Шығын есебінің объектісі - кәсіпорын өндіріс шығын есебінің талдамалығын ұйымдастырудағы объект


Жоспар.
Кіріспе . . .
І-бөлім Өндірістік шығыңдар есебін ұйымдастыру . . .
1. 1. Шығындардың мәні, түрлері, жіктелуі және тәртібі . . .
1. 2. Өндірістік шығын есебінің әдістері және өнімнің, алынған пайданың өзіндік құнын калькуляциялау мен пайдалылықты анықтау . . .
1. 3. Өнімнің өзіндік құнын калькуляциялаудың және шығыңды есепке алудың халықаралық практикада қолданылатын әдістері . . .
2-бөлім. Басқарушылық есеп және мұнда қолданылатын шығындары . . .
2. 1. Басқарушылық есеп және мұнда қолданылатын шығындарды жіктеу . . .
2. 2. Басқарушылық ұйымдастыруды және бақылауды негіздеу шығындары туралы ақпарат және оларды талдап пайданы анықтау . . .
Қорытынды . . .
Қолданылған әдебиеттер . . .
АННОТАЦИЯ
Диплом жұмысы «Құрылыс ұйымдарындағы үстеме шығыстар және пайдалылықты есептеу» тақырыбына жазылған.
Студент:
Дипломдық жұмыс жетекшісі:
Қазіргі нарықтық экономика жағдайымызда пайданы максимизациялау басты мәселелердің бірі. Сондықтан өндірісте өнім шығару барысында, сапасын жоғалтпай, шығындарды азайту өте басты проблемалардың бірі болып келеді.
Жұмыстың құрылымы мен көлемі:
Жалпы көлемі:
Кесте: 13;
Сызба: 3.
Зерттеу объектісі: «Интеграция-Құрылыс» ЖШС
Зерттеу ғылыми маңызы: Қазіргі нарықтық экономикада кәсіпорындардың есеп саясатының жүргізілу формаларын талдай отырып, жаңа инновациялық идеяларды ұсыну.
АНЫҚТАМАЛАР.
Шығындар - активтердің келуі немесе пайда болған өндіріс шығындарымен байланысты міндеттердің артуы.
Негізгі - өндірістің технологиялық процесімен тікелей байланысты: шикізат және материалдар, қосалқы материалдар мен басқа шығындар.
Үстеме - өндірісті ұйымдастыру, оған қызмет ету және басқарумен тікелей байланыста пайда болады.
Бір элементті - бір элементтен тұрады (еңбекақы, материалдар, аударым) .
Кешенді - бірнеше элементтен тұрады (құрамына қызметкердің еңбекақысы кіретін цех шығындары, аударым, материал, амортизация және басқа да бір элементгі шығындар) .
Тікелей - өнімнің нақгы бір түрін өндіретін өндіріспен байланысты және оның өзіндік құнына тікелей салынуы мүмкін (шикізат, негізгі материалдар, аударым) . Жекелеген бөлімшелерге кететін шығын бөлімше шығындары деп аталады.
Жанама - өнімнің жеке түрлеріңің өзіндік кдоына тікелей салышбауы мүмкін жеке шыгын жанама (шартты) бөлінеді. Жекелеген бөлімшелерге салышбаған шығын жанама деп аталады (жарнамаға жұмсалатын шығын - бұл субъект бөлімшелерінің жанама шығыны болып табылады) .
Өзгермелі - оның көлемінің өзгеруі өндіріс көлемінің өзгеруіне тікелей үйлесімді (пропорционально) болады (өндірістік жұмысшылардың еңбекақысы, технологиялық энергия, отын және т. б. ) және бұл кезеңдегі өнім шығарылымын үйлесімді (пропорционально) бөледі. Мысалы, егер өндіріс көлемі 10%-ке артатын болса, онда жалпы өзгермелі шығын да 10%-ке өседі.
Тұрақты - өнім өндірісі көлемінің өзгеруіне тәуелді емес (жылу, өндіріс ғимаратын жарықтандыру, амортизация, жал (аренда), жарнама шығыны және т. б. )
Қысқартулар
ХҚЕС -Халықаралық қаржылық есеп стандарттары
БЕС - Бухгалтерлік есеп стандарттары
НҚ - Негізгі құралдар
МЕА - Материалдық емес активтер
ЖШС - Жауапкершілігі шектеулі серіктестік
ҒТП - Ғылыми-техникалық прогресс
ІІМ - Ішкі істер министрлігі
Кіріспе.
Нарықтық экономикада басқаруды жетілдіруде бухгалтерлік есептің ролі мен мәні артуда. Басқару мен нарықтық экономиканың дамуына, әр түрлі деңгейдегі басқару шешімдерін әзірлеуге, негіздеу мен қабылдауға субъектінің нарықтағы іс-қимылын анықтап, бәсекелес субъетіні айқындауға сондай-ақ субъектілердің қаржылық және шаруашылық қызметі туралы сапалы, уақтылы ақпаратты қалыптастыру бухгалтерлік есептің басты мақсаттары болып табылады.
Кез-келген өнімді (жұмыс, қызмет) өндіру белгілі бір шығындармен байланысты. Шығындар - активтердің келуі немесе пайда болған өндіріс шығындарымен байланысты міндеттердің артуы. Өнімнің өзіндік құны - бұл өндіріске және өткізуге кететін ақшалай түрдегі шығындар. Сату бағасы мен өзіндік құн арасындағы айырмашылық бізге пайданы анықтайды. Осы пайданы арттыру - қазіргі кездегі нарықтық экономиканың басты мәселелерінің бірі болып табылады. Сондықтан көптеген экономистер пайданы максимизациялаудың көптеген жолдары мен тәсілдерін қарастыруда. Сондықтан, мен осындай тақырыпты алғанды жөн көрдім.
Бірінші бөлімде, жалпы шығындар туралы толық мәлімет төрт тарауда айтылып кеткен. Мұнда: шығындардың жалпы классификациясы; өндірістік шығын есебі; өнімнің өзіндік құнын калькуляциялау; алынған пайданың өзіндік құнын анықтау; калбкуляциялау мен шығынды есепке алудың халықаралық практикада қолданылатын әдістері туралы ақпаратпен қамтамасыздандырылған.
Екінші бөлімде, басқару есебі пәнімен танысу, ондағы шығындармен танысу, себебі басқаруды ұйымдастыру шығындары - үстеме шығыстарға жатады. Басқару есебіндегі шығындар туралы ақпаратжәне оларды бюджеттеу мен бақылау аспекттері қарастырылған.
Үшінші бөлімде, «Интеграция-Құрылыс» ЖШС мысалында, оның есеп саясатын талдай отырып, шығындарды азайту жолдары қарастырылған. Яғни, шығындарды азайту жолдары қарастырылса, пайданың өсу жолдары сәйкесінше қарастырылып өтілген. Және де сол кәсіпорынға менің жасаған бизнес-жоспардың талдауы толығымен көрсетілген. Онда жаңа тауарды шығару барысында, жұмсалған шығындардың сметасы мен өндірістің үш жылға дейінгі бағдарламасы қарастырылған. Бұл бизнес-жоспарда жаңа технологияларды қолданыс енгізуінің кәсіпорынды қандай жағдайға алып келетінінің қарастырылуы.
Зерттеу объектісі: «Интеграция-Құрылыс» ЖШС
Зерттеу ғылыми маңызы: Қазіргі нарықтық экономикада кәсіпорындардың есеп саясатының жүргізілу формаларын талдай отырып, жаңа инновациялық идеяларды ұсыну.
ЖШС-тің өндірістік жоспарымен танысу. Өндірістік жоспардың негізгі нысаны, бұл - өнімді шығарудың өндірістік жақтарын ашып көрсету, яғни өндіріс процесінің ұйымдастырылуы, жаңа тауар шығару барысының және одан әрі өндіріс тоқталуына жол бермеу шараларының қамтамасыз ету деңгейі қарастыру. Өндірістік жоспар мына сұраққа жауап бері керек: кәсіпорын жаңа тауарын қалай шығарады және өндірісін сипаттап беру керек. Бұл арқылы өнімнің өзіндік құны мен баға арасындағы қатынасты зерттеу, яғни пайдалылықты анықтау.
Дипломдық жұмыс негізгі үш тараудан тұрады.
І. Өндірістік шығыңдар есебін ұйымдастыру.
1. 1. Шығындардың жіктелуі (классификация) және тәртібі.
Кез келген өнімді (жұмыс, қызмет) өндіру белгілі бір шығындармен байланысты.
Шығындар - активтердің келуі немесе пайда болған өндіріс шығындарымен байланысты міндеттердің артуы.
Ақшалай формадағы субъект шығынына өңімнің өзіндік құн жатады.
Өзіндік шығындарды дұрыс ұйымдастыру үшін оның ғылыми-негізделген жіктелімі аса қажет. Бухгалтерлік есептің №7 «Тауарлы-материалдық қор есебі» стандартына сәйкес шығын мьналарға жіктеледі:
- пайда болу орны бойынша - өндіріс, цех, учаске, құрылымдық бөлімше. Мұндай жіктеу өндірістік өнімнің өзіндік құнын анықтау үшін аса қажет;
- өнім (жұмыс, қызмет) түрлері бойынша - оның өзіндік құндарын есептеу үшін керек;
- шығьн түрлері бойынша немесе өнімнің өзіндік құнына көшіру тәсілі бойыншаэкономикалық элементтер бойынша және калькуляциялау баптарымен.
Сонымен бірге:
а) экономикалық элемент бойынша - өнім өндіру үшін қандай шығын кеткенін көрсетеді. БЕС 7-ге сәйкес мына экономикалық элементтер анықталады:
- материалдық шығындар;
- еңбекақы шығындары;
- аударым;
- құралдың тозуы;
- басқадай шығындар;
ә) калькуляция баптары бойынша - өнімнің жекелеген түрлерінің өзіндік құнын есептеу үшін пайдаланылады.
БЕС 7-ге сәйкес оған жататындар:
- материалдар;
- еңбекақы;
- аударым;
- үстеме шығындар.
Элементтер бойынша шығындарды топтастыру
Кесте 1
(мың, теңгемен)
8. Үстеме шығьндар.
9. Басқадай шығындар
Экономикалық шығындар бойынша шығын (117000 теңге) және калькуляция баптары бойынша шығын (114000 теңге) өндірістік емес шотқа есептен шығару бөлігінде корректив элементі бойынша қорытындыға салғанға дейін аяқталған өндіріс қалдығының өзгеруі сан жағьнан бірдей емес. Шығындардағы айырмашылық, сонымен қатар, ұқсас (аналогичных) атауда элемент және калькуляция бабы бойынша бар. Мысалы, «Еңбекақыға кететін шығын» экономикалық элемент бойышша 17000 теңге, ал «Еңбекақы» калькуляция бабы бойынша 1 теңге көрініс тапты. Айырмашылық құрал-сайманды күтумен (уход) шұғылданатын қызметкерлердің еңбекақысына кететін шығындарда, яғни үстеме шығындарында ескеріледі.
Алайда, экономикалық элемент және бап бойынша шығынды есепте топтастыру өзара байланысты, өйткені олар құрамы (элементі) және мақсатты тағайьндауы (калькуляция бабы) бойынша субъектінің бір ғана шығындарын сипаттайтынын айта кету керек. Бұл ақпарат есебінде шаруашылық жүргізуші субъектінің тұтас шығыньн өнім (жұмыс, қызмет) түрлері бойышша, калькуляциялау баптарымен шығынның пайда болу орнына қарай бөлшектеп (детализировать), элементтік қимада (по элементнам разреза) қалыптастыруға мүмкіндік тудырады, өнімнің өзіндік құнын элдеқайда дұрыс есептелуіне және кәсіпорын шығындарыша бақылауды күшейтуге жағдай жасайды.
Экономикалық элемент бойышша топтастыру оның құрылымын зерделеу, өндірістік шығындар сметасын пайдалануын бақылау, жоспарлау және талдау үшін қолданылады. Бап бойынша топтастыру кәсіпорын шығынының талдамалық есебін ұйымдастыру, калькуляциялау және өнімнің өзіндік құнын бақылау үшін пайдаланылады. Екі топтастыру бірін-бірі толықтырады және өнімді өндіруге кететін шығын, есептеу және өзіндік құнды талдау есебін ұтымды жүргізуге мүмкіндік тудырады.
Өндіріске арналған шығындар басқа белгілердің қатары бойынша жіктелуі мүмкін.
Кесте 2
• негізгі
• үстеме
• тікелей
• жанама
• бір элементті
• кешенді
• өзгермелі
• тұракты
• ағымдык
• біруақыттық
• өндірісті
• әкімшіліктік
• коммерциялык
• өндірілетін
• өндірілмейтін
• реттелетін
• реттелмейтін
• жалпы
• орташа
• өнімге
• кезеңге
Негізгі - өндірістің технологиялық процесімен тікелей байланысты: шикізат және материалдар, қосалқы материалдар мен басқа шығындар.
Үстеме - өндірісті ұйымдастыру, оған қызмет ету және басқарумен тікелей байланыста пайда болады.
Бір элементті - бір элементтен тұрады (еңбекақы, материалдар, аударым) .
Кешенді - бірнеше элементтен тұрады (құрамына қызметкердің еңбекақысы кіретін цех шығындары, аударым, материал, амортизация және басқа да бір элементгі шығындар) .
Тікелей - өнімнің нақгы бір түрін өндіретін өндіріспен байланысты және оның өзіндік құнына тікелей салынуы мүмкін (шикізат, негізгі материалдар, аударым) . Жекелеген бөлімшелерге кететін шығын бөлімше шығындары деп аталады. (автомеханиктың еңбекақысы - бұл автосервис бөлімшесінің тікелей шығыны болыш табылады; цехтағы автомобильдердегі сырлауда пайдаланылатын сырдың құны - сырлау цехының тікелей шығыны болып табылады) .
Жанама - өнімнің жеке түрлеріңің өзіндік кдоына тікелей салышбауы мүмкін жеке шыгын жанама (шартты) бөлінеді. Жекелеген бөлімшелерге салышбаған шығын жанама деп аталады (жарнамаға жұмсалатын шығын - бұл субъект бөлімшелерінің жанама шығыны болып табылады) .
Шығындар бір бөлімшеде тікелей, екінші бір бөлімшеде жанама болуы мүмкін (зауыт менеджерінің еңбекақысы - бұл жеке бөлімшелердің жанама шығыны, тұтас зауыттың тікелей шығыны болып табылады) .
Шығындардың тікелей және жанама болыш бөлінуі салалық ерекшеліктерге, өндірістің ұйымдастырылуыша, өнімнің өзіндік құнын калькуляциялаудыш қабылданған эдісіне байланысты (көмір өнеркәсібінде, энергия қуатын өндіруде - барлық шығындар тікелей болыш табылады) .
Өзгермелі - оның көлемінің өзгеруі өндіріс көлемінің өзгеруіне тікелей үйлесімді (пропорционально) болады (өндірістік жұмысшылардың еңбекақысы, технологиялық энергия, отын және т. б. ) және бұл кезеңдегі өнім шығарылымын үйлесімді (пропорционально) бөледі. Мысалы, егер өндіріс көлемі 10%-ке артатын болса, онда жалпы өзгермелі шығын да 10%-ке өседі.
Жалпы өзгермелі шығын өндіріс көлеміне үйлесімді (пропорционально) өседі. Өндіріс көлемі 100-ден 200-ге дейінгі бірлікке артқанда, жалпы өзгермелі шығын 1000-нан 2000 теңгеге дейін өсті. Алайда өзгермелі шығын өнім бірлігіндегі есеп айырысуда көлем өзгерсе де, мейлі бұл қандай бірлік болса да - бірінші ме, екінші ме, үшінші ме, оған қарамай тұрақты боп қалады. Сондықтан өзгермелі және тұрақты шығындарды шартты-өзгермелі немесе шартты-тұрақты деп атау әдетке айналған, өйткені олар әр түрлі нүктелерден екі түрлі роль ойнайды.
Кесте 3
Бірлікке шаққандағы өзгермелі
шығын
Тұрақты - өнім өндірісі көлемінің өзгеруіне тәуелді емес (жылу, өндіріс ғимаратын жарықтандыру, амортизация, жал (аренда), жарнама шығыны және т. б. )
Егер көлем 10%-ке артса немесе кемісе, онда жалпы тұрақты шығын өзгеріссіз қалады, бірақ бір бірлікке ұдайы кеміп отырады. Өндіріс көлемі өзгерсе де тұрақты шығын өзгеріссіз қалған. Егер өндіріс көлемі 10%-ке кемісе, онда жаллы тұрақты шығын өзгеріссіз қалады. Егер өндіріс көлемі бір бірлікке тең болса, онда тұрақты шығын 300 теңгеге тең болады, бірақ тұрақты шығын өндіріс көлемінің артуы кезінде бір бірлікке ұдайы кеміп отырады. Осыған орай өнімнің өзіндік құны кемиді.
Кесте 4
Ағымдағы - жиі қайталанатын кезеңдік шығын (шикізат, материалдар шығыны) .
Бір жолғы - демалыс төлемі, жөндеу жүргізу және т. б. Ол сметаның бекітуімен белгіленген тәртіпте және мерзімде өнімнің өзіндік құнына бөлек қосылады.
Өндірістік - тауарлық өнімді дайындаумен және оның өндірістік өзіндік құнын қалыштастыруға кететін барлық шығын жатады (тауарлық өнім өз материалымен де, техникалық бақылаумен қабылданып, қоймаға өткізілген тапсырыс берушінің материалымен де шығарылатын дайын бүйымдардыш құны; тараптарға босатылған өз өндірісінің жартышай дайындалған өнімнің өзіндік құны, сондай-ақ субъектінің негізгі қаражатын толтыруға бағытталған өнім) .
Әкімшілік - жалпы басқарумен байланысты шығындар және жалпы шаруашылык, әкімшілік тағайындауындағы шығындар.
Коммерциялық (өндірістен тыс) - өнімді сатып алушыға өткізумен байланысты шығын.
Өндірушілік (жоспарланған) - ұғымды технология мен өндірісті ұйымдастыру арқылы өнімді белгіленген сапада өндіруге кететін шығын.
Өндірушілік емес (жоспарланбаған) - технологияның жетіспеушілігінен және өндірістің дұрыс ұйымдастырылмауынан болатын салдар, яғни шығын (жұмыссыз бос тұрып қалудың шығыны, ақау, мерзімнен тыс еңбекақы) .
Реттелетін - атқарушы шығын деңгейш реттейтін немесе оған елеулі ықпал ете алады (өнім өндіруде пайдаланылатын шикізат шығьгаы, оны цех бақылаушысы реттейді) .
Реттелмейтін - қызметкер оның деңгейіне елеулі ықпал ете алмайтын шығын (дайындау учаскесінің мастері конструкторлық бөлім қызметкерлерінің еңбекақысы бойынша шьғынға ықпалын жүргізе алмайды) .
Жалпы - өндірілетін өнімнің барлық көлеміне кететін шығынды білдіреді.
Орташа - есепте бір өнім бірлігіне кететін шығын.
Өнімге - өнімнің өзіндік құнына жұмсалатын шығын (тікелей шығын) .
К езеңге - кезең шығындары: жалпы және әкімшілік шығындары, тауарды сату шығындары, сыйақы бойынша шығындар (жанама шығындар) .
Өндірілген өнімді бағалау, экономикалық шешімдерді қабылдау, жоспарлау, бақылау және реттеу мына шығын жіктеулерінің көмегімен болады:
1. Өндірілген өнімді бағалау үшін шығындарды топтастыру:
- негізгі - өндірістің технологиялық процесімен тікелей байланысты;
- үстеме - өндірісті ұйымдастыруда пайда болады;
- тікелей - өнімнің нақты бір түрін өндірумен байланысты және оның өзіндік құнына тікелей қосылады;
- жанама - жекелеген өнім түрлерінің өзіндік құнына тікелей емес, жанама (шартты) бөлінеді;
- кірістік (болашақта табыс әкелетін ресурстарға ие болу және оның қолда бар болуы) ;
- біткен (шығынға кеткен материалдар) .
2 . Шешім қабылдау және жоспарлау үшін шығындарды топтастыру:
- өзгермелі - оның көлемі өндіріс көлеміне қарай үйлесімді (пропорционально) өзгереді;
- тұрақты - өнім өндіру көлемінің өзгеруіне тәуелді емес;
- қайтарылмайтын - өткен кезеңнің шығыны мен табысы;
- міндеттік (вмененные) - ресурстар шектеулі болған жағдайда пайда болады және оны болашақта пайдалану мүмкіндігін сипаттайды;
- айыптық (өсетін) - қандай да бір өнім партиясын дайындауда қосымша пайда болады (өнім өндірісін жеделдету үшін сыйлықақы төлеу) ;
- маржиналдық (шектеулі) - қосымша шығындар, бірақ есепте өнім бірлігіне келеді;
- релеванттық - тапсырыстардың (заказ) сақталуы мен орындалуыша байланысты.
3. Шығындарды басқару мақсатында бақылау және реттеу процесін жүзеге асыру үшін шығындарды топтастыру:
- реттелетін;
- реттелмейтін;
- тиімді (өндірмелі, яғни (производительные) ;
- тиімсіз (өндірілмейтін) ;
- бақыланатын;
- бақыланбайтын.
1. 2. Өндірістік шығын есебінің әдістері және өнімнің, алынған пайданың өзіндік құнын калькуляциялау мен пайдалылықты анықтау.
Өнімнің өзіндік құны - бұл өндіріске және өткізуге кететін ақшалай түрдегі шығындар.
Калъкуляциялау - бұл барлық тауарлық өнімдердің де әрі бір бірліктің де өзіндік құнын есептеу. Ол кәсіпорын жұмысын оперативті басқаруда маңызды орын алады, өйткені ішкі резервті дер уақытында (уақтылы) ашуға мүмкіндік беріп, оны өнімнің өзіндік құнын төмендетуге және бәсекеге жарамдылығын арттыруда пайдаланылады. Калькуляцияны өнімнің өзіндік құнын жоспарлауға және өнімнің (жұмыс, қызмет) нарықтағы сұранысын ескеретін негізгі бағасын белгілеуде пайдаланады.
Калькуляцияда субъект шығындары ақшалай түрде қорытындыланады.
Калькуляцияның мына түрлері болуы мүмкін:
• жоспарлы - еңбек шығынының, озық техника мен өндірістің және жұмыстың жақсы ұйымдастырылуын білдіретін өндіріс қаражатының озық (прогрессивті) нормасы негізінде жоспарланған кезеңге жасалады;
• есеп берушілік (нақты) калъкуляция - өнімнің өзіндік құны кәсіпорынына тәуелді (өндіру, үнемдеу немесе жекелеген ресурстарды артық шығындау бойынша жоспарлы көрсеткіштердің асыра орындалуы немесе кем орындалуы) және тәуелді болмайтын (материалдар құнын, амортизациялық аударымдардың нормасын, электр энергиясына, жылуға, тазға, суға және т. б. тарифін өзгерту) себептер бойынша жоспардан ауытқуы мүмкін нақты шығындармен сипатталады;
• нормативті калъкуляциялар - ағымдағы жоспарлы калькуляцияның әр түрлілігі болып табылады. Ол шығын есебінің нормативті әдісін қолданатын және өнімнің өзіндік құнын калькуляциялайтын кәсіпорында жасалады. Оның негізінде көбінесе қол жеткізген шығын деңгейін сипаттайтын ағымдығы әрекет ететін нормалар жатады. Нормативті калькуляция жоспарлымен салыстырғанда есептік кезеңдегі өнім өндіруге кететін шығын деңгейін әлдеқайда нақты көрсетеді;
• жобалық калькуляциялар - келешекке құрылған жоспарлы калькуляцияның әр түрлілігі болып табылады. Ол күрделі салымның (капитальных вложений), жаңа техниканың және технологияның тиімділігін анықтау үшін қолданылады;
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz