Салықтың атқаратын қызметтері



Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 23 бет
Таңдаулыға:   
Қазақстан Республикасының салық жүйесін жетілдіру мәселелері
Жоспары

Кіріспе
І. Салықтардың экономикалық мазмұны
1.1. Салықтардың пайда болуы және экономикалық мәні
1.2. Салықтың атқаратын қызметі
1.3. Салық элементтері
1.4. Салықтың жіктелуі
II. Қазақстан Республикасының салық жүйесін жетілдіру мәселелері
2.1. Қазақстан Республикасындағы салық салу принциптері
2.2. Қазақстан Республикасының салық жүйесі және оны басқару
Қорытынды
Қолданылған әдебиеттер тізімі

Кіріспе
Қазақстан Республикасы егемендік алып, тәуелсіз мемлекет болғанына да,
міне он алты жылдың жүзі болды. Осы кезең аралығында салық жүйесіне
көптеген өзгерістер енгізілді.
Салықтар мемлекеттің саяси және экономикалық қызметтерін
қаржыландырудың негізгі көзі болып табылады.
Қазақстан Республикасы өз алдына егемендік алып тәуелсіз мемлекет
болғасын, экономиканы дербес түрде басқарды. Мемлекеттік басқару жүйелеріне
көптеген өзгерістер жасалып, бірнеше заң жобалары қабылданды. Оларға
қаншама өзгерістер мен толықтырулар енгізілді. Дамыған мемлекеттер мен
көрші мемлекеттердің жүргізіп отырған саясаттарын сараптай отырып,
өзіміздің ұлттық менталитетке сай, қажетті жақтарын алып отырды.
Салықтарға экономикалық әдебиеттерде әр түрлі анықтама мен түсініктеме
берілген, Мәселен, Салық кодексінде Салықтар - мемлекет біржақты тәртіппен
заң жүзінде белгілеген, белгілі бір мөлшерде жүргізетін, қайтарымсыз және
өтеусіз сипатта болатын бюджетке төленетін міндетті ақшалай жарналар деп
атап көрсетілген.
Салықтар мемлекеттің өмір сүруінің негізі болып саналады. Мемлекетті
ұстау үшін, халықтың ақшалай немесе натуралдық формада тұрақты түрде
төлейтін жарналары қажет болады. Адамзаттың даму тарихында салықтың
нысандары мен әдістері мемлекеттің сұранымдары мен қажеттеріне қарай
бейімделіп, өзгерістерге ұшырап отырды.
Салық - занды актілерге сәйкес салық төлеушілермен жүзеге асырылатын
бюджетке төленетін міндетті төлем. Салық - белгілі бір объектілерден
төленетін төлем. Салық дегеніміз - белгілі бір мерзімде және белгілі бір
көлемде алынатын, заң бойынша қарастырылған міндетті төлемдер.
Экономикалық категория тұрғысынан қарағанда салық - салық төлеушілерден
мемлекетке қарай белгілі бір мөлшерде, белгілі бір мерзімде және
белгіленген тәртіпте бір бағыттағы ақшаның қозғалысы болып саналады.
Салық - тұрақты экономикалық қатынас туғызады. Салық қатынастарының
тұрақтылығы салық төлеу арқылы жүйелі төлемдерге алып бармауы тиіс. Кейбір
салықтарда салық төлеушілер үшін салық төлеу жеке төлемдік сипатта болады
(мысалы, мүлік салығын жеке азаматтар жылына бір рет төлейді) немесе кейде
кенеттен салық төлеу сипаты пайда болады (мәселен, ойламаған жерден жасаған
жұмысына жалақы алады).
Салықтардың қайта бөлу қызметінің көмегімен бюджетте ақша қаражаттары
жиналады, осыдан кейін жалпы мемлекеттік мәселелерді шешуге бағытталады,
әлеуметтік топтардың табыстары арасындағы қатынастарды өзгерту жолымен
әлеуметтік тепе-теңдікті ұстап тұрады.
Салық қызметінің міндеті - бюджеттің табыс бөлігінің орындалуына жауап
беретін бірден бір мемлекеттік орган.
Курстық жұмыстың мақсаты: салық жүйесін, нормативтік актілерді оқуға
және салыстыруға, кемшіліктерін тауып, жетілдіру жолдарын айқындауға
үйрету.
Курстық жұмыс кіріспе, негізгі бөлімнен, қорытынды және қолданылған
әдебиеттер тізімінен тұрады.

I. Салықтардың экономикалық мазмұны
1.1. Салықтардың пайда болуы және экономикалық мәні
Салықтар — тауарлы өндіріспен бірге, қоғамның топқа бөлінуімен және
мемлекеттің пайда болуымен, оған әскер, сот, қызметкерлер ұстауға
қаражаттың қажет болуынан пайда болды.
Салықтың экономикалық мәні - шаруашылық субьектілерінен, азаматтардан
ұлттық табыстың бір бөлігін алу жөніндегі өндірістік қатынастардың бір
бөлігі болып табылатындығында.
Салықтың мәні мемлекет өз пайдасына жалпы ішкі өнімнің (ЖІӨ) белгілі
мөлшерін нақтылы жарна ретінде алып қалады.
Салықтар тауар-ақша қатынастарынан тыс қолданылады. Натуралды
салықтардың мөлшері мен түрі нақты жергілікті жағдайларға бағынған. Мысалы:
1 адамнан 1 құндыз терісі немесе 10 пұт тұз және т.б. алынған. Тауар-ақша
қатынастарының нығаюымен натуралды салықтың рөлі айтарлықтай азайды.
Дегенмен, олар соңғы уақытқа дейін пайдаланылды (1953 жылға дейін жүн,
жұмыртқа, сүт, май өткізген).
Егер екі мемлекет бір-бірімен соғыс жүргізсе, жеңген мемлекет жеңілген
мемлекеттің барлық байлығын тонап алады, болмаса белгілі бір мөлшерде салық
салып отырған.
Қазақстан Республикасының мемлекеттік бюджетінде салықтардың меншікті
салмағы 70 пайызын құрайды.
Салықты материалдық тұрғыдан алғанда - бұл, салық төлеушінің белгілі
бір мерзімде және белгіленген тәртіпте мемлекетке беретін белгілі бір ақша
сомасы болып табылады (салық натуралдық тұрғыда материалдық құндылық болып
саналады).
Салықтың материалдық белгісі - салық төлеуші белгілі бір соманы
мемлекетке міндетті түрде беруі болып келеді.
Материалдық салықтық қатынастар - ақшалай қатынастар, өйткені ол ақша
қаржыларының салық төлеушіден мемлекеттік ақша қорларына жылжуы дегенді
білдіреді.
Салық материалдық тұрғыда белгілі бір ақша сомасын (ақшалай нысанда)
немесе салық төлеушілердің мемлекетке беруі тиіс белгілі бір заттардың
санын (натуралдық заттай нысанда) білдіреді.
Сонымен салықтардың мазмұны мынадай:
• Материалдық категория жағынан — бұл белгілі бір ақша сомасы болса;
• Экономикалық категория ретінде - бұл мемлекеттің табысы;
• Заңдық категория жағынан, бұл заң жүзінде белгіленген міндеттеме
болып табылады.
• Салықтың экономикалық белгілері ретінде келесі көрсетілгендерді
атауға болады:
• Салық - мемлекетке тиесілі қоғамдық жиынтық өнімді бөледі;
• Салық - ақшалай нысанда төленеді;
• Салық — қайтарылмайтын төлем болып табылады;
• Салық - баламасыз сипатта болады;
• Салық - салықты төлеген кезде меншік нысандары айқындалады;
• Салық - тұрақты экономикалық қатынас туғызады.
Салық - мемлекетке тиесілі қоғамдық жиынтық өнімді бөледі.
Мелекеттік аппарат мемлекетке тиесілі ақша сомасын өндірмейді.
Сондықтан мемлекет жеке және заңды тұлғаларға салық салу арқылы қажетті
соманы өндіріп алып отырады. Мұның экономикалық сипаттамасы мемлекет
салықты белгілеу және өндіріп алу арқылы өндірілген қоғамдық жиынтық
өнімнің бір бөлігін өзіне тиесілі сома ретінде айналдырып алады. Бұл жерде
салық қатынасы бөлуші сипатта болады.
Салық — ақшалай нысанда төленеді. Натуралдық нысанда төленуі де мүмкін.
Мәселен, ауыл шаруашылығы саласында жиналған өнімнің бір бөлігі салық
ретінде төленеді.
Салық кодексінде салық ақшалай нысанда төленуі тиіс деп атап
көрсетілген.
Салық - қайтарылмайтын төлем болып табылады. Салықты төлеген кезде ақша
тек бір бағытта ғана қозғалады, яғни салық төлеушіден мемлекетке
бағытталады.
Мұның қайтарымды төлемдерден (мысалы, мемлекеттік қарыз) айырмашылығы:
• Біріншіден, ақша салық төлеушілерден мемлекетке қарай қозғалады;
• Екіншіден, кері қайтады, яғни мемлекеттен салық төлеу—
шілерге бағытталады (қайтарылады).
Ал, қайтарымсыздық дегеніміз — ақшаны мерзімсіз алуды білдіреді, яғни
ол соманың қашан қайтатыны белгісіз.
Салық — баламасыз сипатта болады. Салық құнның ақшалай нысанда бір
бағытта қозғалысын айқындайды, төлеген салыққа қарсы тауар түрінде болса да
қозғалыс жоқ. Толығырақ айтқанда, салық қандай да бір тауарға, немесе
мемлекеттік қызметке төлем болып есептелмейді, яғни ақщаның өтеусіз алынуын
көрсетеді. Сондықтан салық - баламасыз төлем болып табылады.
Салықты төлеген кезде меншік нысандары айқындалады.
Салықты төлеген кезде меншік нысандары ақша қаражаттарына,
немесе материалдық құндылықтарда жеке меншіктен мемлекеттік
меншікке өтеді (ауысады). Анығын айтқанда, салық салу мемле-
кетке тиесілі меншіктерді иеліктен шығарады, ал меншік иелері
арасындағы туындайтын салық қатынастарында мемлекет жеке
меншіктен мемлекеттік меншікке салық төлемдерінде меншік
құқықтарын өзгерте алады.

1.2. Салықтың атқаратын қызметтері
"Салық экономикалық категория ретінде және өзінің қалыптасуы барысында
мынадай үш қызметті атқарады.
Салықтың ең бірінші кезектегі атқаратын қызметі, бұл - қазыналық.
Мемлекет өз қазынасын толықтыру мақсатында табыс көздерін жасайды. Салық
төлеушілерге нормативтік құқықтық а-тілер негізінде салық және бюджетке
төленетін басқа да міндетті төлемдерді есептейді, салық ставкалары мен
төлеу мерзімін белгілейді. Салықтардың қазыналық қызметі-түрлі субъектілер
габысыньің бір бөлігі мемлекет пайдасына өтеді. Салықтың қазыналық қызметі
арқылы мемлекеттік бюджеттің кіріс бөлігі құралып, салықтың қоғамдык
міндеті артады.
Салықтың келесі қызметтерінің бірі - бақылау (реттеу). Мемлекет
экономиканы дамыту жолында салықтық реттеу процесі арқылы экономиканың
кейбір салаларын дамытуды ынталандырады және қажет жағдайда тежеп отырады,
салық жеңілдіктері жасалады, салық ставкаларын төмендетеді. Бюджетке түскен
салық түсімдерін реттейді және бақылап отырады. Кез келген қызмет түріне
бақылау жасау қажет. Ал енді салық түсімдеріне бақылау өте қажет екені
даусыз. Мемлекет бюджеттің кірісі мен шығысын есептейді, соған сәйкес өз
қызметін атқарады.
Салықтардың бақылау қызметінің арқасында салық жүйесінің тиімділігі
бағаланады, қаржы ағымдары мен қызмет түрлеріне бақылау қамтамасыз етіледі.
Сальқтық келесі атқаратын қызметтерінің бірі - қайта бөлу. Бюджетке
түскен салық түсімдерін қаржыландыруды қажет ететін бағдарламалар жобасына
сәйкес және әр салаларға мақсатқа сай бөлінуін қарастырады. Салық
түсімдерінің мақсатқа сай және өз уақтысын да жұмсалуына қадағалау жасайды.
Салықтың қайта бөлу қызметі мемлекетке салықты қоғамдағы экономикалық
және әлеуметтік процестерге әсер ету құралы ретінде қолдануға мүмкіндік
береді.
Салық - бірінші кезекте, бюджет саясатын жүзеге асыра отырып,
мемлекетгік бюджетті толықтыруды көздейді. Осы бюджетке түскен салық
түсімдеріне қайдан келеді және қайда кетеді жөнінде бақылау жасайды. Ал
енді осы қызметтердің қорытындысы ретінде бюджетке түскен салық және
салықтық емес түсімдерге қайта бөлу жасалады.
Мұның мақсаты — мемлекет әділетті түрде өз шығындарын да жаба отырып,
елдің әлеуметтік топтарына да қолдау көрсетіп, басқа да шығыстарды жаба
білу.
Көптеген экономикалық әдебиеттерде салықтардың бірнеше қызметтері атап
көрсетілген. Мәселен, ынталандырушы. Салықтардың ынталандырушы қызметінің
көмегімен мемлекет өндірістің және басқа да шаруашылық субъектілерінің
дамуын ынталандырады. Сонымен қатар салық жеңілдіктерін, төмен пайызды
салық ставкаларын енгізеді.
Салықтардың ынталандырмайтын қызметі оларды басу мақсатында әрекеттің
қандай да бір түріне арнайы салықты енгізу жолымен жүзеге асырылады.
Салықтық емес түсімдер - Қазақстан Республикасының Салық кодексінде
белгіленген, негізгі капиталды, грантгарды сатудан түсетін түсімдерге
жатпайтындардан басқа, Қазақстан Республикасының басқа да заңнамалық
актілерінде белгіленген бюджетке төленетін міндетті, қайтарылмайтын
төлемдер, сондай-ақ, ресми трансферттерден басқа, бюджетке өтеусіз негізде
берілетін ақшалар.
Салық теориясы - салық маңызы мен қызметі туралы ғылыми білім және
ұғымдардың жүйесі, мемлекеттік қаржы қызметіндегі олардың ролі.
Салық несиесі- салықты төлеу мерзімінің өзгеру ін өрнектейтін жеңілдік.
Салық режимі - салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті
төлемдерді төлеу жөніндегі барлық салық міндетгемелерін есептеу кезінде
салық төлеуші қолданатын салық заңдары нормаларының жиынтығы.

1.3. Салық элементтері
Салық элементтері — салық заңы регламенттелген салықтың қолданылу
жағдайын анықтайтын құрамдас бөліктерінің жиынтығы. Салықтың бірнеше
элементтері бар, атап айтқанда:
- салық субъектісі;
- салық объектісі; салық көзі;
- салық мөлшері;
- салық жеңілдіктері;
- салық ставкасы;
- салық кезеңі;
- салықты есептеу тәртібі;
- салық есептілігі;
- салықты төлеу тәртібі
Салық субъектісі — заңды немесе жеке тұлға, яғни салықты өлеушілерді
атаймыз.
Салықты төлеушілер:
- қызметкерлер- өз еңбегімен материалдық және материалдық
емес игілік жасайтын, сонымен бірге белгілі бір түсім алатындар, яғни жеке
тұлғалар;
- шаруашылық субъектілері - капитал иелері, яғни заңды тұлғалар.
Салық төлеуші - салықты және бюджетке төленетін басқа да міндетті
төлемдерді төлеуші болып табылатын тұлға.
Тұлға - жеке тұлға және заңды тұлға болып бөлінеді.
Жеке тұлға — Қазақстан Республикасының азаматы, шет мемлекеттің
азаматы, азаматтығы жоқ адам.
Салық тасымалдаушылар - іс жүзінде салық ауыртпалығы түсетін жеке
тұлғалар, соңғы салық төлеушілер, яғни мемлекет азаматтары.
Заңды тұлға — Қазақстан Республикасының немесе шет мемлекеттің
заңдарына сәйкес азаматтық, оның ішінде шаруашылык құқықтар мен міндеттер
субъектісі ретінде әрекет ететін ұйым (шетелдік заңды тұлға) немесе
кәсіпорын. Шет мемлекеттің заңдарына сәйкес құрылған компания, ұйым немесе
басқа да корпорациялық құралым. Заңды тұлғаның өз балансы, елтаңбасы, мөрі
және банкіде есеп айырысу шот есебі болады.
Салық кодексінің мақсаттары үшін олар құрылған шет мемлекеттің заңды
тұлғасы мәртебесіне ие ме, жоқ па - оған қарамастан дербес заңды тұлғалар
ретінде қарастырылады.
Салық объектісі — салық есептелетін база, яғни салық не үшін төленетін
қарастырады, мәселен: табыс, мүлік, тауар, мұра, жер және т.б. Осы
аталғандардан салық төленеді.
Мүлік жылжитын және жылжымайтын мүлік болып бөлінеді.
Тауар - қажеттілік пен тұтынуды қанағаттандыратын зат. Айналымнан
алынбаған, сатуға немесе айырбасқа арналған кез келген еңбек өнімі болып
табылады.
Мұра - қайтыс болған азамат мүлкінің оның мұрагерлеріне көшуі. Көптеген
мемлекетгерде мұраға салық салынады.
Жер - белгілі бір өлшемдегі пайдалану мүмкіндігі орасан зор табиғи
байлық. Күнделікті пайдаланылады.
Салық көзі — салық төлеу үшін белгіленген және қолданылатын ақша
қаражаттары, бұл — жалақы, кіріс, дивидендтер, яғни салық неден
төленетіндігін анықтау.
Салық көзі — салық төлеуге арналған немесе қолданылатын ақша қаржылары.
Салықтың займдық қаржылар көзі тек мәселенің қысқа мерзімде шешілуін
көрсетеді. Макроэкономикалық деңгейде салық төлеудің негізгі көзі ретінде -
ұлттық табыс қатысады.
Салық төлеушілердің салық төлеу үшін негізінен 5 көзі бар:
- табыс;
- қор және жинақ;
- өндірістік капиталдың ақша бөлігі, айналым қаражаттары
қорын қоса алғанда;
- қаражаттар, мүлікті өткізуден түскен, оның ішінде өндірістік
капиталдың мүліктік бөлігі, негізгі қорды қосқанда;
- қарыз қаражаттары.
Табыс — ұлттық табысты бөлу барысында мемлекетке, кәсіпорынға, мекемеге
немесе жеке тұлғаға түсетін ақшалай немесе материалдық ресурстар. Салық
төлеушілердің, яғни жеке және заңды тұлғалардың салық төлеу көздерінің
айырмашылықтары бар. Салық төлеушілердің табыстары, бұл кімнің табысы болып
саналатынына байланысты болады және бірнеше нысандары бар:
тауарды (жұмыс, қызмет) өткізуден түскен табыс;
дивидендтер, рента;
сыйақы, ұтыстар, роялти;
жалақы, зейнетақы, стипендия, сақтандыру төлемдері
Қор — мемлекеттің, кәсіпорынның немесе жеке тұлғаның әлде бір мақсатқа
арналған ақша қаражаты немесе материалдық құндылықтар.
Жинақ — кәсіпорынның немесе жеке тұлғалардың банкілерге және жинақ
мекемелеріне салған, әдетге, талап ету мерзімі көрсетілмеген ақшалай
қаражаттар.
Айналым қаражаттары — өнім өндіру мен өткізудің жоспарлы және үздіксіз
процесін қамтамасыз ететін өндірістік айналым қорлары мен айналыс қорларын
құру үшін бірлестіктерге, кәсіпорындарға, ұйымдарға авансыланған ақшалай
қаражаттың жиынтығы.
Қарыз қаражаттары — бір жақ (қарыз беруші) екінші жаққа (қарыз алушыға)
меншікті немесе оперативті басқаруды, ақшаны немесе түр-түсі белгіленген
заттарды табыстайтын, ал қарыз алушы сол тектес және сапасы сондай затты
немесе ақшаны қайтаруға міндеттенетін шартқа сәйкес берілетін қаражаттар.
Рента — алушыдан кәсіпкерлік қызметті талап етпейтін капиталдан,
мүліктен немесе жерден ұдайы алынып отыратын табыс, көптеген капиталистік
елдерде — меншік иесінің мемлекетгік заем облигациялары бойынша алатын
табысы.
Жалақы—біріншіден, әрбір қызметкер жұмсаған еңбектің саны мен сапасына
қарай бөлініп, олардың жеке тұтынуына берілетін ұлттық табыстың ақша
түріндегі табысы; екіншіден, еңбек үшін сыйақы.
Салық мөлшері — салық төлеушінің табысына қарай алынатын салық сомасын
білдіреді және ол шекті, жеңілдікпен, орташа, нөлдік болып бөлінеді.
Салықтың шекті мөлшері — табыстың әр қосымша бірлігінен түсетін үстеме
салықты білдіреді, мәселен жеке табыс салығы, әлеуметтік салық, жеке
тұлғалардың мүлік салығы.
Салықтың жеңілдік мөлшері болады, оны мемлекет өз тарапынан белгілі бір
салық төлеушілерге әлеуметгік жағдайын ескере отырып, салық ставкалары
бойынша жеңілдік жасайды (мәселен, салықты төлеу мерзімін ұзартады,
мүгедектерге немесе жалғыз басты азаматтарға, көп балалы аналарға,
мемлекетке еңбек сіңірген азаматтарға және басқа да).
Салықтың орташа мөлшері деп салық төлеушінің табыстарын орта есеппен
алады да, сол сомадан салық төлейді. Мысал ретінде патентті алуға болады.
Бюджетке түсетін салық түсімдерін есептеу үшін салықтың орташа мөлшері
қолданылады.
Ал, нөлдік салық мөлшері, бұл салық төлеуден босатылады (мысалы,
қосылған құн салығында нөлдік ставка бойынша салық төлеушілер бар.
Салық жеңілдіктері — төлем қабілетін, қоғамдық өндіріске қатысу және
басқа да факторларды ескеріп заңмен қарастырылған жалпы ережеден шығару.
Салық жеңілдіктері — заңға сәйкес салық төлеушіні біртіндеп немесе салық
төлеуден түгел босату. Салық жеңілдіктерін бірнеше белгілер бойынша
топтауға болады:
1. Салық субъектілері бойынша жеңілдіктер. Салық төлеушілердің
өзіне салық жеңілдіктері беріледі. Жеке тұлғалардың мүлік салығында
мерзімді қызметтегі әскери қызметшілер мерзімді қызметтен өту (оқу)
кезеңінде салық төлеуден босатылады.
2. Салық объектісі бойынша жеңілдіктер. Бұл жерде салық салу
обьектілеріне жеңілдік беріледі. Мысалы: көлік құралдары салығында
мамандандырылған медициналық көлік құралдары салық төлеуден босатылған.
3. Салық базасы бойынша жеңілдіктер. Мәселен, жеке табыс салығы бойынша
салық базасына мемлекеттік бағалы қағаздармен және агенттік облигациялармен
жасалған операциялардан түскен табыс қосылмайды.
4. Салық ставкасы бойынша жеңілдіктер. Корпорациялық табыс салығында
салық төлеушілер негізінен 30 пайыздық ставка бойынша салық төлесе, негізгі
өндіріс құралы жер болын табылатын салық төлеушілер 10 пайыздық ставка
бойынша салық төлейді.
5. Салық кезеңдері бопынша жеңілдіктер. Мәселен, қосылған құн
салығы бойынша салық кезеңі — күнтізбелік ай болса, ал ауыл шаруашылық
өнімдерін өндіруші заңды тұлғалар үшін салық кезеңі бір жыл болып табылады.
6. Салықты есептеу тәртібі бойынша жеңілдіктер.
Шағын бизнес субъектілерінің белгілі бір белігі оңайлатылған декларация
негізінде салық төлейді.
7. Салық төлеу тәртібі бойынша жеңілдіктер.
Мәселен, шағын бизнестің кейбір субъектілері салықты бір жолғы талон немесе
патент негізінде төлейді.
Салық ставкасы — салық базасының өлшем бірлігіне салық есептеулерінің
шамасын білдіреді. Салық ставкасы — салық салу объектісіне пайызбен
бекітілген салық мөлшері. Салық ставкасы — салық өлшемі ретінде
қарастырылады. Салық ставкасы салық базасының өлшем бірлігіне пайызбен
немесе абсалютті сомамен белгіленеді.
Салық ставкасы бірнеше белгілер бойынша жіктеледі:
1. Салық сомасын анықтау тәсілі бойынша:
- тең;
- тұрлаулы (қатаң);
- пайызды.
Тең ставка - кез келген салық төлеушіге бірдей мөлшерде салық сомасы
белгіленеді. Тұрлаулы ставка - салық салудың әрбір бірлігіне бекітілген
салық мөлшері. Мысалы, өндірілген акцизделетін тауарлардың әрбір литріне ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қазақстан Республикасының салық жүйесі және оның элементтері
Қазақстандағы салық жүйесiнің жалпы сипаттамасы
Салық Басқармасы ұйымының қызметі
Салық жүйесінің мәні мен мазмұны. Қазақстан Республикасының салық жүйесі
Салық жүйесінде әлеуметтік салықтың ролі
Салық салу туралы
Салық жүйесінің экономикалық ролі және салық механизмі
Алықтардың экономикалық мәні
Қазақстан Республикасының салық жүйесі: реформалау мәселері және даму тенденциялары
Көлік салығының нарықтық экономикадағы маңызы
Пәндер