Бастауыш сыныпта қазақ тілі сабақтарын ойын арқылы меңгертудің жолдары


Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 32 бет
Таңдаулыға:   

Бастауыш сыныпта грамматикалық сабақтарында ойын түрлерін ұйымдастыру жолдары

Мазмұны

Алғы сөз . . . 3-5

а) Қазақ ойшылдары Міржақып Дулатов, А. Байтұрсынов, Мағжан Жұмабевтардың тіл туралы пікірі . . . 6-10

ә) Қазіргі орта мектептегі бастауыш сыныптарда қазақ тілін оқытудың әдіс-тәсілдері . . . 10-13

б) Бастауыш сыныпта қазақ тілі сабақтарын оқытуда тәжірибелі оқытушылар мен тиімді тәсілдерді қолдану . . . 14-17

ІІ. Бастауыш сыныпта қазақ тілі сабақтарын ойын арқылы меңгертудің жолдары

а) Қазақ тілі сабақтарында пайдаланылатын ойын түрлері

ә) Бастауыш сыныпта қазақ тілін оқытуда ойын арқылы оқыту жаңа технологияларын қолдану ерекшеліктері . . . 19-23

б) 2 сыныпта өтілетін Қазақ тілі сабақтарында қолданылатын ойын түрлерін ұйымдастырудың жолдары . . . 23-26

ІІІ. Алғашқы тәжірбие

2 -сыныптағы Қазақ тілі сабағында өткізілген «Зат есімнің түрленуін қорытындылау» атты тақырыбындағы ашық сабақ . . . 26-31

Қорытынды . . . 31

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі . . . 32

Алғы сөз

Қазақстан мемлекеті тәуелсіздік алып, демократиялы қоғам құруға бет алғалы қоғамдағы өзгерістер білім беру саласына да өз әсерін тигізді.

Білім беру үрдісінде ұстаз да, шәкірт те жеке тұлға болып қарастырылатын болды. Жеке тұлғаға жету үшін әр оқушының қабілетін танып, біліп, дамытып, шыңдап, жөн сілтеп, адам дәрежесіне келтіру керек. Демек, оқытудың жаңа технологияларын пайдалана отырып, білім сапасын арттыру, мазмұнын байыту, оқу үрдісін жетілдіру, жан-жақты дамыған, рухани дүниесі бай жас ұрпақты тәрбиелеу - кезек күттірмейтін мәселелердің бірі. Бұның өзі оқушылардың өз бетімен жұмыс жасау, даму, тәрбиелеу, әр баланың қабілетін, дарынын ашу мұғалімдер қауымына зор міндеттер жүктейді.

Қазақстан Республикасының 2015 жылға дейінгі білім беруді дамыту тұжырымдамасында: « . . . жылдам өзгеріп отыратын дүние жағдайларында алынған терең білімнің, кәсіби дағдының негізінде еркін бағдарлай білуге, өзін-өзі іске асыруға, өзін-өзі дамытуға және өз бетінше дұрыс адамгершілік тұрғысынан жауапты шешімдер қабылдауға қабілетті жеке тұлғаны қалыптастыру», - деп атап көрсеткен. Біздер ұстаздар осы заң бойынша жаңа технологияларға көп көңіл бөлуіміз керек.

Еліміз болашақта көркейіп өркениетті елдер қатарына қосылуы бүгінгі ұрпақ бейнесінен көрінеді. Қазіргі білім беру саласындағы проблема- әлеуметтік-педагогикалық және ұйымдастыру тұрғысынан білім мазмұнына жаңалық енгізудің тиімді, жаңа әдістерін іздестіру, оларды жүзеге асыру. Қазақстан Республикасының « Орта білім беруді дамыту» тұжырымдамасында: «Әрбір баланың жеке тұлғалық қасиеттерін ашу, оның мүмкіншілігін, өмірдегі мәнін көрсету арқылы білімге тереңірек ұмтылуына, сондай-ақ ізденісіне, бейімділігіне көмек беру, жағдай туғызу және оған өмір сүру үшін жаңа рухани күш беру- білім берудің түпкілікті мақсаты» екендігі айқындалған.

Осы орайда, Елбасы Назарбаевтің: « . . . Бізге бұрынғы қай кездегіден де білім мен ғылымның баға жеткіліксіз қорын барынша арттыру, оны қазіргі заманға сай ету қажет» деген сөзі егеменді елімізде білім мәселесіне мемлекет тарапынан қаншалықты көңіл бөлініп отырғанын дәлелдейді.

Бастауыш мектепте қазақ тілі сабақтарында мұғалім оқушылардың пікірлерін, сөздерін бұзбай, сабырлылықпен тыңдауы, қате кеткен жерлерін жай сөзбен түзетуі, оқушылар сөздерді дұрыс қолданбаған кезде де басқа оқушыларға әжуа еткізбеуі қажет. Мұғалім осындай амалдар арқылы оқушылардың өзіне деген сенімін нығайтып, өз ойын жасқанбай жеткізу біліктерін калыптастырады. Бұл балалардың тілдік тұлғаларды орынды қолдануына, олардың өзіндік заңдылықтарын жете меңгеруіне оң ықпалын тигізеді.

Қазақ тілін ойындар арқылы қатысымдық тұрғыдан меңгертуде қазақ тілінің салалары өзара бірлікте қарыстырылады. Мысалы, бастауыш мектепте сөйлемді меңгертуде қолданылатын «сөйлемді толтыр» ойынында сөйлемді дұрыс кұрау дағдылары жетілдірілсе, Синтаксистік касса «ойынында өтілген тілдік материалдар оқушылардың» сөздерді мағыналарына қарай орынды қолдану, сөз мағыналарын, түрлерін ажырату дағдылары сөйлеммен ұштасады. «Жұмбақ шешу» ойынында мұғалім жұмбақтарды айтады. Оқушылар оның мазмұнына қарай шешуін табады. Бұл жұмбақтарды оқушылар жаттап алады. Бұл оқушылардың логикалық ойлауын ғана жетілдіріп қоймайды, сонымен қатар олардың сөйлемді дұрыс құрау дағдыларын дамытады.

Бастауыш сыныптарының басты талабы - сабақтың сапасын арттыра отырып сабақ түрлері мен әдістерін танымдылық, білімділік деңгейге жеткізу. Осы мақсатта бастауыш сынып мұғалімдері сабақ өту әдістерін толықтырып, әр уақытта ізденісте болады. Қазіргі уақыт талабына сай мен де өз сабақтарымды жаңаша ұйымдастырып, өзіндік тың ізденістерге талпынып отырамын. Сабақ өткізу барысында оқушыларды халық педагогикасы негізінде тәрбиелеп, оқушылардың сабаққа қызығуын арттырып, сабақ беру әдісінің тиімді түрлерін пайдаланып келемін. Мен қолданатын сабақтың жаңа түрлері де сабақтың мазмұнын, мақсатына, жүру барысына қарай дамытпалы саяхат сабақ, ертегі сайыс сабақ, ойын, жарыс сабағы, тест әдісімен өткізіліп келеді.

Кеңінен қолданылып жүрген технологиялардың бірі - «Мемлекеттік тілді деңгейлік оқыту технологиясы». Бұл технология оқушылардың ізденушілік, өзіндік жұмыс істеу, білімді сапалы қабылдау, шығармашылықтарын арттыра түсуге бағыттайды, мәселені тиімді шешудің жаңа мүмкіндіктерін анықтайды.

а) Қазақ ойшылдары Міржақып Дулатов, А. Байтұрсынов,

Мағжан Жұмабевтардың тіл туралы пікірі

А. М. Дулатовтың тіл туралы пікірлері. Ұстазы Ы. Алтынсариннің оқу-ағарту мәселесіне байланысты идеяларын әрмен қарай дамыта келіп, ол да Байтұрсынов сияқты оқу-тәрбие мәселесіне ғылыми тұрғыдан қарауға, атап айтқанда оқытудың жаңа әдіс-тәсілдеріне, шәкірттердің жаңа бағдарламар арқылы білім алуына, ғылыми дидактикалық қағидаларға сәйкес сабақ жүргізуге ерекше мән берді. Бұл айтылғандарды оның «Мұғалімдерге» атты мақаласынан (1915), «Қирағат» кітабына жазған алғы сөзінен жақсы байқауға болады: « . . . балаларды, - дейді ол, - оқыту өз алдына бір ғылым. Ғылым - педагогика . . . Мектеп программасында бірінші орын алған нәрсе қирағат, баяндап оқыту . . . Қирағаттың мақсатын түсінбеген мұғалім үміт еткен пайданы бере алмайды . . . Жас балаларды оқыған нәрсесі хақында ойлануға, оның мағынасын, қасиетін сездіруге қалай үйретпек керек? Баланы оқыған нәрсесін бір-біріне ұйқастырып ойлануына, оқып шыққаннан кейін жадында ретті һәм толық мағынасымен қалдыруға әдеттендіруі керек. » (М. Дулатов, Шығармалары, Алматы, «Жазушы», 1991 жыл, 238-бет) . Ол орыс педагогикасының атасы К. Ушинский айтқандай, оқу-тәрбие процесіне (жазу, сызу, есептеу, оқу, т. б. ) шәкірттердің сезім мүшелерін (көз, құлақ, т. б. ) түгелдей қатыстырып отыру қажеттігін орынды аңғарып, мұны тәлімгерлердің жадына салуды ойластырады. Осыған орай ол былай деп жазады: «Әрбір жазылған сөз (тақтаға, дәптерге, тіпті ауызекі сөзді де) жазушының сезінуімен, естуімен, көруімен «шыққан нәрсе».
Табиғатынан тәлімгерлік қасиеті мол жазушы қазақ арасында көбінде көзге түспей, түссе де еленбей жүрген ғылым-білімге, өнерге, зерек, дарынды балаларды оқытып тәрбиелеудің мәні жайында сөз ете келіп, дарындылықтың кейбір психологиялық астарларына үңіледі. Осы жәйт автордың мына төмендегі түйіндеуінен жақсы көрінеді: «Туысында қанша зеректік болса да, - деп жазды - ғылымсыз, тәрбиесіз кемеліне жетпейді. Кімде-кім өзінің табиғатына не нәрсеге шеберлік барлығын сезіп, өз жолына түссе ғана, көзге көрінеді . . . Жақсы суретші адамның сыртқы түрін айнытпай сала білсе, жақсы жазушы да адамның ішкі сырын, мінезін, әдетін бұлжытпай көрсете біледі, оқығанын да көріп тұрғандай боласын . . . »
Халқымыз егемендікті аңсап жатқан қарбалас шақта жас өркендерді жерге шырылдап тұскен кезден есейіп, есі кіріп болғанға дейінгі аралықта ана тілінің уызына жарытып қана қоймай, олардың ұлтты рухпен, дәстүр-саклт, әдіт-ғүрыптан мейлінше сусындатуына ерекше көңіл аударуымыз қажет. Бұл жөнінде де Дулатов былайша жеріне жеткізе айтқан еді. «Бастауыш мектепте алған тәрбиенің әсерлі, күшті, сіңімді болуы қай халықтың мектебінде болса да оқу кітаптары ана тілімен, өз ұлтының тұрмысынан, һәм табиғаттан жазылып, баяндап оқытудың асыл мақсатына муафик үйретуден, осылай біліп, баяндап оқытқанда, балқыған жас баланың ойына, қанына, сүйегіне ұлт рухы сіңісіп, ана тілін анық үйреніп, керекті мағлұмат алып шығады. Мұндай балалар бастауыш мектепті бітіргеннен кейін қай жұрттың мектеп медрессесінде оқыса да, қай жұрттың арасында жүрсе де, »сүйегіне сіңген ұлт рухы жасымайды.

Қайда болса да тіршілігінде қандай ауыртпалық өзгерістер көрсе де ұлт ұлы болып қалады. Оқудағы мақсат жалғыз құрғақ білім үйрету емес, біліммен бірге жақсы тәрбиені қоса беру . . . »
М. Дулатовтың жазған «Қирағат» кітабы (1924) өзінің құрылыс жағынан бастауыш класс оқушыларына жеңіл, түсінікті тілде, табиғатпен байланысты әңгімелерден (жылдың төрт мезгілі, ел өмірі, тұрмыс-тіршілігі) тұрады, яғни мұнда биология, экология, салт-дәстүрден хабар беру көзделген.

Екінші бөлімде балаларды талаптылыққа, еңбек етуге, адамгершілікке баулитын ғибаратты әңгімелер топтап берілген. Мысалы, «оқымысты бала» деген әңгімеде қаладан оқып келген баланың ауылға келген соң еріншектік жасап, тырнауыштың сабын басып қалғанда оны маңдайына соғып алып, «Тырнауышты аяқ астына тастаған қандай ақымақ екен» деп ашулануын сықақ етеді. «Қонақ кәде» атты әңгімеде қазақтың әдет-ғұрыптарын сөз етсе, «Күлмеңіздер кәріге» деген әңгімеде әке тілін алмай өлмелі шал-кемпірді мазақтайтын әдепсіз балалардың қылығы айтылады.

Дулатовтың тәлңм-тәрбиелік тағылымдарынан қазіргі күн талабы-тілегімен ұштасатын тағы бір кесек ойды кездестіреміз. Ол жас ұрпақты имандылыққа тәрбиелеу. Қазіргі қазақ жастарының тәрбиесінде көлеңкелі, келеңсіз жақтардың белең алуы тәлімгер қауымға жас буынды жөргегінен мейірімділік пен имандылыққа баулып трбиелеу қажеттігін күн тәртібіне қойып отыр. Осы жөнінде мұсылмандардың қасиетті кітабы, «Құранның» үлгі-өнегеге толы тағылымдарына да баса назар аудару қажеттігі газет-журналдарымызда сан рет жазылып жатыр. Ал осы мәселені бұдан 80 жыл бұрын кемеңгер Дулатов та көтерген екен. Ол жұртты оқуға, білім алуға тартқан кезде бір жағынан діни оқуды да жатсынбау қажет дейді. Автор орысша оқып, орыс тілін үйренген қандай пайдалы болса, мұсылманша оқып, дінді танып, оны өмірлік қажетке пайдаланса кісі жан-жақты білімді азамат болып шығатыны айтылған. Ол медреселер ауыл мектептерінде ғылыми пәндерді, түрлі тілдерді меңгерумен қатар, діни оқудан да мағлүмат алудың маңызын былай түсіндіреді: «Медреседе сыйласып екі молла. Бірі оқытсын мұсылманша, бірі орысша. Педагогия тәртібімен оқытса, қазағым кетер едің сонда алға . . . Риза қазақ халқы болар еді, хүкімі шриғаттың тұрса қолда . . . ». Біздің ойымызша аса білікті, әмбебап саясаткердің осы айтқандарында қазіргі тәлім-тәрбие процестерін жүзеге асыру жағдайында да еске алғанымыз жөн сияқты. Расында да орыс педагогикасының атасы Ушинский «кто не имеет религии и не чувствует ее потребности, тот должен не воспитывать детей . . . », ал осы халықтың екінші бір педагог-психологы П. Ф. Каптеров «Педагогикалық психология» атты кітабының бір тарауын «Діни тәлім-тәрбиеге» арнаған болатын [1] .

Осы іспеттес пікірді қазақ оқымыстыларының көпшілігі айтқан. Мәселен, М. Жұмабаев өзінің «Педагогикасы» былай дейді: « . . . дін сезімдері күшті адам, яғни тәңірінің барлығына, құдіретіне сеніп, оның маххабатын алуға, қаһарына ұшырамауға ұмтылатын адам өмір бойы ізгілікке ұмтылып, жауыздықтан безбек».

Дулатовтың оқу-ағарту майданындағы ерекше көзге түсуі жиырмасыншы жылдардың орта шеніндегі латынша немесе арабша әріпті алу мәселесінің төңірегіндегі айтыс кездерінде көрінді. Дулатов 1924 жылы Орынборда болған қырғыз-қазақ ағартушыларының тұңғыш съезінде баяндама жасап, араб әрпінің ерекшелігі мен артықшылығын дәлеллдеп бақты. Оның «Бүкіл шығыс елінің мәдени мұрасы араб әрпімен жазылған, егер де дүрмекпен латынға көшсек біз бұл байлықтан мұлде қол үземіз» дейтін пікірінің шындық екендігіне бүгінде дау айтатын адам болмаса керек.
б. Ахмет Байтұрсыновтың (1873-1937) тіл туралы ой-пікірлері. Бүкiл саналы өмiрiн қазақ халқының бақытты, берекелi, бiрлiкшiл ел болуын аңсаған, сол жолда аянбай еңбек еткен ақын, аудармашы, тiлшi, ғалым, көрнектi қоғам қайраткерi Ахмет Байтұрсынов қазақ елiн отырықшылыққа, мектеп ашып бiлiм алуға шақырған ағартушы. Ол бiрнеше оқулықтардың авторы: (“Әлiпби”, “Тiл құралы”, “Баяншы”, “Әдебиет танытқыш” т. б. ) Ол И. А. Крыловтың бiрнеше мысал өлеңдерiн аударып, 1909 ж. Петербургте “Қырық мысал” деген атпен бастырып шығарды.

А. Байтұрсынов М. Дулатовпен бiрiгiп 1913-1917 ж. ж. Орынборда “Қазақ” газетiн шығарды. Онда мектеп, оқу-ағарту iсi, отырықшылық, сауда, ел билеу iсi, Мемлекетiк Думаға қатынас мәселелерiн сөз еттi. Алдыңғы қатарлы елдердi үлгi еттi. Надандықтан құтылудың жолы оқу-ағарту iсi деп қарады. Мектептерге бiлiмдi мұғалiм кадрларын даярлауды көтердi. Қазақ алфавитiн жаңартып араб әрпiне жаңа әлiппе жасады.
Оқыту әдiстерiн жетiлдiрудi, оқытудың әдiс-тәсiлдерiн жаңартуды көредi. “Оқыту жайында” атты мақаласында “Оқу жұмысының үш жағы үш нәрсеге тiреледi. Бiрi ақшаға, бiрi құралға, бiрi мұғалiмге. Осы үш тiреуi бiрдей тең болса, оқу қисаймайды, ауытқымайды, түзу жүредi… дейдi.
Оқу iсiн жолға қою үшiн ғылыми жүйелiлiк жасалған оқу бағдарламасы болуы керек. Сол бағдарламаға негiздей жазылған оқулық болуы тиiс. Оқулықтағы бiлiмдi оқушы бойына дарыта бiлетiн әдiскер мұғалiм керек дегендердi көтередi. Сондай-ақ А. Байтұрсынов бiлiм негiзi бастауыш сыныпта салынады деп қарады. Бастауыш мектептерде қандай пәндер оқытылуы керек дегенге арнайы тоқталып, ол пәндердi: оқу, жазу, дiн, ұлт тiлi, тарихы, есеп, шаруа-кәсiп, қолөнерi, жағрафия, жаратылыс деп саралап көрсетiп бердi. Байтұрсынлв осы пәндердiң оқулықтарын шығаруды қолға алды. Өзi бастауыш мектепке арнап “әлiппе” кiтабын жазды. Сондай-ақ оның “Тiл жұмсар” деген атпен екi бөлiмдi грамматикасы кiтабы (1925) шықты. Ал М. Дулатов бастауыш мектепке арнап “есеп” кiтабы мен қирағат ( ана тiлi оқу) кiтабын жазды.

А. Байтұрсынов пәндердi оқытудың әдiстемесiмен де айналысты. 1928 ж. “Жаңа мектеп” журналының 8-санында жарияланға “Қай әдiс жақсы?” деген көлемдi мақаласында ұлы педагог Л. Н. Толстойдың “Үйрету әдiстерi туралы” деген еңбегiне талдау жасай отырып, “әдiс деген қатып-семiп қалған догма емес… Жақсы дерлiкте, жаман дерлiк те бiр әдiс жоқ. Олқылықтың белгiсi - бiр ғана әдiспен болу. Шеберлiктiң белгiсi - түрлi әдiстi болу” деп ойын тұжырымдайды.

Ол сауаттылықты негiзгi жазуға жаттықтыру деп қарады. Жазу дегенiмiз - әрiптердiң суретiн салу, ал оқу дегенiмiз - суретi салынған әрiптердiң дыбысын дұрыс айту. Балалар дыбысты ажыратып үйренген соң, сол дыбыстың таңбасы - қәрiптi көрсету керек. Оны меңгергеннен кейiн оқу, жазу жұмыстарының бәрiне сол тiреу болады деп балаларды оқуға, жазуға үйретудiң әдiс-тәсiлдерiн сөз еттi. 1920 ж. Қазанда “Баяншы” деген атпен тiлдi оқытудың методикасына арналған әдiстемелiк құрал шығарды.
А. Байтұрсынов оқытудың бiлiмдiлiк-танымдық жағымен бiрге тәлiмгерлiк қызметiне де баса көңiл бөлдi. Әрбiр оқылатын тақырыптардың бiлiм бере отырып, тәрби де беруiн қарастыруды талап еттi.

в. Мағжан Жұмабаевтың (1893-1938) тіл тұжырымдамалары. Әрi лирик ақын, әрi аудармашы, әрi ұстаз-ғалым Мағжан Жұмабаев ондаған поэма, жүздеген лирикалық өлеңдерiмен бiрге, оқытушылық қызметтi атқара жүрiп, тұңғыш педагогикалық оқулықтар жазып қалдырды. Ол жазған “Бастауыш мектепте ана тiлi” (1925), “Сауатты бол” (1926), “Педагогика” (1922) атты оқулықтары педагогика және әдiстеме ғылымдарына қосқан тың үлес болып саналады. М. Жұмабаев орыс, батыс педагог-психолог ғалымдар еңбектерiн оқи отырып, сонымен бiрге тәрбиенiң ұлттық ерекшелiктерiн ескере өзiнiң “Педагогика” атты оқулығын жазудағы ұстанымын былайша сипаттайды: “Тәрбие ғалымдарының пiкiрлерiн (орыс, батыс ғалымдарын айтып отыр - С. Қ. ) таңдап алуға ұмтылдым. Шамам келгенше қазақ жанына қабыстыруға тырыстым… Бiзде бұрын пән тiлi болмағандықтан түрлi терминдерге тап басқанда қазақша сөз табу көп күшке тидi. Қалайда курстарда оқыған мұғалiмдердiң жәрдемiмен таза орыс сөздерi қазақшаға айналдырылды. Ал ендi жиһан тiлi (интернацианалдық терминдер - С. Қ. ) болып кеткен сөздерi қазақшаға аударам деп азаптануды тиiс таппадым”.

Шынында да ол кезде қазақша педагогикалық терминдар жоқтың қасы едi. М. Жұмабаев жүздеген педагогикалық жаңа терминдердi ойлап тауып, тiлiмiзге енгiзген.

Оқу құралының бiрiншi бөлiмiнде педагогиканың жалпы мәселесiне арналған. Оның пiкiрiнше тәрбие саласы төртке бөлiнедi. Олар: дене, жан, ақыл тәрбиесi, сұлулық пен әдеп-құлық тәрбиесi. Тәрбиенiң бұдан басқа да бiрнеше түрлерi бар. Автордың төрт тәрбиеге баса көңiл бөлуi сол заманның талабынан туған көзқараспен астасып жатыр. Бүгiнгiдей экономикалық, экологиялық және құқықтық тәрбие ол жылдарды (1930) онша актуальды мәселе болмаса керек.

Автор осы тәрбиенiң төрт түрiн тәптiштеп түсiндiре келiп, былай дейдi: “Егер де адам баласына осы төрт тәрбие тегiс берiлсе, оның тәрбиесi түгел болғаны. Бала берiк денелi болса, түзiк ойлайтын, дұрыс шешетiн, дәл табатын ақылды болса, сұлу сөз, сиқырлы әуен, әдемi түрден ләззат алып, жан толқындырарлық болса, жамандықтан жаны жиренiп, жақсылықты жаны тiлеп тұратын құлықты болса ғана адам баласының дұрыс тәрбие алып, шын адам болғандығы… Балам адам болсын деген ата-ана осы төрт тәрбиенi дұрыс орындасын…” Баланы келешек заманына лайық қылып шығару” - деу арқылы М. Жұмабаев тәрбие мақсатын айқындап бередi. Автордың туған халқының тәлiм-тәрбиелiк бай мұрасын игеру жөнiндегi бағыт-бағдары да құптарлық. “Ұлт тәрбиесi - деп жазды ол, - баяғыдан берi сыналып келе жатқан тақтақ жол болғандықтан, әрбiр тәрбиешi сөз жоқ, ұлт тәрбиесiмен таныс болуға тиiс. Сол ұлт тәрбиесiмен тәрбие қылуға мiндеттi”.
Мағжан сонымен бiрге ұлт тәрбиесiне сын көзiмен қарап, тозығынан озығын айыра бiлуге шақырады. “Киiз үйдiң зиянды жағы болғаны сияқты, - деп жазды ол, - пайдалы жағы да бар. Әңгiме сол киiз үйдiң iшiнде баланы ұстай бiлуде. Шын таза ауа сол киiз үйде болмағанда қайда болады? Ал балаға таза ауа аса қажет… Малмен бiрге жүрiп, бiрге өскен қазақ баласын аса нәзiк қылып, үлбiретiп тәрбие қылмағаны дұрыс болмас… Қазақ баласының тәрбиесi қазақ тұрмысына қабысуы мақұл” дегендi айтады.
Яғни баланы жастайынан шыңдау, өмiрге үйрету қажет дегендi айтады.
Автор “Қазақ бесiгi - аса ұқыптылықпен жасалған нәрсе. Жөргегi, тартпалары, астындағы тесiгi, шүмегi, түбегiмен баланың таза, жинақы жатуына көп себепшi” дей келе, қазақ бесiгiнiң құрылымын жетiлдiрудi (қол, аяқ бауларды жалпақ жасамау және қатты тартып байламау) ұсынады.
Мағжанның “Педагогикасы” он төрт тараудан тұрады. Соның он тарауы ұлттық психологияны сөз етедi. Ол жан көрiнiстерiн ол “бiлу, яки ақыл, сезiм яки көңiл, һәм қайрат деп үшке бөлiп қарастырады. Олардың өзара табиғи үйлесiмiн Абай тұжырымымен байланыстырып, Абайдың “Ақыл, қайрат, жүректi бiрдей ұста, Сонда адам боласың елден ерек” - деуi ақыл (ми) мен ерiк, жiгердi байланыстыру деп қарайды.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Модульді - интерактивтік технология арқылы оқыту мәселесінің зерттелуіне шолу
Қазақ тілі сабақтарында ережелерді ұғындырудың жолдары мен тәсілдері
Есімдікті бастауыш сыныпта оқытуда берілетін тапсырмалар түрлері
ҚАЗАҚ ӘДЕБИЕТІН ОҚЫТУ ӘДІСТЕМЕСІ
Бастауыш сынып оқушыларының оқу дағдыларын қалыптастыру
Сөз тіркесін оқытуда оқушылардың қатысымдық құзіреттілігін қалыптастырудың лингвистикалық негіздері
Грамматикалық ойларды қолдану әдіс- тәсілдері
Бастауыш сыныпта қазақ тілі сабағын оқытуда көрнекі құралдарды пайдалану арқылы оқушылардың шығармашылық қабілеттерін арттыру
Ерте жастан ағылшын тілін оқытудың маңызы және ерекшеліктері
Бастауыш мектептің қазақ тілі сабағында ойын технологиясын қолданудың тиімді әдістемесін ұсыну
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz