Мемлекеттік экологиялық сараптама объектілері


ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТІРЛІГІ
ЕУРАЗИЯЛЫҚ ГУМАНИТАРЛЫҚ ИНСТИТУТ
Мемлекеттік-құқықтық пәндер кафедрасы
КУРСТЫҚ ЖҰМЫС
Тақырыбы: Экологиялық сараптаманы құқықтық реттеу
Орындаған:
Тексерген: оқытушы
Астана - 2009 жыл
Мазмұны
Kipicпe . . . 3
- Экологиялық сараптаманың түсінігі және мақсаты. . . 4
- Мемлекеттік экологиялық сараптама. . . 5
2. 1. Мемлекеттік экологиялық сараптама объектілері . . . 5
2. 2. Мемлекеттік экологиялық сараптаманы жүзеге асыратын органдар . . . 6
2. 3. Мемлекеттік экологиялық сараптаманы жүргізу мерзімдері . . . 7
2. 4. Мемлекеттік экологиялық сараптама сарапшысы . . . 9
- Қоғамдық экологиялық сараптама. . . 13
3. 1. Қоғамдық экологиялық сараптаманы ұйымдастьфушы . . . 13
3. 2. Қоғамдық экологиялық сараптаманың сарапшылары . . . 13
3. 3. Қоғамдық экологиялық сараптама объектісі . . . 14
3. 4. Қоғамдық экологиялық сараптаманы тіркеу тәртібі . . . 15
3. 5. Қоғамдық экологиялық сараптаманың қорытындысы . . . 16
Қорытынды . . . 19
Құқықтық нормативтік актілер тізімі . . . 20
Пайдаланылған әдебиеттер . . . 21
Кіріспе
Бүгінгі таңда экологиялық сараптаманың құқықтық реттеу көзі - Экологиялық кодекс 2007 жылы өз күшіне толық енді де оған дейін болған «Сараптама туралы заң» құқықтық мәртебесін жоғалтты.
Экологиялық кодекс негізгі және ерекше бөлімнен тұрады. Әр бөлімде қоршаған ортаны қорғау саласындағы барлық қызметтер құқықтық реттелген.
Экологиялық саратпаманың үлкен мәні бар, өйткені ғылымның, техника мен технологияның даму кезінде қоршаған ортаны сақтап қалу мақсатында адамзат белгілі бір іс-шаралар жүргізуі тиіс. Міне осындай іс-шаралар, табиғатты пайдалану кезіндегі міндеттер мен мақасттар, табиғатқа ең аз зиян тигізу мақсатымен экологиялық сараптама жүргізіледі. Экологиялық сараптаманы кейде қоршаған ортаның қалыпты сақталуын қадағалау, бақылау деп те айтады.
21 ғасыр өндірістің даму кезеңі болғандықтан жыл сайын қоршаған ортаға 30 млн тонна зиянды заттар тасталады, міне осы көрсеткішті азайту мақсатында экологиялық сараптама жүзеге асырылады.
Қазақстан Республикасында мемлекеттік экологиялық сараптама және қоғамдық экологиялық сараптама жүзеге асырылады.
Олардың бір-бірінен айырмашылығы, мемлекеттік экологиялық сараптама міндетті түрде жүргізілсе, қоғамдық экологиялық сараптама ерікті түрде жүзеге асады.
- Экологиялық сараптаманың түсінігі және мақсаты
Экологиялық сараптама мақсаты:
- жоспарланып отырған басқарушылық, шаруашылық, инвестициялық, норма шығару және өзге де қызметті іске асырудың қоршаған орта мен халықтың денсаулығына ықтимал теріс зардаптарын айқындау және шектеу;
- экономикалық даму мен қоршаған ортаны қорғау мүдделерінің балансынсақтау, сондай-ақ табиғат пайдалану процесінде үшінші тараптарға залал келтіруді болдырмау мақсатында жүргізіледі.
Экологиялық сараптама - көзделіп отырған шаруашылық және өзге де
қызметтің қоршаған орта сапасының нормативтері мен экологиялық талаптарға
сәйкестігін белгілеу, сондай-ақ осы қызметтің қоршаған ортаға тигізуі мүмкін
қолайсыз әсерлерінің және солармен байланысты әлеуметтік зардаптардың алдын алу
мақсатында сараптама объектісін іске қосуға жол берілуін айқындау;
II. Мемлекеттік экологиялық сараптама
2. 1. Мемлекеттік экологиялық сараптама объектілері:
Міндетті мемлекеттік экологиялық сараптамаға мыналар жатады:
- жоспарланып отырған шаруашылық және өзге де қызмет жобалары және оларға ілеспе, экологиялық кодекстің 37-бабында айқындалған кезеңдерге сәйкес қоршаған ортаға әсерді бағалау материалдары;
- табиғат пайдалану мәселелеріне қатысты жоспарлау алдындағы және жобалауалдындағы құжаттаманың барлық түрлері, болжамдардың, экологиялық және өзге де бағдарламалардың жобалары, мемлекеттік органдар мен үйымдар қызметі негізгі бағыттарының тұжырымдамалары, мемлекеттік инвестициялық бағдарламалар, шарттар, келісімшарттар, оның ішінде меншік және жекешелендіру нысандарын өзгертуге қатыстылары;
- қолданыстағы объектілер үшін қоршаған ортаға әсерді қоса реконструкциялау жобалары;
- қоршаған ортаға эмиссиялар нормативтерінің жобалары;
- іске асырылуы қоршаған ортаға теріс әсерлерге әкеп соғуы мүмкінҚазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің жобалары, нормативтік-техникалық және нұсқаулық-әдістемелік құжаттардың жобалары;
- кәсіпорындарды, объектілер мен кешендерді, гимараттар мен құрылыстарды орналастыруға, салуға, реконструкциялауға, дамытуға, техникалық қайта жарақтауға, қайта бейімдеуге, жоюға арналған техникалық-экономикалық негіздемелер (есептер) және жобалар, жануарлар мен өсімдіктер дүниесі ресурстарын өндіру мен пайдалануға арналған биологиялық негіздемелер;
- аумақтарды ұйымдастыру схемаларының жобалары;
- қалалар мен аумақтарды, оның ішінде арнайы экономикалық аймақтар аумақтарын және шаруашылық қызметті жүргізудің айрықша режиміндегі аумақтарды салудың (дамытудың) бас жоспарларының жобалары;
- осы аумақтарға ерекше қорғалатын табиғи аумақтар, экологиялық зілзалааймағы немесе төтенше экологиялық жағдай аймағы құқықтық мәртебесін беруді негіздейтін, аумақтар учаскелерін кешенді экологиялық зерттеу материалдары, сондай-ақ осы аумақтарды оңалту бағдарламалары;
- көршілес мемлекеттердің қоршаған ортасына әсер етуі мүмкін немесе оны жүзеге асыру үшін көршілес мемлекеттермен ортақ табиғи ресурстарды пайдалану қажет болатын немесе көршілес мемлекеттердің халықаралық шарттарда белгіленген мүдделерін қозғайтын шаруашылық және өзге де қызмет жобалары;
- жаңа техникаға, технологияларға, материалдар мен заттарға, соның ішіндешетелден сатып алынатындарына қойылатын экологиялық талаптарды негіздейтін құжаттама;
- табиғи ресурстарды пайдалануға және (немесе) алуға рұқсаттар (лицензиялар) беруді негіздейтін құжаттама.
Мемлекеттік экологиялық сараптама объектілері мынадай жағдайларда:
- экологиялық сараптама объектісі бұрын жүргізілген сараптама ескертпелері бойынша жетілдірілген;
- мемлекеттік экологиялық сараптаманың оң қорытындысы алынғаннан кейінжобалау және өзге де құжаттамаға өзгерістер енгізілген жағдайда;
сот шешімінің негізінде, қайтадан мемлекеттік экологиялық сараптамадан
өтеді.
Мемлекеттік экологиялық сараптама объектілері экологиялық кодекстің 40-бабында келтірілген объектілердің сыныпталуына сәйкес I, II, III, IV санаттарға бөлінеді.
I. санатқа орталық мемлекеттік органдар әзірлейтін нормативтік құқықтық актілердің жобалары
II. санатқа жергілікті мемлекеттік басқару органдарының нормативтік құқықтық
актілерінің жобалары, өңірлік жоспарлар мен бағдарламалардың жобалары, облыстық
және аудандық маңызы бар аумақтарда құрылыс салудың бас жоспарларының жобалары да жатады.
2. 2. Мемлекеттік экологиялық сараптаманы жүзеге асыратын органдар
Мемлекеттік экологиялық сараптаманы қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті орган және өз құзыреті шегінде жергілікті атқарушы органдар жүзеге асырады.
Мемлекеттік экологиялық сараптаманы I санат объектілеріне - қоршаған
ортаны қорғау саласындағы орталық атқарушы орган, II және III санат объектілеріне
- қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті органның аумақтық органдары, IV
санат объектілеріне жергілікті атқарушы органдар жүргізеді.
Мемлекеттік экологиялық сараптаманы жүргізу тәртібі
Мемлекеттік экологиялық сараптамаға құжаттаманы:
- белгіленіп отырған басқарушылық, шаруашылық, инвестициялық және өзге де қызметтің тапсырыс берушісі (инвестор) ;
- мемлекеттік экологиялық сараптамаға жататын нормативтік құқықтық актілердің, жоспарлар мен бағдарламалардың жобаларын әзірлеуді жүргізетін мемлекеттік органның басшысы табыс етеді.
Мемлекеттік экологиялық сараптама жүргізудің тәртібін қоршаған ортаны
қорғау саласындағы уәкілетті орган айқындайды.
2. 3. Мемлекеттік экологиялық сараптаманы жүргізу мерзімдері
Мемлекеттік экологиялық сараптаманы жүргізу мерзімі мемлекеттік экологиялық сараптаманы жүзеге асыратын органдарға алдын ала сараптамадан өткен қажетті барлық құжаттама берілген кезден бастап үш айдан аспауға тиіс.
Алдын ала сараптамадан өткізу мерзімі құжаттаманың мемлекеттік экологиялық сараптамаға келіп түскен күнінен бастап екі аптадан аспауға тиіс.
Табыс етілген құжаттама толық болмаған жағдайда ол табыс еткен тұлғаға
қайтарылуға жатады.
Мемлекеттік экологиялық сараптаманың қорытындысы
Мемлекеттік экологиялық сараптаманың қорытындысы оны жүргізу нәтижелері
бойынша беріледі.
Мемлекеттік экологиялық сараптаманың оң қорытындысы экологиялық
сараптама объектісін іске асыру жөнінде шешім қабылдауға болатындығы мен
мүмкіндігі туралы тұжырымдарды қамтиды.
Мемлекеттік экологиялық сараптаманың теріс қорытындысы болған кезде
тапсырысшы сараптамаға ұсынылған материалдарды сараптамалық қорытындының
ұсыныстары мен ескертпелеріне сәйкес пысықтауды қамтамасыз етуге және ол
белгілеген мерзімде барлық материалдарды қайтадан экологиялық сараптамаға табыс
етуге не белгіленіп отырған қызметінен бас тартуға міндетті.
Мемлекеттік экологиялық сараптама жүргізу міндетті болатын шаруашылық
және өзге де қызмет жобаларын мемлекеттік экологиялық сараптаманың оң
қорытындысынсыз банктердің және өзге де қаржы ұйымдарының қаржыландыруына және іске асыруына тыйым салынады.
Мемлекеттік экологиялық сараптама қорытындысына Қазақстан Республикасының, облыстың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) Бас мемлекеттік экологиялық сарапшысы не өз құзыреті шегінде жергілікті атқарушы органның сараптама бөлімшесінің басшысы қол қояды.
Жобалық құжаттамаға мемлекеттік экологиялық сараптаманың оң қорытындысы
берілген күнінен бастап бес жыл ішінде қолданыста болады.
Мемлекеттік экологиялық сараптаманы жүзеге асыратын сарапшылық бөлімшелері басшыларының құқықтары
Мемлекеттік экологиялық сараптаманы жүзеге асыратын сарапшылық бөлімшелері басшыларының:
- мемлекеттік экологиялық сараптама жүргізу үшін белгіленген тәртіппенэкологиялық сарапшылық комиссияларын, топтарын құруға, жүмысқа қатысуға отандық және шетелдік мамандарды, сондай-ақ заңды тұлғаларды тартуға;
- сарапшылық бөлімшелерінің, құрылатын комиссиялар мен топтардың қызметінебақылау жасауды жүзеге асыруға;
- мемлекеттік экологиялық сараптаманың сараптама кеңестерін басқаруға, олардың қызметін үйымдастыруға;
- мемлекеттік экологиялық сараптама жүргізу әдістерін айқындауға;
- Қазақстан Республикасының экологиялық заңнамасының талаптарына сайкелмейтін, мемлекеттік экологиялық сараптамаға ұсынылған материалдарды қабылдамай тастауға;
- есептеулерде қате және басқа да олқылықтар жіберілген, оны түзетуқосымша зерттеулерді, іздестіру жүмыстарын не қосымша қаражат бөлуді қажет ететін құжаттар мен материалдарды пысықтау үшін қайтаруға;
- мемлекеттік экологиялық сараптама қорытындыларына қол қоюға;
- сараптама объектісін іске асырудың қоршаған ортаға жағымсыз мән-жайлар анықталған не тапсырыс беруші жоғарыда аталған қорытынды талаптарын орындамаған кезден бастап бір ай ішінде бұрын берілген мемлекеттік экологиялық сараптаманың оң қорытындыларын кері қайтарып алуға;
- мемлекеттік экологиялық сараптама жүргізуге қажетті қосымша материалдарды сұратуға;
- мемлекеттік экологиялық сараптаманың оң қорытындысы алынбағанобъектілер туралы мәліметтерді банктер мен өзге де қаржы үйымдарына табыс етуге;
- Қазақстан Республикасы заңнамасының бұзылуына кінәлі тұлғаларды жауапқа тарту туралы мәселелерді шешу үшін тиісті материалдар дайындап, құқық қорғау органдары мен өзге де органдарға тапсыруға қүқығы бар.
Қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті органның сараптама
бөлімшелерінің басшылары Қазақстан Республикасының, облыстардың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) Бас мемлекеттік экологиялық сарапшылары болып табылады.
Мемлекеттік экологиялық сараптаманы ұйымдастыру мен жүргізу кезінде сараптама бөлімшелерінің басшылары тәуелсіз болады және Қазақстан Республикасының экологиялық заңнамасына сәйкес іс-әрекет жасайды.
Сарапшылық бөлімшелері басшыларының тәуелсіздігі қоршаған ортаны қорғау
саласындағы уәкілетті орган және жергілікті атқарушы органдар бекіткен, оларды
тағайындау және босату тәртібі мен Қазақстан Республикасының заңнамасына қайшы
келмейтін өзге де шарттарды қамтитын солар туралы ережелермен қамтамасыз етіледі.
2. 4. Мемлекеттік экологиялық сараптама сарапшысы
1. Арнаулы білімі бар және экологиялық сараптама жүргізуге қажетті жеткілікті тәжірибесі бар және мемлекеттік экологиялық сараптама органы белгілеген тәртіппен мемлекеттік экологиялық сараптама жүргізуге тартылған адам мемлекеттік экологиялық сараптама сарапшысы болып табылады.
Экологиялық сараптама жасалуға тиісті құжаттама тапсырыс берушінің өкілі
немесе мемлекеттік экологиялық сараптама объектісін әзірлеуші, сондай-ақ тапсырыс
берушімен немесе әзірлеушімен еңбек немесе өзге де шарттық қатынаста тұрған заңды
және жеке тұлғалар мемлекеттік экологиялық сараптама сарапшысы бола алмайды.
Мемлекеттік экологиялық сараптама сарапшысы өзі жасаған сараптама үшін
Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жауапты болады.
Сарапшының мемлекеттік экологиялық сараптама жүргізуге байланысты қызметіне мемлекеттік органдардың, жеке, заңды тұлғалардың және лауазымды адамдардың араласуына тыйым салынады.
Мемлекеттік экологиялық сараптама сарапшысы құқықтарының бұзылуы сот
және әкімшілік тәртіппен қорғалуға тиіс, ал мұндай жолсыздықтарға кінәлі тұлғалар
Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жауапты болады.
Мемлекеттік экологиялық сараптама сарапшысының:
- мемлекеттік экологиялық сараптама жасалатын объектіге жан-жақты және объективті баға беру үшін мәні бар қосымша материалдар табыс етілуін талап етуге;
- экологиялық сараптама жүргізуге мамандарды қосымша тартуға;
- сараптама жұмысын, әдіснамасын үйымдастыруды жетілдіру, оны жүзеге асырутәртібі мен принциптері жөнінде ұсыныстар енгізуге;
- мемлекеттік экологиялық сараптама объектісі жөнінде, мемлекеттік экологиялық сараптама қорытындысына қоса тіркелетін ерекше пікір қалыптастыруға қүқығы бар.
Мемлекеттік экологиялық сараптама сарапшысы:
- мемлекеттік экологиялық сараптаманың кешенді, объективті және сапалы жүргізілуін қамтамасыз етуге;
- Қазақстан Республикасы экологиялық заңнамасының талаптарын сақтауға;
- қолданылып жүрген нормалар мен ережелер негізінде мемлекеттік экологиялық сараптама жүргізуге;
- мемлекеттік экологиялық сараптаманы жүзеге асырудың белгіленген мерзімімен тәртібін сақтауға;
- мемлекеттік экологиялық сараптаманың дәлелді қорытындыларын дайындап, оларды сараптама объектісін іске асыру туралы шешім қабылдайтын органдарға және тапсырысшыларға уақтылы беруге;
- сараптама жасалатын объектілерді одан әрі қарауға қабылдамаған не олардынегіздейтін материалдар пысықтауға қайтарылған кезде мемлекеттік экологиялық сараптаманың қорытындысын объективті бағалап, дәлелді түрде негіздеуге;
- материалдардың сақталуын қамтамасыз етуге және өзінің қүпия құжаттарғақатысты әрекеттерін олардың иесімен келісуге, өзіне сеніп тапсырылған мәліметтердің жария етілуіне жол бермеуге міндетті.
Мемлекеттік экологиялық сараптама жүргізу процесіне сырттан сарапшылар тарту
Мемлекеттік экологиялық сараптама жүргізу сырттан сарапшылар тартуды талап еткен жағдайда, мемлекеттік экологиялық сараптама органдарының сараптамалық қорытындылар алу үшін басқа мемлекеттік органдарға, өзге де үйымдарға, сондай-ақ жекелеген мамандарға өтініш жасауға қүқығы бар. Сырттан сарапшылар тартуды қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті орган Қазақстан Республикасының мемлекеттік сатып алу туралы заңнамасына сәйкес жүзеге асырады.
Мемлекеттік экологиялық сараптамадан өткен нормативтік құқықтық актілер жобаларының тізілімі
Қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті орган мемлекеттік экологиялық сараптамадан өткен нормативтік құқықтық актілердің тізілімін жүргізуді жүзеге асырады және оларға тіркеу нөмірлерін береді.
Мемлекеттік экологиялық сараптаманың сарапшылық кеңестері
Қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті органның жанынан консультациялық-кеңесші органдар болып табылатын және өздері туралы ережелерге
сәйкес әрекет ететін мемлекеттік экологиялық сараптаманың сарапшылық кеңестері
құрылады.
Қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті органның мемлекеттік экологиялық сараптамасының сарапшылық кеңестері туралы ережелерді және олардың жеке құрамдарын қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті органның басшысы
бекітеді.
Функциялары қоршаған ортаны қорғаумен байланысты мемлекеттік органдардың
лауазымды адамдары, ғылыми-зерттеу мекемелерінің, жоғары оқу орындарының
ғалымдары, практик-мамандар мен жұртшылық өкілдері мемлекеттік экологиялық
сараптаманың сарапшылық кеңестеріне мүше бола алады.
Мемлекеттік экологиялық сараптаманың сарапшылық кеңестерінің қарауына:
- экологиялық сараптама жүргізу кезінде экологиялық қауіпсіздікті қамтамасыз етудің, қоршаған ортаны қорғаудың, табиги ресурстарды пайдалану мен молықтырудың күрделі проблемаларын талқылау;
- мемлекеттік экологиялық сараптаманың экологиялық қауіптілігі жоғары объектілерге қатысты қорытындыларын қарау жатады.
Мемлекеттік экологиялық сараптаманың жариялылығы және халықтың шешімдер қабылдауға қол жеткізуі.
Қоршаған ортаға эмиссиялар нормативтерінің жобаларына мемлекеттік экологиялық сараптама жүргізуге өтінімдерді қоспағанда, мемлекеттік экологиялық сараптама жүргізуге өтінімді белгіленіп отырған қызметке тапсырыс беруші бұқаралық ақпарат құралдарында міндетті түрде жариялауға тиіс.
Мемлекеттік экологиялық сараптама жүргізу кезеңінде барлық мүдделі азаматтар мен қоғамдық бірлестіктерге өз пікірін білдіру мүмкіндігі беріледі.
Іске асырылуы қоршаған ортаға және азаматтардың денсаулығына тікелей
ықпал етуі мүмкін жобалар бойынша қоғамдық тыңдау өткізіледі.
Қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті орган қоғамдық тыңдау
өткізу тәртібін белгілейді және онда:
- мүдделі тұлғалардың анықталуы;
- ақпарат пен консультация алуға болатын жердің көрсетілуі;
- халықты хабардар ету тәсілінің көрсетілуі (белгілі бір жерлерге афишаларілу, газеттерге жариялау, жоспарларды, сызбаларды, кестелерді, графиктерді, үлгілерді көрсете отырып көрмелер ұйымдастыру) ;
- халыққа консультация беруді жүзеге асыру тәсілінің (жазбаша таныстыру, халыққа сұрау салу) белгіленуі;
- қоғамдық тыңдау өткізу мерзімі айқындалуға тиіс.
Мемлекеттік экологиялық сараптама қорытындысы бойынша шешім қабылданғаннан кейін барлық мүдделі тұлғаларға осы Кодексте көзделген тәртіппен сараптама объектісі жөнінде ақпарат алу мүмкіндігі беріледі.
Мемлекешшік экологиялық сараптаманы жүзеге асыру кезіндегі келіспеушіліктерді қарау тәртібі
Мемлекеттік экологиялық сараптаманы жүзеге асыру кезіндегі келіспеушіліктер келіссөздер жолымен не сот тәртібімен қаралады.
Мемлекеттік экологиялық сараптама мәселелері бойынша келіспеушіліктерді
кез келген мүдделі тараптың, оның ішінде белгіленіп отырған қызметке тапсырыс
берушінің, жергілікті атқарушы органның өтініші бойынша қоршаған ортаны қорғау
саласындағы уәкілетті орган келіссөздер арқылы қарайды. Бұл ретте мемлекеттік
экологиялық сараптаманың теріс қорытындысы келіспеушіліктердің нысанасы бола
алмайды.
Мемлекеттік экологиялық сараптаманы қаржыландыру.
Мемлекеттік экологиялық сараптаманы қаржыландыру бюджет қаражаты, сондай-ақ тапсырыс берушілердің қаражаты есебінен жүзеге асырылады.
3. Қоғамдық экологиялық сараптама
Қоғамдық экологиялық сараптама - қоғамдық бірлестіктер құратын сараптама
комиссиялары ерікті негізде жүзеге асыратын қызмет түрі.
Қоғамдық экологиялық сараптама кез келген шаруашылық және өзге де
қызметті азаматтардың өмірі мен денсаулығына қолайлы қоршаған ортаны сақтау
жөніндегі қоғамдық мүдделердің сақталуы тұрғысынан қарайды.
Қоғамдық экологиялық сараптама объектісі іске асырылған жагдайда
мүдделері қозғалатын жеке тұлғалар немесе қоғамдық бірлестіктер қоғамдық
экологиялық сараптаманың бастамашысы болуы мүмкін.
- Қоғамдық экологиялық сараптаманы ұйымдастьфушы
Қоғамдық экологиялық сараптаманы үйымдастырушы - Қоғамдық бірлестіктер,
олардың атынан экологиялық сараптама жүргізу туралы өтініш беріледі және
сараптама комиссиясының қызметін үйымдастыру жөнінде шаралар қолданылады.
Қоғамдық экологиялық сараптаманы үйымдастырушының:
- Қоғамдық экологиялық сараптама объектісінің тапсырыс берушісінен. Қоғамдық экологиялық сараптама жүргізуге қажетті қүжаттар мен материалдарсұратуға;
- сараптама жүргізу үшін сарапшылық комиссия құруға;
- Қоғамдық экологиялық сараптаманың қорытындысын жергілікті атқарушы органдарға және қаржы үйымдарына табыс етуге қүқығы бар.
Қоғамдық экологиялық сараптаманы ұйымдастырушы:
- Қоғамдық экологиялық сараптаманы экологиялық кодексте жазылған талаптарға сәйкес ұйымдастыруға;
- Қоғамдық экологиялық сараптаманың барысы мен нәтижелері туралы жұртшылықтың хабардар етілуін және Қоғамдық экологиялық сараптама қорытындысын әзірлеуде қоғамдық пікірдің есепке алынуын қамтамасыз етуге;
- қоғамдық экологиялық сараптама қорытындысының барлық мүдделі тараптар үшін ашық болуын қамтамасыз етуге міндетті.
3. 2. Қоғамдық экологиялық сараптаманың сарапшылары
Қаралатын мәселе бойынша ғылыми және (немесе) практикалық білімі бар және Қоғамдық экологиялық сараптаманы ұйымдастырушы қоғамдық сараптама жүргізуге
тартқан жеке тұлға қоғамдық экологиялық сараптаманың сарапшысы болып табылады.
Қоғамдық экологиялық сараптаманың сарапшысы мыналар бола алмайды:
- Қоғамдық экологиялық сараптама объектісінің тапсырыс берушісінің өкілі;
- Қоғамдық экологиялық сараптама объектісін әзірлеушінің өкілі;
- қоғамдық экологиялық сараптама объектісінің аталған тапсырыс берушісіменнемесе оны әзірлеушімен еңбек немесе өзге де шарттық қатынаста тұрған жекетұлға;
- қоғамдық экологиялық сараптама объектісінің аталған тапсырыс берушісіменнемесе оны әзірлеушімен шарттық қатынаста тұрған заңды тұлғаның өкілі.
Қоғамдық экологиялық сараптаманың сарапшысы оны жүргізуге Қазақстан
Республикасының заңнамасына және Қоғамдық экологиялық сараптаманы ұйымдастырушы берген тапсырмаға сәйкес қатысады.
Қоғамдық экологиялық сараптама сарапшысының Қоғамдық экологиялық сараптама жүргізу кезінде Қоғамдық экологиялық сараптама объектісі жөнінде
Қоғамдық экологиялық сараптаманың қорытындысына қоса тіркелетін ерекше пікір
білдіруге қүқығы бар.
Қоғамдық экологиялық сараптама сарапшысы:
Қазақстан Республикасы экологиялық заңнамасының талаптарын сақтауға;
экологиялық сараптама объектісі бойынша өз қорытындысы тұжырымдарының
объективтілігі мен негізділігін, сондай-ақ Қоғамдық экологиялық сараптаманың
атына мүдделі жеке тұлғалар мен Қоғамдық бірлестіктерден келіп түскен ескертпелер
мен ұсыныстардың ескерілуін қамтамасыз етуге;
материалдардың сақталуын және Қоғамдық экологиялық сараптамаға ұсынылған
мәліметтердің қүпиялылығын, сондай-ақ зияткерлік меншіктің қорғалуын қамтамасыз
етуге міндетті.
3. 3. Қоғамдық экологиялық сараптама объектісі
Жоспарланып отырған басқару, шаруашылық, инвестициялық және өзге де қызметтің жеке немесе заңды тұлғасы Қоғамдық экологиялық сараптама объектісіне тапсырыс беруші болып табылады.
Қоғамдық экологиялық сараптама объектісіне тапсырыс берушінің:
- белгіленіп отырған қызмет бойынша құжаттамада қамтылған заңмен қорғалатын қүпия мәліметтердің қорғалуына;
- Қоғамдық экологиялық сараптама жүргізудің барысы мен нәтижелері туралы ақпарат алуға және ақпаратқа қол жеткізуге;
- Қоғамдық экологиялық сараптама аясында өткізілетін Қоғамдық тыңдауға және өзге де іс-шараларға қатысуға;
- мемлекеттік экологиялық сараптаманы жүзеге асыратын органға, жергіліктіатқарушы органдарға Қоғамдық экологиялық сараптаманың қорытындысына өзтүсіндірмелері мен түсініктемелерін беруге қүқығы бар.
Қоғамдық экологиялық сараптама объектісінің тапсырыс берушісі:
қоғамдық экологиялық сараптамаға қажетті қүжаттар мен материалдарды беруге;
қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті органға қоғамдық экологиялық сараптама қорытындысында баяндалған ұсынымдарға жазбаша жауап беруге міндетті.
Қоғамдық экологиялық сараптаманы қаржыландыру
Қоғамдық экологиялық сараптаманы қаржыландыру:
Қоғамдық экологиялық сараптаманы ұйымдастыратын және жүргізетін Қоғамдық
бірлестіктердің өз қаражаттары;
ерікті қайырмалдықтар, өтеусіз негізде ұсынылған гранттар;
Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде тыйым салынбаған өзге көздер есебінен жүзеге асырылады.
3. 4. Қоғамдық экологиялық сараптаманы тіркеу тәртібі
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz