Әскери қызмет бойынша шектеу


Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 27 бет
Таңдаулыға:   

ЖОСПАР

КІРІСПЕ . . . 3

1. Жазаның жүйесі және олардың түрлері

1. 1. Жазаның жүйесінің ұғымы және маңызы . . . 4

1. 2. Жазаның түрлері . . . 9

2. Жаза тағайындаудың бастамасы

2. 1. Жауаптылықты жеңілдететін және ауырлататын жағдайлар . . . 14

2. 2. Кәмелетке толмағандарға жаза тағайындау . . . 19

3. Қылмыстардың көптілігі жағдайында жаза тағайындау

3. 1. Қылмыстардың жиынтығы бойынша жаза тағайындау . . . 24

3. 2. Қылмыстардың қайталануы жағдайында жаза тағайындау . . . 26

ҚОРЫТЫНДЫ . . . 27

ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР . . . 28

Кіріспе

Біздің елімізде ХХ ғасырдың 90-жылдарының басынан бастап болып жатқан әлеуметтік, саяси, экономикалық өзгеріс - жаңғырулар қоғамның құқықтық саласындағы өзгерістерге де еріксіз алып келді. Ел ішінде жүргізіліп жатқан кешенді реформалар жаңа базасыз жүзеге асырылуы мүмкін емес. Соңғы он жыл ішінде кез келген құқықтың мемлекеттік алғашқы тұғыры, берік іргетасы болып табылатын бірқатар заңдар: конституция, Азаматтық кодекс, Қылмыстық кодекс, Қылмыстық-атқару кодексі және т. б. қабылданды.

Қазіргі таңда Қылмыстық құқықтарға жаза жүйесінің түсінігі мен маңызы бұрынғыға қарағанда әлдеқайда өзгерістермен толықтыруларға ұшырады. Бұл дегеніміз өмірдің жаңа ағымына қарай қылмыстық жаза түрлерінің өзгеруі мен байланыстырамыз.

Осы жұмыстың әдебиет тапшылықтарына келетін болсақ соңғы шығарылып жатқан ғалымдардың, профессорлардың жұмыстарының жоқ болуы, осы жұмысқа ауыртпалығын тигізді. Бірақ «Қолда барды қадыр тұт» - демекші бар әдебиет информативтік актілер, түрлі әдебиеттер қолдана келе осы жұмыстың ауқымды жерлерін аша түстік деп ойлаймыз.

осы курстық жұмыс кіріспеден, үш тараудан және қорытындыдан тұрады.

Жазаның жүйесі және олардың түрлері.

1. 1. Жазаның жүйесінің ұғымы және маңызы.

Жазалар жүйесі дегеніміз - ауырлығы ескеріліп белгілі бір ретпен орналасқан, толық берілген және сот үшін міндетті болып табылатын, қылмыстық заңда бекітілген жазалар түрінің тізімі. Қазақстан Республикасының жаңа Қылмыстық кодексінде жазалар жүйесі 39-баптың 1 бөлігіңде орналасқан.

Әділқазылық мәселелерін шешуде жазалар жүйесін белгілеудің методологиялық және практикалық елеулі маңызы бар.

Оның методологиялық маңызы сол - әрбір жазаның қолдану жағдайын, дәл шегін және төртібін көрсетіп, олардың толық тізімін беру арқылы қылмыспен күресте жазалау саясатының бірлігіне, сот қызметінде заңдылық принципін сақтауға қол жетізе аламыз. Ал оның практикалық маңызы сол - онда жазаның түрлері бір жүйемен (ең жеңілінен бастап ең ауырына қарай) берілген, соның нәтижесінде сот заңға сүйене отырып, сот практикасының төжірибесін, қоғамдық көзқарасты және ғылыми ұсыныстарды ескеріп, сотталғанға ықпал жасаудың әртүрлілі шараларын тиімді де үтымды пайдалана алады.

Заңмен белгіленген жазалар жүйесінің маңыздылығы сонда - ол арқылы қай жазаның аса қатаң, ал қай жазаның онша қатаң емес екендігін анықтай аламыз. Бұл тек жаза тағайындалғанда ғана емес, жазаның өтелмеген бөлігін жазаның жұмсақтау түріне ауыстырғанда да керек (ҚК-тің 71-бабы) .

Жалпы жаза түрлерінің жүйесі және жазаның әрбір жеке түрі көптеген тәсіл арқылы сотталғанға ықпал жасау мүмкіндігің береді, сол тәсілдер арасынан сот ең орынды шараны тандап ала алады. Осы жүйеге сәйкес соттар ауыр және аса ауыр қылмыс жасаған адамдарға қатысты да, онша қауіпті емес қылмыс жасаған адамдарға қатысты да ауырлығы әртүрлі жаза қолдануға құқылы.

Сонымен, жаза түрлерінің біршама көптігі қылмыстың да, оны жасаған қылмыскердің де қоғамға қауіптілігін ескеріп әділ жаза тағайындауға мүмкіндік береді, алдында тұрған мақсатқа жетуге көмектеседі (23-баптың 1 бөлімі) .

Жазаның түрлері мен жүйесі, сонымен қатар, қылмыскерлікпен күресу тәсілдеріне және қылмыстың өзіне деген қоғамда қалыптасқан пікірдің көрінісі. Адамның өмірі, денесі, бос-тандығы, ар-ожданы жазаның объектісі, ал өлім, жарақат, күш көрсетіп қинау, қамау, қудалау, мүлкінен айыру, масқаралау - жаза қолданудын салдары болып табылады. Жаза қолданғанда қылмыскер әруақта мемлекет атынан айыпталады.

Қылмыстық жаза қоғамдағы үстем көзқарасқа және оның өмір сүруінің негізгі шарттарына сәйкес келетін көзқарастарға жауап беріп келді, жауап береді де. Заңдарға бұрынғы ескірген жазаларды енгізсек, оны қоғам тарихи анахронизм деп санар еді, ол жазалар жүрмес еді.

Керісінше, егер заңдарға қоғам саяси да, сана жағынан да әлі дайын емес жазаларды енгізсек, олар да жұмыс істемес еді.

Қылмыстық заң мен жаза адамдардың қалыптасқан өміріне, қоғамдық қатынасқа, сол қоғамның идеологиясы мен таптық құрылымына, мемлекет экономикасының ахуалына, және осы негізде қалыптасып отырған этикалық және құқықтық көзқарастарға сәйкес келуі тиіс.

Егер жаза түрлерінің қоғамның және қоғамдық қатынастардың даму деңгейімен байланысына көз жүгіртсек, мынадай заңдылықты байқауға болады: өндіргіш күштердің даму деңгейі төмен кезде қоғамдық тұрмыс та нашар, мәдениет те төмен деңгейде болды, оған сәйкес идеология болды; жазалаудың аса қатаң түрлері қолданылды - ашықтан ашық үрей тудыру, өлтірудің, жара-қаттаудың жетік түрлері болды; қоғам ішіндегі қайшылықтың ушығуы жазаны қатайтуды қажет етті; аса қатаң жазалау кейінгі феодализмге тән әрекет еді.

1532 жылы кабылданған Карл V-нің қылмыстық жинағы «Каролина» (Constitutio criminalis Carolina) сол кезенді дәлірек сипаттайтын заң актісі. Басқа елдердің заңдары да, одан кейінгі кездері де бұл заңнан алыс кеткен жоқ. Ф. Энгельс былай деп жазды: «Ағылшындардың қылмыстық заңының Европадағы ең қатаң заң екендігін білеміз. 1810 жылдың өзінде ол өзінің қатыгездігі жағынан Каролинадан кем түспеді: отқа жағу, доңғалаққа байлап, кескілеп өлтіру, тірі адамның шек-қарнын ақтару, т. б. жазалаудың көп тараған түрі болды» (2, 638 б) .

Қылмыскерлікпен күрестің барлық формалары мен әдістері тек қатаң жазалаумен ғана шектелді. Ондағы басты мақсат - «зиянкес» адамның көзін жою немесе оны адам сияқты өмір сүру қабілетінен айыру. Ол кездің ұраны - үрейлендіру мен қатыгездік.

Бірақ, қатаң жаза қолданудың өзі қатыгездікті тудыратынын өмір көрсетті. Нәтижесінде қылмыс азайған жоқ, қайта көбейіп кетті. Сондықтан да, алдыңғы қатарлы ойшылдар бір жағынан жазаның сипатын өзгерту керек, екіншіден қылмыстың аддын алуға бағытталған шараларды жүзеге асыру керек дегенді айтты.

Қазіргі тарихи кезең жағдайды жазамен түзетуге болмайтындығын көрсетіп отыр, сондықтан да оқымыстылар бұл тығырықтан шығудың жолын іздестіруде. Осыған байланысты мәжбүрлеу жене зорлық принципіне емес, сенімді мәжбүрлеумен ұштастырған принципке негізделген жаза теориясы ерекше маңыз алады. Бұл теория жаза қылмыскерлікпен күрестегі маңызды да және әзірше қажетті құрал болғанмен, ол жалғыз әрі басты құрал емес, тек қосымша ғана деген түсініктен туындайды.

Қоғамның әлеуметтік өміріндегі жазаның орыны, бәрінен бұрын, адамгершіліктен, адамға деген қамқорлықтан барып анықталуға тиіс. Мәжбүрлеудің қылмыспен күрес төсілдерінің бірі екендігін ескере отырып, бірақ ақтық соңында тек мақсатты тәрбие мен сенім арқылы ғана адамға ықпал жасауға болатындығын, солар арқылы ғана адамның сезімі мен ойын, көзқарасын, идеясын, дағдысы мен мінез-құлқын өзгертуге болатындығын мойындау керек (3, 79-83 6. )

Қазақстан Республикасының жаңа Қылмыстық кодексінде бұл принциптер ескерілген және жаза түрлерінің тізімі бұрынғы заңмен салыстырғанда едәуір өзгерген. Жазаның кейбір түрлері сақталған, ал кейбіреулерін заң шығарушы алып тастаған.

Сонымен қатар, қоғамдық жұмыстар, бостандықты шектеу, тағы басқадай жазаның жаңа түрлерінің жүйеге енгізілуі өте дәлелді. Жазаның кейбір түрлерінің атаулары да, оған сәйкес мазмұны да өзгерген. Әскери және арнайы атақтан айырудың орнына - арнайы әскери және құрметті атақтан, сыныптық шеннен, дипломатиялық дәрежеден, біліктілік сыныбынан және мемлекеттік наградалардан айыру; бас бостандығынан айырмай түзеу жұмыстарына жіберудің орнына - түзеу жұмыстары. Тәртіптік батальонға жіберу түріндегі жаза төртіптік әскери бөлімде ұстаумен ауыстырылған.

Өлім жазасы жаза түрлерінің тізіміне кіргенмен, ол ерекше сипаттағы жаза деп көрсетілмеген.

ҚР ҚК-нің 39-бабында қарастырылған қылмыстық жазалар тізімінде мыналар бар: айыппүл салу, белгілі бір лауазымды атқару немесе белгілі бір қызметпен айналысу құқығынан айыру; қоғамдық жұмыстарға тарту; түзеу жұмыстары; әскери қызмет бойынша шектеу; бас бостандығын шектеу; камау; төртіптік әскери бөлімде ұстау; бас бостандығынан айыру; өлім жазасы; арнаулы, әскери немесе құрметті атағынан, сыныптық шеннен, дипломатиялық дәрежесінен, біліктілік сыныбынан және мемлекеттік наградаларынан айыру; мүлкін тәркілеу.

Тиімділігі өте төмен болғандықтан жаңа Қылмыстық кодекстен жазаның мынадай түрлері алынып тасталды: қоғам алдында бетіне басу, келтірген нұқсанды жоюды міндеттеу, жер аудару, елден шығарып жіберу, қызметтен босату, еңбекпен тәрбиелеу профилакториясына жіберу, ата-ана құқынан айыру. Мұның бәрі 1959 жылғы Қылмыстық кодексте бар болатын.

Бұрын кәмелетке толмағандарға тағайындалатын жазалар түрінің арнайы тізімі қарастырылмаған болатын. Ал қазір, ҚР ҚК-нің 79-бабына сәйкес, 18 жасқа дейін қылмыс жасаған адамдарға тек мына жазалар қолданылады: айыппұл салу; белгілі бір қызметпен айналысу құқынан айыру; қоғамдық жұмыстарға тарту; түзеу жұмыстары; қамау; бас бостандығынан айыру.

Жаңа ҚК-те жазалар жүйесі басқаша құрылған: олар (жаза түрлері) жеңілдеу жазадан бастап қатаң жазаға қарай тізілген. Бұл қылмыстық заң принципімен сәйкестігін табады - қылмыскерді жазалағанда жазалау құралдары үнемді пайдаланылады.

ҚР-ның қылмыстық заңындағы жазалар жүйесінде адамды масқара ететін, оның денесін жарақаттап, мүгедек ететін жаза түрлері жоқ. ҚР Конституциясының 17-бабында былай делінген:

«1. Адамның қадір-қасиетіне қол сүғылмайды.

2. Ешкімді азаптауға, оған зорлық-зомбылық жасауға, басқадай қатыгездік немесе адамдық қадір-қасиетін қорлайтындай жәбір көрсетуге, не жазалауға болмайды». Сонымен қатар, кәмелетке толмаған адамға, екі қабат әйелдерге, емшекте баласы бар және жас сәбиі бар әйелдерге жаза қолданылғанда заң бойынша бірқатар шектеулер қарастырылған.

Сондықтан да бұл қылмыстық заңда жаза түрлерінің толық әрі дәл тізімі берілген, оларды сот қылмыс жасаған адамға тағайындай алады. Заңда қарастырылмаған жазаны қолдануға жол берілмейді.

Жаза түрлері өздерінің мазмұны, сотталғанға ықпал жасау тәсілі және ауырлығы (жазалау сипаты) жағынан бір-бірінен өзгеше болады.

Кейбір жазаларды соттардың міндетті түрде қолдану шарты, шегі және төртібі тікелей заңда белгіленеді, оның нәтижесінде жазаның әділдігін, лайықтылығын және жеке даралығын, жаза тағайындағанда заңдылықты сақтауға, жинақтай келгенде қылмыскерлікпен күрес саясатын жүзеге асыруды қамтамасыз етуге жағдай жасалады.

Осы күшіндегі ҚК бойынша жаза жүйесі туралы айтқанда, біріншіден оның озық, алдыңғы қатардағы принциптер бойынша құрылғанын, сондықтан оған жазалаудың жаңа тиімді шаралары кіргенін, соңғы бірнеше онжылдықтар бойы қолданылмаған кейбір жазалардың алынып тасталғандығын атап өту керек. Сонымен қатар, жаңа ҚК-дегі кейбір кемшіліктерді де айтпай кетуге болмайды. Біздің пікірімізіне, өмір бойы бас бостандығынан айырудың жазаның бөлек түрі ретінде жазалар жүйесіне кіргізілмегеңдігі - қателік. Жазаның бұл түрінің өзінше бөлек жаза болып қарастырылуға құқығы бар, себебі бас бос-тандығынан айыру жазаның мерзімді түріне жатады, ал өмір бойы бас бостандығынан айыру - мерзімсіз жаза. ҚК-нің Ерекше бөлігіндегі баптардың санкцияларында ол жазаның басқа түрлеріне, оның ішінде бас бостандығынан айыруға балама жаза ретінде көрсетіледі (ҚК-тің 96-бабының 2 бөлігі) .

Жүйеге кіретін жазаның барлық түрлері үш топка бөлінеді: негізгі, қосымша және балама, яғни олар негізгі болып та, қосымша болып та қолданыла алады (ҚК-тің 39-бабы) .

Жазаларды негізгі және қосымша деп бөлудің практикалық маңызы зор. Атап айтқанда, қосымша жазаларды қолдану - жазаны жеке даралау принципін жүзеге асыру тәсілдерінің бірі. Жазаның қай түрі негізгі, қайсысы қосымша екендігін дәл көрсету заңцылық талабына толық сай келеді.

1. 2. Жазаның түрлері

Жазаның негізгі түрлеріне тек өзінше бөлек тағайындалатын жазалар жатады, олармен басқаларды толықтыруға болмайды, жазаның негізгі мақсаттарын орындау осылармен байланыстырылған (5, 219 б. ) - ҚК-тің 39-бабына сәйкес, жазаның мұндай негізгі түрлеріне мыналар жатады: қоғамдық жұмыстарға тарту; әскери қызмет бойынша шектеу; бас бостандығын шектеу; қамау; төртіптік әскери бөлімде ұстау; бас бостандығынан айыру; өлім жазасы. Қылмыс жасаған адамға ҚК-тің Ерекше бөліміндегі нормалар санкциясында белгіленген негізгі жазалардың біреуі ғана қолданылады. Мысалы, түзеу жұмыстары бас бостандығынан айырумен бірге бір санкцияда қарастырылғанмен, оларды бір-біріне толықтыру ретінде тағайындауға болмайды.

Қоғамдық жұмыстарға тарту. ҚР ҚК-нің 42-бабына сәйкес, қоғамдық жұмыстар сотталған адамның негізгі жұмыстан немесе оқудан бос уақытта тегін қоғамдық пайдалы жұмыстарды орындауынан тұрады, олардың түрлерін жергілікті атқарушы органдар немесе жергілікті өзін-өзі басқару органдары белгілейді.

Қоғамдық жұмыстар Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексі белгілеген жазаның жаңа түрі болып табылады, ол Қазақ ССР-ның бұрынғы қылмыстық заңында жоқ еді.

Қоғамдық жұмыстар ҚК-тің Ерекше бөлімінің баптарында 64 санкцияда бар, ол 10, 14% кұрайды.

1997 жылғы 16 шілдедегі «Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексін күшіне енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 4-бабына сәйкес, жазаның осы түрін реттейтін міндеттеу Қазақстан Республикасының Қылмыстық-орындаушылық кодексі күшіне енгеннен кейін, жазаның бұл түрін орындау үшін кажетті жағдайдың тууына орай, бірақ 2003 жылдан кешіктірілмей, күшіне енеді.

Жоғарыда аталып кеткендей, қоғамдық жұмыстардың түрлерін жергілікті атқарушы органдар немесе жергілікті өзін-өзі басқару органдары белгілейді, олар жазаны орындаушы органға - қылмыстық-орындаушы инспекцияға мұндай жұмыстардың қажеттігін хабарлайды.

Испекция сотталғандарды жұмысқа жібереді. Сотталғандар қоғамдық жұмыстарды өздері тұрған жерде жасайды.

КР ҚК-нің Ерекше бөлімінің айыпкер сотталған бабының санкциясында қарастырылған болса, қоғамдық жұмыстар жазаның негізгі түрі ретінде ғана қолданылады.

Қоғамдық жұмыстар, сонымен қатар, жасалған қылмыс үшін қарастырылған жазадан жеңілірек жаза тағайындалса, және жазаның өтелмеген бөлігін жұмсақ жазамен ауыстырған жағдайда қолданылады (71, 55 баптар) .

Бұл жаза мерзімді жазалар қатарына жатады. Ол сотталған адам қоғамдық жұмыста болған сағатпен өлшенеді. Заң бұл жазаны алпыс сағаттан екі жүз қырық сағатқа дейін тағайындауға рұқсат береді.

Жазаны бөлшектеп өтейді - демалыс күндері және сотталған адам негізгі жұмысында немесе оқуында болмаса - күніне ең көп дегенде 4 сағат, жұмыс күндері - жұмыстан немесе оқудан кейін 2 сағат, сотталғанның келісімімен 4 сағат жұмыс жасалынады (ҚАК-тің 32-бабының 2 бөлігі) .

Қоғамдық жұмыстарды өтеуден әдейі қашқақтаған жағдайда сотталған адам үшін жазаның бұл түрі ауырырақ жазамен алмастырылады.

ҚР ҚАК-нің 34-бабына сәйкес қоғамдық жұмыстарды өтеуден әдейі қашқақтау дегеніміз: қоғамдық жұмыстардан қашып сотталғанның тығылып қалуы; бір ай ішінде еңбек төртібін екі реттен артық бұзуы; бір ай ішінде ешқаңдай себепсіз қоғамдық жұмыстарға екі реттен артық шықпай қоюы.

Түзеу жұмыстары. Түзеу жұмыстарының мазмұны сонда - сотталған адам жазасын өзінің бұрынғы негізгі жұмыс орнында өтейді, бірақ оның жалақысынан мемлекет кірісіне тиісті бір бөлігін үстап тұрады.

Бұл жазалау шарасы қылмыстық заңдарда орын алып отырған адамгершілік принциптерінің бір кәрінісі.

Ол кішігірім және орташа ауырлықтағы қылмыс жасаған, бірақ қоғамнан оқшауламаса да түзелу мүмкіндігі бар адамдарға соттардың бас бостандықтан айырумен байланысты емес жаза тағайындауына мүмкіндік береді.

Әскери қызмет бойынша шектеу. Қызмет бойынша шектеу - жазаның ерекше түрі, ол тек әскери қызметте жүріп сотталған әскери қызметкерлерге ғана қолданылады. Әскери қызмет бойынша шектеу, негізгі жаза ретінде ҚР ҚК-нің Ерекше бөлімінің нормаларының 22 санкциясында бар, ол 3, 4%.

Әскери қызмет бойынша шектеудің мәні - көндіру және мәжбүрлеу әдістерін сөтті үйлестіру, яғни бұл әскери қызметкер өзінің көсіби міндетін атқара береді, бірақ сонымен катар оның құқықтары біршама шектеледі. Әскери қызмет бойынша шектеу, негізгі жаза ретінде, тек мына жағдайда тағайындалады:

Келісім-шарт бойынша қызмет атқарып жүрген әскери қызметкерге немесе шақыру бойынша әскери қызмет атқарушы офицерге әскери қызмет бойынша шектеу жазасы тағайындалуы мүмкін, егер әскери қызметке кзрсы олар жасаған қылмыс үшін ҚК-тің қолданылып отырған баптарының санкцияларында мұндай жаза көзделген болса, Мысалы, «қызметке селқос қарау» деп аталатын ҚК-тің 391-бабы бойынша өскери қызмеггі екі жылға дейінгі мерзімге шектеу, немесе алты айға дейін қамауда ұстау, не үш жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалады.

Әскери қызмет бойынша шектеу келісім-шарт бойынша әскери қызмет атқарып жүрген, санкцияда түзеу жұмыстары түріндегі жаза көзделген қылмысты жасағаны үшін сотталған әскери қызметкерге тағайындалады.

Бас бостандығын шектеу. Бас бостандығын шектеу - сотталған адамды қоғамнан оқшауламай, арнаулы мекемеде, оны қадағалауды жүзеге асыру жағдайында ұстау (ҚР ҚК-тің 45-бабының 1 бөлігі) .

Жазаның бұл түрі жазалар жүйесіндегі жаңалық болып табылғанмен, біршама бұрынғы қылмыстық заңдағы бас бостандығынан айыруға шартты түрде соттап, сотталған адамды міндетті түрде еңбекке тарту жазасына үқсайды (1959 жылғы Каз. ССР ҚК-нің 23-2 бабы, 1993 жылғы 15 қазаңдағы Заң мен кодекстен алынған) . Бас бостандығын шектеу ҚР ҚК-нің Ерекше бөлімінің нормаларының 130 санкциясында жазаның басқа түрлерімен балама ретінде бар, ол 20, 6%.

Бас бостандығынан айыру. Бас бостандығынан айыру - сотталған адамды арнайы режимі бар, заңда белгіленген арнайы мекемеге орналастыру арқылы оны қоғамнан мәжбүрлеп оқшаулау.

Негізгі жаза ретінде бас бостандығынан айыру, ҚР ҚК-нің Ерекше бөлімі нормаларының 559 санкциясында көзделген (88, 5%) .

Кез-келген жаза - белгілі бір субъектіні кандай да бір өмір игілігінен айырады, оған күйзеліс келтіреді.

Өлім жазасы. Өлім жазасы - ең бір адамды толғандыратын қылмыстық-құқықтық мәселе. Оның төңірегіндегі дауға тек заңгерлер ғана емес, барлық адамдар қатысуда. XX ғасырдың 70-80-жылдары өлім жазасын біртіндеп азайту, келешекге бұл жазадан бас тарту үрдісі дүниежүзілік қауымдастықта анық байқала бастады. 1989 жылғы 15 желтоқсандағы Азаматтық жене саяси құқықтар туралы Халықаралық пакгінің Екінші факультативтік хаттамасындағы өлім жазасынан бас тарту жөніндегі БҮҮ-ның үндеуін көптеген мемлекетгер қабылдады.

ЖАЗАНЫҢ ҚОСЫМША ТҮРЛЕРІ

Қосымша жаза - негізгі жазамен салыстырғанда қосалқы сипаттағы жаза, ол тек негізгі жазаны қолдану жазалаудағы мақсатты қамтамасыз ете алмайтын жағдайда қолданылады (5, 220 б. )

Қосымша жазаны қолданғанда мынадай талаптар сақталуы тиіс:

- қосымша жазаның өзінше тағайындалуы мүмкін емес, ол тек жазаның негізгі түрлерімен бірге тағайындал ады;

- қосымша жазалар неғүрлым ауыр қылмыстар жасалғанда, және заңда көрсетілген жағдайларда негізгі жазаларға біріктіріледі. Заң бойынша қосымша жаза қолданылуы мүмкін емес адамдарға олар тағайындалмайды: мысалы, бас бостандығынан айыруға шартты түрде сотталған адамның мүлкін тәркілеуге болмайды;

- қосымша жаза негізгі жазадан қатаң болуға тиіс емес, олай болған жағдайда негізгі және қосымша жазаларды үйлестіру принципі ақталмайды;

- қосымша жазаның түрі негізгі жаза сияқты болуға тиіс емес, бұл жағдайда жазаның бір түрі, өзінің заңда рұқсат етілген мерзімі немесе мөлшері жағынан үлғайған болып саналады;

- басты жазалау элементтері негізгі жазаның элементтерімен сәйкес келетін қосымша жаза тағайындауға болмайды (мысалы, белгілі бір лауазымда істеу құқығынан айыруды белгілі бір қызметпен айналысу құқығынан айыруға қосымша ретінде) . Егер жасалған қылмыс сараланатын заң міндетті түрде қосымша жаза тағайындауды көздесе, мундай жазаны қолданбау ҚК-тің 55-бабында көзделген жағдайларда ғана орын алады (осы қылмыс үшін қарастырылған жазадан жеңілірек жаза тағайын-дағанда) .

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қылмыстық құқық теориясында пайда болған жаза түсінігін анықтау
Жазалар жүйесі ұғымы және оның маңызы
Бас бостандығынан айырумен байланыспаған жазалар
Бас бостандығын шектеу
ҚЫЛМЫСТЫҚ ЖАЗАНЫҢ ЖҮЙЕЛЕРІ ЖӘНЕ ТҮРЛЕРІ. ЖАЗА ТАҒАЙЫНДАУ
Қылмыстық жазалар және оның түрлері
Жаза жүйесі түсінігі және мәні
Қылмыстық жазаның мақсаттары
Қылмыстық жазаны қолдану - тек қана соттың құзыреті
Сотталғандарға негізгі жазалардан басқа мынадай қосымша жазалар
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz