Мемлекеттің пайда болу туралы негізгі теориялары



Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 32 бет
Таңдаулыға:   
МАЗМҰНЫ

Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .3
І-тарау. Мемлекеттің құқықтық табиғаты
1.1. Мемлекет генезисі: Негізгі концепциялар ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .5
1.2. Мемлекеттің пайда болу туралы негізгі теориялары ... ... ... ... ... ... ...8
ІІ-тарау. Мемлекеттің белгілері, функциясы, органдары және нысандары
2.1 Мемлекет анықтамасы. Мемлекет белгілері, функциясы және
органдары ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .. ... ..15
2.2 Мемлекетің басқару және құрылыс нысандары ... ... ... ... ... ... ... ... .21
2.3. Қазақстан Республикасы президенттік басқару нысанындағы біртұтас
мемлекет ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... . ... 29
Қорытынды ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .. ... 32
Қолданылған әдебиеттер тізімі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .33

Кіріспе

Адамдар біздің қоғамымыздың түпкілікті өркендеуін құқықтық
мемлекетпен, адам құқықтарымен, әділ соттылықпен, құқықпен байланыстырады.
Бірақ мемлекет қалай пайда болды? Осы қоғамдық құбылыс, қазіргі таңдағы
өркениеті қоғамдағы алмастырылмайтын осы реттегіш қалай пайда болды, оның
мәні неде? Бұл сұрақ көпшілікке қызық, оның ішінде өзінің болашақтағы
немесе қазіргі кәсібін заңгер деп таңдағандарға аса маңызды болып табылады.
Бастапқы айта кететін жайт мемлекеттің мәні, құрылымы және қалыптасуы
туралы сұрақ бір-бірімен едәуір ажыратылатын екі сұраққа бөлінеді:
мемлекеттің пайда болуы және оның дамуы туралы сұрақтар осы мәселені қамти
алады. Мемлекеттің пайда болуы туралы сұрақтарға қоғамда мемлекет деп
аталатын құбылыстың қалыптасуы туралы сұрағы болып табылады. Мемлекеттің
дамуы туралы сұрақ - мемлекеттің қайта өрлеуі мен оның бүгін көріп отырған
нысандарға ие болуы қандай факторлардың әсерінен болғандығы туралы сұрағы
болып табылады. Мемлекеттің мәні және құрылымын білу үшін міндетті түрде
оның нысандары мен типологиясы зерттелуі қажет. Әрине, соншама ауқымды
тақырыпты бірден түпкілікті саралау қиынға соғады. Алайда берілген курстық
жұмысымда аталған сұрақтардың барлығын да құрастырғым келеді.
Осы жұмыстың тақырыбы Мемлекет белгісінің пайда болуы болғандықтан,
оны мемлекеттің қалыптасуы деп жалпылау батылдығын мен өзіме осы кіріспеде
алайын.
Мемлекеттің қалыптасуы туралы сұрақ аса күрделі және осы орайда
заңгерлер ортақ пікірге келген жоқ. Осы сұрақ бойынша, әр түрлі жағдайларға
және факторларға негізделген концепциялар мен көзқарастардың алуан түрі
әрекет етеді және әрекет еткен. Әр түрлі жағдайларға мыналарды жатқызуға
болады: нақты тарихи кезең, нақты құқықтық ілімнің туған жеріндегі, яғни
мемлекеттегі тарихи құқықтық ахуал. Ал, субъективті белгілерге ілімнің
негізін қалаушы заңгер - теоретиктің жеке ойы мен қандай да бір әлеуметтік
топқа жатуын келтіруге болады. Берілген жұмыста түрлі кұқықтық мектептердің
мемлекеттің қалыптасу тарихы туралы ілімдерді баяндау қателік болар. Ғылыми
емес концепцияларды (мысалы, мемлекеттің құдайлық пайда болуы тәрізді)
бірден ысырып тастап, табиғи құқық мектебі (алғашқыда осы мектептің өкілі
болған кейін бөлшектеніп, бірақ кейін өз орнына концепция болған мектеп
оқуына түзетулер енгізіп, бөлектенген Рудольф Нерингтің ілімімен бірге),
экономикалық материализм ілімі тәрізді классикалық құқықтық мектептердің
көзқарастарын келтіргім келеді. Классикалық құқықтың мектептердің
концепцияларына сүйене отырып, олардан әлде бір нәрсені ұғып, ал кейбір
жерлерімен келіспей бір мемлекеттің мәні, нысандары және типтері туралы
сұрақтарды қарастырамыз.
Мемлекеттің пайда болу мәселесін талқылағанда бірқатар әдеттегі қайнар
көздер зерттелді. Олардың негіздері болып мемлекет теориясы туралы еңбектер
табылады. Олардан қандай да бір құқық мектептерінің көзқарастары, яғни
теоретикалық материалдар алынды. Сөйте тұра, қазіргі таңдағы заңгерлердің
де (мемлекет теориясының авторы С.С.Алексеев тәрізді.), төңкеріске
дейінгілердің де (ең алдымен Г.Р.Шерменевич, мемлекеттің жалпы теориясы)
кітаптары алынды. Мемлекет және құқықтың тарихы туралы еңбектер
(З.М.Черниловскийдің Мемлекет пен құқықтың жалпы тарихы немесе
О.А.Жидковтың редакторлығындағы Шетел мемлекеттерінің мемлекет және құқық
тарихы сияқты) мемлекет мәнін тарихи құқықтық тұрғыдан қарастыруға
мүмкіндік береді және фактілі оқиғалардың кезектілігі мен мәселені
түпкілікті ұсынуға көмектеседі; мемлекет тарихы бойынша кітаптарды
зерттемей, оның мәні мен пайда болуының заңды ескерткіштері (ежелгі
құқықтық нормалар - Ману Заңы, XII таблица заңдары тәрізді ежелгі құқықтық
нормалар мен Орыс Шындығы мен Слитік Шындық сияқты аталмыш варварлық
шындықтар кіретін орта ғасырдың заңды ескерткіштері) туралы жалпы көріністі
алу да қиынға соғады, ал онсыз берілген жұмысты толыққанды жазу мүмкін
емес.
Өкінішке орай, берілген әдебиеттердің аса шектеулі көлемі осы жаңа
және актуалды сұрақты терең саралауға, оның барлық мүмкін аспектілерін
қарастыруға мүмкіндік бермейді. Алайда менің ойымша бұл тақырыптың негізгі
аспектілерін қарастырып, оны мейлінше толық ашуға бөгет жасамайды.

І-тарау. Мемлекеттің құқықтық табиғаты

1.1. Мемлекет генезисі: Негізгі концепциялар

Мемлекет пен құқықтың танымын мемлекеттің пайда болуы туралы сұрақтан
бастау қажет – адамзат қоғамының тарихында бұл әлеуметтік институт әрдайым
болды ма, әлде ол қоғамның дамуының анықталған деңгейінде пайда болды ма?
Тарихи логикалық қағидасын жүзеге асыратын осы әдістемелік көзқарас қана,
мемлекеттің пайда болуының себептері мен нысандарын, оның сипаттық
мүмкіндік белгілерін, қоғам өмірінің алдыңғы ұйымдастырушы нысандарынан
айырмашылығын білуге мүмкіндік береді.
Осы себептен алғашқы қауымдық қоғамның жақтарының мінездемесінен
бастауға, тікелей осы қоғамды зерттейтін археология мен этнографияның
мағлұматтарын пайдалануға тура келеді.
Қазіргі таңда археология мен этнографияның жетістіктерінің арқасында
алғашқы қауымдық қоғам туралы, оның дамуының сатылары туралы білім едәуір
байыды. Егер 19 ғасырда және 20 ғасырдың басында қоғамдық даму туралы
тарихи білім шамамен 3 мың жыл кезеңін қамтыса, қазір 21 ғасырда көптеген
аймақтардың тарихы 10-12 мың жылға жетеді, адамзат өміріндегі осындай
тарихи шекара туралы едәуір шынайы білім бар.
Сонымен қатар, 19 ғасыр мен 20 ғасырдың басы үшін тарихқа деген
евроцентристік көзқарас яғни, Европа мен оған жақын кейбір аймақтардың
тарихи білімдері қолданылып, кейін осы білімдер барлық қалған әлемге
жасанды түрде таратылу тән болса, онда 20 және 21 ғасырларда ғылыми таным
орбитасына жер шарының барлық аймақтарының тарихы үйлестірілді. Осылайша,
мемлекет және құқық теориясы қоғамның барлық құрлықтарындағы мемлекеттік
құқықтың даму тарихының логикалық жалпылауы болып шынайы табылады.
Алғашқы қауымдық қоғамның бүл жаңаша түсінуінде ең алдымен осы
қоғамның дамуы мен алғашқы қауымдық тарихтың кезеңдігін сипаттайтын
білімдерді ажырату қажет. Басқаша айтқанда, бүл қоғамның өзі ешқашан баптық
болған жоқ, ол дамыды және түрлі деңгейлерден өтті. Бұндай кезеңдіктің
бірнеше түрі ажыратылады - жалпы тарихтың археологиялық, антропологиялық.
Мемлекет пен құқық теориясы үшін археологияның жаңа мағлұматтарын негізге
алатын және алғашқы қауымдық қоғамның дамуының ең негізгі шегі ретінде
неолиттік төңкерісті ажырататын кезеңділік айрықша әдістемелік құндылыққа
ие.
Неолитте иемденушіден өндіруші шаруашылыққа өту кезінде қалыптасқан
адамзат өмірінің барлық салаларындағы қағиданың сапалы төңкерісті сипаттай
отырып, бұл түсінікті тарихи ғылымға 20 ғасырдың ортасында ағылшын
археологы Г.Сайлд енгізді.
Алғашқы қауымдық қоғам өмірінің барлық материалдық негізін, оның
әлеуметтік және рухани құрылымын өзгерткен бұндай көшу, бірнеше
мыңжылдықтарға созылып кеткенімен, әділетті түрде төңкеріс деп аталады.
Бұл кезеңділік қай алғашқы қауымдық қоғам туралы, ол қандай уақыт
шегінде өмір сүргендігі туралы, қоғамның әлеуметтік және рухани құрылымы
қандай болғандығы туралы, адамзат қандай өмір сүрудің нысандарын
пайдаланғандығы туралы нақты белгілеуге мүмкіндік береді. Мемлекет пен
қоғам теориясы үшін иемденуші экономикасы бар қоғамда және өндіруші
экономикасы бар қоғамда қандай әлеуметтік - жүйелер мен билікті
ұйымдастырудың қандай нысандары қызмет еткендігін нақты анықтауға мүмкіндік
туды.
Неолиттік төңкерістің әлеуметтік экономикалық экологиялық мәні
мынада болады - өз қажеттіліктерін қанағаттандыру үшін адамзат дайын
жануарлық және өсімдік нысандарын иемденумен тағам өндіруге бағытталған
шынайы еңбектік қызметке; жаңа жануарлық өсімдік нысандарын тауып, олармен
табиғи қарапайым нысандарды алмастыруға көшті. Бұл көшу жер шарындағы ғана
емес, сонымен қатар ең алдымен керамикалық бұйымдарды дайындау,
металлургия, металл өңдеу тәрізді өзге де өндірістік қызметпен ұштасты.
4-3 мыңжылдықтарға қарай өндірістік экономика адамзаттың өмір сүруінің
2-ші негізгі әдісі болып табылады.
Өндірістік экономикаға көшудің негізіне азаматтық өмір сүруіне қауіп
төндірген дағдарыстық құбылыстар жатыр.
Барлық өзінің әлеуметтік және шаруашылық ұйымдастыруының қайта
құруымен жауап беріп адамзат глобалді экономикалық дағдарыстан шыға алды.
Бұл қайта құруға биліктік қатынастардың жаңа құрылуы да кіреді, яғни,
мемлекеттік бірлестіктер мен ертетаптық қана мемлекеттер.
Неолиттік төңкерістің нәтижесі болып жер шарының кейбір аймақтарында
ерте жер өңдеуші қоғамдардың пайда болуы табылады. Әлеуметтік экономикалық
дамудың келесі сатысында ерте жер өңдеуші қоғамдардың өркендеуі орын алды.
Олардың негізі алғашқы өркениеттер мен ертетаптық қоғамдардың қалыптасуы
болды.
Осылайша неолиттік төңкерістің - адамзаттың өндіруші экономикаға
көшуі – алғашқы қоғамдық қауымды объективті түрде өзінің ішкі дамуының
әсерінен финалды шекке, яғни, қоғамның әлеуметтік қабаттануына, таптардың
пайда болуына, мемлекеттің туындауына жетті.
Әдетте, ежелгі мемлекеттік құрылымдар заңды түрде ерте жер өңдеуші
қоғамның әлеуметтік негізінде пайда болғандықтан ертетаптық мемлекеттер
ретінде сипатталады.
Бастапқыда олар қала мемлекеттер ретінде пайда болды. Еркін одақтастар
– жер өңдеушілер тұратын ауыл, енді рулық емес, көршілік одақты ұсынады. Ол
алғашқыда ауылдар тобынан шаруашылық діни орталыққа бөлініп шығып,
әлеуметтік шаруашылық діни қала орталыққа айналады. Қала мемлекеттік
әлеуметтік дифференциацияны, мүліктік қабаттануды нақты біледі. Бұнда ең
бірінші бөлінісі территориялық болып бекітіледі, құмырашылар, мысшылар т.б.
қолөнершілер кварталдары пайда болды, беделділер бөліне бастады, басқарудың
бастапқы аппараты - өндірісті ұйымдастырудың, есеппен қоғамдық жұмыстарды
ұйымдастыруы, қоғамдық қорлардан алынатын төлемдер тағы басқаларымен
айналысатын тұлғалар қалыптасты.
Қала мемлекетте әкімшілік идеологиялық басшылықтың 3 басқару орталығы
ұйымдастырылады: қалалық одақ, сарай, храм.
Қала басқа шектесетін ауылдарға қатысты мемлекеттік басқару қызметін
атқара бастады. Бұл қызметтер алуан түрлі қауымдық, жер өңдеу жериеленуді
басқару, қоғамдық ритуалды дәстүрлерді орындау.
Осылайша, мемлекеттік адамзат өндіруші экономикаға көшетін неолиттік
төңкеріс нәтижесі, яғни қоғамдық өмір сүруінің материалдық жағдайларының
өзгеруі осы өмірдің жаңа ұйымдастырушысы еңбек нысандарының қалыптасуы
үрдісінде қоғам өмірінің жаңа ұйымдастырушысының нысаны пайда болды.

1.2. Мемлекеттің пайда болу туралы негізгі теориялары

Мемлекет адам қоғамы дамуының белгілі бір сатысында пайда болған.
Мемлекет мәңгілік табиғатқа ие емес, ол алғашқы қауымдық құрылыста болған
жоқ, тек осы қоғамның дамуының финалды негізінде адамзаттың өндірістік және
өмір сүруінің жаңа ұйымдық - еңбектік үлгісімен байланысты себептерде пайда
болған.
Мемлекеттік билік оның шығу тегі теориялық зерттеудің маңызды
объектісі. Ерекше айта кететін жайт, қазіргі кездегі мемлекет теориясында
билік арасындағы, олардың ұйымдастырылуы және экономикалық иемдену және
экономикалық өндіруші қоғамында, топқа дейінгі және топтық қоғамда жүзеге
асырушы үшін арасында ерекшеліктерді жүргізу керек.
Батыстағы отандық мемлекет пен құқық теориясына эквивалентті қоғамдық
ғылымдардың кейбір шеңберінде, бірақ мұндай ерекшеліктер әрқашан
ескерілмейді, алғашқы қоғамдық қоғаммен ерте таптық қоғам билігі арасындағы
шекара өшіріліп қалады. Былайша билік ерте таптық қоғамда мемлекеттік
болады, қанаушылық қатынасын бекітуі мүмкін, озушылықтың артықшылығын
бекітіп, қамтамасыз етіледі, оның көмегімен негізгі өндірісітк салаларға
белгілі бір топтың меншігі бөлінеді және осы тап билік етушіге айналысатыны
толық анықталмайды.
Осылайша, тапқа дейінгі эголитарлық қоғамға қарағанда (эголите -
теңдік) таптық қоғамда билік саяси болады. Бұл топқа дейінгі және таптық
қоғамдағы биліктердің қағидалы ерекшеліктеріне негізделеді.
Мысалы, бүкіл жерде тікелей өндірушілердің еңбегіне басқарушы бойынша
еңбекті ауыстыру болады және осы ауыстырудың басшылық ету бойынша еңбекке
сыйақының ұйымдастырушылық үлгісі туралы ғана әңгіме болуы мүмкін.
Осылайша мемлекеттік билік әр түрлі жолдармен тарихи дамиды: әскери-
иерархиялық құрылым арқылы, қоғамдық лауазымдардың династиялық
монополизация (аристократиялық жол) және экономикалық билік етуші таптың
артықшылығын, жағдайын бекіту жолы (плутократиялық жол). Енді, мемлекеттің
пайда болуымен тағы бір маңызды қоғамдық дамудың ерекшелігі бар. Бұнда
әңгіме қоғамдық дамудың бірдей еместігі туралы, яғни адамзаттың белгілі бір
тарихи кезеңдерді отрядтармен өтуі туралы. Бұл процеске объективті ғана
сәйкес, субъективті факторлардың да әсер етуі туралы, бұл ең бір
фундаментальді заңдылықтардың бірі. Осы заңдылық мемлекеттің пайда болуының
әр түрлілігіне әкеп соқтырады.
Бұл заңдылық топтық қоғам мен алғашқы қауымдық арасында жүрген
қадамдар арасындағы байланыстың пайда болуына көмектеседі. Оларға сауда,
әскери, мәдени, технологиялық байланыс жатады. Осында мемлекеттік байланыс
та жатады.
Бірақ олар тек қоғаммен бейімделген жағдайда, қоғам мемлекетпен
белгілі бір байланысқа түсуге дайын кезде және оларға белгілі бір
әлеуметтік күштер қызығушылық білдірген кезде ғана өз ролдерін ойнай алады.
Бұндай кезде қазіргі кездегі мемлекет теориясында бірінші, екінші,
үшінші мемлекеттердің концепциясы пайда болады. Бұның өз мәні бірінші
мемлекет қоғамдық өндірістік, әсіресе жер өңдеу шаруашылығының тез өсуіне
жағдай жасаған жерлерде дамиды.
Бұндай зонада топтық құрылымдардың және мемлекеттік құрылымдардың
орталығы құрылады. Келе-келе олар өздерінің қанаушылығын және оның
қамтамасыз ету үлгісі жүзеге асырды. Бұндай қорғалған қоғамда 2 мемлекет
пайда болады.
Өзінің еңбектерінің негізіне америкалық этнограф, археолог және
алғашқы қауым қоғамның тарихшысы Д.Г. Морганның Древнее общество деген
1877 жылы жарық көрген кітабындағы еңбектерін қойды. Энгельстің негізгі
еңбегі тек қана Морганның және т.б. алғашқы қауымдық қоғам этнографтарының
көзқарастарын жүйелеу ғана емес, сонымен қатар мемлекеттің пайда болуына
деген материалдық топтық бекіту болады. Ол алғашқы қауымдық қоғамның
өмірінің материалдық шарттағы ролін анықтады: еңбек етудің үлгісін,
шаруашылықты енгізу, еңбек бөлінісі меншіктік мемлекеттің пайда болуы мен
дамуына Морганның зерттеген солтүстік америка үнділерінің рулық байланысы
туралы ғылымын, білімін пайдаланып, гректік, римдік және германдық тарихтың
экологиялық процесін түсіндірді. Осылайша, қазір Энгельстің еңбектерінің
шыққанына 100 жыл болса да мемлекеттің пайда болуын зерттеймін дегендерге
онымен танысу өте пайдалы.
Сонымен қатар осы еңбектегі кемшіліктерді және қателіктерді де білу
керек. Олардың бір бөлігі Энгельс сүйенген Морганның қателіктерінен шықты.
Энгельс өте тұрпайы, жүйеленген алғашқы қауымдық қоғамды шешімді
қарауға яғни, бастысы: садақ пен оқ жабайылылық үшін, темір қылыш
варварлық үшін, оқты қару өркениет үшін деп айналдырды. Бірақ бұл жерде
қарудың сәйкес өндіруші күштерді догматикалық түрде асырып жіберген. Бұл
күштер адамзаттың тарихындағы ең ірі неолитикалық революцияға әкелген.
Мемлекет пен құқықтың шығуы туралы түрлі теориялар бар. Ол осы
құбылыстардың пайда болуын олар түрлінше түсіндіреді. Марксизм-ленинизм
мемлекет пен құқықтың пайда болуын таптық теория тұрғысынан түсіндіреді.
Рулық қауым құлдырап, жеке меншік пайда болып, қоғам екі топқа қанаушы және
қаналушы топтарға бөлінген соң, олардың арасында шешілмейтін қайшылықтар,
ымырасыздық орын алады. Сол екі топ нәтижесіз, тоқтаусыз күресте бірін-бірі
жойып жібермеуі үшін рулық биліктің орнына жаңа саяси құрылым – мемлекет
пайда болады. Мемлекет аталған қайшылықтарды шешу үшін емес, кедей (туғызу
үшін туғызған) топты байлардың еркіне көндіріп, оны қанауға, езуге жағдай
туғызу үшін құрылған. Сондықтан қандайда мемлекет болсын тек қанауды мақсат
тұтып бай үстем таптың игілігін көздеп, мүддесін қорғайды. Социалистік
мемлекет те таптық мемлекет. Бірақ ол сан жағынан қоғамның басым көпшілігін
құрайтын еңбекші топтың мүддесін қорғайды.
Марксистік теорияда мемлекеттің пайда болу таптық теория тұрғысынан
түсіндіріліп, рулық қауым ыдырау жеке меншік пайда болуын қоғам 2 топқа
қанаушы және қаналушы топтарға бөлінген соң олардың арасында шешілмейтін
қайшылықтар орын алады. Сол екі топ күресте бірін-бірі жойып жібермеу үшін
рулық биліктің орнына жаңа саяси құрылым мемлекет пайда болды.
Мемлекет кедей тапты байлардың еркіне көндіріп оны қанауға, езуге,
оларға жағдай туғызу үшін құрылған. Сондықтан қандай да мемлекет болсын
тек қанауды мақсат тұтып, бай үстем таптың мүддесін қорғайды дейді.
Бұл теория процесті материалистік тұрғыдан дұрыс түсіндіргенмен, кұқық
және мемлекет байланысындағы экономикалық құрылысқа, таптық құрылымдарға,
күштеу және зорлауға өте үлкен маңыз береді. Дәл осы теорияда құқық өзінің
аппаратынсыз (құқық нормаларын жүзеге асыруға күштеп көндіретін) өз мәнін
жоғалтады,- деп айтылған. Осының әсерінен құқықтың реттеуші жүйедегі
құны жойылып, репрессивтік зорлық функциясы жоғары қойылды.
Маркстік теорияның тұжырымдалуынша (түсіндіруінше) құқықтық
нормалардың таптық сипаты ескі рулық әдет-ғұрыпты ығыстырып шығарғанымен
негізгі мәнін сақтап қалды. Жеке меншіктің пайда болуымен, топтардың
құрылуы қоғамдық теңсіздікті алып келді. Ал, қоғамның топқа бөлінуі мен
меншіктің пайда болуына орай орындалуы мемлекеттің зорлау күшімен
қамтамасыз етілген жүріс-тұрыс тәртібі пайда болды. Мұның барлығы әрине
шындық қатарынан орын алады және белгілі бір халық пен мемлекеттер
тарихынан көп мысалдар келтіруге болады.
Бірақта бұл процестерді қомақты етіп көрсету, құқықтың пайда болуы
заңдылығының жалпы әлеуметтік түсінігін және шындықты бұрмалау болып
табылады.
Бірақта осы негізде кұқықтың пайда болуы маркстік теорияның
жетістіктерін жоққа шығаруға тағы да болмайды. Тарихи принципті құқықтың
әлеуметтік институт ретінде пайда болуының, таптық құрылымдарымен құқықтың
байланысы және тағы басқа да жағдайлар маркстік бағытта да үлкен теоретико-
құқықтық, ойлардың қозғалысы ретінде қарастырылады. Құқықтың пайда болуының
жекеленген мәселелерді басқа да теорияларда (психологияның, паретивтік,
нормативтік, әлеуметтік және т.б.) қарастарылады.
Күш көрсету теориясы идеялық қайнаркөздері құл иеленушілік кезеңнің
өрінде пайда болды. Оның өкілдері мемлекет күш көрсету және басып алушылық
нәтижесінде пайда болды деп ойлаған. Күш көрсету теориясының ғылымдык
негіздері ХІХ-ХХғғ. болды. Оның мәні жеке меншіктің таптардың
мемлекеттердің пайда болуы ішкі және сыртқы күш көрсетудің нәтижесі
ретінде, яғни тікелей саяси әсер ету жолымен байланысты. Мемлекет
қанаушылықтың органы болды тек әлі де жеңушімен жеңіп алушылар арасындағы
заңдық ерекшелік кетпеген елдер бар.
Сонымен қатар, мемлекет пен құқықтың шығуын зорлық-зомбылықпен
байланыстырады. Күшті тайпалар әлсіз тайпаларды жаулап алып бағындырып,
олардың қарсылығын басып тұру үшін мемлекет және оған тән басқару, күш
қолданатын органдарды құрады дейді. Күш көрсету тероиясының сипатты
ерекшеліктері Е.Дюринг, Л.Гумплович, К.Каутский еңбектерінде көрінеді.
Дюринг ойы бойынша қоғамдық дамудың негізі - саяси актілер нәтижесі.
Мемлекеттің пайда болуының бірінші факторын тікелей саяси күштерден іздеу
керек. Дюрингтің ойы бойынша қоғам кем дегенде 2 адамнан құрылу керек. 2
адамдық ерік бір немесе бірімен тең және олардың бірі де екіншісіне талап
қоя алмайды. Істің мұндай жағдайында, яғни қоғамның тең тұлғалардан
тұрғанда теңсіздік пен құлдық мүмкін емес. Мемлекеттің шығу тегін түсіндіру
үшін Дюринг үшінші адамды әкеледі, өйткені онсыз көпшілік дауыспен шешім
қабылдана алмайды, ал ондай шешімсіз, яғни көпшіліктің азшылыққа билік
етуінсіз мемлекет пайда болмайды. Оның ойы мен меншік, таптар мен мемлекет
қоғамның бір бөлігінің екіншісінің үстімен күш көрсету нәтижесінде пайда
болады.
Австралиялық социолог және мемлекет зерттеуші Гумплович сыртқы күш
көрсету теориясының өкілі. Бұл теорияға сәйкес мемлекетті басып алу
нәтижесінде құлдық пайда болды: күресте жеңіп алушы тайпа билеуші болды.
Құлдық жеке меншіктің және топтардың пайда болуына әкеп соқтырды.
Мемлекеттік билік Гумплович ойы бойынша, физикалық түрі келе-келе таптық
мемлекетте ойланады.
К.Каутский да мемлекет қайнар көздерін сырт күш көрсетуден,
соғыстардан көреді. Жеңіп алушы тайпа жеңілуші тайпаны өзіне бағындырып,
оның жерін алып, ол үшін ақы төлеттіреді. Нәтижесінде таптарға бөлісу пайда
болады, ол мәжбүр ету аппараты мемлекетке айналады.
Күш көрсету теориясында толығымен экономикалык концепция элементтері
бар. Қағидалы сәйкес келмеуіне қарамастан, бұл теория адамның әрекеттерінің
ортақ базасына әлеуметтік және экономикалық факторларымен байланысты.
Күш көрсету теориясын толығымен жоққа шығару тек формальды
көзқарастардан емес, сонымен қатар тарихи тәжірибелер негіздеріне де қайшы
келеді.
Сыртқы да, ішкі де күш көрсету теориясының элементтері кез келген
мемлекеттердің пайда болу процесінен көрінеді.
Психологиялық теорияның жақтаушылары қоғам мен мемлектті адамдардың
және олардың әр түрлі бірлестіктерінің психологиялық әсер ету, түрінде
көреді. Халықтар табиғатына бағыныштылықты талап ететін биологиялық жан
болып табылады.
Адамдар күштілігіне бағынып, әлсіздерге зорлық көрсету табиғаттың
берген сыйы деп санайды. Сондықтан қондырмалық құбылыстар пайда болуы керек
деп есептеген. Халықтар тең дәрежеде мемлекет басшыларына және мемлекет
заңдарына тәуелді.
Ал шын мәнінде мемлекеттің пайда болуымен қызмет атқаруының себептерін
тек психологиялық көзқараспен түсіндіру мүмкін емес. Психологиялық теория
қоғам өмірінін экономикалық, келісімдік, органикалық теориясында қалып
кеткен көптеген сұрақтарын түсіндіреді.
Бірақ барлық қоғамдық өмірді адамдардың психологиялық әсер етуіне әкеп
тіреу, қоғам мен мемлекет өмірін психологиялық жалпы заңдарымен түсіндіру.
Мемлекет жан-жақты төтенше құбылыс. Оның пайда болуының себебптері
әртүрлі объективті факторлармен түсіндіріледі: биологиялық, психологиялық,
экономикалық, әлеуметтік, діни, ұлттық және т.б. олардың ортақ ғылыми
түсіндіру бір жан-жақты теория шеңберіне кіргізу мүмкін болмас. Бірақ
мұндай талаптану әрекеттері болды және жеңісті де болған (Платон,
Аристотель, Монтескье, Руссо, Гегель, Маркс, Плеханов, Ленин, Бердяев).
Адамды көптеген қызығушылықтар жинақталған: экономикалық, әлеуметтік,
саяси, рухани, діни, және т.б. Бірақ олар нәтижесінде тек физиология және
психика арқылы жүзеге асады. Бұл бөлімді қорыта келгенде толығырақ болу
үшін мемлекеттің пайда болуының тағы мынадай теорияларын қысқаша
қарастырғым келеді.
Теологиялық (діни) теория мемлекеттің пайда болуын құдайдың
қүдіретімен байланыстырады, яғни мемлекет Алланың әмірімен қалыптасып,
дамып келеді деп түсіндіреді. Бұл теория адамдардың сенімі, иманы ретінде
қалыптасқан ұғым, көне заманнан дамып, нығайып келеді. Бұл теорияны ғылыми
түрде уағыздаған Фома Аквинский, Жак Маритен т.б.
Патриархалдық теория мемлекет шығуын отбасының дамуына байланыстырады,
яғни мемлекет адамдардың отбасы тәжірибесінен қалыптасқан азаматтардың
саналы түрде өздерінің мүдде-мақсаттарын іске асыру үшін біріккен одақ деп
түсіндіреді. Отбасының қожасы ер адам, ол отбасын өз еркімен билейді,
отбасы мүшелерінің арасындағы қатынастарды реттейді. Отбасы басшысы - әке,
мемлекеттің басшысы - монарх.
Адамдар осындай қағидаларды басшылыққа алып, мемлекет құруда отбасын
басқару үлгілерін қолданған дейді. Бұл теорияның өкілі және дамытқан
зерттеушісі Аристотель, оны жақтаушылар орта, жаңа ғасырда болды (Фильмер,
Михайловский т.б).
Органикалық теория – бұл пікірді Платон көне дәуірде уағыздаған (6.3.4-
3 ғ). Бірақ теория толық түрде 20 ғасырда қалыптасты. Өкілдері: Блюнчли,
Г.Спенсер, Вормс, Прейс т.б.
19 ғасырдағы ғылымның жетістіктеріне сүйене отырып, бұл теория - адам
қоғамында табиғаттың объективтік даму заңдарына сәйкес эволюциялы жолмен
мемлекетті құрады. Мемлекеттің Үкіметі-адамның басы-миы сияқты қоғамды
басқарады. Қанаушы тап қоғамның экономикасын дамытады. Ол қоғамды қорғайды
деп түсіндіреді. Табиғи құқықтық теория -17-18 ғасырлардағы қалыптасқан
теория. Өкілдері: Г.Гроцкий, Т.Гоббс, Д.Локк, Ж.Ж.Руссо, Б.Спиноза,
А.И.Радишев т.б. Теорияның мазмұны: адамдардың өздерінің табиғи құқықтары
болады (бостандық, теңдік, еңбек жасау т.б.). Оны ешкім жоя алмайды, оған
зиян келтіре алмайды. Қоғамда бостандықты, әділеттілікті, теңдікті сақтау
үшін адамдар өзара шарт жасап мемлекетті құрды. Бұл шарттың мазмұны көп
елдің Конституциясына кірді деп түсіндіреді.
Келісім-шарттық теория – мемлекет шығуын, пайда болуын адамдар
арасындағы келісім-шартпен байланыстырады. Сондай қауіпті, келіссіз өмірден
құтылу үшін адамдар өзара ымыраға келісіп, шартқа отырады. Соның
нәтижесінде мемлекет құрып, оған қоғам мүшелерінің барлығын қорғауды,
лайықты өмір сүруге жағдай туғызуды міндеттейді.
Материалистік теория - мемлекет пайда болуын экономикалық тұрғыдан
түсіндіреді, себептері: қоғамдық еңбектің бөлінуі, қосымша өнімнің, жеке
меншіктің пайда болуы, қоғамның қарама-қарсы екі тапқа бөлінуі, қайшылық
күресінің басталуы. Мемлекет пен құқықтың мазмұнының тарихи өзгеріп отыруы
қоғамдық мүдде-мақсатты қорғауы.
Мемлекет қоғамның көп салалы, көп жүйелі құбылыстарына сәйкес дамып,
өмірге келген бірлестік. Мемлекет шығуын түсіндіруге тырысатын бұл
аталғаннан басқа да теориялар бар. Осы теориялардың бәріне тән бір белгі
бар – ол мемлекеттің адам қоғамы дамуының белгілі бір сатысында пайда
болуы.
Шынында да тарихи деректерге жүгінсек, мемлекеттің қоғам дамуының
белгілі бір кезеңінде шыға бастағанын байқаймыз.
1. Мемлекет (таптық тәсіл бойынша) - бір таптың (азшылықтың) бір тапқа
(көпшілікке) үстемдік етуін қолдайтын саяси ұйым.
2. Мемлекет (жалпы әлеуметтік тәсіл бойынша) – саяси ұйым
(ассоциация). Бұл саяси бойынша мүшелері бұқаралық – биліктік қатынастар
арқылы біріктіріледі.
Мұнда мемлекет адамдардың өзара ымыраға келуінің құралы болып
табылады.
3. Мемлекет – құқық заңдарға тәуелді адамдардың бірлестігі (И.Кант
бойынша).
Мемлекеттілік ру-тайпалық құрылыстың орнына келеді. Алғашқы қауымдық
теңдік пен меншіктің қоғамдық формасы өз - өзінен ескіреді де қоғам
әлеуметтік қабаттарға бөліне бастайды. Ұжымдық өндірістік қатынастар
қалыптан шығады. Оның орнына еңбек бөлінісі келді, ру-тайпалық құрылым
қиындай түсті, содан келіп әлеуметтік құрылымдарды бөлу дами бастады.
Мемлекет – қоғамның ұйымдық құрылымды объективті қажет ететін ішкі
эволюциясының өнімі. Әртүрлі кезеңдерге және әртүрлі жағдайларда мемлекет
қоғамды басқару үшін қажет ұйым ретінде, билік ету механизмі ретінде жұмыс
жүргізеді. Бұл жерде сөз шаруашылық өмірді ұйымдастырудың жаңа нысандарына
көшу туралы болып отыр, ол қоғамның әлеуметтік бөлініске түсуіне, қоғамның
жаңа ұйымдық формасы ретінде мемлекеттің пайда болуына әкеліп соғады.
Марксизм мемлекетті қарама–қарсы екі жақтың бірлігі деп қарайды. Оны
таптық саяси үстемдікке көзделіп құрылған саяси ұйым деп есептеді."Мемлекет
өркениетті қоғамды байланыстыратын күш" деп жазды марксизм классиктері.
Мемлекеттің дамуы – мемлекет қоғамдық еңбек бөлісінің, жеке меншіктің
пайда болуы нәтижесінде алғашқы қауымдық құрылыс тапқа бөлінуінің туындысы.

Мемлекет жария өкіметтің пайда болуы мен іс-әрекетінің нәтижесі
ретінде қалыптасатын, қоғам өмірін ұйымдастырудың нысаны және оның негізгі
салаларына басшылық ететін, қажетті жағдайларда өкіметтің күш-қуатына
сүйенетін басқару жүйесі.
Қорыта айтқанда мемлекеттің адамзат қоғамындағы саяси-әлеуметтік орны
мен ролі туралы көзқарастар негізінен бір жүйеге салды. Сонымен мемлекет
бұл қоғамды басқаруды іске асыру және оның ұйымдарының формасын құрушы
билік органы.

ІІ-тарау. Мемлекеттің белгілері, функциясы, органдары және нысандары

2.1 Мемлекет анықтамасы. Мемлекет белгілері, функциясы және органдары

Мемлекет дегеніміз – жария өкіметтің пайда болуымен іс-әрекетінің
нәтижесі ретінде қалыптасатын қоғам өмірін ұйымдастырудың формасы және оның
негізгі салаларына басшылық ететін, қажетті жағдайда өкіметтің күш-қуатына
сүйенетін басқару жүйесі.
1872 ж . неміс заңгері Р.Моль былай деп жазды: "Мемлекет – бұл
тұрақты, біріктірілген ағза, мұндайларды қондыру, болашақта жалпы еркімен,
басшылық ететін, жалпы күшпен іс - әрекетті қолдайтын және келтіріп
тұратын, халықтың берілген аумағында бар есептерді жәрдемдесіп рұқсат
ететін мақсаттарға жетуді белгілейді, әсіресе, жеке бөліктен басталып және
қоғамдықпен аяқталады, осы мақсаттар жеке өзіндік күшпен
қанағаттандырмағанша және олар жалпы нәрсенің қажеттілігін құрайды.
Мемлекеттің мәнін орыс заңгерлері де түсіндірген. Мысалы, Коркунов
мемлекеттің мәнін былай түсіндіреді: "Мемлекет – бұл қоғамдық бірлестік, өз
бетінше уәкілдік ететін, еркін адамдардың алдында билік етуді мәжбүрлеуді
мойындайды".
Трубецкой былай санайды, "халықтың бірлестігі – бұл мемлекет, өз
бетінше билік ететін және ерекше белгіленген аумағында". Мемлекет
территориялық принцип бойынша құрылатындықтан бұл термин кейде ел ұғымының
баламасы ретінде қолданылады.
Сондықтан мемлекет белгілі бір территория шеңберіне халықты ырықсыз
көндіру монополиясына ие, бүкіл қоғам атынан ішкі және сыртқы саясатты
жүргізіп отыру құқығына ие. Барлық жұртқа міндетті заңдармен ережелер
шығарудың құқығына ие, салық салып отыруына ие.
Мемлекеттің негізгі белгілері:
Мемлекет – саяси ұйым. Қоғамда көптеген саяси ұйымдар болуы мүмкін.
Меншігінің орнына жеке адамдардың меншігі пайда болып, меншіктің
айрықша түрі – жеке меншік қалыптасады. Жеке меншіктің пайда болуына
байланысты қоғам таптарға бөліне бастайды. Бір жағынан, құрал-жабдықтар,
өндірілген бұйымдар, мүлік-дәулет адамдардың бір тобының қолында
шоғырланады да, байлар пайда болады. Сөйтіп, рулық қауым өзіне тән
белгілерінен айырылып құлдырайды. Оның орнына жеке меншікке негізделген,
айырықша екі үлкен әлеуметтік топтан тұратын қоғам қалыптасады. Мұндай
жағдайда рулық қоғамдағы барлық ру мүшелерінің игілігін көздеп, еркін
білдіретін қауымдық билеу құрылымы өз міндетін, қызметін атқара алмайды.
Меншік иелерінің – байлардың айрықша мүдделері болғандықтан, басқару
мүшелерімен, кедей–жарлылармен қатар отырып, мәселелерді тең негізде шешуге
бармайды. Содан байлар мен кедейлердің арасында қайшылықтар пайда бола
бастайды. Қоғамдағы осындай түбегейлі экономикалық-әлеуметтік өзгерістердің
нәтижесінде қоғамды билеу, басқару жүйесі де өзгере бастайды. Рулық
биліктің орнын саяси билік, саяси құрылым баса бастайды. Сөйтіп, қоғамның
белгілі бір сатысында мемлекет пайда болады.
"Мемлекет"- латынның "қалыптты жағдай" - деген сөзінен шыққан. Алғашқы
кезде ол өкімет билігін иеленуші деген ұғымда айтылып, бірте-бірте ол
өкімет функциясы ретінде қаралды да мемлекеттік билік ұғымына көшті. Бірақ
мемлекетті ұғым ретінде қарамай, мемлекеттің құрылымдардың уақыт пен
кеңістікке қарай өзгеріп отыратынын, соған қарай ұғымның да тұрақты
болмайтынын ескеру керек. Мемлекет дүниеге келісімен ол әр түрлі қоғамдық
пікірлердің қалыптасуына негіз болды.
Мемлекет пен билік туралы қағидалар бірте-бірте мифологиялық ұғымнан
тазарып, біздің заманымыздан бұрынғы 5-6 ғасырларда ғылыми негізге ие бола
бастады. Бұл бағытта Қытай философы Конфуцийдің (б.э.д. 551-479ж.ж.) ілімі,
ғалымдар Лаоцзы (б.э. д, 479-400) мен Шань-Янның (б.э.д. 390-338 ж.ж.)
идеялары маңызды роль атқарды. Мәселен Лаоцзы мемлекет пен билік жүргізу
шарттық негізде шыкқан деген идея ұсынды.
Мемлекет туралы саяси ілімнің шығуы ежелгі Грецияның саяси өмірімен
тығыз байланысты. Ондағы саяси ойдың ертеректегі дамуы көне
мемлекеттіліктің қалыптасуына байланысты болды. Гераклиттің (б.э.д. 544-
483) мемлекетпен құқық проблемаларына философиялық тұрғыдан қарау пікірі де
осы тұста қалыптасты. Гераклит "Өзіңнің отбасының берекесі үшін қалай
күрессең, мемлекет белгіленген тәртіпті іске асыру үшін солай күресуің
керек" – деген пікір айтып, билікке үлкен құрметпен қарады.
15 ғасырдағы қазақ мемлекетінің құрылуы да саяси-құқықтық идеологияның
пайда болып, қалыптасуымен қатар жүріп отырды. Әсіресе Тәуке ханның (1680-
1718) тұсында құқықтар жинағы Жеті жарғының жария болып, саяси-әлеуметтік
өмірге енуі қазақ мемлекетінің саяси құрылысын нығайтуға елеулі үлес болды.
Бірақ мемлекет - ерекше, бүкіл қоғамды қамтып, негізінен, соның
атынан, қоғам үшін қызмет істейтін саяси ұйым.
Мемлекет қоғамның атынан қоғамның ішінде де, басқа мемлекеттермен
қатынастарда да қызмет атқарады. Сондықтан мемлекеттің қоғам өміріне
тікелей және жанамалай әсер ететін ерекше органдары және басқа саяси
ұйымдардан ажырататын белгілері бар. Оларға жататындар мыналар:
1. Мемлекеттік егемендік. Мемлекеттің негізгі белгілерінің бірі – ол
басқа мемлекеттерден тәуелсіз болады, оларға бағынышты емес.
Мемлекет өзінің ішкі және сыртқы саясатын өзі қалыптастырып, өз
еркімен жүзеге асырады. Былайша айтқанда, басқа мемлекеттерге жалтақтамай,
өзінің ішкі және сыртқы істерін өзі атқарады.
2. Билеуші органдар. Мемлекеттік билікті іске асырушы органдар мен
мекемелердің ерекше жүйесінің болуы. (сот, армия, полиция).
Мемлекеттің басты белгісінің бірі өкімет билігі бірлігінің болуы.
Сонда ғана ол дау туғанда қоғамдық топтардың қарсылығына қарамай ішкі
тыныштықты қамтамасыз ететін әрекет бағдарламасын іске асыра алады.
Сондықтан да мемлекетке неміс ғалымы М.Вебердің айтуы бойынша, заңдылықпен
күш көрсету монополиясы берілген. Демек, тек мемлекет қана полиция
(милиция), армия, атқарушы, әкімгершілік және сот органдары арқылы күш
көрсету, мәжбүр етуге құқықты санкцияға сүйенетін жария билік жүргізу
мемлекеттің басты белгісі. Дегенмен мәжбүр мемлекеттік билікті қолданудың
бірден-бір жолы емес.
Мемлекет органдарын, оларда істейтін қызметкерлерді қаржыландыратын
оның арнаулы материалдық қоры болады. Ол қорды жасау үшін мемлекет алым-
салық белгілейді және оны жинайды.
3. Мемлекетте қалыптасқан белгілі бір нормалар жүйесін нығайтатын
құқықтың болуы. Мемлекеттің барлық тұрғындары үшін міндетті болып табылатын
заңдар шығару құқығының болуы. Салықтар және тағы басқа алымдар төлету
құқығы. Азаматтық немесе елдің бодандығы. Егемендік-мемлекеттік биліктің ел
ішінде де, одан тыс жерлерде де үстемдігі мен тәуелсіздігі. Құқықтық
нормалардың жиынтығы мемлекеттің құқықтық жүйесін құрайды.
4. Мемлекеттің өзінің тұрағы, аумағы болады. Сол аумақта мемлекет
құрылады, өз қызметін атқарады, билік жүргізеді. Өз аумағының тұтастығын
мемлекет барлық күш-қуатымен сақтап, қорғауға тынымсыз әрекет жасайды.
Мемлекеттер арасындағы қайшылықтар, келіспеушіліктер, соғыстар көбінесе осы
жер, аумақ мәселесіне байланысты. Мемлекеттің аумағы басқаруды тиімді
жүзеге асыру үшін әкімшіліктерге бөлінеді. Халық әкімшілік-аумақтық
бөліктерге бөлініп тұрғандықтан олардың құқықтық жағдайы соған байланысты
болады. Мемлекеттің өмір сүруі өндірістік қатынастардың сипатына және
бірыңғай өндіріс тәсіліне байланысты. Диалектикалық байланысын өзара
тәуелсіздігін айқындамайынша, мемлекеттің шыққан тегін, оның бір тарихи
типке өту зандылығын түсіну мүмкін емес. Даму барысында мемлекет бірте-
бірте базистен біршама дербестік алады.
Мемлекет түсінігіне - орын басты, анықтаушы, тұрақты және
заңдастырылған мәнінің мінездемесі кіреді.
Саяси билік мемлекеттің маңызды белгісі мен оның мәнінің басты мазмұны
екендігін марксизм ғылыми түрде дәлелдеген, Мемлекет мәні бойынша қоғамның
саяси бірлігінің ұйымдастырылуы болып табылады.
Бірақ мұнымен қатар 70 жылдан астам уақыт бойы кеңестік қоғаммен
жалғыз дұрыс деп танылып келген мемлекеттің марксистік түсінігі, тарихи
тәжірибе мен ғылыми білімнің жаңа деңгейіне байланысты критикалық қайта
қарауға және нақтылануға жатады.
Нақтылап айтқанда, антогонистік таптарға бөлінетін қоғамдағы
мемлекетке есептелген және марксизм классиктерінің негізгі түсініктерінен
туындайтын кеңестік заң, пәлсапалык саяси әдебиеттеріндегі мемлекеттің
класстық түсінігін қате деп тану қажет. Дәл осылай кластық қоғамға қатысты
олар мемлекетті-экономикалық жоғары кластың саяси билігінің ұйымдастырылуы
және оның диктатурасының құралы ретінде қарастырды.
К.Маркс мен Ф.Энгельс былай деп жазған; "Саяси биліктің өзі бір
класстың екіншісін басу үшін жасалған, ұйымдасқан зорлығы деген сөз”.
Бұлардың соңынан В.И.Ленин де мемлекетті бір класстың екіншісінен
басымдылығын қамтамасыз ететін мәшине ретінде көрген. Ол былай деген:
"Мемлекет өзінің антиподымен (өзіне қарама-қарсы класпен) татуласуы мүмкін
емес нақты кластың басты органы болып табылады.
Бірақ, 19 ғасырдың 40 жылдарының 2-ші жартысынан бастап, Қазан
төңкерісі мен Ресейдегі социализм құрылысының басына дейінгі орнаған
аталған антогонистік класстық қоғамдағы мемлекеттің марксистік түсінігі
мемлекеттің пайда болуын, мәнін қызмет етуін, дамуын түсіндіруінде басым
рольді атқарғанымен, өзгермелі тарихи жағдайда ол түсінікке жалпылама
мағына беріп, догмаға айналдыруға және барлық кезең мен елдерге таратуға
болмайтын еді.
Бұндай көзқарас жеке елдердің ішіндегі мен халықаралық ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
ҚР-ғы экономикалық өсу және өндірістің тиімділігін арттырудың негіздері
МЕМЛЕКЕТ ЖӘНЕ ҚҰҚЫҚ ТЕОРИЯСЫНЫҢ ТҮСІНІГІ
Қазақстан Республикасының экономикасының бәсекеге қабілеттілігін арттыру жолдары
Нарықтың әлеуметтік- экономикалық заңы
Экономикалық өсу факторлары
Экономикалық өсу қоғамның әл-ауқаты мен өндірістің тиімділігін арттыру ретінде
Рыноктық қатынастар
Мемлекет және құқық теориясы
Ақша теориялары және инфляция
Демократия теориясы: тарихы және бүгіні
Пәндер