Көсемшелердің күрделі етістік жасауы


Аннотация
Курстық жұмыста көсемше тұлғаларының грамматикалық қызметі мен олардың жұмсалу өрісінің кеңеюі қарастырылады. Зерттеудің тілдік дереккөзі ретінде Абайдың қара сөздері алынып, ондағы көсемшелердің синтаксистік қызметі арнайы зерттеу нысаны болды. Атап айтар болсақ, көсемшелердің негізгі синтаксистік қызметі, олардың пысықтауыштық қызметте, сонымен қатар күрделі етістік жасаудағы қызметі мен сөйлем тиянақтаудағы баяндауыштық және бірыңғай баяндауыш жасайтын негізі амал ретіндегі қызметтері Абай қара сөздерінен теріліп алынған тілдік деректер негізінде дәйектелді.
Мазмұны
Кіріспе . . . 3
1 тарау. Көсемше тұлғаларының грамматикалық қызметі және жұмсалым өрісінің кеңеюі
1. 1 Көсемше тұлғаларының грамматикалық қызметі . . . 5
1. 2 Көсемше тұлғаларының жұмсалым өрісінің кеңеюі . . . 10
2 тарау. Абайдың қара сөздеріндегі көсемшенің синтаксистік қызметі
2. 1 Көсемшелердің пысықтауыштық қызметі . . . 16
2. 2 Көсемшелердің күрделі етістік жасауы . . . 22
2. 3 Көсемшелердің баяндауыштық қызметі . . . 24
2. 4 Көсемшелердің бірыңғай баяндауыш жасауы . . . 27
Қорытынды . . . 29
Пайдаланылған әдебиеттер . . . 30
Кіріспе
Қазір дәстүрлі тіл білімінде нақты тақырыптарды зерттеу нысаны ету өріс алып келеді. Бұның ұтымды жағы белгілі бір тілдік құралдың немесе категорияның жан-жақты ашылуына жағдай жасау болып табылады. Осы зерттеу жұмысында да көсемше тұлғалары барлық тіл деңгейлері тұрғысынан алғаш рет қарастырылып отыр. Рас, көсемше тілдің деңгейлік сипатына байланысты морфология және синтаксис салаларына қатысты жазылған түрлі еңбектерде сипатталады, бірақ олардың бүкіл тіл жүйесіндегі функционалдық-парадигмалық жүйесі кешенді түрде бұрын қарастырылған емес. Жұмыстың өзектілігі де осында жатыр. Жүйе ішіндегі тілдік элементтің деңгейлік орнын анықтаумен шектелу бүгінгі ғылым талабы үшін жеткіліксіз. Жалпы тіл білімінде, оның ішінде қазақ тіл білімінде жұмсалымдық бағыттың өріс алуына байланысты жүйе ішіндегі тілдік құралдың жұмсалу мүмкіндігін (потенциялын) анықтау қажеттілігі туындап отыр. Морфологиялық деңгейде көсемше етістіктің бір функциялық жұрнағы ретінде сипатталып, сөйлемде пысықтауыштық қызмет атқаратындығы сөз болады. Ал көсемшелердің синтаксистік қызметі морфология саласына байланыссыз қарастырылады. Анығында бұл тұлғалардың жұмсалуы бір-бірімен тығыз байланысты. Жалпы тіл деңгейлері бір-бірімен өте тығыз байланысты болатындығы белгілі. Қазақ тіл білімінде көсемше тұлғаларының жұмсалу аясы тілдегі болатын синтагмалық және парадигмалық қатынастар тұрғысынан алғаш көрсетмекші. Яғни тіл фактілеріне сол күйінде ғана талдау жасалмай, олардың тіл деңгейлеріндегі барлық ұқсас қызметтерін салыстыра қарау арқылы көсемше тұлғаларының жұмсалым өрісін және олардың бір-бірімен тығыз байланысын анық көруге болатындығы дәлелденіп отыр.
Зерттеудің нысаны ретінде Абай қара сөздеріндегі көсемшелердің синтаксистік қызметі алынды. Оның ішінде көсемшеден жасалған пысықтауыштық тіркестер, көсемшелердің предикаттық қызметі, көсемшелердің күрделі етістік жасауы және т. б.
Зерттеудің мақсаты мен міндеттері. Жұмыстың негізгі мақсаты - Абайдың қара сөздеріндегі көсемшелердің синтаксистік қызметін анықтау.
Осы мақсатты шешу үшін төмендегідей міндеттерді шешу көзделді:
- Көсемшелердің тілдік бірлік болып қалыптасуының тарихын көрсету;
- Көсемшелердің қазіргі қазақ тіліндегі жұмсалу парадигмасын анықтау;
- Көсемшелердің морфология деңгейіндегі қызметі мен синтаксис деңгейіндегі қызметінің байланысын ашу;
Жұмыстың ғылыми жаңалығы:
- Көсемшелердің функционалдық-парадигмалық жүйесі анықталды;
- көсемше жұрнақтарының жұмсалымдық мүмкіндігі парадигмалық қатар, синтагмалық тізбек қатынасы тұрғысынан алғаш рет кешенді түрде талданып, деңгейаралық байланысы дәлелденді.
Зерттеу жұмысының әдістері. Зерттеу барысында қолданылған лингвистикалық сипаттама, морфемдік және компоненттік талдау әдістері көсемше тұлғаларының тіл деңгейлеріндегі жұмсалу мүмкіндігін толық ашуға көмектесті.
Зерттеу жұмысының материалдары. Зерттеу жұмысында Абай Құнанбайұлының қара сөздерінен талдауға қатысты алынған көсемше тұлғасы бар сөйлемдер сараланып талданды.
Жұмыстың теориялық және практикалық маңызы. Тұлғадан мағынаға қарай зерттеудің де функционалдық грамматика мәселесіне қатысы бар екендігі белгілі. Осы тұрғыдан келгенде көсемше тұлғасының барлық тіл деңгейлеріндегі жұмсалымы анықталғаны және олардың деңгейаралық байланысы көрсетілген грамматикадан теориялық еңбектер жазуға негіз болады.
Жұмыста алынған нәтижелерді жоғарғы оқу орындарының филология факультеттерінде өтетін қазіргі қазақ тілінің жай сөйлемі мен құрмалас сөйлем синтаксисі курсына қосымша құрал ретінде пайдалануға болады.
Қорғауға ұсынылған тұжырымдар:
- көсемшелер көпқызметті жұрнақ болып саналады;
- көсемшелердің әр деңгейдегі жұмсалу өрісі өзара парадигмалық және синтагмалық қатынаста байланысты болады;
1тарау
1. 1 Көсемше тұлғаларының грамматикалық қызметі
Етістіктің ерекше бір түрі - көсемше. Бұл «көсем сияқты үнемі алдыда тұрады» дегенді білдіреді. Қазақ тіл біліміне бұл терминді енгізген А. Байтұрсынұлы болатын [1, 245 б. ] . Есімше және көсемше тұлғалары грамматикаға қатысты барлық еңбектерде сөз болады. Қазақ грамматикасын жаңаша қарастыруға тырысып, кейбір терминдерді басқаша атаған Қ. Жұбанов та «есімше», «көсем есімше» немесе «көсемше» деп беріп, аталған терминдерді А. Байтұрсынұлы терминдеріндегідей қалдырған [2, 384-385 бб. ] . Содан бері жарияланған барлық грамматикаларда көсемше ешбір өзгеріссіз осылайша аталып келеді. 2002 жылы шыққан «Қазақ грамматикасында»: «Көсемшелер тұлғалық жағынан да, мағыналық жағынан да тиянақсыз болғандықтан, қысқа қайырылып, өзінен кейін тиянақтаушы етістікті қажет етіп отырады да, кем дегенде екі сыңардан құралып, жаңа мағына түзетін күрделі етістіктердің көптеген түрін жасауға негіз болады. Көріп қойдым, біле келді, айта бердім т. б. », - деп анықтайды [3, 529 б. ] .
Лингвистикалық сөздіктерде есімшеге берілген анықтамаларға көңіл аударайық: «Причастие (Adverbial participle) . Именное (непредикативное) отглагольное образование, объединяемое с системой глагольных форм категориями вида и залога и общностью управления и обозначающее второстепенное добавочное действие, примыкающее к главному действию» [4, 125 c. ] .
Ғ. Қалиев шығарған іргелі лингвистикалық сөздікте көсемшеге берілген анықтама жоғарыдағылардан өзгеше: «Көсемше - етістік негіздерден арнаулы жұрнақтар арқылы жасалып, қимылдың амалын, белгісін білдіретін, шақтық, модальдік мағынасы бар етістік категориясы» [5, 169 б. ] .
А. Салқынбайдың лингвистикалық сөздігінде көсемше былайша сипатталған: «Көсемше - етістіктің түбірі және негізіне ып, іп, п, а, е, й, ғалы, гелі, қалы, келі жұрнақтары жалғану арқылы жасалатын етістіктің категориясы. К. қимылқозғалыстың белгісін білдіреді де сөйлемде пысықтауыштық қызмет атқарады. К. қимыләрекеттің себебін, амалын, мақсатын білдіреді» [6, 116 б. ] .
Байқап отырғанымыздай, қазақ тіл біліміне қатысты негізгі деген 4-5 ғылыми еңбекте көсемшеге деген анықтама түрлі-түрлі. Бір анықтамада көсемшенің пысықтауыштық мағынасына назар аударылса, бір анықтамада бірліктің баяндауыштық (шақтық) мағынасына басымдылық берілген. Тіл жүйесіндегі көсемшенің жұмсалу ауқымын бір анықтамаға сыйдыру, әрине, мүмкін емес. Анықтама тілдік тұлғаның негізгі мағыналарын ғана қамтиды. Көсемшелердің жоғарыда көрсетілген мағыналарынан өзге тіл жүйесінде бірнеше қызметтері бар екендігі анық. Біз жұмысымызда осы мәселелерді толық қарастыруға ұмтылдық. Анықтама қысқа, нақты болса, оған қойылған терминнің берер ақпараты одан да қысқа болып келеді. Мәселен, көсемшені арнайы қарастырған Б. Қапалбеков бұл термин жөнінде былай дейді: « Көсемше дегенде А. Байтұрсынұлы жеке тұрып атауыштық қызмет атқара алатын ұқсас формамен бүркеп, үстеу сөзді термин еткендігі байқалады. Есімше де осы ізбен туған А. Байтұрсынұлы оған «есімше дейтін есім сияқты айтылатын етістіктің түрі» деген анықтама береді. Ғалым етістіктің функционалдық екі түрін көсемше және есімше деп атаған. Көсемшелер формалық жағынан да, мағыналық жағынан да тиянақсыз болғандықтан, тиянақтаушы етістіксіз айтылмай өзі үнемі көсемдер сияқты, көсемше соның алдында тұрады. Етістіктің функционалды екі түрінің есімше, көсемше аталуы құрылымдық жағынан бірдей болғанмен, ұғымдық белгіге сүйенуі басқа-басқа. Есімше ішкі лингвистикалық ұғымға сүйеніп жасалған болса, көсемше сыртқы құбылыстық ұқсастыққа сүйеніп жасалған. Осыған байланысты қазіргі қазақ тіл білімінде есімше есімдік қасиетінің (әсіресе, сын есімдік) молдығынан есімше аталғандықтан, көсемшені де үстеуше деп айтайық дейтін ұсыныстар бар» [7, 29 б. ] .
Етістік мәселесі сөз болған барлық еңбектерде есімшелер туралы айтылмай тұрмайды. Өйткені көсемше мен есімше тұлғалары етістіктің функционалды жұрнақтары болып табылады. Олардың басты айырмашылықтары:
1. Көсемше - етістіктің бір түрі ретінде жанама қимылды білдіріп, негізгі етістікті сипаттайды. Бұл - көсемшенің табиғатына тән түп негізгі (первичные) қызметі мен мағынасы, бірақ көсемше тілдің дамуының нәтижесінде өзіне басқа да түрлі мағына мен қызметтерді қосып алған. Осыдан оның мағынасы да, қызметі де кеңіген. Олар - көсемшенің кейінгі (вторичные) мағыналары мен қызметтері. Көсемшенің қосымша қызметі деп күрделі етістік жасау, аналитикалық формант құрау, шақ, оралым, бағынынқы сөйлемнің баяндауышы болу қызметтерін айтамыз. Нағыз көсемше жанама қимылды білдіріп, негізгі қимылды сипаттайды. Негізгі қимылды сипаттау оның ең негізгі мағынасы болып саналады. Көсемше негізгі етістікті сипаттап қолданылғанда, қалай? қайтіп? деген сұрақтарға жауап беріп қимылдың қандай тәсілдер арқылы жасалуын білдіретін амал пысықтауыш қызметін атқарады, көсемшелер сөйлемде етістік арқылы айтылған іс-әрекеттің сынын, тәсілін, мекенін, мезгілін білдіріп, пысықтауыштық қызмет атқарумен қоса, барлығы бір дәрежеде бір мүшеге қатысты болатын және салаласа байланысып, бір-біріне бағынбай тұратын бірыңғай баяндауыштарды жасауға қатысады. Сондай-ақ көсемше жұрнақтары құрмалас сөйлем жасауға белсене қатысады. Көсемшелер шақ мағынасын жасауға қатысады және т. б. Сондай-ақ көсемше тұлғалары формалық жағынан да, мағыналық жағынан да тиянақсыз болғандықтан қысқа қайырылып, өзінен кейін тиянақтаушы етістікті қажет етіп тұрады да, кем дегенде екі сыңардан құралып, жаңа мағына түзетін күрделі етістіктердің көптеген түрін жасауға негіз болады [7, 12 б. ] .
2. Ал есімшелердің тіл жүйесіндегі жұмсалымы - көсемшелердікінен өзгеше. Етістіктің функциялық формаларының бірі ретінде есімшелер кейде зат есімді анықтап, шақты білдіретін мағынасын жоғалтып, тұрақты сапаны білдіріп кетеді. Олар түрленгенде есімдерше көптеледі, тәуелденеді. Осы ерекшелігіне байланысты сөйлемде атрибуттық және предикаттық мағыналарға ие болады да, әрі етістік, әрі сын есім орнына жүре береді. Бірақ есімшелердің етістік негізді екендігін табиғаты етістіктікі екендігін дәлелдейтін дерек көп. Мысалы, ақ шаш пен ағарған шаш деген тіркестердің екеуі де анықтауыштық қатынасты білдіріп тұр. Бірақ қимылға қатысы жағынан келгенде екі тіркестің мағыналары ерекшеленеді. Таза сапалық сын есім арқылы болған анықтауыштық қатынас тұрақты сапаны білдіреді: ақ шаш, көк шөп және т. б. Ал есімше негізгі сын есімдер белгілі бір процестің аяқталғандығын соның нәтижесін көрсетіп тұрады: ағарған шаш, көгерген шөп және т. б. Қимылдың өту сипаты тұрғысынан келгенде аяқталған әрекеттің көрінісін береді: Шөп көгереді → шөп көгеріп келе жатыр → шөп көгерді → шөп көгерген → көгерген шөп. Бұдан біз есімше тұлғаларының есімдерше қолданысында да әрекет мәні сақталатындығын байқаймыз.
Салттылық, сабақтылық - таза етістікке тән категория. Қазақ тіліндегі салт-сабақты етістіктер түбірмен «біте қайнасып» бірігіп жатыр. Етістіктің синтаксистік қызмет атқарумен байланысты, сөйлемнің объектісі болу-болмауына орай сабақты етістік пен салт етістік категориялары бұрыннан бері бөлініп келеді. Етістіктің салттылық сабақтылық семантикалық түрлік ерекшеліктері зат есімнің жалпы есім-жалқы есім, адамға байланысты зат, адамнан басқа атауларға байланысты зат (адам және ғалам), сын есімнің сапалық-қатыстық түрлеріне ұқсас. Етістік жалпы грамматикалық мағынасы жағынан нені білдірсе де қандай тұлғада тұрса да я сабақты, я салт мәнді білдіріп тұрады. Яғни есімше формалары етістіктің салт-сабақтылық мағынасын сақтайды.
Есімше -ған (-ген, -қан, -кен), -ар (-ер, -р, -с), -атын (-етін, -итын, -йтын), -ушы (-уші), -мақ (-мек, -бақ, -бек, -пақ, -пек) жұрнақтарының негізгі және туынды түбір етістікке, етістіктің болымды және болымсыз формалары да, етіс категориясының барлық түрлеріне жалғану арқылы жасалады. Ал қалау рай, бұйрық рай, шартты рай формаларына есімше жұрнақтары жалғанбайды. Өйткені ол жұрнақтар есімшелермен функционалдық парадигма құрайды.
Есімше жұрнақтарының қызметі өзі жалғанған етістіктің негізгі мағынасын өзгертпей, заттың қимыл-әрекет арқылы білдіретін белгісін жасау. Мысалы: жар - қимыл-әрекетті білдіретін етістік, ал жарған (ағаш), жаратын (отын), жарушы (бала) - заттың қимыл нәтижесімен аңғартылған белгісі.
Есімше жіктеледі, бірақ жіктелудің үлгілерінің ішінде етістіктерше емес, есімдерше жіктеліп, сөйлемде баяндауыштың қызметін атқарады [3, 531 б. ] .
Қазақ тілінде жіктелудің бес үлгісі бар. Бірдей үлгіде жіктелетін сөздердің лексика-грамматикалық сипаты бірдей болмайды және олардың шақтық мағынасы да әркелкі болып келеді. Бұл жерден де есімше мен көсемшенің ерекшеліктерін анық байқауға болады. Мәселен, көсемшелер жіктелгенде бірдей үлгіде болғанымен бірі (-а, -е, -й) ауыспалы келер шақты, бірі (-п, -ып, -п) өткен шақты білдіреді. Есімшелер де солай бірде келер, бірде өткен шақты білдіреді. Жалпы көсемше тұлғалары жіктелетіндер және жіктелмейтіндер деп бөлінеді [7, 38 б. ] . Кестеге назар аударайық:
1-кесте. Көсемшелердің жұмсалу әдісі
-ғалы
-ғанша
-мастан
-ысымен
-майынша
-ғалы
-ғанша
-мастан
-ысымен
-майынша
-ғалы
-ғанша
-мастан
-ысымен
Есімшелер де бірдей үлгімен жіктелгенімен әр шақты білдіріп отырады. -ар, -ер, -р болжалды келер шақ, -ған, -ген өткен шақ және т. б. Бірақ олар көсемшелер сияқты жіктелетіндер және жіктелмейтіндер болып бөлінбейеді.
Жоғарыдағы кестеде көрсетілген көсемшелердің жіктелмейтін түрлеріне морфологиялық талдау жасау оңай. Көсемшелік сипаты қаншалықты басым болғанымен де -ғалы тұлғасынан өзгесінің морфологиялық құрамында есімшелер анық көрініп тұр.
-ғанша (есімше + қызметтік (функциялық) жұрнақ)
-мастан (болымсыз етіс + есімше + шығыс септік)
-ысымен (қимыл есім + тәу. ІІІ жағы + көмектес септік)
-майынша (болымсыз етістік + көсемше + дәнекер + қызметтік жұрнақ) .
Есімшелер есім сөздермен бірдей үлгіде жіктеледі де, үшінші жақта нөлдік тұлғада тұрады. Ал көсемшелер үшінші жақта жіктік жалғауын жалғап тиянақталады.
Қазақ тілінде есімшелер сөйлемнің барлық мүшесінің қызметін атқарады. Есімшелердің сөйлемдегі қызметі олардың тұлғалық өзгерістеріне және сөйлемдегі орнына байланысты болады. Мына кестеге назар аударайық:
2-кесте. Есімшелердің сөйлемдегі қызметі
жатыс, барыс, шығыс септік, демеулікті, туынды, атау
(-дай, -дей)
Сөздердің сөйлемдегі орын тәртібі олардың қандай сөйлем мүшесі екендігін білдіреді және де грамматикалық мағына білдіруде де септігі болады. Сөз түрлендіруші тұлғалары жоқ немесе өте аз тілдерде сөздердің орын тәртібінің мәні, грамматикалық мағына білдіруде, айрықша болып табылады. Мәселен, қытай және ағылшын тілдерінде сөздердің орын тәртібі басты грамматикалық тәсілдердің біріне саналады. Айталық, Әкесі баласын жақсы көреді деген сөйлемді қазақ тілінде Баласын әкесі жақсы көреді деп орындарын өзгерткенмен ешқандай грамматикалық өзгеріс болмайды.
Қазақ тілінің морфологиялық жүйесі күрделі, көрсеткіштерге өте бай. Десек те сөйлемдегі сөздердің орын тәртібінің мәнін жоққа шығаруға болмайды. Есімше тұлғалы анықтауыш қазақ сөйлемінде міндетті түрде анықталатын сөздің алдында тұрмаса баяндауыш қызметін атқарып кететіндігі белгілі жайт. Бұл арнайы әр жұмсалымға қатысты морфологиялық көрсеткіштің жоқтығына байланысты: Ағарған шаш - Шаш ағарған. Әр жұмсалымның өзіндік грамматикалық көрсеткіші болса, бұлай болмас еді.
Есімшенің -ған (-ген, -қан, -кен), -ар (-ер, -р, -с), -атын (-етін, -йтын, -йтін), -ушы (-уші), -мақ (-мек, -бақ, -бек, -пақ, -пек) жұрнақтарының тіл жүйесінде барлығы бірдей дәрежеде жұмсалына алмайды. Бірі актив қолданса, бірі пассив қолданылады. Мұндай құбылыс есімшелерге ғана тән емес, көсемшелердің де барлығы бірдей күрделі етістік жасап, баяндауыш тұлғасында жіктеле жұмсалынып, пысықтауыштық қызмет атқарып немесе құрмалас сөйлем жасай алмауы мүмкін. Көсемшені зерттеген ғалымдар оның жұмсалымдық сипатын былай анықтайды [7, 29 б. ] :
3-кесте. Көсемшенің жіктелуі
-ғалы, -ғанша, -ғандай, -мастан,
-ысымен, -майынша
Байқап отырғанымыздай, бір категория жұрнақтарының жұмсалыну ерекшеліктері әр түрлі. Бірінің ауқымы кең, бірінің ауқымы тар. Осы айтылғандарды ескере отырып біз есімше тұлғаларының тіл жүйесіндегі жұмсалыну парадигмасын анықтауға тырыстық.
Тіл жүйесінде парадигмалық және синтагмалық қатынас болатындығы белгілі. Танылған бір заңдылық, алдымен, тіл деңгейлерінің біріне қатысты қолданылады да, бірте-бірте басқа деңгейлерге өтіп отырады. «Парадигма» ұғымы да тіл білімінде алдымен лексикаға қатысты қолданылған болатын. Швейцар ғалымы Фердинанд де Соссюр белгілі бір лексема мағыналарының синтагмалық және парадигмалық қатынасы болатындығын көрсеткен [8, 155 б. ] . Ғалымның көрсеткендей, синтагмалық қатынас тек сөзге ғана емес сөйлемге де қатысты болып келеді. Жалпы тармақтық (парадигмалық) және тізбектік (синтагмалық) қатынастар тіл жүйесіндегі негізгі заңдылықтардың біріне саналады. Ол тіл жүйесіне қатысты болғандықтан, ондағы тілдік бірліктердің де барлығына қатысты болады. Қазақ тіл білімінде көсемшелердің жұмсалымынан шығатын грамматикалық мағыналардың парадигмалық және синтагмалық қатары болатындығы дәлелденген [9, 43 б. ] . Тіл жүйесіндегі барлық тілдік бірліктер бір-бірімен тармақтық және тізбектік қатынаста тұрады. Етістіктің функциялық формасы болып табылатын есімшелердің де тіл жүйесінде ондаған жұмсалымы болады. Олар бір-бірімен тармақтық және тізбектік қатынаста болады. Мәселен, тиянақсыз тұлғада тұрған есімшелердің сөйлемнің тұрлаусыз мүшесін жасау қызметі мен күрделі құрылымдардың сыңарларын құрмаластыру қызметі өте ұқсас болып келеді. Бірақ олар дәстүрлі грамматикада тілдің деңгейлік сипатына байланысты бір-біріне байланыссыз қарастырылады. Тілді бір-бірімен байланысып жатқан деңгейлік жүйе деп танитын болсақ, ол сол мағыналардың байланысына негізделеді. Біз қарастырып отырған есімше тұлғаларының жалпы мағынасы мен оған қоса қосымша мағыналары болады. Аталған тұлғаның сөйлеу кезіндегі жұмсалымнан шығатын мағыналары бір-бірімен тармақтық немесе тізбектік қатынаста болады. Біздің алдағы мақсатымыз - осы қатынастарды анықтау.
1. 2 Көсемше формаларының жұмсалым өрісінің кеңеюі
Тіл даму барысында қарапайымнан күрделіге қарай бағытталатыны белгілі. қай тілде болмасын күрделі тұтасқан құрылымдар кейін пайда болған. Жай құрылымдардың деривациялық қатынастарға сүйене отырып модельдер арқылы көрсетуге болады. зерттеудің осындай түрі арқылы тілдің жүйелілік сипатын, даму заңдылықтарының бірбірімен байланысын бірден толық, кең түрде көруге мүмкіндік туады. Осы мүмкіндіктерге сүйене отырып, біз Абайдың қара сөздеріндегі көсемшелердің синтаксистік қызметін көрсетуге тырыстық.
Бұл мәселе, нақты алғанда, Абай қара сөздерінде қолданыста кездесетін көсемше формаларының тілдегі қызметінің парадигмалық және синтагмалық өрісіне қатысты болмақ.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz