежесіне қарай өлу жөніндегі қазірігі заманғы талапқа
сай келеді.
Ауыр қылмыстағы мысалы, контрабанда, денеге қасақан ауыр жарақат салу,
ауырлататын жағдайда біле тұра кінәсіз адамды қылмыстық жауапқа тарту т.б.
қылмыстар жатады.
Ауырлығы орташа қылмытарға қасақана немесе абайсызда істелген қылмыстар:
мысалы, абайсызда кісі өлтіру кісіні өзін-өзі өлтіру халіне жеткізу, денеге
қасақана орта дәрежеде жарақаттүсіру т.б. қылмыстар жатады.
Ауыр емес қылмыстарға бас бостандығынан айырмайтын жаза қолданылуы
мүмкін. Оған қорлау, жала жабу, абайсызда денеге ауыр немесе орта
дәрежедегі жарақат түсіру сияқты қасқана немесе абайсызда істелген
қылмыстар жатады.

ІІ-тарау. Қылмыстық жауаптылықтан босату

1. Қылмыстық жауаптылықтан босату түсінігі мен түрлері

Қылмыстық жауаптылықтан босату – қылмыстық заңдарға жне қылмыстық іс
жүргізу заңдарына сәйкес қылмыс жасаған адамға мемлекет органының қылмыстық-
құқықтық шараларды қолданудан бас тартуы болып саналады. Қылмыстық
жауаптылықтан босату институтында сонымен қатар әділеттілік, ізгілік, жеке
кінәлі жауаптылық, азаматтырдың заң алдындағы теңдігі қағидаттары міндетті
түрде бірге жүзеге асырылып отырады. Кейбір жағдайларда кінәлі болып қалған
адамды қылмыстық жауаптылыққа тартпай-ақ немесе оған жаза тағайындап, бірақ
оны жазаны нақты өтуден мерзімінен бұрын босату, өтелген жазаның бөлігін
жеңілірек жазамен ауыстыру арқылы көзделген міндеттерді орындап тиісті
мақсатқа жетуге болады. Құқық қолдану органдары қызметкерлері осы
мәселелерді шешу барысында қылмыстың жасалуының қоғамға қауіптілігін
ескеруі, кінәлінің жеке басына оның қылмыс жасағанға дейінгі және қылмыс
жасағаннан кейінгі әрекеттеріне мән беруі керек (шын өкінуі, айыбын
мойындап келу, қылмысты ашуға жәрдемдесуі т.б.) .
Қылсмыстық жауаптылықтан босату – адамның әрекетінің қоғамға
қауіптілігі аз, онша қауіпті болмауы және адамға қылмыстық жазаны қолданбай-
ақ түзілуі мүмкін болған жағдайларда қолданылады. Осыған баланысты
қылмыстық құқық қылмыстық жауаптылықтан және жазадан босату немесе жазаны
жеңілірек жазамен айырбастау институтын орнықтырған.
Қылмыстық заң бойынша қылмыстық жауаптылықтан босатудың түрлері мыналар
болып табылады:
- шын өкінуіне байланысты қылмыстық жауаптылықтан босату (ҚК-тің 65-
бабы);
- қажетті қорғану шегінен асқан кезде қылмыстық жауаптылықтан босату (ҚК-
тің 66-бабы);
- жәбірленушімен татуласуына байланысты қылмыстық жауаптылықтан босату
(ҚК-тің 67-бабы);
- жағдайдың өзгеруіне байланысты қылмыстық жауаптылықтан босату (ҚК-тің
68-бабы);
- ескерту мерзімінің өтуіне байланысты қылмыстық жауаптылықтан босату (ҚК-
тің 69-бабы);
- рақымшылық жасау актісі негіңзінде қылмыстық жауаптылықтан босату (ҚК-
тің 76-бабы);
Арнайы белгілерге байланысты кейбір жеке қылмыстардың санаттары
бойынша , қылмыстық жауаптылықтан босатудың негіздері қарастырылған (ҚК-тің
125 165, 231, 233, 234, 236, 251, 252, 259, 297, 312, 326, 352, 358, 372,
373, 375, 376, 377, 378, 379, 381-баптарының ескертулері).
Жоғарыда көрсетілген қылмыстық жауаптылықтан босатудың түрлері міндетті
және факультативтік болып бөлінеді. Қылмыстық жауаптылықтан м і н д е т т і
босатылу болып ескіру мерзімінің өтуіне байланысты босатылу (бейбітшілік
пен адамзат қауіпсіздігіндегі қарсы қылмыстардан және қылмысы үшін өлім
жазасы тағайындалған жағдайлардан басқа) танылады.
Арнайы белгілерге байланысты қылмыстық жауаптылықтан босату ҚК-тің
Ерекше бөлімінің 125 165, 231, 233, 234, 236, 251, 252, 259, 297, 312,
326, 352, 358-баптарының ескертулерінде көрсетілген. Қылмыстық
жауаптылықтан босатудың басқа түрлері ф а к у л ь т а т и в т і к
белгілерді қамтиды., яғни заңмен қарастырылған жағдайларда ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Жасы толмағандарға қылмыстық жауаптылықтан босату
Қылмыстық жауаптылықтан және жазадан босату туралы
Қылмыстық жауаптылықтан босатудың түрлері
Қылмыстық жауаптылықтан босату
Қылмыс түсінігі және міндеттері
Қылмыстық құқықтың қысқаша сипаттамасы
«ҚР қылмыстық құқығы (жалпы бөлім)» пәні бойынша оқу – әдістемелік кешен
Соттылықтың қылмыстық - құқықтық мәні
Қазақстан Республикасының қылмыстық құқығы бойынша қылмыс ұғымы
Жәбірленушімен татуласуына байланысты қылмыстық жауаптылықтан босату нормасының мақсаты мен міндеттері және оның қылмыстық құқықтағы орны
Пәндер