Мемлекеттік туристік органдар


Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 41 бет
Таңдаулыға:   

Кіріспе

Соңғы уақыттың ішінде «туризм» түсінігі айтарлықтай өзгерді. Егер бұрын туризм белсенді демалу түрлерінің бірі ретінде анықталса, қазіргі кезде осы түсінік бойынша тек бұл сала түрінің мемлекет ішінде қолданылады. Ал бұл терминді шетел мемлекеттеріне қолданса, оның мәні айтарлықтай өзгере кеңейе бастайды, яғни, туристер шетелге әртүрлі себептермен шығады (мысалы, іскерлік туризм, сауықтыру туризмі, рекреациялық туризм, спорттық туризм, білім туризмі. )

Туризм географиясының құрамында тарихи-мәдени компонент маңызды орын алады, өйткені, әлемнің көптеген қалалары туристерді тек өздерінің жағымды климаты және табиғи ландшафттың әдемілігімен ғана емес, сонымен қатар тарихи және мәдени ескерткіштерімен қызықтырады.

Өзінің пайда болуымен туризм әлемнің географиялық аймақтардың әртүрлілігіне және адамдардың басқа орындарды көру талаптарына парызды.

Соңғы жылдары туризм бүкіл әлемде тез қарқынмен дамы жатыр. Дәстүрлі туристік орталығы Еуропадан басқа, Америка, Африка, Океания, Азия өңірлері белсенді дамып жатыр. Егер 1950 жылы дүниежүзі бойынша 25 млн. турист тіркелсе, 1997 жылы бұл сан 592, 9 млн. -ға дейін жетті, ал халықаралық туризмнен түскен табыс 425 млрд долларға дейін жетті.

ДТҰ мәліметтері бойынша 1993 жыл үшін туризмнің экономикаға үлесі 3 триллион доллармен бағаланады. Бұл жағдай туризмнің әлемдік экономикада үшінші орынға ие болуға әкелді. ДТҰ-ның болжамы бойынша 2010 жылға қарай сапар саны екі есі өсіп, миллиард туристердің келуіне дейін жетеді.

Қазіргі кезді, ғылыми-техникалық прогресске байланысты әлем бір кеңістікке айналып, алыс қашықтықтар саяхат жасаушылар үшін кедергі болмайды. Туризм озат технологияның енгізуіне және пайдалануына себепші болады, тауар және қызметтің әлемдік нарықтың белсенділігін қозғалтады, халықтың жұмыспен қамтылу және емделу мәлелерін шешеді.

Қазіргі туристік нарық негізін, сандық және сапалық қатынаста, жұмысшылардың демалысын төлеуі құрайды. Саяхатқа қызығушылық орташа табысы бар халықтар арасында туындайды: қызметшілер, жастар, интелегенция, орта және кіші бизнес өкілдері. Халықаралық туристік байланыстар әлеуметтік-экономикалық байланыстардың әлемдік интернациялизациялау процессінің басты құрылымдық бөлігіне айналды. Көптеген елдерде жақсы материалдық базасы бар туристік индустрия дамып, құрылып жатыр. Туристік бизнесте әртүрлі жеке және мемлекеттік кәсіпорындар мен қоғамдардың, банктердің, сақтандыру компанияларының, сауда фирмаларының, клубтардың және акционерлік қоғамдардың мүдделері қиылысады. Тасымал және байланыс, ауыл шаруашылық, құрылыс, халық тұтыну тауарларын өндіру деген сияқты экономика салаларына туризм өз әсерін тигізеді.

Ірі өндіріс орталықтарынан алыс және шаруашылық ресурстары аз аймақтары үшін туристік индустрия сол аймақтардың экономикалық дамуына себепші болатын, маңызды фактор болып табылады. Көптеген мемлекеттерде, туризм шаруашылықтың жеке саласы ретінде, экономикада жетекші орын алатын салаға айналды. Негізінен ол туристер шетелде демалған уақытта туристік индустрия өз құрамына көптеген қызмет түрлерін қосатынымен түсіндіріледі. Ол, ең алдымен келесі қызметтер:

  1. Тасымалдау
  2. Туристерді орналастыру бойынша (қонақ үй, мотель, кемпинг)
  3. Туристерді тамақпен қамтамасыздандыру бойынша (мейрамхана, дәмхана, барлар)
  4. Туристік өнімнің жарнамасы бойынша
  5. Туристік өнімнің өтімі бойынша, ол туристік агенттіктердің қызметтері (саяхаттау маршрутын жасау, көлікте және қонақ үйлерде орын брондау)
  6. Туристің мәдени қанағаттандыруы бойынша (мұражайларға, көрмелерге бару)
  7. Туристердің іскерлік және ғылыми қажеттіліктерін қанағаттандыру бойынша (ғылыми конференцияларда, әртүрлі жиналыстарға қатысу)
  8. Сауда ұйымдары (сувенирлер, буклеттер сату)
  9. Әкімшілік бақылау мүшелері (құжаттарды тіркеу, шекаралық, кедендік бақылау)
  10. Табиғатты, ескерткіштерді, мұражайларды күзеттеу қызметі
  11. Туристер үшін ақпараттық қызметтер
  12. Туристерді байланыс құралдарымен қамтамасызданыру (пошта, телефон, факс)
  13. Ақпарат құралдары ( теледидар, газеттер)
  14. Мемлекеттік туристік органдар
  15. Шетелдік заңды тұлғалар және қоғамдық туристік ұйымдар
  16. Сақтандыру компаниялары
  17. Ойын -cауықтару қажеттіліктері қамтамасыздандыру бойынша

Экономикаға әсерінен басқа, туризм әлеуметтік және мәдени ортаға, экологиялық жағдайға әсерін тигізеді. Олар өз кезегінде туризмге де әсер етеді. Туризм тек табыс көзі ғана емес, сонымен қатар ол мемлекеттің престижінің өсу факторы болып табылады.

Сонымен қатар халықаралық туризмнің жағымсыз әсері де бар: қоршаған ортаның ластануы, инфляция, жергілікті халықтың дәстүрлерінің бұзылуы. Халықаралық туристік айырбастық географиялық топтамасы сауданың географиялық топталуына сәйкес келеді, бірақ оларың кейбір айырмашылықтары да бар.

Осылайша, туризмнен түсетін табысы жоғары мемлекеттер, мысалы, АҚШ, Испания, Португалия, сауда жағынан табысы төмен болады, керісінше, сауда табысы жоғары мемлекеттер, мысалы, Германия және Жапония, туризмнен түсетін табыс төмен болады.

Халықаралық туризмнің дамуы жағынан барлық мемлекеттерді екі категорияға бөлуге болады: туристерді жеткізуші мемлекеттер және туристерді қабылдаушы мемлекеттер. Туристерді жіберуші мемлекеттерге жоғарғы индустриалды мемлекеттер кіреді, яғни оны азаматтардың шығудың жоғарғы көрсеткішімен сипатталады. Әдетте, шығушы туристер саны, халықтың жалпы санының 10%-ын құрайды. Бұл ретте олар туристерді тек жібермейді, сонымен қатар шетел туристерінің үлкен санын қабылдайды.

Туристерді қабылдаушы елдер құрамына экономикасы орташа дамыған елдер (Греция, Турция, Кипр, Испания, Португалия, Египет) және дамушы елдер кіреді (Марокко, Тунис, Багам аралдары) .

Туризм - демалысты, бос уақытты өткізу, спорт, мәдени-танымдылық және табиғат пен қатынасты сипаттайтын осы заманғы экономика инфрақұрылымы салаларының бірі.

Келу және шығу туризмінің дамуы туристік қызмет саласындағы ең маңызды мәселе болып табылады. Бүгінгі таңда, келу туризмін ынталандыру мақсатында туристік қызметті экспорттаумен айналысатын фирмалар мен ұйымдар ҚҚС-ты төлеуден босатылған, сондай-ақ арнайы экономикасы тұрақты мемлекеттердің туристеріне визалық рәсімдерді жеңілдету бойынша жұмыс жүргізілуде.

Туризмді дамыту және қолдау мақсатында облыстық маслихатпен «Оңтүстік Қазақстан облысында туризмді дамытудың 2006-2008 жылдарға арналған аймақтық бағдарламасы» бекітіліп, онда жыл сайын 5, 9 млн тенге көлемінде қаржы бөлінуде.

Облыста туризмді дамытуда төмендегі негізгі басымдық бағыттарда жұмыстар жүргізілуде:

  • мінәжәт ету туризмі
  • экологиялық туризмі
  • сауықтыру туризмі
  • балық- аң аулау туризмі

Облыста 802 тарихи және мәдени ескерткіштері орналасқан, оның ішінде 530-ы археологиялық, 44-і тарихи, 228-і архитектура ескерткіштері болып саналады.

2008 жылдың 1 қаңтарына облыста туристтік қызметпен айналысатын 70 туристік мекеме бар, оның ішінде 29-і туроператорлық, 41-ы турагенттік қызметпен.

Аталған туристік ұйымдарымен туристерге тарихи, мәдени және аймақтағы қорықтар орнына қызықты туристік саяхаттар ұсынады. Келген туристерге Ақсу-Жабағылы қорығына, кесенелерге, театр, мұражай, хайуанаттар паркіне, саябақтарға, «Машат», «Біркөлік» тау шатқалдарына шипажайларға, емдеу пансионаттарына, және сауықтыру орындарына баруына мүмкіншілік жасалған.

2007 жылы облыс бойынша туристік ұымдарымен 4, 9 мың туристерге қызмет көрсетілді, бұл 2006 жылмен салыстырғанда қызмет көрсетілген туристер саны 6, 5%-ға өсті.

Облыста туристік орналастыру нысандарының саны- 51, оның ішінде: 17 мейманхана, 1 мейман күтетін үй, 19 туристік қызметпен шұғылданатын жеке кәсіпкерлер, 14 санаториялар.

2007 жыл көлемінде облыста 6 театр, 6 тұрақты кинотеатрлар және 35 тұрақты және 4 жылжымалы киноқондырғылар, 3 концерттік ұйымдар, 20 мұражай, 406 кітапханалар, 273 клуб типтес мекемелер, 14 демалыс саябақтары мен хайуанаттар бағы және 10 мемлекетпен ерекше қорғалатын табиғи аймақ халыққа мәдени қызмет көрсетуде.

2007 жылы ұсынылған туристік қызметтер көлемі 57, 8 млн. теңгені құрады, өткен 2006 жылмен салыстырғанда 6%-ға өсті.

«Қазақстан Республикасы Туризмді дамытудың 2007-2009 жылдарға арналған іс жоспарға» сәйкес 2007 жылдың наурыз айында Қазақстан Республикасы туристік Ассоциациясымен бірге «WORD DISCOVERY» (Ворд Дискавари) туристік журналы және (Жапония, Гонконг, Франция, Германия, Италия және т. б. ) 15 шет ел журналистерімен облыста «Ауылдық және экологиялық туризм» бойынша ақпараттық тур(инфотур) өткізілді.

Сондай ақ, өткен жылдың 18-20 қазан айы аралығында Шымкент қаласында бірінші жылжымалы «Сарқылмас саяхат» Қазақстандық туристік жәрменкесі өткізілді. Аталған іс-шараның негізігі міндеті ішкі туризмді дамыту, сонымен қатар қазақстандық туристік ұйымдарға іскерлік келіссөздер өткізу және тиімді келісім-шартқа отыру үшін жағымды жағдай туғызу болып табылды. Жәрменке бағдарламасында «Туристік кәдесый өнімдерін ең үздік өндіруші» сайысы, Ұлы Жібек жолының қазақстандық бөлігінде туризмді дамыту мәселері бойынша «дөнгелек үстел» отырысы және Оңтүстік Қазақстан облысы бойынша ақпараттық тур ұйымдастырылды. Сонымен қатар «Туризм нашақорлыққа қарсы» атты слет өткізілді.

Аталған Республикалық бағдарламаға сәйкес Түркістан қаласын Қазақстанның мәдени-рухани және туристік орталыққа айналдыру мақсатында «Қазақстанның рухани, мәдени және туристік орталығы ретінде Түркістан қаласының дамуы» туралы 2009-2013 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарлама дайындалып, қазіргі таңда салалық министрліктерде қаралуда. Одан басқа, ҚР Туризм және спорт министрлігінінің қаржыландыруымен шілде айынан бастап Түркістан қаласындағы үш туристік нысанға жобалау-сметалық құжаттар әзірленді, жобалау жұмысына бөлінген қаржының көлемі 300 млн. теңге, ал құрылыс жұмыстары республикалық бюджеттен ағымдағы жылдың басынан басталады деп күтілуде.

Үкіметіміздің 2004 жылғы 30 қыркүйектегі №1009 қаулысымен бекітілген «2005-2009 жылдарға арнарған Көне Отырарды қалпына келтіру туралы» бағдарламаны іске асыру мақсатында Қазақстан Республикасының Туризм және спорт министрлігі тарапынан ЖСҚ дайындауға 200, 0 млн теңге қарастырылуда.

Облыс көлемінде туризм инфрақұрылымының объектілерін салу үшін 13 инвестициялық жоба жасалынып, Республикалық бюджеттен қарастыруға Туризм және спорт Министрлігіне ұсынылды.

Облыс бюджет есебінен жарнамалы-таратылатын ақпарат шығарылуымен (буклеттер, күнтізбелер, блокноттар, қаламдар және т. б. ) қатар «Оңтүстік Қазақстанға қош келдіңіздер!» атты бейне ролигі, облыстын туристік мүмкіндіктері жайлы «Silk way South. kz» (Силк уей саус Кз) атты журналы шығарылды.

Облыс делегациясы қазақстандық туристік имиджді құрылуына және әлем рыногіне облыстық туристік өнімдерін алға бастыру мақсатында Алматы қаласындағы «Туризм және саяхат» атты Халықаралық Қазақстандық туристік жәрмеңкесіне және Токио қаласындағы (Жапония) «JAТO-2007» Халықаралық туристік жәрмеңкесіне, Астана қаласындағы «Астана-Демалыс-2007» қазақстандық жәрменкесіне қатысты.

Жәрменкелерге облыстан 30-дан астам туристік ұйымдармен қонақ үйлер өкілдері қатысты. Осыған орай, арнайы шығарылған облыс аумағында тарихи ескерткіштері мен көрікті жерлері туралы бейне фильмі, жарнамалық буклеттері, плакаттары және де басқа жарнамалық-таратпа материалдары таратылды.

Түркістан қаласының және Сайрам аудандарының ұлттық қол өнер шеберлері өздернің түрлі кәдесый өнімдерін көруге ұсынды.

Облыстың мінәжат ету туризмін дамыту мақсатында Түркістандағы «Әзірет Сұлтан», Отырар аудандағы «Арыстан-баб», Сайрамдағы «Ибрагим-Ата», «Қарашаш-Ана» кесенелерін жарнамалау мақсатында стендттер қойылды.

Қазіргі заманға сай мейрамхана, турбаза, кемпинг және басқа да орналастыру нысандарының құрылысы мен қайта құрылысына, сонымен қатар туристтерге ұсынылатын түрлі тағам мен демалыс мейманхана, кафе құрылысына көңіл бөлінуде.

Сонымен қатар жол бойында инфраструктураларды дамытуда, оның ішінде көпшілік тамақтандыру және демалыс, машина жөндеу, кемпинг тағы да басқа қосымша орындар ашылуда. «Тау самалы» аспалы жолдарын жөндеу жұмыстары, «Ибрагим-Ата», «Қарашаш-Ана», «Мариям-Ана», «Искак-Ата», «Исмайл-Ата» кесенелерін қайта қалпына келтіру жұмыстары жүргізілді.

«Содби» бизнес-инкубатормен бірлесіп облыстық турфирмалардың, мейрамханалардың, қонақ жайлардың, сақтандыру және транспорт компанияларымен әр тоқсан сайын «Бизнес-клуб» өткізілуде. Онда «Экстремалдық туризм» және ««Балалар және жастар демалысы туралы» және басқа мәселелер көтерілді.

«Нұр Отан» партиясының ұйымдастыруымен Кокшетау қаласында «Туристік кластерді жылжуы» жөнінде өткізілген форумына облыс делегациясы қатысып қайтты.

Үстіміздегі жылы Қазақстан Республикасы туризмді дамытудың 2007-2011 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламаны іске асыру үшін «ОҚО-да туризмді дамытудың 2009-2011 жылдарға арналған бағдарламасын» әзірлеу жұмыстары жалғастыруда.

Бұл курстық жұмыста шетелдегі туристік объектілермен танысып, дүниежүзінің әрбір континентіне жеке тоқталып, олардың әрқайсысын талдағым келді. Жоғарыда мен Қазақстан туризмі турила бекер жазған жоқпын, оның жазған себебім, шетелдегі туризмді Қазақстандық туризммен салыстыру. Басқа елдерге қарап, Қазақстандық туризмнің қандай даму преспективалары бар, және оларға қол жеткізу үшін қандай шараларды қолдану туралы зерттеу жасағым келіп тұр.

Негізгі бөлім

I. Еуропаның туристік ресурстары

1. 1. Скандинав мемлекеттері

Скандинав мемлекеттердің аймағы негізінен үш мемлекетті құрайды: Финляндия, Швеция, Норвегия. Бұл мемлекеттердің географиялық жақындықпен қоса басқа да сипаттары бар: тарихи дамудың сипаты, дамыған экономика және халық санының аздығы.

Финляндия . «Мың көлдер мемлекеті» орманды және сулы ресурстардан басқа табиғи ресурстары жоқ. Елдің қомақты бөлігі - Лапландия - поляр шеңберінің ар жағында орналасқан. Солтүстікте орналасса да, Гольфстрим жылы ағысына байланысты бұл мемлекеттің климаты шұғыл-континенталды. Финляндия табиғатының ерекшелігі камос - поляр түні болып табылады.

Табиғи және тарихи-экономикалық ерекшеліктерге байланысты Финляндияны келесідей аймақтарға бөлуге болады: Оңтүстік Финляндия, орталығы Хельсинки қаласы, Батыс Финляндия, орталығы Ежелгі қала - Турку, Орталық Финляндия, орталығы қысқы спорт астанасы Лахти қаласы. Шығыс Финляндия территориясында елдің ең ірі порты - Котка орналасқан. Финляндияның Солтүстігін Лапландия алып жатыр.

Хельсинки қаласында туристерге әдетте келесідей экскурсияларды ұсынады: Хельсинкидің көпірлері мен арықтары, кешкі ас ұсынылатын теңіз серуендеуі, Коткаға экскурсия. Арқан балықты аулау жарысы және арқан балықтық жәрмеңке өткізіледі. Коткада Котка-Верди желкен регатасы ұйымдастырылады. Финляндияның Ежелгі қаласы Туркудың мақтанышының бірі Кафедралды собор болып табылады - Финляндияның ұлттық зираты. Ол елдің ең бағалы архитектуралы ескерткіші болып саналады. Елдің ең әсем өңірі Орталық Финляндия болып саналады. Ол көлдер өлкесі. Осылайша, Каллавеси көлінің жағасында орналасқан Куопио қаласы туристер үшін су серуендеудің көптеген түрлерін ұсынады. Әр күн сайын порттан кішігірім қайықтар мен су автобустары серуендеуге шығады. «Ең алдымен хауызды, ал содан соң үй сал» - бұл финндіктердің әйгілі мақалы. Хауыз - финндік өмір сүру салтының басты бөлімі.

Швеция - Скандинав түбегінің айтарлықтай мөлшерін алып жатқан мемлекет. Скандинав таулары - пайдалы қазбаларға бай ескі қатпарлы таулар. Швецияның Оңтүстігінде көптеген көлдер бар. Сол өңірде Еуропаның ірі көлдерінің бірі - Венерна көлі орналасқан.

Швеция астанасы - Стокгольм - Балтық теңізінің порты. Ол өте әдемі қала, және оның көптеген көрікті орындары мен мұражайлары бар: Ұлттық мұражай, Ашық аспандағы мұражай, «Милесса» Солтүстіктегі бақша, Васа Мұражайы және Асыл қазына қоймасы.

Швеция әуеннің экспортеры болып табылады. Әуенді Швецияны танымал еткен «АББА» ансамблі. А. Линдгерн балалар жазушысы және оның кейіпкерлері миллиондаған балалар үшін танымал . Швецияны «кешігіп қалған профессорлар» елі деп атайды. Өйткені, Швецияның ескі дәстүрі бойынша оқытушы сабаққа тура он бес минутқа кешігуге құқылы. Швецияның университеттерінде сабақ таңертең тоғызда басталады. Ал егер, профессор одан да көп уақытқа кешігіп қалса, студенттер еркін үйге қайтуға құқылы.

Аймақтық даму бойынша Швецияны үш ірі қалаларға бөлуге болады - Стокгольм, Гетеборг және Мальме. Стокгольмді «су үстіндегі қала» деп атайды. Швецияның Оңтүстігіндегі Мальме «саябақтар қаласы».

Швецияның Солтүстік өңірлерінде жазғы уақытта күн көкжиек бойына түспейді. Осында жергілікті тұрғындар үйлерінің маңында жайылып жатқан бұғылар мен құландардың табынын кездестіруге болады. Танымал тау шаңғы курорты Оре төрт ауылдан тұрады - Дувед, Тегефьель, Оре-Бю, Оре-Бьюрнен. Барлық аулыдар бір-бірімен автобусты маршруттармен біріккен. Оре жоғары деңгейлі тау шаңғы курорттарының барлық талаптарына сәйкес келеді. Жоғарғы техникалық сипаттары үшін бұл курортты «Скандинав Альпілары» деп атайды.

Смоланд аймағын шведтер нағыз Швеция деп санайды. Осында «Кристалл Патшалығы» орналасқан - шыны үрлеу саласы дамыған 15 ауыл. Швецияның Оңтүстігінде Мальме қаласын Дания астанасы Копенгагенмен байланыстыратын 16 километрлік көпір орналасқан.

Швеция астанасы Балтық теңізінің жағалауында орналасқан. Стокгольмнің метросы қолөнер галереясына ұқсайды. Станцияны безендіруге көптеген суретшілер мен мүсіншілер өз үлестерін қосты. Жоғарыда айтылғандай, Стокгольмде бірнеше мұражайлар бар, олардың арасында Васа мұражайын бөлуге болады. Бұл патшалық кеме мұражайы, XVII ғ салынған. Кеме сол уақыт үшін өте өлкен болды. Діңгектің ұзындығы елу метрге жетеді, онда 64 зеңбірек және көптеген мүсінді жасалған құралдар орналасқан. Кеме 1628 жылы өз жүзуін бастап, қатты дауылдың басталған себебімен, бұл кеме суға батып қалды. Оны 1961 жылы тауып, көтерді. Кеме керемет сақталынды. Енді ол мұражайдың негізгі экспонатына айналды. Патшалық сарайда кішігірім, бірақ туристерді өте қызықтыратын мұражай - Асыл қазына қоймасы орналасқан. Онда патша отбасының барлық асыл қазыналары көрсетілген, айтап айтсақ, Густав Вазаның сабы, швед патшаларының тәждері.

Норвегия. Соңғы уақыттың үшінде норвегиялық фиордалар бойынша демалыс және саяхат жапон, ағылшын еуропалық туристер арасында сәнді және танымал түріне айналды. Фиордалар - Норвегияның басты мақтанышы.

Бұл тік жартастар мен шыңындағы қатқан мұздықтары бар ұзын таулар, сарқырамалар, арасында құрлыққа бататын Атлант мұхитының терең шығанақтары. Фьордалар көптеген мұздықтар кезеңдері кезінде қатты жартастарға терең батқан мұздықтардан пайда болды.

Жуырда, туризм саласының жетекші мамандары дүниежүзінің ең танымал орнын анықтау үшін байқау ұйымдастырды. Бұл байқау халықаралық туризм журналы «National Geographic Traveler» қолдауымен ұйымдастырылды. Норвегиялық фьорд бәсекелестерінің ішінде 115 басқа мемлекеттер болды, бірақ байқаудың жеңімпазы норвегиялық фьордалар болып аталды.

Норвегияның басты мақтанышы - фьорданы көру үшін, адамдар Берген қаласына ұмтылады. Берген - бұл кіші Норвегия, бұл елдің тарихы, бұл троллей патшалығының астанасы. Берген қаласында туристер ЮНЕСКОның әлемдік мәдени құндылықтар тізіміне кіргізілген Ганзей жағалауын; Керемет ежелгі қамал Бергенхус - Норвегиялық патшалығының бірінші астансын; Әйгілі норвег композиторы Эдвард Троллейдің резиденциясын көре алады.

Норвегияның астанасы - Осло. Оның негізгі көрікті орындары: Вигелланны мүсіндер саябағы, Контика мұражайы, викинг кемелерінің мұражайы. Ослодан басқа Норвегияның екі туристік аймағын бөлуге болады: «Фьорд мекені» және Солтүстік Норвегия.

«Фьорд мекені» құрамына бірнеше аймақтар кіреді: Роголанд, Хордоланд, Согнефь-орд, Море ог Ромсдал. Роголанд - фьорд мекенінің еоңтүстік аймағы. Осында Ставангер және Хауге-Сунд қалалары орналасқан. Ставангер - Бұл аймақтың ең ірі қаласы. Ол мемлекеттің қайтармастай колоритін сақтап қалды: тар көшелерде көптеген дәмханалар, мейрамханалар мен дүкендерді, мұражайларды кездестіруге болады.

Согнефьорд аймағында Норвегияның ең ұзын фьорды орналасқан. Ол әлемнің ең терең фьорды, оның ұзындығы 1300 метрді құрайды.

1. 2. Жерорта теңізінің курорттық мекендері

Қазіргі кезде, көптеген туроператорлар Жерорта теңіз жағалауындағы мемлекеттермен жұмыс істейді. Олардың ең танымалы Испания курорттары болып табылады. Испания - мозаика елі. Оның аралдық және материктік, оның провинцияларының сипаты мен түрлері әр түрлі. Жақын орналасқан қалалар бір-бірінен қатты ажыратылуы мүмкін: біріншісі шығанақ жағалауында орналасып, өзінің пальмалық жағалаулары мен кең жағажайлармен таң қалдырады, ал екіншісі, теңізге биік таулар шыңынан қарайды, үшіншісі, фешенебльді қонақ үйлер мен мейрамханалары бар яхт-клубқа айналған. Сондықтан, Испания адамның жеке талғамына байланысты демалулар ұсынады.

Испания - Еуропаның Оңтүстік-Батысында орналасқан мемлекет. Ол Батыста Франциямен, Андоррамен және Потугалиямен шекараласады, ол Пиреней түбегінде және Балеар мен Канар архипелаг жағалауларында орналасқан. Елдің астанасы Мадрид болып табылады.

Мемлекет он жеті автономдық облыстан тұрады, олардың көбі өз ішінде провинцияларға бөлінеді, олардың саны тура елу.

Испанияның Жерорта жағалауы төрт автоном облысы алып жатыр: Каталония, Валенсия, Мурсия, Андалусия

Испандықтар өздерінің Жерорталық аймақтарының учаскелеріне әдемі және үнді аттарын берді.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Әділет органдары
Қазақстан Республикасының Инвестиция және даму министрлігінің Туризм департаменті
Ерекше қорғалатын аймақтардың түсінігі
Туристік класстерлер
Туризмді дамытудағы ақпараттық технологияларды қолданудың тиімділігі
Туризм индустриясындағы бизнес жоспардың мән – мазмұны мен ерекшіліктері
Лицензиялау. Туристік қызметті лицензиялау
Туризм сферасындағы бизнес
Қазақстан Республикасында туризм индустриясы
Туризм дамуының қазiргi жай-күйiне талдау
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz