Табыстық тәсілдің әдістері



Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 23 бет
Таңдаулыға:   
МАЗМҰНЫ

Кіріспе 3
1 Автокөліктің, құрал-жабдықтар мен көлік құралдарының құнын 4
табыстық тәсілмен бағалау
1.1 Бағалау принциптері 4
1.2 Бағалау барысында негізгі талаптар 6
2 Табыстық тәсілдің әдістері 10
2.1 Таза табыстың дисконттық әдісі 11
2.2 Тура капитализация әдісі 15
2.3 Тең эфективті функциональді аналогтік әдіс 18
Қорытынды 24
Пайдаланған әдебиеттер тізімі 25

КІРІСПЕ

Бүгінде ізденіс жүйесі бойынша бағалау қызметі өзекті дамуда.
"Қазақстан Республикасының бағалау қызмет туралы" заңына сәйкес мемлекеттік
меншікті жекешелендіру кезінде, басқаруды сенімділікке беру немесе жалға
беру, сату, сатып алу кезінде қоғамдық бағалау үлкен роль атқарады.
Кәсіпорындағы көптеген автокөліктік кешендер аралық қызметтерді
орындауда тұйықталған болады. Осындай кешенді функциялаудан түсетін таза
табысты сенімді түрде есептеу мүмкін емес және осы жағдай автокөлікті,
құрал-жабдықтар мен тасымалдау құралдарын бағалау үшін дисконтталған
табыстар мен тікелей капитализация әдістерін қолдану аумағын шектейді. Тек
тең эфективті аналогты функциялау әдісінде мұндай кемшілік болмайды.
Сонымен қатар ағымдық құнды бағалау үшін әртүрлі көлемдегі
экономикалық және өндірістік-технологиялық ақпараттарды тарту талап
етіледі. Табыстық тәсіл арқылы бағалаудың сенімді нәтижесі – құны, тарифі,
салықтық тәуекелдер және сол сияқты көп жылға арналған дұрыс болжам
динамикасына тәуелді болады. Яғни, бағаланатын кешеннің жұмысын сипаттаушы
сенімді табыстық мәліметтердің көрсеткіштерінен, есептеу әдістемесі мен
шығынды калькуляциялау әдісінің дұрыс пайдаланылғандықтан, қозғалмайтын
иеліктің құнын есептеу және басқа көрсеткіштерден тәуелді болады. Қателік
көздері көп болғандықтан, бағалаудың нақты нәтижесі әрдайым дәл бола
бермейді.
Менің бұл курстық жұмысымның негізгі мақсаты объектіні табыстық
тәсілдің әдістерімен, амадарын қолдану арқылы бағалау.
Максатқа жету үшін келесідей міндеттерді орындадым:
- бағалау принциптерін оқып үйрену;
- бағалаудың негізгі талаптарын игеру;
- табыстық тәсілдерді оқып үйрену;
- табыстық тәсілмен объектіні бағалау:
Курстық жұмыс кіріспеден, екі бөлімнен, қорытындыдан және әдебиеттер
тізімінен тұрады. Бірінші бөлімі жалпы табыстық тәсіл дегеніміз не,
принциптері, табыстық тәсіл бағалау барысында негізгі талаптар мүмкіндігі
және табыстық тәсіл объект иелігінің бағасын анықтауы туралы айта кетемін.
Ал екінші бөлімде табыстық тәсілдің түрлері және олардың әр қайсысына
ерекше тоқталып кете, мысал ретінде есеп шығару жолдарын түсіндіріп
кетемін.

1 Автокөліктің, құрал-жабдықтар мен көлік құралдарының құнын
табыстық тәсілмен бағалау

1.1 Табыстық тәсілдің принциптері

Автокөліктің, құрал-жабдықтар мен көлік құралдарының құнын
бағалаудың негізгі үш тәсілдерінің бірі - табыстық тәсіл болып табылады.
Табыстық тәсіл – бағаланатын құрал-жабдықтардың болашақ табыстарын
анықтауға негізделген әдістер жиынтығы.
Жалпы түрде табыстық тәсіл объектінің, оны пайдаланудан келешекте
түсетін табыстар жиынтығын ескере отырып ағымдық бағасын анықтау.
Құрал-жабдықтардың құнын табыстық тәсіл арқылы анықтау келесідей
жорамалға негізделген: потенциалды сатып алушы берілген құрал-жабдықтар
үшін осы құрал-жабдықтардан түсетін табыстық құнынан жоғары құн төлемейді.
Меншік иесі өз ағымдағы иелігін, оны пайдаланудан түсетін келешектегі
табыстың ағымдағы құнынан төмен бағаға сатпайды. Өзара қатынастық
нәтижесінде тараптар бағаланатын құрал-жабдықтардан түсетін табыстың
ағымдағы нарықтық құнына тең бағаға келіседі.
Табыстық тәсілді қолдану үшін бағаланатын объектіні алдағы жылдарда
пайдаланғанда түсетін табыстарға болжам жүргізу қажет. Бұл есепті
автокөліктерге, құрал-жабдықтарға және тасымалдау құралдарына тікелей
қолданып шешу мүмкін емес. Өйткені, табыс бүкіл өндірістік-коммерциялық
жүйе және оның барлық активтерімен құрылады. Тек автокөлік пен құрал-
жабдықтарға қатысты активтер ғана емес, сонымен бірге жылжымайтын иеліктер,
айналымды құралдар мен материалдық емес активтері де есепке алынады. Және
де өндірістік-коммерциялық жүйенің түрлі ұйымдастыру формасы болуы ықтимал.
Ол - өзіндік кәсіпорын, цех, аудандық бөлім, қызмет көрсету немесе басқа да
кәсіпорынның құрамында болатын бизнес-бірліктер болуы мүмкін. Алдымен түгел
жүйенің эксплуатациясынан түсетін таза табыс есептеледі, содан соң соның
негізінде барлық жүйенің құнын анықтайды да, белгілі бір әдіспен құрал-
жабдықтар кешенінің құнын немесе алдымен таза табыс құнынан тікелей құрал-
жабдықтар кешенімен жасалатын үлесін бөледі. Содан соң табыстық осы
бөлігінен құрал-жабдықтар кешенінің өз құнын анықтайды.
Сондықтан да табыстық қатынасты, автокөлік, қондырғы және тасымалдау
құралдарын бағалауға пайдалану кезеңдері бойынша жүргізіледі.
Әуелі өндірістік-коммерциялық жүйені толық функциялаудан түскен таза
табысты есептейді. Одан кейін бүкіл жүйенің құнын анықтайды да, оның ішінен
автокөлік кешенінің құнын көрсетеді. Немесе бірінші кезекте таза табыс
соммасынан, автокөліктік кешенімен жасалған бөлікті шығарады, содан кейін
барып, табыстың осы бөлігі бойынша, автокөліктік кешенінің өзіндік құнын
анықтайды.
Табыстық тәсіл әдісін пайдаланғанда объектіні барынша тиімді қолдану
принципін сақтау керек. Яғни автокөліктік кешенінің құны мынадай нұсқадағы
эксплуатация үшін анықталады: оның барынша көп қайтарымы қамтамасыз етілген
және оның функционалдық мүмкіншіліктері толық ашылғанда. Әрине бұл нұсқа
тәжірибе түрде жүзеге асатын болу керек. Көрсетілген нұсқаға ең жоғары
бағаны қолдануға болады. Мынадай жағдайлар да болуы мүмкін: егер қандай да
бір құрылғылар немесе агрегаттармен жабдықталған автокөліктік кешені едәуір
тиімді түрде пайдаланылса, онда жабдықтауды есепке ала отырып бағаланады.
Сол сияқты табыстық тәсіл әдісін тәжірибеде қолдануды кідіртетін
бірнеше кемшіліктер қатары бар.
Біріншіден, табыстық тәсілді иеліктері (заттары) экономикалық нәтиже
әкелетін (экономикалық пайда) және оның есебі нақты түрде мүмкін болатын
жағдайларда ғана қолданады. Бағаланатын автокөліктік кешен экономикалық
ерекшелікке ие болу керек, яғни оны кәсіпорынның барлық өндірістік
жүйесінен жеке мүше ретінде есептеуге болады және өнімнен немесе жұмыстан
түскен валдық табысын есептеуге болады, яғни ол өндіретін және де осы
кешенді функциялаумен байланысты шығындарды есепке алуға болады. Тек
осындай шартқа сәйкес берілген автокөліктік кешеннің ақшалай құралдарының
түсімдері мен шығыстарына есептеу жүргізуге болады.
Дегенмен кәсіпорындағы көптеген автокөліктік кешендер аралық
қызметтерді орындауда тұйықталған болады (мысалы, орамды дайындау мен
өндіру бойынша жартылай фабрикаттар мен бөлшектер, түйіндерді құрастыруда,
жинауда- тасымалдау, бақылау, жөндеу, исынау және басқа да жұмыстар
бойынша). Осындай кешенді функциялаудан түсетін таза табысты сенімді түрде
есептеу мүмкін емес және осы жағдай автокөлікті, қондырғылар мен тасымалдау
құралдарын бағалау үшін дисконтталған табыстар мен тікелей капитализация
әдістерін қолдану аумағын шектейді. Тек тең эфективті аналогты функциялау
әдісінде мұндай кемшілік болмайды.
Екіншіден, ағымдық құнды бағалау үшін әртүрлі көлемдегі экономикалық
және өндірістік-технологиялық ақпараттарды тарту талап етіледі. Табыстық
тәсіл арқылы бағалаудың сенімді нәтижесі – құны, тарифі, салықтық
тәуекелдер және сол сияқты көп жылға арналған дұрыс болжам динамикасына
тәуелді болады. Яғни, бағаланатын кешеннің жұмысын сипаттаушы сенімді
табыстық мәліметтердің көрсеткіштерінен, есептеу әдістемесі мен шығынды
калькуляциялау әдісінің дұрыс пайдаланылғандықтан, қозғалмайтын иеліктің
құнын есептеу және басқа көрсеткіштерден тәуелді болады. Қателік көздері
көп болғандықтан, бағалаудың нақты нәтижесі әрдайым дәл бола бермейді.
Табыстық тәсілдің маңызды артықшылығы болып автокөліктік кешеніне
жалпы бағалау жүргізуге мүмкіндік бар, демек автокөліктік кешен құрамына
көптеген әртүрлі технологиялық және көмекші құралдар бірліктері, тасымалдау
құралдары, есептеу, коммуникациялық және басқа техникалар кіреді. Кешенді
түгелдей бағалау, әсіресе үлкен кешендерді бағалау, барынша тез және арзан.
Яғни дәл сол кешендерді шығындық және салыстырмалы тәсіл әдістерімен
жекелеп бағалауға қарағанда арзан және тез.
Автокөліктің, құрал-жабдықтар мен көлік құралдарының бағалау
әдістемерін білу қажет. Оны қысқаша былай айтуға болады: Автокөліктің,
құрал-жабдықтар мен көлік құралдарын бағалау кезінде әдетте дәстүрлі үш
тәсілі - нарықтық, шығындық және табыстық тәсілдері қолданылады. Нарықтық
(салыстырмалы) тәсіл кезінде автокөлік құнын есептеуге өзінің тұтыныстық
қасиеттері бойынша жақын автокөліктерімен жасалған мәмілелердің бағасы
негіздеме болады. Егер осындай меншікті сату бойынша статистика жеткілікті
болса, онда осы әдісті пайдалану қажет. Шығындық тәсіл кезінде құн
көрсеткіші ретінде Автокөліктің, құрал-жабдықтар мен көлік құралдарының
тұтыныстық қасиетін алмастыруға қажетті шығындар көлемі пайдаланылады, яғни
автокөлікті бағалау үшін мақсаты мен сапасы бойынша ұқсас басқасын салу
немесе сатып алу құнынан көп болмайтын соманы төлемеу үшін қажет. Шығындық
тәсіл бұрынғы қаржылық салымдарға негізделеді және өндірісті дамыту
келешектерін айқындамайды. Автокөліктің, құрал-жабдықтар мен көлік
құралдарының болашағы болмауы және оны дамытуға жұмсалған шығындарды
нарықты жете бағаламайтын жағдайы болуы мүмкік. Табыстық тәсіл мөлшері
өзгертілмеген болып саналатын табысты капиталдандыруды, сондай-ақ күтіліп
отырған болашаққа табыстың ағынының ағымдағы құнын анықтауды көздейді. Бұл
тәсіл сатып алынатын автокөліктің, құрал-жабдықтар мен көлік құралдарының
болашақта пайда табуды күту қағидатына негізделеді. Табыстық тәсіл кезінде
ақша қаражаттарының ағынын дисконттау әдісінің қолданылуы да мүмкін.
Табыстық тәсілді қолданудың жақсы жақтары болып, осы кездегі
бағаланатын құн бірінші кезекте сатып алушының (инвестордың)
қызығушылықтарын көрсетеді. Осындай бағалау кезінде алынған құн сұраныс
бағасына сәйкес келеді, ал басқа тәсілдік әдістерде ұсыныс (сатушының)
құнын алуға бағытталған.
Бұл тәсіл шығындық және нарықтық тәсілдер секілді жабдықтар мен
көліктерді бағалауда кеңінен қолданылады. Егер ол жақын арада кең
қолданылмаса, болашақта оның маңыздылығы артады.

1.2 Бағалау барысында негізгі талаптар

Бағалау барысында негізгі талаптар бағалаудың нақты жағдайына
тәуелді болады. Үш жағдай мүмкіндігінше болуы ықтимал:
Бірінші жағдай. Дайындалған инвестициялық жобаға байланысты жаңа
бизнес ұйымдастырылады. Жобаны іске асыру үшін инвестицияның бір бөлігін
құрылғыларды сатып алуға жұмсау көзделіп отыр. Осы сатып алушылар
жүргізілген уақытта құрылғының құнын бағалау қажет. Бағалау нәтижесіне
жобаның эффективтілігі тәуелді болады және сәйкесінше оны қаржыландыру
шарты да тәуелді. Потенциальды тұлға немесе инвесторға мынаны білу қызықты
болады: алатын автокөліктің, құрал-жабдықтар мен көлік құралдарының құнының
шекті жоғары өлшемі қаншаға тең екендігі. Осы бойынша оның капиталға
салынған қанағат табыс нормасы қамтамасыз етілуі мүмкін. Осылайша бағалау
күні жобаны өндіру моментінен асып өтсе, онда инвестициялық құнды бағалау
туралы сөз қозғалады.
Бұл жерде бағалау болжамдық сипаттаманы қабылдайды, себебі келешек
пайда мен объектіні болашақта пайдалану кезіндегі шығындар (ақшалай
түсімдер) болжамынан шығады. Осы есептеулер үшін, басқа тұтынушының
аналогты объектісінің эксплуатация көрсеткіштері туралы мәліметтер
қолданылады.
Екінші жағдай. Әртүрлі шаруашылық ахуал кезінде (сатып алу-сату,
есептесу, сақтандыру және басқалар) объектінің нарықтықтағы қалдық құнын
бағалау есебі туады. Объект ұсталған және кейбір тозулары бар, бірақ ары
қарай пайдалану үшін потенциалы сақталған. Потенциальды сатып алушыны
(инвесторды), объектінің қалған мерзімдегі қызметінен алдағы табыстарымен
өтелетін, берілген объектінің шектік құны жөніндегі сұрақ қызықтырады.
Бұл жағдайда, бағалау кезінде болашақ табыстарды, пайдалану
уақытындағы табыс пен шығыстар туралы және пайда бола бастаған тозуды
есепке ала отырып, фактілі мәліметтер негізінде болжайды.
Үшінші жағдай. Қатты ұсталған объектіні жаңа әдіспен қолдану
ұсынылады, яғни оның тікелей арналуы бойынша емес, көбінесе объектіні
бөлшектеп қайта жасауы бойынша қолдану. Потенциальды сатып алушыны
(инвесторды), жаңадан пайдаланудан түсетін табыстармен өтелетін объектінің
шектік құны қызықтырады.
Барлық табыстық тәсіл әдістерінде таза операциондық табыс
анықталады. Жалпы жағдайда таза табыс қарызды қайтару түріндегі ақшалай
түсімдер немесе өнімді пайдаланғаннан (жұмыстар, қызмет көрсетеулер)
түсетін валды табыс арасындағы айырмашылық сияқты және өнімді өндіру мен
пайдалануға кеткен шығын соммасымен есептеледі. Және де шығындалған соммаға
амортизациялық қалдықтар қосылмайды. Осылайша, таза табысты осы және басқа
уақытқа есептеу үшін қажет:
1) өндірілетін заттың бағасын нақты мәндегі сату көлеміне көбейту
арқылы түсімді анықтау;
2) өнімді өндіру мен пайдалануға кеткен жұмсалымдарды есептеу.
Ағымдық, яғни объекті заттарының қазіргі құны осы объектіні иемдену
уақытында инвесторға түскен барлық таза табыстардан шығарылады. Дегенмен,
алдағы әр уақытылы табыстарды қосындылау мүмкін емес, сондықтан
қосындылаудан бұрын табыстарды күрделі пайыз теориясынан белгілі -
дисконттау деп аталатын, қабылдау көмегімен бір уақыт периодына жинақтайды.

Дисконттау - болашақ ақшаларды, қазіргі ақшаларға сәйкестендіру
кезінде арзандату. Дисконттау мынадан іске асады: айналымдағы капитал
өзінше өседі және осының нәтижесінде ақша арзандайды.
Табыстық тәсілді қолдану кезіндегі тағы бір есеп - ол дисконт
мөлшерлемесін таңдау. Дисконт мөлшерлемесін салым пайдасының төменгі шектік
деңгейі ретінде қарастырады, инвестор - берілген объект заттарын алу үшін
өз қаржыларын салуға мүмкіндік береді. Бұл дегеніміз инвесторда әрдайым
қаржы салудың басқа альтернативалары бар, олар да оған осы немесе басқа
тәуекел дәрежесінде табыс алуды уәде етеді. Альтернатива ұзақ мерзімді
инвестиция салу - құнды қағаздарды сатып алу болып табылады, мысалы,
облигация. Сондықтан облигацияның табысы туралы ақпарат дисконт
мөлшерлемесін орнату үшін апарушы нүкте ретінде қызмет етеді.
Егер таза табыстар объектіні жылдармен пайдалану бойынша құны
инфляция әсерінен төмендейтін жұмсақ валютамен анықталса, мысалы,
рублмен, онда дисконттың номинальды мөлшерлемесін қолданады. Бұл
мөлшерлеменің құрамында инфляциялық құраушы бар. Егер есептеу, инфляцияға
түспейтін қатты валютамен жүргізілсе, мысалы, АҚШ долларымен, онда нақты
дисконттық мөлшерлемесі қолданылады.
Дисконттың номинальды мөлшерлемесі дисконттың нақты мөлшерлемесімен
анықталу мүмкін:

Мұндағы
- дисконттың сәйкесті номинальды және нақты мөлшерлемесі;
- инфляцияның жылдық қарқыны.
Инфляцияның жоғары емес қарқыны кезінде есептеуге жеңілдетілген
формула пайдаланады:

Бағалау теориясында дисконт мөлшерлемесін қоюдың бірнеше әдістері
бар. Соның бірі, мысалы кумулятивті тұрғызу әдісі келесі түрде орындалады.
Жұмыс жасаушы мөлшерлемелар бойынша табыстылықты тәуекелсіз нақты
мөлшерлемемен орнатады. Мысалы, ресейлік шарттарда өтеу мерзімі бар,
шамамен қарастырылған бизнестің өмір сүру мерзіміне тең мемлекеттік
еурооблигация табысының (%-қ жылдық) көрсеткіштері қолданылуы мүмкін. Содан
кейін тәуекелсіз мөлшерлемеға 3-тен 10%-ға дейін өзгеріп тұратын және
инвестициялық жобаның тәуекелділік есебімен таңдалатын, тәуекелді үстеме
(тәуекел үшін сыйлық) қосады. Осылайша көрсетілген жоба үшін дисконттың
нақты мөлшерлемесін алады. Егер құндылық есептеулер қатты валютамен
жүргізілсе, онда бұл мөлшерлемені пайдаланады да. Егер есептеулерді жұмсақ
рублді валютамен жүргізуді шешсе, онда көрсетілген жоба үшін жоғарыда
келтірілген формула бойынша дисконттың номинальды мөлшерлемесін есептейді.
Табыстық тәсіл ақша ағымының дисконттау әдісімен табысты тікелей
капитализациялау мен тең эффективті аналогтар әдісін біріктіреді. Табыстық
тісңлдң қолдану кәсіпорынның бірнеше жыл ішіндегі болашақ табыстарына
болжам жасауды талап етеді. Тікелей бұл әдісті көліктермен-жабдықтарда
есептеп шығару қиында соғады, себебі материалды емес активтер, артивтер,
өндірістік немесе коммерциялық жүйелер табысты құрайды. Сондықтан есепті
шешуде табыстық тәсіл деңгейі бойынша базаланады. Басында барлық жүйелерді
пайдаланудан түскен табысты есептейді, одан кейін соның негізінде барлық
жүйенің құнын анықтайды, осы немесе басқа әдіспен көлік кешенінің құнын
шығарады.
Табыстық тәсілді қолдану өндірістік объектілерді қолдануды талап
етеді. Тек осы жағдайда ғана одан жоғары құндылықты күтуге болады.
2 Табыстық тәсілдің әдістері

2.1 Таза табыстың дисконттық әдісі

Табыстық тәсіл объектінің, оны пайдаланудан келешекте түсетін
табыстар жиынтығын ескере отырып ағымдық бағасын анықтау.
Объектінің бағалау әдістемерін білу қажет. Оны қысқаша былай айтуға
болады: объектіні бағалау кезінде әдетте дәстүрлі үш тәсілі - нарықтық,
шығындық және табыстық тәсілдері қолданылады. Нарықтық тәсіл кезінде
объекті құнын есептеуге өзінің тұтыныстық қасиеттері бойынша жақын
объектілермен жасалған мәмілелердің бағасы негіздеме болады. Егер осындай
меншікті сату бойынша статистика жеткілікті болса, онда осы әдісті
пайдалану қажет. Шығындық тәсіл кезінде құн көрсеткіші ретінде объектінің
тұтыныстық қасиетін алмастыруға қажетті шығындар көлемі пайдаланылады, яғни
объектіні бағалау үшін мақсаты мен сапасы бойынша ұқсас басқасын салу
немесе сатып алу құнынан көп болмайтын соманы төлемеу үшін қажет. Шығындық
тәсіл бұрынғы қаржылық салымдарға негізделеді және өндірісті дамыту
келешектерін айқындамайды. Объктінің болашағы болмауы және оны дамытуға
жұмсалған шығындарды нарықты жете бағаламайтын жағдайы болуы мүмкік.
Табыстық тәсіл мөлшері өзгертілмеген болып саналатын табысты
капиталдандыруды, сондай-ақ күтіліп отырған болашаққа табыстың ағынының
ағымдағы құнын анықтауды көздейді. Бұл тәсіл сатып алынатын объекттен
болашақта пайда табуды күту қағидатына негізделеді.
Табыстық тәсіл мына әдістерде жүзеге асады:
1) дисконтталған таза табыстар
2) табысты тікелей капитализациялау
3) теңэффективті функциональды аналог.
Табыстық тәсіл ақша ағымын дисконтау әдісі мен табысты тура
капитализациялау мен теңэффективті функциональды аналогтар әдісін
біріктіреді. Табыстық тәсілді қолдану кәсіпорынның бірнеше жыл ішіндегі
болашақ табыстарына болжам жасауды талап етеді. Тікелей капитализация әдісі
автокөліктің, құрал-жабдықтар мен көлік құралдарында есеп шығару қиынға
соғады,себебі материалды емес активтер, активтер, өндірістік немесе
коммерциялық жүйелер табысты құрайды. Сондықтан есепті шешуде табыстық
әдіс деңгейі бойынша базаланады. Басында барлық жүйелерді пайдаланудан
түскен таза табысты есептейді, одан кейін соның негізінде барлық жүйенің
құнын анықтайды.
Табыстық тәсіл мөлшері өзгертілмеген болып саналатын табысты
капиталдандыруды, сондай-ақ күтіліп отырған болашаққа табыстың ағынының
ағымдағы құнын анықтауды көздейді. Бұл тәсіл сатып алынатын автокөліктің,
құрал-жабдықтар мен көлік құралдарының болашақта пайда табуды күту
қағидатына негізделеді. Табыстық тәсіл кезінде ақша қаражаттарының ағынын
дисконттау әдісінің қолданылуы да мүмкін.
Таза табыстың дисконттық әдісі болашақ ақша ағымдарын болжайды, яғни
болашақ табыстылықты алуға мүмкіндік береді, ал бұл инвестор үшін неғұрлым
қызығушылық танытады. Болжауды табыстылықты анықтау инвестициялар тәуекелін
жорамалданған инфляция қарқынын дисконт мөлшерлемесі арқылы нарықтағы
коньютура өзгерістерін есепке ала отырып есептеледі. Шетелдік тәжірибе бұл
әдістің басқалармен салыстырғанда кәсіпорын құрылғысының құнын неғұрлым дәл
анықтауға мүмкіндік беретінін көрсетеді, алайда оның практикалық кең
қолданылуы, неғұрлым дәл болжам жүргізу кезінде туатын проблемалармен
күрделенеді.
Әдіс төменде келтірілген кезеңдердің кезектілігімен жүргізіледі.
1-ші кезең. Анықталған соңғы өнімді өндіретін қоры бар (немесе соңғы
қызметтер көрсетіледі) және бүтіндей бағалау қажет болатын, өндірістік-
коммерциялық жүйенің (кәсіпорын, цехтар, бөлімдер) автокөліктік кешенін
ерекшелейді.
Қызмет кешені бір жылдық мерзімде беріледі және өндірістік-
коммерциялық жүйе жұмысынан таза жылдық табыс есептелінеді.
2-кезең. Өндірістік-коммерциялық жүйенің ағымдағы құнын есептеу.
Егер де таза жылдық табыс өзгеріп тұрса, онда есепті келесі
формуламен жүргізеді:

Мұндағы
Е, Е ... ... . Е - 1-ші, 2-ші ... . n-ші жыл мерзімінде
автокөлік кешенін пайдаланудан түскен таза табыс;
r - дисконттық мөлшерлеме;
- соңғы n-ші жылғы өндірістік-коммерциялық жүйе мүлігінің нарықтық
қалдық құны;
- ақша бірлігінің ағымдағы құнының функциясы, Ақша бірлігінің алты
функциясы кестесінің төртінші функциясы (жақшаның ішінде дисконттық
мөлшерлеме r және жылдық реттік нөмірі n);
n - барлық автокөлік кешенін пайдалану кезіндегі жылдық мерзім.
Егерде жылдық таза табыс белгілі бір денгейде тұрақты болса, онда
есеп келесі формуламен есептелінеді.

Мұндағы
- өндіруші жүйемен есептеленетін орташа жылдық табыс
- бірлік аннуитетінің функциясы, Ақша бірлігінің алты функциясы
кестесының бесінші функциясы.
3-кезең. Өндірістік-коммерциялық жүйенің жалпы құнынан жылжымайтын
мүліктін құнын алумен автокөлік кешенінің құны анықталады (ғимараттар мен
үймәреттер):

4-кезең. Егер автоколік кешенінің құрамындағы бірлік автокөліктің
құнын табатын болсақ, онда ол үлес коэффициенттінің көмегімен есептелінеді:

Мұндағы
... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Мүлікті бағалау тәсілдері
Зияткерлік (интеллектуалды) меншік объектілерінің теориялық негіздері
Бизнесті бағалау принциптері
Шығындық тәсілмен бағалау
Машина мен құрал –жабдықтарды жүйелі талдау
Жылжымайтын мүлікті бағалауда қолдану тәсілінің ерекшелік теориясы
Бағалау әдістемелері
Бизнесті бағалау туралы мәлімет
Құнның өзгеру қағидасы
Тұрғындық мүлікті бағалау
Пәндер