Баспасөздегі діни идеология мәселелері



Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 21 бет
Таңдаулыға:   
Жоспар

Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... .3-4

Негізгі бөлім: Баспасөздегі ұлттық идеология ... ... ... ... ... ..
1.1 Ұлттық идеяның түсінігі мәні және
қажеттілігі ... ... ... ... ... ... ..5-12
1.2 Баспасөз және
идеология ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ..13-18
1.3 Баспасөздегі діни идеология мәселелері ... ... ... ... ... ... . ... .19-
20

Қорытынды ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
... ... ... ... 21

Әдебиеттер
тізімі ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
...22

Кіріспе
Қазақстан тәуелсіздік алғаннан кейін - ақ соңғы жылдары сол
мемлекеттің ұлттық идеологиясы болуы керек пе, болса қандай деген пікірлер
көбеюде. Мемлекет болған соң ұлттық идеология болмай қоймайды, оның
құрылымына, сәйкес көздеген мақсатынан туатын пайдалы идеялар, мемлекеттің
ұлттық сипатына, тәуелсіздігіне қызмет етуге тиіс.
Міне, осы сәтте тарихымыздың шынайы, толық дәрежеде жазылуына кедергі
болған марксизм - ленинизм ұстанымы күйреді. Отандық ғалымдарымызда
көптеген ақтаңдақ беттерін ашып, әртүрлі тарихи еңбектерді оқырман қауымға
ұсына бастады. Әрі демократия мен реформаны шыңдай түсетін тарихи сана
қалыптаса бастады. Ендеше, идеология Қазақстанның бүгіні мен болашағына
қызмет етеді. Идеология дегеніміздің өзі өмір дамуының, қоғам дамуының,
адам дамуының ұлы мектебі болып табылады.
Ұлттық идеология дегеніміз - халықтың бүкіл елдің әдет-ғұрпын, салт-
дәстүрін, ғасырлар бойы дамытып, жетілдіру арқылы ұрпақтан - ұрпаққа
берілетін ережесі, ол сол халықтың тілін, дінін, қалыптастыруға қызмет
етеді.
Жалпы ұлттық идеология мемлекеттің дамуы мен көркейіп гүлденуіне, қазақ
халқының әлемдік деңгейге көтерілуі үшін қызмет етуі керек.
XXI ғасырдағы ұлттық идея туралы зерттеу мәселесінде бір қатар
отандық ғалымдардың да еңбектерінде келтіруге болады. А. Айталы,
М. Шаханов, Сейдімбек. А, М. Жолдаспеков, Д. Кішібеков қатарлы ғалымдар
Қазақстанға ұлттық идея керек екендігі туралы көптеген еңбектерінде
көрсетті. Міне осы жоғарыда аталған еңбектердің өзінен-ақ идеялогияның,
ұлттық идеяның мейлі қоғамда халықтың мақсаты мен мұратын, берекесі мен
ынтымағын нығайтуда болсын, немесе мемлекеттің дамуы мен оның халықтарының
салты мен дәстүрін сақтауда ұлттық, немесе мемлекеттік идеологияның керек
екенін көруімізге болады.

Менің бұл тақырыпты талдаудағы мақсатым, қазіргі таңда баспасөздегі
ұлттық идеология төңірегіндегі
көпшілік пікір - таласының көбеюіне байланысты. Бұл мәселенің қоғамда
өзекті мәселе болып отырғандығы, ұлттық идеяның қалыптасуына қандай себеп
болғанын, оның тарихы мен теориясын мазмұндап, ұлттық идея туралы әр алуан
көзқарастарды және әр дәуірдің ойшылдардың отандық ғалымдардың қосқан
үлесін ашып көрсету.
Қазіргі таңда баспасөздегі ұлттық идеяның ролін анықтау. Бұл
мақсатқа сәйкес курстық жұмыстың мынадай міндеттері анықталды:
- ұлттық идеяның қалыптасуы мен оның мемлекетке қажеттілігін
анықтау;
- баспасөздегі ұлттық идеяның атқаратын ролін көрсету;
-ұлттық идеяны қалыптастыратын негізгі алғы шарттар мен
жағдайларды пайымдау;
Осы мақсаттар мен міндеттерге жету үшін курстық жұмысымның
құрылымы анықталады. Бұл жұмыс кіріспеден, екі тараудан, және қорытындыдан
тұрады. Кіріспеде курстық жұмыстың мақсаттары мен міндеттері анықталады.
Курстық жұмыстың әрбір тараулары бөлімдерден тұрады. Бірінші тарауда:
ұлттық идеяның түсінігі мәні және қажеттілігі. Екінші тарауда баспасөздегі
діни идеология. Осы тақырыптарға байланысты қорытынды жасалынды.

Негізгі бөлім: Баспасөздегі ұлттық идеология
1. Ұлттық идеяның түсінігі мәні және қажеттілігі
Ұлттық идея - адамзат тарихына көптеген танымал феномен. Ол
ізгіліктің жолы ма, әлде қауіптің көзі ме? деген сұрақтар қашан да қойылып
келеді. Ғылыми әдебиеттер мен оқулықтарда да, ұлттық идеяның мәні әртүрлі
түсіндіріледі. Бұл жерде сөз күрделі де, нәзік құбылыс, ұлттық дүниетаным
туралы болып отыр. Ұлттық идея—ұлттық болмыс қасиетінің бейнесі. Қарама-
қайшылыққа толы процестерді қамтитындықтан ұлттық идея мазмұны әртүрлі:
прогрессшіл демократиялық, ұлттық мұраттардан, ұлы державалық менмендікке
дейінгі аралықтағы көзқарастар. Ұлттық мұрат - мүддесі, тарихы мен ертеңгі
арманы Ұлттық идеядан көрініс алады.
Ұлттық идея - ұлттық идеялардың, көзқарастардың жиынтығы. Ұлттық
идея объектісі — ұлт болмысы, субъектісі - ұлтты құраушы әлеуметтік,
этникалық топтар.
Дегенмен, ұлттық идеология мен саясат белгілі бір кезеңде үлкен іс
атқарғанмен, қоғам дамуында тек жағымсыз, бүлдіргіш қасиетке ие деген пікір
әлі де кездеседі.
Бүгін ғылыми және көпшілік әдебиетте ұлттық идея - ұлттық
қарама-қарсылықтың, дау-дамайдың көзі деп қараушылық кең өріс алған. Ұлттық
сана-сезімнің негізінде өзімдікі мен өзгенікін саралайтын әлеуметтік
психология барлығы белгілі. Бұдан ұлттық идея, сана-сезім өзін өзгеге
қарсы қою арқылы ғана танылады деген оймен келісуге болмайды.Ұлттық идея
талай ұрпақтың еңбегімен, қуаныш, кайғысымен сараланған рухани дүние. Бұл
қайталанбас байлық өмірге ұлттық елдік тарихи болмысымен келген, сол
себептен де ол ұлттық дүниетанымның айнасы. А.Сейдімбек айтқандай, әрбір
ұлт - өз болмысының авторы Ұлттың мұрат пен мүддесі, кешегісі, бүгінгісі,
ертенгісі, қайғы - қасіреті мен абырой - мақтанышы ұлттық идеяда

көрініс алады. Сондықтан оның мәні қайшылықты, өрісі
кең, ол күтпеген өзгерістерге де толы.
Ұлттық ңдея ойдан шығарылған қиял емес, ұлттық болмыстын, тарихтың
көрінісі. Ғасырлар бойы тірнектеп жинаған рухани мұра, ұлт рухы қоғамның
дамуына бейімделіп, оған ықпал жасап отырады. Бұл өзара әрекеттік ұлт
мінезін шыңдап, байытады.
Жалпы, ұлттық идеяны (аты мен заты сай келетін белгілі ұлттың идеясы)
іске асырудағы мемлекеттің мақсаты да—халықты бір негізгі тілге үйрету
арқылы, бір сананы қалыптастырып, белгілі жарқын мақсатқа жеткізу. Ғылым
мен философияның күрделі саласы ретінде ұлттық идея мәселелері соңғы екі
ғасырда жүйелі түрде зерттеліп келеді. Қазақстан болашақта қай бағытта
дамиды немесе бізге жоғарыдағы ұлттық идеялардың қайсысы пайдалы? Ол даму
жолында Шығыс пен Батыс құндылықтарының қайсысын таңдайды? Әлде өзінің сара
жолымен жүре ме? Жаһандану дәуіріндегі Қазақстанның және түркілердің
алатын орны мен болашағы қандай болмақ Қайткенде осы мәселенің тиімді
шешімін табамыз, қазақ идеясы қандай болу керек деген сұрақ соңғы кезде
зиялы қауыммен қоғам қайраткерлерін ойлантып отыр. Ұлтты қалыптастырып,
біріктіретін - оның тілі, нәсілі, елі, мемлекеті және діні болса, идея
оның негізі болып саналады. Бүгінгі таңда осының ең бастысы ана
тіліміздің мемлекеттік мәртебесін күшейтіп, бүкіл дүние жүзіндегі мәдени,
ұлттық, экономикалық, әлеуметтік дамудағы озық үлгілерді өз бойымызға терең
сіңіріп алу болып тұр. Республикамыздағы ұлтаралық татулық бүгінде өз
жемісін береді. Бұл да біздің ұлттық идеямыздың маңызды бір саласы
деуге болады. Ендігі мәселе - ұлттық рухымызды космополитизмге
айырбастап алмауымыз керек. Өзімізді техникалық жағынан салыстырып
карасақ, әлі төмен. Жапонияға қарасақ, дүниедегі ең сапалы
телевидео, компьютерлік техниканың барлығы соларда.
Ал бізден не өнім шығады? Жарытып айту қиын. Ендеше біздің ұлттық
идеямыз әлі төмендік дәрежеде. Қазақтың ұлттық идеясын аспаннан
іздеудің керегі жоқ. Бәрі де Абайдың Талап,еңбек терең ой, қанағат рахым
ойлап қойдеген өлеңімен, бес нәрсеге асық бол, бес нәрседен қашық бол
деген ғахлияларында жатыр.Сондықтан біз жастар және өз ұлтымыздың еңсесі
биік болсын десек, бес нәрсеге асық, бес нәрседен қашық болуымыз керек.
Ұлттық идея деген міне осы .
Ал, бірақ кейбір саясаттанушылардың ұлттық идея жоқ дегеніне
мынаны айтар едім: - Бізде ұлтшылдар да, ұлтжандарда бар. Ұлтшылдар
оған абсолютті түрде, ал ұлтжандылар ұлттық идеяға байланысты түрде
қарайды. Ұлттық идея ол қатып қалған дүние емес. Қайта ол қоғаммен
бірге дамып отырады.
Ұлттық идеяның қажеттілгі жаһандану жағдайындағы мемлекетпен қоғамның
алдында тұрған бірқатар міндеттерден туындайды.
Демек, ұлттық идея ұлтты топтастырудың осындай көпқырлы
міндетін шешуге қабілетті болуы керек. Ал, мақсаттар мен құндылықтардың екі
ұштылығын жойып, бір тұтас қоғамдық сананың қалыптасуына жәрдемдесуі
тиіс. Ұлттық идеяның қоғамды сапалық тұрғыдан секіріске, Қазақстан
бастан кешіп отырған саяси-экономикалық жағдайлардан қарыштап өтуге
жұмылдыруға ролінің мәні де еш кем емес. Бұл тұрғыда да ұлттық идея қоғамды
жұмылдыруға әрі осы жолдың бағытын көрсетуге, Қазақстанның даму
арнасынан белгілеуге тиіс және оның даму арнасынан
белгілеуге тиіс және бұған қабілетті екендігі дау тудырмайды.
Қазіргі жағдайда ұлттық идеяның мазмұнына қойылатын бірнеше
талапты даралап көрсетуге болады. Біріншіден, ұлттық идея ұлт үшін табиғи,
құрамдас оған жат емес, ойдан шығарылмаған, қандай да, болсын күшпен
танылмаған, ұлттық нақты болмысынан туындаған болуы керек. Сонымен бірге
кез келген идея секілді ұлттық идея жай нақтылықтық көшірмесі емес,
идеяның өзі болып табылады. Сондықтан ұлттық идеяның мазмұнында мейлі
тілеген мұраттар түрінде, мейлі ұлттық арман түрінде, мейлі экономикалық
және әлеуметтік-саяси жоба түрінде болашақ міндетті түрде көрінуі тиіс.
Ұлттық идеяның құрамында ұлттың қазіргісі ғана емес, сонымен
бірге оның өткені мен оның болашағы көрініс табатыны туралы айтуға болады.
Алайда, мұның өзі ұлттық идеяның уақытқа бір жолата тұжырымдайтының
білдірмейді. Керісінше, ұлттық идея айтарлықтай тарихи зерттеушілер ұлттың
тарихи даму процесінде оның бір қатар ұлттық идеяларды бірнеше рет ауыстыру
жәйттерін атап керсетеді.
Осыдан келіп, екіншіден, ұлттық идея шартты түрде-айтқанда,
екі топтамадан тұруы тиістігі туындайды: біріншіден, ұлттық идея мәнінің
тұракты тұрлаулы өзгеріссіз көрінетін құрамы; екіншіден, дамуға, өзгеруге,
тарихи жаңа мазмұнмен толығуға қабілетті құрамы. Үшіншіден, Қазақстан
қоғамы секілді көп этносты қоғамда ұлттық идея қандай да бір этностың
идеясы бола алмайды.
Бірақ та ұлттық идеяны көптеген этностардың ұлттық идеяларының
жиынтығынан құрастыруға да болмайды.
Ұлттық идея әу бастан-ақ жалпы ұлттық болуы тиіс. Дәл осында ең
елеулі мәселе: жекелеген этностардың ұлттьқ идеясына да олардың ұлттық
идеясының жиынтығына да, делінбейтін жалпы ұлттық идеяны қалай тұжырымдау
керек?
Бұл үшін ең алдымен кіршіксіз түріндегі ұлттық идея бірыңғай
қазақстандық ұлттың қалыптасу мәселесін қайталамайды. Атап айтқанда,
қазақтар қазақстандағы барлық этностық топтардың мүдделерін осы топтарға
нұқсан келтірместен жүзеге және іске асырудың бүкіл толық жауапкершілігін
өз мойнына алған жағдайда қазақстандық қоғамның қазақ халқының төңірегіне
топтасу процесін қайталайды.
Сондықтан ұлттық идея кейбір кіршіксіздігімен, онда үміттің, тіпті
арман тактика және мемлекет, қоғам деңгейінен бастап жеке тұлғаның, әр
адамның деңгейіне дейін Қазақстанның қызмет етуінің нақты практикалық
тетіктерін туғызуға қабілетті болуға тиіс. Ол мемлекетте жеке адамда
қабылдап қана қоймай сонымен бірге өзінің бүкіл мүмкіндіктерімен және
құралдарымен мемлекетте, сондай-ақ өз болмысының шегінде адамда күн сайын
жүзеге асыратын идея болуы тиіс. Қоғамдық санада жойылған құндылықтардың
орнын толтыру, қоғамды біріктіру мәселесі жаңа мәнге ие болды.
Идеологтясыздандыру теориясы бірте – бірте ұмытыла бастады. Керісінше,
жаңа тұжырымдамалар, философиялық, социологиялық теориялар пайда болды.
Мемлекеттік, ұлттық идеология қажеттілігі туралы пікірлер де көп айтылып
жүр. Идеология ынтымақтастықтың көзі ме, әлде адам санасын бұрмалаушы ма?
- деген сұрақ өз жауабын күтуде. Бұл – күрделі методологиялық мәселе.
Себебі идеология белгілі бір жағдайда екі жақты қызмет атқарады. Идеология
қоғамда танымдық, іске жұмылдырғыш,қозғаушы және іс - әрекетті мөлшерлеуші
қызметтер атқарады. Ол жеке адамның, әлеуметтік топтың іске беталысына
бағыт – бағдар, қозғаушы болып, саяси мән, әлеуметтік, адамгершілік,
эстетикалық үлгі береді. Әр субьект өз іс – қимылын сол үлгімен өлшейді.
Идеология – көп астарлы құбылыс. Идеология жөніндегі ойымызды жүйелей келе,
ол жайлы мынадай ой – пікір түюге болады. Идеология мазмұны жағынан
күрделі, түрі жағынан әр алуан құндылықтарға жатады. Ол – көп қырлы, терең
астарлы құбылыс. Осы заманғы жалпы адамзаттық, бүкіл әлемдік ауқымды
проблемалардың мәні мен шешу жолдарына байланысты планетарлық сана,
планетарлық идеология ұғымын да біраздан бері пайдаланып келеді. Идеология
субьектісінің, иесінің көптігінен олар бір – бірімен жанаспайтын,
меншікті идеологиялар деген ой тумайды. Идеологиялардың ерекшеліктеріне,
айырмашылықтарына баса көңіл бөлу оларды бір – бірімен ымыраға келмейтін
қатынаста болуға мәжбүр етеді. Идеологияның көп астарлылығы мен көп
деңгейлілігінен уақыт талабына сай бір иделогияның басым болуы мүмкін емес
деген пікір тумайды. Бірақ ол басымдықты күшпен емес, басқалармен бәсекеде
көпшіліктің ой – мүддесінен шығып, жеңіп алуы қажет. Бір идеологияның
басымырақ блолуымен қатар басқа идеологиялардың соған қолы жетуіне
мүмкіншілік жасалуы керек. Көріп отырғанымыздай, қоғамда әртүрлі
идеологиялар әрекеттесіп жатады. Ол, бір жағынан, қоғам тұтастығын,
тұрақтылығын қамтамасыз етеді, екінші жағынан, пікір таласқа жол ашып, ой
салып, жаңа бағыт меңзейді. Рухани мұра мен мәдениет дамуындағы
сабақтастықты мойындай келе, социализм тұсында оны прогресшіл және
реакцияшыл деп екі бағытқа бөлді. Отарлау саясаты тұсында ұлттық
мәдениетті орыс мәдениетінен емес, орыстандырудан қорғаушылар реакцияшыл,
ұлтшыл бағытқа жатқызылды. Революцияға дейін рухани мұра таптық, жіктік
тұрғыдан, материализм мен идеализм, теизм мен атеизм деңгейінен де
араланды. Осыдан келіп, жалпыхалықтық, адамгершілік сипаттағы діни әдеби
мұра, тұрмыс салттары ескіліктің сарқыншақтары аталып, бірте – бірте
ұлттың рухани игілігіне қызмет ететін құндылықтар қатарынан ығыстырылды.
Прогресшіл сабақтастық рухани мұраны, философиялық – қоғамдық ойды,
әдебиет пен өнерді, этномәдени дәстүрлікті тек таптық, партялық қағидалар
көзінен өткізді. Кәдеге өмірі мен творчествосы бұқараның мұң мен үміт –
арманына байланыстылары ғана жарады. Ал олар өз кезегінде пролетариат
идеологиясы, маркстік – лелиндік көзқарастар мен мұраттан шығарылды.
Прогресшіл және реакцияшыл сабақтастықтың арақатынасы
барған сайын іргелерін бір – бірінен аулақ салып, шиеленісіп, антагонистік
қатынастарға ұласады. Прогресшіл сабақтастық және оған байланысты
құндылықтар жаңа мәдениеттің негізін салатындықтан оның күш алып, басты
мақсатқа айналуы заңды еді. Прогресшілдік пен ұлттық рухани мұраны
ұштастыруды мойындаған жаңа бағыт бірыңғай тұжырымдама дәрежесіне
көтерілмесе де, біршама ықпалды болды. Бұрынғы мұраның әлеуметтік мәнін
өзінше түсінушілікке, бұрынғы мен бүгінгінің арақатынасын анықтауға, рухани
және әлеуметтік мұрат – мақсаттарды белгілеуге байланысты пікірлердің
алшақтығы тереңдей түседі. Соцализм тұсындағы ұлт мәдениетінің даму
болашағы жөніндегі ой – пікір, ресми идеология ұлттық пен
интернационалдықты ұштастыруда қолдады. Бұл бағытта жаңылысу,адасулар көп
болды. Қандай да болсын идеология мен мемлекеттің арасын бөлу – жеке
адамның әлеуметтік жағдайына, партиялылығына, идеялық наным – сеніміне
қарамастан, азаматтың бас бостандығын қорғауға, демократиялық тәрбиеге
алғышарт жасайды. Идеология таза білімге, обьективтік шындықты негізделе
бермеді. Ол өзінің табиғатынан, атқаратын қызметінен субьективтік смпатта
болды. Оның мақсатыы – жарық, айқын шындықты іздеу емес, белгілі
субьектінің, нақтылы саяси әлеуметтік құрылымның, саяси жүйенің өмір суруін
қамтамасыз ету, оның болмысын айыптан ақтау болды. Соңғы жылдары тез
болатын өзгерістерге, әлеуметтік қиялға толы жобалар мен уәделер бұқара
санасын биледі. Олардың алайда өмірден алшақтығы тез арада анықталды.
Идеологиялық плюрализм орныға бастағанмен идеология төңірегінде пікірталас
толастар емес. Кейбір саясаткерлер әлі де идеология тарихи дамудың табиғи
арнасын бұзады дейді. Дүниежүзілік тарихтың даму барысындағы барлық пәлелер
кесімді, айқын мүдделерді жақтайтын идеологттардың қоғам дамуына
араласуынан туындаған кеселдер деп түсіндіреді. Себебі таптың немесе ұлттың
өз мүддесінің үстемдігін жақтауы оның идеологиясының шынайы ғылымилығын,
тіршілк тілегіне сай екендігін жоққа шығарады. Осыдан келіп ғылыми
идеология туралы сөз қозғау қисынсыз деген пікірлер айтылады.
Тұтастай идеологиясыз, не идеологияланған қоғам – қандай ізгі
ниетпен айтылса да – адамгершілікке жат, терісін айналдырған тоталитаризм.
Идеологиясыз қоғам болуы мүмкін емес. Мәселе ең алдымен адамның табиғатында
жатыр. Ал адам - өз табиғатынан саяси ғана емес, идеологиялық пенде. Оның
болмысында өзін, табиғатты, қоғамды, ғарышты танып білсем деген
құштарлықпен қатар, жеке мүдделерін берік қорғайтын, билікке хұқықты
екенін, ең бастысы қоғамда алатын орны бар екендігіне сендіретін идеология
болуы қажет. Оны мұндай сенімнен айырса, адамның әлеуметтік ортамен нәзік
байланысы бұзылады. Қоғамды идеологиясыздандыру мақсат емес, адамның күш –
қайратын, жігерін үйлесімді арнаға салу маңызды шарт. Бүгінгі қазақ
қауымының идеологиялық бағыт – бағдарлары адам рухының дін, адамгершілік,
өнер, сананың қарапайым түрлеріне, адамның ішкі дүниесіне, күнделікті мұң –
мұқтажға, жеке мүдделеріне жақын құндылықтарға бағытталып отыр. Қазір
қоғамда бұқара көпшіліктің назары өткен ғасырлар тәжірибесіне, мифологиялық
аңыздарға, дәстүрлі мәдениет құндылықтарына, әртүрлі халықтың діни
сенімдеріне, адамгершілікке бұрылып, идеологияның бағыт – бағдарын,
мазмұнын айқындап отыр. Идеология өзіне ғылымның кейбір элементтерін
сіңіреді де, ғылыми теориялар идеологиялық өң алуы мүмкін. Қоғамдық
ғылымдар жалпыға бірдей білім деңгейінде қалмай, әрбір адамға өмірдің
мәнін, оның алатын орнын ашып берген күнде ғана ғылым мен идеологияның
арақатынасы туралы мәселе тумайды.
Қоғам дамуында идеологияға, соның ішінде мемлекеттік идеологияға,
болмаса ұлттық идеологияға шамадан тыс үміт артып, оны жалғыз ғана
қауымдастырушы, ынтымақтастырушы күш деу – кеңес дәуірінен қалған, суға
кеткен адамның тал қармауы сияқты сенім. Қоғамдық өндірісі нарық жолына
төселген, саяси басқару жүйелері қалыптасқан мемлекеттерде әлейметтік
қатынастарды реттейтін әртүрлі экономикалық, хұқықтық, саяси, мәдени жолдар
табылған. Ақпарат құралдары, парламент, хұқық қорғау органдары,
конституциялық механизм әлеуметтік, интеграциялық қызмет атқарады. Ұлттық
идеологияның мәнін тануда маркстік бағыттағы зерттеушілер де біраз үлес
қосты, себебі субьективизм ағымындағы ойшылдар оның чырын ашып, этностық
құбылыстардың әлеуметтік тамырларына үңіле бермеді. Ұлттық идея – жалған
бұрмаланған түрінде де ұлтішілік және ұлтаралық процестердің бейнесі.
Ұлттық болмыстың қилы қырлары қоғамдық санада жан – жақты және терең
көрініс ала бермейді, кей – кейде болмашы, шет тұстары маңызды жақтарын
жасырып тұрады.

1.2 Баспасөз және идеология
Ұлттық идея, ұлттық идеология немесе ұлттың өмір сүруіне
қажетті бастаушы күш туралы толғанбайтын көкірегі ояу азамат кем де кем.
Идеология қоғамдық сананың маңызды элементі бола отырып, қоғамның саяси
өмірінде де зор ықпалға ие. Өз кезегінде саяси идеология саяси құбылыстар
мен процестерді бейнелеуші негізгі идеялар мен түсініктердің жүйесі бола
отырып, саяси сананың қалыптасуына тікелей әсер ете алады. Идеология – жеке
адамның, әлеуметтік топтың, ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қоғамдық-саяси ой-пікірлерінің қалыптасуы
Көпэтносты қоғамдағы дін мәселелерінің баспасөздегі көрінісі
Атырау газетіндегі патриоттық тәрбие мәселесі
Қоғамдағы саяси газет
Қазақстанды ілгерілету жолындағы билік пен баспасөздің рөлі
Дене шынықтыру және спорт саласындағы ақпараттық құралдардың негізгі құралдары
Қазақ баспасөзі тәуелсіздік жылдарында
Коммунистік Кеңестік Партиясы Орталық комитеті
ЕЛ БІРЛІГІНІҢ БАСПАСӨЗДЕ НАСИХАТТАЛУЫ
«Түркістан» газетіндегі мәдени мәселелердің көрінісі
Пәндер