Қоғамдық пікірдің маңыздылығы жайында пікірлер


Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 23 бет
Таңдаулыға:   

Мазмұны

I. КІРІСПЕ . . . 3 бет

II. НЕГІЗГІ БӨЛІМ

2. 1. Газет - қоғам айнасы . . . 4бет

2. 2. Қоғамдық пікірдің маңыздылығы жайында пікірлер . . . 7бет

2. 3 БАҚ-тың қоғамдық пікір қалыптастырудағы рөлі . . . 15бет

III. ҚОРЫТЫНДЫ . . . 17бет

ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР . . . 20бет

  1. КІРІСПЕ

Курстық жұмыстың өзектілігі: Қоғамдық пікір қалыптастыруда БАҚ-тың орны бүгінгі таңда ерекше болып келеді. Себебі, БАҚ-ның көптеген түрілері таратылуда. Қалың жұртшылық одан алған ақпаратты әрдайым шын деп қабылдап, дұрыс тұжырым қалыптаспауы мүмкін.

Курстық жұмыстың нысаны: Жаһандағы БАҚ рөлі мен қызметі.

Курстық жұмыстық мақсаты: Қоғамдық өмірдің өзгерістері жайлы, Қазақстандық БАҚ-тар қаншалықты қамтым отыратыны және олардың қызметінің ерекшеліктерін анықтау.

Курстық жұмыстың міндеті: Қазақстан халқының өмірінде және саяси өзге де сананың қалыптасуында БАҚ рөлі мен қызметін ерекше екенін анықтау.

Курстық жұмыстың дереккөздері: курстық жумысты жазу барысында мынадай әдебиеттерді қолдандым: Қазақстан Ұлттық энциклопедиясы. Алматы, 2004, - 365., \\Егемен Қазақстан газеті\\ 23. 10. 2007, 1-2 бет.,

Т. Бекниязов. Журналистің шығармашылық шеберлігі. Алматы, 2004-180., З. Тайшыбай. Журналистің құқықтық негіздері. Петропавл, 2008. 252., Интернет www. kalamger. kz 2 бөлім. 2009., Авторы:С. Айтмаханов. Мемлекеттік тіл \\Айқын\\газеті. 2009 №4., Авторы:Д. Дулатов. \\Егемен Қазақстан\\газеті 30. 06. 2007, 3 ., Авторы: Д. Маржанқызы. \\Егемен Қазақстан\\ газеті 13. 06. 2008, 5., Бұқаралық ақпарат құралдары туралы Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 23 шілдедегі N 451 Заң., Авторы: Э. Уахитов. \\Жас Алаш\\ газеті. 23. 02. 2008.

Тақырыпты зерттеу әдістері: зерттеу барысында баяндау, сипаттау, салыстыру, талдау тәсілдері қолданылды.

Курстық жұмыстың құрылымы: бұл жұмыс үш бөлімнен, яғни кіріспе, негізгі бөлім, қорытындыдан тұрады. Негізгі бөлім екі тараушадан тұрады.

Курстық жұмыстың практикалық және теориялық маңызы: бұл жұмысты жоғарғы оқу орындарында оқытушылар мен студенттер әдістемелік құрал ретінде пайдалана алады.

Журналистиканы ақпарат өндіру мен таратуға қатысты алсақ, қазақ журналистикасы ежелгі түркілік тарихи ескерткіштермен астасып жатыр. Ондаған ғасыр бұрын тасқа жазылған Орхон жазбаларында сол кезге тән ақпарат мол, таскітап заманға қажетті маңызды да терең ақпаратты беріп кеткен. Бұ жағынан ақпарат тарату түркілерде тек қана кеңістік бойынша емес, уақыт бойынша да жүзеге асып отыр. Біздің журналистика «тасгазеттерден» басталса, оның бергі жағында ақын-жыраулардың туындысы жалғастырды, оларды бірыңғай әдебиет деуге болмайды, оларға журналистикалық жанды сипат тән. Сондықтан да көшегендердің жыры поэзиядан гөрі поэтикалық журналистика болып табылады. Қазақ журналистикасының көкесі - айтыс! Біржан-Сара айтысы - тұнып тұрған қоғамдық үрдісті талдау! Сол кезгі қоғамның қандай екенін ешбір көсемсөз ол кезде дәл ондай қылып ашқан емес.
Кез келген айтыс үдерісінде туылған туынды әдеби өнім емес, ең әуелі - журналистік сипатқа толы ақпарат пен көзқарас тартысы, қоғамдық пікір шарпысы, поэтикалық дебат. Ал, поэтика айтыс үшін бар болғаны сайман рөлін атқарып жүр. Алайда, біз айтысты әдебиет ретінде біржақты бағалау арқылы оны тоқыратып отырмыз. Айтыскерді ақын дейміз, кешіріңіз, Мұқаметжан Мұқағали бола алмайды, айтыс үстінде. Мұқағалидан айтыскер шықпас еді, өйткені, ол журналист емес, «барды бар, жоқты жоқ» дейтіндей, ол - Ақын! Бұл айтыскерді де, ақынды да кемсіту емес, біз ненің не екенін ажыратпасақ, бүлдіріп тынамыз. Журналистикаға ситуацияны нақты да шынайы бағалау тән болса, әдебиетке ситуацияны бағалау емес, оны туындыға талғажау ету тән. Айтыс ақынының өлеңі айтыс үстінде ғана қызық, оны поэзия туындысы ретінде оқу ләззат бермейді, ал поэзия керісінше туылу үстінде емес, туылған соң тұтынысқа түседі. Ендеше, айтыстың өне бойында о бастан ток-шоулық жанр жасырулы жатыр. Қазақтың әңгімешілдігін алсақ, ол да ауызекі журналистика. Демек, журналистика қазақта о бастан бар.
Журналистиканы бүкіл ұлтқа теңегеннен гөрі «Қазақы журналистика» атап, оған журналистерге жүкті көбірек түсірген дұрыс. Біздің журналистиканы мен секілділердің сынауы, шын мәнінде сын да, мін де емес, көзге көрініп тұрған нәрсені журналистік түрде шынайы бағалау [1, 45-48б. ] .

II. НЕГІЗГІ БӨЛІМ

2. 1. Газет-қоғам айнасы.

Әлбетте, әлемдік тәжірибе айғақтап отырғандай, демократияландыру үдерісінің өзегі азаматтық қоғам болып табылады. Өйткені, “Егер қоғамдық пікір қарсы болса, ешнәрсе жақтаса алмайды, егер қоғамдық пікір мақұл десе, ешнәрсе қарсылық ете алмайды” дейтін ереженің өміршеңдігін уақыт пен тарих дәлелдеп берген. Бір құптарлық жай сол, Қазақстанда азаматтық қоғам институттары мен мемлекеттің іс-қимыл бірлестіруі мәселелеріне ерекше көңіл бөлінуде. Елімізде мұндай әріптестіктің ұтымды үлгісін жасауға тұтас шаралар кешені арналған. Құқықтық өрісте көп партиялы жүйе қалыптасқан, көптеген БАҚ, Үкіметтік емес ұйымдар, мәдени-ұлттық бірлестіктер, кәсіподақтар, діни бірлестіктер жұмыс істейді.

Әсіресе, 2006 жылдың 25 шілдесінде ел Президентінің Жарлығымен 2006-2011 жылдары Қазақстан Республикасында азаматтық қоғамды дамыту тұжырымдамасының қабылдануы әріптестікті нығайтудағы маңызды қадам болды. Оны нақты жүзеге асыру жоспарының өзі 49 тармақтан тұрады. Жоспарды іске асыру үшін республикалық бюджеттен 146 млн. 900 мың теңге, жергілікті бюджеттерден 1 млрд. 112 млн. 700 мың теңге көзделген. Бұл цифрлар мемлекеттің азаматтық қоғамды дамытуға деген сапалық жаңа тұрғысын айқын аңғартып тұрғандай [2, 2-3б. ] .

Осы жылдың 20 қазанында қабылданған “Қазақстан халқы Ассамблеясы туралы” Заң елдегі ұлтаралық және діни қатынастарды үйлестіріп, халықтың бірлігін нығайта түсуге септігін тигізбек. Сондай-ақ, азаматтық қоғам институттарын дамытуға бағытталған бірқатар нормативтік құқықтық актілер әзірленген. Бұлар - дін бостандығы мен діни бірлестіктер туралы, саяси партиялар туралы, БАҚ туралы, жергілікті өзін-өзі басқару туралы, сайлау туралы заңдар мен заңнамалық актілерге өзгерістер мен қосымшалар енгізу жөніндегі бірқатар заң жобалары. Бұлардың қабылдануы азаматтық қоғам институттары қызметінің құқықтық негізін жетілдіріп, нығайта түсері сөзсіз.

Мемлекет пен мемлекеттік емес ұйымдардың біріккен іс-қимылын үйлестіруде азаматтық форумдар тиімді тетікке айналып, солардың аясында жалпыұлттық үнқатысу дамып келеді. Сонымен қатар, мемлекеттік емес ұйымдардың әлеуметтік бастамаларына мемлекет тарапынан қолдау көрсетілуі де ізгі ниеттің хабаршысындай. Тұжырымдама қабылданғаннан бері мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс сомасы жылдан-жылға ұлғаюда.

Сенат отырысын ақпараттық жағынан қамтамассыз етуге келген журналистердің бәрін кейбір заңнамалық актілерге БАҚ бәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы заң жобасы қызықтырып жүргені көрініп тұрды. Әсіресе, өздерін тәуелсізбіз деп санайтын БАҚ өкілдері осы мәселенің қалай шешілетініне қатты алаңдаулы секілді. Шын мәнінде заңға енгізілген өзгерістердің сөз бостандығына ешқандай қысым жасамайтыны, тек БАҚ игілігін ғана тәртіпке шақыруға бағытталғаны алдын ала белгілі болса да, кейбір журналистер тәртіп тезіне ұшырғалы тұрған олардың жыртысын жыртып, заң жобасының өтпеуін қалап жүр. Сонымен, бірінші мәселе бойынша енгізілгелі тұрған өзгерістер мен толықтырулар баяндалды. БАҚ туралы заңды сөз еткенде, біз, ең алдымен, еліміздің ақпараттық кеңістіктегі туралы ойлануымыз крек, деп бастады өзінің сөзін министр. Мемлекет қай кезде де сыртқы ақпараттық диверсияның шабылуына төтеп бере алатындай жағдайда болуы шарт. Оның үстіне бұл талап бүнгі таңда Елбасының бәсекеге барынша қабілетті 50 елдің қатарына ену туралы стратегиясын жүзеге асыру жолында күшейе түспек. Өйткені, біз бәсекеге барлық жағынан да қабілетті ел болуымыз керек. Осы тұрғыдан келгенде қолданыстағы БАҚ туралы заңды (1999 жылдың 23 шілдесінде қабылданған) жетілдіріле түсуіміз ауадай қажет. Әрине, Заң сөз бостандығына негізделіп отырып, барлық масс-медианың бәріне бірдей енгізілген талаптардың сөзсіз орындалуын реттейді. Ал масс медианың нормалары елдің қауіпсіздік қағидаттарымен байланысты екенін ұмытпайық. Бүгінгі күні өмір біздің алдымызға бұрын белгілі болмаған сынақтар тартуда. Демократиялық бостандық дегенді жамылған билікқұмарлық масс-медианың күшімен ақ өз елдерінде төңкерістер жасап, қантөгіс тудырып жатқанын көріп жүрміз. Міне, осындай маңызды болғандықтан да шығар, бұл заң жобасының қабылдануына өте көптеген күштер араласып, барынша теріс ықпал етуге тырысуда.

Одан әрі Е. Ертісбаев өзгерістердің негізгі туу себептерін баяндады. Біз Конституцияға ешқандай кереғарлық туындамайтын өзгерістер ұсынып отырмыз. Кейбіреулер айтып жүргендей. Осы заң арқылы мемлекет өзінің БАҚ-тарға деген реттеуші ықпалын да күшейткісі келіп тұрған жоқ. Бірақ, мемлекет өз тарапынан БАҚ-тарға жасайтын бақылауын да босаңсытуға қақысы жоқ. Өйткені, жоғарыда айтқанымыздай, бұл жерде елдің қауіпсіздігі мен тәуелсіздігін қорғаудың басты мәселесі осы. Сондықтан да біз барлық БАҚ-тарды қатаң есепке алуды мақсат етіп отырмыз. Олардың тіркелу құжаттары мөлдір болуы шарт. Бізде нақты бұзу үйреншікті әдетке айналған. Былтыр ғана соттың шешімімен ақпаратты теріс бұрып көрсеткені үшін 16 газет жабылды. Жыл бойы 514 газет пен 38 журнал қолданыстағы БАҚтуралы заңның 15-16 баптарын, барлық БАҚ-тың 50 пайызын жарнама туралы, 10 пайызын авторлық құқық туралы заңдарды өрескел бұзған. Тіркелген 212 электронды БАҚ-тың 112-сі түрлі заңдар талабын үнемі бұзу үстінде. 2006 жылдың маусымына сәйкес тіркелген 7281 БАҚ-тың 2500-дейі ғана жұмыс істейді. Ал басқа БАҚ-тар не үшін тіркелген дегенге министр олардың кейбірі сыбайлас жемқорлыққа мүмкікіншілік тудартын ақпарат құралдары екенін айтты. Мәселен, мемлекет бір жобаға тендер жарияласа, әлгі жасанды БАҚ-тар әлдекімдер үшін қызмет етіп, конкурсқа түседі. Сөйтіп, қомақты қаржыны иесіне алып береді. Тіпті кейбіреулер өз атына бірнеше БАҚ-ты құруға құқы жоқ (сотталған немесе басқа себебі бар) адамдар сөйтіп оп оңай БАҚ тесі болып шығып отыр. Олар өзінің кім екенін қандай бағыты, қандай мақсаты барын айтуды артық санайды. Міне, осындай келеңсіздіктерді болдырмас үшін заңға өзгерістер мен толықтырулар енгізіліп отыр. Министр сөзін аяқтағанда оған сенаторлар Қ. Айтханов пен Т. Симамбаев қана сұрақ берді. Қ. Айтхановтың сұрағы теледидирдағы бейбастық көріністерге тыйым бола ма дегенге сайды, ал Т. Симамбаевты жергілікті жерлердегі БАҚ-тардың кейбір ақпараттарды теріс ұғынатындарға қаншалықты тосқауыл қойылатынын алаңдатқаны еді. Бірінші сқраққа БАҚ редакторларының ешкімнен айылын жимайтыны, ал жаңа заңда оның жауапкершілігі артатыны айтылса, екінші сұраққа заңның орындалуы жергілікті жерлерден де талап етілетіні көлденең тартылады. Заң жобасын талдаған Сенаттың Әлеуметтік мәдени даму жөніндегі комитетінен қосымша баяндаманы А. Башмаков жасады. Жерлесіміз, әріптестерін оны қолдауға шақырды. Дауыс беру нәтижесінде заң жобасы бірауыздан мақұлданды. Осы кезде аталмыш комитет төрағасы Қ. Сұлтанов оны екінші оқылымда да қабылдауды күн тәртібіне енгізуді ұсынды. Бұл ұсыныс та қабылданып, Сенат отырысы болып жатқан мезгілде комитет оны басқа бөлмеде тағы да қалдырып, отырыстың соңына қарай екінші оқылымда қабылдауға ұсынды. Бұл жолы да сенаторлар бірауыздан заң жобасын мақұлдап, оны қабылдады. Сөйтіп, көпке дейінгі әңгіменің арқауы болған заң енді Президенттің қол қоюына ұсынылды. Басқа заң жобалары бойынша ешқандай ерекше пікірлер, тосын ұсыныстар болған жоқ. Бәрі де толғақты мәселелер болған соң, талассыз қабылданды.

Сонымен, үшінші шақырылған Парламенттің екінші сессиясы өз жұмысын аяқтады. Оны жабарда Нұртай Әбіқаев қорытынды сөз сөйледі.

- Бұл сессия біз үшін де, әсіресе Сенат үшін ерекше болды. Конституцияға сәйкес өкілетті мерзімі басталған 2005 жылғы қыркүйектен бергі кезеңде Парламент жұмысына елеулі ықпал еткен бірқатар саяси оқиғалар болды. - деді Сенат Төрағасы. - Сессия ашарда сөйлеген сөзінде Елбасы Нұрсұлтан Нвзврбаев : қос палаталы Парламенттің жұмыс істеген жылдарында Сенат өзінің тұрақтылық рөлін іс жүзінде көрсетіп берді дей келіп, сенаторлардың қызметін жоғары бағалаған еді. Қазір біздің алдымызда әлемнің көшбасшылар қатарына қосылу жолына шыққан елімізді заңнамалық тұрғыдан қамтамасыз етуге арнлаған көптеген жұмыстар күтіп тұр. Одан әрі Сенат Төрағасы елдегі маңызды оқиғаларда бастан өткізу кезіндегі палатаның өрелі жұмыстарын еске түсірді. Соның ішінде Президент сайлауы кезіндегі сындарлы істер, қос палаталы Парламенттің 10 жылдығын мерекелеу шаралары, 1 наурыздағы Президент Жолдауын халыққа түсіндіру барысындағы істер ауызға алынды.

Осы сессия барысында 100 заң қабылданды, соның ішінде 47-сі қолданыстағы заңдарға өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы болса, 38-і халықаралық келісімдер мен келісім-шарттарды ратификациялауға арналды, деді ол. Сонымен қатар, «Жеке кәсіпкерлік туралы», «Инновация істерді мемлекеттік қолдау туралы», «Алматы қаласын өңірлік қаржы орталығына айналдыру туралы», «2006 жылдың республикалық бюджеті туралы» т. б жаңа заңдар қабылдадық. Бұлардың сыртында парламентшілердің инемен құдық қазғандай азапты еңбегі бар екені мәлім.

Парламенттің қолданыстағы заңдарға осы сессияда енгізген өзгерістері мен толықтырулары іс жүзінде қоғамдық қатынастарды жетілдіреді және уақыттың талабына сай келіп отыр. Осылай дей келіп, Төраға жыл басында «Мемлекеттік нышандар туралы» Конституциялық заңға енгізілген өзгеріске тоқталды. Шын мәнінде халықтық қасиетке ие болған «Менің Қазақстаным» әнін еліміздің әнұраны етіп қабылдағанымыз халықтың көкейінен шықты, деді Н. Әбіқаев осыған орай. Одан әрі мемлекеттік басқару ісін жетілдіру туралы қабылдаған заң жобаларына тоқталды. Соның ішінде мемлекеттік басқару деңгейлері өкілдіктерін шектеу мәселелер қаралғанын, салық және бюджет заңдылықтарына үнемі толықтырулар мен өзгерістер енгізіліп турғанын еске алды.

Төраға халықаралық келісім-шарттар мен келісімдер арқылы шешілетін сыртқы саяси жұмыстардың орындалуына тоқталды. Осы сессияда ҚРмен РФ арасындағы мемлекеттік шекара туралы келісім-шарттар ратификацияланып, мемлекеттік шекараны ресімдеу аяқталды. Бұл тарихи мыңызы бар шешім болды. Келесі rtptrnt спикер қазақстандық КазСтар спутнигінің ұшырылуы мен Бәйтерек ғарыштық зымыран кешенінің құрылғанын еске салып, осы және басқа да көптеген зымыран кешенінің құрылғанын еске салып, осы және басқа да көптеген істерге байланысты сөз қозғады. Н. Әбіқаев БАҚ-тың бүгінгі күні қоғамдағы рөлі жайлы ата кетіп, БАҚ өкілдерінің маңызы жайлы тілге тиек етті. Сенат депутаты, бүгінгі күні халықтың алдында пікірді телевизия мен баспасөз құрады. Сондықтан, еліміздің БАҚ өкілдері әрдайым өздерінің жариялағндарын қадағалау керектігін айтты. Сонымен қатар, мемлекет тарапынан да тиісті қадағалау жұмыстары жүргізіліп отыратындығын жиналғандарға мәлімдеген еді. Н. Әбіқаевтың пікірін жиналғандар қолдап, жаһандық өзгеістер жайлы да мәлімделінді. Мәдиет және ақпарат министрі, өз кезегінде, бүгінгі күні Қазақстандық БАҚ өкілдері қойылған талаптарға сай қызмет атқарып келетінін тілге тиек етті. Бас қосуда тағыда басқа мәселелр қозғалды.

Бүгінгі таңда, БАҚ өкілдері барлық қоғамдық өмірдің ортасында болып, қалың жұртышылқты құлағдар етіп отырады. ҚР Парламентінің депуттары да, төртінші билік назарынан тыс қалмады. Біздің депуттар үшін депутаттық сауалдар өзекті мәселе болып табылады. Деп сөзін жалғады Төраға. Олар әр түрлі мәселелерге арналған: зейнетақы мен жәрдемақының уақытылы төленуі ауыз су, жол және мектеп салу және сот шешімдерін орындау секілді толып жатқан сауалдар бар. Парламенттің құқытары мен бақылау функцияларын күшейту шеңберінде бізге осындай депутаттық сауалдарға нақтылы жауап қайтару тетіктерін ойластырған жөн болар. Сөзін қорыта келгенде Н. Әбіқаев, үшінші сессияның Есілдің сол жағалауында өтетінін мәлімдеді[10, 5б. ] .

2. 2. Қоғамдық пікірдің маңыздылығы жайында пікірлер

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Тұлғаның қасиеттері
Табиғат ресурстарын төлемді пайдаланау
Журнaлиcтер мен PR мaмaндaрының aрacындaғы теориялық негiздегi бaйлaныc
Салыстырмалы талдау
ҚАЗАҚТАРДЫҢ ҚОҒАМДЫҚ МҰРАТТАРЫНЫҢ СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚПЕН КҮРЕСУДЕГІ МАҢЫЗЫ
Ойлаудың адам дүниетанымындағы маңызы
Қазіргі отандық педагогиканың ұлттық ерекшеліктері
Бұқаралық ақпарат құралдары - қоғамдағы төртінші билік
Абай және аударма өнеріндегі рухани үрдіс
Қазақ әдебиеті және Зәки Ахметов
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz