Бақылау сыныбындағы оқушылардан неге сұрақ қоймайсыңдар


Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 31 бет
Таңдаулыға:   

Дүниетанудан сабақ беру әдістемесін зерттеу әдісінің пәні және міндеттері

Мазмұны

Кіріспе . . . 3-5

ТарауІ. Дүниетанудан орта мектепте сабақ берудің зерттеу әдіс-тәсілдері мен пәннің міндеттері

  1. Дүниетану пәнінен орта мектепте сабақ берудің әдіс-тәсілдері . . . 6-8
  2. Дүниетану пәні бағдарламасы мен оқулығына талдау жасау және оқушыларға берілетін дүниетану пәнінің міндеттері . . . 9-17

Тарау ІІ. Дүниетану пәнінен сабақ берудің маңыздылығы мен оқушыларға дүниетанудан сабақ беру арқылы тәрбие беру ерекшеліктері

2. 1. Оқушыларға дүниетанудан сабақ беру арқылы тәрбие беру мен дүнитетану пәнінің маңыздылығы . . . 18-22

2. 2. Бастауыш сыныптарда дүниетану пәні бойынша оқушылардың шығармашылық қабілеттерін дамыту . . . 23-27

Қорытынды . . . 27-29

Пайдалаған әдебиеттер тізімі . . . 30-31

Кіріспе

Егеменді еліміздің қоғам өмірдегі табандылықпен жүзеге асырылып жатқан әлеуметтік-экономикалық, әлеуметтік-мәдени, экологиялық және білім беру жүйесінде түбегейлі өзгерістер бүкіл халықтық мәселеге айналып отыр. Мұндай ғылым мен техниканың даму талаптарына қарай білім берудің қарқыны да мазмұны мен жүйесі де және оған қойылып отырған талаптар да үлкен өзгеріске ұшырауда.

Елбасымыз Н. Ә. Назарбаевтың Қазақстан халқына Жолдауында «Білім берудің бастауыш және орта білім беру, сондай - ақ кадрларды қайта даярлау жүйесін халықаралық стандарттарға жақындата түсу» - деп аталатын бөлімінде сапалы білім беруге жан-жақты қол жеткізудің маңыздылығы туралы ерекше атап өтті.

Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңында және Қазақстан Республикасының 2015 жылға дейінгі білім беруді дамыту тұжырымдамасында: «Бастауыш мектептің негізгі міндеті баланың жеке басын бастапқы қалыптастыруды қамтамасыз ету, оның қабілеттерін анықтау және дамыту» -деп көрсетілген. Бұл қағида оқушыны тұлға ретінде қалыптастыруды көздеуден туындап отыр. Себебі, білім жүйесінде болатын қайта құру мәселесі заңды түрде бастауыш сыныптардан басталатыны анық. Бүкіл орта білімнің іргетасы осы сатыдан бастау алатыны белгілі. Сонымен қатар, орта мектепте оқылатын барлық пәндердің алғашқы ғылыми ұғымдары осы бастауыш сыныптардан бастап-ақ, оқушылардың білім қорына ене бастайды.

Қазіргі таңдағы бастауыш сыныптарда білім берудің басты талаптарының бірі - баланың жеке бастық дамуына, өмірге көзқарасының дұрыс қалыптасуына дайындығын қамтамасыз етуге бағытталған. Осы тұрғыдан алғанда қоршаған дүниені терең түсінген, ондағы үздіксіз болып тұратын өзгерістерді байқап, бақылай алатын оқушы ғана даму мүмкіндігіне ие болады.

Осы міндеттерді жүзеге асыруда оқушыларға қоршаған табиғи және әлеуметтік, ортадағы заттар мен құбылыстардың өзара байланыстарын тануға ықпал ететін жаратылыстану ғылымдары негіздерінен берілетін ғылыми ұғымдарын қалыптастыру келешекте олардың білімді саналы меңгеруіне және дамуында үлкен рөл атқарады.

Жалпы адамның тұлға ретінде қалыптасуына табиғаттың тигізетін әсерін және алғашқы алатын ұғымдардың рөлін философтар мен психологтар атап көрсетеді. Шығыс ғұламасы Әбу Насыр Әл-Фараби өз еңбегінде ғылымның бастауы ұғымдар, қағидалар, алғышарттардан тұратындығын атап кеткен. Философия ғылымын зерттеушілер И. П. Сафронов, Д. И. Фомин, А. Гуссейнов, В. И. Фурсов және Қазақстандық белгілі философтар: Д. Кішібеков, Ә. Нысанбаев, Ғ. Ақманбетов, Ұ. Сыдықов, Ә. Жақсыбековтердің еңбектерінде де бұл мәселе жайында толық пікір айтылған.

Оқушыларда бастапқы ғылыми ұғымдардың пайда болуы олардың танымның жоғарылауына ғылыми деңгейінің көрінуіне әсер етеді. Бастауыш сынып оқушыларында дүниенің ғылыми бейнесін қалыптастыруда ұғымды меңгеру ең мағызды рөл атқарады. Оқушылардың ғылыми ұғымын қалыптастыру таным теориясымен, логикамен, психологиямен тығыз байланысты.

Бірқатар психологтар П. Я. Гальперин, Н. Ф. Талызина, П. П. Блонский, С. Л. Рубинштейн, В. В. Давыдов, Д. Б. Эльконин, В. В. Репкин т. б., еңбектерінде ұғымдардың жинақталуына әкелетін ақыл-ой әрекеттерінің сатылай қалыптасуы, ұғымның нақты білім екендігі, ұғымның сан-алуан құрылымы, ұғымдардың жеке және жалпы түрлері көрсетілген. Сондай-ақ, оқушылардың эмпирикалық білімдерінің қайта жаңғыртылуы, оқыту барысында бастапқы ғылыми ұғымдардың меңгерілуі, бастауыш және негізгі мектептердегі географиялық, химиялық мазмұндағы материалдарды оқушылардың практикалық әрекеттер барысында қалыптастыру теориясы атап көрсетіледі.

Зерттеуші ғалымдар Б. Г. Ананьев, Д. М. Богоявленский, Н. Б. Менчинская, Е. Н. Кабанова-Меллер оқушылардың ғылыми ұғымдардың меңгеруі үшін толық түрде жетілген тәжірибенің қалыптасуы қажет деп атап көрсетсе, И. Ф. Свадновский, П. Баранов, И. Д. Лушников, И. С. Якиманская, Ф. Н. Шемякин т. б. теориялық танымның дамуы тұлғаның ынталығы мен сезімталдығына байланыстылығын, ұғым мен түсінік арасындағы айырмашылықтарды және оларды қалыптастыратын жүйелерді талдап көрсетеді.

Оқушыларға ұғым беруде бақылап зерттеуге мүмкіндік беретін олардың көзіне айқын түсетін қоршаған ортада кездесетін нысандарға негіздеудің маңызы туралы педагог-ғалымдар Я. А. Коменский, Ж. Ж. Руссо, И. Г. Песталоцци, А. Дистерверг, К. Д. Ушинский, В. А. Сухомлинский ерекше атап көрсетсе, қазақ ағартушылары: М. Дулатов, М. Жұмабаев, С. Қожахметов т. б. қазақ халқының ерекше құнды деп табылатын асыл қазыналарының бірі - қазақ ауыз әдебиетінің үлгілері: географиялық тиым сөздер, нақыл сөздер, жұмбақтар, мақал-мәтелдер, болжаулар арқылы бастауыш сыныптардың оқу-тәрбие үрдісінде географиялық ұғымдарды тереңірек қалыптастырудың бірден-бір жолы екенін дәлелдеген.

Бастауыш мектепте географиялық білім беруге байланысты оқу әрекеттері теориясын ұсынған Е. А. Гудинова, Е. Н. Букварева, Л. В. Тарасов, А. А. Вахрушев, А. С. Раутиан еңбектерінде оқушыларға ғылыми ұғымдарды меңгертуде практикалық іс - әрекеттің басым болу керектігін дәлелдейді.

Қазақстандық белгілі ғалымдар: Қ. Б. Жарықбаев, А. Е. Әбілқасымова, Ж. А. Қараев, Т. С. Сабыров т. б. жастардың дамуын жетілдіруде олардың танымдық әрекетіне баса мән беруді ұсынады. Бастауыш сыныптарда жаратылыстару ғылымдарынан оқушыларда ғылыми ұғым қалыптастыруға байланысты пікірлер оқулық авторлары әдіскер-ғалымдар Т. Мұсақұлов, Т. Коргулин, Ә. Бірмағамбетов, Қ. А. Аймағамбетова, А. Мырзабаев, Қ. Сарманова, т. б. еңбектерінде элементарлық химиялық, химиялық ұғымдардың дамуы, химиялық, географиялық ұғым қалыптастырудың психологиялық және педагогикалық мәселелері, бастауыш сыныптарда жаратылыстану материалдары бойынша білім берудің теориялық және әдістемелік мәселелері кеңінен қарастырылады.

Оқушылардың тұлға ретінде дамуында олардың санасында ғылыми ұғымдардың қалыптасуы үлкен әсер етеді. Әр пәннің мазмұны мен мақсатына орай оқушыларға беретін ғылыми ұғымдарының да мазмұндық, жүйелік, көлемдік ерекшеліктері бар.

Ұғым арнайы ғылымдар шеңберінде туындап, түрлі іс-әрекеттер негізінде қалыптасады, сондықтан да біз географиялық, химиялық ұғымдарды қалыптастыру туралы сөз еткенде бастауыш сыныпта оқытылатын дүниетану пәні бойынша нақты географиялық мазмұндағы материалдар арқылы білім беру негізіне сүйенеміз. Біз зерттеген психологиялық-дидактикалық жеке әдістемелік әдебиеттерде білім берудің төменгі сатысына яғни, бастауыш сынып оқушыларының географиялық, химиялық ұғымдарын қалыптастыруды жеке зерттеу нысаны еткен ғылыми әдістемелік еңбектердің жеткіліксіздігі байқалды.

Курстық жұмыстың мақсаты-дүниетану сабағын оқытудың әдіс-тәселдері мен оқушыларға дүниетану пәнін оқыту арқылы адамгершілік пен шығармашылық қабілеттерді қалыптастырудың орны мен роліне тоқталу.

Осы мақсаттарды негізге ала отырып, мынадай міндеттерді алдыма қоямын:

-Дүниетану пәнінен орта мектепте сабақ берудің әдіс-тәсілдеріне;

-Дүниетану пәні бағдарламасы мен оқулығына талдау жасау және оқушыларға берілетін дүниетану пәнінің міндеттеріне;

-Оқушыларға дүниетанудан сабақ беру арқылы тәрбие беру мен дүнитетану пәнінің маңыздылығына;

-Бастауыш сыныптарда дүниетану пәні бойынша оқушылардың шығармашылық қабілеттерін дамыту жолдарына тоқталу.

ТарауІ. Дүниетанудан орта мектепте сабақ берудің зерттеу әдіс-тәсілдері мен пәннің міндеттері

  1. Дүниетану пәнінен орта мектепте сабақ берудің әдіс-тәсілдері

Қазақстанда бастауыш сыныптардағы жаратылыстану ғылымдарына байланысты білім мазмұнын жетілдіру, мемлекеттік міндетті білім стандартын жобалау, оқу-әдістемелік кешендермен қамтамасыз ету мәселерін жүзеге асыруда үлкен үлес қосып жүрген әдіскерлер: Қ. А. Аймағамбетова, К. Жүнісова, Ә. Бірмағамбетов т. б. Бұл авторлардың еңбектерінде бастауыш сыныптарда жаратылыстану ғылымдары негізінен берілетін білім мен оны оқытудың әртүрлі бағыттағы тұжырымдамаларында оқушылардың танымдық әрекетіне негіздей отырып, олардың дүниетанымын қалыптасыру жолдары айқын көрсетілген[1] .

Ұғым беру кезінде мұғалім мен оқушының оқу және оқыту әрекеттері үндестік тауып, бір мақсатқа орай бірін бірі толықтырып, сол мақсатты жүзеге асыруға бағытталады. Осы үндестіктер болғанда ғана кез келген ұғымды саналы, нәтижелі меңгерту ісі қамтамасыз етіледі.

Біз зерттеу барысында қоршаған дүние туралы оқушылардың дұрыс ұғымдарын қалыптастырудың жолдары мен оны жүзеге асыруды жоғарыда келтірілген қағидалар негізінде қарастырамыз.

Ұғымдардың қалыптасуы - сезімдік таным мен логикалық ойлау өзара байланыста қаралатын және алынған білімдерді практикада қолдану арқылы жүзеге асатын біртұтас үрдіс.

Дүниетану сабақтарына керекті көрнекі және оқу құралдарының толық пайдаланылмайтындығын, ғылыми ұғымдардың жеткілікті түрде сараланбайтындығын, оқушылардың географиялық картамен жұмыс түрлерімен жаттықпағандығын, оқушылардың сөйлеу дағдысына да өз көңіл бөлінетіндігін көрсетті.

Тест тапсырмаларын орындаудың нәтижесінде мына жағдайлар байқалды:

- оқушылардың бұрынғы оқып өткен ұғымдарды ойда сақтау дәрежесінің төмендігі;

- табиғи заттардың басты қасиеттерін нақты ажырата алмайтындығы;

- табиғат құбылыстарының себеп-салдарын ғылыми тұрғыдан түсінбейтіндігі.

- сарамандық және бақылау жұмыстарының жүйелі жүргізілмейтіндігі тәжірибе жасау, географиялық картаны пайдалану, шартты белгілерді дұрыс оқи білуінің төмендігі;

-пайдалы қазбалардың, топырақтың түрлерін бір-бірінен ажырату, судың, ауаның қасиетін анықтау деңгейінің төмендігі байқалды [2] .

Дүниетану пәні негізінен жаратылыстану ғылымдарының кіріккен мазмұнынан тұратын болғандықтан, ұғым қалыптастыру кезінде осы ғылым саласына тән әдістер қолданылды. Бұларға тәжірибе, бақылау, талдау, анықтау, салыстыру, қортындылау, іздену т. б., әдістер тобы жатады. Бұл әдістер арқылы оқушының іздеу қабілетін, табиғатты бақылауға, бақылау кезінде басты құбылыстар мен ерекшеліктерді байқау икемдіктерін, өздерін қызықтырған сұрақтарға жауап табу қабілетін дамыту тұстарына баса көңіл бөлінді. Осылардың негізінде оқушыларға нақтылы құбылыстар, деректер мен ерекше белгілерді, заттардың қасиеттерін білдіретін теориялық және практикалық ұғымдар меңгеру мақсаты жүзеге асты.

Оқушылар қалыптастыру экспериментінің нәтижесінде табиғат туралы кез-келген сұраққа саналы түрде жауап қайтаруға, оқулық бойынша, өздігінен бақылау және практикалық жұмыстар орындау нәтижесінде, дұрыс жауап таба білуге, өзін- өзі тексеруге жаттықты. Мәселен, 2- сыныпта оқушылар көкжиек тұстарымен танысады. Оған байланысты тұстардың атын, оны қалай анықтау жоларын біледі. Енді олардың осы ұғымдарын бекіту мақсаты практикалық жұмыстар орындату арқылы жүзеге асырылады. Ол үшін мұғалім әр оқушының өз үйінің мектептен қай бағытта орналасқандығын анықтап, мектепке келетін жолындағы кездесетін заттарды әр қайсысын өз бағытында орналастырылып, шартты белгілер арқылы қағазға түсіріп, мектепке келетін жолының сызбасын жасау үйге тапсырады. Бұл жағдайда оқушылардың осы мәселені қалай шешуді, оны жүзеге асыру үшін не істеу керектігін білуі қажет. Бұл жұмыстарының нәтижесін оқушылар бүкіл сынып бойынша бірігіп талқылайды. Бір - бірінің қатесін шығарады. Жұмысты орындау барысында оқушылар әр түрлі шартты белгілерді қолдануға жаттығады. Жұмыс нәтижесін талдау кезінде оқушылар көптеген жаңа сөздерді (дүкен, жол қиылысы, базар, автокөлік, аялдама, саябақ т. б. ) қолданады. Шартты белгілерді дұрыс қолдану, негізгі көкжиек тұстарын дұрыс көрсету, әр нысанда өз бағытында орналастыру бұл келешекте 3-4 сыныптарда картамен жұмыс істеуге дайындайды.

Мұғалімнің оқыту және оқушылардың оқу әрекеттерінің байланыстылығын қамтамасыз ете отырып, оқушылардың белсенділігін арттыратын әдістерді қолдану арқылы бастауыш сыныпта географиялық, химиялық ұғым қалыптастыруға болатындығына көз жеткіздік.

Эксперимент нәтижесін қортындылау кезінде әр сыныпқа бақылау сұрақтары мен тапсырмалар беріліп, соған қайтарған жауаптар мен орындаған сарамандық жұмыстардың нәтижесі қортылды. Бақылау сыныптары мен эксперименттік сынып оқушыларының білім деңгейі, сарамандық жұмыс орындаудағы біліктіліктері және алған ұғымдарын қолдану құзіреттілігі де сараланды.

Сұрақтар мен тапсырмаларды орындатумен қатар белгілі бір тарау бойынша оқушылардың бір- біріне сұрақтар қойғызып, өз ойларын айтқызу арқылы да, алған ұғымдарын қолдана алу деңгейін де байқауға тырыстық. Бұл жұмысты қортындылау кезінде мына мәселелерге көңіл аударылды:

  1. Бақылау сыныбы мен эксперименттік сынып оқушыларының қойған сұрақтарының тақырыпқа сәйкестігі;
  2. Әр сынып бойынша сұрақ қоюға оқушылардың белсенділік деңгейі;
  3. Оқушылардың сұрақтарға қайтарған жауаптардың сапасы;
  4. Тәжірибе әдістерін қолдануға байланысты қойылған сұрақтар;
  5. Практикалық әдістерді қолдануға байланысты қойылған сұрақтар;
  6. Бақылау әдістерін қолдануға байланысты қойылған сұрақтар.
  7. Сұрақ қою барысында оқушылардың ұғымдарды қолдану деңгейлері т. б.

Осы жұмыстар барысында алынған мәліметтер эксперименттік топта табиғатқа байланысты ұғымдардың қалыптасқандағын байқатты. Оқушылар өздері қойған сұрақтары мен тапсырмаларында географиялық атауларды, құбылыстарды, заттардың қасиетін, шартты белгілерді, т. б. ой қорытуға қажетті ұғымдарды қолдана алды. Бақылау сыныбындағы оқушылардың сұрақты жүйелі қоюға және ойларын тұжырымдап айтуға шорқақтығын байқатты. Сұрақ қоюға ұмтылмаған оқушылар да кездесті. Ал кейбір оқушылар сұрақ қоюға ұялып, өздеріне сенімсіздік көрсетті. Көптеген сұрақтардың құрылымы мен мағынасы дұрыс болмады. Бақылау сыныбындағы оқушылардан неге сұрақ қоймайсыңдар? - деп сұрағанда, олардың жауаптар әр түрлі болды. Мысалы: «… мен не істеу керектігін мүлдем түсінген жоқпын», «менде қояр сұрақ жоқ», «Сұраққа қажетті сөздерді тауып, айту қиын», т. б.

Біз тәжірибелік-сынақ жұмыстарымызды қорытындылаған кезде қойылған сұрақтар мен оған қайтарылған жауаптардың дұрыстығын бағалаумен қатар, оқушының ойлау әрекетінің деңгейін, ұғымдарды қолдану біліктіліктерін байқауға тырыстық. Эксперименттік сынып оқушыларының сұрақ шешімдерін іздеу әдістері, өз әрекеттерін бағалау, ой қорыту қабілеттілігі байқалды.

Эксперименттік сынып оқушылары сабақ барысында мұғалімге әр түрлі сұрақтар қоюмен қатар, тапсырманы орындау әдістерін түсіндіруді талап ететін деңгейге көтерілді. Бақылау сыныбының оқушылары шартты белгілерді қиналды және дұрыс белгілей алмады. Бұл оқушылардың сабақ барысында көбінесе тыңдаушы мен көрермен ретінде болғандығын байқатты. Ал, эксперименттік сынып оқушылары өздігінен әрекет жасап, белсенділік көрсетуге, осының нәтижесінде білімді саналы қабылдауға дайын, ойлау мен елестету, іздену қабілеттерінің басымдығын байқатты [3] .

1. 2. Дүниетану пәні бағдарламасы мен оқулығына талдау жасау және оқушыларға берілетін дүниетану пәнінің міндеттері

Дүниетану - аты жағынан да, мазмұны жағынан да бұрын бастауыш тәжiрибесiнде бiртұтастық, жүйелi мазмұнға құрылып оқытылмаған жаңа пән.

Дүниетану пәні ғылыми негіздегі жаратылыстану ғылымының алғашқы сатысы [4] .

Оқу бағдарламасының мазмұны бастауыш мектеп мұғалiмдерiнен оқу-тәрбиелiк мақсаттарын дұрыс анықтап, табиғатты, адамды, қоғамды, еңбек адамдарын оқушыларға тиiмдi де түсiнiктi түрде жеткiзу үшiн оқытудың тәсiлдерiн дұрыс таңдауды қажет етедi. Жалпы бастауыш мектеп мұғалiмi оқушыларды қоршаған дүниемен таныстыра отырып, эстетикалық, адамгершiлiк, табиғатты қорғауға тәрбиелеудi мақсат деп санайды.

Ғылымда қоршаған дүние сырын танудың оқу үрдісiнде үш әдiсi бар:

- бiлiм көзi;

- мұғалiмнiң оқытуы;

- оқушының бiлiмдi қабылдауы;

- оқытудың тәсiлдерiнiң классификасы;

- әңгiмелеу, түсiндiру, суреттеу, баяндау, көрнекi құралдарды қолдану, практикалық жұмыс, табиғатқа топсеруен, тәжiрибе жасау, т. б.

Оқу процесiнде қолданылатын әдiстердi оқу үрдісiнiң құрамына, оқушылардың жас ерекшелiгiне, сабақтың тақырыбына байланысты белгiлеймiз.

Ендi сол әдiс-тәсiлдердi атап көрсетемiз.

1 ”Дүниетану” сабақтарындағы модельдеу әдiсi.

Бастауыш мектепте модельдеу әдiсi барлық сабақтарда қолданылуы қажет. Бiлiм беруде оның маңыздылығы зор, себебi оқушылар кеңiстiктi көз алдына елестетуi, немесе құбылысты түсiну ерекшелiктерiнiң, iс тәжiрибеде нақты көрсетiлуiн қажет етедi.

Оқушылардың басты бiлiм алу көзi оқулық болып табылады. Оқушылардың толық терең жүтем бiлiм алуы, оқулықпен дұрыс жұмыс iстеуiне байланысты.

В. А. Сухомлинский оқушының өздiгiнен ынтасымен кiтап оқуын ақыл-ой тәрбиесiнiң екiншi бағдарламасы деп есептеген. (Жақсы оқи бiлу деңгейiнiң мәнi неде? Бұл, ең алдымен, кiтап оқудың қарапайым әдiсiн бiлу, игеру болып табылады” [5] .

Ғалымдар Ф. Талызина, Е. Н. Қабанова, Меллер, А. В. Усовалардың айтуынша оқушылардың бiлiктiлігі қалыптасқан болса, онда еңбегi едәуiр нәтижелi болады. Жеке тұлғаның қалыптасып дамуында оқулықпен жұмыс iстеу бiлiктiлiгi ең басты танымдылық бiлiктiлiк болып саналады.

Мұғалiм қаншалықты тиянақты, ұқыпты, сабақ бергенiмен, оқушыларды материалды оқып-үйренуге ынталандырғанымен, егер де оқушының өзi бiлiм алуға ынталанбаса, оқыту үрдісi ойдағыдай өз дәрежесiнде болмайтыны белгiлi.

“Оқыту дегенiмiз - ең алдымен оқушыда оқуға деген ынта туғызу және оқуға үйрету. Егер оқушы мектепте тек елiктеуге, көшiруге үйренсе, онда ол өмiрде шығармашылықпен жұмыс iстей ала ма?

Оқушылардың пәнге деген қызығушылығын, көзқарасын қалыптастыру және дамыту - ұзақ та күрделi үрдiс. Ол пәндi оқып үйретудiң бойында үнемi жүргiзiледi.

Танымдық қабiлет оқушыда қабылдау, қиялдау, есте сақтау, дамыту мен ынталаудың арнайы әдiсiн қалыптастыру, бiлiк пен iскерлiк түрiнде бекiтiлуi және ойлаудың түрлi сапаларынан тұрады.

Профессор Т. Сабыровтың мынандай пiкiрiне назар аударайық: оқушыларды пәнге деген қызығушылығын туғызудың шарттары мен амалдары көп. Солардың iшiнен төмендегiдей үш жағдайды атап көрсеткен жөн:

1) Оқу материалының мазмұны, ондағы жаңалықтар, қазiргi ғылым мен техникадағы жаңа табыстар (оның практика үшiн патшасы, т. б. ) .

2) Оқуды ұйымдастыру процесiнiң ерекшелiктерi (оның әдiстерi мен формалары, т. б. ) .

3) Мұғалiм мен оқушылар арасындағы қарым -қатынастардың ерекшелiктерi. Мысалы, сабақта мұғалiм мен оқушылар арасында жылы шырайлы қарым-қатынастың болуы, еркiн жағымды эмоциялық жағдай, мұғалiм көңiл-күйi сергек, жарқын болуы, оқушылардың бiр-бiрiне көмек беруi, т. б [6] .

Кейбiр тақырыптарға, бөлiм, тарауларға түрлi сұрақтар мен тапсырмалар, тәлiм-тәрбиелiк жағынан мәндi қосымша материалдар енгізілген.

Оқушылардың ой-пiкiрiнiң еркiн, дербестiгiн жүзеге асыру құқын барынша дамыту, оқудың маңызды шарттарының бiрi.

Туған елдiң табиғаты - адамгершiлiк тәрбиенiң қуатты құралы. Оның сұлулығы балалық шақта жарқын әрi терең қабылданады. Мұғалiм балаларға табиғат әлемiн ашып бередi, олардың гүл жапырағындағы мөлдiр шықтың, алуан түрлi шөптердiң, батып бара жатқан күн бояуының ғажап әдемiлiгiн түсiнуге көмектеседi.

Баланың барған сайын аналитикалық-синтетикалық ойлау дәрежесi дамиды. Осыны ескере отырып, балалардың серуеннен кейiнгi алған бiлiмдерiн жинақтау мақсатында мiндеттi түрде қорытынды сабақ өтiледi.

Көктемнiң алғашқы гүлдерiмен таныстыру топсеруенi табиғаттың кiшкене ғана бөлшегi арқылы әсемдiктi көре бiлу мақсатын көздейдi. Балалар гүлдердi салыстырып көрiп, олардың құрылысы мен тiршiлiк әрекеттерi жайлы бiрқатар мәлiметтер алады. Бақылаған өсiмдiктердiң атын атауларына қарап балалардың топсеруен кезiндегi зейiні тұрақтануы мен материалдарды есте сақтау қабiлеттерiнiң өте қиын екенiн байқаймыз. Мұндай сабақтарды өткiзу барысында мұғалiм алдында күрделi мiндеттер тұрады. Бiрiншiден, топсеруеннен алған әсерлерi негiзiнде балалардың табиғатқа деген қарым-қатынасын, қоршаған ортаның әсемдiгiн көре бiлу қабiлеттерiн одан ары дамыта түсу, ұйымшыл, тату болуға, өзара сыйластық сезімдерін үнемі тудыруға тырысу. Екiншiден, мұғалiм оқушылармен бiрге табиғи құбылыстарды, олардың қасиеттерiн бақылауы, яғни баланың шындық өмiрдi қабылдауын дамытуы керек. Кез-келген бастауыш сынып мұғалiмi дүниетанудың осы екi тұсын үйлестiрудiң өте қиын екенiн бiледi. [7]

Оқушыларды адамгершiлiкке, еңбексүйгiштiкке тәрбиелеуде көркем шығарманың маңызы зор. Оқушылар ой-санасын дамытуға, мiнез-құлқын қалыптастыруға, дүниетанымын кеңейтуге көркем әдебиет шығармаларындағы кейiпкерлердiң өмiрi мен iс-әрекеттерi де үлкен әсер етедi. Әсiресе, бастауыш сынып оқушылары өздерiнiң жас шамаларына қарай ертегi, аңыз-әңгiмелердi, батырлар туралы шығармаларды сүйсiнiп оқиды.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Мұғалім- бұл болашаққа ұмтылған адам
6-7 жастағы балалардың мектепке бейімделуін психологиялық қолдау
Оқытушы мен оқушы арасындағы қарым-қатынас
Жаңа технологияны пайдаланудың маңызы, қолдану жолдары
Мектеп өміріндегі мұғалім – басты тұлға
Бастауыш сынып оқушыларының оқу әрекеті
Психологиялық тұрғыдан мұғалім мен оқушы арасындағы қары - қатынас
Тіл мәдениетінің мәселелері.
Ықшамсабақ (microteaching) мұғалімдерді белсенді психологиялық дайындау әдісі
Қиын балалар, оларды тәрбиелеудің мектептегі жағдайы
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz