Мемлекеттік несие
Жоспар
Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..3
1 бөлім. Мемлекеттік несиенің экономикалық мәні және атқаратын
қызметі
1.1 Мемлекеттік несиенің және қарыздың мәні және қажеттілігі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..4.6
1.2 Несие құрылымы, түрлері, атқаратын қызметі ... ... ... ... ... ... ...6.10
1.3 Мемлекеттік несие және мемлекетік қарыз туралы ғалымдар
мен тәжірибешілердің көзқарастары ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..10.14
2 бөлім. Қазақстан Республикасының мемлекеттік несиесі және
мемлекттік қарызы
2.1 Мемлекетік несиені және қарызды басқару ... ... ... ... ... ... ... 15.16
2.2 Қазақстан Республикасының мемлекетік несие және көлемі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 16.18
2.3 Қазақстан Республикасының қарыздарын жабу көздері және
мемлекет несиесін жетілдіру жолдары ... ... ... ... ... ... ... ... ... 18.22
Қорытынды ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...23
Қолданылған әдебиеттер ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 24

Несие – пайыз төлеу және қайтару шартында уақытша пайдалануға берілген судалық капитал қозғалысы. Ал мемлекеттік несие – жалпымемлекеттік қаржының басты буындарының бірі және қатынастарының жиынтығы. Бұл қатынастарда тараптардың бірі мемлекет, заңды және жеке тұлғалар несиегерлер немесе қарызгер болып саналады. Қарызға берілген қаражаттардың мезгілдігі, қайтарылымдығы және ақылығы мемлекеттік несиенің ерекшелігі болып есептеледі. Халықаралық экономикалық қатынастар саласынан қарағанда мемлекет несиегердің, қарыз алушының, қарызгердің рөлінде көрінеді. Елдің заңи және тұлғаларының бос ақша қаражаттарын, сонымен қатар басқа елдердің ( үкіметтердің, қаржы – кредит мекемелерінің ) және халықаралық қаржы – қредит институттарының ресурстары да несие капиталы ретінде және бюджет тапшылығы проблемаларын шешуге мүмкіндік береді. Мемлекеттік несие оларды алудың басты әдісі болып есептелінеді.
Мемлекеттік несие түрлері бойынша ішкі, сыртқы және шартты болып бөлінеді. Ішкі кредит – елдегі үкіметтің, жергілікті ұйымдардың, органдардың, кәсіпорындардың, халықтың арасында болады. Сыртқы кредит – үкімет, биліктің жергілікті органдармен ғана емес, сонымен қатар басқа мекемелердің үкіметімен, банктерімен, компанияларымен араласады. Шартты кредит - ұйымдардың, фирмалардың алған қарыздарына басқа елдің несиегерлеріне берілген кепілдіктер бойынша үкіметтің міндеттемелері ретінде көрінеді.
Мемлекеттік несиенің негізгі нысаны мемлекеттік қарыздар болып табылады. Қарызды алған кезде белгілі бір өтеу мерзімде пайдалануға болады . Олар: қысқа мерзімді ( 1 жылға дейін ), орта мерзімді ( 1 жылдан 10 жылға ), ұзақ мерзімді ( 10 жылдан астам ).
Мемлекет қарыз алушы ретінде және несиегер ретінде де бола алады.
Басым өндірістерді қаржыландыру; тұрғын – үй құрылысын қаржыландыру; экономикалық және әлеуметтік инфрақұрылым салаларын қаржыландыру мемлекеттік несиелендірудің негізгі сферасы болып есептелінеді.

. Құлпыбаев С.К. « Қаржы теориясы » : Оқу құралы, Алматы –
2001
2. Мельников В. Д. , Ильясов К.К. « Финансы » : Учеб для вузов –
Алматы – 2001
3. Ильясов К . К. , Құлиыбаев С. К. « Қаржы », Алматы – 2002
4. Шеремет А. Д. , Сайфуллин Р. С. « Финансы предприятия »
Москва -1999
5. Шуляк П. Н. « Финансы предприятия » Учеб. Пос. Москва –
2001
6. Қаржы – Қаражат 2005 ж. № 2 32 – 35 бет.
7. Қаржы –Қаржат 7/99 28 бет.

Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... .3
1 бөлім. Мемлекеттік несиенің экономикалық мәні және атқаратын
қызметі
1. Мемлекеттік несиенің және қарыздың мәні және
қажеттілігі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
... ... ... ... ... ... ... 4-6
2. Несие құрылымы, түрлері, атқаратын қызметі ... ... ... ... ... ... ...6 -
10
3. Мемлекеттік несие және мемлекетік қарыз туралы ғалымдар
мен тәжірибешілердің
көзқарастары ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...10-14
2 бөлім. Қазақстан Республикасының мемлекеттік несиесі және
мемлекттік қарызы
2.1 Мемлекетік несиені және қарызды
басқару ... ... ... ... ... ... ... 15-16
2.2 Қазақстан Республикасының мемлекетік несие және
көлемі ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ..16-18
2.3 Қазақстан Республикасының қарыздарын жабу көздері және
мемлекет несиесін жетілдіру жолдары
... ... ... ... ... ... ... ... ... .18-22
Қорытынды
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ...23
Қолданылған әдебиеттер
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..24
Кіріспе
Несие – пайыз төлеу және қайтару шартында уақытша пайдалануға
берілген судалық капитал қозғалысы. Ал мемлекеттік несие –
жалпымемлекеттік қаржының басты буындарының бірі және қатынастарының
жиынтығы. Бұл қатынастарда тараптардың бірі мемлекет, заңды және
жеке тұлғалар несиегерлер немесе қарызгер болып саналады.
Қарызға берілген қаражаттардың мезгілдігі, қайтарылымдығы және
ақылығы мемлекеттік несиенің ерекшелігі болып есептеледі.
Халықаралық экономикалық қатынастар саласынан қарағанда мемлекет
несиегердің, қарыз алушының, қарызгердің рөлінде көрінеді.
Елдің заңи және тұлғаларының бос ақша қаражаттарын, сонымен
қатар басқа елдердің ( үкіметтердің, қаржы – кредит мекемелерінің
) және халықаралық қаржы – қредит институттарының ресурстары
да несие капиталы ретінде және бюджет тапшылығы проблемаларын
шешуге мүмкіндік береді. Мемлекеттік несие оларды алудың басты
әдісі болып есептелінеді.
Мемлекеттік несие түрлері бойынша ішкі, сыртқы және
шартты болып бөлінеді. Ішкі кредит – елдегі үкіметтің, жергілікті
ұйымдардың, органдардың, кәсіпорындардың, халықтың арасында болады.
Сыртқы кредит – үкімет, биліктің жергілікті органдармен ғана емес,
сонымен қатар басқа мекемелердің үкіметімен, банктерімен,
компанияларымен араласады. Шартты кредит - ұйымдардың, фирмалардың
алған қарыздарына басқа елдің несиегерлеріне берілген
кепілдіктер бойынша үкіметтің міндеттемелері ретінде көрінеді.
Мемлекеттік несиенің негізгі нысаны мемлекеттік қарыздар
болып табылады. Қарызды алған кезде белгілі бір өтеу мерзімде
пайдалануға болады . Олар: қысқа мерзімді ( 1 жылға дейін ), орта
мерзімді ( 1 жылдан 10 жылға ), ұзақ мерзімді ( 10 жылдан астам ).
Мемлекет қарыз алушы ретінде және несиегер ретінде де бола
алады.
Басым өндірістерді қаржыландыру; тұрғын – үй құрылысын
қаржыландыру; экономикалық және әлеуметтік инфрақұрылым салаларын
қаржыландыру мемлекеттік несиелендірудің негізгі сферасы болып
есептелінеді.
1 бөлім. Мемлекетік несиенің экономикалық мәні
және атқаратын қызметі
1. Мемлекетік несиенің және қарыздің мәні және қажеттілігі
Мемлекет пен муниципалдық құрылымдардың
( жергілікті атқарушы органдардың ) қарамағында
елдің заңи және жеке тұлғаларының бос ақша қаражаттары
да, сонымен бірге, басқа елдердің ( үкіметтердің, қаржы – кредит
мекемерлерінің ) және халықаралық қаржы – кредит институттарының
ресурстары да несие капиталы ретінде уақытша пайдалануға
жұмылдыру үшін және бюджет тапшылығы проблемаларын шешу үшін
тартылуы мүмкін. Оларды алудың басты әдісі мемлекенттік
кредит болып табылады.
Мемлекеттік несие – жалпы мемлекетік қаржының басты
буындарының бірі және кредит қатынастарының жиынтығы, бұл
қатынастарда тараптардың бірі мемлекет, заңды және жеке
тұлғалар несиегерлер немесе қарызгер болып табылады.
Халықаралық экономикалық қатынастар саласында мемлекет қарызгердің
де, қарыз алушының да, несиегердің де рөлінде көрінеді.
Мемлекеттік кредиттің ерекшелігі қарызға берілген
қаражаттардың қайтарылымдылығында, мезгілдігінде және ақылығында.
Алайда бұл қатынастарды банк несиесімен шатастыруға
болмайды. Несие қоры ұлғаймалы ұдайы өндіріс процесінің
үздіксіздігін қамтамасыз ету мақсатында кәсіпорындар мен
ұйымдарды несиелендіру және оның тиімділігін арттыру үшін
пайдаланады; несиелерді жеке адамдар да ала алады.
Шаруашылық жүргізуші субъектілерді банктік несиелендіру несие
қорын өнімді пайдалану болып табылады.
Мемлекеттің кредиттің жекеше кредиттен айырмашылығы:
Жекеше кредит Мемлекеттік кредит
өндірістік мұқтаждар үшін өндірістік және өндірістік
жұмылдырылады; емес мұқтаждар үшін
несие капиталы жұмылдырады; жұмылдырылады
өтеу қосымша өнім немесе өндірістөлем және сатып алу
процесінде пайда болатын құннан қаражаттары жұмылдырылады
жүргізіледі; өтеу бюджет кірістерінен
капиталдың қолдану сферасын ( ( негізінен салықтық
өндірістік сфераны ) кеңейтеді. түсімдердің есебінен )
жүргізіледі
капиталды қолдану сферасын
тарылтады.
Мемлекеттік кредиттің көмегімен жұмылдырылған қаражаттар
көбінесе экономиканы қаржыландыруға бағытталандықтан оның
өндірістік сипаты болуы тиіс. Мемлекеттік кредит жөніндегі
қатынастар мына негіздерде қаржы қатынастарына кіреді:
1) Мемлекеттік кредит жолымен жұмылдырылатын қаражаттар әр
түрлі қажеттіліктерді - өндірістік, өндірістік емес, сол
сияқты стратегиялық, оперативтік қажеттіліктерді де
қаржыландыруға бағытталған мемлекеттік қаржы ресурстар
ретінде қаралады;
2) Алынған және берілген кредиттер үшін есеп айырысулар,
олар үшін пайыздар төлеу бюджеттердің қаражаттар есебінен
жүргізіледі. Бюджет кірістерін негізгі және тұрақты
бөлігін салықтық түсімдер құрайтындықтан қарыздар арқылы
жұмылдырылатын қаражатттар “ антиципацияландырылған салықтар ”,
яғни мерзімінен бұрын өндіріп алынған салықтар деп
саналады.
Мемлекеттік кредит ақша қаражаттарын ( оларды кейін
қайтару шартында ) қайта бөлу функциясын орындайды. Бұл
халықтың, шаруашылық жүргізуші субъектілердің уақытша бос ақша
қаражаттарын щоғырландырумен байланысты. Бұл функцияда
мемлекеттік кредит жинақ ақшаны ұйымдастыру нысандарының бірі
болып табылады. Кредиттің көмегімен біршама азғантай, орташа
жинақ ақша мемлекетте шоғырландырылады және оның қажеттіліктерін
қаржыландыруға бағытталады. Бұған халықтың, шаруашылық жүргізуші
субъектілердің арасындағы орналастырылатын мемлекеттік қарыздардың
облигацияларын шығару, мемлекеттің бағалы қағаздарын басқа
түрлерін ( қазынашылық міндеттемелерді, қазынашылық бондарды
сертификаттар ) шығару арқылы қол жетеді. Бұл функция іс -
әрекеттерінің объективті нәтижелері ұлғаймалы ұдайы өндірістің
ауқымын арттыру және оның қарқынын тездету болып табылады.
Ағымдағы кезеңде пайдаланылатын қаражаттар несиегерге
ондаған жылдардан кейін, яғни келешектегі ұрпақтардан
өндіріп алынатын салықтар есебінен қайтарылуы мүмкін
болғанда мемлекеттік кредиттің қайта бөлгіштік функциясы сондай –
ақ оның мерзімінен бұрын төлену қасиетінде көрінеді. Сөйтіп,
келешектегі ұрпақтардың қаражаттарын бүгінгілердің пайдасына
қайта бөлуге қол жетеді ( “ уақытқа қарай қайта бөлу ”).
Мемлекеттік кредиттің екінші функциясы - реттеуші
функциясы. Бірінші кезекте мемлекет несиелік пайыздың мөлшеріне
ықпал жасай отырып, ақша ағындарын реттейді: несие капиталының
рыногында қаржігер бола отырып, ол бұл капиталға деген
сұранымды арттырады, мұның нәтижнсінде несие капиталының
нориасы артады. Сәйтіп, мемлекет бұл рыноктағы бәсекеге
араласады, одан жеке инвесторларды ығыстырады ( “ ығыстыру
әсері ” ). Бұл олардың бизнестің белгілі бір түрлерін
инвестициялауын сатып алу кезінде айналыстағы ақшаның
(қолма – қол ақшаның және қолма – қолсыз ақшаның ) қысқаруына
жеткізеді, мұның өзі ақша эмиссиясының зардаптарын жою үшін
тиімді болуы мүмкін.
Мемлекеттік несие рөлі халықтың, кәсіпорындардың,
ұйымдардың уақытша бос қаражаттарын жұмылдырудағы
мүмкіндіктеріне және олардың мемлекеттің кезек күттірмейтін
мұқтаждарын қаржыландыруға бағыттауға саяды.
1.2 Мемлекеттік несиенің түрлері, құрылымы, атқаратын
қызметі :
Мемлекеттік кредит түрлері бойынша 3 – ке бөлінеді:
1) ішкі
2) сыртқы
3) шартты
Ішкі кредитте мемлекеттік кредит қатынастары жан –
жақты тұрғыда: қарызгер кезінде де, несиегер ретінде де елдегі
үкіметтің, биліктің жергілікті органдарының, кәсіпорындарының,
ұйымдардың және халықтың арасында пайда болады.
Халықаралық кредитте қатынастарға бір жағынан, үкімет,
биліктің жергілікті органдары, екінші жағынан басқа мемлекеттердің
үкіметтері, ьанктері, компаниялары, сондай – ақ халықаралық қаржы –
банк ұйымдары араласады. Кредит беруші тарап мемлекет – донор
немесе ұйым – донор, ал кредит алушы ел реципиент – ел деп
аталады.
Шартты мемлекет кредит отандық қарызгерлер: кәсіпорындар,
ұйымдар, фирмалар, жергілікті билік органдары алған қарыздарына
басқа елдердің несиегерлеріне берілген кепілдіктер бойынша
үкіметтің міндеттемелер ретінде болады. Қарыз шарттары
орындалмаған жағдайда үкімет отандық қарызгердің мүлкінен
немесе басқа активтерінен бюджет қаражаттары есебінен
қарыздың сомасын төлейді.
Мемлекеттік қарыз алушы ретінде ғана емес, сонымен бірге
несиегер ретінде де бола алады.
Мемлекеттік несиелендірудің негізгі сферасы – күрделі
жұмсалымдар: басым өндірістерді қаржыландыру; тұғын – үй
құрылысын қаржыландыру; экономикалық және әлеуметтік инфрақұрылым
салаларын қаржыландыру.
Несие капиталдары рыногында мемлекет гарант ретінде бола
алады. Төлемдердің кідірісі бойынша тәуекелдіктер;
банкроттық; саяси және басқадай себептер жағдайында бұл
мемлекеттік несиелендірудің ерекше нысаны.
Мемлекеттік кредиттің көздері – кәсіпорындарда,
банктерде, зейнеақы қорларында, сақтық қорларда, халықта пайда
болатын уақытша бос қаражаттар.
Мемлекеттік кредит ресурстары:
1) бюджет тапшылығын қаржыландыру;
2) ұлтандырылған және аралас кәсіпорындарға жұмсалатын күрделі
жұмсалымдарды қаржыландыру;
3) биліктің жергілікті органдарының шаруашылық органдарын
қаржыландыру;
4) елдің ақша айналысын реттеу үшін пайдаланылады.
Ішкі мемлекеттік кредиттің нысандары:
1) мемлекеттік қарыздар шығару;
2) коммерциялық банктердегі халықтың салымдарының бір бөлігін
мемлекеттік қарыздарға айналдыру;
3) қазынашылық несиелер;
Мемлекеттік кредиттің негізгі нысаны кредит
қатынастары болып көрінетін мемлекеттік қарыздар болып
саналады, бұл қатынастарда мемлекет негізінен қарызгер ретінде
болады.
Мемлекеттік қарыздар – нәтижесінде мемлекет белгілі
бір мерзімге және белгілі бір ақыға ақша қаражаттарының
белгілі бір сомаларын алатын мемлекет пен заңи және жеке
тұлғалар арасындағы қарыз қатынастары.
Қарыздардың салықтардан айырмашалығы:
Қарыздар Салықтар
1) ерікті сипаты; 1) мәжбүрлеме сипаты;
2) мәжбүрлеудің бүркемелі нысаны2) мәжбүрлеудің анық сипаты.
Қарыздар өтеу мерзілі, орны, орналастыру әдістері, қарыз
валютасы, эмитенттер, табыстылық түрлері бойынша ажыратылады.
Өтеу мерзілі бойынша:
1) қысқа мерзімді ( бір жылға дейін )
2) орта мерзімді ( 1 жылдан 5 жылға дейін )
3) ұзақ мерзімді ( 5 жылдан жоғары )
болып ажыратылады.
Орналастыру орны бойынша қарыздар:
1) ішкі
2) сыртқы
Орналастыру әдістері бойынша: еркін айналатын, жазылу бойынша
орналастырылатын және мәжбүрлеме қарыздар болып ажыратылады.
Мемлекеттік қарыздар, әдеттегідей ақша нысанында шығарылады,
бірақ қажет болғанда заттай нысаны да болады.
Эмитентке қарай қарыздар үкіметті қарыздарына және
биліктің жергілікті органдарының қарыздарына ( муниципалдық
қарыздарға ) ажыратылады.
Табыстылық түрлері бойынша қарыздар пайыздық ( қарыз
иелері жыл сайын тең үлеспен бекітілген мөлшерлеме бойынша
тұрлаулы табыс алады ); ұтыс немесе лотереялық ( табыс
облигациялардың өтеу тиражы немесе ұтыс тиражы шыққанда
төленеді ) қарыздар болуы мүмкін.
Мемлекеттік қарыздардың мынандай түрлері мен нысандары
болады:
І Қарызгерге қатысы бойынша:
1) Қазақстан Республикасы Үкіметінің қарыздары;
2) Қазақстан Республикасы Ұлттық банкінің қарыздары;
3) Қазақстан Республикасы жергілікті атқарушы
органдарының қарыздары;
ІІ Несие капиталының нарығы бойынша:
1) сыртқы мемлекеттік қарыздар;
2) ішкі мемлекеттік қарыздар;
ІІІ Қарыздар алу нысаны бойынша:
1) мемлекеттік бағалы қағаздар эмиссиясы;
2) қарыз туралы шарттар ( келісімдер ) жасау;
ІV Қолдану мерзімі бойынша мемлекеттік эмиссиялық
бағалы қағаздары:
1) айналыс мерзімі 1 жылға дейін, қысқа мерзімді;
2) айналыс мерзімі 1 жылдан 5 жылға дейін, орта мерзімді;
3) айналыс мерзімі 5 жылдан астам, ұзақ мерзімді;
Мемлекеттік эмиссиялық бағалы қағаздар құжаттық және
құжатсыз нысанда ( оны ұстаушылар үшін тек қана құжаттық
нысанда ), номиналды және дисконтталған құны бойынша
сыйақының бекілген және бекітілмеген, мөлшерлемесімен шығарылуы
мүмкін.
Қарыз туралы келіссөздер жүргізу, шарттарға қол қою
тәртібін, оның артынан эмиссияланатын мемлекеттік эмиссиялық
бағалы қағаздарды шығару, орналастыру, айналысқа түсіру, өтеу
және оларға қызмет көрсету тәртібін Қазақстан Республикасының
Үкіметі белгілейді.
Мемлекеттің шығыстарын қаржыландыру үшін халықтың
банктердегі салымдары бойынша қалдықтарының бір бөлігін
мемлекеттік қарыздарға айналдыру әдетте жинақ банкілер арқылы
жүргізіледі жәнеегер, олардың капиталы мемлекетке жататын болса,
онда депозиттерді пайдалану тәуекелдіктері бойынша мемлекет
жауап береді; жинақ банкінің ( акционерлік ) капиталына мемлекет
қатынасқан жағдайда банк мекемелерінің ( акционерлердің )
пікірлеріне сәйкестартылған қаражаттарды тиімді пайланану
нұсқаларының проблемалары пайда болады.
Қазынашылық несиелер шаруашылық жүргізуші субъектілерге
немесе бюджет қаражаттары есебінен мемлекеттік билік пен
басқару органдарының халыққа қаржылық көмек көрсету жөніндегі
ақша қатынастарын белгілейді.
Мемлекеттік кредиттің әдістері әр түрлі және
баяндалған нысандарға сай келеді. Мемлекеттік қарыздарға – бұл
қаражаттарды тартуды және оларды кейін қайтарудың амалдары,
тәсілдері: олар қарыздарды шығарудың шарттарымен анықталады:
табыстылықты анықтаудың және табыс алудың әдістері, іс – қимылдың
мерзімі, орналастыру амалдары ( облигацияларды, бондарды еркін
сатып алу және сату, жазылу, мәжбүрлеме орналастыру ), өтеу
амалы ( облигациялар бойынша ұтымдар , қордаланған пайыздық
кірісі бар облигацияларды төлеп ( сатып) алу, мерзімсіз
қарыздарда – пайыздық кірісті дүркіндік төлеу ).
Қарыздарға әдістерге сондай – ақ мемлекеттің борышын басқару
әдістері де жатады ( әрі қарай қараңыз: жанғырту, мерзімді
ұзарту, сәйкестендіру, қайта қаржыландыру).
Мемлекеттік қазынашылық міндеттемелерде ( МҚМ – да )
мыналар әдістер болып табылады: дисконттың мөлшері, кесіп тастау
бағасы, көрсетулі құны бойынша МҚМ – ды өтеу, өтеу мерзімі,
аукциондарды өткізудің тәртібі ( реті )
Мемлекеттік кредиттің нысандары кезінде – мемлекеттік
банктердің депозит ресурстарының қалдықтарын пайдалану кезінде
мұндай қолданудың шарттары әдістер болып табылады: мемлекеттің
қаржы ресурстары ретінде тартылатын ресурстардың үлесі, қайтару
мерзімі, табыстылық нормасы. Елдің орталық эмиссиялық банкісінің
қаражаттарын тарту шарттары - әдістері ұқсас болады, бұл
әдістер мұндай қарыз алудың инфляциялық ықпалын азайтуы тиіс.
Мемлекеттік кредиттер нысанындағы әдістер кәдімгі банк
кредитінің әдістеріне ұқсас болып табылады.
1.3 Мемлекеттік несие және мемлекеттік қарыз туралы ғалымдар мен
тәжірибешілердің көзқарастары
Т. Ильина,
Қостанай облыстық қазынашылық
басқармасының бастығы
Қарызды қайтару
қарастырылуда
1999 жылдың қаржысын құрастырудың ерекшеліктері –
шығыстар мен кірістердің сәйкес келіп отыруы, қаржылық қаражаттардың
тиімді, нақты, мақсатты пайдаланылуы. Бұл жұмыста Қазынашылықтың
атқаратын қызметі аса маңызды, оның негізгі міндеті де әртүрлі
деңгейдегі бюджетке түсетін қаражаттың толықтығы мен дұрыстығын
бақылау, бюджеттік мекемелердің қаражатты жоғарғы орындардың қойған
ерекшеліктер көлеміндегі шектеулеріне сай пайдалануына алдынала және
одан кейінгі бақылау болып табылады. Сонымен қатар Қазынашылықтың
айналысатын маңызды мәселелерінің бірі – бюджеттік қаражаттардан
ұсталатын ұйымдар мен берешек қарыздарын қысқарту жұмысы.
Қазынашылықтың өз алдына қойған міндеттерін
мүлтіксіз орындау – мемлекеттік қаржыны басқару барысындағы бақылауды
күшейтуге мүмкіндік береді.
Қазынашылыққа жіктелген міндеттерін сәйкес Қостанай
облыстық қазынашылық басқармасы республикалық және жергілікті
бюджеттің орындалуындағы кіретін кірістің мезгілінде және
толық түсуін бақылау жөніндегі шараларды іске асырып
келеді. Өйткен жылы жалпы облыс бойынша жалпы мемлекеттік
қаржыға салықтық және салықтық емес төлемдерден 152943 млн.
теңге түсіп, бұл 1997 жылмен салыстырғанда 2460,8 теңгеге артық.
Сондай – ақ бақылауды күшейтудің нәтижесінде 1997 жылдың деңгейі мен
салыстырғанда қайталынған қаражат мөлшепі 08,2 млн. теңгеге
төмендеген. Сонымен қатар 1998 жылы берешек қарыздардың есебі бақылау
жұмысы жалғастырылды, ал алдыңғы жылмен салыстырғанда
республикалыққаржыданқамтамасыз етілетін мекемелер бойынша ол 2
еседен артық төмендегенмен, 1999 жылдың 1 қаңтары мерзіміне алғанда
едәуір қалпында қалып, 126,0 млн. теңгені құрап отыр. Оның ішінде
едәуір бөлігі – 59,5 млн. теңгесі ішкі істер министрлігінде, 35,8
млн. теңгесі – Қылмыстық басқару жүйесі басқармасында, 14,5 млн.
теңгесі - Білім, денсаулық сақтау және мәдениет министрлігінде.
Берешек қарыздарды ай сайын талдау негізінде Қазынашылық
департаментіне берешек қарыздарды қаржыландыру несиелерін ашқан кезде
оларды төмендету мақсатында шешімдер қабылдау үшін мәліметтер
берілген. Бірақ бұған бюджеттік мекемелердің басшылары мүдделі
болмаса, берешек қарыздарды азайту шараларын жасау қиын.
Жіберілген хаттар мен ұсыныстарға қарамастан ерекшеліктер
бойынша шығыстар жіберліген. Олар есеп жоспарға мүлде
кіргізілмегендер. Сөйтіп ішкі істер басқармасы бойынша
есеп жоспарда қаралмаған шығыстардың ерекшеліктер сомасы 500
мың теңгеден астам, ал заң институтының жергілікті
қаржыландырудағы берешек қарыз 1999 жылдың 1 қаңтарына 3,0 млрд
теңгені құрады, бұл – жылдық облыстық қаржының 30 процентін
құрайды. Қазіргі кезде берешек қарыздарды талдау жұмысы
жүргізілуде әрі оларды төмендетудің барлық шаралары жасалуда.
Бірақ батыл шара қолданбай оларды толығымен жою мүмкін бола
қоймайды, өйткені, олар жылдарбойы жинала берген. Оның үстіне
қазіргі кезде қарыз берушілер бұл мәселені сот арқылы шешуге
тырысуда, бұл жағдай үстіміздегі жылдың бюджетін орындауға да
қауіп төндіріп отыр. Осы пайда болған берешек қарыздарда едәуір
орынды әлеуметтік салық алып отырғанын ескерсек, бұдан
шығудың бір жолы - сынақ өткізу болар еді. Ал, берешек
қарыздарды жойғаннан кейін оларды өсуіне басшылардың жеке
жауапкершілігі туралы Үкімет Қаулысына сәйкес аса қатаң
бақылау қойылуы керек. Сонымен қатар бұйымдық өнім беру
мен қызмет көрсетушілер қазіргі кезде барлық бюджеттік
ұйымдармен жасалған келісім – шарттар Қазынашылық орындарында
тіркеуден өтуге тиісті екенін негізінен біледі.
Қазынашылық қызметкерлері өз кезегінде келісім – шартты
тек жылдық міндеттемелер бойынша қаралған шектеулер мен
ағымдар міндеттемелерге сәйкес бөлінген қаражаттардың
мөлшеріне ғана тіркейді. Мұның сыртында Қазынашылық тарапынан,
қаржылық бақылау мекемелерімен біріккеннен кейін,
қаржыландырылатын мекемелер мен ұйымдарда алдынала тексерумен бірге
одан кейінгі бақылау да жүргізіліп келеді. Сол жердегі
тексерулер барысында қаржылық тәртіптің шектен тыс бұзылуларының
анықталуымен бірге бюджеттік мекемелерідің басшыларына
қаржының әрбір теңгесін үнемді және тиімді жұмсауға
бағытталған талаптарды жеткізу мақсатындағы үлкен жұмыстар
да атқарылуда.
А. Сотмұрзаев,
Қазақ мемлекеттік басқару
академиясының проректоры,
экономика ғылымының кандидаты
Қарыз өтеу қабілеттілігі:
әдістемелік пайым
Несиелік талдау дегеніміз – қаржы операциясындағы тәуекелділік
деңгейін айқындау процесі, ол несие алушының қаржылық мәліметтерін
қарастырудан және оның сипатына субъективті баға беруден тұрады.
Клиенттің несие сұраған өтініші түсісімен - ақ банк
қвзметкерлері сол несиенің пайда бері мүмкіндігі мен тәуекеоділік
деңгейі қандай болатының анықтау мақсатымен қолда бар ақпаратқа
тегжей – текжейлі талдау жасайды. Түптеп келгенде, несиелік талдаудың
өзі борыштың төленбеу мүмкіндігіне жасалатын талдау болып шығады.
Бүгінде несие алушының қарызын өтеу қабілетін талдау банк
қызметінің негізіне айналып келеді. әзірге банк активтерінің
құрылымында несие операциялары жетекші орында тұр. Бір жағынан,
табыстың ең елеулі бөлігі банк несиесі арқылы келеді. Сонымен бітге
несиенің уақытылы қайтарылмау мүмкіндігіне байланысты ол ең үлкен
қауіп қөз екндігіне де ешқандай дау жоқ. Несие алушының қарызын
өтеу қабілетіне талдау жасаудың қажеттілігі де осыдан туады.
Бірінші кезекте қаралатын мәселе: клиент несие орай қызмет
көрсете алама, яғни оны өтеу үшін дер кезінде төлем жасап отыруға
қабілетті ме дейтінге барып тірелу керек. Бұл әдетте несиелік
мәлімдеудің мынадай 6 пайымын түбегейлі зерделуді қажет етеді:
1. Қарыз алушының сипаты.
Клиеттің банк несиесін алудағы мақсатын мейілінше дәл көрсете
алатынына және оны өтеуге шың ықыласты екендігіне бас қызметкерінцң
күмәні болмауы тиіс. Қарыз алушының жауапкершілігін, шыңдылығының
және өзінің берешегін түгел өтеуге деген ынта – ықыласын несие
инспекторы қарыз алушының сипаты деп аталады. Егер қарыз алушының
адалдығына және берешегін өтеуге деген ынтасына зәредей күдік болған
жағдайда несие беруден дереу бас тарту қажет.
2. Ақшалай қаражат.
Қарыз алушының капиталы деп оның қаржы қабілетімен және
рыноктағы орнымен өлшенетін мүліктік жағдайын айтады. Қарыз алушы
адамның ақшалай қаржы сенімді түсімі немесе міндеттемесі бойынша
төлем жасау үшін соған бара ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz