Салық Басқармасы ұйымының қызметі



Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 19 бет
Таңдаулыға:   
Жоспар
Кіріспе
1. Жуалы ауданы бойынша салық басқармасының жалпы сипаттамасы
1.1 Даму тарихы
1.2 Басқару апаратының құрылымы және олардың атқаратын қызметтері
1.3 Салық басқармасының бөлімшелерінің құрылымы және қызметтері
2. Жуалы ауданы бойынша салық басқармасының 2007-2008 жылдар аралығындағы
салықтардың бюджетке түсуін талдау
2.1 Мемлекеттік бюджетке түсетін түсімдерді талдау
2.2 Республикалық бюджетке түсетін түсімдерді талдау
2.1 Жергілікті бюджетке түсетін түсімдерді талдау
2.4 Бюджетке түсетін салықтардың түсімін тексеру нәтижелері
3. Салық жүйесін жетілдіру жолдары
Қорытынды
Қолданылған әдебиеттер тізімі

КІРІСПЕ
Мемлекеттің тұрақты экономикасын құруда салықтар маңызды орын алады.
Экономикалық мазмұн тұрғысынан салық дегеніміз тұрғын, кәсіпорын (фирма)
мен ұйымдардан заңға негізделіп алынатын міндетті төлем жүйесі. Салық
мәселесі мен салық салудың тамыры ғасырларға тереңдеп кеткен. Салық –
нарықтық қатынастардың бір бөлігі, оның қызмет етуі елдегі экономикалық
реформалардың нәтижелілігімен тығыз байланысты.Өз кезегінде жүргізілген
салықтық реформаның тиімділігі мемлекеттің экономикалық дағдарысын,
проблемаларын шешуші қызметін атқаруда. Яғни салық – бұл белгілі бір
көлемде, белгілі бір мерзімде жалпы мемлекеттік қажеттіліктер үшін өкілетті
мемлекеттік органдардың актілері негізінде бюджетке төленетін заңды және
жеке тұлғалардың қайтарымсыз төлемдері.
Салық мәселесімен А.Нұрымов, Б.Ермекбаева, Н.Мамыров, К.Ілиясов,
Ө.Шеденов, Құлпыбаев сияқты белгілі ғалымдар айналысады.
Бүгінгі күні еліміздің салық жүйесі біршама өзгерістерге ұшырап,
дамып және нығайып келеді. Мысалы, 2006 жылғы Елбасының Жолдауына зерделей
үңілгенде мұндағы әр тұжырым мұқият зерттеулермен, сараптаулармен, нақты
болжаулармен түйінделгенін ұғынамыз. Президент биылғы Жолдауында
Қазақстанның әлемнің бәсекеге барынша қабілетті әрі серпінді дамып келе
жатқан мемлекеттерінің қатарына қалай қосылуы жолындағы негізгі жеті басым
бағытты айқындаған екен. Сол басымдардың ішінде салық мәселесіне біршама
өзгерістер енгізілді. Екінші басым бағыт Қазақстанды жаңа белеске көтеру-
тұрлаулы экономикалық өрлеудің іргетасы болмақ. Яғни экономикалық саланы
жаңарту және жаңғырту, қарқынды дамыту жолдарын ұстануымыз қажет деп
қарастырылған. Мысалы, екінші басымдықты нақты іске асару мақсатында
Президент Үкіметке мыналарды тапсырды:
Валюталық операцияларды жүзеге асару тәртібін оңайлату арқылы
Валюталық реттеу туралыЗаңға тәуелді актілерді әзірлеу жұмыстарын
аяқтайтын болсын.
2007жылдан бастап қосымша құн салығының ставкасын 1% -ға , ал 2008-
2009 жылдары қосымша тағы да 1-2%-ға азайту.
2008жылдан бастап әлеуметтік салық шамамен 30% -ға азайтылып, ол жұмыс
берушілерді жұмысшылар жалақысын өсіруге ынталандыруы керек.
2007жылдан бастап, барлық жеке тұлғалар үшін табыс салығының 10%-дық
белгіленген мөлшерлемесі енгізілсін. Еңбек ақысы аз жұмысшылар санатының
табыс деңгейін сақтау мақсатында айлық есептік көрсеткіштің орнына олардың
салық салынатын табысынан ең аз жалақы мөлшерін алып тастауды ұсынамын.
2007 жылдың 1 қантарынан бастап шағын бизнес субъектілері үшін салық
салудың кемітілген бірыңғай мөлшерлемесі енгізілсін.
Алты ай ішінде жоғарыда айтылған Салық қызметінің арнайы бөлімін құру
жөнінде нақты ұсыныс әзірленсін және т.б.
Салықтар – мемлекет қаржысының тұрақты қайнар көзі болып табылады.
Мемлекет салықтарды экономиканы дамыту, тұрақтандыру барысында қуатты
экономикалық тетік ретінде пайдаланады. Салықтар мемлекеттің егемендігінің
бір көрінісі. Осынысымен салықтар мемлекет меншігі мен заемдарынан түсетін
табыстан ерекшеленеді.
Аталған жұмыстың мақсаты – мемлекеттің экономикалық тұрақтылығын
қамтамасыз етудегі салықтардың алатын орны мен рөліне талдау жасау болып
табылады.
Есеп берудің жұмысының міндеті – қойылған мақсатқа жету, ол үшін
салықтың мәнін, мазмұнын, атқаратын қызметін, шет елдік салық салу
тәжірибесін, салық салу саясатының даму жағдайын, оны жетілдіру жолдарын
теориялық тұрғыда қарай отырып, оны практикамен ұштастыру, қорытынды жасау
болып табылады.
Есеп беруде жұмыста Қазақстан республикасының салық жүйесіне толық
сипаттама берілген. Қазіргі кездегі салықтардың мәнін, маңызын, нарықтық
экономикадағы алатын орнын, негізгі проблемаларын және жетілдіру жолдарын
қарастырдық.
Салық салудың негізгі мақсаты – мемлекет қазынасын толтыру, еліміздің
экономикасын дамыту, әлеуметтік жағдайды жақсарту және кәсіпорын, тұрғындар
қаржыларын қоғамдық қажеттілікке тарту болып табылады.
Салықсыз мемлекеттің және онымен байланысты барлығының да өмір сүруі
мүмкін емес. Қазіргі кездегі салықтардың маңызы мен рөлі мемлекеттік
органдарды қаржы ресурстарымен қамтамасыз етумен шектелмейді. Салықтар
ұлттық табысты мемлекеттендірудің басты құралы. Олардың макроэкономикалық
рөлі артып келеді, мұны ЖҰӨ-нің көлеміндегі салық үлесінің ұлғаюынан көруге
болады. Салықтар экономикалық белсенділікті арттырудың, ұдайы өндіріс
процесіне әрекет етудің басты бір тұтқасы ретінде – жаңа сипатқа ие болуда.
Мұндай ықпал көп бағытта жүргізуде.
Аталған жұмыстың құрылымы кіріспеден, үш бөлімнен, қорытындыдан және
қолданылған әдебиеттерден тұрады.

1.Жуалы ауданы Салық басқармасыны ң қызметінің жалпы сипаттамасы
1.1 Даму тарихы

Жуалы ауданының Салық басқармасы 1991 жылы 4 маусымда салық
Инспекциясы деп атанды. Басқарманың ең алғашқы басшысы 1997 жылы Бастов
Сайлаубек Алтаевич болып тағайындалады. Сол сәттен бастап Салық инспекциясы
Салық Басқармасы болып аталып кетеді. Қазақстан Республикасындағы салық
төлеу міндеттемесі азаматтардың конституциялық міндеттемесіне енгізілген.
Қазақстан Республикасының Конституциясында тек қана салық төлеу емес,
сонымен бірге алымдар және басқа да міндетті төлемдер туралы айтылған.
Салық салу ісін ұйымдастыруда және іске асыруда негізгі жұмысты аудан
бойынша салық комитеттері жүргізеді десек артық болмайды.Жуалы ауданы
бойынша салық комитеті мынадай бөлімдерден құралған:
- салық әкімшілдігін өңдеу және қабылдау бөлімі;
- салық аудиті бөлімі;
- салықты мәжбүрлі түрде өндіріп алу және қосалқы салықтар бөлімі;
заңгер бөлімі;
- есеп жүргізу және ақпараттық технология бөлімі;
Енді, Жуалы ауданы бойынша Салық Басқармасының жалпы ережелерін және
әрбір бөлімнің негізгі қызметтері мен міндеттерін қарастырып өтейік.
Салық Басқармасының ақаратын қызметтері:
- өз аумағындағы салық заңдарының сақталуын, бюджетке түсетін
салықтар мен басқа да міндетті төлемдерді бақылауды жүзеге асырады;
- салық комитетінің салықтық есебінде тіркелген салық төлеушілердің
аудитін және мониторингін жүзеге асырады;
- салық заңдарын қолдануына байланысты салық төлеушілердің арасында
түсіндірме жұмыстарын жүргізеді;
- салық заңдарының бұзылуы бойынша өтініштің қатынастың және басқа да
ақпараттың тексерулерін жүргізеді;
- барлық деңгейлердегі бюджетке түсетін салықтар мен төлемдердің,
алымдардың қортындысы бойынша белгіленген тәртіпте есептемені жүзеге
асырады;
- кадрлар квалификациясын жоғарлату мақсатында іс-шаралар
ұйымдастырады.
Салық Басқармасының негізгі міндеттері:
- салықтардың және басқа да міндетті төлемдердің барлық деңгейлердегі
бюджеттерге толық және уақытында түсуін қамтамасыз ету;
табысты кеміту немесе жасыру мақсатында салық төлеуден және басқа да
төлемдерден жалтаруға жол бермеу;
- бюджетке салықтарды төлемеу және басқа да қаржылық міндеттемелерді
мемлекет алдында орындамауына байланысты фактілерді анықтау;
- салық төлеушілерге олардың құқықтары мен міндеттерін түсіндіру,
уақытында салық заңдарының өзгеруі жөнінде салық төлеушілерге ақпарат беру;

Салық Басқармасы ұйымының қызметі.
Комитетті төраға басқарады. Салық Басқармасы тікелей Алматы облысы
бойынша Салық Басқармасынабағынады және жергілікті атқарушы органдарға
кірмейді. Салық Басқармасының төрағасы салық комитетінің жұмыстарын
басқарады, ұйымдастыруды және қойылған міндеттердің орындалуы мен
функциялардың іске асуына жауап береді. Комитетті қаржыландыру
республикалық бюджет қаражатынан бөлінеді.
Салық Комитетінің Заң актілеріне сәйкес мынадай құқықтары бар:
-салықтарды есептеуге және төлеуге байланысты барлық жеке және заңды
тұлғалардың ақшалай құжаттарына, бухгалтерлік кітаптарға, есептемелерге,
сметаға, ақшалардың толықтығына, бағалы қағаздарға және басқа да құжаттарға
тексерулер жүргізуге құқығы бар;
- салық заңын, салық санкцияларын және айыппұлдарды бұзған ұйымдардың
лауазымды тұлғаларына және азаматтарға Заңға сәйкес белгілі бір іс-
шараларды қолдану;
- салық заңын бұзған жағдайда салық комитеті құжаттарды, ақшалай және
материалдық қаражаттарды алуға құқылы.
- бюджетке төленетін салық және басқа да төлемдерді төлеу бойынша
ұйымдар мен тұлғаларға салықтық жеңілдіктерді ұсыну;
- салықтарды, айыппұлдарды, пеняларды уақытында төлемеген жағдайда
Қазақстан Республикасының Салық Заңына сәйкес, ұйымдардың және азаматтардың
жылжитын және жылжымайтын мүліктерін, ақшаларын есептеп алу.

1.2 Басқару аппаратының құрылымы және олардың атқаратын қызметтері








Басқарма бастығы -М.Т. Танагөзов
Басқарма қызметіне жалпы басшылық жүзеге асырады, мемлекеттік үкімет
органдарында салық басқармасын таныстырады және кадр саясатын белгілейді.
Бастықтың орынбасары-Ж.Тлеулес
Карарындағы бөлімдердің жұмысына жалпы бақылауды жүзеге асырады,
қойылған міндеттерді уақтылы және сапалы орындалуын ұйымдастырады.
Есепке алу, есептілік және ақпараттық технологиялар бөлімінің бастығы-
Ш.Е.Андабекова
Бөлім қызметкерлерінің функционалдық міндеттері бойынша бөлім бастығы
жұмысты ұйымдастырады және жалпы басшылық жасайды. ҚР ИСАЖ бағдарламасында
салық түсімдерін базасының толық болуын бақылайды; Облыстық Салық
Департамаентінен келген орталықтандырылған тапсырмаларын және салық
басқармасының басшы тарапынан берілген тапсырмаларды сапалы әрі толығымен
орындалуын қадағалайды. Салық басқармасының бөлімдеріне берілетін
мемлекеттік, республикалық және жергілікті бюджетке алдын –ала түсетін
салықтар мен төлемдердің нақтылы берілуіне бақылау жүргізеді; Бюджет кіріс
жіктемесінің тиісті кодына салық және басқа да міндетті сомасының дұрыс
енгізуін қадағалау; Экономикалық қызметтің түрлері бойынша төленетін салық
және де бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдердің сомасы туралы
есепті дайындау; Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер
сомасының түсімдер туралы 1-Н есебін уақытылы дайындау.
Салық басқармасының құрылымы штат кестемен тығыз байланысты. Салық
Басқармасы 4 бөлімнен тұрады. Оларға: аудит бөлімі, есеп жүргізу және
ақпараттық технология бөлімі, салықты мәжбүрлі түрде өндіріп алу және
қосалқы салықтар бөлімі, салық әкімшілдігін өңдеу және қабылдау бөлімі.
Штат кесте 25 адамнан тұрады. Басшылық-2 адам: төраға және төраға
орынбасары; бөлім бастығы-4 адам; бас салық инспекторы-9 адам; жетекші
салық инспекторы-5 адам, маман-5 адам.
Жуалы ауданы бойынша Салық басқармасының барлық бөлімдері салық
комитетінің құрылымдық бөлімшесі болып табылады. Салық Басқармасы өзінің
қызметтерін Қазақстан Республикасының Конституциясына сәйкес жүзеге
асырады.

1.3 Салық Басқармасының басқармасының бөлімщелерінің құрылымы және
атқаратын қызметтері
Жуалы ауданы бойынша Салық Комитетінің негізгі бөлімдері:
Салық әкімшілдігін өңдеу және қабылдау бөлімі.
Бұл бөлімнің бастығы өз қызметкерлері және бөлімнің атқаратын
қызметтері үшін жауап береді. Бөлім бастығы әр қызметкерге өзінің атқаратын
жұмысын тапсырады. Бұл бөлімде төрт бас салық инспекторы, екі жетекші салық
инспекторы, бір маман жұмыс істейді.
Әрбір салық инспектор өз қызметі және участогы бойынша жауап береді.
Мысалы: жетекші салық инспекторы патент берумен айналысады, бас салық
инспекторы ауыл шаруашылық қожалықтары мен өз округі бойынша, басқа бас
салық инспекторы тек заңды тұлғалармен жұмыс істейді. Бұл бөлімде салық
төлеушіні салық есебіне бірыңғай тіркейді. Бірақ бұның алдында кәсіпкер
мемлекеттік тіркеуден өту үшін алым төлеу керек.
Салық әкімшілдігін өңдеу және қабылдау бөлімі мемлекеттік
қызметкерлерден және заңды тұлғалардан декларация қабылдау, күәлік беру,
СТН, патент беру, басқа салық түрінен төлеушілердің тіркелуі және есебі
туралы кітап жүргізеді.
Салық аудиті бөлімі.
Аудит бөлімінің қызметкерлері мыналарға жауап береді: салық заңдарын
сақтау, мемлекеттік құпияны, қызмет және салық туралы мәліметтерді
жарияламау, лауазымды құрылымға сәйкес бөлімнің ережелерін сақтау. Осы
бөлімнің және басқа да бөлім қызметкерлерінің құқықтың және әлеуметтік
қорғалуы Қазақстан Республикасы Президентінің Салық және бюджетке
төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы заңымен жүргізіледі.
Бөлім бастығы кәсіпорындарға, ұйымдарға, мекемелерге және кәсіпкерлік
қызметпен айналысатын тұлғаларға сапалы түрде тексерулерді қамтамасыз ету
мақсатында жұмыстарды ұйымдастырады.
Салықтың аудит бөлімінің негізгі қызметі:
құжаттық тексерулер жүргізу;
кәсіпорындардың жабылуына байланысты тексеру жүргізу;
салық комитетіне түскен арыздарды, өтініштерді тексеру;
хронометраждық зерттеу жүргізу арқылы патент құнының дұрыстығын тексеру
және т.б.
Салықты мәжбүрлі түрде өндіріп алу және қосалқы салықтар бөлімі.
Бөлімнің басты қызметі мен функциялары мемлекеттің салық саясатының
квалификациялық түсіндірмесін беру, салықтық заңның сұрақтарының дұрыс және
бірыңғай қолдануын, кәсіпорындардан төленбеген салықтарды және мемлекет
алдында салықтың борыштарын мәжбүрлеп өндіріп алу.
Функциялық тапсырмаларды орындау кезінде Қазақстан Республикасы Қаржы
Министрлігінің инструкциясына сәйкес іс жүргізеді.
Бөлім бастығы салықты мәжбүрлеп алудың дұрыс орындалғанын қадағалап,
бақылап отырады.
Бөлімнің негізгі қызметтері:
салық төлеушілердің бюджетке төленбеген қарыздарын анықтау, талдау;
салық төлеушінің есеп шотынан салықты өндіріп алу туралы үкім шығару;
салықтан қарызы бар салық төлеушілердің банктегі шоттарын тексеру;
салық төлеушілердің мүліктерін тәркілеу;
Құқықтық қамтамасыз ету немесе заңгер бөлімі.
Негізгі қызметтері:
салық комитетін Заңдармен, нұсқаулармен, өзге де заңнамалық кесімдермен
қамтамасыз ету;
соттарда, құқық қорғау органдарында салық комитетінің мүддесін қорғау.

2.4 Бюджетке түсетін салықтардың түсімін тексеру нәтижелері

Кесте- 2008 жылы Жуалы ауданының бюджетіне түсетін салықтар және
басқа да міндетті төлемдер.





















Жуалы ауданы бойынша 2008 жылды есебі бойынша 2007 жылмен
салыстырғанда бюджетке түсетін салықтар және басқа да міндетті төлемдер
көлемінің жоғарлағанын байқаймыз. Бюджетке түскен салықтар мен басқа да
міндетті төлемдердің түсу көлемін -кестеден көруге болады.
Бюджетке түсетін салықтар мен міндетті төлемдерді жинау жоспары
104,4%-ға орындалды.
2008 жылғы болжам бойынша бюджетке 247772мың теңге түсуі керек, ал
нақты түскен ақша 256739,4 ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Сақтандыру нарығы мемлекеттік реттеудің объектісі ретінде
Денсаулық сақтау саласын жетілдіру
Мүліктік сақтандыру түрлері
Кеден ісін басқаруды ұйымдастырудың теориялық негіздері
Сақтандыру жарнасын есептеу тәртібі
Қазақстан Республикасының кедендік бақылаудың формалары мен принциптері
Еңбекақы бойынша есеп айырысу аудиті
Сақтандыру нарығы
Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік шекарасы арқылы өткізілуін жеделдету мен жеңілдетуге жағдайлар жасау
Сақтандыру қызметінің қалыптасуы
Пәндер