Қылмыстың субъективтік жағының түсінігі мен белгілері



Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 28 бет
Таңдаулыға:   
Қазақстан Республикасының білім және ғылым министірлігі
Солтүстік Қазақстан Университетінің колледжі

Курстық жұмыс
Пәні: Қылмыстық құқық
Тақырып: Қылмыстың субъективтік жағының түсінігі мен
белгілері

Орындаған:
Бөлім: күндізгі, ПР-9084
Кокашев А.К.
Тексерген: оқытушы Байжуманова
А.С.

Петропавл қаласы, 2010 ж.
Мазмұны
Кіріспе 2
1. Кінәнің түсінігі 2
2. Қасақаналық және оның түрлері 2
3. Абайсыздық және оның түрлері 2
4. Қылмыстық ниет және мақсат 2
5. Кінәнің екі түрімен істелетін қылмыстар 2
Қорытынды 2
Қолданылған әдебиеттер тізімі 2

Кіріспе
Қылмыстың субъективтік жағы бұл негізінен адамның психикалык іс-
әрекетінің қылмыс істеуге тікелей байланысты жағынын көрінісі болып
табылады.
Қылмыстың сыртқы жағын бейнелейтін объективтік жаққа қарағанда
субъективтік жақ қылмыстың ішкі мәнін, мазмұнын білдіреді. Бұл жерден
шығатын қорытынды қылмыстың объективтік және субъективтік жағының белгілері
өзара тығыз байланысты, белгілі бір бірлікте болады. Сондықтан да қылмыстың
субъективтік жағына барынша тығыз талдау жасау қажет.
Қылмыстың субъективтік жағынын мазмұнын мынадай заңдылық белгілері:
кінә, қылмыстық ниет, мақсат кұрайды. Осы белгілердін жиынтығы қылмыс
істеген, яғни қоғам ға қауіпті іс-әрекет жасаған адамнын жан-дүниесінде
орын алған ішкі өзгерістерді, оның санасы мен еркінің өзара байланысын
бейнелеп береді.
Аталып өткен қылмыстың субъективтік жағынын осы белгілерінің заңдылық
маңызы біркелкі емес, керісінше әр түрлі. Кінә кез келген қылмыс кұрамының
субъективтік жағының міндетті белгісі болып табылады. Кінәсіз қылмыстың
құрамы болмайды. Мұның өзі кінәсіз жағдайда қылмыстық жауаптылық туралы сөз
болуы мүмкін емес дегенді білдірді. Қылмыстық ниет және мақсат, кінәға
қарағанда, кейбір құрамдар үшін заңда көрсетілген реттерде қажетті белгі
болады. Ал олай болмаған жағдайларда, ниет пен мақсат қылмыс күрамының
факультативті белгісі ғана болып саналады.
Істелмекші болған қылмыс жөніндегі абыржу, өкініш білдіру немесе
жазадан қорку психологиялық әрекеттің элементтері болып табылмайды,
сондықтан ол қылмыстың субъективтік белгісіне жатпайды.
Бұл курстық жұмыста Қылмыстық құқықтын жалпы мәселелердің бірі,
қылмыстың субъективтік жағы қарастырылады.

1. Кінәнің түсінігі
Қылмыстық құқықтың ең маңызды қағидаларынын бірі — қылмыстық жазаға
және қылмыстық жауапқа тек қана қылмыс істегенге кінәлі адам ғана
тартылатындығы болып табылады. Бұл кағидат Қылмыстық кодекстің арнаулы
бабында атап көрсетілген. Онда адам қылмысқа катысты кінәсі анықталған
қоғамдық кауіпті әрекет (іс-әрекет немесе әрекетсіздігі) және пайда болған
қоғамдық қауіпті зардаптар үшін ғана қылмыстық жазаға тартылуы тиіс.
Объективті айыптауға яғни кінәсіз зиян келтіргені үшін қылмыстық
жауаптылыққа жол берілмейді.
Қасақана немесе абайсызда әрекет жасаған адам ғана қылмысқа кінәлі деп
танылады делінген (19-бап). Қылмыстық құқықта белгілі бір қоғамға зиянды
зардап орын алады немесе қоғам ға зиянды іс-әрекет істеді екен деп
кінәсізден-кінәсіз жауапқа тартуға мүлдем жол берілмейді. Бұл — қылмыстық
құқықтың табиғатына жат кұбылыс.
Сонымен, кінә дегеніміз бұл адамның өзінің қасақаналықпен немесе
абайсызда істейтін қоғамға қауіпті іс-әрекетіне және оның қоғам ға зиянды
зардабына деген көзқарастарының жиынтығының көрсеткіші болып табылады.
Істелген әрбір қылмыс үшін кінәнің болуы — объективті ақиқат. Қылмыстың
субъектісінің кінәлілігі туралы тұжырымды сот іс бойынша жинақтаған
дәлелдемелер аркылы анықтайды. Кінә екі түрлі — қасаканалық және абайсыздық
нысанда болады
Кінә туралы сөз қылмыстық заңда көрсетілген қоғамға қауіпті іс-
әрекеттерді, яғни қылмысты істеген жағдайда ғана болады. Қылмыс кұрамы
болмаса кінә туралы сөз де болмайды. Кінә психологиялық, сондай-ақ
әлеуметтік ұғымдардың жиынтығы, адамның істеген әрекетінің немесе
әрекетсіздігінің қоғамға кауіпті зияндылығын және одан туатын зардапты
сезінуі немесе сезінуге мүмкіндік болуы кінәнің психологиялық мазмұнын
құрайды. Адамның өзінің істеген іс-әрекетінің және одан туыңдайтын
зардаптың, яғни оның қоғамға қауіпті мәнін сезінуі немесе сезінуге
мүмкіндігі болуы кінәнің әлеуметтік мазмұнын құрайды. Сезіну және еріктілік
— психикалық көзқарастарды құрайтын элементтер болып табылады. Сезіну
(интеллектуалды кезең) және ерік (еріктілік кезең) өзара жиналып кінәнің
мазмұнын құрайды. Сонымен, кінәнің өзі екі түрлі — сезіну және еріктілік
кезендері арқылы сипатталады.
Интеллектуалдық және еріктілік кезеңдерінін әр түрлі өзара қатынасы
кінәнің нысандарының, түрлерін анықтауға мүмкіндік туғызады. Қылмыстық
кодексте кінәнің нысандарының екі түрі — қасақаналық және абайсыздық түрі
көрсетілген.

2. Қасақаналық және оның түрлері
Қылмыстық заңда және сот-тергеу практикасында ең көп кездесетін
кінәнің нысаны қасақаналық болып табылады. Кінәнің қасақаналық нысанын
дәлме-дәл анықтаудың заңдылық маңызы ерекше. Қазақстан Республикасы Жоғарғы
Соты пленумының 1994 жылғы 23 желтоқсанда қабылдаған Азаматтардың өмірі
мен деңсаулығына қарсы әрекеттер үшін жауапкершілікті реттейтін заңдарды
соттардың қолдануы туралы қаулысында баска да мән-жайларды анықтаумен
бірге соттар жаза тағайындағанда қасақаналық түрін, істелген қылмыстың
ниеті мен мақсатын ескеруге міндетті, деп көрсетілген. Қасақаналықтың
мазмұны Қылмыстық кодекстің 20-бабының 1-бөлігінде көрсетілген. Мұнда
тікелей немесе жанама ниетпен жасалған әрекет қасақана жасалған қылмыс деп
танылады делінген. Қылмысты қасақана істеу тікелей немесе жанама
қасақаналықпен жүзеге асырылады. Қасақаналықтың ұғымы негізінен екі түрлі
элементтен — интеллектуалдық және еріктілік кезеңнен құралады. Өзінің
әрекетінің немесе әрекетсіздігінің қоғамға кауіпті мәнін сезіну және сана-
сезім арқылы ететін оның қоғамға зиянды зардабын болжау касақаналықтың
интеллектуалдық(сезім) кезеңін кұрайды. Зардаптың болуын тілеу немесе оның
тууына саналы түрде жол беру еріктілік кезеңі деп аталады. Істелетін іс-
әрекеттін қоғамға қауіптілігін сезіну қасақаналықтың қажетті элементі болып
табылады, мұндай элементтің болмауының өзі кінәліліктін болмағандығын
дәлелдейді.
Іс-әрекеттің қоғамға кауіпті мәнін сезіну деп сол әрекет немесе
әрекетсіздіктен тікелей туындайтын зардаптың мәнісін және мазмұнын түсінуді
айтамыз.
Адам өзі белгілі бір қоғамға кауіпті іс-әрекетті істеу кезінде өзінің
қылмыстық заң корғайтын қандай объектіге кол сүғатынын, одан келтірілетін
зиянды, сондай-ақ осы іс-әрекеттін жүзеге асырылу уақыты, орны, тәсілі,
жағдайы сияқты мән-жайларды ой елегінен өткізіп, елестетеді. Осы
компоненттердің барлығының да кінәлінің санасы арқылы елестетілуі, оның іс-
әрекетінін белгілі бір әлеуметтік игілікке қарсы бағытталғанын, нәтижесінде
одан қоғамдық қатынастар жүйелеріне зиян келетінін, яғни оның қоғамға
кауіптілігін сезінуге мүмкіндік береді. Әрбір адам өзінің саналы ойына,
өмірлік тәжірибесіне, біліміне, құқылық мәдениетіне сәйкес өзінің іс-
әрекетінің қоғамға қауіптілігін сезінуге қабілетті болып табылады.
Іс-әрекеттің қоғамға қауіптілігін сезінуді қылмыстық заң тыйым салған,
оған қайшы іс-әрекеттерді істеуді сезумен теңестіруге болмайды. Қасақана
қылмыс істегендердің басым көпшілігі өзінің іс-әрекетінін қылмыстық заңға
қайшы екенін сезеді. Бірақ та қылмыстық заң тыйым салған әрекет немесе
әрекетсіздікті білмей істейтін жәйттер де кездесіп қалуы мүмкін. Мысалы,
түзеу мекемелерінде, тергеу изоляторларында, тәрбиелеу және емдеу
профилакторийлерінде ұстайтын адамдар ішімдіктерін, дәрілік немесе есірткі
заттарды, сондай-ақ беруге тыйым салынған баска да бұйымдарды қарап
тексеруден жасырып беру немесе кез келген әдіспен беруге әрекеттенудің
қылмыстық заң тыйым салған, жазалайтын әрекет екенін әркім біле бермейді.
Соған қарамастан адамның мұндай әрекеті қасақана қылмыс істегендік болып
есептелінеді.
Өйткені, іс-әрекеттің қылмыстық заңға қайшылығын сезінуді заң шығарушы
қасақаналықтың белгісі ретінде арнайы көрсетпеген. Дегенмен де кейбір
реттерде заң шығарушы іс-әрекеттін қасақана қылмыс кұрамына жатқызылуы үшін
қылмыстық жауаптылықтың шарты ретінде кінәлінің өзінің іс-әрекетінін
қылмыстық заңға қайшы екендігін сезінуін тиісті қылмыстық құкылық нормада
тікелей атап көрсетеді. Мысалы, біреуді біле тұра заңсыз тұткынға немесе
камауға алу, анықтама, тергеу, прокуратура немесе сот органдарының біреуді
біле тұра заңсыз қылмыстық жауапқа тартуы, әкімшілік шараларды
қолданғаннан кейін тиісті рұксат етілмеген немесе тыйым салынған жерлерде
тыйым салынған мерзімде заңсыз аң аулау.
Қасақаналықтың интеллектуалдық элементін сипаттайтын бір кажетті
белгісі, қылмыс субъектісінің өзінің әрекетінен немесе әрекетсіздігінен
болатын зиянды зардабын болжауы болып табылады. Егер айыпкер мұндай
зардаптың болуын болжамаса және болжауға мүмкіндігі болмаса, ол қылмыстық
жазалауға тартылмайды. Қоғамға зиянды зардаптың тууын болжау деп кінәлінің
өзінін іс-әрекетінен туындайтын, қылмыстық заң корғайтын қоғамдық
қатынастарға келтірілетін зиянды оймен елестету болып табылады. Тікелей
қасақаналықта болжаудың мазмұнын іс-әрекеті аркылы келтірілген зардаптың
нақты түрлері, оның қоғамға зияндылығы, сондай-ақ осы іс-әрекетпен
келтірілген зардаптың арасындағы себепті байланыстың өрбуі сияқты белгілер
құрайды.
Тікелей қасаканалықта қоғамға қауіпті зардаптың тууынын, болмай
қалмайтындығы болжанады. Белгілі бір зардап келтіруге ниет еткен адам
өзінің ниетінің сөзсіз іске асатындығына кәміл сенеді және туындайтын
зардапты ой-сана арқылы елестетіп, оның сөз жоқ болмай калмайтындығына көз
жеткізеді. Кейбір реттерде ғана тікелей қасақаналықпен қылмыс істегенде
қоғамға қауіпті зардап сөзсіз болатын түрде емес, тек қана нақты мүмкін
болатын зардап ретінде болжануы мүмкін. Мысалы, жүріп келе жатқан поездан
жәбірленушіні лақтырған адам өзінің қылмысының нәтижесі — кұрбанының өлуі
немесе оның кез келген дәрежедегі дене жарақатын алатындығын сезеді. Мұндай
жағдайда істелген әрекеттің нәтижесінен кісі өлімін тілеу заңды құбылыс
болғанымен, кісі өлімінің орын алуы сөзсіз түрде емес, бірақ та әйтеуір
жүзеге асатындай болып елестейді немесе кінәлі адам өзінен біршама
қашықтықта тұрған адамды әдейілеп көздеп атқанда, ол жәбірленушінін өлуінің
накты мүмкін болатынын ғана болжайды.
Қоғамға зиянды зардаптың болуын тілеу немесе оның тууына саналы түрде
жол беру тікелей қасақаналықтын еріктілік элементін құрайды.
Тілеу — бұл белгілі бір мақсатқа, нәтижеге жету деген ерік білдірушілік
болып табылады. Тікелей қасақаналықта қоғамға зиянды зардаптың болуын
тілеу, әр түрлі нысанда көрінуі мүмкін:
а) Қоғамға зиянды зардап келтіру кінәлінің түпкі мақсаты немесе қоғамға
зиянды зардап түпкі мақсатқа жетудін қажетті құралы болса я болмаса, б)
қоғамға зиянды зардап кінәлі адам үшін түпкі мақсатқа жетудің белгілі бір
сатысы болуы мүмкін. Қылмыстық заңда қасақаналықтың анықтамасы
материалдық құрамдағы қылмыстарға арналып берілген. Формальдық кұрамдағы
қылмыс үшін қасақаналықтың мазмұнын осы тұрғыда қылмыстардың объективтік
жағының белгісі болып табылатын істелген қоғамға қауіпті әрекет немесе
әрекетсіздіктің қоғамға зияңдылығын сезу ғана жеткілікті болып табылады.
Қылмыстың зардабы формальдық құрамдағы қылмыстардың объективтік жағынын
міндетті белгісі болмайтындықтан, кінәлі адамнан мұндай жағдайда қоғамға
зиянды зардаптың болуын болжауды талап етуге болмайды.
Егер адам өз іс-әрекетінін (әрекетсіздігінің) қоғамға қауіпті екенін
ұғынып, оның қоғамдық қауіпті зардаптары болуының мүмкін екенін немесе
болмай коймайтынын алдын ала білсе және осы зардаптардың болуын тілесе,
қылмыс тікелей ниетпен жасалған қылмыс деп танылады.
Егер адам өз іс-әрекетінің (әрекетсіздігінін) қоғамға қауіпті екенін
ұғынып, оның қоғамдық кауіпті зардаптары болуы мүмкін екенін алдын ала
білсе осы зардаптардын болуын тілемесе де, бұған саналы түрде жол берсе не
бүған немқұрайды қараса қылмыс жанама ниетпен жасалған деп танылады (20-
бап).
Тікелей және жанама қасақаналықтағы іс-әрекеттін қоғамға қауіпті мәнін
білудің айырмашылығы жоқ, екеуінде де бірдей. Жанама қасақаналықтағы
қоғамға зиянды зардапты болжаудың тікелей қасақаналықпен болжауға қарағанда
айырмашылығы бар.
Егер тікелей қасақаналықта қоғамға зиянды зардаптың болуы мүмкін екенін
немесе болмай коймайтынын алдын ала білсе, жанама қасақаналықта қоғамға
зиянды зардапты болжау сөзсіз болатын түрінде емес, болуы мүмкін зардап
ретінде алдын ала болжанады. Сонымен, жанама қасақаналықтың интеллектуалдық
белгісі істелетін іс-әрекеттің қоғамға зияндылығын сезу және қоғамға зиянды
зардаптың болу мүмкіндігін болжау арқылы сипатталады.
Жанама қасақаналықтың еріктілік белгісі қоғамға зиянды зардаптың
болуына немқұрайды қарап саналы түрде жол беру аркылы көрінеді. Жанама
қасақаналық тікелей қасақаналықтан негізінен осы еріктілік белгі бойынша
ерекшеленеді. Тікелей қасақаналықта адам зиянды зардаптың болуын тілейді.
Жанама қасақаналықта, тікелей қасақаналыққа қарағанда кінәлі адам зардаптын
болуын тілемегенімен, бірақ оның болуына саналы немесе немкұрайды түрде жол
береді.
Қоғамға зиянды зардапка саналы, немқұрайды түрде жол беру деп кінәлінін
сол зардаптың болу мүмкіндігін болжауын және оны тойтаруды ойланбауын, яғни
жүзеге асуына немкұрайдылықпен парықсыз қарауды айтамыз. Мәліков облыстық
соттың үкімімен кісі өлтіруге (ҚК — 24, 96-бап, 2-бөлік, б тармағы)
оқталғандығы үшін төмендегі жағдайда сотталған. Жәбірленуші Шәріпов
сотталған Мәліковтен түнде ұрланған екі кап жемді қоймасына әкеліп қоюды
ұсынады. Осы үшін кек алуды көздеген Мәліков фермаға келіп, Шәріповтың
желке тұсынан пышақ салып, екінші реет пышақ кезеген, бірақ жәбірленушінің
қарсылық көрсетуі нәтижесінде соңғы соққы жеңілдеу тиген. Мәліковтын, өз
әрекетін одан ары жалғастыруына сол жерде тұрған біраз адамдар жол
бермеген. Мәліковтың әрекетін Жоғарғы Соттын Қылмыстық істер қарайтын
алкасы 24, 96-бап II бөлігі б тармағынан 103-баптың 3-бөлігіне (денеге
қасақана ауыр зиян келтіру) жатқызып, қайта саралаған. Сот үкімінде Мәліков
жәбірленушінің желкесіне пышақ салып, екінші мәрте ұруға ұмтыла отырып,
өзінің іс-әрекетінің қоғамға зиянды зардабын сезеді, жәбірленушінін
өлетінін болжайды және оған саналы түрде жол береді, яғни жанама
қасақаналықпен әрекет жасаған деп көрсетілген. Мұндай қорытындымен
келіспеген Жоғарғы Соттың Президиумы кассациялық ұйғаруды бұзып, облыстық
соттың үкімін күшінде қалдыра отырып өз қаулысында кінәлінін
қасақаналығының мазмұнын анықтауда сот істелген қылмыстың барлық мән-жайлар
жиынтығын, сондай-ақ қылмыстық тәсілін және қолданылған қаруын, дене
жарақатының адам өміріне маңызды органына келтірілуі сипатын, санын,
кінәлінің қылмыстық әрекетті тоқтату себептерін еске алуы қажет деп
көрсетті. Осы іс бойынша қылмыстың нақтылы істелу жағдайлары: пышақпен
адамның өміріне қауіпті жері — желкесіне пышақ салуы, ол әрекетті екінші
рет істеуге әрекет жасау, бірақ жәбірленушінің белсенді түрдегі қарсылығына
байланысты, сондай-ақ бөтен адамдардың кінәлінің қылмысты әрекетін тыюға
байланысты, дер кезінде дәрігерлік көмектің нәтижесінде ауыр зардапты
тойтарудың өзі Мәліковтың өз әрекетінен жәбірленушінің өлуін тілегенін және
ондай зардаптың сөз жоқ болатындығын болжағанын және соны тілегенін, яғни
тікелей қасақаналықпен әрекет істегенін көрсетеді.
Тағы бір мысал: қатардағы Әбенов мас болып өзі күзетіп түрған постының
жанынан қараңғы кезде өтіп бара жатқан Сәрсенов жаққа каратып, бұзакылық
ниетпен автоматтан оқ жаудырған. Сәрсеновтың қолы және аяғы жарақаттанған.
Республика Жоғарғы Сотының әскери коллегиясы Әбеновты жанама қасақаналықпен
кісі өлтіруге бұзақылық ниетпен оқталғандығы үшін кінәлі деп тапқан.
Себебі, ол Сәрсеновке қаратып оқ атқанымен, оны өлтіруді немесе оған ауыр
зардап тілемегенімен, бірақ оның болуына саналы түрде жол берген.
Жанама қасақаналықта қылмыс кұрамына тән қоғамға зиянды зардапты
болғызу кінәлінің іс-әрекетінің түпкі немесе аралық я болмаса басқа
мақсатка жету кұралы болып табылады. Бұлар кінәлінің іс-әрекетінен
туындаған богде нәтиже болып табылады. Жанама қасақаналықпен істелген
қылмыстар үшін қоғамға зиянды зардаптың қажеті жоқ мұндай жолмен істелген
іс-әрекетте зардап келтіру туралы ниетте болмайды. Бірак алға қойған
мақсатына жету үшін адам осындай зардаптың болу мүмкіндігінтеріске
шығармайды, оған саналы түрде жол береді. Сөйтіп, жанама қасақаналықпен
қылмыс істеу тікелей қасақаналықпен қылмыс істеу аркылы жүзеге асырылатын
баска қылмысты істеуде де кездесіп қалады. Жанама қасақаналықтын ерекшелігі
сол, ол формальды қылмыс құрамында болмайды. Өйткені формальды қылмыс
кұрамының объективтік жағы тек қана қоғамға зиянды іс-әрекеттен (әрекет
немесе әрекетсіздік) ғана құралады Сол себепті белгілі бір қоғамға зиянды
әрекеттің орындалуы мұндай қылмыс құрамының белгісі ретінде көрсетілмейді.
Формальды қылмыс құрамындағы қылмыстарды істегенде адамнын еркі іс-
әрекеттің өзіне ғана бағытталғандықтан тек қана тікелей қасақаналық
нысанында жүзеге асады.
Жанама қасақаналықпен қылмысқа даярлану, қылмыска оқталу, құрамында
арнаулы мақсатты көрсеткен қылмыстарды істеу, сондай-ақ қылмысты
ұйымдастыруды, азғыруды және көмектесуді жүзеге асыру мүмкін емес. Бұл
тұрғыдағы қылмыстар тек қана тікелей қасақаналықпен жүзеге асырылады.
Тікелей және жанама қасақаналықты бір-бірінен жіктеп бөлудің қылмысты
дұрыс саралауда маңызы ерекше. Көптеген қылмыстар тек қана тікелей
қасаканалықпен істеледі. Жанама қасақаналықты дұрыс анықтау оны
менмендікпен істелетін кінәнің абайсыздық нысанынан дұрыс ажыратуға да
мүмкіндік береді. Қасақаналықтын осы екі түрін бірінен-бірін ажырата білу
қылмыстық-құқылық нормаларды дұрыс қолдану үшін, кінәнің дәрежесін анықтау
үшін, іс-әрекеттің қоғамға зияндылығынын дәрежесін, қылмыскердің жеке
басының, қылмыстық жауаптылықпен жазаңы саралау үшін өте қажет.
Қылмыстық заң (20-бап) қасақаналықтың тек қана екі түрінің тікелей
және жанама қасақаналықтын ғана анықтамасын береді. Қылмыстық құқық
теориясы және сот тәжірибесі қасақаналықтын басқа түрлерін бөліп көрсетеді.
Пайда болу мерзіміне карай қасақаналық алдын ала ойластырылған немесе табан
астында пайда болған касақаналық болып бөлінеді. Алдын ала (күні бұрың)
ойлаудан туатын қасақаналықта кінәлі адам қылмыс істеуден бұрын, ол туралы
күні бұрын ойланып, сол ойын аздаған уакыт өткізіп алып іске асырушылық
жатады. Алдын ала ойлау мен сол ойды жүзеге асыру аралығында кінәлі адам
қылмысты істеудін жоспарын ойластырады, қол сұғылатын объектіні, қылмыстың
затын таңдайды, ойын жүзеге асырудың тәсілін анықтайды. Көп жағдайларда
адамнын алдын ала ойлау арқылы істеген қылмысынын дәл осындай қылмысты
табан асты пайда болған қасақаналықпен істеген адамға қарағанда зияндылық
дәрежесі зор болады.
Өйткені, қылмыс істеуді алдын ала, күні бұрын ойлаған адам оны жүзеге
асыруға дайындалумен бірге, істеген қылмысы үшін жауаптылықтан қалай
кұтылудың да амалын қарастырады. Табан асты пайда болған қасақаналықта
қылмыс істеу туралы ниет аяқ астынан, кенеттен пайда болып, сол ниет тез
арада іске асады. Табан астында пайда болған қасақаналық жай және
аффектілік болуы мүмкін.
Табан астында пайда болған жай қасақаналыққа кінәлінің қылмыс істеу
туралы ниеті оның, өзінің дені дұрыс күйінде пайда болып, сол ниеттің сол
арада тез не болмашы уақыттан сон іске асырылуы болып табылады. Аффектілік
қасақаналыққа жәбірленушінің тарапынан кінәліге немесе оның жақындарына
заңсыз күш жұмсау немесе тіл тигізіп, қатты қорлау салдарынан табанда
болған жан күйзелісі үстінде ашуға байланысты болған қасақаналық жатады.
Мысалы, жан күйзелу жағдайында жасаған ашумен болған адам өлтіру немесе
жан күйзелу жағдайында денсаулыққа зиян келтіру.
Кінәлінін өзінің істелетін іс-әрекетінен келетін қоғамға зиянды
зардаптарын дәл болжауына байланысты қасақаналық айқын (нақтыланған) және
екі ұшты (нақтыланбаған) болып бөлінеді. Айқын (нақтыланған) қасақаналықта
кінәлі нақтылы, дәл анықталған қоғамға зияңды зардаптың болуын болжайды.
Айкын қасақаналық жәй және баламалы (альтернативті) болып екіге бөлінеді.
Жәй айқын қасақаналықта кінәлі адам өзіңің іс-әрекетінен белгілі бір нақты,
қоғамға зиянды зардаптардың болуын болжайды. (Мысалы, кісі өлімі немесе
денеге жарақат келтіру). Адамға мұндай ретте нақты орын алган нәтижеге
байланысты кінә таңылады.
Балама нақтыланған қасақаналықта кінәлі адам екі немесе одан да көп
айкын анықталған қоғамға зиянды зардаптын болу мүмкіндігін болжайды
(Мысалы, кісі өлімі немесе ауыр дене жарақаты).
Екі ұшты (нақтыланбаған) қасақаналықта кінәлі адам қоғамға зиянды
зардаптардың нақты қайсысының орын алатынын және оның қандай болатының
дәлме-дәл елестете алмайды. Екі ұшты қасақаналықта кінәлі Адам нақты орын
алған зардап үшін ғана жауапты болып табылады.

3. Абайсыздық және оның түрлері
Орта есеппен әрбір оныншы қылмыс абайсыздықпен істелелі осыған орай
оның зияндылығы немесе баскадай теріс әсері жоқ деп санауға болмайды.
Кейбір жағдайларда абайсыздықпен істелген қылмыстардан келетін зардаптардың
жүгі ауыр, тауқыметі аз болмайды. Техниканың, тұрмыстық химияның, көліктін
әр түрінің дамуының, экология саласыңдағы жол берілетін ұкыпсыздық
салдарынан болатын абайсыздық қылмыстары туралы жауаптылық мәселесі қазіргі
уақытта ең көкейтесті мәселелердін бірі болып отыр.
Абайсыздықпен істелетін қылмыс негізінен жауапсыздықтан,
байкаусыздықтан, өзінің кәсіптік немесе басқадай міндеттеріне
немкеттілікпен, енжарлықпен қараудан, адамдардын өмірі мен денсаулығын
қорғауға жете көңіл бөлмегендіктен, сондай-ақ өзіне жүктелген кінәлі
адамдардың кәсіби шеберлігінін, тәжірибесінің, білімінің жетіспеуінен
немесе басқадай себептерге байланысты болады.
Абайсыздық туралы ұғым Қылмыстық заңда берілген (21- бап). Онда
менмендікпен немесе немқұрайдылықпен жасалған әрекет абайсызда жасалған
қылмыс деп танылады (21-бап, 1-бөлігі) делінген. Яғни, кінәнін абайсыздық
нысаны екі түрге — менмендік және немкұрайдылық болып бөлінеді. Егер адам
өз іс-әрекетінің (әрекетсіздігінің) қоғамға қауіп туғызуы мүмкін екенін
алдын ала білсе, бірак бұл зардаптарды жеткілікті негіздерсіз
жеңілтектікпен болғызбау мүмкіңдігіне сенсе, қылмыс менмендікпен жасалған
қылмыс деп танылады. Өзінің әрекетінің немесе әрекетсіздігінің қоғамға
қауіп туғызу мүмкіндігін білсе және зиянды зардаптар болуы мүмкін екендігін
болжау қылмысты жеңіл ойлылықтың интеллектуалдық элементін, ал жеңіл
ойлылықпен оңдай зардаптарды болғызбау мүмкіндігіне сену оның еріктілік
элементін кұрайды.
Менмендікпен қылмыс істеуде кінәлі адам өзінің әрекетінің немесе
әрекетсіздігінің қоғамға қауіп туғызу мүмкіндігін сезеді, сонымен бірге ол
өзі істеген әрекетсіздігінен немесе әрекетінен қоғамға зиянды зардаптың
тууын болжайды, бірақ жеткілікті негізсіз жеңілтектікпен ондай зардапты
болғызбау мүмкіндігіне сенеді.
Менмендікпен әрекет істеген адам әр уакытта да зардаптың болуы мүмкін
екенін сезеді және оны тойтаруға әрекет жасайды. Яғни, қылмысты менмендікте
кінәлі адам өзінің қоғамға қауіпті әрекет немесе әрекетсіздігінің зиянды
екенін түсінеді. Осы айтылған екі белгі қылмысты менмендікпен істеуді
қылмысты жанама қасақанатықпен істеуге жақындастырады. Яғни, өзінін,
интеллектуалдық элементі бойынша менмендіктін жанама қасақаналықпен аздаған
ұксастығы бар.
Егер жанама қасақаналықта кінәлі нақты зардаптын болуын білетұра саналы
жол берсе, менмендікте зиянды зардаптын болуы мүмкін екендігін ғана болжап,
ондай зардап бола қалған күнде ол тойтарылады деген жеңіл сенім орын алады.
Зардап болмайды деп сенушілік әр түрлі болады. Мысалы, кінәлінін өзінін
жеке басынын ептілігіне, тәжірибенің немесе басқалай табиғат күштеріне
немесе басқа жағдайларға сенуден қылмыс тойтарылады, қолайсыз оқиға
болмайды деген сеніммен істеушілігі. Ал іс жүзінде қылмысты тойтаруға
қабілеті жетпейді. Мәселен, Мәліков деген азамат Бақанас селосының
тұсындағы Іле өзенінен өзінін жеке меншік моторлы қайығына үш адамның
орнына бес адамды отырғызып өзеннің арғы жағына өткізіп тастамақшы болған.
Өзеннің орта тұсына келгенде қатты су толкының әсерінен қайық аударылып, Ж.
деген азамат суға кетіп қаза болған. Мәліков менмендікпен кісіні абайсызда
өлтіргені үшін кінәлі. Өйткені Мәліков өзінің үйреншікті әдісін қайталап
отыр. Осындай әрекеттерді істеудегі көп жылғы тәжірибесіне сүйеніп, үш
адамдық қайыққа бес адам отырғызған, соның салдарынан толкынның ағысына
ұрынған қайық ауыр салмақтан ауып, Жәбірленушінің суға кетіп қаза болуына
себепкер болған. Мәліков қайыққа артық адам сыйғызғанда өзінің ептілігіне
сүйеніп, оларды өткізуде қайықтың аударылуына жол бермеймін деген ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қылмыс кұрамының белгілеріне мынадай
Қылмысты саралаудың ұғымы, маңызы және қылмыстық құқықтағы орны
Қылмыс және қылмыстың құрамы
Қылмыс құрамының түсінігі және маңызы
Қылмыс құрамының түсінігі және оның маңызы
Қылмыстық құқық бұзушылықтың объективтік жағының түсінігі
Қазақстан Республикасы қылмыстық құқығы бойыншакінә түсінігі
Қазақстан Республикасы қылмыстық құқығы бойынша кінә түсінігі
Қылмыс құрамының міндеті белгісі ретінде обьективтік жағы
Қылмыс құрамының түсінігі және белгілері
Пәндер