Күмәнді дебиторлық борыштар
Мазмұны.
Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
I. Дебиторлық
борыштар ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
... ...3
1.1. Дебиторлық борыштар есебін
ұйымдастыру ... ... ... ... ... ... ... ... ... 3-5
II. Дебиторлық борыштар есебі және оны беру-
сату ... ... ... ... ... ... ... ... ..6
2.1. Сатып алушылар мен тапсырыс берушілер борышының есебі ... ... ... 6
2.2. Күмәнді дебиторлық
борыштар ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .7-8
2.3. Еншілес серіктестіктердің дебиторлық борыштарының есебі ... ... ... .9
2.4. Басқадай дебиторлық борыштардың
есебі ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... .10-11
2.5. Алдағы кезең шығындарының
есебі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...12
2.6. Берілген аванстар
есебі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
... 13
III. Дебиторлық борыштар
аудиті ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 20-22
Қорытынды ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
... ... ... ... ... ... ... ... ... .23
Қолданылған
әдебиеттер ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
... ... ... ...24
Кіріспе
Нарыктык экономика жағдайында, болатын қатал бәсекелестік күресте,
табыс пен кәсіпорынды сақтап қалудың басты факторы болып, кәсіпорын-ның
каржылық жағдайы мен қаржылық нәтижесі саналады, ол үшін осы аталған жайдың
мәні туралы дер кезінде және сенімді ақпарат қажет.
Тап осындай ақпараттың басым көпшілігі бухгалтерлік есептің еншісіне
тиетіндігіне дау жок. Сондықтан да, бухгалтерлік есепті; кейде бизнестің
қаржылық тілі деп те атайды. Бұл арада қажет ақпараттармен қамтамасыз ету
көп жағдайда, бухгалтерия қызметкерлеріне жүктелетіндігі белгілі. Сонымен
қоса, олар есепті оңайлатуға, салық жүйесінің талаптарын орындауға,
нормативтік актілерді қатаң сақтауға, басшыға берілетін мәліметтердің дәл
және анық болуына жауапты болып келеді.
Экономиканың барлық саласындағы кәсіпорындардың иелері мен еңбек
ұжымдары шикізат пен материалдарды ұқыпты жұмсауға, өндіріс қалдықтарын
азайтуға, оның сапасын көтеруге, өзіндік құнын төмендетуге, қоршаған ортаны
сақтауға мүдделі. Бұл орайда шаруаға қырсыздықпен қарауға, кәсіпорынның
материалдық құндылықтарын, ақшіа қаражаттарын және басқа ресурстарын заңсыз
және тиімсіз жұмсауға және тонауға қарсы күресте бухгалтерлік есептің
атқарар ролі ерекше.
Қазақстанда қабылданған заңдар мен стандарттар бухгалтерлік есеп
жүйесін барынша жетілдіруге және әртүрлі компаниялардың тараптарынан
қойылған талаптарына-жауап беруге осы жұмыс арқау екендігін байқау қиын
емес.
Сонымен қатар, бұл жұмыстың біршама деңгейде шаруашылық субъектісінің
экономикалық ахуалын жақсартуға және өздеріне қажет есеп саясатын
қалыптастыруына көмектесе алады деп те сенемін.
Ι.Дебиторлық борыштар.
1.1.Дебиторлық борыштар есебін ұйымдастыру.
Кәсіпорындар мен ұйымдардың басқа заңды немесе жеке тұлғалардан оларға
сатқан тауарлары, көрсеткен қызметтері, сондай-ақ аванс ретінде алдын ала
төлеген төлемдері үшін алшақ борыштары – Дебиторлық борыштар(Алынуға тиічті
шоттар) деп аталады. Осы кәсіпорындар мен ұйымдарға берешек борышы бар
заңды және жеке тұлғалар дебиторлар болып табылады. Өтелетін (алынатын)
уақытына қарай алынуға тиісті дебиторлық борыштар ағымдағы алынуға тиісті
борыштар және ұзақ мерзімді алынуға тиісті борыштар болып екіге бөлінеді.
Бұл борыштар есебі Алынуға тиісті шоттар бөлімінің шоттрында есептеледі.
Есеп беретін уақыттан кейінгі бір жыл ішінде алынатын(өтелетін)
дебиторлық борыштар, ағымдағы активтер қатарында есептеледі. Олардың
қатарына жататындар:
• ағымдағы активтерді сатып алуға төленген аванстық(алдын ала төленген)
төлем;
• тапсырылған(берілген) шоттар бойынша алынуға тиісті борыштар;
• вексельдер бойынша алынуға тиісті борыштар;
• негізгі ұйымдар мен оның еншілес серіктестігі арасындағы түрлі
операциялар негізінде туындаған дебиторлық борыштар;
• ұйымның лауазымды адамдарының(тұлғаларының) дебиторлық борышы;
• басқадай дебиторлық борыштар.
Несиелік операциялар сияқты дебиторлық берешектер де 2002 жылдың 16
қарашасында шыққан Активтер және шартты міндеттемелер жіктемесінің және
олар бойынша мәжбүрлі шығындар(резервтер)құру Ережесіне, Бұхгалтерлік
есептің шоттар жоспарына, екінші деңгейлі банктердің бухгалтерлік есеп
саясатына сәйкес жіктеледі.Жіктемеге (1856-Күрделі салымдар бойынша
дебиторлар) күрделі салымдарды қаржыландыруға байланысты операциялар
бойынша дебиторлық берешек ( 1860-Банк қызметі бойынша өзге дебиторлар)
банктің әкімшілік – шаруашылық қызметі, сондай-ақ (1861-Кепілдік бойынша
дебиторлар) кепілдіктер бойынша дебиторлық берешек жатады.
Дебиторлық берешек дебиторлардың төлем мерзімдерін қадағалауына
байланысты сапасы бойынша бөлек қарастырылады:
1. стандартты;
2. күмәнді, ол өз кезегінде 1-дәрежелі күмәнді – төлем уақтылы және толық
төлеген кезде; 2-дәрежелі күмәнді – төлемді кідіртіп немесе толық емес
көлемде төлеген кезде; 3-дәрежелі күмәнді – төлемді уақтылы және толық
төлеген кезде; 4-дәрежелі күмәнді – төлемді кідіртіп немесе толық емес
көлемде төлеген кезде; 5-дәрежелі – күмәнді болып бөлінеді;
3. үмітсіз.
Қазақстан Республикасы Бухгалтерлік есеп және аудит жөніндегі Ұлттық
комиссиясының 1996 жылғы №2 Қаржылық есепті дайындау мен ұсынуға арналған
тұжырымдамалық негіздер туралы - деп аталатын қаулысына сәйкес Дебиторлық
борыш иелік ету құқықтарымен қоса, заңды құқықтарына байланысты актив болып
саналады. Яғни дебиторлық борыш - дегеніміз, бұл – иелік ету хұқын
қосқандағы заңды хұқтармен байланысты активте қамтылған болашақтағы
экономикалық тиімділік болып табылады.
Мысалы: американдық FASB-пен (қаржылық есептің стандарттарын жасау бойынша
құрылған кеңесі) сәйкес, дебиторлық борыштың активі маңызды үш сипаттамаға
ие:
– ол, ақша қаражаттарының тікелей немесе жанама өсуіне мүмкіндікті
қамтамасыз ететін (немесе басқа активтермен бірге) болашақтағы тиімділікті
қамтиды;
– шаруашылық субъектісінің басқара алатын ресурстары актив болып табылуы
қажет.Сондай-ақ тиімділікке деген немесе потенциалдық қызметтерге деген
хұқтар, заңды болуы қажет немесе оларды алудың заңды дәлелдемелері болуы
қажет.
Бір жылдан астам уақыт бойы алынбаған дебиторлық борыштар ұзақ мерзімді
активтердегі Ұзақ мерзімді дебиторлық борыштар бабына енгізілуі мүмкін.
Дебиторлық борыштар есебіне мына төмендегі аталған есептілік
тіркелімдер (регистрлер,құжаттар)пайдаланылады:
– 30-шы Сатып алушылар және тапсырыс берушілердің борышы бас шотындағы
бөлімше шоттарының және 32-ші Еншілес (тәуелді) серіктестіктердің
дебиторлық борышы бас шотындағы бөлімше шоттарының кредиті бойынша
жүргізіледі.
Сатып алушылармен тапсырыс берушілер және басқадай дебиторлармен есеп
айрысудың есебі бойынша №7; №8; №10; №11 журнал-ордерлерден (регистрлерден,
тіркелімдерден) басқа аналитикалық есептің карточкаларын, ажырату
парақшаларын (қағаздарын), бухгалтерлік анықтамаларды және тағыда басқа
құжаттарды қолданған дұрыс болып табылады. Жалпы есеп регистрлерін
толтыру шаруашылық операцияларының мазмұнын сипаттайтын бухгалтерлік
жазулардың жиынтығын анықтау үшін керек.
Жалпы есеп тіркелімдерін толтыру шаруашылық операциялардың мазмұнын
сипаттайтын бухгалтерлік жазулардың жиынтығын анықтау үшін керек.
Халықаралық бухгалтерлік есеп стандартында (соның ішінде Америка Құрама
Штаттарының бухгалтерлік есеп стандартында) ұйымның бухгалтерлік есеп
жұмысын жүргізу барысында қолданатын барлық бланкілері үшін міндетті ортақ
есеп беру формалары қарастырылмаған. Есеп нысанын таңдау құқығы толығымен
бас бухгалтердің құзырында, яғни ол алғашқы құжаттарды топтастырудың ең
қарапайым әдісін таңдап, шоттар корреспонденциясын жүргізуге міндетті.
Шоттарға келетін болсақ, олар негізгі есеп тіркемелерінде үнемі қатысатын,
эпизодтық болып бөлінеді және олар басқадай операцияларда қолданылады.
Дебиторлық борыштар шоттарында есептелетін сомалардың дұрыстығы мен олардың
толықтығын бақылау үшін түгендеу жүргізілуі қажет, ол құжаттар бойынша
шоттарды корреспонденцияланатын шоттармен салыстыру арқылы жүргізіледі.
Мұндағы басты мақсат - әрбір шоттағы сомалардың сәйкестігі мен дұрыстығын,
толықтығын анықтау болып тадылады. Дебиторлық борышты есептеудегі басты
мәселе сату мерзімін анықтау болып табылады, яғни сатып алушылар тиеліп
жіберілген немесе жөнелтілген тауарлардың (жұмыстар,қызметтер) қашан
сатылғанын тануында. Бухгалтерлік есептің көзқарасымен қарағанда,
тауарлардың тиелуі мен сатып алушыға қаржылық және есеп айырысу
құжаттарының ұсынылуы, тауарлардың сатылғандығы деп танылады.
Дебиторлық борыш келесідей бөлімдерден тұрады:
Сатып-алушылар мен тапсырыс берушілердің борышы.
Күдікті қарыздар бойынша резервтер.
Еншілес (тәуелді) серіктестіктердің дебиторлық борышы.
Басқадай дебиторлық борыштар.
Алдағы кезең шығындары.
Берілген аванстар.
Яғни осы жоғарыда аталған баптар бойынша кәсіпорындар мен ұйымдардың
басқа заңды немесе жеке тұлғалардан алашақ сомалары дебиторлық борыш болып
табылады.
II. Дебиторлық борыштар есебі және оны беру-сату
2.1.Сатып-алушылар мен тапсырыс берушілер борышының есебі.
Кәсіпорындар мен ұйымдардың Сатып алушылар мен тапсырыс берушілердің
борышы деп аталатын бөлім шоттары сатып алушылар мен тапсырыс берушілердің
осы кәсіпорынға деген әр түрлі қарыздары жайлы ақпараттарды қорытындылау
үшін арналған. Аталған бөлімде келесі шоттар қаралған:
Алынуға тиісті шоттар.
Алынған вексельдер.
Сатып алушылар мен тапсырыс берушілердің өзге де борыштары.
Бұлар активті шот болып табылады. Сондықтан да бұл шоттардың дебитінде
борыштың сомасы жазылса, ал кредитінде борыштың азаюы көрсетіледі. Алынуға
тиісті шоттар сатып алушы заңды немесе жеке тұлғалардың сатып алған
тауарлары, сондай-ақ кәсіпорынның оларға көрсеткен қызметі үшін қарыз
сомаларын білдіреді.
Алынуға тиісті шоттар деп аталатын шотта тиеліп жіберілген өнімдер
атқарылған жұмыстар мен көрсетілген қызметтері үшін сатып алушылар мен
тапсырыс берушілердің банк мекемесі қабылдаған есеп айырысу құжаттары
бойынша төлеуге тиісті сомасы есептеледі.
Сатып алушылармен және тапсырыс берушілермен есеп айырысу бойынша
бухгалтерлік есепте келесі жазулар жазылады:
Сатылған (жөнелтілген) енімнің, тауарлардың, істелінген жұмыстардың және
көрсетілген қьізметтердің нақты евіндік қүнына сәйкес мына төмендегідей
шоттардың корреспонденциясы жасалады: 7010 "Сатылган дайын өнімнің
(жұмыстардың, қызметтердің) өзіндік құны" шоттары дебеттелі де, 1320
"Дайын өнімдер", 8010 "Негізгі өндіріс", 8020 "Өз өндірісінің шала
өнімдері", 8030 "Қосалқы өндіріс" және басқа шоттары кредиттеледі. Қаржылық
инвестицияларды, материалдық емес активтерді, негізгі құралды сатқан кезде
тиесілі шығыстар шоттары дебеттеліп, актив шоттары кредиттеледі.
Сатылған (жөнелтілген) өнімнің, тауардың, атқарылган жұмыстың, көрсетілген
қызметтердің сату құнына 1210-шоты дебетгеледі де, 6000 "Сатылған дайын
өнімнен (жұмыстардан, қызметтерден) түскен табыс" және басқа шоттары
кредиттеледі.
Сатып алушылар мен тапсырыс берушілердің есеп айырысу операциялары
арнаулы тізімдемелерде есептеліп, онда сатылған айналымнан тыс активтер,
қаржылық инвестициялар, тауарлық материалдық қорлар бойынша шот фактуралары
немесе басқадай есеп айырысу құжатары жинақталып, топтастырылып бөлек
көрсетіледі.
Сатып алушылар мен тапсырыс берушілердің борышы шотының бөлімше
шоттарының кредиті бойынша операциялардың есебі үшін №11 Журнал ордер
қолданылады.
2.2. Күмәнді дебиторлық борыштар.
Сатып алушылар мен тапсырыс беруші заңды және жеке тұлғалардың төлем
қабілеттілігін анықтау жүйесін қаншалықты арттырғанмен, оларға несиеге
сатылған тауарлар немесе көрсетілген қызмет үшін уақтылы есеп айырыспай
немесе алынуға тиісті сомалардың бір бөлігіне ғана өтеліп, қалған бөлігінің
алынбай қалуы іс-тәжірибеде әрдайым кездесіп отырады. Мұндай жағдайлардың
алғашқы нысаны болып борышкер кәсіпорындар мен ұйымдардың банкрот болып
қалуы немесе ол кәсіпорындар мен ұйымдардың таратылуы, сондай-ақ борышты
талап ету мерзімінің өтіп кетуі табылады.Сатып алушылардың келісімшартқа
сәйкес белгіленген мерзімде төлемеген шоттары күмәнді қарыздар деп
аталады. Қазақстан Республикасының заңына сәйкес талап ету мерзімі өтіп
еткен дебиторлық берешек күмәнді қарыз болып саналынады. Өтелу-өтелмеуі
белгісіз, күмән тудыратын борыштарды есептен шығарудың екі тәсілі
бар.Біріншісі – тікелей есептен шығару,мұнда шығындар нақты шоттарды
үмітсіз деп танығаннан кейін ғана тікелей есептен шығарылады.Екіншісі –
резервтік,бұл жағдайда шығындар алдын ала қарастырылған тәсілмен
есептеледі.
Кәсіпорындар мен ұйымдар күмәнді қарыздарға шығындардың есебінен резерв
жасай алады. Күмәнді қарыздар бойынша резервтердің есебі Күмәнді қарыздар
бойынша резервтер шотында жүргізіледі. Күмәнді қарыздар бойынша резервтер
есеп беретін жылдың соңында жабдықтаушылар мен сатып алушылар арасындағы
дебиторлық борышқа түгендеу жүргізу нәтижесіне сүйене отырып жасалады.
Қазақстан Республикасының заңына сәйкес талап ету мерзімі өтіп кеткен
дебиторлық борыштар үмітсіз қарыз деп танылады. Ал үмітсіз қарыздар
сомалары құрылған күмәнді қарыз бойынша резерв есебінен есептен шығарылады.
Егер сатып алушының дебиторлық қарызы үмітсіз қарыз ретінде есептен
шығарылып және ол осы есеп беретін кезеңде өтелсе, бухгалтерлік есепте
келесідей жазу жазылады.
Дт: Күмәнді қарыздар бойынша резервтер шоты.
Кт: Алынуға тиісті борыштар шоты.
Бұрын есептен шығарылған дебиторлық қарыз сомасы есеп берудің келесі
кезеңінде өтелсе, онда ол сома негізгі емес қызметтен түскен табыс есебінде
танылады. Бұл жағдайда бухгалтерлік есепте:
Дт: Ақшалар шоты.
Кт: Негізгі емес қызметтен алынатын басқадай кірістер шоты түрінде жазу
жазылады.
Күмәнді қарыздар бойынша резервтер есебі №10 журнал ордерде
жүргізіледі. Кәсіпорындар мен ұйымдар өздерінің күдікті деп есептеген
борыштары үшін 100 000 теңге көлемінде резерв құрғанда мынадай
корреспонденциялар жазылады.
Күдікті қарыздар бойынша құрылған резерв сомасына;
Дт: Жалпы әкімшілік шығындар шоты 100 000тг.
Кт: Күмәнді қарыздар бойынша резервтер шоты 100 000тг.
Күдікті қарыздар бойынша құрылған резервтің есебінен 80 000 теңге
дебиторлық борыш есептен шығарылғанда;
Дт: Күмәнді қарыздар бойынша резервтер шоты 80 000тг.
Кт: Алынуға тиісті борыштар
80 000тг.
Артық жасалынған күдікті қарыздар резерв сомалары сторно етіледі.
Кәсіпорындар мен ұйымдар бұл жағдайда қызыл сиямен жазу арқылы алынып
тасталады.
Дт: Жалпы және әкімшілік шығындары шоты 20 000тг.
Кт: Күмәнді қарыздар бойынша резервтер шоты 20 000тг.
Жалпы халықаралық тәжірибеде күмәнді қарыздарды бағалау үшін мынадай
екі әдісі қолданылады:
• несиеге сатудан алынатын таза табыстан есептелінген пайыз әдісі (қаржы
шаруашылық қызметі туралы есеп беруде);
• дебиторлық қарыздарды өтелу мерзімі бойынша есептеу
әдісі(бухгалтерлік баланста);
Бұндағы бірінші аталған әдістің мақсаты күмәнді дебиторлық борыштар
нәтижесінде туындаған шығындарды дұрыс есептеу болса, екінші әдістің
мақсаты дебиторлық борыштың таза өзіндік құнын дұрыс есептеу болып
табылады. Көптеген кәсіпорындар мен ұйымдарда бұл әдістердің екеуі де
кеңінен қолданылады.
2.3. Еншілес серіктестіктердің дебиторлық борыштарының есебі.
Жалпы кез келген ұйымның бухгалтерлік есебіндегі мына шоттарда:
• Еншілес серіктестіктердің борышы.
• Тәуелді серіктестіктердің борышы.
• Бірлесіп бақыланатын заңды тұлғалардың борышы сол ұйымның барлық
еншілес және тәуелді серіктестіктерінің, бірлесіп бақыланатын заңды
тұлғаларының дебиторлық борыштары жайлы ақпараттар көрініс табады.
Еншілес серіктестік дегеніміз, басқа (негізгі) шаруашылық серіктестік
оның жарғылық қорына үлесін қоса алатын серіктестік болып табылады.Сонымен
қатар, тәуелді серіктестіктер өздерінің қаржы-шаруашылық қызметінің
бухгалтерлік есебін өздері жүргізіп, есеп тіркелімдерін, бас кітапты
толтырады және баланстарын жасайды.
Еншілес, тәуелді серіктестіктер және бірлесіп бақыланатын заңды
тұлғалардың борышы шоттары мына шоттармен корреспонденцияланады:
• Еншілес, тәуелді серіктестіктерге, бірлесіп бақыланатын заңды
тұлғаларға ұйым ақша берген уақытта:
Дт: Еншілес, тәуелді серіктестіктердің және бірлесіп бақыланатын
заңды тұлғалардың борышы шоты,
Кт: Ақшалар шоты түріндегі бухгалтерлік жазуы жазылса,
• Сатылған өнім, тауар, негізгі құралдар мен материалдық емес активтер
және материалдардың құнына еншілес тәуелді және бірлесіп бақыланатын заңды
тұлғалардың дебиторлық борыштарының пайда болуына:
Дт: Еншілес, тәуелді серіктестіктердің және бірлесіп бақыланатын заңды
тұлғалардың борышы шоты,
Кт: Негізгі қызметтен алынатын кіріс немесе Негізгі емес қызметтен
алынатын кіріс деп аталатын шоттардың тиістілері түріндегі бухгалтерлік
жазу жазылады.
• Шетел валютасындағы борыштар бойынша тиімді бағамдық айырмашылыққа:

Кт: Бағамдық айырмашылықтан алынатын кіріс шоты түрінде
корреспонденция жазылуы тиіс.
Еншілес, тәуелді және бірлесіп бақыланатын заңды тұлғалардың дебиторлық
борыштарының жабылуына:
Дт: Алынған вексельдер немесе Ақшалар шоттарының тиістілері.
Кт: Еншілес, тәуелді серіктестіктердің және бірлесіп бақыланатын эаңды
тұлғалардың борышы деп аталатын шот түрінде екі жақты жазу жазылады.
2.4. Басқадай дебиторлық борыштардың есебі.
Кәсіпорындар мен ұйымдарда басқадай операциялар бойынша тиісті
дебиторлық борыштар төмендегідей шоттарда есептеледі:
Алынуға тиісті қосылған құн салығы.
Есептелген пайыздар.
Жұмысшылар мен басқадай тұлғалардың борышы.
Өзге де дебиторлық борыштар.
Бұл шоттарда Сатып алушылар мен тапсырыс берушілер бөлімшесінде
есептелуге жатпайтын (сатылған тауарларға, көрсетілген
қызметтерге,орындалған жұмыстарға жатпайтын) есеп айырысу операциялары
есептеледі.
Алынуға тиісті қосылған құн салығы шоты ұйымның сатып алынған негізгі
құралдары, материалдары тағы да басқалары бойынша жабдықтаушыларға төленген
қосылған құн салығы сомасы жайлы ақпараттарды жинақтауға арналған. Салықтың
бұл түрі барлық тауарлар мен қызметтерді қамтитын жанама салық болып
саналады. Осыған орай бұл салықты сатып алушылар тауардың құнына қосып
төлейді. Жанама салықтар бюджетке тауарларды сатып алатын эаңды және жеке
тұлғалардан түспейді, керісінше осы тауарларды сатушылардан түседі.
Неғұрлым баға жоғары болса, соғырлым салық сомасы да жоғары болады.
Бюджетке төленетін қосылған құн салығы салынған тауарлар жұмыстар мен
қызметтер үшін сатып алушылардан алынған салық пен материалдық ресурстар
үшін жабдықтаушыларға төленген қосылған құн салығы сомалары арасындағы
айырмашылық ретінде анықталады.
• Алынған тауарлар мен материалдық құндылықтар және орындалған
жұмыстар мен қызметтер юойынша есептелінген қосылған құн сомасына:
Дт: Алынуға тиісті қосылған құн салығы шот
Кт: Жабдықтаушы және мердігерлермен есеп айырысу шоты немесе
Дт: Алынуға тиісті қосылған құн салығы шоты
Кт: Басқа да несиелік борыштар мен аударымдар шоты түріндегі
бухгалтерлік жазуы жазылады.
Есептелген пайыздар (проценттер) шотында ұйымның шартта қаралған
жалға берген негізгі құралдары, берген несиелері мен қарыздары, алған
вексельдері үшін пайыз түрінде алатын сомасы, сондай-ақ салынған
инвестициядан алатындивиденттердің сомасы есеплелінеді. Осыған байланысты
Есептелген пайыздар шотына сәйкес негізгі бухгалтерлік жазулар мына түрде
жазылады:
• Жалдағы негізгі құралдар, алынған вексельдер, берілген заемдар
бойынша пайыздар есептегенде:
Дт: Есептелген пайыздар - деп аталатын шот,
Кт: Акциялардың дивиденттері және пайыз түріндегі кірістер деп
аталатын шот түріндегі бухгалтерлік жазу жазылса,
• Есептелген пайыздар бойынша борыштардың жабылуына:
Дт: Ақшалар шоттарының тиістілері,
Кт: Есептелген пайыздар деп аталатын шоты түріндегі бухгалтерлік
жазу жазылады.
Жұмысшылар мен басқа тұлғалардың борышы деп аталатын шотта жұмысшылар
мен басқа да тұлғалардың дебиторлық борыштары жайлы ақпараттар жинақталады.
Бұл шотта жұмысшылар мен басқа да тұлғаларға аванс ретінде қызметтегі
іссапарлары үшін және басқадай шығындар үшін берілген сомалар, сонымен
қатар жұмысшылар мен қызметкерлерден олардың кәсіпорынға тигізген эияндары
үшін ұсталатын сомалар есептелінеді.
• Жалпы әкімшілік-шаруашылық қажеттілігі және қызметтегі іссапарлары
үшін есеп беруге тиісті тұлғаларға берілген сомаларға:
Дт: Жұмысшылар мен басқа тұлғалардың борышы шоты,
Кт: Ақшалар шоты түріндегі бухгалтерлік жазу жазылады.
• Жұмысшыларға берілген заем (қарыз) сомаларына да:
Дт: Жұмысшылар мен басқа тұлғалардың борышы шоты

• Жабдықтаушыларға олардан алынған ақау материалдарды қайтаруға
байланысты дебиторлық борыштың пайда болуына:
Дт: Басқадай дебиторлық борыш шоты,
Кт: Материалдар шоты түріндегі бухгалтерлік жазуы жазылады.
• Төтенше жағдайлардан болған залалдардың орнын толтыру бойынша
дебиторлық борыштың пайда болуына:
Дт: Басқадай дебиторлық борыш шоты,
Кт: Тоқтатылған операциялардан болатын кірістер (зияндар) шоты
түріндегі бухгалтерлік жазуы жазылады.
Сонымен қатар Басқадай дебиторлық борыштар шотында төленуге тиісті
жал төлемдері жайлы ақпараттар, бюджетке және бюджеттен тыс ұйымдарға артық
төленген сомалар, жабдықтаушылар мен мердігерлерге, көлік ұйымдары мен
басқа да заңды тұлғаларңа деген шағым талап сомалары, тауарлық материалдық
қорлардың жетіспеушілігі, өсімақылар, тағы да басқалар есептеледі.
2.5. Алдағы кезең шығындарының есебі.
Алдағы кезең шығындары деп есеп беретін кезеңде шығарылған, бірақ
келесі есеп беретін кезеңнің шығындарына жататын шығындарды айтады. Олардың
қатарына жататындар:
• алдын ала (мерзімінен бұрын) төленген сақтандыру полисінің сомасы;
• келесі кезеңдерге жазылған газет, журнал және басқа да ақпарат
құралдарының құны;
• маусыммен жұмыс істейтін өндірістердің маусымдық шығындары және тағы
да басқалары.
Осы айтылғандармен қатар алдағы кезең шығындарына жаңа өндірісті
дайындау және меңгеруге байланысты шығындар, кен өндіруші өнеркәсіпті
пайдалануға дайындау жұмыстарының шығындары, жаңа кәсіпорындарды іске қосу
шығындары жатады.
Сақтандыру полисі шотында төленген сақтандыру полисінің сомасы
есептеледі.
• Сақтандыру полисін алу үшін есеп айырысу шотынан төленген сомаға:
Дт: Сақтандыру полисінің шоты,
Кт: Есеп айырысу шоты түріндегі бухгалтерлік жазу жазылады.
• Сақтандыру полисін алу барысында болған шығындар сомасына есеп
беретін уақытта мына түрдегі екі жақты жазу жазылады:
Дт: Тауарларды сату бойынша шығындар;
Жалпы және әкімшілік шығындар;
Үстеме шығындар шотының тиістілері;
Кт: Сақтандыру полисі шоты.
Жал төлемі шоты алдағы кезеңдер үшін төленген жал төлемдерінің
сомасын көрсетеді. Бұл шотқа байланысты келесі бухгалтерлік жазулар
жазылады:
• Алдағы кезеңдер үшін жал төлемі төленген жағдайда:
Дт: Жал төлемі шоты,
Кт: Ақшалар шоты түріндегі бухгалтерлік жазуы.
Ал есепті кезеңге жатқызылатын жал төлемі есептен шығарылған
уақытта:
Дт: Тауарларды сату бойынша шығындар;
Жалпы және әкімшілік шығындары;
Үстеме шығындар, және тағы да басқа шоттардың тиістілері;
Кт: Жал төлемі шоты түріндегі бухгалтерлік жазуы.
Басқадай алдағы кезең шығындары шоты Сақтандыру полисі мен
Жал төлемі деп аталатын шоттарда аталмай кеткен басқадай алдағы кезең
шығындары жайлы ақпараттарды есептеу үшін арналған.
6. Берілген ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz