Жамбыл ауданының аймақтық экологиялық жағдайы



Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 30 бет
Таңдаулыға:   
Мазмұны
I. Кіріспе.
Н.Ә.Назарбаевтың жолдауындағы “Жасыл ел” – бағдарламасы және қысқаша
экологиялық түсініктеме.
II.Негізгі бөлім.
Жамбыл ауданының аймақтық экологиялық жағдайы.
III.Мақсаты:
Аймақтың экологиялық жағдайын жақсарту.
IV.Мідеттері:
а) Болашақты ойлау, балаларды қоршаған ортаны қорғауға тәрбиелеу.
ә) Елбасымыздың “Жасыл ел” – бағдарламасын іске асыру.
б) Ана мен баланы қорғау бағдарламасы
V.Қорытынды.
VI.Қолданылған материалдар.

Кіріспе
Менің ғылыми жұмысым ХХІ ғасырдың күн тәртібіндегі өзекті мәселелердің
бірі болып табылады. Бұл өзіміздің Жамбыл ауданының аймақтық экологиялық
жағдайы.Осы мәселеге тоқталмас бұрын
Президентіміз Н.Ә.Назарбаевтің 2005 жылғы жолдауындағы Жасыл ел
бағдарламасын айтып кеткенді жөн көріп отырмын.
Жыл сайынғы Қазақстан Республикасы Президентінің халыққа жолдауында
экология саласына ерекше назар аударылады. Барлық Қазақстан жерін
көгалдандыру, ағаш отырғызу, суалмалы жерлерді қалыпқа келтіру, демалыс
орындары мен демалыс сая-бақтарының бой көтеруі елбасы жолдауынан тыс
қалған емес. Оның ең бастысы 2005 жылғы елбасы жолдауында аталып өткен
“Жасыл ел” экологиялық бағдарламасының құрылуы - қоршаған орта үшін басты
талап болды.
“Жасыл ел” – бағдарламасы 2005 жылдың 18 ақпанында Елбасы
Н.Назарбаевтың халыққа Жолдауында студент жастардың күшімен еліміздің
барлық аймақтарын көгалдандыру және өсімдіктер мен жануарлар әлемін қорғау,
оларды тиімді пайдалану туралы өз ұсынысын айтқаннан кейін қабылданған
болатын.
Қазіргі таңда “Жасыл ел” республикалық штабының негізгі қызметі –
елімізді көгалдандырумен қатар, жастарды сауықтыру және жұмыспен қамтамасыз
ету, еліміздің барлық жастар ұйымдарының ара-қатынасын жақсарту. Түптеп
келгенде, “Жасыл ел” бағдарламасы соңғы екі жылда жастар мен қоғам
тарапынан қолдау тауып, өз алдына қойылған мынадай талаптар мен
тапсырмаларды орындап шықты.
Біріншіден, біз өртенген ормандарды тазалау, оны қалпына келтіру
жұмыстарын жүргізіп, еліміздің орман қорын ұлғайтып, қорғау барысында
бірқатар іс-шаралар өткіздік. Екіншіден, “Жасыл ел” жасақтары кең байтақ
даламыздың шөлейтті жерлеріне сексеуіл көшеттерін отырғызып, көгалдандыру
жұмыстарын атқарды. Үшіншіден, республикалық және облыстық деңгейдегі темір
жолдар мен автокөлік жолдарының жиектеріне жас ағаштар отырғызып, өсіп
тұрған жасыл желектерді қалпына келтірді.
Сонымен қатар, “Жасыл ел” жасақтары қоғамда әлеуметтік жағдайы төмен
жандардың мүдде жіктерін ескеріп, жетім балалар үйіне айтарлықтай көмек
жасап, қамқорлыққа алынған қарттар үйі мен сәбилер үйі маңындағы аймақтарда
көгалдандыру мен тазалау жұмыстарын жүргізді. Бұдан басқа, балалар үйінде
спорттық жарыстар, концерттік бағдарламалар, қызықты ойындар, балалардың ой-
өрісін, мінезін танып-біліп, оны ары қарай дамыту мақсатында арнайы
мамандардың қатысумен тренингтер өткізді.
Бүгінде жер атты жалқы планетаны мекендеген адамзат баласының алдында
оның болашағын айқындар , шешуі қиын түйінді екі проблема тұр.Оның бірі
ядролық соғыс қаупі болса , екіншісі – күннен күнге шиеленесіп келе жатқан
экологиялық қатер дейміз.
Бүгінгі экологиялық тепе-теңдік жолындағы жаппай дүмпудің түп-тамырын,
табиғат тазалығы жолындағы көпшілік қозғалысының себеп-салдарын, міне, осы
төңіректен іздестіру керек шығар.
Қазіргідей жаппай жаңару мен жаңғыру кезеңінде болып жатқан
революциялық өзгерістерді әркімнің әрқалай қабылдайды.Жан тыныштығын
күйттеген, кешегісімен күн кешкен жандардың жаппай қозғалыс ,
экологиялық дүмпу секілді бойында қаны мен жаны бар сөздерді ә дегеннен
тосырқап, тосаңси қабылдауы да түсініктс. Оның үстіне адам психологиясы
мұндайда тәттіні көп жеген баладай тез тойып, өз әрекетінен өзі жеріп шыға
келетіні тағы бар. Ендеше экологиялық қозғалыс төңірегінде болыпжатқан әр
алуан талас-тартыс пен экологиялық насихаттың бүгіні мен болашағы кімді
болса да салғырт қалдырмаса керек.
Экологиялық насихаттың ауыр жүгін ең алдымен қаламгерлер қауымы
көтеріп келе жатқаны көншілікке аян. Соңғы отыз-отыз бес, одан қалды, қайта
құру процесі жүзеге асырыла бастаған мезгілден бергі аралықта табиғат
қорғау тақырыбы баспасөз бетін бермей келеді.
Белгілі ақын Мұхтар Шахановтың : Ал экология үшін күресемін деп
кеуде қандардың базбірі тіпті, экология сөзінің айқын мәнін біле ме
екен? - деп жазғаны есте.
Экология мәселесі, жалпы табиғатпен қарым-қатынас мәселесі қай кезде
де ерекше сауаттылықты , ерекше сақтықты қажет етеді. Өйткені белгілі бір
ғылым саласындағы білім деңгейі қаншалық жоғары болғанмен, экология
заңдарын білмеген, әйтпесе біле тұра білгісі, мойындағысы келмеген адамның
іс-қарекеті қашан да ерекше қауіпті. Білмеген жерде жақсы ниеттің
жетегіндежүріп жасаған қандай бір істің адамзат тіршілігіне , адамзат
болашағына болып шығуы әбден мүмкін. Бейбіт мақсатта қолданылуы тиіс атом
энергиясының авторы болған адам ядролық қаруды да дүниеге келтіруге себеп
болды. Неорганикалық тыңайтқыштар алудың жолын тапқан адам пестицидтер мен
гербицидтерді дүниеге келтіруге себепкер болады. Талантты су инженерінің
жобасы бойынша жасалған завод фабрикалардың келтірген залалы мен зардабын
адамзат тарихы жақсы біледі.Ашылған жаңалық қаншалық ғаламат болса да ,
адамзат болашағына қауіп төндіретін қамқорлық кімге қажет.
Бүгінгі таңда бақылау шеңберінен шығып кеткен техникалық прогрестің
табиғатқа өлшеусіз зиян келтіргенін , түптің түбінде адам болашағына
тікелей қауіп төнгенін көпшілік жақсы біледі.Бірақ адамның қоршаған ортамен
қарым-қатынас жасамай- қажет кезінде оны өзгертпей тағы да тұра
алмайды.ендеше , сол қарым-қатынста үйлесімділік шекарасын, яғни бірден
бір шындық шекарасын іздеуге тағы мәжбүр .
Табиғатпен бетпе-бет келген шақтарда жіберген кемшіліктеріміз де,
жеткен жетістіктерімізде баршылық екен. Әрине , бәрін-берін жылы-жылы
жауып коюға болады. Өткеннің ашы сабағын ескермей, онсыз да қиюы кеткен
мына дүниеде жығылғанға жұдырық дегендей тегіс жерде тайып жығылып
жататынымыз ғана дұрыс па?

II. Негізгі бөлім.
Жамбыл ауданының аймақтық экологиялық жағдайы.

Жыр алыбы Жамбыл есіміндегі аудан қарт Қаратау етегін ала орналасқан.
Қырғыздың Алатауынан құлай аққан асау Талас та, қыз бұрымындай сылдырап
аққан ерке Аса өзені де Жамбыл ауданының жерін басып өтеді. Кешегі кеңестік
дәуірдің алыбы атанған химия зауыттары да, жарығын беріп, төңірегімізге нұр
сәулесін шашқан ГРЭС те Жамбыл ауданының жерінен орын тепкен. Мыңғырып мал
өріген Көделі көктеуі қатар жатқан Талас ауданының Шатурасымен, қырат-қырат
жоталы Алмалысы Тұрар Рысқұлов ауданы мен Қырғыз еліне ортақ жайлау болған
Дегереспен түйісіп, теріскейі батыр баба – Байзақ датқа есіміндегі
ауданмен, күнгейі Бауыржандай біртуар ұл әкелген Жуалы ауданымен шектесіп
жатыр. Ауданның жер аумағы 4,3 мың шаршы шақырым келеді. Аудандағы 17
селолық, ауылдық округ аумағында 46 елді мекен орналасқан немесе 1300 ауыл
бар. Аудан халқының саны 1996 жылы 70800 болса, қазір ол 74237 адамды құрап
отыр. Халқының тығыздығы 1996 жылы 15,8 болса, қазір 16,2 адамға жетті. Бұл
жылдары ауданның құрамында Ақбұлым, Ақжар, Ақкөл, Ақтөбе, Аса, Берікқара,
Бесағаш, Билікөл, Головачевка, Гродеково, Есентөбе, Қаратөбе, Қараөзек,
Қостөбе, Полатқосшы сияқты 15 ауылдық кеңес жұмыс істеді. Осындай үлкен
ауданның экологиялық жағдайына келеін болсақ.
Жамбылда шайынды суды тазартатын биологиялық станция жоқ. Ал 1963
жылдан бері жұмыс істеп келе жатқан сүзгі алаңының су тазартуға күші
жеткіліксіз. Құрылымның қуаты – тәулігіне 29,380 текше метр ғана. Ал
тәулігіне онда шамамен 100,0 мың текше метр су жиналады. Қазір ол тек су
жинақтаушы ретінде ғана жұмыс істеп тұр. Сүзгі алаңындағы гидравликалық
қысымның үнемі жоғары болуынан жерасты суы ластанып, Тараз қаласымен
іргелес жатқан Жамбыл ауданына қарасты бес елді мекен – Бірлесу-Еңбек,
Қостөбе, Ерназар, Тастөбе ауылдарына елеулі кесірін тигізіп отыр. Тараздың
барлық шайынды суы мен химия өнеркәсібіне тиесілі үш алып зауыттың және
басқа да он шақты ірілі-уақты кәсіпорындардың қалдық суы еш тазартылмаған
қалпы осы өңірлердің аумағымен ағып өтеді. Әрі Жамбыл облысындағы барлық
өзендер мен бұлақтар және жерасты суы бастау алатын су айрығы – Қырғыз
Алатауының баурайындағы Қырғызстан елінің өнеркәсіп орындары мен облыс
аумағындағы зауыт-фабрикалардың денінде сүзгі қондырғылары жұмыс істемейтін
көрінеді. Соның салдарынан облыс аумағын басып өтетін Шу, Аса, Талас
секілді ірі өзендер мен көптеген шағын өзен суының құрамындағы қорғасын,
фторид, нитрат, фенол, аммоний, сульфид және мұнай өнімдері сынды
экологиялық залалды заттардың мөлшері белгіленген мөлшерден 3-3,5 пайызға
артқан.

Мамандардың зерттеулеріне сүйенсек, Жамбыл ауданындағы 5100-ден астам
құдықтың суында улы заттар бар. Жерасты суының көпшілігінде сульфидтің
мөлшері тиісті мөлшерден асып кетіпті. Егер 46 елді мекенде тұратын 80
мыңға жуық адамның тек 22 пайызының ғана орталықтандырылған су жүйесімен
қамтылғанын ескерсек, қалған 50 мыңнан астам адамның ахуалын ойлаудың өзі
үрей тудырады. Ол аздай, егістік, жайылымдарды жаппай су басып, ауыл
тұрғындарының тіршілігіне едәуір нұқсан келтіруде. Осылайша, аймақтағы
эпидемиологиялық ахуал жылдан-жылға күрделеніп, сары ауру, ішек, асқазан
аурулары асқынып тұр. Дәрігерлердің айтуынша, осы ауру түрлері бойынша бір
ғана Жамбыл ауданындағы көрсеткіш еліміздегі орташа көрсеткіштен 1,5-2 есе
өсіп кеткен. Аталған ауданға қарасты Бірлесу-Еңбек ауылындағы ауызсу
құрамындағы сульфид секілді химиялық заттардың мөлшерден тыс көбейіп
кеткенінен ауыл бойынша 15 бала зағип болып қалған. Ауыл тұрғындары ауызсу
ретінде тұтынып отырған судың ащы кермек дәмі, қолқаны қабар жағымсыз иісі
бар, тіпті 6-7 метр тереңдіктен алынатын құдық суында ұзындығы шамамен
жарты сантиметрдей ақ түсті құрттар жүргенін өз көзімізбен көрген едік.
Бірлесу-еңбектіктер осы лас суды қайнатып ішуге мәжбүр. Мұндай суды амалсыз
тіршілік көзіне айналдырған адамның ағзасында кінәрат болмай қайтсін?!
Балаларымыз мына лас суды қайнатпай ішіп қоймаса екен деп алаңдап
отырамыз. Мектепке барарда пластмасса құтыға суды қайнатып құйып,
сөмкелеріне салып жібереміз, – дейді ауыл тұрғыны Биғайша Меңдіқұлова. Осы
ауылдағы он бір жасар Тұрсынның аяғы бірнеше жерден сынып, содан бойы қысқа
болып қалған екен. Он екіде бір гүлі ашылмаған бүлдіршіннің осындай ауыр
халге душар болуына ауызсуының залалы тиген көрінеді.

Ең қорқыныштысы, мұндай дертті балалардың саны жыл сайын өсіп келеді.

Жалпы, Тараз қаласының шайынды суы мен өндіріс қалдықтарының жерасты
суын ластауы Жамбыл ауданының басқа да ауылдарына кесапатын тигізіп отыр.
Өйткені аудан жұртының басым көпшілігі құдық суын ішеді. Ал аудан бойынша
46 елді мекендегі бес мыңнан астам құдықтың суын дезинфекциялап,
микроағзаларды залалсыздандыруға аудандық санитарлық-эпидемиологиялық
қадағалау басқармасының әлеуеті жетпейтін көрінеді. Ондағылар қаржының
жоқтығын көлденең тартып, ауыздарын қу шөппен сүртеді. Аталған өңірлерді
орталықтандырылған су жүйесімен қамтуға аудан бюджеті де қауқарсыз.
Жоғарыда айтылған жайттарға сәйкес суармалы егіс алқаптарының тозығы
жеткенін және аудандағы суару жүйелерінің істен шыққанын айтып кеткенді жөн
көріп отырмын.

III.Мақсаты:
Аймақтың экологиялық жағдайын жақсарту.
Аймақтың экологиялық жағдайының жақсарту мәселесіне келмес бұрын аудан
көлеміндегі бірқатар жаңалық пен өзгерістерге тоқталып, айта кеткен дұрыс.
Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың
2006 жылғы 1 наурыздағы „Қазақстан өз дамуындағы жаңа серпіліс жасау
қарсаңында. Қазақстанның әлемдегі бәсекеге барынша қабілетті 50 елдің
қатарына кіру стратегиясы” Қазақстан халқына Жолдауындағы көрсетілген жеті
басымдықтағы тұжырымдар мен қағидалар аудан халқына да үлкен бағыт-бағдар
берді. Шындығында да ауданның бүнігі экономикасын сонау Тәуелсіздік алған
алғашқы жылдармен салыстырғанда көш ілгері.
„Өркенді де өршіл дамып келе жатқан қоғамның іргетасы тек қана осы
заманғы, бәсекеге қабілетті және бір ғана шикізат секторының шеңберімен
шектеліп қалмайтын ашық нарық экономикасы бола алады” дейді Елбасы өз
Жолдауында. Шындығында да аудан экономикасы соңғы 10 жылдың ішінде алға
кетті. Халықтың да әлеуметтік-экономикалық тұрмысы жақсарған үстіне
жақсарды.
Ауданымызда шағын және орта кәсіпкерлікті дамыту жолға қойылған. Қазір
аудан бойынша 751 жеке кәсіпкерлік, 1862 шаруа қожалығы, 117 шағын
кәсіпкерлік, барлығы 2730 субъектілер саны жұмыс істейді. Сонымен бірге
ауданда 4 ЖШС бар. Жұмыссыздықтар саны да жылдан жылға кеміп, жұмыс беру
орны ұлғайып келеді. Бұл күндері жеке кәсіпкерлікте 597, шағын
кәсіпкерлікте 4209, шаруа қожалықтарында 7746 адам жұмыс істейді.
Жамбыл ауданы төскейі төлге, өрісі ақтылы малға толған өлке. Мал басын
өсіру мен одан алынатын өнім өндіруде де қол жеткен табыстар жетерлік. 1996
жылы ауданымызда 90200 бас қой-ешкі болса, үстіміздегі жылы ол 203761 басқа
жетіп отыр. 1996 жылы жылқы 2000, мүйізді ірі қара 5500 бас болса,
үстіміздегі жылы жылқы 9792 басқа, мүйізді ірі қара 34791 басқа жетті. Мал
өнімдерін өндіруде де жеткен жетістіктер бар. 1996 жылы 307 тонна жібек
жүні өндірілсе, 2006 жылы 438 тонна сапалы жүн өндіріліп отыр. 1996 жылы әр
жүз аналық бастан 102 қозы, 75 бұзау, 1250 торай, 67 құлын алынса, 2006
жылы 105-тен қозы, 84-тен бұзау, 1730-дан торай, 95-тен құлын алынды.
Масақты дәнді дақыл ауданымызда 25350 гектар жерге орналасқан. Оның
7500 гектары - арпа, 17850 гектары – күздік, 3500 гектарға көкөніс, 3350
гектарға майлы дақыл, 150 гектарға бақша дақылдары егілген. Сондай-ақ, 3000
гектарға мал азығындық шөп жоңышқа егілген.
Аудан бойынша 2006 жылдың 6 айында өндірілген өнім көлемі 2 миллиард
663 миллион теңгені құрайды. Оның ішіндегі ауыл шаруашылығы өнімі 1131,4
миллион теңге.
Сумен жабдықтаудың жаңа жүйелерін құру, жұмыс істеп тұрғандарын қайта
жаңарту және қайта ұйымдастыру, саланы ресурстық және нормативтік құқықтық
қамтамасыз ету, халыққа ауыз су беру жөніндегі қызметтердің рыногін
қалыптастыру.
халықтың базалық білім, алғашқы медициналық көмек алуына, таза ауыз
сумен, коммуналдық қызметтермен, көлік инфрақұрылымымен қамтамасыз етілуіне
қол жеткізуін арттыру.
сумен қамтамасыз ету көздеріне қолайсыз экологиялық ықпал етудің
мүмкіндігін болдырмауға;
жекелеген аймақтар мен өзен алаптары бойынша ауыз судың сапасына жедел
мониторинг жүйелерін құру;
ауыз су сапасының санитарлық ережелері мен стандарт нормаларының
талаптарын толық сақтауды қамтамасыз ету арқылы су көздері мен сумен
жабдықтау жүйелерінің сенімділігін арттыруға;
ішуге жарамды жергілікті жер асты суларын мейлінше тартуға;
сапасы бактериалды ластану негізінде сипатталған орталықтандырылмаған
жер үсті су көздеріндегі суды ішу мақсатында пайдалануды жою;
құрылыста, ауыз суды тазалау және дайындау жүйелерінде жаңа
технологияларды енгізу, сондай-ақ бірқатар жағдайларда сумен жабдықтау
көздерін баламалы көздерге ауыстыру жолымен берілетін судың бір текше
метрінің құнын төмендетуге мүмкіндік береді.
Тұрғындарды ауыз сумен қамтамасыз етудегі оң өзгерістер өмір сүрудің
қанағаттанарлық әлеуметтік-тұрмыстық және санитарлық-эпидемиологиялық
жағдайларын туғызады, нәтижесінде, аудан тұрғындарының денсаулығына және
рухани салауаттығына оң ықпал етеді.

IV.Міндеттері:
а) Болашақты ойлау, балаларды қоршаған ортаны қорғауға тәрбиелеу.

Қазіргі талап деңгейіне сай мектептерде оқу-тәрбие үрдісі арқылы
оқушыларға терең білім берумен қатар, өлкетану экологиялық мәдениетті
қалыптастыру мақсат. Демек, бүгінгі таңда әрбір мұғалімнің мақсаты — сабақ
сапасын көтеру түрлерін жетілдіру, оқушылардың пәнге деген қызылығушылығын
арттыру, іздену, таным деңгейін көтерумен бірге сабақта өлкетану
материалдарын кеңінен қолдана отырып, экологиялық білім беру.
Бүгінгі күннің негізгі мақсаты мен міндеттері: оқушылардың қоршаған
ортаға, туған өлке табиғатына, жергілікті флораға сүйіспеншілектерін
қалыптастырып, ол арқылы туған өлке табиғатының байлығын сақтау, табиғатын
қорғауға тәрбиелеу, жас ұрпаққа экологиялық, өлкетанулық тәрбие беру.
Елбасының жолдауымен 1999 жылы Экологиялық білім бағдарламасы деген
құжаттар қабылданған. Сонымен қатар Елбасының жолдауымен қабылданған Жасыл
ел бағдарламасы да іске асырылуда.
Қазіргі уақытта жас ұрпақтың жеке тұлға болып қалыптасуына ізгіліктік,
ғылымилық, жүйелілік ұстанымдарына негізделген үздіксіз экологиялық,
өлкетанулық білім беру жүйесін құру, оның тәрбиелік мүмкіндіктерін саралау
өзекті мәселелердің бірі болып отыр. Сондықтан да соңғы жылдары республика
көлеміндегі мектепке дейінгі мекемелер, бастауыш сыныптардағы экологиялық
тәрбие жұмысы бұрынғы қалыптасқан бағдарлама бағытында.
Балаларды табиғатпен таныстыру бөлімінен бастау алады. Туған өлкенің
табиғатымен таныстыру-балалардың танымын дамытудағы басты құралдардың бірі.
Оқушыларға экологиялық тәрбие ұғымдарын беру теориялық-практикалық әдістері
төменнен жоғарыға, қарапайымнан күрделіге өрлеуден тұратын үрдіс. Мысалы:
экология тәрбиесімен әр түрлі пән мұғалімдері, өнер адамдары, табиғат
зерттеушілері, тағы басқа мамандық иелері айналысады. Оның ішінде, әсіресе,
мектеп оқушыларын көбірек қамтитын география пәнінің орны ерекше. Әр бір
халықтың ғасырлар бойы қалыптасқан сан салалы тіршілігі, салт-санасы, әдет-
ғұрпы күнделікті қоғамдағы өмірі, жалпы ұлттық ерекшелігі, айнала қоршаған
ортамен байланысты болады.
Адам табиғат перзенті. Адам табиғаттан жеке дара тыс өмір сүре
алмайды. Судың да сұрауы бар, Су-ырыстың көзі, Сулы жер-нулы жер,
бұлақты жер — тұрақты жер.
Ал өлкетану-жергілікті белгілі бір шектелген өңірді немесе еліміздің
шағын бөлігін оқып үйрену. Оқушылар өз өлкесі жөніндегі білім қорын
меңгеруді алғаш рет мектеп тобалдырығын аттаудан бастайды.
Бастауыш сыныптарда өлкетану өз туған жерін тани білумен басталады.
Қоршаған орта, табиғатты көз көріп, араласып, табиғат өзгерістері туралы
ұғым қалыптастырады. Ал 3-4 сыныптарда өлкетану жұмыстары барған сайын
күрделене әрі кеңейе түседі, оқушылардың енді өз өлкесі жөніндегі
экологиялық білім негіздері қорлана түседі. Оқушылар 3-4 сыныпта туған
өлкесінің табиғаттың маусымға қарай өзгеруін, соған сәйкес адамдардың
еңбектегі іс-әрекетінің өзгеруін бақылай алады.
Бастауыш сыныптардағы экология, өлкетану жұмысы дүниетану пәніне
байланысты табысты шешіледі.
Төменгі сынып оқушыларында мұндай дағдыларды қалыптастыруда табиғат
көріністерін бейнелейтін суреттерді пайдаланудың, олар бойынша жұмыс
жүргізудің маңызы зор. Туған өлкені суреттей отырып, туған жерге деген
сүйіспеншілігін арттыру, табиғатын аялай білуге баулиды. Бастауыш
сыныптарда табиғат қорғау, табиғатты тани білу, ең алғаш өзінің көріп
жүрген туған жерінен басталады.
Мектепте оқылатын жаратылыстану пәндерінің ішінде экологиялық
мәдениетті қалыптастырудағы маңызы ерекше пәннің бірі-география.
Географияны оқытудың басты міндеттері-табиғат пен қоғамның өзара
әрекеттесуінің тарихи сипатын ашу, оқушыларға қоршаған ортаны өзгертудегі
антропогендік факторларды түсіндіру, табиғи ресурстарды тиімді пайдалану
және қоршаған ортаны ұқыпты қорғауға үйрету.
Осыған орай, кең байтақ қазақ жеріне тән өзіндік ерекшелік — оның
үлкен континентішілік орналасуы. Көптеген жерлерде халық аз қоныстануына
байланысты бұл жерлер әскери базалар мен атом жарылысын сынайтын
палигондарға беріліп, жер қойнауының байлығын — жалпы өндіріс орындарына,
құнарлы жерлерді-ауыл шаруашылығының өнімдерін өндіруге, егіншілікті
көтеруге, мал жайылымдарын — мал шаруашылығын дамытуға беріліп, біздің
табиғатымызға көптеген жылдар бойы өте зор зиян тигізілді.
География пәні бойынша әр тақырып экологиялық проблемалармен таныстыру
және өлкетанулық білім беруде зор маңызы бар.

ә) Елбасымыздың “Жасыл ел” – бағдарламасын іске асыру.,

Елбасымыздың жолдауындағы Жасыл ел бағдарламасында таза ауаны, суды,
топырақ құнарын, ылғалдылығын сақтау мәселелері көзделген.
Табиғат адам бойында қуат, көңіліне шабыт, шапағат ұялататын сұлулық
пен әсімдік әлемі. Табиғат ресурстарының құрамдас бөліктерінің бірі -
өсімдіктер мен жануарлар дүниесі. Таулы аумақтарға тән өсімдіктер мен
жануарлардың алуан түрі кездеседі. Осы алуан түрлерін сақтап қалу, яғни біз
табиғаттың өзін қайта түлететін ұрпақпыз. Әрбір ағашты, әрбір бұтақты,
жалғыз дәнді де ыждағаттылық пен сақтау, қамқор болу басты міндеттердің
бірі.
Жасыл ел бағдарламасын жүзеге асырудың іс-шара жоспары бойынша
бірқатар іс-шаралар, акциялар мен байқаулар өткізілді.
Барлық аудан мектептерінде құрылған Жас эколог топтары ауданымыздағы
отырғызылған жас көшеттерді, гүлдерді, мектеп бағы мен мектептің
айналасындағы көгалдандыру жұмыстары, гүлзарлар жасау, оларды күтіп-баптау
жұмыстарын атқарды. Сонымен қатар “Жасыл ел” – бағдарламасымен қатар
ауданымызда ауыз су мәселесінің бірқатар шешіліп жатқаны да рас, соның
ішінде жақында ғана облыс әкімінің қатысуымен Тастөбе, Қостөбе
ауылдарындағы халықты ауыз сумен қамту жобасының іске қосылғанын айта
кеткен жөн. Аудан көлеміндегі мектептер мен бала бақшаларда экологияға
қатысты көптеген іс-шаралар болып тұрады. Көктемнің Наурыз айларында аудан
орталықтарында және басқа да ауылдарда көгалдандыру жұмыстары жүргізіліп
тұрады.

б) Ана мен баланы қорғау бағдарламасы

Қазақстан Республикасында ана мен бала өлімін төмендетудің 2008–2010
жылдарға арналған бағдарламасы туралы.
Қазақстан тәуелсіздік алған он бес жылда демократиялық мемлекет құру
үшін кең ауқымды, саяси, экономикалық және әлеуметтік реформаларды жүзеге
асыруда айтарлықтай прогреске қол жеткізді. Бұл ретте еліміздің дамуының
мемлекеттік стратегиясының маңызды басымдығы адам әлеуетін дамыту және 2015
жылы республика халқын 20 миллионға жеткізу болды. Тиісінше, ана мен бала
денсаулығын сақтау, бала тууды арттыру және ана мен бала өлімін азайту
медициналық-демографиялық жағдайды жақсарту жөніндегі мемлекеттік саясаттың
маңызды бағыттары болып табылады.
Ресми статистиканың бағалауы бойынша соңғы жылдары ана мен нәресте
өлімінің көрсеткіштері төмендеу үрдісі байқалып отыр. Сонымен бірге олар
ТМД мен Еуропа өңірі елдерінің ұқсас көрсеткіштерінен асып отыр. Соңғы 2–3
жылда елімізде жыл сайын 300 мыңға жауық нәресте дүниеге келеді екен. Жыл
сайын 100-ден астам ана мен 5 жасқа дейінгі ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Биік таулы аймақ
Жерді кадастрлық бағалау
Жамбыл облысының туристік географиясы
Жамбыл облысының әкімі Б. Б. Жексембиннің облыс тұрғындары алдындағы «2007 жылғы облыстың әлеуметтік-экономикалық даму қорытындылары туралы» есебі
Қазақстанда қалалардың қалыптасуы мен олардың орналасу ерекшеліктері
«Жамбыл» ЖШС жері егістік алқаптарының пішіні және көлемін қайта орналастыруын анықтау
Жамбыл облысында туризмді дамытудың басымдықтары
Кластерлік жүйе
ОҢТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН ОБЛЫСЫНЫҢ МАҚТААРАЛ АУДАНЫНЫҢ ТАБИҒИ-КЛИМАТТЫҚ ЖАҒДАЙЫ
Жамбыл облысындағы туризм саласының дамуы және болашағы
Пәндер