Отбасы құқығы мен мораль нормаларының мүліктік емес қатынастарды реттеудегі алатын орны


Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 34 бет
Таңдаулыға:   

Жоспар:

КІРІСПЕ2

1-бөлім. Ерлі-зайыптылардың құқықтары мен міндеттерінiң түсiнiгi. 4

1. 1 Мүліктік және мүліктік емес қатынастардың түсiнiгi мен ара - қатынастары4

1. 2 Отбасы құқығы мен мораль нормаларының мүліктік емес қатынастарды реттеудегі алатын орны11

2-бөлім. Ерлі-зайыптылардың (өзiндiк) жеке құқықтары15

2. 1. Мазмұны түрлері және құқықтық ерекшелігі мен мәні. 15

ҚОРЫТЫНДЫ32

Пайдаланған әдебиеттер34

КІРІСПЕ

Отбасының адам өмірінде алатын ролі мен маңызына баға жеткізу өте қиын. Отбасы - күрделі қоғамдық құбылыс. Ерлі-зайыптылардың, ата - аналардың, балалардың және басқа да мүшелері арасындағы өзара қарым - қатынастардың жиынтығын білдіреді. Ф. Энгельс, отбасының қоғамдық маңыздылығын сипаттай келе, « . . . қазіргі заманғы қоғам - ол жаппай жеке отбасылардан тұратын бүтін бір дене, ал отбасы соның молекулалары сияқты», 1, деп жазды. Қоғамның өмірге төзімділігі оның бастапқы организмдері - отбасының жағдайына белгілі бір бағаныштылықта болады.

Азаматтардың жеке және қоғамдық мүдделері үйлесімді бірігетін отбасы туралы қамқорлық мемлекетіміздің маңызды міндеттерінің бірі болып саналады. Сол себептен де Қазақстан Республикасының Конституциясының 27 - бабында «неке мен отбасы, ана мен әке және бала мемлекеттің қорғауында болады» деп атап көрсетілген.

Неке және отбасы туралы заңы ерлі - зайыптылардың, балалардың және басқа да отбасы мүшелерінің өзара құқықтары мен міндеттерін белгілей отырып, өзара сүйіспеншілік және бірін бірі құрметтеу қатынасына негізделген, тең құқықты отбасын құруға жағдай жасауға бағытталған. Заңның басты міндеттері мораль (өнеге, адамгершілік) қағидасына негізделген отбасын нығайту және ана мен бала мүддесін мейлінше жоғары дәрежеде қорғау болып табылады.

Отбасы, сонымен қатар, моральдың (өнеге) әсер ететін маңызды ортаның бірі болып есептеледі. Отбасының қоғамына кірген және осы ерекше коллективтің мүшелері болып табылатын тұлғалардың арасында көп жағдайда өнеге нормаларымен реттелетін әр түрлі қатынастар пайда болады. Бұған ерлі-зайыптылардың өзіндік құқықтары мен міндеттерін жүзеге асыруға байланысты туындайтын жеке мүліктік емес қатынастарды жатқызамыз. Мүліктік емес қатынастардың ерекшелігі көбінесе қоғамда болып жатқан өзгерістерге байланысты.

Әйелдердің қоғамға пайдалы еңбек аясына белсенді араласуын, олардың теңділігінің нақты қамтамасыз етілуі отбасы ішіндегі байланыстарды, ерлі-зайыптылар арасындағы, ата - аналар мен балалар арасындағы қатынастарды одан әрі күрделендіре түсті. Осыдан келіп неке және отбасы заңнамаларының мүліктік емес отбасылық қатынастардың реттеуші ретінде ролі күшейді.

Ерлі - зайыптылардың өзіндік құқықтары мен міндеттері жөніндегі мәселеге арналған бұл жұмыста әйелді ана ретінде анықтайтын жағдайларға (ана мен бала мүдделерін қорғау, көп балалы және жалғыз басты аналарға көмек, әйелдің жүктілігіне байланысты демалыстар беру, әйелдердің еңбегін қорғау) ерекше тоқталмаймыз, дегенмен бұл жағдайлар отбасындағы әйелдің жағдайын анықтауға да үлкен роль атқарады. Олар әйелдің тәуелсіздігін және дербестігін қамтамасыз етеді, қоғам өміріне белсенді түрде қатысу мүмкіндігіне кепілдік береді. және оның үстіне әйелдің отбасындағы міндеттерін орындауна, бала тәрбиесіне қатысуына зиян келтірмейді.

Конституция және барлық заңдар әйелге тек теңдік қана қамтамасыз етілмегенін, сонымен қатар, ана ретінде ерекше қорғау берілгендігінің айқын дәлелі бола алады.

Жекеге жұбайдың жеке мүддесін қозғайтын, құқықтар мен міндеттер жатады. Олардың негізін отбасы қатынастарының қатысушылары ретінде жұбайы мен зайыбының жеке өміріне қатысты, мемлекет мақұлдаған іс-әрекеттер құрайды. Олар Қазақстан Республикасының Конституциясының 18 - бабында көзделген (әкімнің жеке өміріне, өзінің және отбасының құпиясына қол сұғылмауына, абыройы мен ар намысының қорғалуына) құқықтарымен тығыз байланысты. Алайда, бұл байланыстың едәуір күрделі сипаты бар, өйткені отбасының беріктілігі көп жағдайда ерлі - зайыптылардың бір - біріне деген ізгі сезімдерінің болуына, өзара сенімге байланысты болып келеді.

Ерлі - зайыптылардың:

  • Оларды иеленушілерден ажыратылмайды;
  • Олардың иемнушілердің еркі бойынша ажыратылмайды;
  • Қандай да бір мәліметтердің пәні бола алмайды;
  • Ақшалай эквивалентті болмайды.

Ерлі-зайыптылардың өзіндік - құқықтары мен міндеттерін жүзеге асыруы теңдік қағидасына негізделеді. Бұл қағида ерлі-зайыптылардың отбасының ішкі мәселелерін өзара келісім бойынша шешу қағидасымен тығыз байланысты. Неке және отбасы заңында көзделген жеке құқықтар мен міндеттер ерлі-зайыптылардың осы құқықтарын паритетті бастамаларда жүзеге асыруына бағыт береді.

Жеке құқықтық қатынастардың мүліктіктен айырмашылығы экономикалық мазмұнының болмауы және материалдық сипатқа ие еместігінде. Жеке құқықтардың көлемі, мазмұны, сипаты отбасылық құқық қатынастардың қатысушылары ретінде ерлі-зайыптылардың құқықтық жағдайын айқындайды. Ерлі-зайыптылардың арасындағы жеке қатынастар адамгершілік нормалармен, әдет-ғұрыптармен, сонымен бірге, ерлі-зайыптылардың әрқайсысында қалыптасқан отбасы өмірінің тәртібі туралы түсініктермен реттеледі.

1-бөлім. Ерлі-зайыптылардың құқықтары мен міндеттерінiң түсiнiгi.

1. 1 Мүліктік және мүліктік емес қатынастардың түсiнiгi мен ара - қатынастары

Ерлі-зайыптылардың жеке құқықтары мен міндеттері мәселесін өз алдына дербес қарастырмас бұрын, оның ерлі -зайыптылардың мүліктік қатынастарымен ара - қатынасын анықтап, ара - жігін ашып алған жөн. Ғылыми және өзге де әдебиеттерде бұл салалардың ара - жігін ашу мәселесі әлі күнге дейін қызу талқыланып және әр қилы көзқарастарға ие болып келуде. Алайда ғалымдардың барлығы дерлік, отбасы құқығымен реттелетін қатынастардың басты ерекше белгісі ретінде, оның жеке мүліктік емес қатынастарға негізделетіндігін болып қарастырады және мүліктік қатынастардың жеке қатынастарға тәуелді және одан туындайтын сипатта болатындығын мойындайды.

Мұндағы мүліктік қатынастардың жеке қатынастарға тығыз байланыстылығы, мүліктік қатынастардың, бұл қатынастарға тән емес ерекше белгілерге ие болатындағымен түсіндіріледі. Осы пікірмен, отбасы құқығын азаматтық құқықтың құрамдас бөлігі ретінде қарастырушылардың белді өкілі О. С. Иоффе де келісе отырып, бірақ азаматтық құқықта да жеке қатынастардың ара қатынасында «тәуелді» немесе «бағынышты», туынды деген сөз тіркестерін қолданудың қате екендігін және жеке оған өзінің қарсылығын білдірді2. Біздің пікіріміз бойынша О. С. Иоффенің бұл тұжырымы сол кезеңдегі көзқарастардың ішіндегі бүгінгі күнде маңызын жоймаған, керісінше, арта түскен ретінде қарастырылуы қажет.

Өткен кеңестік кезенде отбасылық қатынастарды құқықтық реттеу, осы белгісі бойынша капиталистік елдердегі отбасылық қатынастарды реттеуге қарсы қойылды. Ол мемлекеттердегі отбасылық қатынастардың азаматтық құқықтың пәніне енуін.

Мүліктік элемент басым үлеске ие, сондықтан отбасылық қатынастар азаматтық құқықтың пәніне кіреді деп есептелінеді.

Мәселен, А. М. Белякова: «буржуазиялық қоғамдағы отбасылық қатынастарды реттеудегі ерекшеліктердің бірі, айрықша жағдайларды қоспағанда, буржуазиялық мемлекеттерде арнайы некелік-отбасылық немесе азаматтық заңдармен реттелінуін, кеңестік ғалымдар ондағы заңдардың жоқтығы. Отбасылық-некелік қатынастарды реттеуге бағытталған құқықтық нормалар органикалық түрде азаматтық заңдарға еніп, оның ажырамас бөлігін құрайды. Бұл кездейсоқ құбылыс емес. Буржуазиялық қоғамда бұл заңдылық. Өйткені буржуазиялық қоғамдағы отбасылық реттелінуіне басты назарды аударады», деп көрсете отырып, ол мұның «капиталистік елдерде отбасылық қатынастарды реттеудің негізгі құқықтық қайнар көзі азаматтық кодекс болып табылатындығымен» бекіте түседі3.

Ал Н. В. Рабинович: «Кеңестік социалистік құқықта негізгі маңызға жеке қатынас ие. Кеңестік құқықтың буржуазиялық құқыққа түбірлі қарама-қайшылығы осы жерден көрінеді, оларда құқық ең алдымен ерлі-зайыптардың мүліктік қатынастарын реттеуге бағытталынған, яғни мұндағы мақсат әйелінің мүлкіне, тапқан табысына иелік ету үшін оны күйеуіне бекітіп беру»4, деп біржақты жаңсақ тұжырымды келтіреді.

Жоғарыдағы көзқарастарды талдар болсақ, отбасы құқығындағы мүліктік және жеке қатынастардың басымдылығы туралы пікірлердің қайсысы шындыққа сәйкес келеді?

Егер жеке және мүліктік қатынастардың ара-қатынасы туралы айтқанда, оны әлеуметтік институт ретінде қарастырсақ бұл салыстыруға келер, мүмкін даусыз және әділ болар, бірақ отбасылық құқықтағы бұл ара-қатынас туралы айтар болсақ, барлық жағдай керісінше көрінеді. Мәселе мынада, отбасында орын алатын көптеген мүліктік емес жеке қатынастар құқықпен реттелінбейді, тіпті құқықпен болашақта да реттелінуі мүмкін емес және бұл көзқарасқа ешкім аса дау айта алмайды. Демек, отбасылық қатынастардың тек елеулі бөлігі ғана құқықпен реттелінуге жатады және мұндай пікірге кеңестік кезенге дейінгі, кеңестік өмірмен аз байланысты болғандықтан, мораль нормаларына қарағанда абстракцияға көбірек ие деген кең таралған түсінік бар. Мүліктік емес сипаттағы отбасы құқығы нормаларына қатысты айтылған пікір қарсылық білдіреді.

Ерлі-зайыптылардың және өзге де отбасы мүшелерінің құқықтары мен міндеттерін күнделікті жүзеге асырумен байланысты оқиғалар, барлық шын мәнінде болып жатқанның құрамдас бөлігі болмай ма? Отбасында күнмен күнге іске асырылатын қылықтар және іс-әрекеттер құқықтық деп қабылданбайды.

Мораль нормаларының негізінде жатқан жақсылық, зұлымдық, ар, арсыздық, және т. с. с. түсініктер, сөзсіз, неғұрлым жоғары деңгейдегі абстракцияға ие көптеген отбасы құқығы нормалары дерексіз сипатта болады. Алайда олардың басым көпшілігі нақты анықталынған тұлғаларға арналған дәл ережелерді қарастырады: неке туралы, некені бұзушылар, отбасылық-құқықтық міндеттерді жүзеге асырушылар. Сонымен, мораль нормаларымен салыстырғанда құқықтық нормалар үлкен абстрактілікке ие деген пікір өзінің растығын таппады.

Біз мүліктік және мүліктік емес құқықтар мен міндеттердің ара- қатынасын, құқық пен моральдық нормалардың ара-қатынасын жоғарыда жан-жақты қарастырып өттік. Ерлі-зайыптылардың құқықтары мен міндеттері де бұдан тыс қалмайды. Сонымен қатар, бізге ерлі-зайыптылар арасындағы жеке қатынастар, олардың арасындағы мүліктік қатынастарға қарағанда үлкен орын алатындығы және маңызды роль атқаратындығы белгілі.

Дегенмен, тағы да қайталап өтсе артықшылығы болмайды, достық, махаббат, бір-біріне деген сүйіспеншілік пен жауапкершілік қатынастары құқықпен реттеуге келе бермейді. Құқықтық реттеуден ерлі-зайыптылардың күнделікті өміріндегі қатынастарының көпшілік бөлігі қалып қояды. Сондықтан ерлі-зайыптылар арасындағы қатынастарды реттеуге жеке қатынастарға мүліктікке қарағанда елеулі аз орын беріледі. Отбасының ішкі және сыртқы мүліктік қатынастарының шеңберін анықтау ғана құқықтың жалғыз мүмкін болатын міндетін құрайды 5.

Демек отбасылық құқықта, азаматтық кұқық секілді көбінесе мүліктік қатынастарды реттейді және бұл ең алдымен қатынастардың құқықпен реттеліну икемділігіне байланысты жүзеге асады. Яғни, құқықтың "ішкі рухани әлеммен емес, тек сыртқы әлеммен ғана ісі бар". Сонымен қатар, "жеке құқықтық қатынасты ері мен әйелінің өнегелік нормаларға негізделген жеке өзара қарым-қатынасынан ажыратып қарау қажет6. Өйткені ерлі-зайыптылар қатынастарының аясы кең және жан-жақты сипатқа ие екендігі белгілі. Онда құқық пен өнегелік нормалардың байланысы айқын көрінеді.

Жоғарыда айтып өткеніміздей, ерлі-зайытылардың барлық жеке қатынастары құқықтық реттелінуге жатпайтындықтан олардың елеулі бөлігі моральдық нормалармен реттелініп, бұл ең алдымен оның "терең" жеке сипатқа ие болуы салдарынан барлық жағдайда құқықпен әсер етудің пәні бола алмайтындығымен түсіндіріледі.

Дегенмен, 1994 жылы 27 желтоқсанда Қазақстан Республикасының жаңа Азаматтық кодексінің (жалпы бөлім) қабылдануына байланысты, отбасылық және азаматтық құқықтарымен реттелінетін жеке мүліктік емес қатынастар өз құрамдары бойынша сәйкес келе ме деген сұрақ туындауы заңды. Азаматтық кодекстің 1-бабы 2-тармағында мүліктік қатынастарға байланысы жоқ мүліктік емес жеке қатынастардың азаматтық заңдармен реттелітіндігі, өйткені олардың заң құжаттарында өзгеше көзделмегендігі, не мүліктік емес жеке қатынастар мәнінен туындамайтындығы бекітілген. Осы жерде салыстырмалы түрде айта кетер маңызды жағдай, Ресей Федерациясының жаңа Азаматтық кодексінде мүліктік қатынастарға байланысты жоқ мүліктік емес жеке қатынастар азаматтық-құқықтық реттеу пәнінен алып тасталынған. Оның 2-бабы 2-тармағында, "материалдық емес игіліктер азаматтық құқықпен қорғалады, егер бұл игіліктердің мәнінен басқа жағдай туындамаса", деп қана көрсетіледі. Ресей Федерациясының 1995 ж. қабылданған Азаматтық кодексіне берген түсініктемеде де М. И. Брагинский мұны былайша түсіндіреді: "кодекс авторлары азаматтық құқық мүліктік емес қатынастар объектілерін реттемейді, тек қорғайды, деген көзқараста болды"7. Мәселені осылайша шешудің өте даулы екендігі белгілі. Біздің ойымызша, біріншіден, кез-келген құқық саласы объектіні емес, оның себебінен пайда болатын қатынастарды қорғайды. Екіншіден, азаматтық-құқықтық реттеу пәнін тарылту арқылы, азаматтық құқықтың азаматтық-құқықтық жағдайды қалай реттейтіндігін түсіндіру мүмкін емес8 Құқық қабілеттілігін, әрекет қабілеттілігін, оны шектеуді реттеуге байланысты қатынастар мүліктікпен байланысты емес жеке мүліктік емес қатынастар болып табылады. Азаматтық құқық оларды тек қорғамайды, сонымен қатар реттейді де. Демек реттеу және қорғау теориясының жақтастары арасындағы келіспеушіліктердің мәніне назар аудармасақ, жоғарыда келтірілген қорытындыларды неке-отбасылық құқықпен реттелінетін жеке қатынастардың көпшілігіне қолдануға болады.

Сонымен бірге отбасы құқығында ұзақ уақыт бойына, отбасы құқығы мүліктік емес жеке қатынастарды реттемейді, тек мүліктік емес жеке қатынастарды қорғайды деген теория орын алып келді. Ұлы қазан төңкерісіне дейінгі орыс ғалымы В. А. Умовтың пікірі бойынша, құқық отбасылық-құқықтық хал-ахуалардың (неке, туыстық, балағып алу және т. б. ) тек сыртқы шектерін бекітеді, оның құқықтык, аядап тыс жатқан ішкі табиғатын реттемейді. Бұл хал-ахуалдар мүліктік қатынастарға әсер етеді және сол себепті құқық пәніне енеді, ал бұл олардың тек басталуы мен тоқтатылуын анықтайды. Демек, бұл көзқарас бойынша, құқықпен тек отбасылық қатынастардың пайда болуы мен аяқталуының шектері ғана бекітіледі, ал қатынастардың мәніне оның еш қатысы жоқ.

Отбасындағы жеке қатынастардың көпшілігінің құқықпен реттеліну мүмкіндігімен К. Д. Кавелин де келіспейді. Оның пікірінше, құқықтық реттеу тек осы қатынас субъектілерімен отбасының басқа мүшелерінің құқығы бұзылғанда ғана қажетті болады. Яғни, құқық бұл қатынастарды олар бұзылмаған кезде реттемейді, тек оның бұзылғаны кезінде ғана қорғайды. Бұл көзқарас қазіргі уақытта қалыптасқан отбасы құқығы саласындағы қорғау теориясына өте ұқсас. Оның пікірінше, бұзылған түрдегі қатынас отбасылық-құқықтық болудан қалады, өйткені "барлық заңилылық мәні бойынша бірікітіруге қарағанда, көбірек бөледі немесе өзі бөлек немесе жеке нәрселерді сыртқы күйде ғана біріктіреді. Заңи анықтама отбасы жоқ жерде ғана жүреді, - өйткені отбасылық одақ пен заңи анықтама бір-бірін өзара жоққа шығарады"9.

Кеңестік кезеңдегі ғалымдардың ішінен мүліктік емес қатынастардың құқықпен реттелу шектерін О. С. Иоффе бәрінен дәл анықтады деуге болады. Оның пікірінше "заңи нормалардың объектинті мүмкіндіктері елеулі шектеулі, өйткені бұл қатынастар сыртқы бақылауға көнбейтін, ішкі дүниенің әсерлеріне байланысты". Сондықтан, егер отбасылық мүліктік қатынастар үшін заң құқықтық реттеудің жалпы режимін енгізсе, ал отбасы мүшелерінің жеке өзара қарым-қатынасына арналған заңи нормалар оның тек жекелеген жақтарын ғана қамтиды10. О. С. Иоффе отбасылық құқықтың пәнін анықтай келе, басты назарды мына тұжырымға әкеліп тірейді: "Отбасылық құқық - бұл мемлекеттің бақылауында бола алатын шекте жеке және мүліктік қатынастарды реттейтін заңи нормалар жиынтығы . . . "11 .

Демек, қорытындылай келе мынадай ұйғарымға келуге болады, жеке қатынастар саласында құқық олардың тек сыртқы шектерін, яғни олардың бастаулы мен аяқталуын ғана анықтайды: некеге тұру шарттарын, некенің тоқталуын, әкелікті анықтауды, ата-аналық құқықтан айыруды және т. б. Сонымен қатар, құқық жалпы императивті тыйым салуларды, өз мазмұны бойынша құқықтық реттеу аясынан тыс жатқан, жеке отбасылық қатынастар жүзеге асатын жалпы шеңберді бекітеді. Мәселен заңменен балаларды тәрбиелеудің нысандары мен тәсілдері анықталмағанымен. бұл құқықтарды киянаттылықпен пайдалануға тыйым салынады. Ал ерлі-зайыптылардың жеке мүліктік емес қатынастары құқықпен бұдан да аз реттелінген. Шындығында, құқықтың ерлі-зайыптылар арасындағы өзара қарым-қатынасын, олардың бір-біріне деген сүйіспеншілігін реттемейтіндігін және реттей алмайтындығына біздің көзіміз анық жетеді. Сондықтан бұларды жүзеге асырудың әдіс-тәсілдерін құқық еш уақытта игере алмайды. Осы себепті, олардың ерлі-зайыптылардың мұндай құқықтарына байланысты бекітілген жалпы шегі жоқ деуге болады.

Жоғарыда келтірілгендерді қорытындыласақ, олардың барлығы дерлік, отбасылық құқықта мүліктік қатынастарға жеке қатынастарға карағанда кең орын беріледі деген фактіні бекіте түседі. Демек, бұл ІІІындығында да осылай болса, онда отбасылық құқықтың пәні толығымен азаматтық құқықтың пәнімен сәйкес келмей ме деген сұрақ туындайды. Бұл екі салада да пәнінің негізін мүліктік қатынастар құрап, ал жеке қатынастар оларда екінші орынға шығып қалады. Бірақ бұл сұраққа толық жауап беру үшін ең алдымен отбасылық қатынастар арнайы белгілерге ие емес пе, бұл оны азаматтық қатынастан қаншалықты ерекшелендіреді деген мәселелерді анықтап алуымыз қажет, осыларды анықтап алғаннан кейін ғана біз отбасылық құқықты дербес құқық саласы ретінде қарастыра аламыз.

Біз отбасы кұқығымен реттелінетін мүліктік және жеке мүліктік емес құқықтар мен міндеттер арасындағы ара-қатынасты мүмкіндігінше қарастырып өттік. Ерлі-зайыптылардың құқықтары мен міндеттері бұдан тыс қала алмайды. Ерлі-зайыптылар арасындағы мүліктік емес жеке қатынастардың олардың өмірінде елеулі роль атқарып, маңызды орын алатындығы сөзсіз және ол мүліктікке қарағанда ерекше сипатқа ие. Дегенмен, жоғарыда аталып өткендей ерлі-зайыптылар арасындағы барлық жеке қатынастар құқықпен реттеліне бермейді. Мәселен, бір-біріне деген құрметтің, сүйіспеншіліктің, достықтың, махаббаттың, жауапкершіліктің құқықтық реттелінуге жатуы мүмкін емес. Осы себепті ерлі-зайыптылар өміріндегі көптеген қатынастар құқықтық реттеуден қалып қояды да, мүліктік емес жеке қатынастарға құқықтық реттеуден мүліктікке қарағанда елеулі аз тоқталып өтеді.

Ерлі-зайыптылардың құқықтары мен міндеттері (жеке және мүліктік) Қазақтан Рсспубликасының "Неке және отбасы туралы" Заңының 28-бабына сәйкес, азаматтың хал актілерін жазу органдында некеге тұру мемлекеттік тіркелген күннен бастап туындайды.

Дәстүрлі қазақ салттары, зайырлы және демократиялық қоғам жағдайында отбасын құру және оны сақтаудың шешуші факторы болып, біздің ойымызша, алдымен мүліктік дүние таным емес, рухани-мәдени дүниетаным түсуі қажет. "Жеке құқықтар мен міндеттер ерлі-зайыптылардың рухани мүдделері мен ынталары нәтижелерінде пайда болуы қажет".

Олардың ері мен әйелі арасындағы өзара қарым-қатынастардың мүліктік жағын көрсететін құқықтар мен міндеттерден айырмашылығы да осында. Сондай-ақ жеке мүліктік емес қатынастардың некелік одақтың мығымдылығының негізін құрайтындығы және ерлі-зайыптылар арасындағы жетекші орын алатындығы белгілі.

Осыдан ары қарай біз ерлі-зайыптылар арасындағы құқықпен реттеуге, дәлірек айтсақ сыртқы шектері анықталуға жататын жеке мүліктік емес құқықтар мен міндеттерді қарастырып, оларға қүқықтық баға беруге тоқталып өтелік. Ерлі-зайыптылардың жеке мүлік емес құқықтары мен міндеттері "Неке және отбасы туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 6-тарауындағы 29-30-баптарымен айқындалған. Мұнда бұл құқықтар мен міндеттердің көлемі мен мазмұны анықталынған деуге болады. Осы заңның 28-бабына сәйкес ерлі-зайыптылардың құқықтары мен міндеттері, соның ішінде, жеке құқықтары мен міндеттері азаматтық хал актілерін жазу органдарында некеге тұру мемлекеттік тіркелген күннен туындайды.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
ҚҰҚЫҚ ҰҒЫМЫ, АНЫҚТАМАСЫ ЖӘНЕ ҚАҒИДАТТАРЫ
Отбасында пайдаланатын техникалық нормалар
Құқық қоғамдық қатынастарды реттейтін нормалардың жиынтығы
Құқықтық нормалардың рөлі
Құқық нормаларын қолданудың тәжірибелік ерекшелігі
Құқық құрылымы және құқық жүйесі туралы түсінік
Құқық жүйесі мен заң жүйесінің қатынасы
Құқық ұғымы туралы
ҚҰҚЫҚ НОРМАСЫНЫҢ ТҮРЛЕРІ
Құқық түсінігі және қоғамдағы рөлі
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz