Жас отбасының әлеуметтік мәселелері
Жоспар
Кіріспе
І. Негізгі бөлім
1) Жас отбасының әлеуметтік- психологиялық негіздері
1.1 Жас отбасы әлеуметтік жұмыс объектісі ретінде
1.2 Жас отбасының әлеуметтік- психологиялық ерекшеліктері
1.3 Жас отбасының әлеуметтік мәселелері
2) Жас отбасымен жүргізілетін әлеуметтік жұмыстың бағыттары
2.1 Жас отбасының бос уақытын дұрыс ұйымдастыру
2.2 Кеңес беру әлеуметтік көмек беру әдісі ретінде
ІІ. Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі
Кіріспе
Менің курстық жұмысымның тақырыбы Жас отбасына әлеуметтік көмектің
әлеуметтік, психологиялық, педагогикалық, диагностикалық және медицналық
модельдері. Жұмысымның мақсаты отбасы институтының қоғамның әлеуметтік-
мәдени дамуы мен жас ұрпақты әлеуметтендірудің маңызды факторы ретіндегі
мәнін ашу болып табылады. Отбасы- бұл әлеуметтік институт пен шағын
әлеуметтік топ белгілерін иеленетін әлеуметтік жүйе. Отбасы әлеуметтік
институт ретінде жұбайлардың ата- аналардың, балалар мен басқа туыстардың
өзара қарым- қатынастарын реттейтін әлеуметтік нормалардың санкциялардың
және мінез-құлық үлгілерінің жиынтығымен сипатталады. Адамның алғашқы
әлеуметтенуі яғни, қоғамдық нормалар мен тәжірибелерді жинақтау қоғамға
кірігуі отбасында болатын жағдай, яғни адамның тұлға ретінде қалыптасуы
оның отбасына байланысты болғандықтан бұл тақырып өзекті әрі маңызды.
Сонымен қатар, бұл жұмыс осы уақытқа дейін меңгерілген жалпы педагогикалық
және арнайы білімді жүйелеуге қорытындылау болашақ маманның ойлау
қызметінің белсене түсуіне, студенттік шақта отбасы құруға дайын болуды
қалыптастыру мәселелеріне диалектикалық тұрғыдан қарай білуге септігін
тигізеді.
Тақырыптың міндеттері.
- Отбасы мен некенің туу тарихын ашу;
- Отбасы оның ерекшеліктері, функциялары, тәрбиелік механизмдері мен
психологиялық климаты туралы студенттердің білімін тереңдету;
- Болашық әлеуметтік қызметкерлер мен әлеуметтік педагогтардың
педагогикалық мәдениетін отбасындағы келіспеушіліктерді талдау және
шеше білу қабілетін қалыптастыру;
- Болашақ әлеуметтік қызметкерлердің отбасын қалыптастыру бойынша жұмыс
жүргізу қабілетін жетілдіру.

Бұрынғы ойшылдар отбасының табиғатын, мәнін анықтауда түрлі көзқарастарды
ұстанды. Неке- отбасы қарым- қатынастарының сипатын анықтауға алғаш
тырысқандардың бірі- ежелгі грек философы Платон. Оның пікірінше, отбасы
дегеніміз- өзгермейтін бастапқы қоғамдық уяшық: отбасылардың бірігуі
нәтижесінде мемлекет пайда болған.
Француз ағартушысы Ж.Ж. Руссо: Барлық қоғамдардың ішіндегі ең ежелгі әрі
жалғыз табиғи қоғам- бұл отбасы. Сонымен, отбасы- бұл, керек болса, саяси
қоғамдардың бейнесі, үкімет- әке тәрізді, халық- балалары іспеттес,- деп
жазды.
Неке және отбасы ұғымдары арасында тығыз байланыс бар.
Өткен кезеңдердегі және қазіргі заманғы әдебиеттерде неке, отбасы
сөздері синоним ретінде қолданылады, алайда бұл ұғымдардың ортақ жалпы мәні
де, өздеріне ғана тән жеке мәндеріде бар. ғалымдардың дәлелдеуінше, неке
мен отбасы әртүрлі тарихи кезеңде пайда болған.
Қазіргі социологтардың беретін анықтамасы бойынша, неке дегеніміз- әйел мен
еркек арасындағы тарихи өзгеріп тұратын қарым- қатынастардың әлеуметтік
нысаны. Осы нысан арқылы қоғам олардың жыныстық өмірін тәртіпке келтіреді
және оған рұқсат береді, олардың ерлі- зайыптылық құқықтары мен міндеттерін
белгілейді.
Отбасы дегеніміз- некеге қарағанда күрделірек қарым- қатынастар жүйесі, ол
тек жұбайларды ғана емес, онымен қатар балаларды, туыстарды, жұбайларға
жақын адамдарды да біріктіреді. Отбасы- бұл әлеуметтік институт пен шағын

институт ретінде жұбайлардың, ата- аналардың, балалар мен басқа туыстардың
өзара қарым- қатынастарын реттейтін әлеуметтік нормалардың, санкциялардың
және мінез-құлық үлгілерінің жиынтығымен сипатталады. Отбасы- некеге немесе
қандас туыстыққа негізделген шағын топ, оның мүшелері тұрмысының
ортақтығымен, өзара моральдық жауапкершілікпен және өзара көмекпен
байланысады.
Отбасында әлеуметтік функциялары оның әлеуметтік институт ретіндегі
қоғамдық қажеттіліктері мен өмір сүру сипатын, сондай-ақ отбасы тобының
жеке қажеттерінің сипатын көрсетеді. Қоғамда болып жатқан әлеуметтік-
экономикалықщ өзгерістердің әсерімен отбасының әлеуметтік функциялары мен
иерархиясының сипаты өзгереді. Алайда барлық уақытта да бала өсіру,
тәрбиелеу отбасының маңызды функциясы болып қалады, басқа жекелеген
функциялардың маңыздылығы өзгеріп отырады.
Жас отбасы- әлеуметтік жұмыстың маңызды және күрделі объектісі. Оның
маңыздылығы Н.Ә. Назарбаев өзінің Қазақстан-2030 атты Президентінің
халқына Жолдауында атап өткен болатын: Жасқа байланысты құрылған саясатта
біз жастарға және жас ұрпаққа, жас отбасыларына баса назар аударуымыз
керек.
Дәл ғылыми тұрғыда жас отбасы деген терминнің анықтамасы жоқ. Әртүрлі
авторлар некенің ұзақтығының шегі мен жас жұбайлардың жастарын әртүрлі
көрсетеді. Дегенмен, көпшілігі жас отбасы бірге 3 жыл өмір сүрген,
жұбайлардың жастары 30-дан аспаған және екеуі де бірінші рет некеге отырған
жастар деп есептейді. Отбасылық өтіл 3 жылдың таңдалуы зерттеушілердің дәл
осы уақытта отбасылық қатынастардың дамуында дағдарыс жағдайы аса жоғары
болып, осы уақытқа айырылысу саны көп болатынымен байланыстырады. Отбасы
тікелей және жанама қатынасқа түсетін әлеуметтік жұмыстың ең таралған түрі
болып табылады. Отбасының әлеуметтік қызметкерлердің еңбекпен қамту
саласындағы орталық орынды алатынының дәлелі отбасы проблемалары мен
айналысатын социономдардың санының көптілігінен көрінеді. Мысалы, АҚШ- та
әлеуметтік қызметкерлердің Ұлттық ассоциациясының жалпы санының 25 пайызы
осы проблемамен айналысатындарды құрайды.
Әлеуметтік жұмыстың ғылым ретінде, де практикалық әрекет ретінде де
отбасына деген қызығушылық қарауы оның әлеуметтік құбылыс екенін көрсетеді.
Отбасының қоғамдағы рөлі күшіне қарай ешбір әлеуметтік институттармен
салыстыруға келмейді, себебі тек осы отбасында адамның жеке басы
қалыптасып, дамиды, олардың қоағмға енуіне қажетті әлеуметтік рөлдерді
меңгереді. Отбасы адам үшін алғашқы тәрбие беру институты, оны адам өмір
бойы сезініп өтеді. Отбасы әлеуметтенудің маңызды факторы болып табылады
да, онда адамгершілік негіздері бекітіледі, мінез-құлық нормалары
қалыптасады, жеке адамның ішкі дүниесі мен жеке қасиеттері ашылады. Отбасы
адамның әлеуметтік, шығармашылық белсенділігін ынталандырады. Ол адам мен
қоғамның қайта өзгеруінде шешуші рөл атқарады.
Сонымен қатар,отбасы қоғамның дербес бөлігі, әлеуметтік ортамен тығыз
байланыста болады да, соған әтуелденеді. Отбасында қоғамдық өмірдің барлық
жетістіктері, қиындықтары және қайшылықтары өз бейнелерін табады.
Социумдағы отбасы- күрделі феномен. Ол бір жағынан, қоғамға тәуелді,
сондықтан онда болған өзгерістер мұнда да болады, екінші жағынан-
имманенттік заңдылықтары бар өзіндік механизмдерге негізделген өз
эволюциясына ие. Мұндағы диалектика мындай: отбасы қоағмдағы өзгерістермен
бірге өзгереді, ал ол өз кезегінде отбасымен бірге өзгереді. Осыған
байланысты отбасы жеке адам мен қоғамның өзара әрекеттестігі туындайтын
әлеуметтік арена болып табылады.
Отбасы қоғамдық өмірдің құрылым құрушы жүйесі ретінде әлеуметтік-
экономикалық, әлеуметтік- саяси және әлеуметтік мәдени қатынастардың
түбегейлі өзгеруін жүзеге асырып, оларды микро әлеуметтік деңгейде
сындырады.
20 ғасырдың 90 жылдарынан бастап Қазақстан Республикасында жүргізіле
бастаған реформалар отбасына әртүрлі әсер етеді, оның өміріне терең
өзгерістер енгізді. Қоғамның саяси ұйымдарындағы, экономикалық жүйесіндегі
және адамдардың моральдық ұстанымдары мен бағдарындағы өзгермелі жағдайлар
отбасына да әсер етті. Экономикалық тұрақсыздықтың нәтижесінде көптеген
отбасындағы өмір сүру жағдайының деңгейінің төмендеуі, денсаулық сақтау,
білім беру және мәдени инфра құрылымның әлсіреуі отбасыларының қалыпты өмір
сүруін барынша төмендетті. Әрине көптеген отбасылары бұл жағдайға кірігіп,
болып жатқан өзгерістерден өз орындарын тауып, одан қандай да бір пайда
табуға, психологиялық жайлылықты сезінуге қол жеткізді. Бірақ отбасыларының
көп бөлігі сенімсіз, белгісіз, өмірлік болашағы жоқ жағдайында қалып,
бәсекелестік жағдайында өмір сүруге икемсіз болып шықты.
Отбасындағы қолайсыздықтың өсуі мен балалар мен жасөсіпірімдердің
мінез-құлықындағы құқыққа қарсы үрдістердің өсуі мен олардың ортасындағы
алкоголизм, нашақорлық және токсикоманияның өсунің арасында тура байланыс
бар. отбасындағы қатігездік, зорлық қазақстандық қоғамның аса бір өзекті
проблемасына айналып отыр. Бұл құбылыстар жас ұрпақтың әлеуметтену
процесіне теріс әсер етеді.
Отбасындағы дағдарыс жағдайының тағы бір себептеріне ерлі-
зайыптылардың айырылысуынаның өсуі, туудың қысқаруы, жас кезінде некеге
отыруға мәжбүр болған проблемалық отбасылардың санының өсуі, толық емес,
жалғыз басты аналардың санының көбеюі жатады. 90-шы жылдары Қазақстанда
некеге отырудың жалпы коэффициенті күрт төмендеуі, яғни мың адамға
шаққандағы неке саны 1991 жылдағы 9,8 пайыздан, 1999 жылы 5,8 пайызға
дейін төмендегені байқалды. Жы сайын тіркелетін некеге отыру санының үш
бөлігіне дейін қысқарған, ал айырылусы керісінше жоғарғы деңгейін сақтаған,
әрбір үш тіркелген некенің біреуі айырысқан. Тұрмыс құрмаған әйелдердің туу
көбейген. Бұл некеге дейінгі бірге тұру мен заңды түрде ресмиленбеген
некелердің көбеюіне байланысты. Егер 1990 жылы тіркелмеген некеде туған
сәбилер саны жалпы туған сәбилердің 13,2 пайыз құраса, 1997 жылы бұл
көрсеткіш 21 пайыз өскен. Бұл үдеріс қалалық жерде де, ауылдық жерде де
бірдей байқалған.
Соңғы жылдары отбасы әлеуметтік институт ретінде таралудың, тіпті
быт-шыт болудың аз-ақ алдында тұр деген пікір кеңінен таратылып жүр.
Әрине қазақстандық қоғамда орын алып отырған күрделі әлеуметтік-
экономикалық құлдырау кезінде, радикалды әлеуметтік мәдениеттің өзгеруі
жағдайында болатын дағдарысьық құбылыс отбасы- неке қатынастары саласына
да әсер еткені сөзсіз. Бірақ осындай жағдайларда да отбасы қоғамның
ұстанымдарының бірі және оның маңызды құндылығы болып қала бермек. Ол жайлы
республика халқының әлеуметтік топтарын теңестіру жасалған социологиялық
зерттеулері көрсетіп берген. Барлық таңдап алынған жиынтықта өзін отбасымен
93,6 пайыз адам теңестіреді екен. Оның үстіне мұнда әлеуметтік-
демаграфиялық және этникалық жағынан бөлудегі айырмашылық жоқ. Теңестіруді
үдемелігі жағынан айырмашылығы жағынан мекен тұрағының өзгершіліне қарай
байқалады. Мысалы, 55,6 пайыз астаналық тұрғындар өздерін жиі өз
отбасыларымен тееңстірсе 33,3 пайыз кейде ғана теңестіреді. Кіші қалалар
мен ауыл тұрғындары өздерін өз отбасыларымен жиі 80,1-80,2 пайыз және
кейде теңестіреді 19,4 пайыз.
Осындай өзгерістерге ұшыраған отбасы күрделі қиындықтарға кездеседі,
дегенмен ол әлеуметтік өзгерістерге қарамастан негізгі әлеуметтік мәдени
институт, қоғамның маңызды құндылығы, әлеуметтік маңызды құндылықтар мен
жеке бастың қалыптасуының, жас ұрпақтың әлеуметтенуі мен тәрбиесінің
қалыптасуы мен дамуының жетекші әлеуметтік институты болып қала береді.
Міне, сондықтан да, мемлекет пен қоғам отбасынан тыс, оған бейқам
қала алмайды. Тиімді мемлекеттік отбасылық саясатты жасап, жүргізу- уақыт
талабы, объективтік қажеттілік. Арнайы ұйымдастырылған мемлекеттік
отбасылық саясат балалы отбасыларын белгілі- бір әлеуметтік кепілдіктер
беретін кешенді шаралар деп анықталуы керек, оның мақсаты- отбасының әл-
ауқатын жақсарты және отбасының қоғам мүддесі үшін қызмет етуін қамтамасыз
ету. Отабсы саясаты отбасының экономикалық проблемаларын жақсатруға
мақсатталған, толықтай отбасы қажеттіліктерін қанағаттандыруға бағытталған.

Жас отбасымен жұмыс істейтін әлеуметтік қызметкер үшін оның мынадай
ерекшеліктерін білу маңызды:
- Жас отбасы қалыптастыру сатысында болатындықтан, осының өзі оның
әлеуметтік қолдауды қажет етітінін білдіреді;
- Жас отбасы елеулі материалдық- экономикалық қиындықтарға ұшырайды;
- Төлем ақысының төменгі деңгейі, жұмыс орнын іздеу, тұрғын үй
проблемасы және т.б;
- Жас жұбайлар жеке бас және кәсіптік өз орнын анықтау фазасында
болады, бұл отбасы болуда қосымша қиындықтар туғызады;
- Жас жұбайлар өздерінің жеке және өздерінің жеке және отбасылық
мүдделерінің оңтайлы ара қатынастарын табудың, әрқайсысына тиімді
отбасылық қатынастардың өз моделін табудың сатысынан өтеді,
- Баланың дүниеге келуі жас отбасына материалдық әлеуметтік-
психологиялық және тәрбиелік сипатындағы қиындықтарға кездеседі;
- Жас отбасы өмірлік кезеңдеріндегі алғашқа дағдарыс жағдайының фазасын
бастан кешіріп жатқандықтан жанжалдар болады, жас жұбайларда оны
шешудің, бір келісімге келудің тәжірибесі жоқ болғандықтан, кейде ол
өткірленіп, отбасының ыдырауына әкеп соғады;
- Жас отбасының ыдырауынан пайда болған толық емес отбасылары одан да
күрделі проблемалармен кездеседі де, оларды әлеуметтік жұмыстың
бірінші орын алатын объектіге айналдырады.
Жас отбасы- дамудың бастапқы кезеңін басынан кешіріп, жұбайларды таңдауды
жүзеге асыру кезеңіндегі отбасы. Осы кезеңде басқадан некеге дейінгі
адамнан да күрделі адамды көру феномені ашылады, мінез-құлықтардың
үйренсуі, яғни барлық өмір салтын өзгерту басталады. Жас отбасының
өмірінің қалыптсауы бірнеше жоспардан тұрады: физиологиялық, әлеуметтік
және психологиялық. Отбасы құрудың өмірлік мақсатын шешуде және оны жүзеге
асыруда физиологиялық жоспар өз денесі мен басқа адамның денесінің
кеңістігін меңгеруден тұрады. Мұның оңай емес екенін сексолог- дәрігерлер
мен сексопатологтар ғана емес психологтар да айтып жүр.
Жас отбасы құрудың мақсаттарын шешудегі әлеуметтік жоспар некелік
серіктердің біріге отырып құрған отбасы идеалына сай жаңа қауымдастықты
құру іскерлігінен тұрады. Мамандардың айтуынша, өзінің жаңа отбасында ата-
аналарын отбасылық мінез-құлқын қайталау- отбасы өміріндегі жеке басының
мақсаттарын шешудің кең тараған қате жолдарының бірі.
Жас отбасындағы өмірлік мақсаттары шешудегі психологиялық жоспар бір-
бірінің шығармашылығы және ортақ үй үшін екі әртүрлі, бірақ бір біріге өмір
сүру үшін біріккен адамдардың шығармашылығынан көрінеді.
Жас отбасының өмірлік мақсаттарын шешудегі әрбір осы аталған жоспар шартты
түрде бөлінген: біріге өмір сүруді құрудың күнделікті тіршілігінде, тіпті
күнделікті, ақарпайым және мағынасыз әркеттерде: үй жинау, тамақ әзірлеу,
ыдыс жуу, бірге уақыт өткізу және т.б олар араласып жатады.
Жас отбасының қалыптсуындағы күрделі проблемаға алғашқыда махаббат пен
секуалдық құштарлық негізінде құрылған отбасылық қатынастар күту мен талап
ету сияқты жаңа ұстанымдардың: әртүрлі көзқарастар, серігінің тұрмыстағы
және некеден бұрыңғы тіршілігіне сәйкес келмеуі және т.б үстемелеп кетуі
жатады. Жас әйелдер отбасылық өмір туралы өзінің романтикалық түсініктері
мен шындықтың сәйкес келмеуін ауыр бастан кешеді, себебі неке туралы
ойлағанда ол эмоциялы- махаббатты бастан өткеру сияқты елестейді, ал
шындығында ол әйел адам үшін көп міндеттемелер мен отбасындағы қолайлы
психологиялық климат үшін жауапкершілікті жүктейді.
Жас отбасының қалыптсауы үшін маңызды фазаға- баланың туу жатады. Әдетте,
бірінші бала жас отбасының бірге тұрған бір-екі жылында дүниеге келеді.
Әрине, баланың туылуына қарай отбасының материалдық шығыны да өсе түседі,
оның үстіне ата-ананың жұмыстан бос уақыты баланы күту мен тәрбиеге кетеді.
Ана мен әке болудың әлеуметтік рөлдерін меңгеру- жас жұбайлар үшін ғана
емес, жалпы жас отбасылық қауымдастығы үшін де үлкен сын.
Зайыбы үшін бұл қиындық бір мезгілде ана мен еңбеккердің рөлін меңгеру және
оны жүзеге асырудан тұрады: осындағы ауыртпалықтар бала тумай тұрған кезде
қалыптасып қалған отбасы өмірін бұзады және әйелдің психикалық денсаулығына
теріс әсер етеді. Жас әйелдің ана болу рөлін меңгерудегі тағы бір қиындығы
оның дәл осы жаста өзінің Менін отбасы кеңістігінде ғана емес, қоғам
кеңістігінде де іздеп, жүзеге асыруға ұмтылуымен байланысты: ол карьерасы
туралы шешім қабылдайды.
Ері үшін әке болудағы әлеуметтік рөл- оның асыраушы болуы, ол туралы
халықта: Асырай алмаса несіне әке болып жүр деген сияқты сөз бар. әрі
қарай күнделікті тамақ, баспана, қажетті өмірлік қуаныштар т.б басталады.
Әке болудың әлеуметтік рөлінің қиындығы алғашқыда оның оңай сияқты көрінуі.
Осы оңайлық жас ер және әке болуға итермелеп, қақпанға түсіреді. Солардың
бірнешеуін қарап көрейік:
• қарапайым мақсат қақпаны;
• міндет ету қақпаны;
• күш көрсетудің дұрыстығын дәлелдеу қақпаны
• жас қақпаны
• баладан қызғану қақпаны.
Әкенің әлеуметтік рөліне қатысты ғана емес, ананың рөлінің де қақпандарын
келтіруге болады. Олардың барлығы жас жұбайлардың отбасындағы өз қарым-
қатынастарын отбасы өмірінің мақсаты мен мәні туралы ақылға салынған және
толық түсінік негізінде және отбасындағы рөлдерді бөлу арқылы құру
керектігін білдіреді. Жас жұбайларға ата- аналық рөлді меңгеру үшіг отбасы
бюджетін жоспарлау дағдысы ғана емес, жеке бастары арасындағы келіссөздер
мен жанжалдарды шешудің коммунативтік дағдыларын да игеру керек.
Өмірлік бағдарға, отбасында рөлдерді бөліп алуына, балалы болуына
байланысты жас отбасыларын бірнеше түрге бөлуге болады. Жас отбасының
бірінші түрі ерлі- зайыптылардың тек қана отбасылық құндылықтарға, екі
балаға ғана бағдарлануымен сипатталады. Онда көшбасшы күйеуі, бірақ
көшбасшылық көбіне оның отбасы қарым- қатынастарындағы экономикалық
саласында ғана анықталады және шектеледі. Бұл ерлі- зайыптылардың достары
бір, ортақ, көбіне бірге, жабық.
Екінші түрлі жас отбасы жеке бастың дамуына бағдарланған, аз балалы отбасы
болуды жоспарлаған. Отбасындағы көшбасшылық жариялылықты ұстанады: отбасы
өміріне байланысты бірге немесе бөлек. Мұндай отбасы социум үшін ашық та,
жабық та болуы мүмкін.
Үшінші түрде жас отбасы- ерлі зайыптылар думан- тойға бағдарланған отбасы.
Мұндай отбасында әйелі мен күйеуі ортақ достармен де, әрқайсысы некеге
дейінгі достарынан тұратын бөлек достармен де араласа береді.
Репродуктивтік ұстанымдары- баласыз, тіпті болмағанда бір балалы отбасын
құру. Мұнда көшбасшылық авторитарлық та, жариялықта бола береді.
Жас отбасылары көбіне бір балалы, кейде екі балалы болады. Мұндай толық
отбасыларында бала үшін де, ата- аналары үшін де бір-бірін жақсы көру,
бірлік сияқты оң әлеуметтік- психологиялық қасиеттердің қалыптасуына мол
мүмкіндік бар. онымен қатар онда жалғыз баланы гипер қамқорлық
қағидасымен тәрбиелеуге байланысты теріс қасиеттерде қалыптасуына мүмкіндік
бар.
Соңғы жылдары кеңінен тараған жас отбасыларына толық емес отбасылары- бір
ата- анасымен, көбіне анадан ғана тұратын отбасы жатады. Бұл айырылысудың,
бір ата- анасыныңі қайтыс болуының немесе некесіз бала туудың нәтижесі.
Мұндай отбасыларыы әкенің жоқтығына байланысты материалдық қиындықтар мен
әлеуметтік- психологиялық проблемаларды бастан өткізеді.
Жоғарыда аталған жас отбасылар түрлері жалпы қалыпты тіршілік етуге ешбір
қауіп туғызбайтын белгілері бойынша жіктелді. Мұндай түрлер, оны білу
әлеуметтік қызметкер үшін қажет, себебі ол жас отбасына әлеуметтік құбылыс
ретінде түсінік береді. Бірақ социум үшін әлеуметтік қауіпті түрлерін, яғни
объектілік немесе субъектілік жағынан өмірлік қиындықтар көріп, мемлекеттік
әлеуметтік қорғау және әлеуметтік қызмет көрсету жүйесі жағынан да,
әлеуметтік- қорғау бағытындағы қоғамдық құрылымдар тарапынан да көмекті
қажет ететін жас отбасылар туралы білген өте маңызды.
Мұндай түрлерді шартты түрде әлеуметтік қауіпті барлық отбасыларына, соның
ішінде жастардың, және тек жас отбасыларына қатысты ғана бөлуге болады.
Мысалы, ағылшын маманы Джилл Г. Барнз әлеуметтік қызметкер жұмыс істейтін
отбасылардың нақты түрлерін көрсете отырып, айырысқан, бір ата- анасы ғана
бар, өгей әкесі немесе шешесі бар, асырып алған ата- аналары бар, мүгедек
баласы бар, кішкентай баласы бар, балаға немесе отбасының басқа мүшелеріне
зорлық көрсететін отбасыларына, өзін-өзі өлтіруге бейім жасөсіпірімдер
балалары бар және т.б отбасыларын атай кеткен. Отбасылық топтарға
терапевтік қызмет көрсетуді ұйымдастыруға арналған анықтама-сөздіктің
ағылшындық авторлары проблемасы бар тағы да отбасы түрлерін көрсетеді.
Отбасылардың осы барлық түрі жас отбасыларының арасынан табылатыны сөзсіз.
Жас отбасыларына тура қатысты әлеуметтік қауіпті отбасылар да бар. мысалы,
отбасына қолдау жасау пробламаларын шешумен айналысатын жұмыстарына
американдықтар шолу жасағанда жас отбасылары, соның ішінде тұңғыш баласы
туар алдындағы және туғаннан кейінгі жас отбасы, екі карьералы отбасылары
кедей отбасылары, кішкентай баласы қайтыс болған отбасы және т.б бөліп
қараған. Отандық әдебиеттерде оралмандардың жас отбасы қолайсыз аймақтарда
тұратын жас отбасылары бөлініп қаралады.
1.3 Жас отбасының әлеуметтік мәселелері
Жас отбасыларына диагностика жасағанда осындай отбасы кездесетін әлеуметтік
проблемалардың сипатына қарай жіктелуде маңызды рөл атқарады. Кез- келген
отбасы кездесетін барлық проблемаларды шартты түрде топтарға бөлуге болады.
Барлық отбасылары өздерінің өмірлік кезеңдерінде экономикалық, медициналық,
психологиялық, заңды және білім алуға байланысты проблемалармен кездесіп
жатады.
Жас отбасылар үшін жиі кездесетін проблемаларға сондай- ақ,
материалдық, тұрғын-үй проблемалары, қарым- қатынасқа түсу және жанжалды
шешу жағдайындағы психологиялық проблемалар жатады. Одан басқа оларға ғана
тән медициналық проблемалары да бар. мұндай отбасында ерлі- зайыптылар
білім алуды жалғастыруда, кәсіптік өсуіндегі қиындықтар көруі мүмкін.
Осы және басқа да проблемалар жас отбасына, олардың репродуктивтік және
тәрбиелік қызметін орындау үшін тұрақсыздануына әсер етеді, бұл қазіргі
демографиялық дағдарысты бастан кешіп отырған, кәмелетке толмағандардың
қылмысының өсуімен кездесіп отырған қазақстандық қоғам үшін ерекше өзекті
мәселеге айналып отыр.
Шешуші теріс рөлді мұнда отбасы қызмет ететін әлеуметтік- экономикалық
жүйенің жалпы тұрақсыздығы ойнайды. Халықтың көп бөлігінің өмір сүру
деңгейінің төмендеуі, нарықтық қатынастарға түсудегі қиындықтар, болашаққа
сенімділіктің жоғалуы, тұрмыс жағдайының нашарлауы, отбасын ана мен балаға
жеткіліксіз әлеуметтік қолдау жұмыссыздық қаупі- осындай барлық объективті
факторлар жас отбасына тұрақсыздықты әкеледі. Олардың теріс әсері
әлеуметтік- психологиялық, яғни субъективтік факторлармен үйлесіп жатады.
Қазіргі жас отбасында ерлі- зайыптылардың рөлдік мінез-құлықтарының моделі,
олардың өмірлік ұмтылысы мен амбициясы жақындада, өзара бір- бірін
толықтыру дәрежесі төмендеді, ол отбасының шынайы өзара әрекетіне ғана
емес, оның сыртқы имитациясына да әкеп соғады. Отбасының тұрақтылығы мен
мықтылығы үшін қажетті психологиялық тұтастық сыртқы, қоғамда қолданылған
түсініктер мен әдептерге сәйкес, қатынастар мен мінез- құлықтардың
көрсетпелі нысандарымен алмастырылады. Осының барлығы, күшейген материалдық-
экономикалық қиындықтар жас отбасының тұрақтылығына теріс әсер етеді,
ондағы жанжалды күшейтеді.
Қазіргі қазақстандық жас отбасының әлеуметтік проблемаларының ішінде
бірінші орында материалдық жағдайсыздық тұр. Қазақстандық жастардың
құндылықтарының ішінде материалдық жағынан қамтамасыз етілуі алдыңғы
орында: республиканың 84,8% жас респонденттері бұл қажеттілікті басқа
базалық және әлеуметтік қажеттіліктердің, соның ішінде сүйікті адамды
табу, отбасын құру, бала өсіру 76,3% сияқты қажеттеліктерден де бірінше
орынға қояды екен. Бұл мәліметтер мәдениет, ақпарат және қоғамдық келісім
Министрлігі мен Қазақстан Республикасының Агенттілігінің бірігуімен
Қазақстан жастары-2000 жобасының шеңберінде жүргізілген статистика
мәліметтерінен алынды. Бірақ Қазақстанның үй шаруашылығының бюджетін
зерттеудің мәлеметтеріне қарағанда 1999 жылғы орта есеппен жан басына
есептегенде 3000 теңгеден төмен ақшалай табысты, яғни өмір сүру минимумынан
төмен табысты бір балалы, бұл көбіне жас отбасылардың 61% ие болған.
Республикадағы кедейлердің әлеуметтік құрамына жүргізілген зерттеулер
көрсетіп отырғандай, олардың негізін бір-екі балалы жас адамдар құрайды
екен. Олардың егде жастағы ата- аналары бұл уақытта зейнеткерлікке шыққан
немесе көмектесуге шамалары келмейтін болып қалған. Балалардың пайда болуы
ерлі-зайыптылардың бірінің ыңғайлы жұмыс уақыты бар басқа жұмысқа ауысуға
мәжбүр болады да, бұл да отбасылық бюджетке теріс әсер етеді.
Әрине, бала дүниеге келгеннен кейін отбасылық шығын жоғарылайды, оның үст
іне қазіргі заманда баланы бағу мен тәрбиелеу бұрынғыға қарағанда әлдеқайды
қымбат.
Жас отбасының материалдық жағдайы мектеп жасына дейінгі мекемелердің
санының қысқаруымен де қиындап отыр. Егер де Қазақстандағы қайта құру
басталғанға дейін мұндай мекемелер саны 3 мыңнан астам болса, жаңа
мыңжылдықтың басында ол-1,3 мың ғана болып қалған. Қазіргі уақытта
балаларды мектеп жасына дейінгі мекемлермен қамту тек 10 пайыз ғана құрап
отыр, бұл 1961 жылдың көрсеткіші. Осы мектеп жасына дейінгі мекемелердің
өзінде оқыту мен тәрбиелеудің, мектепке даярлаудың, тамақтандыру мен
медициналық қызмет көрсетудің, тұрмыстық жағдайлардың сапасының төмендігі
байқалады. Балаларға элитарлы тәрбие беретін мектеп жасына дейінгі
мекемелердің мемлекеттік емес желілері республиканың негізгі халқы үшін қол
жетелік емес.
Сонымен мұндай мектеп жасына дейінгі мекмелердегі балалар саны бар жоғы 10
мың адамды ғана құрайды.
Әсіресе материалдық жағынан әлсіз жалғыз басты аналардың отбасы жатады.
Республикалық Қазақстан әйелдері қозғалысы жиі өткіщіліп тұратын
әлеуметтік сауалнамалардың мәліметтері бойынша жалғыз басты аналардың
отбасындағы айлық жан басына шаққандағы табыс деңгейі соңғы бір-екі жылда 3-
5 мыңнан аспай да қалады екен. Азық- түліктің сапасына қанағаттанбайтын
әйелдер үлесі 2000 жылы 76 пайыз болса, 2001 жылы 85,1 пайызды құраған.
Тұрмысқа шықпаған әйелдердің ортасында 15,6 пайызында баласы бар, оның 70
пайыз бір балалы. Республикада орта есепппен алғанда әрбір екінші әйелде
екінші жұмысы бар, ол да отбасын құрып, баланы толықтай тәрбиелеуге кедергі
жасаймай қоймайды.
Жас отбасының тағы бір өткір проблемасы тұрғын-үй проблемасы. Жоғарыда
аталған, Қазақстан жастары-2000 жобасының шеңберінде жүргізілген
зерттеудің проблемаларының ішінде жас тұлғалардың тұрғын-үйінің болмауы
проблемасы отбасын материалдық жағынан қамтамасыз ету қиын және кәсіптік
білім алудың мүмкіндігі жоқ сияқты проблемалардан кейін төртінші тұрады
екен.
Қазақстанның халық шаруашылығының алғашқы жылдарындағы құрылымдық қайта
ұйымдастыруының экономикалық құлдыруынан, негізінен мемлекет тарапынан
қаржыландырылып тұрған, тұрғын үй құрылысының ауқымы күрт қысқарды.
Нәтижесінде, өзінің тұрғын үй жағдайын жақсартқан жас отбасылар саны
қысқарды, тұрғын-үй қорын қоғамның әртүрлі жіктерінің арасында бөлінуі-
оның бай және халықтың ауқатты жігінің пайдасына шешілуі сияқты өзгерістер
болды. Мемлекеттік жаңа тұрғын-үй саясатының бағдарламасына сай мемлекеттің
әрбір азаматты тұрғын-үймен қамтамасыз ету міндеттемесінен бас тартуы
мемлекеттік тұрғын-үй құрылысының, табысының деңгейіне қатыссыз, тек өз
ақшасына жеке, әрікмнің өзіне тұрғын-үйді сатып алуы немесе салғызуы керек
дегенді білдіреді.
Бұл проблеманы жас отбасылардың шешуіне шет елдік тұрғын-үйді несиеге беру
жүйесінің тиімді тәжірибесі көмектесер еді. Масыла, Германияда халықтың 35
пайызы құрылысқа арналған жинақ ақша туралы келісім- шартқа ие болса, 43
пайыз салынып жатқан тұрығн үйлер осы жүйе ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz