АҚШ конституциясының түсінігі
Жоспар
КІРІСПЕ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..3
І. БӨЛІМ: АҚШ Конституциясының пайда болуы
1.1. Тәуелсіздік үшін
күрес ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... 5
1.2. 1781 жылғы конфедерацияның
баптары ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..17
1.3. АҚШ
Конституциясы ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... .19
1.4. Құқық туралы билль ( 1789,1791 ж.ж.
) ... ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... .22
ІІ. БӨЛІМ: АҚШ конституциясының түсінігі
2.1. Америка Құрама Штаттарының тәуелсіздік деклорацисы.
( 1776 ж 4-шілде
) ... ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... .25
2.2. Конфедерация баптары. ( 1781 ж. Америка
) ... ... ... ... ... ... ... ... .. ... ...28
2.3. Америка Құрама Штаттарының Конституциясы
( 1787 ж.7 қазан
) ... ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... .30
ҚОРЫТЫНДЫ ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... .38
Қолданылған әдебиеттер
тізімі ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... 42
КІРІСПЕ
1787 жылғы Конституция. Жаппай халық қозғалысы барлық жағынан
айқындалып, ол тек ортақ өкіметтің әлсіздігін ғана емес, сондай – ақ
оған төнген қауіпті де көрсетті. Сондықтан буржуазия мен плантаторлар
мемлекеттік құрылысты, біріккен отарларды өзгертуге шешім қабылдады.
Бұл жоспарды іске асыру Конвенттің құрылтайына тапсырылды да, ол 1787
жылы жиналды. 55 делегатының құрамына 24 қаржы қызметкері, 11 кеме
ұстаушы, 15 құл иеленуші кірген. Конвент мәжілісі халықтан жасырын
өткізілді. 1787 жылы Конституция саяси автономияны – штатты жоя алған
жоқ.
Бірақ оған күшті отарлық билікті қарсы қойды. Конфедерация толық
федерацияға көшті. Негізінде Конвент жаңа Конституцияны жазу керек
деген тапсырма алған жоқ. Олар Конфедерацияның баптарына кейбір өзгерістер
кіргізуге тиісті болған. Ал олар жаңа Конституция жазып шығарды.Шынында
Конвенттің жаңа Конституция жазуға құқығы жоқ болатын.
Бұл конституцияның бірнеше прогрессивтік жақтары бар: ол
буржуазиялық төңкерістің бірінші көлемді құжаты, бұл конституция тарихта
бірінші рет президенттік республиканың басқару нысанын бекітіп,
федеративтік мемлекеттің саяси режимдерін көрсетіп жазды.
1787 жылғы Конституция штаттағы одақты күшейтіп, тиімді,
федералдық үкіметті құруға тиісті еді. Конвентке қатысушылардың
қарастырған барлық проблемалары үлкен дискуссияның тақырыбы болып
табылды. Олардың конституциялық теория мәселелеріне деген дайындықтары
жоғары деңгейде болатын.Соның нәтижесінде жаңа федералдық конституцияның
жоғарғы дәрежедегі өзіндік және байланыс жобасы дайындалды. Азаматтардың
бостандығы мен құқығы жөнінде дербес бөлім жоқ болғанымен, кейбір
конституциялық кепілдіктер белгіленген заңның қарсы күшін тоқтату және
жазасыз сот, қылмыстық істегі машықтанған соттың кепілдігі, мемлекетке
опасыздық жасау туралы түсінікке шек қойылды. Мемлекеттік лауазымға қояр
алдында оның дінмен байланысына, сеніміне тыйым салынады.
Конституция АҚШ-тың барлық аумағында буржуазиялық-
демократиялық құрылысты бекітті.
Халық атынан ресми түрде дворянның лауазымы мен атағы
өзгертілді, сословиелік жеңілдіктер жойылып, өкілдік басқарма
принциптерін дәйекті түрде жүргізді, биліктің тепе – теңдігімен
бөлінуі, штаттың бұлжымас саяси одағы тиімді федералдық заң
шығарушылармен қамтамасыз етілді. 1787 жылғы Конституция Америка
буржуазиялық революциясының жоғарға шарықтау шегі. Конституция
мемлекетті мақұлдау және саналы басқару идеясы Туралы айту керек еді.
Конституцияның алғашқы бөлігі Ньютонның физикасы сияқты әрі
ғылыми,әрі рационалды кішігірім преамбула мен үлкен мақаладан тұрды.Оған
қосымша ретінде 26 түзету алынған. Бірінші 10 түзетуде жалпы алынғанда
“Құқық туралы Билль” деп аталады. Бұл түзетулер 1791 жылы алынды. Бұдан
басқа 16 түзету қабылданған, олардың арасында ең маңыздысы-13,14,15
баптар.Бұл баптар АҚШ-тағы құлдықты құртты.

1.1. Тәуелсіздік үшін күрес
ХVII-XVIII ғасырларда Солтүстік Американың Атлантика мұхиты
жағалауында 13 отар құрылды. Отарлардаға адам саны 2,5 млн. – дай еді.
Оның жарты миллионы африкалық негрлер болатын.
Отарлықтар Американың жергілікті тұрғындарын үндістерді құлдыққа
көндіре алмады. Көпшілік қоныстанушылар Еуропадан,оның ішінде көбі
Англиядан келгендер еді. Отарлардың мемлекеттік құрылыстары Англияның өзіне
өте ұқсас болатын. Олардың ішкі істердегі автономиясы король бекіткен
қағаздармен айқындалды. Қоныс аударушылар өздерімен бірге Америкаға
отандарында қолдана алмайтын ескі еркіндіктерін, кейбір биліктерін ала
келді. Олар табиғи заңдылықтар іліміне сүйене отырып, өз заңдарын
құрды. Отарлар феодализм тәртіптерін білген жоқ. Олардың экономикалық
дамуы XVII ғасырда қалыптасқан буржуазиялық қарым-қатынастар негізінде
өрбіді.
Ағылшын мемлекеті отарларға тауар өткізетін нарық және
шикізат көздері ретінде қарады. Олар жаңадан пайда болып келе жатқан
американ буржуазиясының мүдделеріне мейлінше қысым жасады. Америка
тұрғындарына құл сатумен айналысуға рұқсат етілген жоқ, тауарларды
тасмалдаумен тек ағылшындар айналыса алатын болды, өнімдерді өнімдері
шығарылмады. Георг – Үшінші фермерлерге Аллеган тауарларының ар
жағындағы жерлерді иеленуіне тыйым салды. Америкадағы мақта, темекі, жүгері
құнының төмен болуы, ағылшын тауарларының қымбаттығы плантаторларды жиі –
жиі банкроттыққа ұшыратып отырды. Еуропа мемлекеттерінен әкелінген
тауарларға төлейтін салықтарды көбейтті және оны күміс ақшамен төлеуге
мәжбүр етті. Бірақ Англияның Америка отарларын бағындыра, ырқына көндіре
ұстамақшы болған,экономикалық дамуын тоқтатпақшы болған әрекеттері Америка
халқының үзілді – кесілді батыл қарсылығына тап болды.
Америка төңкерісінің алғы шарттары.
Америкаға алғашқы британ қоныстанушыларының келгенінен
бастап,ағылшынның солтүстік американдық отарларындағы азаттық қозғалысының
басталуына дейін бар – жоғы 150 жыл өтті.
Британияның отарлары Еуропалық қоныстанушылардан бос еді.
Бірақ америкалық абориген – үндістерді өз жерлерінен ығыстыра отырып
орналасқан.Отаршылдар үндістерден ауыл шаруашылық дақылдарды
өсіруді,шаруашылық әдістерін және аң аулауды үйренді. Өз өмірлерінде
үндістер мәдениетінің әсері сезінді. Үндістер оларға алғаш кезде азық –
түлікпен көмектесті. Бірақ сол Американың негізгі халқын отаршылдар өлім
жағдайына жеткізсе де, оларды 13 отарда жұмысшылар жетпей жатса да, құлға
айналдыра алмады.
Тәуелсіз мемлекет құрудың алғы шарттары болды, Американ
төңкерісі отарлардың біртұтас мемлекетке бірігуі үшін объективті
жағдай жасағаны мәлім.
Төңкерістің қайнар көздері Америка экономикасы үшін дәстүрлік
жолмен дамыды. Метрополия мұхиттың ар жағына өзінің шаруашылық
өнімдерін шығару арқылы олардан көп табыс алып отырды. Отарлардың
еншісі британ шаруашылығы үшін негізгі материал, шикізат жеткізуші болып
табылатын. Олардың қарым – қатынастары пайда табу негізінде құрылған.
Англияның бұлай қарай тасымалдағаны кеме бөлшектері,
шойын, ауыл шаруашылық өнімдерінен бидай, күріш, индиго. Сауда өте қиын
жолмен жүргізілді. Ағылшын буржуазиялық төңкерісі кезінде 1649 жылы
қабылданған Навигациялық акт сауданы тек ағылшын су жол қатынастарымен
өткізуді қажет деп тапты. Саудаға қатысатын кемелердің капитандары болып
тек ағылшын мемлекетінің азаматтары тағайындалатын.
Өздеріне қатыссыз сауданы басқа елге жіберуге отарлардың
құқығы болған жоқ. Барлық заттар Лондон арқылы өтуге тиіс болды. Сауда
жүргізгені үшін олар Англияға үлкен баж салығын төледі. Бірақ
Навигациялық акт бекіткен сауда шарттары Америкаға белгілі бір пайда
берді. Англия Еуропаның ең бай және прогрессивтік мемлекеттерінің бірі.
Оның тауарларының сапасы өте жоғары болатын. Сондықтан олар дамыған
елдердегі жеңіл өнеркәсіпті пайдаланды.Одан басқа отарлар Британ
кредиттерін пайдаланып, британ әскері мен флотының қол астында болды.
Ағылшын жеке меншігіне қол сұққан адамдар өте қатты жазаға кесілді,
көбіне ол өлімжазасы болатын.
Ағылшын кемелерінің төрттен бір бөлігі отарларда
жасалды.Отарлар жасырын жолмен контробандамен айналысатын.Олар жергілікті
өкіметпен шарт жасасып, қалпақ, етік, жиһаз тағы басқа заттарды жасай
бастады.
1769 жылы ағылшындар сауда палатасын құрды. Ол жеңіл
өнеркәсіптегі ағылшын монополиясын қолдады. Бірақ бәрі бір өсу қарқыны
жоғарылаған жоқ. 10 американдықтың тоғызы ағылшын киімін киді. Үлкен
табыс әкелген ол үштік сауда. Үндістаннан барлығы қант шығарды, ал Жаңа
Англия одан ром шарабын жасатып, сөйтіп, оған Африкадан құлдар сатып
алатын.
Төңкеріске дейін ұлтаралық жағдай үлкен масштабты қамтыды, яғни,
Америкада ортақ нарық болды. Бұл капиталистік экономиканың бірден
жоғарылауына мүмкіндік туғызған еді. Американдықтардың негізгі
шаруашылығы – ауыл шаруашылығы болғаны мәлім.
Әлеуметтік құрылысы. Америкадағы халықтың құрылысы өте
ерекше. Феодал лордтар бүкіл жерлерінің оннан тоғызының қожасы. Жұмысшы
күші – ағылшын “заңдастырылған малайлары”,олар Англиядан кезінде Америкаға
жете алмай, ақшалары жоқтығынан кеме иелерімен шартқа отырып, солардың
малайлары боламыз деп міндеттеме алғандар еді. Бірақ Америкаға келгеннен
кейін олар біршама жұмыс істеп, өздеріне жер алды да, американ
фермерлеріне айнала бастады. Жердің молдығы оларды көп уақыт езгіге салуға
мүмкіндік берген жоқ. Американың жарты миллион адамы Африканегрлері
оңтүстікте плантацияларда жұмыс істейтін еді. Америка халқының көбін
еркін фермерлер мен қолөнершілер құрайтын.
XVIII ғасырдың ортасында отарлардың саяси құрылысы былай
қалыптасқан болатын: губернатор жергілікті ақсүйектерденнемесе
қызметкерлерден сайланды. Кейбір отарлар губернаторларды өздері сайлайтын
еді. Отарлар үшке бөлінді: қызметкерлердің басқаруымен болған жергілікті
отарлар, жеке отарлар, жеке адамның иесі, оларды сол отардың иесінің өзі
басқарды және ағылшындардың негізінде құрылған, өзін - өзі басқаруға
келген отарлар. Отарлардың басында губернатор тұрды,оны ағылшын королі
тағайындайды немесе отардың халқы сайлап қояды.
Америка төңкерісінің көп ерекшеліктері болды. Оны тапсыз күрес
деп атайды. Ол бүкіл Америка халқының тәуелсіздігі үшін, бостандығы
үшін өткізген күрес. Бірақ революцияға қатысқан адамдар ағылшын әдеттеріне
сәйкес лоялистер тори және патриоттар деген екі топқа бөлінген еді.
Лоялистер – корольді жақтаушы топтар. Патриоттар – метрополиялық саясатқа
қарсы, ескі отарлық режимді бейнелейтін жеңілдкке ие сословиеның
дұшпандары. Оның басты тірегі төменгі, ортаңғы қала тұрғындары,
қолөнершілер менменшік иесіне кіріптарлығын жоюға күш салды, ең бастысы
скваттерлер патриоттардың құрамына дәулетті топтар – көпестер,
контрабандистер, езуші буржуазиялар кірді, олар Америка жеңіл
өнеркәсібімен байланысты болатын. Торийлерге губернаторлар, сот
қызметкерлері, кейбір плантаторлар мен ағылшын шіркеу иелері жататын.
60-70 жылдардағы оқиға азаттық қозғалысымен және америкалық
революцияның өзгеруімен тығыз байланысты. Осы жылдары революциялық күш
қалыптасты, сондай – ақ тәуелсіздік үшін күрестің әдістері мен
ұйымдастыру тәжірибесі құрылды. Тәуелсіздік үшін күрес негізінде келесі
төрт мәселе шешілуге тиіседі: құлдықты жою, Аллеган тауларының жанындағы
жаңа жерлерге қоныс аудару, өнеркәсіп пен сауданың бостандығын алу
және отарлық әкімшіліктің тәуелсіздігін қорғау.
Отарлардағы азаттық – демократиялық қозғалыстың басталғанына
20 жылдай өткен еді.Ол Англиядвғы жеті жылдық соғыстың жеңісіне тікелей
байланысты. Олар Канададан француздарды ығыстырып шығарып, өздерінің
қатаң режимдерін енгізуге тырысты. Англия өкіметін жақсарту жолында
бірнеше қаулылыры шықты,соның арасындағы 1765 жыл 22 наурыздағы елтаңба
жөніндегі заң көп наразылық туғызды. Соғыс аяқталғаннан кейін Англияның
340млн. фунт стерлинг қарызы жиналды. Жаңа заң оның 60 млн. фунт стерлинг
пайда беруге тиісті еді. Салық заңының бабы бойынша барлық баспа
орындарына, заң құжаттарынанекелік контракт, сауда келісімдеріне, ұрпақ
жөніндегі қағаз және басқа да ресми құжаттарға салық салынды.Бұл салықты
ағылшын қызметкерлері емес, отар-
лау әкімшілігіндегі арнайы уәкілдік қызметкерлері жинады. Ал бұл мәселені
тексеріп, іске асырушы британ вице–адмиралтейстік соты. Англия жағынан
жасалған қысымға қарамастан, отарлар жедел дамыды және капиталистік
өндіріс қатысынан Америка революциясыұшқындады.
Оның тікелей себебі ағылшын үкіметінің қатаң істері, Аллеган
жерлерін пайдалануға қарсы шыққан корольдің бұйрықтары. 1764 жылы
Еуропадан Америкаға әкелінген заттарға баж салығын кіргізе бастады.
Қоныстанушылар ағылшын солдаттары үшін казарма салуды және оған кезекшілік
орнатуды енгізді. Бұл кезде ағылшын әскерлерінің саны өсе түскен.
Отарларға кредит билетімен кіруге болмайтынына байланысты елтаңба
туралы заң шығарылып, оны 1773 жылғы саудадағы шай туралы заң толтырды.
Виргиния Ассамблеясында Генри сөзінен кейін заң шығарушылар
қарсы шығып, осы заңға оппозиция құрастырды. Массачусетс ұсынысы бойынша
1765 жылы қазанның 7 жылдызында Құрылықаралық Конгресс шақырылды.
Америкадағы британ отарларының құқығы мен шағымы жөнінде деклорация
қабылдаған осы Конгресс. Халық салық жинаушылардың үйлерін өртеп, олардан
салық алмау жөнінде ант алды.1766 жылы Англия парламенті салықты өзгертті.
1767 жылы жазда Англияның парламенті Таушенд заңдары деп аталған үш заң
қабылдады. Ағылшын отарларының наразылығын туғызған – осызаңдардың
мазмұны. Таушенд заңдары қабылданғаннан кейін Ағылшын мен Американ
қатынасы бірден нашарлады да, 1771 жылы бұл заңдар өзгертілді.
Америка халықтарының талаптарын былай бөлуге болады:
біріншіден, ағылшын жеңіл өнеркәсіп заттары отарларға әкелу
үшінқызметкерлер мен сот баж салығын жинайтын. Бұл заң
провинцияассомблеяның тексеруімен отарлау әкімшілігінің аппаратына көп
мүмкіндік туғызды. Америка кеден таможнялық басқармасын құру жөнінде талап
білдіртті, ол барлық сауданың заңдарын қадағалау үшін, қамтамасых ету
үшін керек болды. 1765 жылғы пәтер актісі мойындалмай, Нью – Йорк
провинциялдық ассомблеясының ісі тоқтатылған еді.
1773 жылы 16 желтоқсонда Бостон қаласының халқы ағылшын
кемесі арқылы келген шайды теңізге батырып жіберді. Англия Бостон және
Массачусетс отарларымен қарым – қатынасқа тиым салды. Порттардың
блокадасына ерегісіп, Конгресс бүкіл сауда туралы ағылшын заңдарын
жойып,король қызметкерлерінің меншігін тәркілеуге ұшыратқан еді.
Отарлар метрополияға қарсы күресу үшін өздерінің күштерін
біріктіре бастады.
1774 жылы 5 қыркүйекте Филадельфияда І Континентальдық Конгресс
ашылды. Оған қатысқандар – көпестер, өсімқорлар, ірі плантаторлар.
Бір жарым ай бойы ол мәжілісін жасырын өткізді.
Оған 12 отардың 56 өкілі қатысты. Конгресс құқықтық Деклорация қабылдады.
Конгресстің мәжілісінде ағылшын парламентінің соңғы актілері талқыланды.
Отарлар өз заңдары, заң шығаратын жиналыстары болатынын мәлімдеді.
Ағылшындар болса, мемлекеттің репрессивтікактілерін өзгерту керек деп
талап етті. Бірақ Конгрестің сол кезде алынған актілері және өткізген
саясаты шалағай болатын. Олар соғыс жөнінде және метрополиядан
бөліну жөнінде ойланған жоқ. Бұл Конгреске дейін Франклин 1748 жылы
федерацияның жобасын жасаған еді. Ол мемлекеттің негізгі принциптерінің
бірі – халықты бөліп басқару принципі. Сондықтан отарлардың арасында
бытыраңқылық болуы заңды.
Конгресс отарлар мен метрополияның арасынадғы қайшылықты
бейбітшілік жолмен шешкісі келді, сондықтан олар корольге өте жұмсақ әдіс
қолданды.Оның белсенді шарттарына тек ағылшын тауарларына басталған бойкот
және Конгрестің қабылдаған актісі жатады. Негізінде 1774 жылы 28
наурызда Конгресс метрополтядан бөлінуге қарсы екенін айтты. Бұдан
кейін олар Англияға қарсы қарулана бастады, қару – жарақ жинап, әскери
оқулар өткізді.
1774 жылы 28 наурызда Виргиния Ассамблеясының мәжілісі
болды.Онда Патрик Генри сөз сөйледі. Оның “Бостандық неме- се өлім” деген
сөзі әр адамның жүрегіне жетті.Осыдан кейін Генридің аты аңызға айналуының
негізі бар.Егер Американ әскерінің қолбасшысы Джордж Вашингтон
төңкерістің семсері болса, Патрик Генри оның көркі, ал Томас Джефферсон
ақылы болды.
Буржуазияның жоғарғы топтары, плантаторлық басшылықтары
метрополиямен тіл табысуға алып келді, бірақ халықтың көбі қарулы күреске
дайындала бастаған еді.
1776 жылы 10 мамырда Филадельфияда екінші Континенталдық
Конгресс ашылды. Бұның жұмысы 1779 жылға дейін созылып, ол революцияның
негізгі өкіметі болып қызмет етті. Ол қарулы күштің тиянақты
қалыптасуы жөнінде шешім қабылдады. Д. Вашингтон әскердің
басшысы болып тағайындалды, ол өзінің 2 млн. долларын қарулы күштің
қолбасшысы болып тағайындалуға жұмсады. Оның соғысқа қатысқан белгілі
тәжірибесі бар еді, ол плантаторлардың басынан жеті жылдық соғысты
өткізген болатын. Ол әскердің генералитетіне сайланды. Екінші Конгресс
тұсында соғыс тоқтаған жоқ. Конгрестің бірінші актілері оның қызметінің
қайшылықтарын көрсетеді. Депутаттардың бір тобы Англиямен тіл табысып,
жұмыс істеген дұрыс деп есептеді. Бірақ отарлардағы жағдай, халықтың өзі
Конгресті белсенді төңкерістік әдістерді қолдануға мәжбүр етті. Отарлардың
көбі өздерін республика деп жария-
лады.
Король Георг - IV барлық отарлардағы жағдайды бүліншік
жағдай деп хабарлап, 2000 әскерді іріктеді, жалдамалы негрлер мен
үндістерді де әскерге қатысуға тартты. Бұл соғыс феодализмге қарсы
күрестің қаруына айналды. Соғыс бір елдің екінші елге немесе езушінің
езушіге қарсы күресі ғана емес, оның қозғаушы күші. Төңкеріс әскерінің
негізгі элементі фермерлер, қол өнершілер, жұмысшылар. Төңкеріс
басшылары, тура оның түпкі шешіміне тән болып келеді, олар солтүстік және
оңтүстік плантатор, көпестердің қолында. 1775 жылы сәуірде Англия мен
оның отарларының арасында ашық соғыс басталды. Бұл соғыс
прогрессивтік, әділетті соғысқа
жатады. Америка халқы ағылшын қарақшыларына, құлдыққа, отарлауға, езгіге
қарсы шықты.
Англияға қарсы соғыста ішкі реакция мен феодалдық элементтер
роялистер, ірі жер иелері, жоғарғы қызметкерлер, ағылшын шіркеулерінің
иелері, отарларға үстемдік етушілерге қарсы күреспен ұштасты. Бұл күрес
роялистердің жерін тәркілеуден басталды, ажырамайтын туыстас атақтар
өзгертілген еді. Ағылшын корольдің жері де тәркілеуге ұшырады. Тәуелсіздік
үшін болған бұл соғыс мәні жағынан буржуазиялық болып табылды. Америка
отарларының ағылшындарға қарсы күресі жеңіспен аяқталды.
Революциялық күшпен екінші Континенталдық Конгресс 1776
жылы 4 шілдеде отарлардың метрополиядан бөлінуін ресми түрде жариялайтын
тәуелсіздік Декларациясын қабылдады. Декларация бүкіл Еуропаға және басқа
мемлекеттерге әсерін тигізді.
Бұл Декларацияны жазуға бес адамнан комиссия құрылған
болатын.Оны басқарған 30 жастағы бай плантатор Томас Джефферсон. Ол француз
философтарының ілімін американың соғыс жағдайына лайықтап қолданды.
Декларация Америка халқының бостандық және демократия туралы көз қарасын
сұлу, түсінікті тілмен құжатқа аударды. Декларацияның авторлары құлдыққа
және корольге деген қарсылықты белсенді түрде көрсеткісі келгенімен,
оңтүстіктің плантаторлары қарсылығын Декларацияға кіргізе алған жоқ.
Тәуелсіздік декларациясы үш бөлімнен тұрады. Біріншісінде
Декларацияда ағылшын королінің қателері мен қтянаты туралы айтылса,екінші
бөлімінде адамның табиғи бостандықтары мен құқықтары туралы, ал үшінші
бөлімінде АҚШ дербестігі мен тәуелсіздігі туралы тұжырым жасалады. Адам
баласының пікірімен санаспаушылық оны бөлінуге итермелейтін себептерін
түсіндіруге міндеттейді.
Біз мынандай шындықты ақиқат деп есептейміз: адамның
барлығы да тең болып жаралған, олардың бәрі де жасаған ие алдында кейбір
ажырамас құқықтарымен қамтамасыз етілген. Олардың қатарында өмір
сүру,бостандыққа және бақытқа ұмтылушылық бар.Бұл құқықтарды қамтамасыз ету
үшін адамдар арасында мемлекет Құрылған, оның қарауындағылардың
келісімімен берілген әділетті өкіметі бар. Егер басқарудың бұл нысаны
олардың мақсаты үшін қауіпті болатын болса, бұл жағдайда оны өзгертуге
немесе жоюға және жаңа үкімет құруға құқықты.
Бұл отарлар ұзақ уақыт шыдамдылықпен түліше қысымшылыққа төзіп
келді, мұқтаждық қазіргі басқару сынасын өзгертуге мәжбүр етеді. Бұл
шарттар бойынша рақымсыз тәртіп орнатқан Ұлыбританияның қазіргі
королінің тарихы тежеусіз әділетсіздікке толы.
Дәлел ретінде әділ дүниенің талғамына төмендегі фактілерді
ұсынамыз: әлгі ағылшын королі барынша пайдалы, әрі жалпы игілік үшін
қажетті заттарды бекітуден бас тартып келеді.
Ол бұл штаттарды қоныстандыруға кедергі жасауға тырысты. Оның
мұнда жібергені халықты тонайтын және оның қанын сүлікше соратын
қызметкерлер топтары. Ол мынандай актілерді бекітті:дүниенің барлық
бөліктерімен біздің саудамызды тоқтату; біздіңкелісімсіз бізге салық
салу; ол бізді теңізде де тонады, жағалары-мызды қаңыратты,
азаматтарымызды өлтірді.
Сондықтан біз, Америка құрама штаттарының өкілдері, ортақ
Конгресске жинала отырып, осы отардың халқы атынан, халық тапсырған
уәкілдікпен біз құрама отарлар мәні және құқығы жағынан азат әрі тәуелсіз
штаттар болуға тиіс деп жариялаймыз. Бұлар Британия тағының қайсысынан
болса да азаматтығынан босанады және бұлардың Ұлыбритания мемлекеті
арасындағы қандай да болсын саяси байланыс үзіледі.
Бұл “ заңды үкіметке ” қарсы халық көтерілісінің манифесі
болды. Ұлыбритания 9 млн. халқы бар, бүкіл дүниежүзілік деңгейдегі ірі
мемлекет. Оның күшті әсері, флоты, отарлары, экономикалық қоры бар.
Америкада 2,5 млн. адам тұрады, ал әскері тек қана 5000 адам. Отарларда
арнайы әскер, флот болмағаны мәлім.
1775 жылы сәуірде колонистер шоғырланған, бір отарлыққа
бағынған 30000 әскер құра бастады. Әрбір отар өзінің әскерін
жабдықтады.
1775 жылы 19 сәуірде колонистер мен ағылшындар әскерлерінің
арасында ашық қозғалыстар басталды. Америка революциясы халықтың ұлт-
азаттық күрес сипатында болды. 10 мамыр күні Филадельфияда екінші
Құылықты Конгресс ашылды, ондағы мәжіліс үзіліссіз 1779 жылға дейін
созылды. Төтенше жағдайдың күшімен консультативтік орган Конгресске
өзгеріп кетті де, барлық отарлардың өкілдерінің жиналысына айналды. Ол
федеративтік революция үкіметінің қызметін орындады. Полковник Вашингтон
қолбасшы болып сайланды. Маусым айында өз еріктерімен әскерді құру жөнінде
хабарландыру болды. Бұған жауап ретінде король отар-
ларды бүліншік жағдайда деп хабарлады.Конгресс депутаттарының жартысы
Англиямен болған таласты компромисс арқылы бейбіт жолмен арттыруға
болады деп есептеді. Конгрестің көп шешімдері көмескі болды, себебі
буржуазия өкілдері мен ақсүйектер халықтан қорықты.
Бірақ сол жағдайдың өзі революциялық қимыл жасауға мәжбүр етті.
1776 жылдың жазында көп отарлар өздерін республика, штат деп
жариялады. Конгресс ағылшынның сауда жөніндегі заңдарын өзгертіп,
роялистердің жеке меншігін тәркілеуге ұшыратты.
1776 жылы 1 шілдеде Конгресс тәуелсіздікті жариялау жөніндегі
мәселені талқылауға көшті. Бұл құжатты дайындауға атсалысқан комиссияның
барлық мүшелері, оның авторы Виргинияның жас адвокаты, ірі жер иесі Томас
Джефферсон болды.Ойшыл ретін-де оған теңелер адам табылған жоқ, ол Д.
Локктың өмірдегі нақ құқықтық теориясын, ондағы еркіндік пен меншік
теориясын бойына сіңірді. Декларация Джефферсонның тек көп
оқығандығының жемісі ғана емес, ол өз еңбегінде Америка отарларының ең
мықты тәжірибесін, олардың демократиялық дәстүрлерін де қамтыды. Барлық
патриоттық қозғалыстың ұраны: “ Өкілдіксіз салық жоқ ”. Бұл ұранның маңызы
отарлық саясатқа қарсы қозғалыстың маңызыменбірдей, бірақ әлі кемеліне
келмеген,енді ғана алғашқы тәжірибелер ден орнықты жетістіктер қарастыруда.
Джефферсон осы декларацияны жазғаннан кейін данқтылықпен
пайдаланды, қайраткерлердің көбі оның белгілі адам болғанынкөре алмады,
қызықты, ал кейбір тәуелсіздік деклорациясының рөлін төмендетуге
тырысты.
Бұл АҚШ тарихындағы алғашқы мемлекеттік ресми құжат.Оның
прогрессивтік мәні де осында. Тәуелсіздік декларациясы ағылшын
королінің зорлық – зомбылығын теріп, адам құқығының бұзылуын мәлімдей
отырып, бұдан былай отар ел өзінің бостандығы мен тәуелсіздігін алуға
тиіс деп есептейді.
Олар соғыс жариялауға, бейбітшіліктің болуына, одаққа кіруіне,
сауданы жүогізуге және кезкелген актілер істеуге, яғни тәуел-сіз
мемлекеттің қалған құқықтарына да кіруге толық құқықтары бар
Декларацияның қабылданған жөніндегі хабар қуанышпен Қарсы алынды. Яғни,
салюттер атылып, қоңыраулар соғылып, хал-ықтың көңіл күйін көтерді.
1776 жылы 4 шілдеде – АҚШ – тың мемлекеттік мейрам
күні.Қарапайым, түсінікті нысандағы декларация Америка халқының
демократия мен бостандығын білдіреді. Оны салют атылғанда, қоңырау
соғылғанда оқу дәстүрге енген.
“Біз айқын шындық ден мыналарды есептейміз: барлық адамдар тең
жаратылған, олар дарынды және өздерін жаратқанда кейбір айыруға
болмайтын құқықтары бар, олар-өмір сүру, бостандық, адамның бақытқа
жету жолы. Бұл құқықтарды қамтамасыз ету үшін олардың әділ билігі мен
басқаруға мүмкіндігі болуы керек.
Егер мемлекеттің басқару нысаны бұл мақсатты апатты жағдайға
әкелсе, онда халықтың өзгертуге және ондай билікті құруға құқығы бар.
Басқадай үкімет құруға, халықтың қауіпсіздігі мен бағытына мүмкіндік
туғызуға болады. Қиянат етуге және озбырлық жасауға келгенде
өзгеріссіз бірінің атынан бірі келеді, мұндай жағдайда халықтың үкіметті
тежеуге құқығы бар.
Қазіргі Ұлыбритания королінің тарихы озбырлықпен,
әділетсіздікпен құрылған.
Біз, АҚШ – тың өкілдері, Конгреске жиналушылар, дүние
Жүзіндегі барлық жоғары соттарды жинай отырып, халық өкілдері атынан
қосылған бұл отарлардың мәні мен құқық жағынан дербес тәуелсіз штат
болуын хабарлаймыз. Сол уақыттан бастап олар Британ азаматтығынан
босатылады және арамыздағы әртүрлі саяси өкімет пен Ұлыбритания
мемлекеті бір – бірімен араласпайды.
Бостандығы және тәуелсіздігі бар штаттар соғыс ашу,
бейбітшілікті қорғау,одаққа кіру, сауда жасау, басқа да тәуелсіз мемле-
кеттер сияқты құқықтарға ие ”.
Декларация-адамзат тарихындағы бірінші конституциялық хартия,
мұнда халықтың егемендік санасы, халық өкіметін құлату және төңкеріс
кезіндегі халықтың құқығы туралы жазылған.
Оны 55 адам қабылдады: 13 көпес, 8 плантатор, 28 адвокат,7
ерікті кәсіп өкілдері.
Декларация барлық жағынан жүйелік болған жоқ,оның жүз-еге
асыру жолы айтылмаған. Сонымен, тәуелсіздік ресми түрде жарияланды да,
өкімет ұлттық буржуазия мен плантаторларға бер-ілді, Американы өз қолдарына
алған осылар. Тәуелсіздік жариялан-ғанына 13 дүркін салют беріліп, король
Георг-үшінші аттылы мүсі-ні тұғырымен лақтырылды, оның темірі Америк
әскерінің оғын құю үшін ерітілді.
1.2. 1781 жылғы конфедерацияның баптары
1781 жылғы конфедерацияның баптары – АҚШ – тың бір-інші
конституциясы. 13 штат мемлекетаралық одақ құрды. Әрбірштат егемендігін
сақтады, ол тәуелсіздікті, басқа да өкімет билігінсақтады, өздерінің
парламенті, өкіметі, конституциясы болды.
Штаттағы барлық істі меңгеру үшін жыл сайын бір палаталы
Конгресс құрып, белгілеп отыру қолға алынды. Конгресте дауыс бергенде әрбір
штат бір дауысқа ие болды, ал делегаттардың саны екіден жетіге дейін
болатын. Конгресте шет ел істері жөніндегі мәселелері шешу үшін 9 дауыс
керек еді.Конгресс сессиялық тәртіппен жұмыс істеп, арасында үзлістер
жарияланатын. Конфедерацияның баптары туралы Вашингтон құмнан істелген
арқан деді, бұл тұжырым конфедерацияның әлсіздігін көрсетті. Конфедерация
тек ірі үш мәселені қарайтын: шет елдермен қарым - қатынастар, әскер
және жалпы ақша мәселелері.Ортақ өкімет өте әлсіз болып құрылды. Әрбір штат
өзінің тәуелсіздігін жоғалтқысы келген жоқ. Бірақ Англия АҚШ мемлекетінің
егемендігін тек қана 1783 жылы Версаль қаласында бекітті.Сондықтан
конфедерацияның жиналған жалпы әскер-ді басқару үшін және басқа да айтқан
маңызды мәселелерді шешу үшін мәжбүр болғаны мәлім.
АҚШ конфедерациярежимі құрылғаннан кейін халық
демократияландыру процестерін пайдаланып, өздерінің құқықтарын қорғай
бастады. Америкада наразылықтарын білдіру үшін манифестациялар
өткізілді.Бұл қозғалыстардың шарықтау шегі – Данниэль Шейстің көтерілісі.

жылы жиналды. 55 делегет-оның құрамына 24 қаржы қызметкері, 11 кеме

жоқ.Бірақ оған күшті отарлық билікті қарсы қойды. Конфедерация толық

шығарушылармен қамтамасыз етілді. 1787 жылғы Конституция- Америка
буржуазиялық революциясының жоғарға шарықтау шегі.Конституция мемлекетті
мақұлдау және саналы басқару идеясы туралы айту керек еді.
1.3. АҚШ Конституциясы
Конституцияның алғашқы бөлігі Ньютонның физикасы сияқты әрі ғылыми,әрі
рационалды кішігірім преамбула мен үлкен мақаладан тұрды.Оған қосымша
ретінде 26 түзету алынған. Бірінші 10 түзетуде жалпы алынғанда “Құқық
туралы Билль” деп аталады. Бұл түзетулер 1791 жылы алынды. Бұдан басқа 16
түзету қабылданған, олардың арасында ең маңыздысы-13,14,15 баптар.Бұл
баптар АҚШ-тағы құлдықты құртты.
Преамбуласында Конституцияның мақсаты анықталған штаттың одақтары
құрылды.Конституция 7 баптан тұрады: 1-АҚШ Конгресі; 2-АҚШ Президенті; 3-
АҚШ сот билігі; 4-штатпен федерацияның өзара қарым-қатынастары; 5-
түзетулерді енгізу реті; 6-конституцияның жоғарғы принциптерін тағайындау;
7-Конституцияны бекіту реті.
АҚШ Конституциясы негізгі үш принципті бекітеді. Ең алдымен АҚШ
мемлекетінің негізгі принциптеріне өкіметтің бөлінуі жатады. Конституцияға
Локк және Монтескьенің өкіметті бөлу жөніндегі идеялары кірген. Мұндағы сөз
тар мағынада-көлбеу принципімен: заң шығарушы билік, атқарушы билік және
сот билігі болып бөлінеді. Осы негізгі принцип әрбір федерацияның
субъектерінде де қолданылады.Таза догматтар америкалық концепция
өкіметке бөлінген, бұл төмендегіше жинақталды деп көрсетіледі. Мемлекетті
басқару саласының қызметі заң шығару, сот, атқарушы билік болып үшке
бөлінеді.
Әртүрлі міндеттерді іске асыру барысында үшеуіне де, түрлі
басқарма бөлмшелеріне де лайықты болып келеді. Бұл бөлімшілер конституция
бойынша тепе -тең және бір - біріне тәуелсіз. Әртүрлітәртіп бойынша
қалыптасқан мемлекеттік органдар, олардың өкілдік мерзімі-нен,
бағыныштылығымен тығыз байланысты. Мұндағы негізгі рөлді жүйенің
шыдамдылығы мен қарама-қарсылығы атқарады. Оның мәні, әрбір биліктің,
Конституцияға қарсы көрінуі мүмкіндігінде жатыр.
Конгресс президенттің заң ұсыныстарын кейінге қалдыруға, федерал-
дық лауазымды қабылдауға, импичмент тәртібімен президентті сотқа тарту-
ға құқылы.
АҚШ президентң атқарушы билікті басқарады, төрт жылға сайланады.
Президент қайтыс болып немесе қатты науқастанған жағдайларда да бұл
мемлекетте жыл толғанша сайлау өткізілмейді, Президенттің орнына кім
тағайындалатынын Конституцияда анық белгіленген: Вице-Президент, одан
кейінтөменгі палатаның төрағасы, мемлекеттік хатшы. Президент орнына
ұмтылған кандидат АҚШ азаматы, 35 жасқа толған, Америкада тұрақты 14
жылтұрған болуы керек, оны Вице-Президент бірге дәрежелі сайлайды. Алдымен
538 адам сайлаушыларды сайлайды ( 100 адам,Сенат, 438 төменгі өкілеттер
палатасы), осы алқа саяи тізім бойынша қатаң партиялық тәртіппен
Президенттің өзін сайлайды.
Конституцияның бірінші бөлімінде барлық заң шығарушы құқықтар
АҚШ Конгресіне берілген, олар Сенаттан және өкілдер палатасынан тұралы.
Парламенттің құрылысы мемлекеттің федеративтік құрылысын көрсетеді. Өкілдер
палатасына 25 жастағы адамдар сайланады, олар екі жыл бойы қызмет істейді.
Бір сайлау округіне кіретін сайлаушылар саны 30000. Сенатқа әрбір штат екі
сенатордан сайлайды, 1913 жылдан бастап сенаторлар 17-бап бойынша сайлаумен
бекітілетін болды. Сенаттың төрағасы Вице-Президент.
Сенаторлардың үштен бірі екі жылға, үштен бірі төрт, ал қалғандары
жеребимен алты жылға сайланады. Сенат өзіне жүктелген жұмыспен бірге
Президентті де тексеруге кұқы бар. Сенаторлардың үштн екісінің қолдауымен
өкілдер палатасы президентті кінәлауға, орнынан алуға құқылы. Сенат
президентке шарт қою кезінде келісімін береді, әрі Жоғарғы сот мүше-
лерін тағайындай алады. Өкілдер палатасымен салыстырғанда сенаттың өкіл-
еттігі үлкен. Конгресс сайлаудан кейін желтоқсан айының соңында бірінші рет
жиналады.
АҚШ Конституциясы – буржуазиялық мемлекеттің бірінші жазылған
Конституциясы, ол 1787 жылы 12 қыркүйекте Филадельфия Конвенті негізін-
де жасалып, 1789 жылы 4 наурызда күшіне енді.
АҚШ – тың бірінші Конституциясы – халықаралық құқықты қамтитын
федеративтік республиканы бекітті. Қабылданған Конституцияға бұрынғы
ағылшын отары негізінде құрылған тәуелсіз 13 кішігірім мемлекеттің кіруі
бекітілді. Бұл одақтың құрылуына ғасырдың идеологиялық, әлеуметтік, саяси,
экономикалық қажеттілігі де әсер етті.
55 делегаттың ішінде Джордж Вашингтон, Гамильтон, Франклин, Мэ-
дисон, Вильсон тәрізді қайраткерлер болғандығы мәлім. Әртүрлі жағдаймен
қатыса алмаған Джфферсон, Патрик Генри, Джон Адамс тағы басқа да радикалдар
болды. Оның әлеуметтік құрылымына көңіл бөлсек, оның аралығында тек бай
адамдар, плантаторлар, құл иеленушілер, банкирлер, бағалы қағаз ұстаушылар
болдыү Бірақ бұлардың арасында біржақтылық, бірізділік болды деп айту қиын.
Конституцияның бағасы мен маңызы жөнінде әдебиетінде екі түрлі
көзқарас ағым пайда болды, біреулері мақтаса, екіншілері даттады. АҚШ-тың
негізгі заңында методологиялық жағы да айқын көрінді. Сондай-ақ ағылшын
Конституциясының кейбір елдерде буржуазиялық демократия үстем етіп тұрғанда
құрылғандығын естен шығармау керек. Ол кезде Еуропада тәуелсіздік үшін
соғыс жүріп жатқан еді, сол ғасырдың позициясы болған Конституция құқық
мәселесіндегі демократиялық құжат, Клнституцияны жасаушылар белгілі бір
саяси құқықтың принциптері мен нысандарын қалыптастырды, ол Америка саяси
жүйесінің негізі болып табылады.
Бұл конституцияда бірнеше негізгі принциптер бекітілген,
олардың бірі-республикалық ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz