АҚША ҚАРАЖАТТАР ҚОЗҒАЛЫСЫНЫҢ МАЗМҰНЫ


МАЗМҰНЫ
КІРІСПЕ3
1 АҚША ҚАРАЖАТТАР ҚОЗҒАЛЫСЫНЫҢ МАЗМҰНЫ5
1. 1 Ақша қаражаттарының жалпы сипаттамасы. 5
1. 2 Ақша қаражаттары есебінің маңызы мен міндеттері9
2 «ҚАЗПОШТА» АҚ ҰЙЫМДАСТЫРУШЫЛЫҚ -ЭКОНОМИКАЛЫҚ СИПАТТАМАСЫ14
2. 1 АҚ «Қазпошта» АҚ қызметінің ерекшеліктері14
2. 2 АҚ «Қазпошта» АҚ 2008-2009 жж ақша қаражаты қозғалысын талдау17
2. 3 Ақша қаражат қозғалысы бойынша есеп беру әдістерін талдау21
3. «ҚАЗПОШТА» АҚ АҚША ҚАРАЖАТТАРЫНЫҢ ЕСЕБІ25
ҚОРЫТЫНДЫ29
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ31
КІРІСПЕ
Қазақстан ТМД елдерінің ішінде бірінші болып, тұрақты әлеуметтік-экономикалық дамуды қамтамасыз ету, сыртқы қолайсыз факторларға тәуелді болмау үшін Ұлттық қор құрды.
Бүгінгі күні ұлттық қорда 5, 3 миллиард доллар жинақталып отыр. Ұлттық қорды қоса есептегенде, еліміздің алтын-валюта резервтері, тұтас алғанда, 14 млрд. АҚШ долларына жетті. Бұл 1994 жылмен салыстырғанда 3 еседен астам өсті деген сөз.
Қазақстан Республикасы Қаржы Министрлігінің жанындағы «Бугалтерлік есеп және аудит әдістемесі Департаментінің» №4 «Ақша қаражаттарының қозғалысы туралы есеп» деп аталатын бугалтерлік есеп стандартының бірінші бабында: «Кәсіпорындар мен ұйымдардың, яғни субъектілерді, ақша қаражаттарының қозғалысы туралы есебін пайдаланушыларды түрлі операциялық және инвестициялық қаржы қызметі бойынша есепті кезеңдегі ақша қаражаттарының келіп түсуі, кірістелуі ол қаржылардың жұмсалуы туралы ақпараттармен қамтамасыз етіп және оларға осы заңды тұлғаның, яғни субъектінің қаржы жағдайындағы өзгерістерге бағалауына мүмкіндік береді» делінген. Ал осы стандарт екінші бабында: «Заңды тұлғалар, субъектілер (банктер немесе бюджеттік мекемелерден басқа) ақша қаражаттарының қозғаласы туралы есепті осы стандарттың талаптарына сай жүргізеді және есепті кезеңдегі қаржы нәтижелері есептемесінің құрамында (яғни сонымен бірге) тапсырады» делінген.
Барлық шаруашылық жүргізуші субъектілерде өндірілген өнімді сату барысында, сондай-ақ материалдық құндылықтарды, негізгі құралдарды, тауарларды сатып алғанда немесе көрсетілген қызметке және бюджетке немесе бюджеттен басқа да мекемелерге әртүрлі төлемдерді төлеуге байланысты түрлі операциялар пайда болады. Әрбір кәсіпорын, ұйым, мекеме немесе фирма әдетте бір уақытта өндірілген өнімін сатып немесе қызмет көрсетіп, жабдықтаушы ретінде болатын болса, екіншіден сол өнімдерді өндіріп шығару үшін қажет болатын шикізаттар және материалдармен жабдықтайтын жабдықтаушылар алдында сатып алушы болып табылады. Осындай кәсіпорындар мен ұйымдардың, фирмалардың арасында алашақ және берешек операциялар көбіне қолма-қол ақша және қолма-қол ақшасыз төлеу жолы арқылы жүргізіледі. Қолма-қол ақшамен есеп айырысу Қазақстан Республикасының Ұлттық Банк-мекемесі белгіленген ережелер мен тәртіпке сәйкес жүргізілуі тиіс. Ақшалай қаржылармен есеп айырысу операцияларының бугалтерлік есебін жүргізу мен ұйымдастырудың мақсаттары мыналар болып табылады:
- Ақшамен есеп айырысу операцияларын толық және уақытылы дер кезінде есептеу;
- Субъектідегі ақшалай қаржылардың түгелдігін және оларды дұрыс, тиімді пайдалануды бақылау.
Есеп айырысу, төлеу тәртібін бақылау, кәсіпорынның, ұйымның немесе фирманың ақшалай кірістері мен шығындарын дұрыс есептеу.
Тақырыптың өзектілігі есеп жүргізу жүйесінде, ақша қаражатының есебін жүргізу ерекше орын алуымен бйланысты, өйткені субьектілердің ағымдағы, қаржылық және инвестициялық қызметтері ақшалай есептесу негізінде құрылады.
Ақша қаражаты мен операциялар тұрақты атқарылып тұрады, олар ұтқыр әрі бұзылуларға бейім болады, сондықтан да ақша қаражатының тиімді пайдаланылуының проблемасын шешуде, есеп жүргізу мен аудитті жетілдіруді қажет етеді. Осы аталған жағдайлар диплом жұмысының актуальдығын анықтайды.
Курстық жұмысының мақсаты - қазіргі кездегі ақша қаражатының есебін жүргізудің жайы және оны жетілдірудің ұсынбаларын әзірлеу болып табылады.
Курстық жұмысының теориялық және әдістемелік негізі болып аудит және есеп жөніндегі нормативтік актілер, осы зерттеліп отырған мәселе бойынша оқулықтар мен ғылыми еңбектер алынды. Ақша қаражаттарының есебін жүргізудің жай үйі «Қазпошта» АҚ мысалы ретінде алынды. Сонымен қатар қаржылық есеп берудегі алғашқы құжаттары мен есеп жүргізу жөніндегі тізім көрсеткіштері пайдаланылды.
1 АҚША ҚАРАЖАТТАР ҚОЗҒАЛЫСЫНЫҢ МАЗМҰНЫ
1. 1 Ақша қаражаттарының жалпы сипаттамасы.
Барлық шаруашылық жүргізуші субъектілер өз ақша қаражаттарын банкі мекемелерінің тиісті шоттарында сақтап және міндеттемелері бойынша төлемдерін, әдетте, осы мекемелер арқылы ақшасыз нысанда, ал қажет жағдайда Қазақстан Республикасының Ұлттық банкісінің нормативтік құжаттарымен белгіленген шегінде нақты ақшамен есептеуді жүзеге асырады. Егер де заңды тұлғалардың арасындағы төлем сомасы 4000 айлық есептік көрсеткіштен (АЕК) асып түссе, онда олар тек ақшасыз тәртіпке айырысуларды жүзеге асырады. Бұл келтірілген мәлімет заңды тұлғалардың арасындағы әрбір мәміле (контракт, келісімшарт) бойынша шартты түрде пайдаланылады. Егер де контракт сомасы көрсетілген лимиттен асатын болса, онда төлем ақшасыз тәртіпте орындалуы керек, тіптен олар жартылай орындалса да, әрбір төлемнің сомасы 4000 АЕК-тен аспауы керке.
Ақша қаражаттарының есебі алдында келесідей міндеттер тұр:
- шаруашылық субъектілерменуақтылы есеп айырысулар жүргізуді қағалау;
- есеп регистрлерінде ақша қаражаттарының белгіленген шектер негізінде дұрыс пайдалануын қадағалау;
- ақша қаражаттарының мақсатты жұмсалуын қадағалау мақсатымен кезең сайын түгендеу жұмыстарын жүргізу;
- кассадағы және ағымдық шоттағы ақша қаражаттарының бар болуы мен жұмсалуын бақылау;
- есеп айырысу тәртібінің орындалуын бақылау.
Ақша қаражаттарының бар болуы мен олар бойынша есеп айырысуларды дұрыс ұйымдастыру есеп айырысу тәртібінің бекуіне, дебиторлық және кредиторлық міндеттемелердің кемуіне, ақша қаражаттарының айналымдылығының жылдамдауына, кәсіпорынның қаржылық тұрақтылығының нығаюына алып келеді.
Ақша қаражаттарын сақтау үшін және заңды тұлғалар арасында есеп айырысу үшін Қазақстан Республикасының банк мекемелерінде банк шоттарын ашады. Банк шоттары - бұл банк пен клиенттер арасындағы келісім- шарттың қатынастарын көрсететін әдіс. Банк шоттары теңгемен де, шетелдік валютамен де жүргізіледі және ол ағымдық, жинақтық және корреспонденттік болып бөлінеді. [1, 44б]
Корреспондеттік шоттар - банк шоттары банктер мен ұйымдардың кейбір операция түрлерін жүзеге асырады.
Ағымдағы (есеп айырысу) және жинақ шоттары - бұл да банктік шоттар, бірақ олар жеке және заңды тұлғалар үшін, сондай-ақ заңды тұлғаның оқшаланған бөлімшелері үшін де ашылады.
Шетелдік валютадағы қаражаттардың қолда бары мен қозғалысын есептеу үшін субъектіге арнап ағымдағы шоттар ашылуы мүмкін. Ол сыртқы экономикалық қызметін жүзеге асыратын және өнімін валютаға сататын субъект үшін ашылады. Аккредитивтер, чек (аванс) кітапшаларының шоттарын және басқаларын субъектілер ақша қаражаттарын оқшаулап сақтау үшін және тиісті операцияларын жүргізу үшін ашады.
Субъект шоттарындағы қаражат олардың иелерінің әмірі бойынша есептен шығарылады. Субъектінің рұқсатынсыз шоттағы қаражатты есептен шығаруға соттың, мемлекеттік салық қызметінің рұқсатымен және қолданылып жүрген заңдарда көзделген басқа жағдайларда ғана жол берілуі мүмкін.
Қазақстан Республикасының аймағында ақшаны төлеу мен аударуды жүзеге асыруда келесі әдістерді: қолма-қол ақшаны аударуды; төлем тапсырманы ұсынуды; чектерді беруді; вексельдерді немесе олардың индоссаменттері арқылы беруді; төлем карточкасын пайдалануды; тікелей дебеттік банкі шоттарына аударуды; тапсырма-талап төлемдерін ұсынуды; инкассалық жарлығын ұсынуды; республиканың заң актілерімен белгіленген басқа да әдістерін пайдаланады.
Ақшасыз есеп айырысудың негізгі нысандары: төлем тапсырма; чек; вексель; тапсырма-талап төлемдері; кеден мен салық қызметінің органдарының инкассалық жарлықтары болып табылады.
Төлеуші мен алушылар өзара есеп айырысу нысандарын келісім-шарт негізінде анықтайды, сондай-ақ олардың арасында болатын талаптары мен міндеттемелерді зачетқа да жатқыза алады.
Инвестициялық қызмет ұзақ мерзімді активтерді сатып алу мен сату өтелген несиелерді беру мен алу болып табылады. Инвестициялық қызметтердің нәтижесінде пайда болған ақша қаражаттары қозғалысының мысалы:
Ақша қаражаттарының түсуі:
- негізгі құралдары басқада ұзақ мерзімді активтерді және материалды емес активтерді сатудан түскен түсімдер;
- қаржылық инвестицияларды өткізуден;
- басқа заңды тұлғаларға берілген несиелерді алу;
- басқа түсімдер;
Ақша қаражаттарын алу:
- күрделі жұмсалымдар;
- негізгі құралдарды басқа ұзақ мерзімді активтерді және материалды емес активтерді сатып алу;
- қаржылық инвестицияларды сатып алу;
- басқа заңды тұлғаларға несие беру;
- басқа да төлемдер болып табылады.
Төлем тапсырмаларымен есеп айырысу. Төлем тапсырмалары онда көрсетілген соманы бенефициардың пайдасына ақшаны жіберушіге қызмет көрсететін банкалушының ақшаны аударғаны туралы тапсырмасы болып табылады. Қызмет пен жұмысты және тауарлы-материалдық құндылықтарды өтеу үшін есеп айырысу кезінде, сондай-ақ қызмет пен тауарға алдын-ала төлем жасаған кезде, аванстық төлемдер жасаған кезде төлем тапсырмаларын пайдаланады.
Төлем жасаушы банкке белгіленген нысандағы бланкілердегі төлем тапсырманы ұсынады. Тапсырмаларға қоса төлем жасаушы банктің талап етуі бойынша салынатын салықтың шот-фактуралары және төлемдердің мақсатын растайтын басқа да құжаттары бірге тапсырылады. Төлем тапсырмалары жазылып берілген күннен бастап 10 күн бойы күшінде болады (жазылған күні есепке алынбайды) . Төлем тапсырмалары төлем жасаушының шотында қаражат болғанда ғана орындауға қабылданады. Төлем құжаттарын электрондық түрінде де, қағаз ретінде де ұсынуы мүмкін. Бұл құжаттардың данасын әрбір банк өздері дербес анықтайды. Негізінен алғанда, олар екі данада толтырылады, біріншісі банкте қалдырылады да, оның электрондық көшірмесі бенефициарға жіберіледі, ал екіншісі иесіне, яғни ақшаны жіберушіге қол қойылып, штамп басылып қайтарылады.
Төлем тапсырмасын толтыру кезінде келесі реквизиттері (көрсеткіштері) көрсетіледі:
- төлем тапсырмасының нөмірі;
- төлем тапсырмасының жазылған күні;
- жеке теңестірілген немесе теңдестірілген (идентификацияланған) коды (ЖТК немесе ИИК)
- жіберуші мен бенефициардың банкі шоттарының нөмірі;
- бенефициардың коды (БК немесе КБе) және жіберушілердің коды (ЖК немесе КОд) - бұл кодтар екі символдан (белгіден) тұрады: біріншісі-резиденттік белгісін, ал екіншісі-экономиканың секторын көрсетеді;
- бенефициар-аудару жасалған ақша кезде қаражатын алушы;
- банк-алушы-банк атауы, аударылған ақшада, оның мекен-жайы көрсетіледі;
- бенефициар банкісі-бенефициардың пайдасына келіп түскен ақша қаражатын қабылдайтын банк жіберушімен жасалған келісім-шарттың негізінде;
- жіберушілердің теңестірілген немесе теңдестірілген (идентификацияланған) банктік коды (ЖТБК немесе ИИК) - филиаларалық айналымдарының коды (ФАК немесе МФО) ;
- төлем арналымының коды - ҚР ҰБ нормативтік-құқықтық актісімен белгіленген және соның негізінде төлемдерді жүзеге асыратын кодтық белгілер, ал ол үш символдан (белгілерден) тұрады;
- бюджеттік классификациясының (жіктемесінің) коды - салықтарды кері қайтаруда қойылатын код;
- валюттелген күні - ақша қаражатын бенефициардың (алушының) банктік шотына ақша қаражатын аударған күні төлем жасаушының нысанымен анықталады.
Төлем құжатына кез келген жөндеудің түрін жасауға рұқсат етілмейді.
Шаруашылық жүргізуші субъектілердің арасындағы жасалған келісімдері бойынша төлем тапсырмалары: жедел мерзімді, мерзімінен бұрын және мерзімі кейінге қалдырылған болып бөлінуі мүмкін. [2, 29б]
Жедел мерзімді төлем мынадай нұсқалар бойынша жүзеге асырылады: аванстық төлем, яғни тауар тиелгенге дейін; тауар тиелгеннен кейін, яғни тауарлар үшін шоттарды тікелей акцептеу жолымен; ірі мәмілелер кезіндегі ішінара төлемдері.
Мерзімінен бұрын немесе мерзімі кейінге қалдырылған төлемдер шарттық қатынастар аясында тараптардың қаржылық жағдайына зиян келтірмейтіндей етіп жасалуы керек.
Субъектілер: жеке өздеріне тиесілі қаражатты (зейнетақы, алимент, жалақы, іс-сапар шығыстары, авторлық қаламақы) жекелеген азаматтардың атына; жалақы төлеуге арналған, банк мекемелерінде аударым алушының атын, оның нөмірін, сондай-ақ егер қаражат шотқа аударылуға тиіс болса, онда ол орналасқан банктің аты мен нөмірін көрсетеді. Тапсырмаға қаражат алушылардың тізбесі қоса беріледі, онда кім, қандай мақсаттарға ақша алатыны көрсетіледі. Байланыс кәсіпорындары кәсіпорындарға жолданған әрбір аударым алушы бойынша барлық аударымдардың жалпы сомасына төрт дана етіп жазылатын төлем құжатттары келіп түскеннен кейін төлейді.
Чектермен есеп айырысу. Чек беру төлемді жүзеге асырудың бір тәсілі болып табылады, онда төлем чек беруші аттас төлем құжатын ұстаушыға беру жолымен жасайды. Чек беру өз мәні бойынша чекті ұстаушының ақшалай міндеттемесін орындау болып табылмайды, бірақ ол соны орындау үшін жазылған болса да. Аталған міндеттемені орындау тек чек бойынша ақшаны алатын кезде ғана болады.
Чектер жабылатын және жабылмайтын болып бөлінеді. Біріншісі - депозитттермен қамтылған, ал екіншісі - қамтылмаған болып бөлінеді. Бұл кезде чектердің төленетіндігі жөнінде банктердің кепілдік беруі мүмкін, оның ішінде жабылмайтын чектер бойынша да. Чекті қолданумен байланысты банк пен чек берушінің міндеті мен құқығы, чекті қолдану туралы жасалған келісім-шарттың негізінен шығады, яғни бұл келісім-шартта, банк өз клиенттеріне чек берушіге (заңды және жеке тұлға) чегін төлеуді, яғни чек берушінің міндетін өзіне алады, ал клиенттер өз кезегінде банкі белгілеген (демек чектерді беру мен пайдалану) ережелерін сақтауға міндетті. Чек ұстаушылардың құқығы чек берушіден чекті алған кезінен бастап пайда болады. Чектерге, есеп айырысу шотының төлем құжаттарына қол қою құқығына ие тұлғалар қолдарын қояды және қолдарында кітапша иесінің нөмірінің таңбасы болуы керек. Чектер жарамсыз болып қалатындықтан чекте жазылғандарды түзету және өшіруге болмайды. Егер чекті толтыру кезінде қателіктер жіберілсе, онда чекте және чектің түбіртегінде қишағынан "бүлінген" деп жазу жазылады, мерзімі қойылады және кітапша иесінің қолы қойылады.
Чекті чек ұстаушы төлеуге чек жазылған күні қабылдайды және төлеуге қабылдаған күннің ертеңіне чек ұстаушы арқылы қызмет көрсететін банкке ұсынылуы тиіс. Чек кітапшасынан алынған чектің күшінде болу мерзімі, жазылған күнін есептемегенде, әдетте, 10 күннен аспайды.
Банк чек берушіден (немесе чек ұстаушыдан) чекті қабылдамауына болады, егер де мынадай жағдайлары анықталса:
- егер де жазумен жазылған сомасы цифрмен көрсетілмеген болса;
- чектің мерзімі өтіп кетсе;
- төлем құжаттарында жасанды жазулардың белгілері бар болса;
- чек әртүрлі қолмен және әртүрлі сиямен жазылған болса;
- чектің қорғалу деңгейі оның талабына сай келмесе (қорғалу деңгейі бестен кем болмауы керек) ;
- чекте көрсетілген реквизиттер қате болса;
- чектегі қойылған қолда үлгі ретінде қабылданған құжаттардағы қолымен сәйкес келмесе;
- чектің жабу сомалары жеткілікті болмаса;
- чектің басқа да дефектілері бар болса.
Дефектісі бар чектер чек ұстаушыларға қолхат жазылып қайтарылады. Чектердің дефектілері табылса, банктің бас бухгалтері ол туралы Клирингтік палатаға хабарлайды, ал олар ондай чектердің өңделуін тез арада тоқтатады. Бұндай дефектісі бар чектерге акт жасалады, ол акт төрт данада болады:
біріншісі - банкте қалса;
екіншісі - көшірмесімен бірге ішкі істер органдарына беріледі;
үшіншісі - Клирингтік палатаға беріледі;
төртіншісі - чекті беруші банкке беріледі.
Мерзімі өтіп кеткен чек кітапшалары пайдаланбауына байланысты чекті беруші банкке қайтарылады. [3, 18б]
1. 2 Ақша қаражаттары есебінің маңызы мен міндеттері
Кез-келген кәсіпорынға өндірістік қызметін жүзеге асыруы үшін қажетті мөлшерде айналым қаражаты қажет. Айналым қаражаты құрамында, ақша қаражаты ерекше орын алады. Олар матералдар мен шикізат алуға, жұмысшылардың еңбек ақыларын төлеуге, басқа да шаруашылық процестерге қажет.
Ақша - тауардың ерекше қасиеті, оның кез-келген басқа тауарлардың құнын көрсете алатындығы, оның жалпыға бірдей жұмыс істейтіндігі, яғни жалпыға бірдей алмастыру құралы екендігі белгілі.
Ғылыми коммунизмнің негізін қалаушылар К. Маркс пен Ф. Энгельс өздерінің еңбектерінде ақшаның шығу тегін, оның әлеуметтік-экономикалық маңызын және капиталистік экономика жағдайындағы ролін қарадстырды. Олар капитализмнен социализмге өту кезеңінде ақшаның белсенді пайдаланудың обьективті қажеттілігін дәлелдеді.
В. И. Ленин марксизмді шығармашылықпен дамыта отырып, тауар-ақша қатынасын капитализмнен социализмге өту кезіндегі өтпелі кезеңіндегі өтпелі кезеңде ғана емес, коммунизмнің бірінші сатысында пайдаланудың қажеттілігін дәлелдеп, социализмдегі жаңа әлеуметтік-экономикалық мазмұнды көрсете білді. В. И. Ленин шаруашылықты жүргізуде ұқыптылықтың, ақшаның есебін жауапкершілікпен мұқият жүргізіп, тиімді иелік жасаудың қажеттілігін атап өтті.
Жаңа экономикалық саясатты жасақтай отырып, В. И. Ленин тауар ақша қатынасын, оның жаңа әлеуметтік-экономикалық мазмұнын жұмысшы табымен еңбекші шаруалардың экономикалық одағын нығайтудағы әлеуметтік қайта құрулар (жаңғыртуда) кеңінен пайдалану талаптарын ұсынды.
Коммунизм құрылысында тауар-ақша қатынасы социализм кезеңіне сай жаңа мазмұнға ие болды. Соның ішінде әлеуметтік-экономикалық міндеттерді шешуде төмендегідей экономиканы дамыту құралдарына ең үлкен мән берілді: ақша, баға, өзіндік құн, таза пайда, сауда, қаржы.
Ақша қаражатының есебін жүргізу, ақша құндылығының есеп жүргізу обьектілеріне сәйкес келуіне байланысты бухгалтерлік есеп жүргізудің жауапты учаскісі болып табылады. Сондықтан да осы учаскіде нақты, уақытылы, дәл есеп жүргізу өте маңызды.
Бухгалтерлік есеп көптеген жылдар бойы басқа ғылымдар сияқты дамып, қоғамның экономикалық-әлеуметтік жағдайларына сай өзгерістерге ұшырап келе жатқан, сондай-ақ өмірде өзінің ерекшелігімен оқшауланатын ғылым болып табылады. Белгілі ғалым Абишнва Ж. А. осы ғылым туралы «Бухгалтерлік есеп ғылымдар мен өнердің ең алдында тұрады, басқалары онсыз өмір сүре алмаса, бухгалтерлік есеп үшін олардың ешқайсысы қажет емес» - деген болса, оның әріптесі З. А. Раулки «Есеп - бұл барлық бизнестің тілі, яғни философиясы» - деп атаған.
Экономика ғылымының кандидаты А. Сейдахметовтың пікірінше валюталық операцияларға есеп жүргізу жүйесін төмендегіше жетідіру қажет: «Кәсіпорынның сыртқы нарықтарға өздігінен шығуы, есеп айырысуда шетел валюталарын пайдалану қажеттігін туындатады. Конверттік валюта жүйесі (КВЖ) бойынша есеп айырысу үшін кәсіпорын өзінің уәкілеттілігі бар банктен валюталық есеп шот ашады. Валюта қозғалысы және олармен қолма қол есеп айырысу операцияларына есеп жүргізу есеп шоты бөлімінің 43 «Валюталық шоттағы ақша қаражаттары» бөлімшесінде көрініс табады. Есеп айырысу бойынша пайдаланылып жүрген валюта түрлері бойынша (АҚШ доллар, евро және т. б. ) субшоттар ашуға болады, өйткені шетел валютасының төлемдік негізі (мысалы, АҚШ доллары) болады. Бірінші жағдайда кәсіпорын банкіден валютаның әр түрі бойынша үзінді алады, ал екіншіден - тек қана долларлық есеп шот бойынша валюта айырбас курсынан айырмашылықты есептеуде қате жіберілмеу үшін, халықаралық стандарттар мен қолданыстағы нормативтік актілерді жетік білу керек. Осы пікірдің маңыздылығы, ақша қаражаты есебін жүргізуді талдауды жетілдіруге мүмкіндік беруінде». [4, 91б]
Ақшаның әрбір қызметі ақшаның тауар тауар айырбастау процесінен туындайтын, тауар өндірушілердің өзара байланысының формасы ретіндегі әлеуметтік-экономикалық мазмұнының белгілі бір жағын мінездейді. Ақша бес түрлі қызмет атқарады: құн өлшемі, айналыс құралы, төлем құралы, қор және қазына жинау құралы, дүниежүзілік ақша.
Ақша құн өлшемі ретінде. Құнның өлшем қызметі тауар өндірісі жағдайында туындайды. Бұл ақшаның барлық тауарлар құнының өлшемі ретіндегі қабілеттілігін білдіреді. Бағаны анықтауда делдал қызметін атқарады. Өзінің жеке құны бар тауар ғана, құн бола алады. Мұндай тауар болып өндіруіне қоғамдық еңбек жұмсалған, құнды құрайтын алтын саналады. Яғни бұл қызметті ақшалар атқарады. Ақша еңбек өлшемі - ол жұмыс уақытын емес, осы еңбекпен құралған құнды көрсетеді. тауар бағасын өлшеу үшін қолма-қол ақшаның болуы қажет емес, себебі еңбек өнімін теңестіру ойша орындалады. Тауарларды ақшаның көмегімен өлшеуге болады, олар адам еңбегінің өнімі.
Ақша айналыс құралы. Бұл қызметінде тауарларды өткізудегі делдал болып табылады.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz