Ауадағы дене шынықтыру жаттығулары


Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 28 бет
Таңдаулыға:   

Дене шынықтырудағы жеке дамудың жолдары

Мазмұны

Жоспар2

Кіріспе 3

Негізгі бөлім:

1. Адам денсаулығы

  1. Салауатты өмір салты
  2. Дене шынықтырудың ағзаға әсер етуі
  1. Жеке дамудың физикалық формаларыЖеке дамудың негізгі бағыттарыТаңертеңгі гигиеналық гимнастикаШаңғымен жүруШынығуСауықтыру жүрісі. Ауадағы дене шынықтыру жаттығуларыСпорттық ойын-сауықтар

Қорытынды . . .

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі . . .


Кіріспе

Денсаулық - әр адамның ғана бағасы жетпейтін құндылығы емес, сонымен қатар бар қоғам құндылығы. Жақын, туыс адамдармен жолыққанда немесе қоштасарда біз оларға зор денсаулық тілейміз, бұл өз кезегінде - бақытты және толыққанды өмірдің негізгі шарты мен кепілі. Денсаулық арқылы біз жоспарларымызды орындаймыз, өмірлік алға қойған мәселелерімізді шешеміз, қиындықтардан жеңіп шығамыз, кейде артық жүкті де басымызға сұрап аламыз. Зор денсаулық адамның өзімен қатаң түрде сақталып, қамтамасыз етіліп отырса, соғұрлым адам өмірі ұзаққа созылып, белсенді болады.

Ғалыдардың зерттеуінше егер көптеген адамдар гигиена тазалығын қатаң түрде сақтайтын болса, онда жер ғаламшарында 100 жасайтын адамдар саны едеуір артар еді.

Кейбіреулер, тіпті ең қалыпты жағдайда сақталатын салауатты өмір салтын жүргізуде қиындық бар деп ойлайды. Олар қозғалыс жасамаудың тұтқыны (гиподиндер) болады, ол өз алдында тез қартаю процесін ұйымдастырады, басқалары тым қатты семіріп кетпес үшін өзіне барлық тамақ түрлерінен шек қояды, ал кейбіреулер үшін - қант диабеті ауруы бөгет болса, енді біреулер дұрыс тынығуды білмейді, олар әрқашан үй мен жұмыс арасында жанып кетеді, үнемі шаршап, жүйке жүйесі тозып кетеді. Ол өз алдына ішкі көптеген органдардың жұмысын нашарлатады. Енді біреулер шылым мен алкогольге деген қажеттілігінен бас тарта алмай, тағы да өз өмірін белсенді түрде қысқартуға қатысады.

Дене тәрбиесі - адам өмірінің ажырамас бөлігі. Ол жұмыс орнында, оқу орнында өз орнын табуы мүмкін. Физикалық жаттығуларды жасау барысында қоғам мүшелері дамиды, сондықтан дене шынықтыру мен оны дұрыс жолда қолдана білу туралы жоғарғы оқу орнындағы деңгейде қарастырады.

Дене шынықтыруды оқытудың негізгі әдістемесі ретінде физикалық жаттығуларды жүргізу жүйесін тануда жатыр. Оларды білмеген жағдайда дене шынықтыру жаттығуларын дұрыс орындау мүмкін емес, яғни оларды жасау тиімділігі азаяды немесе тіпті жоққа шығарылады. Дене шынықтыру жаттығуларын дұрс жасамау тек артық энергия жұмсауға ғана әкеп соқтырады. Соның салдарынан өмірлік белсенділік те төмендейді, ал шын мәнісінде оны ден шынықтыру жаттығуларына ғана емес, басқа да өмірлік пайдалы істерге асыруға болушы еді.

Дене шынықтыру жттығуларын жасаудың әдістемесін дайындауда дене шынықтыру саласындағы жоғарғы білікті мамандардың қатысуы керек, дұрыс жасалмаған әдістеме үлкен қиындықтар тіпті травмаларды туындатуы мүмкін.

Адам ағзасын қоршаған ортаның әр түрлі физикалық әсерлеріне төтеп беру функциясын қамтамасыз ету үшін қазіргі медицинада үлкен зерттеулер мен жұмыстар жүргізілуде. Бұл дене шынықтыру жаттығуларының әдістемесін нақты практикада қолданылуын қамтамасыз етеді.

Педиатриядағы ғылыми профилактика тарихы ертедегі халық медицинасынан басталады. Ресейде ертеден бастап-ақ балаларды суыққа, физикалық еңбекке баулыған. Халық емі ол кезде басты, тіпті жалғыз шешім болып қала берді. XVIII ғасырдың орыс емшілері Н. М. Амбодик, С. Г. Зыбелин, А. И. Полунин тіпті сол кездің өзінде табиғи факторларды бала ағзасын қатайтуда пайдаланғанды жөн деп санаған болатын.

Атақты бала дәрігерлері Н. Ф. Филатов, А. А. Кисель, Н. П. Гундобин, Г. Н. Сперанский балаларды инемен шаншу арқылы олардың ағзасы кез-келген ауруға төтеп бере алатынын білді. 1910 жылдың өзінде Г. Н. Сперанский Ресейде өзінің балаларды инемен шаншу арқылы жетілдіру туралы бірінші кітабын шығарды. Инемен шаншудың тек ғылыми дамуы физиологиялық зерттеулер нәтижесінен алынды.

Ағзаны шаншу - бұл функционалдық жүйені құру және дамыту, ол ағзаның иммунитетін арттыруға бағытталады, соңғы нәтижесінде ағзаның «суық тию» ауруларына төзімділігі артады. Тіпті балаларды шаншу екілік оң нәтижеге ие - біріншіден балалардың ауруға шалдығуы азаяды, екіншіден ата-анасы өндірісте тиімді еңбекпен қамтылады, ол тек әлеуметтік қана емес, сонымен қатар экономикалық мәні де бар. Ғылыми дәлелденген шаншу әдістері әр түрлі жастағы балалардың денсаулығын арттыруда үлкен еңбегі тигенін жасыруға болмайды.

Денсаулықты арттыру оны бекітуден басталады, сонымен қоса ағзаның физиологиялық және психикалық жеке даму қызметтерін дамытуға, оны шынықтыруға, қозғалу принципін дамытуға бағытталды. Жеке дамудың негізгі мәселесі ой қабілетінің, эстетиканың, адамгершіліктің, еңбекке сүйіспеншіліктің дамуымен тығыз байланыста.

Ағза функцияларының енді қалыптаса бастаған шағында, оның дамуы барысында кешенді дене шынықтыру жеке даму жүреді (режи, гигиена сақтау, шаншу, белсенді қимылдар жасау, қозғалыс ойындары, спорт жаттығулары) . Ол өз кезегінде басты мәселе - сау, гармониялы дамыған, қоршаған орта әсеріне төтеп бере алатын ағзаны дамыту.

Адам ағзасының қажеттілігін қанағаттандыру оның әдеттегі қызмет етуін және қалыпты жағдайда дамуын қамтамасыз етеді - ол тек физикалық даму ғана емес, онымен қоса интеллектуалды даму. Көлемі бойынша қозғалу белсенділілігі жеткілікті адамның ми жұмысының функционалды күйі жақсы дамиды, жұмыс істеу қабілеті артады, өзіндік бір белсенділік танытып, әр түрлі деңгейдегі әрекеттерді жасауға ұмтылады.

  1. Адам денсаулығыСалауатты өмір салты

Салауатты өмір сүру салты дегеніміз - биоәлеуметтік категория. Салауатты өмір сүру салты интерактивті түрде қалыптасады. Сондай - ақ, адамдардың іс - әрекеттеріне байланысты болады. Салауатты өмір сүру салты шаруашылық, күнделік үй тұрмысы, материалдық және рухани формаларын қанағаттандыру үшін, қоғамдық ұжымдар да өзін-өзі ақылды деп есептеп, басқаларды ақымақ ретінде көру т. б. аулақ болу. Сонымен салауатты өмір сүру салты дегеніміз - тұлға мен қоғам деңгейінің прогрессті дамуының көрсеткішінің категориясы.

Адам өзінің жеке басының ерекшелігіне сәйкес өмір сүреді. Белгілі бір ұжымдарға қалыптасып, сол ұжым мүшесі болып сіңіп кетеді. Қызмет еткен ұжым мүшелерімен бірге өсіп, біте қайнасып кетеді. Жалпы қазақ елін ежелден салауатты өмір сүрудің салтының символы деп есептеуге болады. «Ұяда не көрсең, ұшқанда соны ілерсің» деп егде адамдар өзінің ұрпақтарына үйретіп отырады. Өмір сүру салты мен денсаулықтың ара-қатынасынаң салауатты өмір сүру салты туындайды. Салауатты өмір салты адамның профессионалды іс-әрекетінің, қоғамдық қызметімен күнделікті тіршілік ету функцияларымен дамып отырады. Бұлар денсаулықтың қалыптасуына және оның сақталуына, мықты болып бекуіне жәрдемдеседі. Осыдан келіп коғамдық денсаулық қалыптасады.

Жалпы алғанда адам денсаулығы бірінші орында болуы қажет. Бірақ жас жеткіншектер өздерінің денсаулығына онша мән бермейді. Ол жастық өмірдің белгісі, тәрбие жұмыстарының әлсіздігі. Сондықтан да балалардың жас кезінен бастап денсаулығын сақтай білуге тәрбиелеудің қажеттілігі туындайды. «Баланы жастан» тәрбиелеу керек дейді қазақ. Өмір тәжірибесінен жинақталған қағида екені өзінен - өзі белгілі. Осыдан келіп денсаулық зор байлық деген ұғым қалыптасады.

Жер шары халықтарына әлеуметтік - гигиеналық зерттеу жүргізу нәтижесінде жинақталған орасан көп құжаттарды талдай келіп, дүние жүзілік денсаулық сақтау ұйымы (ДДСҰ), (ВОЗ) мына төмендегідей тұжырым жасады. Жер шарының халықтарының денсаулығын сақтауының 49-53% адамдарының салауатты өмір сүру салтына байланысты екенін анықтады. Бір сөзбен айтқанда адамдардың өз денсаулығына деген көзқарасына байланысты, ал 17-20% әлемдік экологиялық факторларға байланысты, әдетте әлемдік экологиялық фактор үнемі өзгеріп отыратын табиғи құбылыс, оны мөлшерден өгертетін адамдардың өздері (антропогенді фактор) . Әсіресе, тәрбиесі мен түсінігі аз адамдар табиғи экологияны үнемі бұзып жіберіп отырады. Ал 18-22% тұқым қуалайтын себептерге байланысты (оны генетикалық себеп деп ғылымдар есептейді), 8-10% денсаулық сақтау орындарының қызмет істеуіне байланысты деп қорытынды жасалған.

Қорыта айтқанда, салауатты өмір сүру салты көп факторларға (экономикалық, әлеуметтік, адамның жеке басының тәрбиесі мен біліміне) байланысты екені толығымен анықталды.

«Денсаулық - зор байлық» дейді казақ. Халықтың денсаулығын сақтау аурулардың алдын алу мен оларды емдеу бағыттары мемлекеттік, әлеуметтік, экономикалық (нарықтық экономика-макроэкономика), медициналық және биологиялық (физиологиялық) мәселе. Адамның еңбек пен тұрмыс жағдайын жақсарта беру, аурулардың алдын алу. Халықтың дене және рухани күшінің жан-жақты дами беруіне қолайлы жағдайлар туғызу, халыққа тегін, жалпыға бірдей, жоғары дәрежедегі мамандандырылған медициналық көмек көрсетуді қамтамасыз ету біздің тәуелсіз егеменді мемлекетіміздің аса маңызды міндеттерінің бірі. Бұл туралы ата заңымызда (конституциямызда) кең көлемде жазылған. Сонымен 2002 ж. денсаулық жыл деп атаудың өзі нені аңғартады. Денсаулық дегеніміз - ағзаны айналаны қошаған сыртқы орта факторларының әсерінен адамдардың денсаулығы қалыптасып, ол дами түседі.

Адамдардың денсаулығы неге байланысты болады деген сауалға келетін болсақ, денсаулықты шартсыз түрде 100% етіп алсақ, оның 20% тектік факторлаға, 20%айналаны қоршаған орта жағдайларына, экологиялық факторлардың әсеріне, 10% - денсаулық сақтау жүйелерінің әлсіздігіне байланысты болатыны анықталып отыр. 50% жақсы болуы адамдардың өздеріне байланысты болатынын медицина және биология ғалымдары ғылыми тұрғыдан дәлелдеп шықты. Көптеген адамдар олардың ішнде жас жеткіншектер денсаулықтарын өздері бұзатындығы байқалып отыр. Олар: ішімдік ішу, есірткі заттармен айналысу және токсикалық уларды иіскеу, немесе денелеріне жағумен әуестену. Қандай болмасын, олар адам өмірін өте қысқартып жіберетіні сөзсіз.

Салауатты өмір сүру салтын бұзатын факторлардың бірі дұрыс және жүйелі түрде өз мезгілінде тамақтанбау. Сондықтан да адамның массасы өсіп, шектен тыс семіріп кетеді.

Ол неге әкеп соғады, адамды ауруларға шалдықтырады. Кейіннен өмірмен қоштасуға себепші болады.

Ал қазіргі нарықтық экономика көпшілікке оң эмоциялық жағдай туғызып отыр деп айта алмаймыз. Көптеген адамдар салауатты өмір сүріп отырған жоқ.

Қоршаған артаның кері әсері, көптеген жаңа ауру түрлерінің пайда болуы және өмір сүру ұзақтығының төмендігі, қазіргі кезеңде адамның өмір сүрудегі өзекті мәселесі болып табылды.

Қоршаған ортаның тазалығын қамтамасыз ету тағамның сапасын жақсарту, темекі шегуді, ішімдік ішуді, көп тамақтану және аз қимылдау сияқты факторды болдырмау осы мәселелерді шешуге талаптандыратын болады.

Статистика көрсеткендей, жаттығушылар немесе күнделікті денешынықтырумен шұғылданатын адамдар медициналық көмекке немесе консультациялық емдеуге орташа алғанда төрт есе жүгінеді, көңіл күйіне қарай анда-сонда шұғылданатындарға қарағанда екі есе сирек ауырады, ал өмір бойы денешынықтырумен шұғылданбағандарға қарағанда үш есе сирек ауырады.

Бала өмірінің бірінші жылдарынан шынығу, жаттығу функциалдық мүмкіндіктерін нығайту және жоғарлату өмірде кездесетін түрлі ауыртпалықтарға төзімді, нерв жүйесі табанды, шыныққан мықты адам тәрбиелеуге мүмкіндік береді.

Қимылға денешынықтыруға, спортқа деген сүйіспеншілік балалық шақтан басталады оны үнемі қолдап итермелеп, бағыттап отыру керек. Қимылға деген сүйіспеншілік өмір бойы сақталу үшін.

Өз игілігіміз үшін кез-келген бос минутты жаттығу үшін қолдануымыз қажет деп санайды мамандар. Аздаған жүктемеден бастау қажет, оны біртіндеп үлкейтуге болады. Ең болмаса аптасына бір рет өз мүмкінігіне қарай 1-3-5 км қашықтыққа жәй жүгіру, жылдам жүру, велосипед, шаңғы немесе коньки тебуді қолдану керек. Денешынықтырумен шұғылдануды бастағаннан кейін, оны өмір бойы жалғастыр, кез-келген жағдайда, кез-келген мезгілде, кез-келген ауа райында.

Адамды кызықтыратын және көңіл-күйін көтеретін алуан түрлі жаттығуларды немесе ойындарды таңдай білу-бұл ұзақ және табанды шұғылданудың негізі.

Шұғылданудың үш негізгі ұстанымы бар:

  • күн ара жаттығу (аптасына үш рет) ;
  • үзбей 20-30 мин кем емес;
  • жүктемені тамырдың 140-160 мин соғуына мөлшерлеу.

Сауықтандыру құралы ретінде қандай спорт түрлерін (спорт элементтерін) нұсқауға болады?

Бұл біріншіден бәріне белгілі дәстүрлі әдістер. Таңертеңгілік жаттығулар, жәй жүгіру немесе жылдам жүру, жүзу, сапарлар немесе ұзақ қыдыру, саяхат шегу, түрлі ойындар, велосипед және шаңғы, саяжайда белсенді демалу. Осы аталған құралдарды күнделікті және өмір бойы қолдануға болады.

Спорттық сауықтандыру бағытында қазіргі уақытта белгілі йога гимнастикасын, Бутейко жүйесін және т. б. әдістерді нұсқауға болады.

Кез-келген таңдаған спорт түрімен, денешынықтыру жаттығуларымен шұғылдану кезінде жеке гигиенасына ұқыпшылықпен қарау. Бұған тек дененің тазалығы ғана емес, сонымен қатар күн тәртібін сақтау, зиянды әдістерден бас тарту жән т. с. с. кіреді. Егер өмір ауру стилі денешынықтыру жаттығуларымен шұғылдануды дұрыс ұйымдаструға сәйкес келмесе, онда оны өзгерту қажет.

Дегенмен де әр адам дені сау, күшті, қуатты, сергек болуды, жақсы қимылдауды, неғұрлым ұзақ жасауды қалайды. Денсаулықты сақтауға әрбір адам өзі жауапты, дегенмен қоғамға да жауапкершіліктер жүктелген. Ел президентінің Қазақстан - 2030 жолдауында әрбір адамға өз денсаулығын сақтауға жауапкершілік жүктеледі. Аурулардың алдын алып, салауатты өмір салтын орнықтыру - мемлекеттің негізгі басымдылық саясаттарының бірі. Ұлттың саулығы әрбір адамның денсаулығын сақтап, нығайту және салауатты өмір салтын орнықтырумен анықталады.

  1. Дене шынықтырудың ағзаға әсер етуі

Денені шынықтырудың сауықтырушы және профилактикалық тиімділігі физикалық белсенділікпен, тірек қимыл аппараттары функцияларының ұлғаюымен, айналым заттарының активтенілуімен сиптатталады.

Р. Могендовичтің моторлы-висцералдық рефлекстер туралы ілімінде қозғалыс аппараты қызметтерінің, қаңқа мен вегетативті органдарының қызметі бір байланыста екенін көрсетті.

Адам ағзасында жеткіліксіз қозғалыс белсенділігі нәтижесінде табиғаттан беріліп, үлкен физикалық еңбекпен бекітілетін жүйке -рефлекторлық байланыстардың үзілуі байқалады. Ол жүрек бұлшық еттерінің және басқа жүйелердің, ағзадағы зат алмасудың бұзылуы мен дегенеративті аурулардың пайда болуына әкеп соқтырады (атеросклероз және т. б. ) . адам ағзасының дұрыс жұмысы және денсаулығын сақтап қалуы үшін қозғалыс белсенділігінің мөлшерін анықтап алу керек. Осыған орай, әдеттегі тұрмыстағы қозғалыс белсенділігі туралы сұрақ туындайды. Жасалған бұлшық ет көлемінің шамасын энергия шығыны анықтайды. Адам ағзасына қажетті тәулігіне минималды энергия шығынының көлемі 12-16 МДж-ды құрайды (жасы, жынысы және дене салмағы бойынша әрине өзгереді), ол тәулігіне 2880-3840 ккал-ға теңеледі. Оның ішінде бұлшық еттер жұмысына 5, 0-9, 0 МДж-дан (1200-1900 ккал) төмен болмайды; басқа энергия шығындары адам ағзасының қалыпты жағдайын сақтауға, демалу және қан айналымы органдарының дұрыс жұмысына, зат алмасу процесінің және т. б. көмектеседі.

Экономикалық дамыған елдерде соңғы 100 жыл ішінде энергия көзі ретінде қолданылатын бұлшық ет жұмысының үлес салмағы 200 есеге азайды, ол энергия шығындарының бұлшық ет қызметіне жұмсалған (қызметтік зат алмасу) көлемінің 3, 5 МДж-ға дейін азайғанын көрсетті. Адам ағзасының дұрыс қызмет етуі үшін қажетті энергия шығындарына деген тапшылық сонымен шамамен тәулігіне 2, 0-3, 0 МДж-ды (тәулігіне 500- 750 ккал-ды) құрады. Қазіргі жағдайдағы өндірістегі еңбек интенсивтілігі 2-3 ккал/мир-ды құрайды, бұл сауықтыру және профилактика тиімділігін беретін негізгі шамадан (7, 5 ккал/мин) 3 есе төмен. Осыған байланысты еңбек қызметі ретінде энергия шығындарының толық қамтылмауы салдарынан қазіргі замандағы адамға күніне 350-500 ккал (немесе аптасына 2000-3000 ккал) жұмсайтындай физикалық жаттығулар жасауы керек. Беккердің мәліметтері бойынша қазіргі заманда дамыған елдердің халқының тек 20 %-ы ғана жеткілікті интенсивті физикалық жаттығулармен айналысады, ал қалған 80 % қажетті тәуліктік энергия шығындарының көлемін тіпті орындамаайды. Соңғы он жыл ішіндегі қозғалыс белсенділігінің күрт төмендеуі орта жастағы адамдардың функционалдық қызметін тежеді. Мысалы үшін МПК шамасы сау ер адамдарда орташа алғанда 45, 0-тен 36, 0 мл/кг-ға дейін түсіп кетті. Осылайша, экономикалық дамыған елдердегі халықтың көп бөлігінде гипокинезии ауруына шалдығу қаупі бар. Гипокинетикалық ауру немесе синдром, қоршаған ортаның әсерінен адам ағзасының кей жүйкелерінің жіне органдарының қызметінің өзгеріп, функционалды және органикалық өзгеріске шалдығуын көрсетеді. Осы жағдайдың патогенезі негізінде энергетикалық және пластикалық зат алмасудың бұзылуы жатыр. (ең алдымен бұлшық ет қызметтерінің бұзылуы) .

Интенсивті физикалық жаттығулармен қорғану қызметінің механизмі адам ағзасының генетикалық кодында жатыр. Ерлерде орта есеппен дене салмағының 40 % -ын құрайтын бұлшық еттер табиғатпен ауыр физикалық жұмыстарды істеу ұшін жаратылған. «Қозғалыс белсенділігі ағзадағы алмасу процесінің денгейін анықтап, оның сүйек, бұлшық ет және жүрек-таырларының жүйесінің жағдайын сипаттайтын негізгі факторлардың бірі», -- деп академик В. В. Парин (1969) жазды. Адамның бұлшық еттері энергия көзінің мықты генераторы болып табылады. Олар үлкен жүйке импульсінің қарқынын орталықтандырылған жүйке жүйесінің (ОЖЖ) оңтайлы қызметі үшін жіберіп отырады, қан тамырларындағы айналым процесін жақсартады («бұлшық ет насосы»), қозғалыс аппаратының қалыпты жағдайда жұмыс етуін қамтамасыз етеді. И. А. Аршавскийдің «Қаңқа бұлшық еттерінің энергетикалық ережелеріне» байланысты, ағзаның энергетикалық потенциалы және барлық органдар мен жүйенің функционалды қызметі қаңқа бұлшық еттерінің қызметіне байланысты болып келеді. Қаңқа бұлшық еттерінің қызметі неғұрлым интенсивті болған сайын, соғұрлым генетикалық бағдарлама орындалып, энегетикалық потенциал, ағзаның функционалдық ресурстары мен өмір сүру ұзақтығы артады. Физикалық жаттығулардың жеке және жалпы тиімділіктерін атап көрсетеді, және оларды қауіп төну факторлары бойынша орташаландырады.

Жаттығудың жалпы тиімділігі энергия шығындарының орнын толтыруға бағытталған бұлшық ет қызметінің және пропорционалды ұзақтықты сақтай отырып, энергия шығындарын арттыруда жатыр. Мұнда ағзаның қоршаған орта әсеріне: стресс жағдайлары, жоғарғы және төменгі температуралар, радиация, травмалар, гипоксия және т. б. қарсы ағзаның өзіндік төзімділік факторының үлкен маңызы бар. Спецфикалық емес иммунитеттің жоғарылауынан суық тиюге қарсы иммунитет те жоғарылайды. Алайда спорт формасының «шегіне» жетуге бағытталған жаттығудағы күш жұмсау көп жағдайда қарама-қарсы тиімділікке әкеп соқтырады, - ағза иммунитеті тозады және инекциялық ауруларға шалдығу көбейіп кетеді. Мұндай кері әсер жаттығу кезінде физикалық күшті тіпті артып жібергенде де болуы мүмкін. Сауықтыру жаттығуларының арнайы тиімділгі жүрек қан айналымы жүйесінің дұрыс қызмет етуіне бағытталан. Оның негізгі бағыты қалыпты жағдайда жүрек жұмысына қысым түсірмей қан айналу процесін жақсартуда жатыр.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Дене тәрбиесіне қажетті құрал саймандар
Күн тәртібіндегі дене шынықтыру және сауықтыру шаралары
Негізгі қимыл-қозғалыс жаттығуларын әр жас ерекшелік топтарда үйрету жолдары
Мектептегі бұхаралық дене шынықтыру спорттық шаралар
Мектепке дейінгі мекемелерде дене шынықтыру сабағы
Дене жаттығуы, баланың жан- жақты жетілуі
Спорттық ойындар және олардың өткізілуі
Спорттық ойындар және олардың өткізілуі жайлы
Мектеп жасына дейінгі балалардымен ұйымдастырылатын дене жаттығулары
Оқу бағдарламасы дене шынықтыру 1- 4 сыныптар
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz